Қотыр ауру



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
АҚСУКЕНТ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қотыр ауру

Орындаған: Хусниддинова Мадина
Тобы: МІ - 402
Қабылдаған: Азимханова Ұлдана

Ақсукент 2021 жыл
Қотыр ауру

Тері жұқпалы ауруларының бірі - қышыма қотыр (чесотка). Оны қышыма қотыр кенесі таратады. Қоздырғыш адамның терісіне жұққан сәттен-ақ өзіне жайлы орын жасай бастайды. Ұрғашысы адамның терiсiне енгеннен кейiн жылдам көбейеді, яғни терiге жұмыртқа салады.

Бірер күннен кейін онысы құртқа (личинка) айналып, бір аптадан соң ересек қотыр кенелер пайда болады. Демек қышыма кене адам үшін өте қауіпті жәндік. Оның мөлшері 0,2 -- 0,5 миллиметрден аспайды, сондықтан ұлғайтқыш әйнек арқылы ғана толық көруге болады. Қышыма қотыр адамнан адамға жылдам жұғады. Әсіресе отбасы мүшелеріне тез тарайды. Яғни қышымамен ауырған адаммен тiкелей қарым- қатынаста болғанда, сондай-ақ олардың пайдаланған төсек - орындарын,iш киiмдерiн, киiм-кешектерiн,сүртінетін орамалдарын, жөкелерiн(мочалка), қолғаптарын, басқа да заттарын пайдаланғаннан жұғады. Сондықтан тиісті тазалық талаптарын сақтау қажет, деп жазады медицина ғылымдарының докторы Жасан Зекейұлы.
Қышыма адамға үй жануарларынан жұғуы да мүмкін. Қышыма кене мал денесін де жайлап, адамға көбінесе жылқыдан жұғады. Қышыма кененің әре-кетінен денеде қотыр пайда болады Сондай-ақ тазалық-індет тәртібін сақтамаған жағдайда қышыманы моншадан, душтан, жатақханадан, пойыздан, қонақ үйлерден, яғни кез келген жерден жұқтырып алуыңыз мүмкін. Аурудың жасырын кезеңi 7 күннен 10 күнге дейiн, кейде 1,5 айға дейiн созылуы мүмкiн.
Эпидемиологиялық тексеру нәтижелерiне қарағанда қышымамен әлеуметтiк жайсыз және тұрмысы нашар отбасындағы адамдар жиi ауыратын көрінеді. Қышыма жұқтырған адамдардың ең көп саны мектептерде, орта және жоғары оқу орындарында жаңа ұжымдар құрылғанда, яғни күзгi - қысқы уақыттарда тiркеледi. Соңғы кездері қышыма қотырдың қатты дуылдап қышып, адамның мазасын алмайтын, бөрткені де онша қаптап шықпайтын жеңіл түрі жиі кездеседі. Қышыманың бұл түрінде беті қанталап қабыршақтанған бірлі-жарымды ғана бөрткендер кездеседі.
Белгілері:
Қолдың саусақтарының арасында, кеуде мен iштiң, санның, аяқтың терiсiнде бөртпелер және қышыма пайда болады.
Қышыма қотыр жұқтырған адамның денесінің кей тұсы бой бермей дуылдап кышиды, әсiресе түнде қатты қышиды.
Терiнi үнемi қасығанда оған микробтар түсiп, қышымаға терiнiң iрiңдi жұқпасы қосылып, ауру әрi қарай асқынып кетедi.
Денесін түрлі түйіншектер, көпіршіктер, қанды қабыршақтар, тырнақ ізі басады
Мұндай жағдай аяқ-қолдың буын бүгілістерінен, саусақ аралықтарынан, тіпті тұла-бойдан да байқалады.
Адам денесінде қотырдың ізі қалып, ұсақ бөртпелердің көбейіп кетуі. Қышыманың орны ақшыл-сұрғылт жолақтанып ине ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Псороптоз ауруына қарсы ветеринариялық – санитариялық шаралар
Псороптоз ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Қотыр тері аурулары
Гүлді өсімдіктердің аурулары жайлы
Контактылы дерматит
Герпетифорымды дюринг дерматозы
Қарағанды облысының табиғаты, геологиясы және климаты. Картоп дақылы, оларды өсіру технологиясы
Тері туралы
Өсімдік ауруларының белгілері
Кенелер
Пәндер