Әлеуметтік бақылау
7 тақырып. Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау.
Дәріс мақсаты: 2 сағат дәріс сабағы арқылы студенттерде девиантты мінез-құлық және оның туындау себептері туралы түсінік қалыптасады.
Жоспар:
1. Девиантты мінез-құлық әлеуметтануының объектісі және пәні. Позитивті және негативті девиация.
2. Әлеуметтік бакылау девиантты мінез-кұлықты реттеу механизмі ретінде. Әлеуметтік санкциялар: позитивті және негативті.
3. Қазақстан қоғамындағы девиацияның өзекті мәселелері: кылмыс, өз жанын өзі қию, жезөкшелік, ішімдікке салыну, нашакорлық және баскалары.
Кілт сөздер: девиантты және деликвентті мінез-құлық, әлеуметтік бақылау, аномия, норма, тәртіп, ресоциализация, мораль, әлеуметтік санкциялар.
Девиация ұғымы және мәні.
Кез-келген қоғамның бүкіл өмірі дерлік ауытқушылықтың болуымен сипатталады. Әлеуметтік ауытқу, яғни, девиация кез-келген әлеуметтік жүйеде болады. Сондықтан мұндай ауытқулардың себептерін таба білу, олардың әр түрлі жағымсыз формаларын болдырмаудың жолдарын табу қазіргі заманғы кез-келген адамға тән болуы тиіс. Девиация (әлеуметтік ауытқу) дегеніміз - бұл белгілі бір қоғамда қалыптасқан нормаларға немесе мойындалған шаблондарға және мінез-құлық стандарттарына жауап бермейтін адамдардың, әлеуметтік топтардың қылықтары, жүріс-тұрыстары.
Ауытқыған мінез-құлық тұжырымдамасының пайда болуы француз әлеуметтанушысы Э.Дюркгеймнің есімімен байланысты. Ол өзінің бүкіл қызметі барысында қоғамдағы реттілік пен ретсіздіктің себептерін айқындауға айрықша көңіл бөлді. Әлеуметтік интеграция қай кезде болады, яғни қоғамның мүшелері немесе әлеуметтік топтар ондағы өмір сүріп тұрған нормаларға ерекше мән бергенде, өздерінің өмірлерінде осы нормаларды басшылыққа алғанда әлеуметтік бірігу орын алады. Егер индивид жалпы (ортақ) нормаларды сақтағысы келмейтін болса, онда аномия пайда болады, яғни, бұл дегеніміз - қоғамның мүшелерінің айтарлықтай бөлігі өздеріне міндеттелетін нормалардың бар екендігі жөнінде біле тұрып, оларға бей-жай, қалай болса солай қарайтын қоғамның жай-күйі. Бұл жағдай қоғамның әлеуметтік құрылымының күрт өзгеруімен, мысалы, күтпеген жерден экономиканың өрлеуімен немесе оның дағдарысқа ұшырауымен байланысты орын алуы мүмкін.
Әлеуметтік ауытқулар жеке (индивидуалды) деңгейде де, бұқаралық (массалық) деңгейде де қарастырылады. Жеке деңгейде белгілі бір адамның нақты іс-қылығы (не болмаса ұжымның қызметінің актісі, халықаралық қатынастардағы мемлекеттік акциялар) қарастырылады; бұқаралық деңгейде - әлеуметтік нормалардың бұзылу жүйесі түріндегі актілердің жиынтығы қарастырылады.
Әлеуметтік нормалардан индивидуалдық ауытқудың құрылымын қарастыра отырып, ең алдымен мынаны атап көрсеткен жөн: егер де әлеуметтік норманы іс-қылықтардың эталоны деп қабылдайтын болсақ, онда бұл эталоннан ауытқу әр түрлі бағыттарда жүруі тиіс. Адамдардың іс-қылығы (поступок) объективті және субъективті белгілер бойынша, мақсаттары мен мотивтері, тікелей және жанама нәтижелері бойынша әлеуметтік нормаға жауап бере алмайды. Ол жаңашыл немесе консервативті, пайдалы немесе зиянды, кездейсоқ немесе әдеттегідей және т.б. болуы мүмкін.
Ал бұқаралық құбылыс деңгейінде әлеуметтік ауытқу қоғамдық өмірдің элементі ретінде, оның тілекке сай емес әлеуметтік процесі ретінде көрініс береді.
Девиацияның неғұрлым жарқын мысалдары - адамзатқа тән емес, әрдайым айыптаушылықты тудыратын қылықтар - мысалы, адам өлтіру, адам зорлау сияқты. Алайда тек осының негізінде ғана девиацияға нақты анықтама беру қиын. өйткені, тіпті адам өлтірудің өзін ақтап алатын кезедер болады, мысалы, соғыс уақытында. Сонымен қатар, девианттық мінез-құлықтың деңгейін айқындайтын жағдайлардың да уақыт өткенсайын өзгеріп отыратындығын айта кеткен жөн, мысалы қазіргі кезде ХХ ғасырдың бас кезіндегіге қарағанда шылым шегушілерге деген қарым-қатынас нашақорлықпен ұқсастырылады. Девиацияны айқындаудағы екінші тағы бір проблема мінез-құлықтың күтілетін тұстарының екі ұштылығымен (анық еместігімен, белгісіздігімен) байланысты. Кейде бұл қағида мүлдем түсініксіз болып көрінеді. Айталық, көшені абайсызда кесіп өту әрқашан девиация болып табыла ма деген сұрақ туындайды. Бір жағынан бұған заңмен тиым салынған, ал екінші жағынан бұл жағдай кеңінен таралған. Яғни, әзірге көліктердің жұмысы бұзылып немесе бұдан біреу зардап шеккенге дейін бұл жағдай жартылай легальды деп есептеледі.
Ауытқыған мінез-құлықтың себептері мен түрлері.
Ауытқыған мінез-құлық әлеуметтануында девиацияның пайда болуының себептері мен жағдайларына қатысты бірыңғай көзқарас жоқ. Мәселен, ХІХ ғасырдың аяғында итальяндық доктор (дәрігер) Цезаре Ламброзо қылмыстық мінез-құлық пен белгілі бір дене белгілерінің (физические черта) арасында байланыстың бар екендігін айқындады. Ол биологиялық құрылымы бойынша мінез-құлықтың белгілі бір типіне бейім адамдар, яғни қылмыстық типтер адамзат эволюциясының неғұрлым ерте сатысына қайта оралумен байланыстырылады. Мұндай типтер төмендегідей белгілері бойынша ажыратылады: төменгі жақ сүйегі алға шығып тұрады, сақалы сирек, ауруға деген сезімталдығы тӛмен болып келеді. Ламброзоның осы теориясы кеңінен таралды. Девиацияны түсіндірудің биологиялық типінің өкілдерінің бірі Шелдон болып табылады. Ол девианттардың белгілі бір дене құрылымы бар екендігі жөнінде және осы дене ерекшеліктері девиацияға себеп болатындығы жөніндегі теорияны ұсынды. Осы сияқты девиацияны биологиялық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz