Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша әдістемелік нұсқаулар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Ф.7.03-03

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті

Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы

Альшуразова Р.А., Жұмабекова Р.Ж.

Сот дәлелдеу теориясы пәні бойынша білім алушының өзіндік жұмысын
орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Шымкент, 2016 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті

Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы

Альшуразова Р.А., Жұмабекова Р.Ж.

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

5В030100 - Құқықтану мамандығы студенттері үшін Сот дәлелдеу теориясы
пәнінен студенттердің өзіндік жұмысын орындауға арналған

Шымкент, 2016
УДК 341.343.977
ББК 67.99.(2)8

Құрастырушылар: Альшуразова Р.А., Жұмабекова Р.Ж.

5В030100 – Құқықтану мамандығы бойынша Сот дәлелдеу теориясы пәнінен
студенттердің өзіндік жұмысын орындауға арналған – Шымкент: М.Әуезов
атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті, 2016. – 24 бет.

Әдістемелік нұсқаулар 5В030100 – Құқықтану мамандығының студенттеріне
арналған

Әдістемелік нұсқаулар Сот дәлелдеу теориясы пәнінің бағдарламасы және
оқу жоспарының талаптарына сәйкес құрастырылған және студенттердің өзіндік
жұмыстарының орындалуы бойынша барлық қажетті мәлеметтерді қамтиды.

Аңдатпа: Әдістемелік нұсқауда Сот дәлелдеу теориясы пәнін оқып үйрену
кезіндегі студенттердің өзіндік жұмыстарының әр алуан түрлерінің орындалу
әдістемесі баяндалған.

Рецензенттер:

Ұ.Қ. Сартбаева – з.ғ.к. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Қылмыстық құқық және
криминология кафедрасының аға оқытушысы.

М.Б. Тұрғараев – з.ғ.к. М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ-нің Экономика және
құқық кафедрасының аға оқытушысы.

Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының мәжілісінде
(хаттама №__________2016 ж.) және Заңтану және Халықаралық қатынастар
факультетінің әдістемелік комиссиясында (хаттама №___ _______2016 ж.)
қаралған және баспаға ұсынылған.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ Әдістемелік кеңесінде баспаға ұсынылды, хаттама
№___________2016 ж.

© М.ӘУЕЗОВ ат.ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ, 2016 ж.
Шығаруға жауапты: Альшуразова Р.А.

МАЗМҰНЫ

Бет
КІРІСПЕ 6
1 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша әдістемелік нұсқаулар 7
1.1 Студенттердің өзіндік жұмыстарының түрлері 9
1.2 Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар 14
2 Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалардың мазмұны 15
2.1 СӨЖ бойынша тапсырмалардың тақырыптары 15
2.2 ОСӨЖ-ды ұйымдастыру 17
3 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі 20

КІРІСПЕ

Сот дәлелдеу теориясы пәні қылмыстық сот ісін жүргізудің барлық
мәселелері бойынша терең білім алуы және қазір жұмыс жасап отырған
қылмыстық процестік заңын берік меңгеруді қалыптастырады.
Пәнді оқытудың мақсаты – қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы мен
міндеттерін, процестің негізгі қағидаларымен танысу; қылмыстық процеске
қатысушылар шеңберін және олардың қызметін анықтау; қылмыстық істің
сатыларымен танысу; мәжбүрлеу және бұлтартпау шараларын, оларды қолдану
негіздері мен тәртібімен танысу; қылмыстық істі жүргізудің жалпы
шарттарымен танысу болып табылады.
Сот дәлелдеу теориясы пәнінің қылмыстық сот ісін жүргізудің мәні мен
міндеттерін дұрыс түсінуі, қылмыстық іс жүргізудің басты принциптерін,
дәлелдемелер теориясын, іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу тәртіптерін,
атап айтсақ жасалайын деп жатқан немесе жасалынып жатқан құқық бұзушылықтар
туралы ақпараттарды тексеруден бастап ол бойынша сотқа дейінгі тергеп
тексеруді бастаудың, айыпталушыны сотқа беру және сот талқылауының, істерді
апелляциялық және қадағалау сатыларында қарауының, үкімді орындау
сатысының, жаңадан ашылған мән- жайлар бойынша істі қайта жаңғыртудың,
қылмыстық істерді жекелеген санаттары бойынша айрықша іс жүргізу
мәселелерін толық түсінуі сияқты өз міндеттері бар.
Студенттерге қажет:
- қылмыстарды ашу мен тергеудің нысандары мен әдістерін ұйымдастыру,
оның ішінде жекелеген түрлері мен топтарды саралай білу;
- тергеу әрекеттері мен тактикалық операциялар өндірісінде тактикалық
тәсілдерді пайдалану;
- зерттеу саласына байланысты жаңа немесе бейтаныс жағдайларда және
одан да кең салалы шеңберде (немесе тәртіпаралық) мәселелерді шешу.
- заңды фактілерді және оған байланысты туындаған құқықтық қатынастарды
талдау;
- заңға дәл сәйкес шешімдер қабылдау және заңды іс-әрекеттер жасау
дағдылардың болуы.
Студенттер мемлекет және құқық теориясы, конституциялық, қылмыстық,
қылмыстық іс-жүргізу құқығы және криминологияның негіздерін білулері қажет.
Студенттерде қылмыстық процесс регламентінің сұрақтары бойынша,
қылмыстық, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізудің тәжірибелік аспектілерінің
өзіне тән білімі туралы түсінік болу қажет.

1 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша әдістемелік нұсқаулар

Студенттің өзіндік жұмысы бұл – процесте оқытушының тікелей қатысуынсыз
жаңа білімді алу мақсатына бағытталған белсенді тәсілі болып табылады.
Студенттердің өзіндік жұмыстарының дағдысының дамуын қамтамасыз ететін
ұйымдастырушылық іс-шаралар, олардың шығармашылық белсенділігін және
ынтасын тәрбиелеу, сондай-ақ бүтіндей тұтас студенттердің өзіндік
жұмыстарын қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету келесі алғышарттарға
негізделу қажет:
● өзіндік жұмыс өзінің пәндік бағыттылығы бойынша нақтылы болуы қажет;
● өзіндік жұмыс тиімді, үздіксіз бақылаумен және оның нәтижелерін
бағалаумен ілестірілу қажет.
Студенттің пәндік және мазмұндық өзіндік жұмысы жүзеге асырылып отырған
оқу пәндерінің білім бағдарламаларымен, жұмыс бағдарламаларымен, негізгі
әдебиеттің мазмұнымен: оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар және
қосымша әдебиеттер бойынша әрекеттегі оқу жоспарының мемлекеттік білім
стандартымен анықталады.
Өзіндік жұмысты бақылау және олардың нәтижелерін бағалай екі форманың
бірлігі ретінде ұйымдастырылады:
• өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау;
• оқытушылар, мемлекеттік емтихандық және аттестациялық комиссиялар,
мемлекеттік инспекциялар және т.б. жағынан бақылау және бағалау.
Студенттердің өзіндік жұмыстарын жүзеге асырудың нақты түрлері мен
тәсілдері шарттар шегінде (шектелген) оқытушылардың келісімі бойынша,
әрекеттегі нормативті құжаттармен анықталатын, олардың өздерімен таңдалады.

Өзіндік жұмыстарды жүзеге асыру үшін алғышарттар мен шарттарды жасайтын
іс-шаралар, әрбір студентті қамтамасыз етуді қарастыруы қажет:
• теориялық және тәжірибелік жұмыстарды орындау барысында жеке жұмыс
орнымен;
• ақпараттық ресурстармен (анықтамалықтар, оқу құралдары, жеке
тапсырмалар банкі, үйретуші бағдарламалар, қолданбалы бағдарламалар
пакеттері және т.б.);
• әдістемелік материалдармен (нұсқаулар, жетекшіліктер, практикумдер
және т.с.с.);
• бақылайтын материалдармен (тестілер);
• материалды ресурстармен (компьютерлер, өлшеу және технологиялық құрал-
жабдықтар және т.б.);
• уақытша ресурстармен;
• кеңестермен (оқытушылар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және
т.б.);
• жеке білім траекториясын таңдау мүмкіндігімен (элективті оқу пәндері,
қосымша білім қызметтері, дайындықтың жеке жоспарлары);
• студенттің өз бетімен алынған теориялық немесе тәжірибелік нәтижелерді
көпшілік алдында талқылау мүмкіндігімен (конференциялар, олимпиадалар,
байқаулар).
Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар нақты құрастырылып, оқытылып
отырған пәннің тақырыптары бойынша жіктелу қажет, және олардың көлемі оқу
бағдарламасында бекітілген сағатпен анықталуы керек.
Университетте және басқа да жоғары оқу орындарында өзіндік жұмыстарды
ұйымдастыру іс-тәжірибесінен тапсырмалардың келесі түрлері ұсынылады:
• оқу әдебиеттері мен дәріс конспектілерінің талқыламасын қарастыратын
дәріс материалдарымен ағымдағы жұмыс;
• курстың жеке тапсырылған мәселелері бойынша әдебиеттер мен ақпараттың
электронды дерек көздеріне шолу және іздеу (іріктеу);
• өзіндік талқылауға шығарылған материалды оқып-үйрену;
• әр тәжірибелік сабақта не пәннің бөлімі немесе тақырыбы бойынша барлық
тәжірибелік сабақтарға біруақытта берілетін міндеттерді шешу мен
жаттығуларды орындауды қарастыратын үй тапсырмасы немесе үй бақылау
жұмысы;
• семинарлық сабақтарға дайындық;
• бағдарламалық қамсыздандыруды пайдалану арқылы оқу пәні бойынша
практикум;
• бақылау жұмысыны дайындық;
• коллоквиумға дайындық;
• емтиханға дайындық;
• берілген тапсырма бойынша реферат жазу;
• ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысу;
• оқытушымен алдын-ала берілген тақырып бойынша ғылыми мақаланы
аналититкалық талдау жасау.

1. Студенттің өзіндік жұмыстарының түрлері

Студенттің өзіндік жұмысы Университеттің жүзеге асырылып отырған жеке
оқу бағдарламалары бойынша әрекеттегі оқу жоспары аясында ғылыми-зерттеу
жұмыстарда, өндірістік тәжірибені өтуде оқу жоспарына кіргізілген өзіндік
жұмыстарды талап етеді. Өзіндік жұмыстың көлемі (сағатпен) жұмыстың барлық
түрлері бойынша оқу жоспарымен анықталған.
Өзіндік жұмыс барысында студент қол жеткізе алады:
- оқып-үйреніп отырған пән (жекелеген тақырыптар, жекелеген сұрақтар,
жекелеген ережелер) бойынша теориялық материалдарды меңгеру;
- іс-тәжірибелік жолмен құралдарды (міндеттерді шешу, бақылау жұмыстарын
орындау, өзін-өзі тексеруге арналған тесттер) қолдану арқылы теориялық
материалдар білімін бекіту;
- жағдайлар талдауы мен дұрыс шешімді өңдеу үшін алынған білімдерін және
іс-тәжірибелік дағдыларын (топтық пікір-таласқа дайындық, іскер ойындары
аясында дайындалған жұмыстар, нақты бір жағдайдың жазба талдауы, жобаларды
жасау) қолдану;
- өзінің ұстанымдарын, теорияларын, үлгілерін құрастыру үшін алынған
білімдер мен шеберліктерін қолдану;
Оқып-үйрену пәнініне байланысты студенттің өзіндік жұмысы жоғарыда
көрсетілген түрлерінің барлығын, не олардың бір бөлігін ғана қамти алады.
Мысалы, гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық ғылымдар топтамасына
кіретін пәндер бойынша өзіндік жұмыстар теориялық материалдарды оқып-үйрену
– қосымша әдебиеттерді, түпдеректерді оқу түрінен де басым болуы мүмкін.
Кез-келген жағдайда да өзіндік жұмыс барлық төрт жағын да қарастыру керек,
бірақ студент шешім құру мақсатында нақты бір жағдаятты талдағанда,
үшіншісі басым болуы қажет.
Оқып-үйреніп отырған пәннің ерекшелігін ескере отырып, СӨЖ-ның келесі
түрлерін қолдануды орынды және тиімді деп санаймыз:
Тақырып бойынша шолу – баспадан және ғаламтордың ақпараттық қорынан
қосымша материалдарды тарту арқылы ұсынылған тақырып бойынша 1-2 беттерде
қысқаша әдебиеттік шолуды жазбаша жазу.
Тұсаукесер (презентация) – тұсаукесер үшін белгілі бір тақырыпты
студентпен таңдау және тұсаукесерде қаралатын пен өзінің көрінуін, қандай
да бір аспектіні түсіну немес түсінбеуді білдіру. Тұсаукесердің уақыты – 8-
10 минут. Презентация тақырыптарды ашу деңгейі, тыңдаушыларда пайда болған
қызығушылықтар деңгейі, кәсіпқойлық критерийлері бойынша бағаланады.
Материалдарды ауызша баяндау (presentation) – студент берілген
тақырыптарды өзін-өзі дайындау сұрақтарына сәйкес баяндайды. Рresentation
уақыты – 10-15 минут. Келесі критерийлер бойынша бағаланады: тақырыпты ашу
тереңдігі, қойылған мәселеге айналадағылардың қызығушылығы.
Глоссарий жазу – берілген тақырып бойынша терминдер мен ұғымдарға
қысқаша түсінік беруді, кроссвордпен ауыстыруға болады. Глоссарийді
рәсімдеуде студент әдебиеттік түпдеректердегі ұғымдардың, мәліметтердің
сәйкестігін тексереді. Глоссарийде көрсетілген ұғымдардың саны мәтінде
қолданылған ұғымдар санымен толығымен сәйкес болуы қажет. Ұғымдар мен
терминдерге түсіндірме емес, нақты анықтамалар келтіру керек.
Түсіндірмелер нақты, ғылыми және анық болуы қажет.
Глоссарий әліпби бойынша үш сызық жолдан (бағаннан) тұратын кесте
түрінде құрастырылады. Глоссарийдегі лексикалық бірліктер әліпби ретімен
жүйеленеді.
Жазбаша жұмыстар (конспектілер, эссе) – пайдаланылған түпдеректерге
сілтемелері бар қарастырылып отырған мәселелердің мәні бойынша қысқаша
мазмұндама (көлемі 1-2 бет). Эссе болуы керек:
• оқып-үйрену объектісі және затты түсінуді көрсету;
• негізгі теориялық түсініктерді студенттің меңгеруін көрсету, яғни сол
ойланған немесе басқа да мән жайлар кезінде қолдана білу.
Эссені жазудың дербестігі және нақты бір мысалдарда оқылған әдебиеттерді
терең түсінуді көрсету, ерекше жоғары бағаланатын болады.
Кейбір тақырыптарда пәнаралық күш-қуат болуы мүмкін – бұл жерде
зерттеудің жақын аумақтарымен (мысалы, қылмыстық құқықпен, қылмыстық-іс
жүргізу және т.б.) қылмыстық процесстің ерекшелігін көрсете және анықтай
отырып межеленіп бөліну қажет.
Ғаламтордан матеириалдарды тарту, сондай-ақ арнаулы сөздіктерден
оқулықтарды және мақалаларды көшіру рұқсат етілмейді, сауатты дәйексөз бен
өз бетінше баяндау (сәйкес келетін сілтемелерімен рәсімделген) рұқсат
етіледі.
Бұл жұмыстың мазмұнын барынша оңтайлы кескіндейтін жазбаша жұмыстың
жоспарын құрастыру мадақталады.
Жазбаша жұмыста міндетті түрде, әр қолданылған дереккөздің авторы мен
редакторы, шығару орны мен шығарылған жылы көрсетілген, пайдаланылған
әдебиеттер тізімі болу керек.
Студенттің өз бетінше шығармашылық жұмысының бірден-бір элементі болып
табылғандықтан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі ерекше бағаланады.
Міндетті шешу. Әрбір студент оқытушыдан жеке тапсырма алады, және де ол
оны жазбаша түрде орындауы тиіс. Міндеттерді шешу нормативті дерек
көздерге, теориялық еңбектер мен эмпирикалық базаға жасалған сілтемелері
бар міндеттерде қойылған жауаптарды қамтиды.
Оқудың нақты жағдайының талдауы (ОНЖ – жағдай-стади) – мүмкін болатын
жағдайды сипаттауда қолданатын оқыту техникасы (ағылшын тілінен case —
жағдай). Әрбір жағдаймен (кейспен) бұл пәнді оқып үйренуде тәжірибеде
қандай да бір нақты жағдайды жазбаша сипаттау түсіндіріледі, мысалы
дәлелдемелерді зерттеу, қылмыстық-процестік заі нормаларын қолдану,
күрделілігі жоғары дәрежелі міндеттерді шешу.
Әрбір студент оқытушыдан тапсырма алып болған соң, оқып үйренетін
сұрақтың заңды реглементін, теориялық көзқарастарын, сондай-ақ эмпирикалық
базасын оқып үйренеді. Оқып үйренген материалдар негізінде студент
жағдайды талдайды, мәсселенің мәнін анықтайды, мүмкін болатын шешімдерді
ұсынады және олардың үздігін таңдайды. Сонымен қатар кейстер әдетте жалғыз
оң шешімді болмайды, олардың көпнұсқалы және пікір-талас тудыратындай
болатындығын ескерген жөн. Студенттермен ұсынылған кейстер оқылып отырған
пән бойынша түздікке жатады, яғни шынайы мән-жайлық материалдарға
негізделген.
Аңдатпалау деп – барынша бүге-шігесіне дейін оқып-үйренуді мақсатқа
лайықтылығын айтуға болатын, баспа туындылары (кітап, мақала, баяндама және
т.б.) туралы қысқаша сипаттама құру процесін айтамыз. Аңдатпалау кезінде
туындының мазмұны, яғни оның тағайындалуы, бағасы, бағыты ескеріледі.
Аңдатпа – библиографиялық сипаттамасын толықтыратын мазмұны, түрі,
оқырманға арналуы және басқа да ерекшеліктер жағынан мәтіннің қысқаша
сипаттамасы.
Аңдатпа қажетсіз және түсінксіз терминдерді қолданбай, қарапайым тілде
жазылуы тиіс. Ол мәтінде не туралы айтылғандығын және оны оқыған кезде
қандай пайда алуға болатындығын, яғни бұл туынды қандай теориялық немесе
тәжірибелік білім береді және оқырманның біліміне қандай талаптар
қоятындығы ықшамдалған түрде хабарланады.
Аңдатпаны дайындау кезінде негізгі түпдеректер болып табылады:
- шығу мәліметтері бар титулді парақ;
-  мазмұны (мазмұны немесе түпнұсқаның сипаттау бөлімінің өзі);
-  тұжырымдар;
-  алғысөз;
-   соңғысөз;
-  автордың ескертуі;
-  мәтіндегі графиктер мен кестелер.
Өзінің мазмұны бойынша аңдатпаның мынадай негізгі типтері болады:
- сипаттамалық;
- баяндамалық;
- қиын-қыстаулық;
- ұсынымдық;
- әдістемелік;
- педагогикалық және басқалар.
Біз үшін сипаттамалық аңдатпа көбірек қызығушылық танытады.
Сипаттамалық аңдатпа – мәтіннің мазмұнын қысқаша анықтама түрінде жақсыз
сөз тіркесінің көмегімен қысқаша сипаттау болып табылады немесе сипаттау
баспа туындыларының кез-келген түріне құрастырылуы мүмкін. Әдетте
сипаттамалық аңдатпаның көлемі – 300-500 белгілерден тұрады, яғни орташа
аңдатпа кез-келген баспа мақаласының көлеміне тәуелсіз 3-4 сөйлемді
құрайды.
Сипаттамалық аңдатпаның мәтіні үш бөліктен тұрады:
1. Шығу деректері бар кіріспе бөлімі – аңдатпаланатын материалдың атауы,
автордың тегі, басылу мерзімі, басылған орны, нөмірі, көлемі
(беттерінің, безендірмелердің, кестелердің саны).
2. Сипаттау бөлімі – бұл мақалаға тән екі-үш негізгі сөйлемдер. Олардың
өздерінде тақырыптары болуы қажет (егер ол атауында ашылмаған болса),
бұл жұмыстың мақсаты және қолдану аумағы, сондай-ақ тәсілдердің
көмегімен автормен қойылған мақсатқа жетеді.
3. Қорытынды бөлімінде берілген материалдың жекелеген ерекшеліктері, ал
кейде тұжырымдары көрсетіледі.
Аңдатпада азат жолы болмайды және ол сұрақтың мәнінен немесе кірістірме
сөз орамаларынан (фразалардан) басталады, мысалы: Қарастырылуда,
зерттелуде, берілуде, көрсетілуде, болуда және т.б..
Аңдатпалау кезінде келесі әрекеттердің кезектілігін пайдалануды ұсынуға
болады:
1. Мәтіннің басын (атын) оқу. Ол мәтіннің мазмұны туралы түсінік
беретіндігін анықтаңыз.
2. Мақала бөлімдерге бөлінеді ма, (тақырыпшалар бар ма) қарап шығыңыз.
3. Егер иә болса, тақырыпшаларды оқыңыз.
4. Суреттер, сызбанұсқалар, кестелердің бар-жоқтығына назар аударыңыз.
5. Егер иә болса, олардың астындағы қолтаңбаларды оқыңыз.
6. Мәтінннің бірінші және соңғы азат жолдарын оқып шығыңыз және маңызды
сөздер бойынша мәтін не туралы екенін анықтаңыз.
Аңдатпаны құрастыру кезінде ең көп тараған қателіктер:
1. Үлгі сөз тіркестерін және жекелеген сөздерді пайдалану: Автор
қарастырады..., мақалада хабарланады ....
2. Қажетті егжей-тегжейсіз (анықтауларсыз) баспа туындылары басының
тақырыбын қайталау.
3. Күрделі синтаксистік сөз тіркестерін, бағыныңқы сөйлемдерді, есімшелі
және көсемшелі тіркестерді қолдану.
4. Ілік септігін жеке қайталау.
5. Мағынаны дұрыс түсінуге кедергі келтіретін бұл, сол деген
есімдіктерді бақылаусыз қолдану.
Баяндау (реферирование) – ақпараттар кірістірілген сан алуан өңдеу
амалдарын қолданудан тұратын, әдебиеттің түпдеректері бар өзіндік
жұмыстардың көптеген түрлері кездеседі. Баяндау кезінде түпдерек материалы
конспектіленеді, дәексөз келтіріледі, талданады, талдап қорытылады,
салыстырылады, басты мағынасы белгіленеді, оған жеке қатысы көрсетіледі,
негіздеу, дәліледеу, сұлбалау, жіктеу жүргізіледі. Жұмыстың соңында оның
нәтижелері кезекті, бүтін, логикалық аяқталған жазбаша мазмұндама ретінде
баяндама (реферат) жазылады.
Баяндау (реферирование) мәні бойынша ғылыми мәселені оқып-үйренудің
қорытындысы туралы хабарламасымен ғылыми-зерттеу жұмысы бар, дайын өнім
ретінде баяндама (реферат) және процесс ретінде болады. Баяндауды
(реферирование) және баяндаманы (рефератты) тағайындау ғылыми әдістер мен
амалдарды қолдану арқылы ақпаратпен жұмыс істей білуді, танымның әртүрлі
түпдеректерімен, ғылыми әдебиеттердің әртүрлі жанрларымен жұмыс істей білу,
сондай-ақ автордың түпкі ойымен дәлме-дәл мәтіннің мағынасын түсіну және
ұғу қабілеттілігін көрсетуден тұрады.
Баяндаудың технологиясы және рефератты орындау бірқатар жүйелі
әрекеттерді қарастырады.
Рефератты орындау кезіндегі іс-әрекеттің тәртібі:
1. Мәселені, тақырыпты алдын-ала таңдау
2. Баяндау түпдеректерін таңдау
3. Рефераттың типін анықтау
4. Түпдеректермен танысу
5. Тақырыпты нақтылау
6. Конспектілеу типін таңдау
7. Конспектілеу
8. Ақпаратты өңдеу тәсілдерін пайдалану
9. Реферат жоспарын құру
10. Жоспар бойынша реферат жазу
11. Тұжырымдарды алу
12. Библиографияны құрастыру
13. Мәтінді саралау
14. Баяндаманы (рефератты) рәсімдеу
15. Баяндаманы (рефератты) алғашқы оппоненттеу
Баяндама (реферат) оқытушыға қойылған мерзімде өткізіледі. Ұсынылған
баяндама (реферат) келесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Клетканың органикалық заттары
СТУДЕНТТІҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕ КЕЗІНДЕГІ БАҚЫЛАУ-ТІРКЕУ КІТАПШАСЫ
Машинажасау мамандығының білім алушыларына Машинажасау мамандығына кіріспе пәнінен студенттердің өзіндік жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ӨТЕТІН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ЖОСПАРЛАУ, ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ЕРЕКШЕЛІГІ
Педагогиканы оқытуды ұйымдастыру формалары
Өндірістік оқыту әдістері
Үздіксіз педагогикалық тәжірибе (ҮПТ) міндеттері
Үздіксіз педагогикалық тәжірибе міндеттері
Студенттердің өз бетімен жұмыс жасау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру
Педагогиканы оқыту әдістемесі Оқу құралы
Пәндер