Гимнастика - дене тәрбиесінің құралы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Қарағанды "BOLASHAQ" жоғарғы колледжі
Рефер
Реферат
Пән: Гимнастика
Тақырыбы: Гимнастикалық жаттығуға үйретудің мақсаттары, құралдары, принциптері.
Орындаған: Айтжан М. О
Тобы: Дм 18-3/11
Тексерген: Ильяшев М. Б.
ТАҚЫРЫБЫ:" Польша мен Қазақстанның білі
м беру жүйесіне салыстырмалы талдау"
ТЕКСЕРГЕН: Бейсенова А. Н
Қарағанды 2020
Жоспары
- Гимнастика -дене тәрбиесінің құралы. Гимнастиканың міндеттері
- Гимнастика түрлері (жалпы денені дамыту гимнастикасы, негізгі гигиеналық гимнастика, спорттық бағыттағы гимнастика-спорттық гимнастика, акробатика, көркем гимнастика, гимнастиканың қолданбалы түрлері-спорттық қолданбалы, кәсіптік қолданбалы, емдеу гимнастикасы) және олардың сипаттамасы
- Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі процесінде гимнастиканы қолдану. Негізгі гимнастиканың маңызы. Жалпы дамытатын жаттығулар. Сапта тұру жаттығулары
Гимнастика - дене тәрбиесінің құралы. Гимнастика (грекше gymnazo-жаттықтырамын) -дене тәрбиесінің құралы, сондай-ақ ол адамның денсаулығын нығайту, күш-қуатын, икемділігін, төзімділігін арттырып жетілдіру үшін қолданылатын әдістер мен арнайы іріктеліп алынған дене шынықтыратын жаттығулар жүйесі. Гимнастика адамды дұрыс жүруге, жүгіруге жаттықтырады, мүсіннің дұрыс қалыптасуына әсер етеді. Гимнастика - жан-жақты дене тәрбиесінің негізгі құралдары мен әдістерінің бірі ретінде анықталатын кең ұғым. Гимнастика - адам организміне жан-жақты әсер етіп, оның негізгі функционалдық процестерін күшейтеді, үйлесімді дамуына көмектеседі, көңіл күйін көтереді. Гимнастикалық жаттығулар жасау арқылы өмірлік қажетті қозғағыш дағды, әсемдік пен қозғалыс дәлдігі қалыптасады, дененің негізгі қабілеті - ептілік шапшаңдық, күш, төзімділік, икемділік дамиды. Гимнастика жасау сәби кезден басталып, барлық жас кезеңдерінде жалғастырылады.
Гимнастиканың міндеті денсаулықты күшейту, дене күшін жетілдіру және әр алуан іс-әрекетке адамның дене күшінің жан-жақты әзірлігін жүзеге асыру болып табылады. Оның үстіне гимнастиканың: тұлғаны дұрыс қалыптастыру, дененің әртүрлі өзгеруінің алдын алу және оны түзету, жарақаттан кейін қимыл-қозғалыс апаратының жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіру, өзіне тән қимылды меңгеруіне баулу сияқты арнайы міндеттері бар.
Гимнастика - дене тәрбиесі әдісі. Гимнастикада жан-жақты дене тәрбиесінің міндеттерін шешуге жәрдемдесетін мейлінше әр алуан дене тәрбиесі жаттығулары пайдаланылуы мүмкін. Онда педагогикалық міндеттер мен организмнің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес кез келген қимыл мен қозғағыш әрекетті қолдануға болады. Гимнастикада организмнің құрылымы мен қызметіне біршама дәл талғамды ықпал жасауды жүзге асыруға болады.
Гимнастикаға тән әдістемелік тәсілдер дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен жекелеген органдар мен жекелеген бұлшық ет топтарына, сондай-ақ дененің әртүрлі қасиеттерін дамытуға ерекше ықпал жасауға мүмкіндік береді.
Гимнастикада денеге түсетін күшті біршама дәл мөлшерлеу мүмкіндігі бар: әр алуан жаттығулар гимнастикамен айналысатын адамның дайындығына сәйкес әрі ол жаттығулардың организмге әсері қатаң ескеріліп пайдаланылады және белгіленеді.
Жаттығу сабақтарының эмоциялығын арттыру, эстетикалық сезімге, ырғақтылыққа, дәлдікке баулу және қимылдың мәнерлілігін қалыптастыру мақсатында гимнастика жасау кезінде музыканы қолдану тиімді. Гимнастиканы үйрету процесі жалпы білім беру сипатына ие: өзінің қозғалыс мүмкіндіктерін бағалай білуге баулиды, қозғалыс әрекеттерінің жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді. Бұл оның міндеттерін бөлу, қозғалыстың анализі мен синтезін кеңінен қолдану, қозғалысты жаңа қозғағыш әрекетіне ұштастыру және әр алуан дене жаттығуларын зерттеп үйрену арқылы жүзеге асырылады. Гимнастикада тәрбие беру міндеттерін жүзеге асырудың ерекше құралдары бар. Ол қозғағыш әрекеттердің дәл, алдын ала келісіліп орындалуын талап етеді, оның әрекет саналылығы мен дербес тәуелсіздігін талап ететін тәртібі белгіленген сабақ кестесі, оқу процесін ұйымдастырудың ерекше стилі бар. Мұның бәрі тәртіпке, зерделілікке баулиды, ерік-жігер мен мінез-құлықтың нығаюына көмектеседі. Сөйтіп, гимнастика тәсілдері жалпы дененің жетілуін қалыптастыру міндеттерін шешуге, жаттығу жасаумен айналысатындардың жасы мен дайындығына сәйкес дене шынықтыру жаттығуларын қолдануға, дене тәрбиесінің сауықтыру, тәрбиелік-білім беру міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Гимнастиканың түрлерi және олардың сипаттамасы . Дене тәрбиесі жүйесінің даму процесінде гимнастиканың міндеттері біртіндеп анықталды және оның түрлері белгіленді: 1) жалпы денені дамыту гимнастикасына-негізгі гимнастика және гигиеналық, т. б. жатады; 2) спорттық бағыттағы гимнастика-спорттық гимнастика, спорттық акробатика және көркем гимнастика; 3) гимнастиканың қолданбалы түрлері-спорттық-қолданбалы, кәсіптік-қолданбалы, емдеу гимнастикасы, т. б. Негізгі гимнастиканың міндеті денсаулықты күшейту, қозғалыс дағдыларын жетілдіру және тұрақты етуге бағытталған жалпы дене дайындығы, тұлғаны дұрыс қалыптастыруға тәрбиелеу, организмнің функциялық дәрежесін арттыру (жүрек-қан тамырларының және тыныс алу жүйелерінің) және шынығуын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі гимнастиканың мазмұнына бойды тік ұстап қозғалу, жалпы денені дамытатын және негізгі қозғалыстар кіреді. Жаттығуды орындаған кезде гимнастиканың саймандары мен дене шынықтырудың ұсақ-түйек жабдықтары пайдаланылады. Негізгі гимнастика адам организмнің функциялық процестерін арттыруға, оның дене күшін дамытуға, әр алуан қозғалыс дағдыларын жетілдіруге, дене қасиетін тәр- биелеуге, өмірде кездесетін әртүрлі жағдайларда меңгерген қозғалыс әрекеттерін өз бетінше пайдалана білу іскерлігіне, өз мүмкіндіктерін бағалауға, козғалыс іс-әрекетінің негізгі заңдылықтарын танып-білуге, өмір және іс-әрекет үшін жинақтаған білім мен дағдылардың маңызын түсінуге көмектеседі. Гигиеналық гимнастиканың міндеті адам денсаулығын нығайту және сақтау, тұлғаны дұрыс қалыптастыруға тәрбиелеу, организмнің негізгі жүйелерінің қызметін жетілдіру (тыныс, қан айналыс, зат алмасу процестерін жеделдету) . Гигиеналық гимнастиканың құралдары ретінде жалпы денені дамытатын, қолданбалы жаттығулар су процедурасымен, сылау және организмді шынықтырумен ұштастырыла пайдаланылады. Гигиеналық гимнастика барлық жастағы балаларға ұсынылады. Спорттық бағыттағы гимнастиканың негізгі міндеті дененің қалыптасуы мен спорттық шеберліктің жоғары дәрежесіне жету үшін адамды қозғала білу өнерінде жетілдіру болып табылады. Қазіргі заманғы спорттық гимнастиканың классификациялық бағдарламасы бар, оны гимнаст дәйекті түрде меңгереді. Спорттық гимнастика-спорттың олимпиадалық түрі. Спорттық акробатика қимыл-қозғалыс және моральдық-ерік қасиеттерін, күшті, ептілікті, икемділікті дамытуға көмектеседі, өз денесін ширақ меңгере білуге, ұшқыр сезімталдыққа, батылдыққа, табандылыққа баулиды. Көркем гимнастика қимыл-қозғалысты жетілдіруді көздейді және спорттық сипатқа ие. Көркем гимнастиканың негізгі жаттығулары қимыл-қозғалыстың жоғары әсемділігін, үйлесімділігі мен мәнерлілігін меңгеруге көмектесетін музыкамен табиғи байланысты. Көркем гимнастиканың мазмұны сапта тұрып жасайтын, жалпы денені дамытатын жаттығулардан және кейбір негізгі құралдарсыз жасалатын түрлі би комбинацияларынан тұрады. Спорттық-қолданбалы гимнастика арнайы дене тәрбиесі дайындығына, оның дене қасиеттерін дамытуға, олар зерттеп үйренетін спорттың қимыл-қозғалыс әрекеттеріне кіретін жекелеген қимылдарды жетілдіруге бағытталған. Спорттық-қолданбалы гимнастиканың мазмұны белгілі бір спортшы шыңдалып жетілетін спорттың түріне байланысты нақтыланады. Кәсіптік-қолданбалы гимнастика белгілі бір мамандықты меңгеруге көмектесетін қимыл-қозғалыстар дағдысы мен сапасын дамытады, жетілдіреді (биікте жұмыс істейтін монтажшы, шахтер, транспорт жүргізуші және басқалар) . Өндірістегі гимнастика адамдардың жұмыс істеу қабілетін арттыру және олардың денсаулығын сақтау мақсатында ұйымдастырылады. Ол жұмыс күні тәртібіне кіреді: кіріспе гимнастика-жұмыс басталар алдында, ал дене шынықтыру үзілісі (физкульт-пауза) - жұмыс күні процесінде, үзілісте жасалады. Емдеу гимнастикасы емдік дене шынықтыруға жатады және денсаулық пен жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіруге бағытталған. Кез келген аурумен сырқаттанған кезде қолданылады, спецификалық емес функциялық терапия құралы болып табылады. Ол жарақат алғаннан және аурудан тәуір болғаннан кейін қимыл-қозғалыс аппаратының қызметін қалпына келтіру үшін, дене бітімінің кемшіліктерін түзету үшін (дене бітімінің әртүрлі өзгерістері) пайдаланылады. Емдеу гимнастикасы жүйке жүйесінің жағдайын және ауру адамның өзін-өзі сезінуін жақсартуға, олардың өмірлік көңіл күйін көтеруге және жағымсыз әсерлерді жоюға бағытталған. Сонымен, гимнастика дене тәрбиесі құралдары мен тәсілдерінің бірі болуымен қатар әртүрлі оқыту-тәрбие беру мекемелерінде, емдеу орындарында, кәсіпорындардағы, мекемелердегі, фабрикалардағы, зауыттардағы дербес дене тәрбиесі қимыл-қозғалысында, дене тәрбиесімен жеке айналысу кезінде балаларға, жастар мен ересектерге арналған дене тәрбиесінің бүкіл мемлекеттік бағдарламаларының ажырағысыз бір бөлігін құрайды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі процесінде гимнастиканы қолдану. Негізгі гимнастиканың маңызы. Жалпы дамытатын жаттығулар. Сапта тұру жаттығулары . Мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбие жұмысында жоғарыда аталған гимнастиканың барлық түрлерінің ішінде мыналар қолданылады: негізгі гимнастика, емдеу (қалыптастыру) гимнастикасы және гимнастиканың негізі түрі ретінде массаж.
Негізгі гимнастиканың маңызы балалардың денесін жан-жақты дамыту, организміндегі функциялық процестерді жақсарту, денсаулығын нығайту үшін оның тиімділігінде болып табылады. Негізгі гимнастикаға кіретін жаттығу тұлғаның дұрыс қалыптасуына, дағдылы қимыл-қозғалысқа, қозғалыстың жалпы үйлесімі мен дене қасиетінің дамуына әсер етеді.
Негізгі қозғалыстар-жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу және тепе- теңдікті сақтауды дамытатын жаттығу жасау. Бұл жаттығуларды алда тұрған міндетке байланысты үлкенді-кішілі дене тәрбиесі құралдарын (дөңгелек, құрсау, секіріп ойнайтын жіп, доп, өрмелейтін мінбелер, лақтыру үшін қажетті нысаналар, секіруге арналған бағаналар, т. б. ) пайдалану арқылы жүргізуге болады.
Жалпы денені дамытатын жаттығулар бұлшық еттердің жекелеген топтарын дамыту және нығайту, тұлғаны дұрыс қалыптастыру мақсатында қолданылады. Жаттығу организмге жалпы физиологиялық ықпал жасайды және қозғалыстарды үйлестіруді, кеңістікте бағдарлай білуді жетілдіруге көмектеседі. Ол жаттығулар жалаушалар, таяқшалар, дөңгелек құрсаулар, ленталар, т. б. құралдармен және құралдарсыз да орындалады.
Сапта тұру жаттығулары - сапқа тұрғызу (шеңберде, тізбек-сапта, қатарлы-сапқа т. б. ), сапқа қайта тұрғызу (бір тізбекті саптан екі, үш, төрт тізбекті сапқа, қатарлы сапқа және с. с. тұрғызу), жан-жаққа бұрылу (оңға, солға, кері қарай), саптың созылып, сиректеуі және тұтасуы, кеңістіктегі барлық қозғалыс әртүрлі сапқа тұрғызуда және бытыраңқы (сабақтарда, ертеңгілік гимнастикада, көп қозғалысты ойындарда, қол ұстасып әндетіп билейтін ойындарда, мереке салтанатында, қыдыру, экскурсия кезінде) пайдаланылады. Кішкентайлар мен ортаңғы топ балалары кеңістік терминологиясын затқа қарай бағдарлау арқылы қабылдайды: «Tерезеге қарай оңға бұрылыңдар!» Ересектер тобында бағдарлаусыз: «Диагонал бойлап-марш!», «Қарама-қарсы жаққа тізіліңдер!», «Бірінші звено-оңға, екінші-солға марш» және с. с. 5-6 жасар балалардың кеңістік терминологиясын меңгеруінің қолайлылығы және өз бетінше пайдалануын эксперимент арқылы (Э. Я. Степаненкова) анықтаған. Осы жаттығуларды орындау барысында балалардың кеңістікте бағдар ұстауы, ұжымда әрекет ету үйлесімділігі (әртүрлі тапсырмаларды жалпыға ортақ қарқында және өзара байланыста орындау) қалыптасады. Сапта орындалатын жаттығулар балалардың дене бітімінің дұрыс қалыптасуына ықпал жасайды. Олар әртүрлі заттармен орындалуы, әнмен, музыкамен, ұрып ойнайтын аспаптармен (даңғыра, барабан) сүйемелденуі мүмкін. Негізгі қозғалыстар, денені жалпы дамытатын және сапта жүріп жасайтын жаттығулар дене шынықтыру және музыка сабақтарында, сондай-ақ ертеңгілік гимнастикада жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасындағы гимнастика жөніндегі барлық материал әрбір жастағы кезеңнің ерекшеліктерін ескере отырып, әр жастағы топтың өз ішіндегі, сондай-ақ олардың арасындағы қиындықты біртіндеп өсіру арқылы орналастырылған. Бұл жаттығулар арқылы әрбір бала балабақшада болған кезеңі ішінде бағдарламалық материалды дер кезінде меңгеру, өзінің жасына лайық қимыл-қозғалыс техникасын игеру және мектептегі оқуға дайын болу мүмкіндігі қатамасыз етіледі. Бұл жаттығулардың бәрі балалардың тұлғасын дұрыс қалыптастыруға, зейінділігін дамытуға, кеңістікте бағдарлай білуге, келісімді әрекет жасауға, тәртіптілікке көмектеседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz