Бақша дақылдарының даму кезеңі


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
«Жеміс-көкөніс және жаңғақ шаруашылығы» кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: « Бақша дақылдарының өсуі мен дамуы »
Орындаған: Бердикул Жібек. ПВ-309қ.
Тексерген: Ибрайымова М. М.
Алматы 2021 жыл
Жоспар:
I. Кіріспе . . . 3
II. Негізгі бөлім
2. 1. Бақша дақылдарының өсуі мен дамуының ерекшеліктері . . . 4
2. 2. Бақша дақылдарының даму кезеңі . . . 5-6
2. 3. Қарбыз жемістерінің құрылысы . . . 7
2. 4. Қауын жемістерінің құрылысы . . . 8
2. 5. Асқабақ жемістерінің құрылысы . . . 9
III. Қорытынды . . . 10
VI. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 11
КІРІСПЕ
Бақша дақылдары - асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер тобы. Оған қарбыз, қауын, асқабақ жатады. Тропиктік және субтропиктік аймақтардан шыққан. Қазақстанның барлық аймақтарында өсіріледі. Бақша дақылдары - бағалы тағамдық және диеталық өнім, дәрілік, сәндік мақсатта, мал азығы, майлы шикізат ретінде пайдаланылады. Бақша жемістерінің құрамында қант, көмірсу, витаминдер, минералды заттар, органик. қышқылдар көп. Сондай-ақ олар емдік қасиеті жағынан, жұғымдылығы, сіңімділігі және диеталық қоректілігі жағынан пайдалы. Бақша дақылдарының жемістері тағамға көктей немесе өңделген түрінде қолданылады. Қарбызды тұздауға болады, ал қарбыз балы кондитерлік өндірісте пайдаланылады, қауыннан қауынқақ, қауынқұрт, қауынбал (бекмес) жасайды. Бақша дақылдарының тұқымдары бір-біріне анатомикалық құрылысы, химикалық құрамы, физиология-биохимилық процестері, пісіп-жетілуі, өсіп-өнуі ұқсас келеді. Олардың қос жарнақты тұқымдарының өнгіштігі өте жоғары (98 - 100%), ұзақ (8 - 10 жыл) сақтауға болады. Бақша дақылдарының жер асты жүйесі кіндік тамырлы, негізгі тамырдан және жанама тамыршалардан тұрады. Сабақтары өсу процесінде жоғары өрмелейді, жайыла өседі немесе тік бұталы болып келеді. Аталық, аналық гүлдерінің дара, қос және аралас 3 түрі кездеседі. Алдымен аталық, содан кейін аналық гүлдері гүлдейді. Жемістері көптұқымды, жидек тәрізді, салм. 80 кг-ға дейін (асқабақ) жетеді. Бақша дақылдары тұқымының өсіп-өнуі үшін қарбызға 15 - 17°С, қауынға 14 - 16°С және асқабаққа 10 - 13°С температура қажет. Сондықтан Бақша дақылдарын себуді асқабақтан бастайды. Себу алдында егістікті суғарады. Қауын мен қарбыздың тұқымы 3 - 6 см, ал асқабақтың тұқымы 6 - 8 см тереңдікке егіледі. Себу жұмыстарын ерте пісетін сорттардан бастайды. Піскен өнім уақытында жиналса, түптегі келесі жемістер тезірек пісіп-жетіледі. Бақша дақылдарының жиі кездесетін ауруларына солу немесе фузариоз, кәдімгі ақ ұнтақ, жалған ақ ұнтақ, антракноз, ал зиянкестеріне зиянды көбелек, бұзаубас, т. б. жатады. Олармен күресу үшін агротехникалық, биологиялық және химиялық шаралар қолданылады.
2. 1. Бақша дақылдарының өсуі мен дамуының ерекшеліктері
Бақша дақылдарының жеке түр сорттарының қарқынды және қуатты өсуі олардың биологиялық ерекшеліктеріне және де сыртқы орта факторларына байланысты. Сонымен қатар асқабақ сорттарының өсу процесінде көптеген сәйкестіктер бар. Топырақтың бетіне шыққан өскіндер алғашқы кезде тұқым жарнағындағы пластикалық заттармен қоректенеді.
Өскін шыққаннан 8-10 күннен кейін дақылдардың жас тұқым жарнағы белсенді түрде қоректік заттарды синтездеп, көлемі ұлғайып, еркін өседі, алдымен тамыр жүйесінің қарқынды өсуіне қамтамасыз етеді.
Өскіндері шығып тұқым жарнағы пайда болғаннан бастап пластикалық заттар қоры көп мөлшерде болғанының арқасында фотосинтез қызметін бірінші жапырақ пайда болған аралықта толығымен қамтамасыз етеді. Ал егерде тұқым жарнағы сынып қалған немесе зақымданған жағдайда келесі өсу және даму кезеңдеріне әсерін тигізеді.
Бірінші тамыр жүйесі қарқынды өседі, тамыры жеткілікті жайылғаннан кейін жер беті бөлігінде өсу көрінеді. Өскіндері көктеп өскеннен 5-6 күннен кейін бірінші нағыз жапырақша пайда болады, содан кейін әр 3-4 күн сайын екінші, үшінші, төртінші және бесінші жапырақтары шығады кейіннен өсуі баяулайды. Осы кезеңінде буынаралықтары қатты қысқарады, сондықтан өсімдіктің түрі азғантай тік өсетін бұта сияқты көрінеді. Бақша дақылдарының осы өсу шатрика кезеңі деп атайды. Сабақтарының өсуі баяу (0, 5-1см тәулікте) жүреді.
Өскін шыққаннан 20-40 күннен кейін (осы өсу кезеңінің ұзақтығы, дақылдардың түріне және сортына байланысты және метеорологиялық жағдай) өсімдіктің негізгі өркені пайда болады содан кейін жан-жаққа бірінші және келесі қатарда шығады. Тамыр жүйесінің тармақтануы кезеңінде бақша дақылдары қарқынды өседі. Мысалы қарбызға қолайлы ауа райында бір өсімдік жер бетінде 1, 8 м дейін, ал асқабақ 1, 0 м дейін өседі.
Қарбыздың вегетациялық кезеңі ұзақтығы ерте және ең кеш пісетін сорттардың арасы 52 күн, ал қауында 87 күн.
Қарбыздың үш типті гүлдері кездеседі, аналық, аталық және қос жынысты. Көп сорттарда бір өсімдікте аталық және қос жынысты кездеседі. Мұндай жыныстық типті аталық ұялас немесе андромоноция деп атайды. Дақылдардың біраз сорттарында аталық және аналық гүлдері болады.
2. 2. Бақша дақылдарының даму кезеңі
Бақша дақылдары негізі бөжектер арқылы тозаңданады. Дақылдардың арасында айқас тозаңдану ұшатын бөжектер арқылы жүреді (ара, түкті ара), ал қос жынысты гүлдерді негізгі тозаңдандырушысы жорғалап жүретін бөжектер (құмырсқа, бітелер трипс) .
Бақша дақылдарының жеткілікті тозаңдануы үшін міндетті түрде көтерілген температура және ауа ылғалдылығы орташа болу керек.
Бақша дақылдарының жемістерінің өсуі және оның саны дақылдарының сорт ерекшеліктеріне байланысты. Өсімдік ұрықтанғаннан кейін-ақ, тез түйін салады, қалыптасу барысында жемісінің қарқынды өсуі көрінеді. Осы кезеңінде жемісіне салмағын түнде және күндізгі уақытта қосады. Жемістерінің өсуімен бір уақытта тұқым қалыптасады. Тәлімі жерлерде (суармайтын) ауа температурасы жоғары және ылғал төмен болғанда, кей жағдайда күндізгі уақытта жемістеріне салмақ қоспайды, тек түнде қосады.
Тәлімді жерлерден қарағанда суармалы жағдайда дақылдардың өсуі мен дамуы жақсы жүреді. Қарбыз ұрықтанғаннан кейін түйін сала бастаған кезде жәй өседі, содан кейін өсуі кенет күшейеді, ерте пісетін сорттарының жоғары өсімі 9-15 күн, ал орташа және кеш пісетін сорттар үшін 9-18 күн жүреі. Содан кейін 24-27 күнде ерте пісетін сорттарының қарқынды өсуі төмендейді, ал 27-30 күнде кеш пісетін сорттардың өсуі тоқталады.
Негізінен бақша дақылдарының жемістерінің дамуы екі кезеңнен өтеді:
1-ші кезең түйін салғаннан бастап жемістері пісіп жетіліп ұрыққап қалыптасу және тұқымның өсуі тоқталған кездері.
2-ші кезең өсуінен басталады да толық пісіп жетілуімен аяқталады.
Өсімдіктер жеміс көп салған жағдайда, олар жәй өседі. Сондықтан қалған өсімдіктер жетілу үшін, пісіп жетілген жемістерді уақытымен жинау керек.
Сорттарға байланысты түйін салғаннан бастап жемістері толық пісуі қарбызда 30-45 күн, асқабақ 46-48 күн және қауында 20-70 күнге жетеді.
Бақша дақылдарының өсу процестер кезінде жемістері пісуімен қатар химиялық құрамы өзгереді. Мысалы пісіп жетілген асханалық қарбыздың жемістерінің құрамында қан мөлшері көп болады, жапырақтан жемістеріне глюкоза түседі, сондықтан жаңадан жинаған жемістерінде глюкоза көп кездеседі, басқа қант түрлеріне қарағанда. Аяғында фруктозаға айналады, сахароза пайда болады, жалпы қант мөлшері көбейеді.
2. 3. Қарбыз жемістерінің құрылысы
Бақша дақылдарының барлық түрлері көп тұқымды жемісті жидек тәрізді болып келеді, асқабақтың салмағы бірнеше грамнан 80 кг дейін тартады. Бақша дақылдары түрлері мен сорттарын, жемістерінің көлемі арқылы, пішіні, түсі және сыртқы қабықтарының бедері, еттілігінің құрылысы және түсі, тұқымының көлемі, пішіні және де басқа белгілері арқылы ажыратуға болады.
Қабықтары үш қабаттан тұрады-сабағы эпидермис қаптап тұратын жұқа қабық (қорғаныс қызметін атқарады), негізгі ұлпа және көп қабатты. Жемістерінің еттілігі негізгі ұлпадан борпылдақ жұқа қабырғалы жасушалардан тұрады.
Бақша дақылдарының жемістері қабықтан, еттілігінен және қағанақта тұқымдардан тұрады. Қабығы бірнеше қабаттардан құралған. Жоғарғы сыртқы жұқа қабығы. Жемісінің сыртқы жасуша қабықтары жуан болып келеді мал азықтық қарбыздарда, және сақталғыштығы жоғары асханалық қарбыз сорттарында болады.
Жеміс қабығының астында көп қабатты жабынды негізгі ұлпа орналасқан, негізгі ұлпадан жеміс еттілігіне өтеді, піскен кезде сорттарына байланысты түрлі түс береді. Қарбыздың жемістері ақ болған жағдайда, жасушада протоплазма лейкопласты болғаны, еті лимонды хромопластары ашық лимонды түсті береді, қызыл күрең және басқа түске боялған жағдайда көп кристалл және жарым жартылай шар тәрізді хромопластар болады.
2. 4. Қауын жемістерінің құрылысы
Қауын - асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. . Жапырағы ірі, кезектесіп орналасқан, жіңішке сабағы буындарға тарамданып жер бетіне төселіп өседі. Гүлі сары, дара жынысты, қос жынысты түрі де кездеседі. Жемісі - көп тұқымды, жемісінің түсі де, пішіні де сортына байланысты әртүрлі болады, салмағы 200 г-нан 16 кг-ға дейін. Қауынның жемісінің құрамында 4, 5 - 18% қант, 0, 6% белок, С, РР витаминдері, каротин болады. Қауын жәндіктер арқылы тозаңданады да, гүл жатыны түйнекке айналып жеміс салады. Қауын 25 - 30 0 С температурада жақсы өседі, температура 15 0 С-қа төмендесе өсуі баяулайды да, 3 - 5 0 С-та үсікке шалдығады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz