Ұлттық сананы қалыптастыру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

логотип ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

дәріс

Дәріс тақырыбы және тезистер
Сағат көлемі
№дәріс:

№ 1

дәріс

Дәріс тақырыбы және тезистер:

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары) :

  1. Ұлттық тәрбие. Ұлттық тәлімдік мұраттың мінездемесі.
  2. Қазақстанның қазіргі әлеуметтік жағдайында келешек маманның ұлттық тәрбиесінің мәні, мақсаты мен міндеттері. Ұлттық тәрбиенің көкейкесті мәселелері.
  3. Болашақ мамандардың ұлттық өзіндік санасы құрылымындағы «Мәңгілік ел» пәнінің нәтижесі мен мақсаты. «Мәңгілік ел» пәнінің өзекті міндеті ретінде қазіргі заман жастарының ұлттық өзіндік санасы, тәрбиесіндегі, жаңа қазақстандық патротизм, азаматтық пен әлеуметтік жауапкершіліктің қажетті шарттары.
  4. Қазақстан Президенті Жолдауы мен стратегиялық құжаттарда «Қазақ елі - мәңгілік ел» ұлттық идеясының мәні.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

1-дәріс. Ұлттық тәрбие пәнінің мақсаты мен өзектілігі. Болашақ мамандардың ұлттық өзіндік санасы құрылымындағы «Ұлттық тәрбие» пәнінің нәтижесі

Посткеңестік кезеңде Қазақстан Республикасының Президенті жариялаған ұлттық идеяның сол немесе басқа стратегиялық ұлттық жобаларда және Жолдауларда студент жастарға, тұтас Қазақстан халықтарына ұлттық тәрбие берудің мақсаты мен міндеттерін анықтағанын дәлелдейді.

Материалдар мәліметтерінен, ұлттық идеяның үш құрауыштарының контекстінде (мәнмәтінінде) «Ұлттық тәрбие» пәнінің мақсаты: ұлттық сана-сезімнің, ұлттық рухтың, патриотизм рухының, тарихи сана мен әлеуметтік жадының, кәсібилік пен бәсекеге қабілеттілік рухының жоғары жаму деңгейі бар; Қазақстан халқының тәуелсіздігін, қауіпсіздігін, тұрақтылығын, дамуы мен тұрмысын жақсарту жөніндегі белсенді де шешімді іс-қимылдарға дайын болатын, ұлттық мәдениеттің рухани құндылықтарын дамытып сақтауға жауапты, өзге мәдениеттер өкілдерімен сындарлы келісім құруға дайын мамандардың жаңа буынын, қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу екені айқындалды.

Осы мақсатқа сәйкес қазіргі заман жағдайында болашақ мамандарға ұлттық тәрбие берудің негізгі міндеттері төмендегілер болып табылады.

  1. Болашақ мамандарға (ұлттық қатыстылығына қарамастан) негізгі құрамдас бөліктері тарих, тіл, салт-дәстүр, өзіндік ерекшелік болып табылатын, әлем мәдениетінің табиғи бөлігі ретіндегі қазақ халқының ұлттық мәдениетіне терең ену арқылы ұлттық сана-сезім мен ұлттық рухты, сонымен бірге қазақ халқының ұлттық мүдделерін, ұлттық құндылықтары мен құнды бағдарларын ұғынып қабылдауды қалыптастыру.
  2. Мемлекет құраушы ұлт студенттерінде жеке ұлттық негіздерді, өз халқының қалыптасу мен даму тарихын ұғына білуді оның өткенімен, бүгінімен және болашағымен бірлікте және өзара байланыста ұлттық рух, жеңіс рухы, патриотизм рухы, тарихи сана мен әлеуметтік жады негіздері ретінде қалыптастыру.
  3. Болашақ мамандарда (ұлттық қатыстылығына қарамастан) Қазақстан халқы тарихы мен тағдырының дамуының басты қозғаушы тетігі ретіндегі, халық рухы күшті болған сайын оның мемлекеттілігінің болашағы да жоғары деген біріктіруші және нығайтушы негіздер ретінде ұлт рухын, бірігу рухын қалыптастыру, нығайтып дамыту.
  4. Студенттерде (ұлттық қатыстылығына қарамастан) қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, қазақ халқының, қазақ жерінде тұратын барлық халықтар мен ұлыстардың ұлттық сана-сезімінің базалық руханилығы мен бірігуінің өзегі ретінде, тұтастай алғандағы ұлт рухын дамыту негізі ретінде белсенді түрде үйренуге дайын болуды қалыптастыру.
  5. Студенттерде (ұлттық қатыстылығына қарамастан) бірге өмір сүріп жатқан халықтар мен ұлыстардың салт-дәстүріне, ұлттық мәдениеті мен тарихына қазақ халқының озық дәстүрлері негізінде (қонақжайлылық, барлық адамдарға қамқорлық, төзімділік) құрметпен қарауды қалыптастыру.
  6. Студенттерде (ұлттық қатыстылығына қарамастан) : а) ұлттың жоғары қадыр-қасиет, патриотизм мен азаматтылық, төзімділік пен адамгершілік деңгейін, денсаулық пен салауатты өмір сүруді бағалай білуді; ә) мемлекеттің әл-қуатын дамыту мен қауіпсіздігін сақтауға жауапкершілікті мойынға алуды, туған жері қожайыны ретінде сезінуді; б) перманентті дербес өзін-өзі құрушы қызмет қажеттілігі мен дайындығына тұлғаның мәндік маңызын дамытып, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі танытуға қажетті шарт ретінде, жақсылық, ақиқат, сұлулық сияқты «мәңгілік» мұраттарды белгілейтін өмір, бостандық, ар, сенім, сүйіспеншілік, бақыт сиқты негізгі жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталған тұлға болуға тәрбиелеу.
  7. Этносаралық, конфессияаралық және мәдениетаралық диалогқа дайын болуды айқын білдіретін жан-жақты парасатты, перманентті жетілген және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру . Жоғарыдағы айтылғандарға сәйкес «тәрбие», «этникалық тәрбие», «көпмәдени тәрбие», «ұлттық тәрбие» ұғымдарының мәнін анықтауға тоқталамыз. Осы ұғымдардың мәнін ашу «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының үш маңызды құрауыштарының контекстінде (мәнмәтінінде) ұлттық тәрбие берудің жоғарыда белгілеп көрсетілген міндеттерінің маңызын анықтауға мүмкіндік береді.

Қоғамның дамуы мен сақталуы ұрпақ тәжірибесін үздіксіз берумен байланысты. Оны жаңа ұрпақ материалдық және рухани құндылықтарды дамытуда өз үлесін қоса отырып, меңгереді және қолданады, байытады және жетілдіреді. Мұндай байланыс пен сабақтастық ТӘРБИЕ арқылы жүзеге асырылады. Тәрбие - бұл қоғамның тарихи және мәдени тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа берумен байланысты қызметі. Тәжірибені адамға таныс білім, білік, ойлау тәсілі, адамгершілік, этикалық, құқықтық нормалар және т. б. деп түсінуге болады. Яғни адамзаттың рухани мұрасының тарихи даму үдерісіндегі жасалғанның барлығы. Адамзат есейген сайын әлеуметтік тәжірибе мазмұны бойынша күрделене түскен. Осыдан ТӘРБИЕ өмірдің және қоғамның дамуының маңызды факторы, сонымен қатар арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында тұлғаны қалыптастырудың мақсатқа бағытталған үдерісі. Француз философы К. А. Гельвеций XVIII ғасырда-ақ «тәрбие жетілген сайын халық бақытты болады» - деп жазған [2, 506] .

Тәрбиеге келесі ерекшеліктер тән:

- 40-35 мың жыл бұрын адамзаттық қоғамның пайда болуымен қалыптасты және барлық қоғамдық-экономикалық формацияға тән. Тәрбие содан бері, қоғам өмір сүріп жатқанда болады;

- әлеуметтік құбылыс тек адамдарға тән. Жануарлар мінез-құлықтың дайын сызбанұсқасымен туылады, оған тек қана нақты жағдайға бейімделу қажет. Ал адам әлем туралы дайын біліммен өмірге келмейді, оларды қоғамдағы өмір сүру үдерісінде меңгереді;

- тарихи сипатқа ие. Бұл мақсат, мазмұн, құрал, формалар мен әдістер, қоғамдағы өзгерістерге қарай өзгеретін саяси білімдерде байқалады;

- қоғамның қызметі арнайы құрылған мемлекеттік және қоғамдық құрылым, қоғаммен бақыланатын және коррекцияланатын білім беру мекемелері арқылы жүзеге асырылады.

Тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде - өсіп келе жатқан ұрпақты, оның қоғамның өндіріс күшінің маңызды элементі, өзінің өмірлік жолын жасаушы, тұлғалық және жеке дамуын қалыптастырудың, қоғам өміріне қатыстырудың, ендірудің күрделі және қарама-қайшы үдерісі. Сондықтан тәрбие сонымен бірге тұлғаның мәнді күштерін, өзінің табысты өмір сүруі мен тіршілігіне қажетті құндылықтарды, адамгершілік ұстанымдар мен моральдық нормаларды меңгеруін және қабылдауын ашып көрсететін мақсатқа бағытталған, ұйымдастырылатын үдеріс ретінде қарастырылады.

Тәрбие түрлерінің әртүрлі жіктемесі бар:

- мазмұны бойынша (адамгершілік, еңбек, ақыл-ой, физикалық, эстетикалық және т. б. ) ;

- формасы бойынша: институциональдық белгісі (отбасылық, мектептік), конфессиональдық (діни), арнайы оқу мекемесіндегі тәрбие (пенитенциарлы), тұрғылықты орны бойынша (мектептен тыс) және т. б. ;

- тәрбиенің объектісі бойынша (азаматтық, патриоттық, құқықтық, экологиялық және т. б. ) .

XX ғасырдың ортасы мен XXI ғасырдың басында әлемдік қауымдастықта жаһандану бағыты, мәдениетаралық өзара байланыстың кеңейтілуі, рухани және материалдық құндылықтар пайдасының өсуі, тұлғалық жекеліктің дамуы байқалды.

- басқа адамға, нәсілге, дінге, әлеуметтік құрылысқа, тәрбиенің мұратына толерантты қатынасын тәрбиелеу;

- дербес адамгершілік жоғары сапа қасиеттерін тәрбиелеу;

- адамдармен - басқа нәсіл, тіл, дін, этнос және т. б. өкілдерімен бірге өмір сүру дағдысына тәрбиелеу;

- басқа адамға көмектесуге дайындық және рақымдылық сезіміне тәрбиелеу;

- әлем үшін тәрбиелеу.

Жоғарыда айтылғандардан мынадай ережелер мен тұжырымдар жасалады:

1. Қазіргі заман жағдайында болашақ мамандарға ұлттық тәрбие берудің өзекті міндеттерінің бірі олардың жоғары деңгейдегі ұлттық сана - сезімін қалыптастыру болып табылады.

2. Болашақ мамандардың жоғары деңгейдегі ұлттық сана - сезімін қалыптастыру «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының үш маңызды құраушылары контекстінде (мәнмәтініде) жүзеге асырылуы тиіс:

-этнос қалыптастырушы, этникалық сәйкестендіру мен этникалық әлеуметтендіруді дамытуға бағытталған этникалық тәрбие есебінен жүзеге асырылады;

-азаматтық, азаматтық сәйкестілікті дамытуға бағытталған көпмәдени тәрбие есебінен іске асырылады; ;

-жалпымемлекеттік, болашақ мамандардың бәскеге қабілеттілігін дамытуға бағытталған зияткерлік тәрбие арқылы жүзеге асырылады.

Сондықтан көпұлтты Қуатты Күшті Қазақ мемлекетінің жақын болашақта қалыптасуы ұлттық тәрбиенің мәнін өзіне этникалық, көпмәдени және зияткерлік тәрбие, олардың бірлігін, өзара байланысын мен өзара шарттылығын таңдап алған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының үш маңызды құраушылары контекстінде (мәнмәтінінде) кеңінен түсінуді талап етеді.

Кез келген қоғам тәрбиелік жүйені құра отырып, мақсатқа бағдарланған үдерісті жасауға талаптанады. Мақсаты - іс-әрекеттің идеалды үлгісінің нәтижесі. Тәрбиенің мақсаты тәрбие үдерісінің нәтижесі туралы алдын ала анықталған түсініктер. Осындай нәтиже тәрбиелік идеал/мұрат болып табылады. Сондықтан ұлттық тәрбиелік мұрат (идеал) - білімнің жоғары мақсаты, адам туралы адамгершілік (идеалды) түсінік, тәрбие, оқыту мен даму ұлттық өмірдің негізгі субъектілерін күшейтуге бағытталған: мемлекет, отбасы, мектеп, саяси партиялар, діни бірлестіктер және қоғамдық ұйымдар (А. Я. Данилюк, В. А. Тишков, А. М. Кондаков) [5, 5] .

Қоғамның даму үдерісінде тәрбиелік идеал/мұрат өзінің нақты-тарихи мазмұнымен толықтырылады. Спартадағы тәрбиелік идеал - тамаша дайындалған әскер, әскери қауымның мүшесі. Сократтың пікірінше, тәрбиенің мақсаты - бұл өзін-өзі тану. Платонның шәкірті Аристотель тәрбиенің мақсаты - жанның жоғары жақтарының - ақыл мен ерік-жігердің дамуы деп есептеген. Сонымен бірге көп уақытқа дейін тәрбиенің мақсаты адамның алла берген табиғатынан деп түсініліп келді.

Ағылшын философы Д. Локк тәрбиелік идеал - жоғары білімді адам - джентльмен, іскерлік және кәсіпкерлік қасиеттерін меңгерген, басқа адамдармен қатынаста тәрбиелілігімен ажыратылады деп есептеді. Ресейде Екатерина II басқарған уақытта мемлекеттік қайраткер, педагог И. И. Бецкой жабық мекемелерде тәрбиеленетін жаңа адамдарды тәрбиелеу бағдарламасын жасады. Мұндай мекемелер кадет корпусы, бекзат қыздар институты болды.

Тәрбие мақсаттарының ішіндегі жаҺандық мақсаты - әр адамның жан-жақты және үйлесімді дамуын қамтамасыз ету болып табылады. Тәрбиенің жетілген адам туралы ертедегі - дене әсемдігі мен рухани-адамгершілік құрылымның сәйкестілігін үйлестіру идеясы Ежелгі Грецияда пайда болды. Ол «калокагатия» (греч. kalos - тамаша, әдемі, agathos - мейірімді, адал) деген атқа ие болды, рухани және денеге қатысты әсемдік, әдемілік. Шынында, идеалды адам басшылық жасайтын топтан болуы керек деп есептеді, сондықтан олардың еңбекпен шұғылдануына жол берілмеді.

Танымал қытай педагогы Конфуций идеалды адам, қайырымды ер («цзюньцзы»), текті жерден шығуы міндетті емес, бірақ ол өзінде жоғары адамгершілік қасиеттерді өзі тәрбиелеуі тиіс деп есептеді. Мұндай адамға тән белгілер ізгілік, адамға сүйіспеншілік, әділдік, адамгершілік, үлкенді сыйлау және т. б. Конфуций шәкірттерінің өмірден нені қалаймын деген сұрақтарына: «Қариялардың тыныш өмір сүргенін, достардың адал болғанын, ал кішкентайлардың үлкендерге қамқорлық көрсеткенін» қалаймын деп жауап береді («Лунь юй»: путь Учителя, V, 26) .

Ұлттық мұрат (идеал) - бұл интеллектуалды дамыған, шығармашыл, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде өзінің тағдырына ғана емес, көпұлтты Қазақстанның болашағына жауапкершілікті жете ұғынатын жоғары деңгейдегі ұлттық саналы рухани-адамгершіл тұлға, азамат және патриот.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

Қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары

1. Ұлттық тәрбие ?

а) Жеке тұлғаның Ана тілін, Ата тарихын, Төл мәдениетін және Ұлттық

салт-дәстүрлерін меңгеріп, Ұлттық санасы мен намысының дамып,

қалыптасуы

в) Этнопедагогикалық білім, соның негізінде этнопедаогикалық іскерліктер

мен дағдылары қалыптастыру

с) Ұлттық сананы қалыптастыру

д) Ұлттық сана мен намысты қалыптастыру

е) Ұлттық санасы мен намысының дамып, қалыптасуы

2. Ұлттық тәрбие туралы қазақ халқының ұлы тәлімгері М. Жұмабаевтың пікірі

А) Әрбір ұлттың бала тәрбие қылу туралы ескіден келе жатқан жолы бар

B) Ұлттық тәрбие - басты мәселе

C) Ұлттық - қазақы тәрбие

D) Ұлттық тәрбие арқылы ұлттық санасы мен намысын дамытуға болады

E) Ұлттық санасы мен намысының дамып, қалыптастыру

3. Тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы.

А) Қазақстандық жол-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы

4. Идея термині

грек сөзi, образ, ұғым, түсiнiк

3. Республика президентін алғашқы балама сайлау Қазақстанда қай жылы өтті?

1999ж.

Ағымдық бақылау бойынша сұрақтар:

1. Ұлттық мәдениеттегі қазақ халқының мұрасын меңгеру, қазақ ғылымының жетістіктері.

2. ЖОО-ның педагогикалық процесс жағдайында келешек мамандардың азаматтығы мен патриотизм, ұлттық өзіндік сана құрылымындағы әдіснамалық аспектілер.

Аралық бақылау бойынша сұрақтар:

Ұлттық тәрбие. Ұлттық тәлімдік мұраттың мінездемесі. Қазақстанның қазіргі әлеуметтік жағдайында келешек маманның ұлттық тәрбиесінің мәні, мақсаты мен міндеттері.

Қорытынды бақылау бойынша сұрақтар:

1. Ұлттық тәрбиенің көкейкесті мәселелері.

2. Болашақ мамандардың ұлттық өзіндік санасы құрылымындағы «Ұлттық тәрбие» пәнінің нәтижесі мен мақсаты.

3. Ұлттық мәдениеттегі қазақ халқының мұрасын меңгеру, қазақ ғылымының жетістіктері.

4. «Ұлттық тәрбие» пәнінің өзекті міндеті ретінде қазіргі заман жастарының ұлттық өзіндік санасы, тәрбиесіндегі, жаңа қазақстандық патротизм, азаматтық пен әлеуметтік жауапкершіліктің қажетті шарттары.

5. Қазақстан Президенті Жолдауы мен стратегиялық құжаттарда «Қазақ елі - мәңгілік ел» ұлттық идеясының мәні.

6. ЖОО-ның педагогикалық процесс жағдайында келешек мамандардың азаматтығы мен патриотизм, ұлттық өзіндік сана құрылымындағы әдіснамалық аспектілер.

Сағат көлемі: 1
№дәріс:

№ 2

дәріс

Дәріс тақырыбы және тезистер:

сұрақтар (дәріс жоспары) :

  1. Қазақ халқының дамуының тарихи және этникалық жолы.
  2. «Қазақ», «қазақ елі» этнонимдері: өткен, бүгін, болашақ. Этногенез кезеңдері (түрікке дейінгі, түрік, монғол) . Қазақ этногенезінің дамуына монғол басқыншыларының әсері.
  3. Қазақ халқының антропологиялық құрамы. Қазақ хандығының пайда болуы қазақ халқының құрылымындағы аяқтаушы кезең. Жаһандану тарихындағы қазақ халқының өкілдері.
  4. Қазіргі Қазақстан жастарының ұлттық санасының тәрбиесіндегі ұлттық интеллигенцияның үлесі.

Дәріс -2 Мәңгілік ел идеясының дамуы мен қалыптасу тарихы Қарастырылатын Дәрістің қысқаша мазмұны:

1. «Түрік Елі» идеясы мен «Қазақ Елі» идеяларының арасында өзара сабақтастық бар екендігін, ал бұл ұстанымдардың сақ, ғұн, үйсін және қаңлы сияқты этникалық қауымдастықтардың қоғамдық өмірінен бастау алатындығын айтқан жөн.

2. Б. з. д мыңжылдықта қазақ жерінде өмір сүріп мәдениет жаратқан сақ қоғамында «отан», «ел» туралы түсінік қалыптасып, оның ұстанымға айналғандығы анық. Ал филолог-ғалым Ғ. Айдаров «ил», «ел» деген сөздердің мемлекет мағынасында түркі тіліне енуі осы Іле өзені өңіріне келіп, елдік құрған үйсін ұлысының тарихымен байланысты болуы әбден ықтимал деген пікірді білдірген. Бұл пікір негізсіз емес. Мәселен, Махмұд Қашқари (XІғ) «Түрік сөздігінде» Іле аңғарының түркілер өркениетінің қалыптасу процесінде маңызды орны бар екендігіне нұсқап, мәселен, жануарлар атымен аталған 12 жыл атауының өмірге келуін осы өзеннің бойындағы түркі елі қағанының қызметімен байланыстырады. М. Қащқаридың сөздігінде «Ел» мемлекет деген ұғымның баламасы.

Ерте орта ғасырлардағы түрік қағанатының тарих сахнасына шығуын ресейлік және еуропалық зерттеушілер оның басқа алыс-жақын елдерге жасаған басқыншылық әрекетімен байланыстырады.

Түрік қағанатының халықаралық дәрежедегі қуатты мемлекетке айналуы Қара қағанның інісі Іркін қағанның (таққа отырған соң қабылдаған аты Мұқан қаған) белсенді қызметіне тұс келді. Мұқан қаған көлемі ұлғая түскен мемлекеттің тұтастығын сақтау үшін аймақтық-сатылық басқару жүйесін енгізді. Мағынасы: аймақтық-сатылық жүйе бойынша тақ әкеден балаға емес, мемлекетті иелікке бөліп басқарып отырған қағанның ұлдары жасына қарай (яғни тақ ағасынан інісіне, егер кезектегі інісі өлген болса, онда оның ұлына) кезекпен және ретімен тақты иемденетін болды. Бұл тәртіпті ашыналық түркілердің үйсіндерден қабылдағандығы байқалады және ол жүйе мемлекеттің тұтастығына қызмет жасады.

3. Ортағасырлық түрік мәдениетінің әлемдік деңгейде танылуы Қарахандар мемлекетінің өмір сүрген мезгіліне тұс келеді. Қарахандар Орта Азиядағы мұсылман дінін қабылдаған алғашқы мемлекет болды. Орталық Азиялық түріктердің мемлекет құру және басқару салтын сақтай отырып, олар оны ислам институттарымен байыта түсті. Қарахандар мемлекеті ортаазиялық түркілердің интелектуалдық өсу мүмкіндігіне жаңа өріс ашты: білім мен ғылымға қолдау жасады, медреселер ұйымдастырды, қоғамда білім беделін арттырды т. с. с.

Осы ұстаным тұрғысынан келгенде Ж. Баласағұн мен М. Қашқаридың бізге қалдырған мұралары заман сұранысы тұрғысынан құнды. Махмұт Қашқаридың айтуында түріктер Алланың басқа да сүйікті құлдарының санатында. Ғалым «Тәңірі оларды «Түрік» деп атады және оларды мемлекетке еге қылды», - деп көрсетіп, одан ары «заманымыздың хақандарын түріктерден шығарып, дәуір, халықтың ақыл-ерік тізгінін солардың қолдарына ұстатты; оларды адамдарға бас қылды; хақ істерде соларды қолдады», - деген ойды айтып, түркілердің әлемдік кеңістікке шығып, өзін басқа өркениеттерге мойындатқандығын білдіреді. Сондықтан да ғалым «түрік тілін үйрену уәжіп, білген абзал» екендігін ескертіп, сол үшін де «мәңгілік жәдігерлік уа таусылмас-түгесілмес, азып-тозбас бір байлық болсын деп, бір Тәңірге сыйынып, «Түрік тілдерінің диуаны», - аталатын кітабын жазып шыққандығын баяндайды.

Махмут Қашқари жасаған тұжырымға ұқсас ойды Ж. Баласағұн шығармасынан да оқимыз. «Құтты білік» авторының түсінігінде түріктер құрған мемлекеттік билік білімге, ақылға сүйенгенде ғана елге құт әкеле алады. Бұл осыдан 945 жыл бұрын, яғни 1069 жылы айтылған пікір. Бүгін оны ешкім де тура емес деп айта алмайды. Өйткені бұл тұжырым барлық замандардағы кез-келген қоғамға байланысты жасалған негізді тұжырым. Бұдан шығатын қорытынды: XI ғасырдағы Қарахандар әулеті басқарған түркілер мемлекеті жалпыадамзаттық даму арнасында тұрды, сол сияқты ол мемлекеттің Жүсіп Баласағұн және Махмұт Қашқари сияқты ғұламалары да жалпыадамзаттық арнада және деңгейде ойлап, еңбек етті.

Сонымен, отан тарихының жалпытүркілік кезеңінде көрініс тапқан «ел», «түрік елі» идеясының қоғамдық ойдағы нақты құбылыс ретінде ерекшеліктеріне көңіл аударайық. Біз қараған мезгілде Іле, Орхон, Керулен, Алтай және басқа өңірлердегі түркі қоғамдары ел, этнос ретінде қалыптасу жолында тұрды.

4. XV ғасырдың 60- шы жылдары шаңырақ көтерген қазақ хандығы яғни, хандық түріндегі мемлекеттілігі қазақ халқының қалыптасу процесінің табиғи жалғасы әрі қорытындысы болатын. Үш бөліктен (жүзден) тұрған ел бұл кезеңде өзін «Алаш мыңы» атаса, көрші халықтар оны «Қазақ елі» атады. «Қазақ елі» атауы ауыстырған «Алаш» этнонимі ұлттық бірлікке өткен халықтың тұтастығын және еркіндікке, басқа елдермен тең өсіп-өнуге деген ынта-ықыласын білдіретін ұлттық идеяға ұласты.

Мынадай бір екі мәселеге көңіл аударған жөн. Олар, біріншіден, қазақ хандығының, яғни мемлекеттігінің басқа өңір емес, Жетісу өңірінде (Шу бойындағы Қозыбасы биігі) шаңырақ көтеруі болса, екіншіден, жаңадан құрылған хандық құрылымның «Қазақстан» немесе «Қазақ хандығы» атауын алуы еді. Ең негізгісі жаңа құралған хандыққа өз атын берген халық ендігі уақытта мемлекетті ұлт ретінде жаңа сапада төңірегіндегі елдерге таныла бастады.

Қалмақ шапқыншылығы жағдайында жалпыұлттық ұстанымға айналған «Мәңгілік Ел» идеясының мынадай аса маңызды өзекті ойларына көңіл аударған жөн. Ел басына төнген ауыр жағдайда ел басқарушы саяси топ мынадай жалпыұлттық мәні бар мәселені қоғам алдына міндет етіп қойды. Олар жалпыұлттық мемлекеттікті қайта жаңғырту, сондай-ақ халықтың белгілі бір бөлігін отырықшы егіншілік мәдениетіне аудару еді.

«Зар заман» мектебі ақындары жырлаған ойдың өзегі - отарлық әкімшілік қолына

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТАРИХИ САНА МЕН КОММЕМОРАТИВТІК ШАРАЛАРДЫҢ БАЙЛАНЫСЫ ТУРАЛЫ
Студенттердің ұлттық санасын қалыптастыру әдістері
Ұлы дала оқу пәнінің мақсат, міндеттері және қызметі
Қазақстан тарихы ғылымы тәуелсіздік жылдарында (1991-2008 жж)
Тәрбие әдістері арқылы адамгершілік сананы қалыптастыру
Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың негізгі тенденциялары
Ұлы Дала еліндегі жаңа тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру саясаты
Мәдени-тарихи мұрадағы, патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы
Ұлттық сана - сезім
Қазіргі мектептегі тәрбие жұмысының мақсаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz