Орталық Қазақстанның қола дәуірінің ескерткіштері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Е.А.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІ
Тарих факультеті
Археология, этнология және
Отан тарихы кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Беғазы-Дәндібай мәдениеті
Орындаған: АЭ-35 тобының студенті
Құрманғали Ә.Б.
Тексерген: т.ғ.к., профессор Жауымбаев С.У.
ҚАРАҒАНДЫ - 2020
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің ескерткіштері және мәдениеті ... ... ..6
1.1 Орталық Қазақстанның қола дәуірінің ескерткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .6
1.2 Беғазы - Дәндібай мәдениеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
II Беғазыдағы ескерткіштер тобы мен кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.1 Беғазы - Дәндібай мәдениеті ескерткіштерінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. 14
2.2 Беғазы - Дәндібай заманындағы тайпалар мәдениетінің дамуындағы кезеңдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 2
Кіріспе
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазақстан аумағынан палеолит, мезолит, неолит, қола сондай-ақ темір дәуірлерінің көптеген ескерткіштері табылып, зерттелген. Қола дәуіріне тән мәдениеттер, ескерткіштер Қазақстан аумағынан әсіресе, Орталық Қазақстанннан көп табылып, зерттелген десекте болады. Екшей келгенде қола дәуріндегі ірі мәдениет Андронов мәдениеті мен Беғазы-Дәндібай мәдениеті болып есептеледі. Бұл екі мәдениетте бір-бірінен ерекшеленіп тұрады. Негізінен Андронов мәдениеті өзінің табылған жеріне байланыты Андронов мәдениеті деп аталып кеткен. Кейінгі қола дәуірінде Орталық Қазақстанда пайда болған жаңа мәдениет Беғазы-Дәндібай мәдениеті болып табылады. Беғазы- Дәндібай мәдениеті мен Андронов мәдениетінің ерекшелігі негізінен жерлеу орындарының әртүрлі болуы, сол кезде мекен еткен тайпалардың дәстүрінің әртүрлі болуында.
Курстық жұмыстың тарихнамасы. Зерттеу барысында тақырыпты ашып көрсету үшін отандық және орыс ғалымдарының көптеген ғылыми еңбектері (мақалалар, диссертациялар, монографиялар) көздері қолданылды.
Орталық Қазақстанның тарихын зерттеген көрнекті тарих-археолог ғалымдары Маргулан А.X., Акишев А.К., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. 1966 жылы Древняя культура Центрального Казахстана. [1] aтты Алматы да жарық көрген еңбектерінде баяндалған. Осы аталып өткен ғалымдардың ішінде Орталық Қазақстанның тархын зерттеуде үлкен үлес қосқан Әлкей Хақанұлы Марғұланның Бегазы-дандыбаевская культура Центрального Казахстана. [2] атты монографиясы отыз жылдан астам еңбегінің нәтижесі болды. Кітап 1979 жылы Алматы қаласында жарыққа шыққан еңбекті атап өткім келіп отыр.
Дереккөздердің ауқымды әрі алуан түрлі болуы автордың Орталық Қазақстан даласында өзіндік ерекше және айқын беғазы-дәндібай мәдениетінің болғандығын дәлелдеуіне мүмкіндік туғызды. Монографияда Беғазы және Дәндібай мәдениеті Қазақстанның ежелгі тарихының одан бұрынғы және одан кейінгі дәуірімен тығыз байланысты екендігі жайлы ой айтылады
Кітапта барлық зерттелген қорымдар, мавзолейлер, беғазы-дәндібай мәдениетінің қоныс-мекендері туралы деректер алғаш рет жинақталып, ежелгі ескерткіштердің архитектуралық келбеті қайта жасалды, тасқа қашау өнері, металдарды көркемдік өңдеу мен сүйектердің керемет нұсқалары егжей-тегжейлі көрсетілді. Көптеп табылған алуан түрлі оюлы керамикаға анықтама жасауға баса назар аударылған.
Орталық Қазақстан ескерткіштерінің ерекшелігін зерттей отырып, автор сол кезеңдегі Орталық Азияның кең байтақ далалық аймағында орын алған этномәдени үдерістерді әлеуметтік үдерістермен өзара тығыз байланыста қарастырады. Ғалымдар Орталық Азия ескерткіштері мен Орталық Азия, Таяу Шығыс, Поволжья, Сібір, Моңғолия ескерткіштерін тарихи аспектіде салыстырмалы талдау бойынша өте үлкен жұмыс атқарды.
Бұл монографияның маңызы соншалық, ол тіпті қазақ халқының мәдениет тарихы щеңберінен әлдеқайда алыс шығады. Беғазы-Дәндібай мәдениеті бойынша жан-жақты дәлелденген материалды ғылыми қолданысқа енгізу Орталық Қазақстанды КСРО территориясындағы ежелгі өндіріс және материалдық мәдениеттің даму орталығы ретінде көрсетті.
Беғазы некрополі, Бұғылы мавзолейі, Атасу қоныстары, көне темір өндірістерінің орындары, Сенгіру мен Дәндібай атты көне қабірлердің жерлену дәстүрлері, тастардағы қашалған суреттер Ә.Марғұланның тікелей басшылығымен мәлім болған ескеркіштер. Жалпы Орталық Қазақстанның көптеген ескерткіштерін жан-жақты зерттеген және оларға алғаш рет тарихи тұрғыда баға берген Әлкей Марғұлан болды.
Ал, кейін 2002 жылы жарық көрген Центральный Казахстан в эпоху бронзы [3] атты еңбекте А.Ткачев Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің ескерткіштері жайлы жақсы зерттеп, көптеген ғалымдардың еңбектерін толықтыра түскен.
Сондай - ақ, Қазақстанда жарық көретін жергілікті баспасөздердің түрлі басылым беттерінде әр жылдары жарияланған түрлі еңбектер, очерктермен, баспадан басылып шыққан жинақтармен қатар, зерттеліп отырған жайдың дәйектілігін арттыру үшін көрнекті ғалымдар Аскаров А.А [4], Евдокимов В.В., Варфоломеев В.В. [5], Нурумов Т.Н., Макарова Л.А. [6] және т.б ғылыми еңбектері мен мақалалары пайдаланылды.
Курстық жұмыстың зерттеу мақсаты - Қазақ даласындағы қола дәуірінің үлкен мәдениеттерінің бірі - Беғазы-Дәндібай мәдениетін тарихи маңызын жан-жақты талдау негізінде, негізгі деректерді; ғалымдардың еңбектері мен мақалаларын; барлық жағынан қамтып, мәдениеттін дамуынан бастап басқа кезеңге өтуге дейінгі кезеңді зерттеу.
Осы мақсатты іске асыру мынадай міндеттерді шешуді көздейді:
Қола дәуірінің даму кезеңін анықтау;
Қола дәуірінің кезеңдерге бөлінуін анықтау;
Беғазы-Дәндібай мәдениетінің дамуын зерделеу:
Мәдениеттің кезеңдерге бөлінуін және ескерткіштерін саралау;
Орталық Қазақстан қола дәуірінің тарихи маңызын анықтау:
Курстық жұмыстың деректемелері. Ғалымдардың адамзат тарихын кезеңдерге бөлуі, оның ішінде қола дәуірін, Беғазы-Дәндібай мәдениетін зерттеуге жүргізген ғылыми зерттеулері оның ішінде айрықша ғалым, археолог Әлкей Хақанұлы Марғұланның жүргізген ғылыми зерттеулері жеткілікті болып табылады.
Сондай ақ, Беғазы Дәндібай заманындағы тайпалар мәдениетінің дамуындағы бірінен кейін бірі келетін үш кезеңге яғни, өтпелі, дамыған, және соңғы кезеңдеріне тереңірек кету қажет болыптабылады.
Әрине, шағын курстық жұмыста бұлардың барлығын қамту мүмкін емес. Сондықтан біз жоғарыда аталғандарға бастама боларлық мәселелерді қарастырумен шектелеміз.
Жұмыста қола дәуірін, Беғазы-Дәндібай мәдениетін зерттеген зерттеушілер, тарихшылар, археологтардың ғылыми еңбектерін шама-шарқамызша қарастыра отырып, Беғазы-Дәндібай мәдениетін кеңінен ақпарат беруге тырысамыз.
Курстық жұмыстың хронологиялық шеңбері. Орталық Қазақстанның қола дәуірін қамтитын үлкен мәдениеттердің бірі Беғазы Дәндібай кезеңі б.з.б. 9-8 ғасырларды қамтиды.
Курстық жұмыстың зерттеу нысаны. Қазақстанның қола дәуірінен бастап, Орталық Қазақстанның қола дәуіріне жататын Беғазы - Дәндібай мәдениетінің қалыптасу және даму жолындағы тарихы.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні - Беғазы - Дәндібай мәдениетін зерделей отырып, оның дамуы мен тарихи маңызын зерттеу болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы екі тараудан, кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
I Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің ескерткіштері және мәдениеті
4.1 Орталық Қазақстанның қола дәуірінің ескерткіштері
Қола дәуірінде Қазақстан жерінде бірінен соң бірі жалғасып келетін екі мәдениет болған. Оның көнесі - Андронов мәдениеті болса, ал б.з.д. XII-VIII ғасырларда соңғы қола дәуірінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті қалыптасқан [1, 6 б.].
Қазақстанда қола дәуірінің ескерткіштерінің ең көп тараған және жақсы зерттелген аймағы - Орталық Қазақстан. Бұл аймақ қола дәрірінде адамның өмір сүруіне өте жайлы болды. Онда: Қарқаралы, Баянауыл, Ұлытау, Атасу, Көкшетау, Имантау, тағыда басқа кішігірім таулар болды. Біз бүгінге дейін бұл өлкелерде қола дәуірінде қандай тайпалардың өиір сүргендігін білмейміз. Археологиялық ғылымында осындай аты белгісіз жұрттарды солардың қалдырған археологиялық мәдениетінің атымен атайды.
Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштерінің ең көп таралған және жақсы зерттелген аймағы - Орталық Қазақстан. Бұл аймак қола дәуірінде адамның өмір сүруіне өте жайлы болды. Онда: Қарқаралы, Баянауыл, Ұлытау, Атасу, Көкшетау, Имантау, Жақсы-Жаңғыз- тау, т.б. кішігірім таулар бар. Бұл таулардың өзен-бұлақтарының бірі солтүстікке, бірі оңтүстікке қарай ағып жатады. Оның үлкендері - Есіл, Нұра, Сарысу, Торғай өзендері. Біз бүгінге дейін Бұл өлкелерде қола дәуірінде қандай тайпалар өмір сүргендігін білмейміз [2, 76 б.]. Археология ғылымында осындай аты белгісіз жұрттарды солардың қалдырған археологиялық мәдениетінің атымен атайды. Қола дәуірінде Қазақстан жерінде Андронов мәдениеті таралғаны белгілі. Біз Бұл кезеңде өмір сүрген тайпаларды шартты түрде "андрондықтар" деп атаймыз.
Орталық Қазақстанды археологиялық жағынан жоспарлы, нысаналы зерттеу 1946 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылуымен байланысты. Оны ұйымдастырған және 80-жылдардың басына дейін баскарған Әлкей Қақанүлы Марғүлан болатын. Ә.Х.Марғүланның кезеңдеуі бойынша, Орталық Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштері екі мәдениетке - Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттеріне жатады. Андронов мәдениеті екі кезеңге бөлінеді: а) алдыңғысы-Нұра кезеңі; б) ортаңғысы - Атасу кезеңі. Нұра, Атасу өзендері атымен аталады. Андронов мәдениеті мен Беғазы-Дәндібай мәдениетінің арасында өтпелі кезең бар. Өтпелі кезеңнің мерзімдемесі - б.з.д. XII - X I ғасырлар. Беғазы-Дәндібай мәдениеті б.з.д. X-VIII ғасырлар, Бұл соңғы қола дәуіріне жатады [3, 87 б.].
Нұра кезеңінін ескерткіштерін, негізінен алғанда, жерлеу орындары - көне қорымдар құрайды.
Жерлеу орындары кішігірім қазандай, жалпақ тастарды жерге жартылай батырып орнатқан қоршау түрінде болып келеді. Тас қоршаулардың пішімі әр түрлі, киіз үйдің орны сияқты дөңгелек, тіктөртбүрышты, кейде тіпті шаршы (квадрат) түрінде де кездеседі. Әдетте, қоршаудың орта шенінде қабір болады. Қабір қабырғалары кішігірім жалпақ тастардан қаланған тас сандық сияқты. Тас сандық үсті (беті) бір немесе екі-үш жалпақ тастармен жабылады. Кейде тас сандықтың қабырғалары да тігінен қойылған үлкен жалпақ тастардан жасалады.
Бегазы-Дәндібай мәдениеті. Оның ерекшелігі - мәйіттерді шалқасынан жатқызып қою. Мысалы: Ақсу-Аюлы -2 қабыры. Жер бетіне тастан қалап қабырғалы тұрғын үйлер салу рәсімі кең жайылады. Сондай-ақ ағаш та қолданылған [5, 6 б.].
Сарыарқада қала орталықтарының пайда болуы мал шаруашылыгының жаңа сапалы жапылымдық түріне және металдың жаппай, тауарлы өндіруіне байланысты мүмкін болды. Беғазы-дәндібай қоғамы мықты көсем басшылары бар ірі тайпалы бірлестіктерден құралған және олар мемлекеттік құрудың ерте сатысында тұрган. Көсемдер басқарган бірлестіктердің экономикалық, әкімшілік, саяси және идеологиялық орталықтары Кент, Бұғылы-2, Шортандыбұлақ сияқты қала дәрежелі қоныстарда болган [6, 13 б.]. Үш мың жыл бұрын Қарқаралы даласы бірегей де жарқын өркениеттің белгілерінің қалыптасу ошағы деңгейіне жетті.
Қола дәуірінде Қазақстан жерінде Андронов мәдениеті таралғаны белгілі. Біз Бұл кезеңде өмір сүрген тайпаларды шартты түрде андрондықтар деп атаймыз.
Орталық Қазақстанды археологиялық жағынан жоспарлы, нысаналы зерттеу 1946 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылуымен байланысты. Оны ұйымдастырған және 80-жылдардың басына дейін баскарған Әлкей Қақанүлы Марғүлан болатын. Ә.Х.Марғүланның кезеңдеуі бойынша, Орталық Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштері екі мәдениетке - Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттеріне жатады. Андронов мәдениеті екі кезеңге бөлінеді: а) алдыңғысы - Нұра кезеңі; б) ортаңғысы - Атасу кезеңі. Нұра, Атасу өзендері атымен аталады. Андронов мәдениеті мен Беғазы-Дәндібай мәдениетінің арасында өтпелі кезең бар. Өтпелі кезеңнің мерзімдемесі - б.з.д. XII - XI ғасырлар. Беғазы-Дәндібай мәдениеті б.з.д. X - VIII ғасырлар, Бұл соңғы қола дәуіріне жатады [8, 89 б.].

Бұл дәуірде көбінесе өлген адамның сүйегін жартылай өртеп қойған. Адамның денесін қабірден тыс жерде өртеп, содан соң күйген сүйектерін қабірге жерлеген болуы керек. Өйткені адамның сүйектерімен қатар қойылған қыш құмыраларда, әшекей заттарда, қару-жарақтарда оттың ізі, белгісі жоқ. Нұра кезеңінін кейбір зираттарында адамды өртемей жерлеу ғұрпы да кездеседі. Ақтоғай ауданының аумағында зерттелген Қанаттас деген жерлеу кешенінің қоршауында адамды қабірдің ішіне кол-аяғын бүгіп отырғызып жерлеген. Адамды қол-аяғын бауырына алғызып отырғызып жерлеу қола дәуірінің басқа да ескерткіштерінде сирек болса да кездеседі. Кейбір андрондықтар адам өлгеннен соң Жер-ананың жатырына да солай орналасуықажет деп есептеген болуы керек. Нұра кезеңінін қоршауларында адаммен бірге қыш құмыраларды, малдың етін қойған. Андронов дәуірінің Атасу кезеңінін ең көп зерттелген ескерткіштері - сол жерлеу орындары. Оның аса белгілілері - Айшырақ, Саңғыру-ІІ, Былқылдақ, т.б. Атасу кезеңінің жерлеу орындары да Нұранікіндей дөңгелек, төртбұрышты қоршаулар болып келеді [9, 45 б.]. Сондықтан алдыңғы кезеңнің көп дәстүрлері мұнда да жалғасын тапқан. Атасу кезеңінде адамды сол күйінде жерлеген, өртеген сүйектер өте сирек кездеседі. Бұл кезеңнің қабірлері, негізінен, үлкен қақпатастардан салынған тас сандықтар. Кейде әншейін жер қабір, кейде қабір - төрт ағаштан жасалған рама түрінде де кездеседі. Қабірлер, әдетте, ұзына бойына шығыстан батысқа қарай бағытталған. Атасу кезеңінде сонымен қатар қос кабірлер кездеседі. Бұл бір қоршаудың ішінде қатарынан қойылған екі тас сандыққа екі адамды жерлеу салты.
Атасу кезеңінде бір қоршаудың ішінде бірнеше қабір болады. Бұл бір атаның баласы жерленген патриархалдық жерлеу орындары. Атасулықтар адамды қол аяғын бүгіңкіреп, бір қырынан, көбіне сол жамбасына жатқызып жерлейтін болған.
Атасу кезеңінде корымдардың, қоныстардың маңайында өлгендерге мінәжат ететін арнаулы орындар пайда болды. Бұлардың диаметрі 1,5 - 3 м аралығында. Маңайын үлкен тастармен көмкерген. Шығыс жағынан мінәжат орнына келетін жолға тас төселген. Мінәжат орнында заттардың шірінділері (сүт тағамы болса керек), әр түрлі құралдар кездеседі [9, 13 б.].
Атасу кезеңінде халық саны біршама өскен болатын. Оған бұл дәуірге жататын кешендерде жерлеу орындарының өте көп болуы дәлел, кейде бір жерден сол заманның 100-ден астам зираттары кездеседі. Ру адамдарының ішінде мүлік теңсіздігінің пайда бола бастағанын осы Атасу кезеңі ескерткіштерінен байқаймыз. Бір жерлеу орнынан өте жұпыны ғана заттар шықса, енді біреулерінен алтынмен қапталған, қола әшекейлер көп кездеседі, бір қабірге кейде 6 - 8 қыш ыдыс қойылады.
Осы кезде рудың ішінен ең жақын аталас туыстардың үлкен патриархалдық отбасы бөліне бастайды. Айшуақ кешенінің қоршауы соның дәлелі. Мұнда 6 адамды бір-ақ үлкен зиратқа жерлеген, кейін қайтыс болған 4 адамды әр кез сол коршауға жапсарлас етіп салған қоршауларда жерлеген. Бұл дәстүр кейінгі қазақтарға дейін жеткен. Жақын туыс адамдарды бір зиратқа қою, не кейін қайтыс болған туыстарының зиратын бұрын дүние салған аталарының, туыстарының зиратына жапсарлата салу қазақта қазірге дейін кездеседі. Нұра кезеңінің қыш ыдыстарының иығы дөңгеленіп келсе, Атасу кезеңі ыдыстарының мойнынан бүйіріне ауысар тұсы тіктеу болып келеді. Нұра кезеңі ыдыстарындағы өрнек мойнынан бүйіріне дейін біртұтас болып келсе, Атасу ыдыстарында өрнек мойнында, ортан белінде, кейде түп жағына да бедерленген.
Андронов мәдениетінен Беғазы-Дәндібай мәдениетіне өтпелі кезең ескерткіштері. Беғазы-Дәндібай мәдениеті
Бұл кезеңде Андронов дәуірінің кейбір белгілері сақталғанымен, жаңа сипаттағы, әжептәуір биік (1 - 1,5 м) оба-қоршаулар, сыртын айнала үлкен гранит тастармен көмкерген ірі-ірі жерлеу орындары пайда бола бастады. Өтпелі дәуірге тұрқы қысқа, бүйірі шар тәріздес томпайған, түбі тегіс қыш ыдыстар тән. Мысалы, ыдыстың бүйірінің көпшілік аумағында -- ішінде көлбеу сызықтары бар (штрихталған) ленталар осы өтпелі кезеңде пайда болды да, Беғазы-Дәндібай заманында ең жиі кездесетін өрнекке айналды. Өтпелі кезең ескерткіштері өте аз зерттелген. Өтпелі кезеңде түрлі түсті тастардан жасалатын ұсақ моншақтар пайда болды. Беласар кешенінде адаммен бірге қойылған 4 ыдыс, басқа да ғұрыптық заттар сол күйінде қабірде жатыр. Бірақ адамның сүйегі жоқ. Бұл -- алыста жау қолында қаза тауып, сүйегі табылмаған адамға қойылған символикалық жерлеу орны. Мұндай ғұрып ерте темір дәуірі халықтарында да болған. Бұл ғұрыптың жаңғырығы қазаққа да жеткен. Ертеде майдан шебінде каза тауып, сүйегі жау қолында кетіп, не табылмаған жағдайда, сол адамның тіпті бір бармағы табылса да, не сауытының бір бөлігі табылса да, зиратына соларды көметін ғұрып болған. Орта қоладан соңғы қолаға өтпелі кезеңге ірі қорған-қоршаулардың, ірі гранит тастар мен шеті көмкерілген үлкен қоршаулардың пайда болуы тән. Бұлар патриархалдық-отбасылық қауымның ортақ жерлеу орны емес, Бұл ескерткіштер сол қауымның ішінен шыққан көсем, қолбасшы, ру басылардың зираты [6, 45 б.].
Орталық Қазақстанның қола дәуірінің ең соңғы кезеңі - Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп аталады. Оның хронологиялық шектері, өтпелі кезеңді қоса есептегенде, б.з.д. XII - VIII ғасырлар. Беғазы-Дәндібай мәдениеті ескерткіштерінің ең басты ерекшелігі болып өте жоғары дәрежеде дамыған тас архитектурасы. Бұл мәдениетке жататын үйлердің, жерлеу орындарының кұрылыстары өте ірілігімен, тас қашау, тас қалау өнерінің жетілгендігімен ерекшеленеді. Олардың қабырғалары екі қатар болып, тастар бір-бірімен иленген балшық арқылы байланыстырылып, ішкі және сыртқы жақтарына тастың тегіс бетін қаратып қалаған. XVIII - XIX ғасырдағы қазақтың тастан салған кыстау үйлерінің де қабырғасы осылай өрілген. Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын жерлеу орындарының көпшілігі - қорған-қоршаулар. Олардың пішімі кейде дөңгелек, кейде төртбұрышты болып келеді. Қорғандардың биіктігі 70-80 см- ден 1,5-2 м-ге дейін болады. Қорған тастан, қиыршық тас және топырақтан салынып, сырты үлкен қақпақтастармен көмкеріледі. Беғазы-Дәндібай кезеңінде үлкен патриархалды отбасыларға арналған, көп адам жерленген зираттардың орнына бір-ақ адам жерленген үлкен жерлеу құрылыстары кездеседі. Бұл осы кезеңдегі ру, тайпа көсемдерінің, беделді бай адамдардың зираты. Осы мәдениетке жататын қыш құмыралардың сипаттамасы мынадай: ернеуі тік, бүйірі шар тәріздес болып томпайып келген, түбі тегіс [6, 54 б.]. Сол кезеңде көшпелі тұрмыска ыңғайлы ыдыстар көбейе түсті. Беғазы-Дәндібай құмыраларының өрнегі әр түрлі. Тарақ жүзді ою-өрнекпен салынған үшбұрышты, балдақ пішінді батырып салынған өрнектермен қатар тырнақпен, ұштаған таяқшамен салынған өрнектер де көп кездеседі. Батырып салынған таға сиякты өрнек, моншақ өрнек, түйін өрнек кездеседі. Беғазы-Дәндібай төлтума мәдениеті жергілікті негізде қалыптасты. Шаруашылық кәсіптің жаңа түріне көшу тұсында ірі-ірі мәдени кауымдар пайда болды. Зерттеулердің нәтижесі Орталық Қазақстанның дүние жүзіндегі ежелгі мәдениет орталықтарының бірі болғандығын айқындап берді.
1.2 Беғазы.Дәндібай мәдениеті
Беғазы - Дәндібай мәдениеті - қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. 9-8 ғ.) Орталық Қазақстанды қоныстанған тайпалар мәдениеті, өнер түрлері.
Қола дәуірі. (б.з.б. 2-1 мың жылдықтар). Тас ғасыры аяқталғаннан кейін, қола ғасыры басталады. Қола ғасыры деп аталуының себебі, осы кезде Евразияда қола өндіру тәсілі меңгеріліп, қола заттарын жасай бастады. Қола еңбек құралдары мен қару үшін қолданылатын негізгі шикізат болды. Қола дәуірінде рулық қатынас жойылып, тайпалық бірлестіктер құрылды [7, 6 б.].
Қола дәуірінде және одан бұрынғы андрон мәдениетіне тән үлгілер сақталумен қатар, жаңа жерлеу ғимараттары, тұрғын үйлер пайда болып, жерлеу салты, өзіндік шаруашылық түрлері қалыптасады. Жаңа мәдениет қауымның жоғарғы лауазымды билеушілеріне арнап салынған қақпақ тастардан тұрғызылған зәулім кесенелерімен, мәйітті бір қырынан, аяқ-қолын бауырына жинап, сонымен қатар шалқалатып жерлеу, олардың жандарына қару-жарақ, әшекей бұйымдар қою ғұрыптарымен ерекшеленеді. Қыш көзелердің пішіні, жасалу, өрнектелу өзгешелігімен де айрықшаланады. Беғазы - Дәндібай мәдениетінің кесенелері күрделі сәулет өнері ескерткіштеріне жатады (Ақсу-Аюлы, Бұғылы, Беғазы, Дәндібай, Ортау, т.б.) [2, 43 б.]. Олар көбіне дөңгелек, төртбұрышты болып келеді. Ғимараттардың үсті қақпақ тастармен немесе жуан бөренелермен сатылы (пирамидалы) әдіспен жабылып, мәйіт ортадағы үлкен тас жәшіктерге жерленген. Қоныстар мен тұрақтардан табылған көзе ыдыстардың таяқшамен батыңқы сызылып салынған сыртқы өрнектері қарапайым, қиғаш, көлбей салынған шырша, тырнақ, шекілдеуік, жарты ай бейнелі, мойны мен ернеуіне белдемшелер жапсырылған.
Ал қабірлердің ішіне қойылған ыдыстардың пішімдері мен өрнектері мүлде өзгеше. Олар қыл мойын құмыра пішімді, шығыңқы бүйірлі кесе, тостаған тәрізді, сырты сүйек қалыпшалармен әсем етіп өрнектелген. Осы кезеңде бұл өңірде ірі елді мекендер (Кент, Бұғылы, Шортанды-бұлақ,Қарқаралы, Aқкезең, т.б.) пайда болған. Тұрғын үй құрылыстары әр түрлі. Қабырғасы, іргесі таспен өрілген 4 - 6 бөлмелі үйлермен қатар, бір-екі бөлмелі жер кепе және киіз үй пішіндес құрастырмалы жеңіл үйлер де көп болған. Олардың орта тұсында немесе шетінде биіктеу етіп тастан салынған төртбұрышты ғибадат ету орындары бар. Әрбір үлкен қоныстардың айналасында 3 - 5 шағын мекендер болған. Бұл жерлерді қоныстанған тайпалардың басым көпшілігі мыс балқыту, көзе жасау, егін егумен, мал ш-мен айналысқан. Беғазы - Дәндібай мәдениеті жасаушы тайпалар да андрондықтар сияқты негізінен табиғат күштеріне (күн, от, су, т.б.) табынған [8, 3-4 б.]
Сонымен қатар басты күнкөріс көзі есептелген жылқы, қой, түйе сияқты жануарлар мен қасқыр, аю, т.б. жыртқыш аңдарды құрметтеп, оларға табыну ғұрыптары пайда болған. Олардың тастан қашалған бейнесін зират, қоныс маңына (Қойшоқы, Ақсу-Аюлы, Қызыларай, т.б.) тұрғызып қойған. Беғазы - Дәндібай мәдениеті тұрғындары - өздерінің әлеуметтік дамуында беделді рубасылары басқарған, қалыптасқан діни наным-сенімі, саяси әкімшілік орталығы бар, өзіндік өндірісі мен өндіргіш күштері дамыған, алғаш мемлекеттік бірлестік құру дәрежесіне жеткен тайпалар. Олар Оңтүстік Оралдағы (Замарев мәдениеті), Алтай мен Eнисейдегі (Қарасуық мәдениеті) өздеріне туыс тайпалармен саяси-экономикалық тығыз байланыста дамыды.
Беғазы-Дандыбай мәдениетінің ерекшілігі - ескі қола мәдениетінің түрлері өзгеріп, соның негізінде оған ұқсамайтын жаңа мәдениет түрлері қалыптасқан. Көзе сауыттар, құрылыс істерінің түрлері, қауымның әдет-ғұрпымен салт-санасы, рухани тіршілігінің жаңа арнаға ауысқанын айқын дәлелдейді. Беғазы-Дандыбай мәдениетін жарқын сипаттайтын белгілер: Дәндібай (1933), Беғазы (1946) Бұғылы ІІ-ІІІ (1952), Саңғыру І,ІІІ (1955), Қойшоқы (1967) жәдігелері, т.б. ескерткіштер [4, 6 б.].
Бегазы - Дәндібай мәдениеті ғылымда - Беғазы кешені, Беғазы қорымы, Дәндібай, Бұғылы ӀӀ-ӀӀӀ, Саңғыру I, III, Қойшоқы сынды бірқатар археологиялық орындар деректері мен жәдігерліктерін қамтиды. Бүл біздің ерте заман тарихымыздың бір тарауы болып саналады.Қола,ерте темір дәуірінен сақталған бейіттер тобы.Бұл қорымнан әр түрлі қыш ыдыстар мен қару-жарақтар,әшекей бұйымдар табылған [4, 7 б.].
Көне заманның жойқын белгілері, әсіресе Беғазы тауының бір тармағында (Беғазыбұлақ, Беғазы өзені) сақталғандықтан Беғазы деген атау қойылған. Дәндібай да жер атауы. Осы екі атау біріктіріліп, сол жердегі ежелгі өркениет қонысын Беғазы - Дәндібай мәдениеті деп атайды.
Бұл тарихи мекенді зерттеп, оның ежелгі тарихымыз үшін маңызын айқындаған ғалым - әйгілі академик, тарихшы, этнограф Әлкей Марғұлан болды. Осы ғалым бастаған арнаулы археологиялық топ Бегазы - Дәндібай мекенін 1947-1949 және 1952 жылдары жан-жақты зерттеді [9, 87 б.]. Осы зерттеулер негізінде Қазақстан тарихы ғана үшін емес, көне дәуірлердегі жалпы адамзат тарихы үшін маңызды ғылыми қорытындылар жасалды.
Ерте дәуірдегі Қазақстанның тарихынан сыр қозғайтын Беғазы - Дәндібай мәдениеті Қарағанды облысындағы аудан орталығы Ақтоғай кентінен 40 шақырымдай жерде орналасқан. Беғазы - Дәндібай мәдениетін өркендеткен тайпалар батысында Ұлытау, шығысында Абыралы, Шыңғыс таулары, оңтүстігінде Жетіқоңырдан Ертіс бойына дейінгі Нұра, Сарысу, Кеңгір өзендері бойлары мен Қызылтау, Бұғылы, Қызыларай, Қарқаралы, Баянауыл таулары аралығындағы кең жазықтарды қоныс еткен.
Шаруашылық жағынан алғанда бұл кезең мал өсірудің бұрынғыдан гөрі кеңірек таралуымен және кетпенмен ендейтін егіншілік көлемінің өсуімен сипатталады. Қорымдар мен қоныстардағы мал сүйектерінің қалдықтары Атасу заманындағы тұрғындардың өсірген мал түліктері туралы түсінік береді. Мұнда сиыр мен кой-ешкі, жылқы үлкен рөл атқарды. Бұл кезенде жылқы мен койдың шаруашылық маңызы артады. Малдың көбеюі және халықтың өсуі шөлейт жерлерді шаруашылық жағынан игеруге итермеледі. Тайпалардың бір бөлігі өзен алқаптарын тастап, шөлдер мен шөлейттердің оазистеріне ауысты; онда сумен жабдықталудың бірден-бір көзі құдықтар болды. Кен жұмыстарының көлемі өсті, мыс пен калайы табу, демек, өндіру артты. Мыс пен қоладан еңбек кұралдарын, тұрмыстык, және сәндік заттар жасау едәуір ұлғайды. Мыс пен кола металлургиясының, бақташылық мал шаруашылығының дамуы шаруашылықтың мамандануына және бірқатар әлеуметтік езгерістерге жеткізді. Атасулық андроновтық тайпаларда жерлеу ғұрпы тұрақты сипат алды. Өлгендер жерленгенде бүктетіліп, көбінесе сол қырынан жатқызылды, колдары кусырылды, басы батыска каратылып, кейде аздап солтүстікке неме-се оңтүстікке бейімдеңкірей жатқызылды. Ені дөңестеліп иілетін көзелер бұрынғы әсем көрнекілігінен айырьшады, олардың биікше, жіңішке түбі жоғалады, өрнектер үш қатарға - ыдыстың мойнына, бүйірінің жоғарғы бөлігіне және түбіне салынады. Әрбір қатарда өрнекті орналастыру дәстүрі қалыптасады. Мойнына көбірек салынатын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz