Жазық терінің терең трихофитиясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
АҚСУКЕНТ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Дерматомикоздар

Орындаған: Юсантаева Турсинай
Тобы: МІ - 402
Қабылдаған: Азимханова Ұлдана Муратбековна

Ақсукент 2021 жыл
Дерматомикоздар

Ірі қатпарлардың эпидермофитиясы (шап эпидермофитиясы). Қоздырғышы-ер. іnguinale, көбінесе шап терісінде, кейде қолтық астында, әйелдердің емшек безінің астында, сау теріден анық шектеулі қызғылт түсті, бетінде аздаған қабыршақтары бар, шетіне қарай өсіп, бір-бірімен қосылып кететін дақтар пайда болады. Шеттері өсіп, үлкейеді де сонымен бірге ортасынан жазылып кетеді . Жедел басталып, ауру бірнеше күннен бірнеше айға, жылға созылады. Қышыну сезімі болады. Моншада- ортақ ваннаны, жөкені қолданғанда және киім, дәрет ыдысы арқылы жұғады. Қатты терлеу , компресс, ұзақ байланып жатқан таңғыштар теріні ылғалдандырып аурудың жұғуына мүмкіндік тұғызады.
Емі 2% спирттегі йод ерітіндісі, 33% күкірт майы,низорал майы қолданылады.
Сақтану. Ортақ ваннаны, термометрді, дәрет ыдысы мен клеенканы, жөкені дезинфекциялау, теріні таза ұстау керек.
Аяқ басы эпидермофитиясы. Қоздырғышы-Epidermophyton . Бірнеше түрі болады: жасырын, қабыршақты, саусақаралық және дисгидротикалық.
1 Жасырын эпидермофития -3-4-ші башпайлар арасында, табанның күмбезінде, башпайлар қырында орналасады. Терінің башпайлар арасындағы бүкпелерінің түбінде және башпайлардың екі жағы аздап қабыршақтанып, түлеп тұрады.. Кейде бүкпенің қыртыстарында кішірек жырық көрінеді. Жасырын эпидермофития білінбей , көп айға, жылға созылады.
2 Қабыршақты түрі.Табан терісінде шектелген зақым түзіледі. Терінің беті ақшыл-қызғылт түсті ,шет-шетінде аршылған мүйізденген қабаттың қалдықтары көрінеді. Аздап қышиды, баяу, ұзақ дамиды.
3 Башпайаралық эпидермофития саусақ арасындағы тері бүкпесінде, әсіресе үшінші және төртінші башпайлардың арасында жасырын түрінің асқынуынан басталады. Тері қызарып, дымқыл тартып, эрозия пайда болады. Жан-жағында аршылған мүйізденген қабаттың қалдықтары байқалады. Біртіндеп үдемелеп қабынудан башпайдың астына және өкшеге қарай тарайды. Жүргенде қатты ауырады.
4 Дисгидротикалық эпидермофития табанның сыртқы және ішкі жағында, көбінесе күмбезінде түйреуіш басынан бұршақтың көлеміне дейін бір-біріне жақын шоғырланып орналасқан көпіршік-тер шығады. Кейбір көпіршіктер қосылып көпқалталы ірі көпіршікке айналады. Олардың қуысы таза немесе лайланған сұйықпен толы , қаттылау келеді. Көпіршіктің көбі жарылып, эрозияға айналады. Зақымданған ошақтардың шеттерінде жаңа көпіршіктер шығып үлкейеді де , біртіндеп негізгі ошақпен қосылып кетеді. Аурудың беті қайта бастағанда көпіршіктер түзілуі тоқтайды, сыдырылу мен эрозиялар жазылып, үстінде ұсақ пластинкалық қабықша пайда болады. Ауру адам қышынады. Жаңа көпіршіктер қайта шығып, тері қызарып, суланып, эрозиялар көбейіп, жедел процеске айналуы мүмкін. Дисгидротикалық эпидермофития ұзақ уақытқа созылады, әсіресе көктемде және жазда.
Микроскопиялық диагностика. Қабыршақтарда , ақжемделген мүйізді қабатта және көпіршіктердің қақпағында дөңгелек немесе төртбұрышты ұрықтарға бөлінетін, бір-бірінен пунктир сызық тәрізді аздап алшақ, бұтақталған мицелий жіптері табылады. Табанда және башпайлар арасында орналасқан зақымданған ошақтардан қабыршақтарды зерттегенде саңырауқұлақтың мицелиіне ұқсас, бірақ тор және ілмек тәрізді , көптүрлі құрылымдар табуға болады. Бұл "мозаикалық саңырауқұлақ" холестерин ыдырауынан пайда болған зат.
Эпидермофитияның жұғу жолдары . Табанның эпидермофитиясын моншада, душта жұқтыруы мүмкін, ағаш төсеніштерде, отырғыштарда, дұрыс жуылмаған легенде науқастан түскен қабыршақтар қалып қалады да, кейін сау адамның табанының терісін зақымдайды. Емханада, спорт орталықтарында иесі белгісіз аяқ-киім арқылы және кір жуатын үйде , жақсы үтіктелмеген шұлғау, нашар жуылған немесе құрғақ затта саңырауқұлақтар өлмей қалады да жұғуы мүмкін. Бір төсекте ұйықтағанда да жұғуы ықтимал.
Емi 2% йод тұнбасын, жедел қабынуды тежеу мақсатында 1-2% резорцин, 0,1% риванол ерітіндісін құрғату мақсатында таңғыш салу керек. Зақымданған тері ошағы кепкен соң бояулардың спирттегі ерітіндісін, Кастеллани сұйықтығын жағады және фунгидцидті майларды-ламизил, микосептин, низорал т.б. майларды жағады.
Руброфития. Аса көп тараған саңырауқұлақты аурулардың бірі. Негізінде алақан , табан, сонымен қатар тырнақ жиі зақымданады. Қоздырғышы Tr. rubrum Castellani .Алақан және табан терісі жайыл-малы гиперкератоз нәтижесінде қалыңдайды және үстінде көптеген кебекке ұқсас майда қабықшалары бар , әсіресе терінің қыртыстарында , сондықтан теріде өзгеше , ақ түсті торлы сурет көрінеді. Башпайаралық қыртыстары түгелдей құрғақ қабыршақтармен кқмкерілген. Қол тырнағынан бос , алдың-ғы жағында немесе тырнақтың шетінен ақ-сұр немесе сарғыштау дақтар, жолақтар көрінеді. Тырнақ пластинкалары ұзақ уақыт өзгермейді, тегіс күйінде , өзінің түсін сақтайды.
Терінің ірі қатпарларындағы руброфитияда анық шектеулі, сәл көтеріңкі , дөңгелек қызғылт дақ пайда болады. Дақтың беті аздап түлейді және қызыл түсті қанды қабықпен жабылған ұсақ түйіншектер пайда болып, қатты қышынады. Ауру ұзақ дамиды, жиі уақытша жазылады да, әсіресе жылдың жылы кезінде жаңадан асқынады.
Жазық теріде руброфития жамбаста, тізеде, сиректеу- қарында, арқада орналасады. Зақымданған ошақтар анық шектеулі, шеттері иректелген, сонымен бірге қабыршақты қызғылт - көкшіл дақтардың үстіне шаш қапқығымен байланысты ұсақ, , түйреуіш басынан ноқат көлеміндей, шоғырланып, жарты сақина тәрізді орналасқан түйіншектердің шығуы. Жұғу жолдары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Трихофития кезіндегі биопрепараттар жайлы
Трихофития кезіндегі биопрепараттар
Бұзау трихофитиясы
Саңырауқұлақтарға қарсы заттар
Гибридомалық технология мен моноклональды антиденелер негізінде таралған ауруларға диагностикумдар өндіру
Теріні жіктеу
Қаракөл қойының тұқымы
Тері ауруы
Доғал заттармен салынатын жарақаттар және олардың жалпы сипаттамасы
Сұр түсті қаракөл қойларының жүн жамылғысының депигментациялануы
Пәндер