Қазақстанда агрохимия ғылымының қалыптасуы мен дамуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Топырақтану және агрохимия кафедрасы

Реферат
Тақырыбы: Қазақстанда агрохимия ғылымының қалыптасуы мен дамуы

Орындаған: Бердикул Ж. ПВ-309қ.
Тексерген: Василина Тұрсынай.

Алматы 2021 жыл

Жоспaр:

I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
II. Негізгі бөлім
2.1.Агрохимия ғылымының қалыптасуы мен даму тарихы ... ... ... ... ... ... ...4- 6
2.2Агрохимия Қазақстанда ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7-12
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
IV. Пaйдaлaнылғaн әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

Кіріспе
Агрохимия -- өсімдіктердің қорегі, тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғайтын химиялық заттарды қолдану және бітік егін шығаруға арналған топырақ пен өсімдіктердегі химиялық және биохимиялық процестерді зерттейтін ғылым. Агрохимияның міндеті өсімдіктің қоректенуін, өсімдік пен топырақта өтетін химиялық процестерді, тыңайтқыштар мен химиялық заттардың тиімділігін зерттеу арқылы ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын арттыру, олардың өнім сапасын жақсарту, топырақ құнарын сақтау және молайту екендігі анықталды. Агрохимия топырақ пен тыңайтқыштар арасындағы қатынасты, олардың өсімдікке тигізетін әсерін, әр аймақта ауыл шаруашылығы дақылдарына тыңайтқыштың қандай түрін, мөлшерін, қандай әдіспен қолдануға болатынын зерттейді.
Топырақтың, өсімдіктің, тыңайтқыштың, ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері мен ауруларына қарсы қолданылатын у-химикаттардың химиялық құрамына талдау жасайды. Осының негізінде топырақтағы қоректік заттардың түрі мен мөлшерін көрсететін агрохимия картограммалар жасалады. Нәтижесінде тыңайтқыштар, гербицидтер, химикаттар қолданудың тиімді әдістері ұсынылады, мол өнім алудың жолдары іздестіріледі.
Қазақстанда агрохимия Қазақ В.Р. Вильямс атындағы егіншілік ғылыми-зерттеу институты құрылғаннан кейін (1934) қалыптасып, дами бастады. Оның негізін салушы ғалымдар И.И. Синягин мен К.И.Иманғазиев болды. Олар топырақ құрамындағы фосфордың органик., минералдық қосылыстарын анықтап, шалғындағы сұр топырақ пен қызғылт қоңыр топыраққа тыңайтқыш шашу тәжірибелерін жүргізді. Тыңайтқыш қолданудың аймақтық жүйесін жасады. Сондай-ақ, Д.К. Мәденовтың жетекшілігімен Қызылорда облысында көңнің, карбамиформның, Қаратау фосфоритінен өндірілген аммофос, метафосфат, полифосфат тыңайтқыштарының тиімділігі зерттелді. Б.С. Бәсібеков тыңайтқыштардың ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімінің сапасына әсерін, С. Рамазанова күріш егісінің өнімділігін арттыруға азот тыңайтқышының тигізетін әсерін зерттеді. Р.Е. Елешевтің ғылыми жұмыстары топырақтағы жылжымалы Р2О5, фосфат потенциалы, кальций фосфаттарының әр түрлі негізді қосылыстарына арналды. Оның зерттеулері суармалы топырақтарға егілетін дақылдарға жоғары мөлшерде қолданылатын фосфор тыңайтқыштарының әсері топырақтағы фосфордың жылжымалы түрінің бастапқы шамасына тәуелді екенін анықтады. Р.Елешев өзінің көпжылдық зерттеулерін Фосфор тыңайтқышы және өнім атты монографиясында жинақтады. Оның бұл еңбегі әр гектар егістікке қанша мөлшерде тыңайтқыш беру керек екендігін дұрыс белгілеуде практикалық маңызы жағынан құнды нұсқаудың қатарына жатады. Сонымен қатар, ол Агрохимия, Тыңайтқыш қолдану жүйесі атты жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулықтардың туындыгері.

2.1.Агрохимия ғылымының қалыптасуы мен даму тарихы
Агрономиялық химияның дамуы егіншілік мүддесімен тікелей байланысты. Ол адамзаттың қажетін қамтамасыз ету мақсатына орай, теориялық жағынан нақты тұжырымдалмастан, бірден практикада қолданыла бастады. Мысалы, ертедегі римдіктер мал көңінің, күл, гипс, әк сияқты заттардың топыраққа әсер ететін қасиетін біліп, оларды пайдалану арқылы жердің құнарлылығын арттырған. Римдіктер сол сияқты, бірдей мөлшерде тыңайтқыштарды қолдана отырып, бір дақылды алмастырып еккен кезде мол өнім алатынын да ескерген. Француздың табиғат зерттеушісі Бернар Палисси 1563 жылы топырақтағы минералдық заттардың өсімдік үшін қоректік элементтердің көзі екендігі туралы пікір айтты. Ол минералдық тыңайтқыштардың тегі, әсері жөнінде жазған шығармасында "тұз дегеніміз тірішіліктің және барлық егістің өсіп-өнуінің негізі болып табылады",-деген. Осыдан кейін 1656 жылы Глаубер "Өсімдіктің өсуіне селитра негіз болады", -деген жорамал (гипотеза) ұсынды. 1766 жылы профессор Валлериус өсімдік күліне химиялық талдау жасап, оның құрамы топырақтағыдай емес екенін көрсетті де мынадай қорытынды жасады: топырақтағы органикалық заттар ғана өсімдік үшін қорек болады. Топырақтың басқа құрамдас бөліктері көмекші қызмет атқарады. Жалпы XVIII ғасырда француз ғалымдары О.Б.Соссюр (1804 ж.) мен Ж.Б. Буссенго (1836 ж.) және неміс оқымыстылары Х.К.Шп-ренгель мен Ю.Либих (1840 ж.) өсімдіктің қоректенуі туралы ілімнің дамуына үлкен үлес қосты.
О.Б.Соссюр өсімдік күліне тыңғылықты талдау жасап, минералдық заттардың өсімдік организміне енуі кездейсоқ емес деген қорытындыға кел-ді."Тұздардың өте аз мөлшерде болуы олардың пайдасыз екендігінің дәлелі емес"‚-деп жазды Соссюр. Ол құнарлылыққа қатысты шіріндінің маңызына тоқтала келіп, оның өсімдік құрамында да кездесетінін айтты.
Ж.Б. Буссенго өсімдіктің көміртегі мен азотты ассимиляциялауы жөніндегі жүйелі жұмыстары арқылы әйгілі болды. Ол ауыспалы егістегі жеке элементтердің кірісі мен шығысын есептеп шығаруға әрекет жасады. Бұршақ дақылдарының топырақты азотпен байытатындығын көрсетті. Сол сияқты О.Б.Буссенгоны ең алғашқы агрохимиялық тәжірибе стансасының негізін қалаушы деп санауға болады. Сонымен бірге О.Б.Буссенго Тэердің гумус теориясын қоштамай, орнына өсімдіктің қоректенуі жөнінде өзінің азот теориясын ұсынды.

Германияда өсімдіктің қоректенуі жөнінде Шпренгель: "Өсімдікте топырақтан және ауадан алатын органикалық емес заттардан, жарықтың, жылудың, электрдің және ылғалдың көмегімен органикалық заттар құралады"‚-деген. Шпренгель минералдық заттардың маңызы және оларды топыраққа қайтару қажет екендігі туралы айтқан.
Өсімдік қорегін топырақтағы шіріндінің және минералдық заттардың маңызы жөніндегі көзқарасқа, неміс оқымыстысы Ю.Либихтің 1840 жылы "Химияны егіншілікте және физиологияда қолдану" атты кітабының жарық көруі өзгеріс еңгізді. Бұл кітапта А.Д.Тэердің гумус теориясы қатал сыналды. Ю.Либих шіріндіні топырақтағы көмірқышқыл газдың тұрақты көзі деп есептеді. Топырақ құнарлылығын сақтау үшін, одан өсімдік алған заттарды оған қайтару жөніндегі Ю.Либих ілімінің зор маңызын атап айту керек. Өйткені бұл ілімнен, адам мен табиғат арасындағы зат алмасуды саналы түрде реттеу туралы нақты пікірді кездестіріп отырмыз.
Бұл жөнінде К.А. Тимирязев былай дейді: "Топыраққа қайтару қажеттігі жөніндегі ілімнің маңызын шектеуге қаншама тырысқанымен ол ғылымның аса ұлы жетістіктерінің бірі болып табылады". Ю.Либих өз кітабында өсімдіктердің минералдық қорегі жөніндегі идеяны ұсынып, өсімдіктің минералдық қоректенуі жөніндегі теорияның негізін қалады. Алайда, Ю.Либих практикалық нұсқауға көшу кезінде, тыңайтқыштардың жеке мәселелері жөнінде қате пікірлер айтты. Мысалы, Ю.Либих жалпы тыңайтқыш ретінде азотқа аса мән бермеді, ол ауадағы азот топыраққа жауын-шашынмен өсімдіккке жеткілікті мөлшерде барады, сөйтіп оның азотқа деген қажетін өтейді деп ойлады. Ю.Либихтің азотты осылай шеттетуі азот тыңайтқыштарының маңызын төмендетті. Ю.Либих пікірі бойынша, көңнің ең бағалы заты оның күлі ғана болып табылады. Ол көңді кептіріп, оны өртеп, одан алынған күлді егістікке төксек жеткілікті болар еді дейді.
Орыстың ұлы ғалымы, академик Д.Н.Прянишников, тыңайтқышты тиімді қолдану топырақ химиясымен, өсімдіктер физиологиясымен тығыз байланыстыру арқасында ғана мүмкін болатындығын көрсетті. Ол сонымен қатар өсімдік, топырақ, тыңайтқыштар арасындағы өзара әсерін зерттеуде климат және тағы басқа факторлардың да тигізетін әсерін ескерту қажет деген. Агрохимияда теориялық, практикалық мәселелерді шешу үшін әр түрлі зерттеу тәсілдері қолданылады:
:: Биологиялық тәсілдер. Бұған тыңайтқыштармен жүргізілетін егістік, вегетациялық тәжірибелер мен лизиметриялық зерттеулер жатады. Биологиялық тәсілдермен өсімдіктің қоректенуіне жеке элементтердің рөлін, мөлшерін, қоректік заттарды сіңіру механизмі сияқты мәселелер зерттеледі.
:: Лабораториялық тәсілдер арқылы өсімдікке, топыраққа және тыңайтқыштарға сандық, сапалық талдаулар жасалады.
:: Математикалық тәсілдерге тәжірибелер нәтижелерін статистикалық өңдеу және процестерді математикалық жолмен модельдеу жатады.
:: Биофизикалық және микробиологиялық тәсілдер

2.2Агрохимия Қазақстанда
1926 жылы Қазақстанда жер шаруашылығы комиссиараты жанынан топырақты зерттеу бюросы ұйымдастырылды. Бұл бюро кейінірек Қазақтың жер тыңайту және агротопырақтану институты, одан соң 1935 жылдан бастап В.Р. Вильямс атындағы Қазақ егіншілік институты болып аталды. Осы уақыттан бастап біздің республикамызда ауыл шаруашылығы дақылдарына тыңайтқыштарды қолданудың ғылыми жүйелері қалыптаса бастады.
Ауыл шаруашылығы дақылдарына минералдық тыңайтқыштардың тиімділігін зерттеу жөніндегі алғашқы тәжірибелер, Қазақстанда 1929 жылы жүргізіле бастады. Бұл тәжірбиелердің нәтижелері Н.П. Корбут, И.И. Синягин, Н.Е. Крутиков, Г.М. Лобанов, К.И. Иманғазиев еңбектерінде жинақталып‚ қорытынды жасалды.
И.И. Синягин Оңтүстік Қазақстанның топырағындағы фосфордың органикалық және минералдық түрлеріне сипаттама беріп, түрлі фосфор тыңайтқыштарының ауыл шаруашылығы дақылдарына әсерін тексерген. Оның жетекшілік етуімен Қазақстанда тұңғыш рет 1934 жылы тыңайтқыштарды қолдану жөнінде анықтамалық жарық көрді.
Қазақстан агрохимиктері өткен ғасырдың екінші жартысында агроценоздарда минералдық қоректену элементтерінің биоциклдер заңдылықтарын білуге, тыңайтқыштарды ұтымды пайдалану және топырақтардың құнарлығын сақтау мәселелерін ғылыми тұрғыда негіздеуге, регионда тараған негізгі топырақтарға агрохимиялық сипаттама беруге, негізгі ауылшаруашылық дақылдардың қоректенуі жөнінде қолайландыру және гидротермиялық қолайсыз жағдайларда тұрақты жоғары өнімдер алу тәсілдерін анықтауға мүмкіндік беретін айтарлықтай іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізді.
Бұрыннан қалыптасқан әлемдік агрохимия бағыттарынан өзгеше аймақтық мәселелерін шешетін, сондай-ақ жалпы агрохимия ғылымының дамуына әсерін тигізетін өзіндік бір қатар концептуалды жайлар ұсынылды (Статистический сборник. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Агрохимия ғылымының дамуы
Тыңайтқыштарды жіктеу
Топырақты минималды, нөлдік және жылдам өңдеу және егіншілік жүйелері
Мақтаарал ауданы «Кетебай» өқ топырағының агрохимиялық картограммасы және топырақ құнарлығын арттыру жолдары
Агрохимия пәні оның міндеті, зерттеу әдістері. Қазақстандағы тыңайтқыштарды қолдану жағдайы
Мақтаарал ауданы Арай ежелгі суармалы құмбалшықты сәл сортаңданған шалғынды сұр топырағының агрохимиялық көрсеткішінің динамикасы
Химияның ауыл шаруашылығындағы маңызы жайында
Жалпы химия
Агрономия — диханшылық туралы ғылым
Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы
Пәндер