Фразеологизмдердің уәжділік тұрғысынан зерттелуі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДОГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Фразеологизмдердің құрылымдық-стильдік сипаты мен шығу арналары.

Пән: Қазіргі қазақ лексикологиясы және диалектологиясы
Қабылдаған: Нуржанова Б.Н.
Орындаған: Досжанова А.Б.

Тапсырманың атауы: Фразеологизмдердің құрылымдық-стильдік сипаты мен шығу арналары.

Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
1) Фразеологизмдердің шығу уәжі.
2) Академик І.Кеңесбаев және қазақ тілінің фразеологиясы.
3) Мақал-мәтелдердің фразеологизмге қатысы.

3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер



КІРІСПЕ

Фразеология термині қазіргі тіл білімінде екі түрлі терминдік мағынада қолданылады. Ол белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы деген мағынамен қатар, тіл білімінің фразеологизмдерді зерттейтін саласы деген ұғымды да жеткізеді. Жалпы тіл білімінде фразеологизмдерді қарастыруда, оның түрлі теориялық сипатын ашуда ғалымдар арасында әлі де болса, бір ізділік жоқ. Тілшілер фразеологизмдерді тілдің ерекше деңгейі ме, деңгей аралық тілдік құбылыс па, жоқ әлде лексикологияның бір саласы ма деген теориялық сұраққа жауап іздеуінің өзі − тұрақты тіркестерді зерттеуде басы ашылмаған мәселелер бар екенінің айғағы.

Кез-келген тілдің жүйелік сипаты тілдің әрбір деңгейінің ішінде болатын синтагмалық сипатымен ғана емес, сонымен қатар парадигмалық сипатынан да көрінуі тілдік бірліктердің табиғатын анықтауда қиындық тудыратыны белгілі. Фразеологизмдерді анықтау, оларды басқа тілдік бірліктерден ажырату қиындығы әлі де шешілмеген мәселе болып отыр. Бұл ретте, тілшілердің пікірлері әртүрлі екенін байқаймыз. Жалпы тіл білімінде фразеологизмдерді қарастыруда екі түрлі ғылыми бағытты байқаймыз. Ол
қазіргі ғылыми ортада фразеологизмді кең мағынада және тар мағынада түсіну теориясы қалыптасқан.

Орыс тіл білімінде фразеологизмдерді кең мағынада Виноградов В.В, Шанский Н.М, Архангельский В.Л, Копыленко М.М. сынды ғалымдар қарастырса, тар мағынада түсінуді Молотков А.И, Жуков В.П, Аносова Н.Н, Чернышева И.И, Торопцев И.С. сияқты тілшілер қолдайды.

Фразеологизмді кең мағынада және тар мағынада түсіну теориясының
негізгі қағидалары мыналар:

1) семантикалық тұтастығы тұрғысынан топтастыру;

2) грамматикалық тұрғыдан топтастыру;

3) функционалдық тұрғыда сипаттау.

Семантикалық тұтастығы тұрғысынан топтастыру қағидасын тілші Шанский
Н.М. ұсынады. Ол академик Виноградов В.В. көрсеткен фразеологизмдердің үш түріне қосымша төртінші түрін енгізген. Ғалым фразеологиялық сөйлемше деп атаған тілдік бірліктерінің лексикалық мағынасын фразеологиялық байлаулы мағынаға жатқызады. Осыдан тілдік сипаты әртүрлі екі топ пайда болды. Олар семантикалық жағынан жіктелетін фразеологиялық сөйлемше мен фразеологиялық тізбек және семантикалық жағынан жіктелмейтін, тұтастық пен тұрақтылыққа негізделген фразеологиялық тұтастық пен фразеологиялық бірлік.

Фразеологимдерді кең мағынада түсіну теориясында тіркес мағынасының, тіркес құрамы мен құрылымының тұрақталуы негізгі белгісі болып табылады да мұндағы тұрақталу ұғымы тіркесімділіктің шектеулігімен түсіндіріледі. Осы тұрғыдан алғанда тұрақты тіркестерге Шанский Н.М. көрсеткен төрт түрін жатқызуға болады.
Фразеологизмдерді тар мағынада түсіну теориясында мағына тұтастығы мен
компоненттерінің де семантикалануы, яғни өзінің лексикалық мағынасынан
айрылып, тіркестің барлық компоненттері қосылып, өзгеше мағына білдіруі
негізгі белгісі болып табылады. Тілші Молотков А.И. фразеологизмдерді сөзге тән белгілерінен (лексикалық мағынасынан, сөздің лексика-грамматикалық ерекшеліктерінен, түрлену жүйесінен) айрылған компоненттерден тұрады деп пайымдайды. Осы тұрғыдан алсақ, фразеологизмдерге фразеологиялық тұтастық пен фразеологиялық бірліктер ғана жатады. Грамматикалық тұрғыдан топтастыру қағидасында тілші Молотков А.И. предикаттық қатынасқа негізделген мақал-мәтел, қанатты сөздерді фразеологизмдерге қоспайды. Ал фразеологимдерді кең мағынада түсіну теориясының өкілі Шанский Н.М. предикаттық қатынасқа негізделген тілдік бірліктерді фразеологиялық жүйеде қарастырады да олардың бір тұтас
бейнелі - экспрессивтік мағынасын негізгі белгілері ретінде таниды. Мұндағы
фразеологизмдердің бір тұтас бейнелі-экспрессивтік мағынасы уәжді болуы
мүмкін, оны біз фразеологиялық бірліктерден байқаймыз және уәжделмеген
мағына болуы мүмкін, оны біз фразеологиялық тұтастықтардан байқаймыз.

Сондай-ақ тілшілер Виноградов В.В., Молотков А.И., Жуков В.П. т.т. фразеологизмдер қатарына басқа да тілдік бірліктер мен тілдік құрылымдарды жатқызады. Олар: на авось, за глаза, за счет, потому что. Бұларды фразеологизмдер деп танудың реті жоқ, себебі:

1. Олардың құрамында бір ғана атауыш сөз болады да тіркес жасай алмайды. Тіркес болу үшін кемінде екі сөзден жасалуы керек.

2. Бейнелі мағынасы болғанмен тұрақты тіркеске жатқыза алмаймыз, өйткені оларды тұрақты тіркес ретінде танысақ, онда сөз бен тұрақты сөз тіркесінің басты белгілерін, құрылым тұрақтылығы мен мағына тұтастығын, жоққа шығарамыз.

Фразеологизмдердің шығу уәжі.

Фразеологизмдердің уәжділік тұрғысынан зерттелуі. Тіл білімінде фразеологияның теориялық, практикалық мәселелері (В.В.Виноградов, Н.М.Шанский, І.Кеңесбаев, А.Ә.Байтелиев), фразеологизмдердің жеке тақырыптық топтары (В.Н.Телия, Р.Н.Попов, С.К.Сатенова, Ш.Б.Сейітова), фразеологизмдерді мағыналық, тақырыптық топтастыру принциптері (З.Г.Ураксин, Ә.Қайдар, Р.Жайсақова), диалектілік сипаты (Қ.Қалыбаева), фразеологизмдердегі варианттылық құбылысы (Г.Смағұлова), түркі тілдері материалдары бойынша салғастыра зерттеу (С.Муратов, А.Нұрмаханов), фразеологизмдердердің стилдік ерекшеліктерін ашу, тілдік және поэтикалық табиғатын таныту (Р.Сыздық, Р.Сәрсенбаев, Ө.Айтбаев, Е.Жанпейісов, Н.Уәлиұлы) т.б. аспектілерде қарастырылып, теориялық тұрғыдан жан-жақты сөз болды.

Қазақ тіл білімінде фразеологизмдердің уәжділік сипаты Н.Уәлиұлының, С.Сәтенованың, Б.К.Уызбаеваның, Қ.Ғабитханұлының, Г.Сағидолланың, Ш.Б.Сейітованың т.б. зертеулерінде қарастырылған. Мәселен, фразеологизмдердің уәжділік мәселесін арнайы зерттеген Ж.Д. Байтелиева Қазақ тіліндегі жылқы малына қатысты фразеологиялық тіркестердің этномәдени уәждемесі атты зерттеуінде уәжділіктің жасы мен жынысына қатысты уәжділік, тегі мен табиғи ерекшеліктеріне қатысты уәжділік, жылқы шаруашылығына қатысты уәжділік, дене мүшелері мен атауларына қатысты уәжділік, ат абзелдеріне қатысты уәжділік тәрізді түрлерін көрсетеді.

Фразеологизмдердің табиғаты аса күрделі: фразеологизмдер жеке сөзге де, сөз тіркесіне де, сөйлемге де ұқсайды, сонымен бірге олардың ешбіріне ұқсамайтын қасиеттерімен де ерекше болып тұрады. Сондықтан олардың мағынасы фразеологиялық шартты, фразеологиялық байлаулы мағына деп аталады. Көптеген фразеологизмдердің неге бұлай аталатыны, яғни уәждемесі (мотивациясы) жоқ, -- деп жазады зерттеуші Н.Уәлиұлы [10, 4]. Бұл пікірдің қолөнеріне байланысты фразеологизмдерге де қатысы бар.

Фразеологизмдер мен зат арасындағы тілдік емес факторларды жан-жақты зерттемей тұрып, олардың шығу себебін анықтау оңай бола бермейді. Тіл біліміндегі аталым (номинация) теориясы бойынша атаудың екі дәрежесі атап көрсетіледі: 1) бірінші дәрежелі немесе алғашқы атау (первичная номинация). Ол атаудың аталушы заттың қасиеттерімен уәжделеді; 2) екінші дәрежелі немесе кейінгі атау (вторичная номинация). Онда сөздің семантикалық дамуы нәтижесінде өзін тудырған түбірмен мағыналық байланысы үзіледі.

Біз қарастырып отырған фразеологизмдер екінші дәрежелі атауларға жатады. Фразеологизмдердің барлық түрінің негізінде адам ойлауының ассоциативті сипаты жатады. Ол бұрыннан бар нәрселерге ұқсатумен байланысты пайда болады. Ал, ол ұқсастықты білдіретін фразеологизмнің ішкі формасы.

Фразеологизмдер халықтың ассоциативті - образды ойлау нәтижесінде пайда болып, ұлт менталитетін көрсететін, ұлттық-мәдени коннотация мазмұнын білдіретін тілдік таңбалар болып табылады. Фразеологизмдердің мазмұн межесі, ондағы мәдени коннотациялардың өзі білімге айналып, когнитивтік игеру көзі болып саналады. Коннотация, басқаша айтқанда, ұжымдық таным-түсініктердің мәдени мазмұны көп жағдайда бағалау қызметін атқарады, сондықтан да қоршаған ортаны сезіну, қабылдау әр халықта әртүрлі болуына байланысты фразеологизмдерде әлем бейнесін қалыптастыратын тілдің ұлттық ерекшелігі айқын көрінеді.

Фразеологизмдер тілдік қызметі, құрылымы тұрғысынан номинативтік және комуникативтік фразеологизмдер деп бөлінеді. Номинативтік фразеологизмдер жеке сөздердің орнына жүре алады, синтаксистік жағынан сөйлемнің бір мүшесі болып қызмет атақарады, ал сөзден айырмасы оның экспрессивтік қасиетінде. Қазақ тілінде теңеу мағынасын білдіретін тұрақты тіркестер мен фразеологизмдердің аталуына себепші негіз болған уәждік белгілері бойынша олардың бірнеше уәжділік түрлерін анықтадық, -- дей келіп, фразеологизмдерге байланысты уәжділіктің соматикалық ұғымдармен (бес саусақтай, көзіндей көрді), тұрмыс-тіршілікпен (балтыры бесіктей, қамшыдай қатты, арасы майлы қасықтай), төрт түлік мал атауларымен байланысты түрлерін көрсетеді.

Формасына байланысты уәжделген фразеологизмдер. Табиғаттағы заттар мен жасанды заттар да бір-бірінен формасы арқылы ажыратылады. Адам танымының осы бір ерекшелігі қолөнеріне байланысты қалыптасқан фразеологизмде айқын байқалады. Олардың басым көпшілігі адамды сипаттауға қолданылады. Мысалы: айбалтаның сабындай - жұп-жұмыр, әдемі білекті. Бақыр бас - үлкен басты. Тура мағынасында басы шелектей деген ұғымды білдіреді. Шелек ертеде бақырдан (мыстан) жасалған. Шелектің бақыр аталуының өзі оның материалына байланысты шыққан. Бұл фраза басы бақырдай түрінде де жұмсалады. Азу тісі балғадай - қажырлы, күшті. Қол-аяғы балғадай - жұп-жұмыр, толық, етженді. Біз мұрын - мұрнының ұшып сүп-сүйір деген мағынада. Білеудей болып істі - күптей болып, бадырайып ісіп кетті (білеу -- қайрақ, жұмырлау келген, құралдың жүзін өткірлейтін құрал). Тана көз -- үлкен әрі жайнап тұратын мөлдір көз (тана - түркі тілдерінде үлкен түйме, жалтырап тұратын ақық түйме).
Бір қалыпқа соққандай Бір қалыптан шыққандай - бір-бірінен айнымайды, ұқсас. Қалып - затты белгілі бір формада дайындайтын құрал. Оның қорғасыннан жасалған құйма қалып, темір шыбықтарынан басына ою, бедер салып жасаған соқпа қалып деген түрлері бір үлгі - пішінмен көптеген бұйымдарды жасауға пайдаланылады. Оймақ ауыз - кішкентай ғана дөңгелек ауыз. Бұл тіркес - қазақ ұғымындағы сұлулық өлшемдерінің бірі.

Сымға тартқандай - нәзік, жіңішке; түзу. Халық ауыз әдебиетінде бұл фразеологизм қыз-келіншектердің сұлулығын бейнелеу үшін жиі қолданылған. Түзу, жіңішке әрі әдемі мағынасында сымға тартқан күмістей формасында кездеседі. - Сымға тартқан күмістей Он саусақтың саласы (Қыз Жібек, 1977, 32-б.). Сым сөзі бұрын екі түрлі мағынаны білдірген: 1. алтынды, күмісті жіңішкертіп созатын қалып; 2. қалыптан шыққан жіңішке металл (алтын, күміс, жез) жіп, талшық. Атаудың бұл мағыналары ауыз әдебиеті үлгілерінде молынан сақталған және осындай сымның нәзік болатыны себепті ол сұлулықты бейнелеуге қызмет етеді: -- Белі нәзік талып тұр, тартқан сымнан жіңішке, үзіліп кетпей неғып тұр (Қазақ эпосы, 1957, 24-б.).

Салт-дәстүрге байланысты уәжделген фразеологизмдер. Күнделікті тұрмыста, салт-дәстүрде берік орын алған бірсыпыра зат, бұйымдар атқаратын қызметіне, белгілі бір наным-сенімге т.б. байланысты болып, фразеологизмдердің этномәдени уәжділігін көрсетеді.

Қазанның құлағын қағып қойған ат - о баста қойылған есім. Әр отбасының күнде тамақ пісіріп ішетін қазанды халық қастерлеп, жеті қазынаның бірі деп есептеген. Қазанға пісірілген ас дәмді әрі жұғымды, сондықтан да болар, қазан-ұрпақ жалғасуы мен отбасы берекесінің символы болып табылады. Осыған орай Н.Уәлиұлы былай деп тұжырымдайды. Қазан мен қара мылтықтың қасиетті жетінің қатарында айтылуы тегін емес. Қазанның құлағын қағу; қара қазан, сары бала; қазан төңкерілу тәрізді сөз орамдары жайдан-жай айтылмаған. Қазақтың ертегі, жырларында алтын қазан іздеу салты туралы деректер кездеседі. Мысалы:

Сөз тыңда құлақ салып, балам, маған,

Астында дарияның алтын қазан.

Әкелсең сол қазанды ерлік қылып,

Беремін Күнсұлуды қосып саған (Құламерген).

Академик Ә.Марғұлан бұл сюжетке ерекше назар аударып, онда терең мазмұн жатқанын тамаша дәлелдеген: Құламерген жырында теңіз астынан қазан іздеу - тайпалар демократиясының бірлігін сипаттайды. Қазан-шаңырақ сияқты бүтіндіктің белгісі. Ол құрыса, ел де құриды. Оның үстіне қазанды қастерлеу ерте кездегі темірге табынудың бір түрі. Тәуке ханның аңызында жолығатын қара қазан, қара мылтық алу -- жаудан кек қайтару белгісінің ескі түрі. Тәукенің жарғысы бойынша бұрын жауласқанда шаңырақ, қазан сындырып кек алудың орнына енді оны сындырмай, жәбір көрген жаққа сол нәрселердің өзін беріп тыныштық жасайды .

Қазанның басқа ыдыстарға қарағанда қазақ тұрмысы мен мәдениетінде алатын орнының ерекше жоғары болуы оның күнделікті тіршілік құралы болуымен байланысты. Қазақ дастарханына түсетін тағамдардың барлығы да ең алдымен осы қазаннан өтеді. Халық жай ғана қазан демей, оны қара қазан деп қастерлеп айтады. Бұл жерде қара сөзі қасиетті, киелі, берекелі деген ұғымды білдіреді. Ұлттық әлеуметтік тарихи оқиғаларда қазанның алатын айырықша орны бар. Қазанын сындыру - отбасын ойрандаудың, қазанын төңкеру - аштықтың, масқаралаудың белгісі. Жеті жарғыда өлім жазасына бұйырылған адам жеті айып төлеп құтылса, оның біріншісі - қара қазан төлеуі деп аталған.

Тіліміздегі Бақыр қазан қайнаса, бәріміздің бағымыз, қазаны бөлектің қамы бөлек, қазаны басқаның қайғысы басқа, қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса, қазансыз алтын ошақтан, қара сулы мосы артық тәрізді мақал-мәтелдер оның халық өміріндегі алатын орнын айғақтай түсіп қазанның о бастан-ақ қасиетті, киелі деген ұғымға, үлкен мәнге ие екендігін аңғартады.

Дүкен ұстады - ұсталықпен, зергерлік кәсіппен айналысты. Дүкен құрды - ұста іс соғуға құрал-саймандарын дайындады, шатыр, лапас тікті. Дүкен - ұстаның жұмыс істейтін, құрал-жабдықтарын сақтайтын орны. Ертеректе көшпелі тұрмысқа байланысты көшпелі дүкен де, тұрақты дүкен де болған. Көшпелі дүкенді шыбықтан тоқып, шошала тәрізді етіп жасап, іші-сыртын саз балшықпен сылап қойған. Дүкен орнына кей жағдайда киіз үйді де, пайдаланып, құрал-жабдықтарын соның ішіне орнатып, сонда сақтаған. Ал отырықшы жерлерде тұрақты дүкендер балшықтан соғылған үй түрінде болған. Дүкенде міндетті түрде металды шоқта қыздырғанда оған жел беретін көрік орнатылады. Соған байланысты кей жерлерде дүкенді көрік үй деп те атаған.

Дүкен - түркі тілдеріне араб тілінен енген сөз. Араб тілінде дүккән - 1) лапас, қалқа; 2) ұстахана, шеберхана. Кейбір түркі тілдерінде дүкен осы мағынасында және өрмек, тоқу аспабы мағынасында да қолданылады.

Дүкен майлау - дүкен құрып, іске кірісер алдында ұсталар мен зергерлердің бір мал сойып, ауыл-аймағын, көршілерін шақырып, ас беру, сыйлау салты. Бұл әдет діни ұғымға байланысты пайда болған. Ертеде қар кетіп, күн жылынғанда ұста, зергерлер дүкен құрған күні мал сойып, дүкен иесі Дәуіт пайғамбарға бағыштап дұға оқып, ырым жасайтын болған. Малдың қанын дүкендегі құрал-жабдықтарға жағып шыққан. Осы салт халық арасында дүкен майлау деп аталған. Мұндай әдет басқа түркі халықтарында да кездеседі. Халық түсінігінде дүкен - қасиетті орын. Онда жұмыс істейтін ұсталар да қасиетті саналған. Кейбір халықтардың дәстүрінде дүкен құдайға жалбарынып, құлшылық қылу орны болған. Ұста, зергерлер кейбір жағдайларда өз бұйымдарын есікті жауып алып, ешкімге көрсетпей жасаған. Өйткені олар жасап жатқан затты біреу-міреу көріп қойса, ол бұйым (мысалы қылыш, білезік т.б.) киесінен, қасиетінен айырылады, қасиеті төмендейді деп түсінген: -- Бекер аштың-ау! Қылыш киелі болып шықпайды енді. Жабық дүкенде соқпаған қылышта не қасиет қалсын, -- деп шын ренжіп, Арыстанға жекіп, ұста болғасын былай ырғытып жіберді (Д.Досжанов, Жусан мен гүлдер. Алматы, 1981, 22-б.). Тұрмыстағы орны мен осындай ұғым-түсініктерге байланысты дүкен жеті қазынаның бірі деп саналады.

Мойнына кісе салды - Аллаға, Тәңірге сыйынып жалбарынды, тілек тіледі. - Сарыбай хан екен табында енді, Бәйгіден жүріп келер бабында енді. Ақ сары Аллаға қойын айтып, Мойнына кісесін сап жалынды енді (Қозы Көрпеш - Баян сұлу).

Алтын-күміспен, жез үзбелермен безеп жасалған қалталы белбеу кісе деп аталады. Кісенің қын, қынап (пышақ, қанжар, қылыш салынады), қорамсақ (садақ оғы салынады), оқшантай (оқ-дәрі салынады), қандауыр (қан шығаратын үшкір пышақ), дәндәку (шақпақ тас, от тұтатуға арналған білте т.б. салынатын шағын қалта) тәрізді құрамдас бөлшектері болады. Кісенің осындай бөлшектерінен оның ертеде батырлардың, аңшылардың сапар шеккен жолаушылардың әмбебап бұйымы болғаны, ер адамдарға арналған бұйым екендігі көрінеді. Кісі болар бала кісесінен белгі деген мақал да кісенің ер адамдар үшін қаншалықты маңызды болғанын аңғартады.

Кісенің тіліміздегі алғашқы мағынасы - қалта. Алайда бұл мағына тілімізде ұмыт бола бастады. Қазіргі көпшілік қауым оның мағынасын түсіне бермейді. Ауызекі сөйлеу тілінде де қолданылмайды. Белбеуге тағатын қалта мағынасындағы кісе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ қолөнеріне байланысты фразеологизмдердің этномәдени аспектісі
Қазақ және орыс тілдеріндегі гүл атауларына салғастырмалы талдау
ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ СТИЛИСТИКАЛЫҚ ҚОЛДАНЫСТАРЫ
«Абай жолы» романындағы тұрақты тіркестер
Асыл тас атауларының этимологиясы
Ағылшын-қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің лингвомәдени аспектісі
Қазақ тіліндегі жылқы малына қатысты фразеологиялық тіркестердің этномәдени уәждемесі
Б.Cоқпақбаев шығармалары
Зейнолла Қабдолов Ұшқын романынын лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Қазіргі қазақ тіліндегі окказионал фразеологизмдер
Пәндер