Көпқоректі тура қанаттылар отрядына жататын бунақденелілердің түр құрамы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Өсімдік қорғау және карантинкафедрасы

Семестрлік жұмыс

Тақырыбы: Алматы облысы жағдайында негізгі көп қоректік зиянкестермен қорғау шаралар жүйесі

Орындаған: Бердикул Жібек. ПВ-309қ.
Тексерген: Ұзақбаева М.

Алматы 2021 жыл
МАЗМҰНЫ:

Кісірпе

I.Негізгі бөлім
1.1. Алматы облысының табиғи климат жағдайы.
1.2. Көпқоректі тура қанаттылар отрядына жататын бунақденелілердің түр құрамы.
1.3.Көпқоректі қатты қанаттылар (Coleoptera) отрядына жататын бунақденелілердің түр құрамы танысу және оларға қарсы күресу.
1.4.Көпқоректі қабыршақ қанаттылар отрядына жататын бунақденелілердің түр құрамымен танысу және оларға қарсы күресу шаралары

II.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Көпқоректі зиянкестер тобының құрамына өсімдіктердің әр түрлі тұқымдастарға жататын көптеген түрлерімен қоректенетін организмдер кіреді.Зиянкестерден олардың ішінде ауылшаруашылық дақылдарына ең қауіптілері-тура қанаттылар отрядынан-шегіртке,шекшек,шілделік және бұзаубас тұқымдастарының өкілдері,қатты қанаттылар отрядынан-шыртылдақ және қара денелі қоңыздардың бірқатар түрлері,қабыршақ қанаттылар,немесе көбелектер отрядынан-кеміргіш көбелектердің өкілдері мен қан көбелегі тұқымдасының кейбір түрлері.

1.1.Алматы облысының табиғи климат жағдайы
Алматы облысының климаты негiзiнен континеттiк .Қысы қоңырқай салқын . Қаңтар айындағы орташа температура солтүстік жазық бөлігінде - 10-16 ° С , оңтүстікте - 4-9 ° С . Жазы ыстық және қуаң . Шілде айының орташа температурасы солтүстігінде 25 ° С , оңтүстігінде 27ºС . Бұл жазық өңірлерде жауын - шашынның орташа жылдық мөлшері 110-250 MM . Tay бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ . Қаңтар айының орташа температурасы - 5-9 ° С , жылымық жиі болып тұрады . Шілде айының орташа температурасы тау бөктерінде 400-600мм , тау аңғарларында 700-1000мм . Облыс жерінде жауын - шашын негiзiнен көктем мен жаз айының басында жауады .
Солтүстік өңірдің жазығы мен тау бөктерінің қар жамылғысының орташа қалыңдығы 10-30 см , тау беткейлерінде 40-100 см . Балқаш пен Алакөл жағалауларында бриз желі соғады . Тұрақты қар жамылғысы желтоқсанның бірінші он күндігінде түседі . Көктемде сәуірдің аяғы мен мамырдың басында қар еріп , жер беті тегіс қараяды . Тұрақты қар жамылғысы кезені 2-3ай , ал оның орташа қалыңдығы қыстың аяғына қарай 6-12 см аралығында өзгеріп тұрады . Жылдық жауын - шашын мөлшері Балқаш көлінің жағалауына 100 мм жетпейді , шығыста 155 мм тең .
Бүкiл жаз бойы қуаңшылық пен аңызақ үстемдік етеді . Ауаның ылғалдылығы жазда 30-40 кун бойы кундiз 30 проценттен төмен деңгейде болады . Жыл бойы кушті жел соғып тұратын кездер де болады .
Топырақ жамылғысы шалғынды , тосапты - шалғынды , шалғынды - батпақты , тақырлы топырақтармен және құмдармен ұласып жатады . Шалғынды топырақтар Іле өзенінің сол жағалауында және оның тармактарында көп кездеседі . Өзен жайылмасының үстіңгі беткейі шелге айнала бастаған . Облыстың топырақ және өсімдік жамылғылары вертикаль белдемдiкке байланысты қалыптасқан . Жазық белігінде шелдің де . даланың да қоңыр топырағы тараған. Онда жусан , оленшөп , жүзгін , сораң , сексеуіл , көктемде эфемер өсімдіктер басым тараған . Балқаш , Алакөл көлдерінің батпақты жағалауында , Іле өзенінің аңғары мен атырауында қамыс , құрақ өседі . Тау етегінде сұр және боз , қызыл қоңыр , тау беткейлері мен таулы үстірттерде таулы даланың қызыл қоңыр және қара топырақтары қалыптасқан . Мұндай жерлерде астық тұқымдас өсімдіктері басым жуанды , бетегелі боз далаға ауысады . Таулы бөлігінің бұдан жоғары жағында көктерек , қайың , алма ағашы , ал одан да жоғарырақта Тянь - Шань шыршасы , кейде биік таудың шалғыны өседі . Биік таудың альпілік шалғынында өлеңшөп , алтай , қоғажайы , тастесер т.б.өсімдіктер басым . Бұл өңір - облыс малшыларының жазғы жайлауы сапты шалғынды топырақтар мен сорттардан тұрады .

1.2.Көпқоректі тура қанаттылар отрядына жататын бунақденелілердің түр құрамы.
Ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келтіретін көп қоректі зиянкестердің түрлері Brachicera-қысқа мұрттылар отряд тармағына, Acrididae-нағыз шегірткелер тұқымдасына, Dolichocera-ұзын мұрттылар отряд тармағына, Grylotalpidae-бұзаубас тұқымдасына, Tettigoniidae-шекшек тұқымдасына Gryllidae-шілделік (қара шегіртке) тұқымдасына жатады. Зиянды шегірткелер Қазақстанның солтүстігінде таралғандары: итальяндық прус Calliptamus italicus L.; кресті кішкене саяқ шегіртке-Dociosturus brevicolis Ev., ақжолақты Chortippus albomarginatus D.G., кресті-Pararcyptera microptra F.-W., қоңыр қанатты Stauroderes scalaris F.-W. саяқ шегірткелер, далалық атбас шегірткелер-Euchorthippus pulvinatus F.-W. және басқалар. Азиялық шегіртке-Locusta migratoria migratoria L. тұрақты қоныстары Қазақстанның оңтүстік жартысындағы қамыспен құрақ өсетін жерлер, осы станциялардан олар басқа алыс аймақтарға тарала алады. Мароккалық шегіртке Dociostaurus maroccanus Thunb. Қазақстанның оңтүстігінде таралған (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары).

1.Итальяндық шегіртке (Calliptamus italicus L). 2.Азиялық шегіртке (Locusta migratoria migratoria L.)

Азиялық, Мароккалық, италияндық шегірткелер, ал анда-санда тұрандық және шөл далалық шегірткелер кезектесіп өзгерістерге ұшырайды. Олардың үйірлену кезінде бір шаршы метрде 100 және одан да көп дернәсілдері болады. Үйірлі шегірткелердің сандары көбейген кезде, алғашында дернәсілдердің жиынтығы, кейін олардан шегіртке табындары пайда болады. Барлық шегірткелердің ұзынша денесі, секіруге қолайлы артқы аяқтары, кеміргіш ауыздары, қатты дамыған алдыңғы кеудесі, жіңішке үстіңгі қанаты, жалпақ, желпуіш тәрізді артқы қанаттары болады. Ол жылына бір ұрпақ береді. Ол ұрғашы шегірткенің арнаулы бөліп шығаратын сұйық затымен қатайған топырақтан жасалған күбіршеде жұмыртқа күйінде қыстайды. Олар тың жерлерде, жайылымдарда, құмдардың шетінде және т.б. жерлерде орналасады.

Мароккалық шегіртке (Dociostaurus maroccanus Thunb).
Дернәсілдер жұмыртқалардан әр мезгілде шығады. Дернәсіл ересек шегірткеге ұқсас келеді. Дернәсілдер 30-40 күн дамиды. Даму кезеңінде дернәсілдер 4-5 рет түлеп, 4-5 жастан өтеді. Дернәсілдер және ересек шегірткелер әр түрлі өсімдіктерді; дәнді және майлы дақылдарды, көкөністерді, жайылымдар мен шабындықтарды зақымдайды. Олар құрғақшылық кезінде, табиғи өсімдіктер күйіп кеткенде өте қауіпті болады. Тым көп көбейген жағдайда егістіктер мен жайылымдарға қатты зиян келтіреді, олардың жер бетіндегі биомасса бөліктерін құртып жібереді. Шегірткелердің көп жылдық даму (динамика) сатысында жаппай көбеюлері мен депрессиялық фазалар кезектесіп отырады.
Күресу шаралары. Зиянды шегірткелердің дернәсілдеріне қарсы күресу шараларды олардың сандарына бақылау жасаудың нәтижесіне қарап жүргізеді. Алдын алу шараларының маңыздысы ерте көктемде шегірткелер табылған егістік танаптарды біз тұмсықты, немесе дискілі тырмалармен, ал көпжылдық шөптерді тісті, немесе біз тұмсықты тырмалармен өңдеу. Сонымен бірге танап аралықтарын, танаппен шектесетін тың және егін егілмейтін жерлерді де өңдеу қажет.
Егін алқаптары маңында жою шаралары инсектицидтермен Тізім... бойынша (Қосымшаны қараңыз-адонис, димилин, номолт, геркулес, кинмикс, суми-альфа, децис және т.б.) саяқ шегірткелердің дернәсілдер саны 8-10 данам2 , ал үйірлі шегірткелердің дернәсілдер саны 5 және одан да көп данам2 болғанда жүргізіледі. Дернәсілдерді есепке алу жұмыстарын таңертеңгілікте немесе кешкілікте маршрутпен жүріп 100м сайын әрқайсысы 1 м2 алаңқайда көзбен шолып жүргізеді немесе рамканың көмегімен әрбір секірген шегірткені есептеп, кейін 1м2 қанша болатындықтарын анықтайды.
Егер бір стацияны мекендеген шегірткелердің түрі көп болса, жұмыртқалардан әр мезгілде шықса және жастары әртүрлі болған жағдайда ұзақ уақыт әсер ететін инсектицидтерді пайдаланған дұрыс. Химиялық өңдеу жұмыстары дернәсілдер қанаттанғанға дейін жүргізілсе тиімділігі жоғары болады. Әрбір нақты жағдайға байланысты жаппай, бөгеттік өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Бөгет мақсатымен өңдегенде дәрі шашылатын жердің жалпақтығы 40-100 м шамасында болуы тиіс.
Бұзаубастар. Жердің астында тіршілік етеді. Орта жастағы дернәсілдері және ересектері жердің астында 1м дейінгі тереңдікте тіршілік етеді. Өмір сүру кезеңі 1 жылдан көп уақытқа созылады. Мамырдың аяғында-маусым айында аналықтары 10-20см тереңдікте, арнаулы ұяларға 150-300 данадан жұмыртқа салады. Бұзаубастар алдыңғы аяқтарының көмегімен топырақтың үстіңгі қабатында жолдар салады, 50-ден аса өсімдік тамырын, сабақтарының жер асты бөлігін, өскіндерін және тұқымдарын жеп зиян келтіреді. Олар ылғалды, суармалы жерлерді, негізінен көкөніс алқаптарын мекендейді. Жылы жайларда,темекінің, көкөністердің және т.б. мәдени өсімдіктердің көшеттеріне өте көп зиян келтіреді. Көп тараған түрлері-кәдімгі (Gryllotalpa gryllotada L) және бір тікенекті (Gryllotalpa unispina Sauss.) бұзаубастар.

Бұзаубас (Gryllotalpa gryllotada L)
Шекшектер. Құрғақшылық жылдары сандары өте көп болғанда егінге, көкөніс дақылдарына, майлы дақылдарға зиян келтіреді. Олар антеналары денесінен ұзын, үлкен зиянкестер. Жылына бір рет ұрпақ береді. Жұмыртқалары топырақта, өсімдіктерде және олардың ұлпаларына қыстайды. Аса зияндылары-жасыл (Tettigonia viridissima L.) және сұр (Decticus verrucivorus L.) шекшектер.
Шілделіктер. Орташа және үлкен, жалпақ денелі зиянкестер. Түнде тіршілік етеді. Топырақ түйірлерінің астында, жарықтарда нимфалар (ақырғы жастағы дернәсілдер) қыстайды. Ылғалды, суармалы жерлерде көкөністердің, майлы және дәнді дақылдардың, бүлдіргеннің жапырақтары мен сабақтарының төменгі бөліктерін жейді. Өсімдіктерге зиян келтіретіндері-далалық (Grillis desertus Pall.) және бордо (Grillis burdigalensis Latr.) шілделіктер.

Шекшектер. (Tettigonia viridissima L.) Сұр (Decticus verrucivorus L.)

Күресу шаралары.
1.Ерте күзде сүдігер жырту және отамалы дақылдардың қатар аралықтарын өңдеу арқылы: бұзаубастардың, шекшектердің және шілделіктердің көбеюіне жол бермеуге болады. Көкөніс өсірушілер бұзаубастармен күресу үшін арнаулы жырашықтарды падаланады.
2. Химиялық күрес 2 - 3 жастағы дернәсілдер шыққан кезде үйірлі шегірткелер үшін бір шаршы метр жерде 5 дернәсілден, саяқ шегірткелер 10 дернәсілден артса ғана жүргізіледі. Химиялық күресу үшін мына төменгі препараттардың біреуін қолданылады (1га): алфа - комби 50% к.э (0,3 - 0,5); димлин оф - 6,6% м.с (1,0); дурсбан, 480 (0,3 - 0,8); каратэ, 5% к.э (0,1 - 0,2); кин микс, 5% СС (0,3 - 0,4); сумитион, 100% (0,5); фастак, 10% к.э (0,15), фьюри, 10% с.э (0,05 - 0,07); шерпа, 25% к.э (0,1 - 0,2).
3. Тың және тыңайған жерлерді, бос жерлерді игеру.
4. Шабындық, мал жайылымдарын дұрыс пайдалану.

1.3.Көпқоректі қатты қанаттылар (Coleoptera) отрядына жататын бунақденелілердің түр құрамы танысу және оларға қарсы күресу.
Көп қоректі қатты қанаттылар отрядына жататын бунақденелілер. Әр түрлі өсімдіктермен қоректенетін қоңыздардың ең қауіпті және көп тараған түрлері Coleoptera-отряды, Polihaga-ортяд тармағы, Elateridae-шыртылдақ қоңыздар Tenebrioidae-қара денелер, Scarabalidae-тақта мұртты қоңыздар тұқымдастарына жатады.
Шыртылдақ қоңыздар. Ұзындығы 5-15 мм. Алдыңғы кеудесі қозғалғанда шырылдаған дыбыс шығарады. Ересектері 2-4 апта өмір сүреді. Қоңыздың зияндылығы жоқ. Жұмыртқасын топыраққа салады. Бір аналық 30-500 дана жұмыртқа салады, дернәсілдері қыстайды. Дернәсіл 13 бунақтан тұрады. Сыртқы қатты қабығы болғандықтан және пішініне қарап оларды сымға ұқсатады. Басы, үш жұп аяқтары жақсы дамыған, түсі сары-қоңыр. Дернәсілдер 3-4 жыл өмір сүреді. Егістіктерде ошақ ошақ болып кездеседі. Ауылшаруашылық дақылдардың өсіп келе жатқан тұқымымен, олардың тамырларымен қоректенеді. Топырақ құрғап кеткенде өсімдіктердің шырынды бөліктеріне кіріп, қоректенеді. Көп тараған түрлері: Agriotes-туысына жататын егістік шыртылдақ қоңыз (A.spuator,) жолақты шыртылдақ қоңыз (A. lineatus L.), далалық шыртылдақ қоңыз (A.gurgistanus Fald.) және Selatosomus-сына жататын жалпақ шыртылдақ қоңыз (S.latu F.).

1-сурет. Далалық шыртылдақ қоңыз (A.gurgistanus Fald.) 2. Егістік шыртылдақ қоңыз (A.spuator) 3. Жолақты шыртылдақ қоңыз (A. lineatus L.)
Қара денелілер. Баяу жүретін, түстері қара, ірілі-кішілі қоңыздар. Көп түрлері қанаттары бірігіп кеткендіктен ұша алмайды. Дернәсілдердің алдыңғы жұп аяқтары үлкен, бастары доға тәрізді. Олар жылдам өсіп жетіледі. Далалық (Blaps halophila F.) және кең кеуделі (Blaps lethifera March.) шабан қоңыздары мен жүгерінің қара денелерінің дернәсілдері (Pedinus femorlis L.) өсімдіктердің жер астындағы мүшелерін, тұқымды зақымдайды. Құмның шабан қоңызы (Opatrum sabulosum.) зиянды, олар оамалы және көкөніс дақылдардың көшеттерін зақымдайды.

1.Құмның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақсуат өңірінің жартылай қаттықанаттыларының экологиясы
Көп қоректі зиянкестер.Шегірткелер және оның негізгі түрлері
Күздік көбелектердің құрылысы
Қызылша нематодасымен күресу шаралары
Бунақденелілердің сыртқы құрылысы
Энтомофагтардың биологиясы
Қант қызылша дақылына зиян келтірітін зиянкестердің түр құрамы
Қабыршақ қанаттылар отряды (Lepidоptera)
Астық дақылының сорғыш зиянкестері
Энтомофагтар
Пәндер