Стафилококктардың патогенділік факторлары
РЕФЕРАТ
Стафилокктар,стрептококктар, менингококктар,гонококктар
Орындаған:Акрамхан А.
Курс: 2
Мамандығы:Жалпы медицина
Тобы: 221-А
Қабылдаған:Турсын Аяжан
Алматы,2021
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
Стафилокктар
Стрептококктар
Менингококктар
Гонококктар.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Бактериялар (көне грекше: βακτηρία - таяқша) -- тек микроскопта ғана көрінетін аса ұсақ жасушалар және олар көптеген әр алуан аурулар туғызады бірақ көбінесе нейтралды қызметті атқарады.
Бактерия - бір жасушалы организм, көбісі таяқша пішінді болып келеді. Бактерия негізінен түссіз тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі. Фотосинтез құбылысы жүретін көк-жасыл қызыл түсті өкілдерін цианобактериялар деп атайды; ядросы, митахондриясы, пластидтері қалыптаспаған өте кішкентай біржасушалы организмдер.
Бактериялар - табиғатта ең көп тараған, негізінен бір жасушадан тұратын, оқшауланған ядросы жоқ, қарапайымдылар. Алғаш рет бактерияларды 17 ғасырда голланд ғалымы, микроскопты жасаған - Антони ван Левенгук байқаған. 19 ғасырда бактериялардың құрылысы мен табиғаттағы рөлін француз ғалымы Луи Пастер, неміс ғалымы Роберт Кох және ағылшын ғалымы Джозеф Листер зерттеді. Бактериялардың жасуша құрамында тұрақты жасуша қабаты, цитоплазмалық мембрана, цитоплазма, нуклеоид, рибосома болады. Ядроның қызметін дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) атқарады. Бактериялар ядросы мембрана қабығымен оқшауланбаған және онда хромотин жіптері түзілмейді. Бактериялар қарапайым бөліну арқылы көбейеді. Мысалы, 1 г қара топырақта 2 - 3 млрд. бактериялар, 1 г құмды топырақта 150 мың бактериялар, адам көп жиналған бөлме ауасының 1 м3-інде он мыңдай бактериялар тіршілік етеді.
Коккобактериялар - өте қысқа таяқшалар немесе сопақ тәрізді пішінді бактериялардың түрі.
Коккобактериялар атауы кокки және бациллалар сөздерінің тіркесімі. Кокки - шар тәрізді бактериялар, ал бациллалар - таяқша тәрізді бактериялар. Осы екі пішіннің арасына түсетін бактерияларды коккобактериялар деп атайды.
Коккобактериялардың көптеген түрлері бар, олардың кейбіреулері адамда ауру тудырады. Кейбір жиі кездесетін коккобактериялар туралы көбірек білу үшін оқуды жалғастырыңыз.
Стафилококктар
Стафилококтар - Micrococcacеae тұқымдастығына, Staphilococcus туыстастығына жатады, бактериялардың 31 түрі бар. Соның ішінде адам патологиясында роль атқаратын:
1.aureus - алтын түсті
2.epidermidis - эпидермальды
3.saprоphуticus - сапрофитті.
Стафилококктарды 1880 ж. Л. Пастер мен бір-біріне қатыссыз Огстон ашты. 1884 ж. Розенбах толықтай сипаттап анықтаманы берді.
Стафилококктар грам оң, шар тәрізді жасушалар, диаметрі 0,5-1,5 мкм, қалыпты жағдайда жұғындыда жүзімнің шоғыры тәрізді орналасады, талшықтары болмайды, спора түзбейді, S.аureus-тің көптеген штаммдары капсула түзеді. Жасуша қабырғасының негізгі компоненті пептидогликан, рибитихой және глицеринтейхой қышқылы болып табылады .
Негізгі қоректік орталары сары-уызды тұзды агар, қоректік ортада крем түсті бұлыңғыр дөңгелек сары түсті колониялар түзеді.
Колониялардың түсі липохром пигментінің барлығымен түсіндіріледі, оның түсінің сары түске енуі оттегі бар қанды, көмірсутегі, болмаса сүтті қоректік орталарда байқалады.
Қанды агарда колониялар гемолиз зонасын түзеді. Қалыпты жағдайда 15% NaCl қатысуымен 45°С-да өседі.
Пигмент түзу түріне қарай бөлінеді:
1.Staphуlococcus aureus - алтын түсті пигмент.
2.Staphуlococcus albus - ақ түсті пигмент.
3.Staphуlococcus citreus - лимон сары түсті пигмент.
Адамдарда жиі патогенді - қасиетін көрсететін стафилококк түрі бұл алтын-сары түсті стафилококк.
Патогенділік белгісі болып магнитті ыдыратуы, гемотоксин, некротоксиннің барлығы патогенділік көрсеткіші болып табылады.
Стафилококктар бізді қоршаған ортада, ауада, шаңда, адам терісінде ауыз мұрын қуысында, жарақаттарда кездеседі.
Стафилококктардың биохимиялық активтілігімен антигендік қасиеттері
Стафилококктардың биохимимялық активтілігі жоғары: Каталазопозитивті, нитраттарды нитритке айналдырады, Фогеса-Проскауэра реакциясы оң, ақ уызбен майларды белсенді гидролиздейді, анаэробты жағдайда глюкозаны газсыз қышқылға дейін ашытады газсыз қышқылға дейін глицеринді, глюкозаны, лактозаны, сахарозаны, маннитті ферменттейді, әр түрлі ферменттер түзеді (плазмокоагулаза, фибринолизин, лецитиназа, лизоцим, сілтілі фосфатаза, ДНК-аза, гиалуронидаза, теллуритредуктаза, протеиназа, желатиназа және тағы басқалар). Аталған ферменттер стафилококктардың метаболизіміне қатысып, оның патогенділігін айқындайды. Фибринолизин мен гиалуронидаза стафилококктардың инвазивтілігін жоғарлатады, плазмокоагулаза фагоцитоздан қорғап протромбинді тромбинге айналдырады фибриногеннің ұюына алып келеді, нәтижесінде стафилококктың әр жасушасы фагоцитоздан қорғалынатын ақ уыздан тұратын қабықшамен қоршалады. (Стафилококктардың түрлерінің негізгі дифференциальды белгілері).
Стафилококктарда 50 астам антигендердің типі анықталған, оның әрқайсысына қарсы антиденелер түзіледі. Осы антигендердің көпшілігі аллергиялық қасиеттерге ие. Талғампаздығы бойынша антигендерді туыстық антигендер (жалпы Staphylococcus туыстығы үшін); адамның эритроциттерінің, терісінің, бүйрегінің изоантигендерімен ортақ, қиылысқан әрекеттесуші-антигендер (аутоиммунды аурулар осылармен байланысты); түрлік және типтіспецификалық антигендері болады. Түрлікспецификалық антигендерге S.аureus түзетін А - ақ уызы антиген жатады. А - ақ уызы антигенның иммуноглобулиндермен әрекеттесуі, науқастың ағзасындағы комплемент жүйесімен фагоцитоздың қызметінің бұзылуына алып келеді.
Стафилококктардың патогенділік факторлары
Патогенділік факторлар қатарына комплемент байланыстыратын, фагоцитозға кедергi жасайтын капсула, сонымен қатар опсонизацияны тоқтатып және комплементтердi инактивацияландыратын А - белоктың жатқызуға болады.
Алтын түстес стафилококктар фагоцитоздаушы жасушаларды бұзатын токсиндердi, соның iшiнде лейкоцитиндi бөлiп шығарады. Гемолизиндер (a, y, c) адам және жануар эритроциттерiн лизиске ұшыратады. Стафилоккок бөлiп шығаратын энтеротоксиндердiң (А, В, С, Д, Е, F) әсерi тағамнан улану процесстерін шақырады.
Жаңадан туылған нәрестелерде эксфолиативтi токсиндер орныққан, олар импетито, жалпылама скарлатина тәрiздi бөртпе тудырады.
Стафилококк инфекциясы патогенезiнде экзоферменттердiң алатын орны ерекше: плазмакоагулаза-қанды ұйытады, гиалуринадаза-ұлпада стафилококктың таралуын қамтамасыз етедi, лецитиназа-лецитиндi бұзып, лейкопения жағдайын тудырады, фибринолизин-жергiлiктi қабыну ошағана, қарсы тұратын фибриндi ерiтедi.
Стафилококк төмендегі қасиетке ие токсиндер бөліп шығарады:
1.гемотоксиндік қасиет - эритроциттерді лизиске алып келеді.
2.Лейкоцидин - лейкоциттерді жоюшы
3.некротоксин - ұлпаны некрозға алып келеді
4.летальді токсин - жануарларды өлтіру қасиеті
5.энтеротоксин тағамнан улануды шақырушы токсин
Стафилококктардың эпидемиологиясы мен резистенттілігі
Стафилококктар адам организмiнiң қалыпты микрофлорасына кiредi. Олар өсiмдiктерде, жерде, ауада, күнделiктi қолдануда жүрген заттарда болуы мүмкiн. Бактериотасымалдағыш қасиетi: А - ақ уызының мөлшерiнiң азаю салдарынан пайда болады.
Емханаларда iрiңдi қабыну процесстерi көрiнiс беретiн науқастар стафилококктардың негiзгi ошағы болып табылады. Стафилококктар қоршаған ортада көп уақытқа дейiн тұрақты болу салдарынан қарым-қатынас (контакт) арқылы жұғады. Стафилококктар құрғатуға өте тұрақты, оларда күн сәулесiнiң зор әсерiне қарсы арнайы пигмент бар. Қайнатсаң 70-80°С 20 минут ішiнде жойылады. Дезинфекциялаушы заттар 15-20 минут 3% (фенол) немесе 2-5 мин. 1% (хлорамин ерiтiндiсi) стафилококктарды жояды. Бриллиант жасылына: нитрофуранға сезiмталдығы жоғары.
Стафилококктардың патогенезі, клиникасы инфекциядан кейінгі иммунитеті.
Стафилококктар ағзаға терімен, шырышты қабаттың жарақатынан кіріп әр түрлі аурулар тудыруы мүмкін, жас өспірімдердің безеулерінен бастап (acne) ауыр, летальдығы 80%- жететін перитонитке, эндокардитке, сепсиске және септикопиемияға алып келуі мүмкін. Стафилококктар сыздауықтардың, гидроадениттердің, абсцесстердің, флегмоналалардың, остеомиелиттердің; соғыс уақытында-жарақаттардың іріңді асқынулардың себебі болып табылады. Аллергиялық қасиеттері болғандықтан псориаздың, геморрагиялық васкулиттің, тілменің, бей арнайы полиартриттің себебі болады. Стафилококктармен инфицирленген ас тағамдармен уланулардың жиі кездесетін себептері болады. Стафилококктар - жаңа туылған балалалардың сепсисінің негізгі себепшісі, сепсистің (септицемия-іріңді қан) негізінде ретикулоэндотелиальды жүйенің ағзалардың жарақатына алып келеді. Септикопиемия - қоздырғыштар әр түрлі ағзалармен ұлпаларда іріңді ошақтарды шақырады, яғни бұл іріңді метотұздармен асқынған сепсис. Сау адамдардың ағзасы стафилококктарға тұрақты. Стафилококкты инфекциялардан кейін антитоксиндер пайда болады, ол стафилококктарға қарсы тұрақты иммунитет тудырады. Шырышты қабаттың жергілікті иммунитерін IgA - қамтамасыз етеді.
Стафилококкты инфекциялалардың микробиологиялық диагностикасы
Стафилококк инфекциясының зерттеу материалдары: iрiң, экссудат, жарақат бөлiндiлерi, таңу материалдары, сепсиске күдiк туғанда қан, мұрын-жұтқыншағы мен көмей кiлегейiнен алу.
Бактериоскопиялық зерттеуде жұғынды дайындап, Грам әдісімен бояйды, микроскоп арқылы көреміз. Бактериологиялық зерттеуде материалды ілмекпен қанды және сарысу-газды агарға (СГА) егеді, келесі күні өскен колонияларға сипат береміз.
Сары уызды газды ортаның бетiнде дөңгелекше келген, пигменттелген (алтын түстес, лимон сияқты сары, ақ) шеттерi тегіс колониялар түзедi, ал сұйық ортада тек шектелген лайлануды тудырады. қанды агарда гемолиздiң бар немесе жоқтығы байқалады. Лецитиназды активтiлiкке ие стафилококтардың колониялары шетiне күлгiн жылтыр түспен шектелген лайлануды тудырады.
Плазмокоагулаза реакциясы: Екi немесе араластырылған қан плазмасын 0,4 мл мөлшерiнде шыны түтiкшеге құйып, стафилококк дақылынан бiр бактериологиялық бұғаудан енгiзiп термостатқа 37°С - мен 2,4 және 24 сағаттан кейiн тәжiрбие нәтижесi ретiнде плазмокоагулазалық қою тұнба түсетiнiн байқаймыз.
Ауруханалық инфекция ошағын анықтау үшiн науқастардан және бактериотасымалдаушы адамдардан таза дақылды бөлiп алады, кейiн арнайы стафилофагтар жиынтығының көмегiмен фаготипирлеуді жүргiзедi. Фагтарды этикеткада белгiленген титрге дейiн араластырып, зерттелетiн дақылдарды Петри табақшасына қоректiк ортаға газонмен егеді, кептiрiп, кейiн Петри табақшасында алдын ала белгiленген квадраттарға сайма сай келетiн фагтар тамшысын бұғаудың көмегiмен тамызады. Нәтижесiн лизис дақылының бар жоғын анықтау арқылы бақылайды.
Медициналық қызметкерлер мен перзентханалардағы стафилококк тасымалдаушыларды анықтауда санация - алдын алу шаралары негiзгi бағыты б.т. Стафилококкты инфекцияны антибиотик және сульфаниламидтi препараттармен емдейдi. Септикалық процестерде стафилококқа қарсы иммуноглобулин енгiзiледi. Созылмалы түрiн емдеу үшiн антимикробты және антитоксиндi антиденелердiң синтезiн реттейтiн стафилококкты анатоксин және антивакцина қолданылады. Жаңа туылған балалардағы стафилококкты инфекциялалардың алдын алу ерекше проблема болып табылады. Жүкті әйелдерге стафилококкты анатоксин егеді, туған әйелдердің сүтін тексереді, егер ол сүтте стафилококк болса, балаға сүтті қайнатып беру керек.
Стафилококкты инфекциялалардың емдеуі мен алдын алу
Стафилококкты инфекцияларды емдеу үшін міндетті түрде стафилококктардың антибиотиктерге сезімталдығын тексергеннен кейін біріншіден бетта-лактамды антибиотиктерді қолданамыз. Стафилококкты инфекциялалардың ауыр және созылмалы түрлерінде аутовакцина, анатоксин, стафилококктарға қарсы (адамның) иммуноглобулин, антистафилококкты плазма қолданады. Стафилококктарға қарсы жасанды иммунитет тудыру үшін стафилококкты анатоксин және (таблетка немесе сұйық), өлі стафилококктардан дайындаған вакцина қолданады.
Стрептококктар
Стрептококтарды алғашқы болып адамның тінінен, тілме қабынуынан және жарақат инфекциясынан Бильрот (1874) септицемиялар мен іріңді жарақаттардан Пастер, (1879) және Огстон (1881) анықтаған; таза дақылын (1883) Фелейзен және (1884) Розенбах бөліп алған болатын. Streptococcus pneumoniae - ны (1881) жылы Пастер бөліп алған.
Стрептококктардың морфологиялық және дақылдық қасиеттері.
Патогенді стрептококктардың патоген емес стрептококктардан айырмашылығы қанды агарда гемолиз береді, және фибролинолитикалық белсенділікке ие.
Стрептококктар - грам оң, спора түзбейдi, қозғалмайтың, жұптасып орналасқан, тiзбек құрайтын, шар тәріздес микроорганизмдер. Стрептококктардың көпшілігі аэробтарға және факультативті анаэробтардың қатарына жатады, бірақ арасында қатаң анаэробты түрі де болады. Организімнен бөлініп шыққан стрептококктар жасанды қоректік ортаға біртіндеп үйрене бастайды. Қоректі ортаға қан сарысуын, болмаса қан қосқанда көбеюі жақсарады. Стрептококктар келесі токсиндерді бөліп шығарады (гемолизин, лейкоцидин, фибринолизин). Диффузды фактор ұлпа арасындығы кеңістіктен бактериялардың өтіуіне жәрдем береді.
Гемолиздiң сипаттамасы бойынша стрептококтар 3- топқа бөлiнедi:
1.гемолитикалық емес
2.гемолитикалық колония айналасында толық емес, жасыл түстес ошағы пайда болады
3.в - гемолитикалық колония айналасында мөлдiр толық гемолиз ошағы пайда болады.
Стрептококтар глюкоза, сарысу, қан бар қоректiк орталарда көбейедi. Түссiз колония түзедi, қан агарында колония түрiне байланысты былайша бөлiнедi: а) Ь-гемолитикалық колония айналасында мөлдiр гемолиз ошағы бар, б) в-гемолитикалық колония айналасында жұқа жасыл ошақ пайда болады, в) гемолитикалық емес - орта өзгермейдi. Сұйық орталарда табақша түбiнде өсiм бередi, ортасы мөлдiр күйде қалады. Дезинфектантардің ерiтiндiсінде 15 минутта жойылады. Кейбір стрептококктарда қиылысқан әрекеттесуші-антигендер (ҚӘА) анықталған. Олар адамның ағзасындағы миокардтың бұлшық еттің талшықтарымен, бүйрек ұлпасымен және басқа ағзалармен әрекеттеседі, (ҚӘА) иммунопатологиялық жағдайлалардың себептері болуы мүмкін.
Стрептококктардың биохимиялық белсенділігімен антигендік қасиеттері.
Стрептококктар газсыз қышқылға дейін глюкозаны, мальтозаны, сахарозаны тағы басқа көмірсуларды ферменттейді (S. kefir қышқылмен газды түзбейді) сүтті ұйытпайды (S. lactis пен басқалар), протеолитикалық қасиеттері болмайды (кейбір энтерококктарда болады).
Стрептококктардың антигендiк классификациясын Лэнсфильд анықтаған. Жасушалық жүйедегi полисахаридтiң антигендiк құрамына байланысты олар 20 серологиялық түрге бөлiнедi. Оларды латынның бас әрiптерiмен А-Y белгiлейдi. М, Р және Т белокты антигендердiң ерекшелiгiне байланысты серотоптар сероварларға бөлiнедi. Сероварлар санымен белгiленедi.
Кейбір стрептококтарда қиылысқан әрекеттесуші-антигендер (ҚӘА) анықталған. Олар адамның ағзасындағы миокардтың бұлшық еттің талшықтарымен, бүйрек ұлпасымен және басқа ағзалармен әрекеттеседі. (ҚӘА) иммунопатологиялық жағдайлалардың себептері болуы мүмкін.
Стрептококктардың патогенділік факторлары
Стрептококктардың патогендiк қасиетi токсин түзуiне, экзофермент бөлуiне және өзiндiк бактериялық жасуша ерекшелiгiне негiзделген. Созылмалы түрдегi стрептококкты инфекцияларды емдеу үшiн антибиотиктер мен сульфаниламидтi препараттар берiледi.
Стрептококктардың патогендiк факторлары:
1.Белок - М
2.Капсула
3.Эритрогенин
4.Гемолизин - О
5.Гемолизин - S
6.Стрептокиниаза
7.Аминопептидаза
8.Гиалуронидаза
9.Лайсаңдану факторы
10.Протеазалар
11.ДНҚ, ағзалар
12.IgG-ң Fc фрагментiмен әрекеттесу қабылетi
13.Айқын аллергиялық қасиетi.
Кейбір жағдайда пневмония стрептококктарының таза дақылын бөлiп алу үшiн ақ тышқандарға енгiземiз. Стрептококк дақылын бөлiп алады да, әрбiр ағзасынан таңба жұғындысын жасайды. Патологиялық процесстi адгезиндер (липотейхой қышқылы + жасуша қабығының белоктары) тудырады.
Адгезиндер қорғанысты атқаратын эпителий жасушасының цитоплазмалық мембранасына микроорганизмнiң әсер етуiн қамтамасыз етедi. Кейiн микроорганизмдер зақымдалған ұлпада шоғырланады.
Фагоцитозға қарсы қорғанысты қамтамасыз етушi факторлар:
1.Антихемотоксиндi фактор - бактерия көбейгенде бөлiнедi.
2.Иммуноглобулиндi Fс-рецептор - фагоцитозды басады, комплементтi бұзады, иммуноглобулиндердiң дисбаланс жағдайын тудырады.
3.Капсула-фагоцитоздаушы жасушалардан (микроорганизмiн) қорғайды.
4.М-белоктық фагоцитозға қарсы қабылетi микроорганизмнiң қанда өсiп-өнуiн қамтамасыз етедi.
Стрептококктардың патогендiк қасиетiн анықтайтың ферменттердiң iшiнде маңызы жағынан бiрiншi орынға гиалуронидаза мен стрептокиназаны (фибринолизин) қоюға болады. А-серотобының стрептококктары О-стрептолизин токсинiн бөледi, ол эритроциттердi лизиске ұшыратады, ал S-стрептолизин - лизосомаларды бұзады. Лейкоцидин-полиморфты ядролы лейкоциттердi лизиске ұшыратады.
Стрептококктардың эпидемиологиясы мен төзімділігі.
Стрептококктар табиғатта кең таралған. Экологиялық белгілері бойынша келесі топқа бөлінеді:
Бірінші топқа А серотобындағы стрептококктар жатады, олар адамға патогенді болып табылады (S. pyogenes). Екінші топты патогенді және шартты - патогенді стрептококктар құрайды, В және D тобына жататын (S. agalactia, S. faecalis т.б.) адамдарға және жануарларға қауыпты серотоптар жатады.
Үшінші топты шартты - патогенді оральды (S. mutans, S. mitis т.б.) стрептококктар құрайды яғни стрептококктар тек антропонозды ғана. емес антропозоонозды ауруларды шақырады. Адам ағзасының ауыз қуысының, терінің, ішектің микрофлорасының меншікті өкілі болып табылады.
Инфекцияның көзі ауру адам, реконвалесценттер, бактериотасымалдаушылар, негізгі жұғу жолдары; ауа - тамшы, кейде қарым қатынас.
Стрептококктар мына ауруларды шақырады:
-әртүрлі іріңді процесстер - абсцесстер, флегмоналар, отиттер, перитониттер, плевриттер, остеомиелиттер т.б.
-тілме қабынулар-жарақат инфекциялары (терімен теріасты клетчатканың лимфа тамырларының қабынуы);
-ангина-өткір және созылмалы;
-сепсистер: өткір сепсис (өткір эндокардит); созылмалы сепсис (созылмалы эндокардит); туғаннан кейінгі сепсис;
-жарақаттардың іріңді асқынулар (әсіресе соғыс уақытында) абсцесстер, флегмоналар, жарақаттан кейінгі сепсис;
-ревматизм;
-пневмониялар, менингиттер;
-жәншау (скарлатина);
-тістің кариесі.
Стрептококктар төменгі температураға және кептіруге тұрақты, әсіресе ақуызды орталарда (қан, ірің, шырыш), шаң мен бұйымдарда айлап сақталады. 56°С (70°С температураны 1 сағат бойы көтере алатын D тобына жататын cтрептококктардан, басқалары) 30 минуттан кейін жойылып кетеді. 3-5% карбол қышқылы мен лизол 15 минут ішінде жояды.
Стрептококкты инфекциялалардың патогенезі, клиникасы инфекциядан кейінгі иммунитеті.
Стрептококктар тудыратын аурулар эндогенді және экзогенді сипатқа ие. Стрептококктар ағзаға терімен қабаттың жарақатынан ауа-тамшы, ауа-шаң жолдарымен кіріп лимфогенді және гематогенді жолмен тарап әр түрлі аурулар тудырады.
Стрептококктардың ауру шақыруы мынаған байланысты:
-кіру қақпасына (жарақат инфекциялары, тілме қабынулар және т.б.;
-тыныс жолдарының инфекциялары - ангина, жәншау (скарлатина);
-стрептококктардың әр түрлі патогенділік факторлары;
-иммундық жүйесінің жағдайы: антитоксикалық иммунитеттің болмаған жағдайында, егер А серотобына жататын стрептококктар жұққан болса жәншау ауруы туады, ал антитоксикалық иммунитет болатын болса ангина пайда болады.
-стрептококктардың сенсибилизирлеуші қасиеті (нефрозонефрит, артриттер, ЖТЖ жарақаттануы және т.б.);
-стрептококктардың ірің және сепсис тудыратын қабілеттері;
-стрептококктардың А және М-антигендерінің серотоптарында сероварианттарының көп болуына.
Стрептококкты инфекциялардан кейінгі иммунитет антитоксин мен типті арнайы М-антиденемен байланысты, жәншаудан (скарлатина) кейінгі антитоксикалық иммунитет тұрақты, ұзақ сақталады. Антимикробты иммунитет тұрақты болғанымен типті арнайы М-антиденеге байланысты.
Скарлатинозды стрептококктар. Эритрогенин - бұл токсиндi гемолитикалық стрептококктардың А-тобы бөледi. Ол скарлатинаны тудырады. Осы токсинге сезiмталдығын анықтау үшiн стандартты сұйытылған эритрогениндi терi iшiлiк сынақ (Дик сынағы) арқылы қолданады. Стрептококкты инфекциядан кейiн скарлатинаны есептемегенде өте әлсiз және негiзiнен антимикробты түрiнде М-антигенi болады.
Пневмококктардың биологиялық қасиеттері.
St. pneumoniae - (пневмококктар) крупозды пневмонияның арнайы қоздырғыштары болып табылады, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz