ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІНІҢ ЭКОНОМИКАҒА ӘСЕРІН БАҒАЛАУ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

Қaзaқстaн Республикaсы Бiлiм және Ғылым министpлiгi

Әл-Фapaби атындaғы Қaзaқ Ұлттық унивеpситетi

Экономика және Бизнес Жоғары мектебі

«Экономика» кафедрасы

ДИПЛOМДЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық деңгейінің экономикаға әсерін бағалау»

5B050600 - «Экoнoмикa» мaмaндығы

Орындаған: Кенжехан Н. К.

(қолы)

Ғылыми жетекші: Какижанова Т. И.

э. ғ. к., доцент м. а. (қолы)

Қopғaуғa жiбеpiлдi

Хаттама № « » 2020 ж.

Кaфедpa меңгеpушiсі: Садыханова Г. А.

(қолы мен мөрі)

Норма бақылаушы: Батыр А. Б.

(қолы)

Алматы, 2020

РЕФЕРАТ

Дипломдық жұмыс көлемі 73 бет, 24 сурет, 4 кесте, 48 әдебиеттер көздері және 4 қосымша.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІНІҢ ЭКОНОМИКАҒА ӘСЕРІН БАҒАЛАУ (ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МЫСАЛЫНДА) .

Мақсаты - Қазақстандағы жұмыссыздықтың туындау себептерін анықтай отырып, жұмыссыздық деңгейін төмендету жолдарын іздеу.

Объектісі - Шымкент қаласының еңбек нарығы және жұмыспен қамту туралы жоспары.

Пәні - әлеуметтік-экономикалық дамуға ықпал ететін жұмыссыздық деңгейі жүйесі.

Көптеген елдердің экономикасында еңбек нарығы өте маңызды рөл атқарады. Еңбек нарығында қалыптасатын қоғамдық қатынастардың объективті әлеуметтік - экономикалық салдарларының бірі ретінде жұмыссыздық деңгейінің ел экономикасына тигізетін әсері мол.

Нәтиже:

  • Еңбек нарығындағы жұмыссыздық және жұмыспен қамту бойынша әдебиеттер зерттелінді;
  • Жұмыссыздық деңгейін төмендетудің бірнеше әдістері қарастырылды;
  • Шымкент қаласы бойынша жұмыссыздық деңгейін төмендету шаралары айқындалып, ұсыныстар жасалынды.

РЕФЕРАТ

Объем дипломной работы 73 страниц, 24 рисунков, 4 таблиц, 48 источников литературы и 4 приложения.

ОЦЕНКА ВЛИЯНИЯ УРОВНЯ БЕЗРАБОТИЦЫ НА ЭКОНОМИКУ РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН(НА ПРИМЕРЕ ГОРОДА ШЫМКЕНТ) .

Цель - Поиск путей снижения уровня безработицы с выявлением причин возникновения безработицы в Казахстане.

Объект - План рынка труда и занятости города Шымкента.

Предмет - система уровня безработицы, способствующая социально-экономическому развитию.

В экономике многих стран рынок труда играет очень важную роль. Уровень безработицы, как один из объективных социально - экономических последствий общественных отношений, складывающихся на рынке труда, имеет большое влияние на экономику страны.

Результат:

  • Изучена литература по безработице и занятости на рынке труда;
  • Рассмотрены несколько методов снижения уровня безработицы;
  • Определены меры по снижению уровня безработицы по городу Шымкент, выработаны рекомендации.

SUMMARY

The volume of the thesis 73 pages, 24 figures, 4 tables, 48 literature sources and 4 appendices.

ASSESSMENT OF THE IMPACT OF UNEMPLOYMENT ON THE ECONOMY OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN (ON THE EXAMPLE OF THE CITY OF SHYMKENT) .

The goal is to Find ways to reduce the unemployment rate and identify the causes of unemployment in Kazakhstan.

The object is a plan of the labor market and employment of the city of Shymkent.

The subject is an unemployment rate system that contributes to socio-economic development.

The labor market plays a very important role in the economy of many countries. The unemployment rate, as one of the objective socio - economic consequences of social relations in the labor market, has a great impact on the country's economy.

Result:

  • Literature on unemployment and employment in the labor market has been studied;
  • Several methods of reducing the unemployment rate are considered;
  • Identified measures to reduce the unemployment rate in the city of Shymkent, developed recommendations.

МАЗМҰНЫ

: КІРІСПЕ . . .
: 3
: 1. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
: 6
:

1. 1. Жұмыссыздықтың мәні және әлеуметтік-экономикалық салдары . . .

: 6
:

1. 2. Жұмыссыздық деңгейінің түрлері мен формалары . . .

: 12
:

1. 3. Жұмыссыздық деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер және оны есептеу әдістері . . .

: 18
: 2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІНІҢ ЭКОНОМИКАҒА ӘСЕРІН БАҒАЛАУ . . .
: 25
:

2. 1. Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейінің динамикалық көрсеткіштері . . .

: 25
:

2. 2. Шымкент қаласы бойынша жұмыссыздықты талдау және оның негізгі себептерін анықтау . . .

: 38
:

2. 3. Қалалық жұмыссыздықтың жалпы ел экономикасына әсерін бағалау . . .

: 44
:

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ . . .

3. 1. Жұмыссыздықты қысқартудағы мемлекет тарапынан қолданылатын шаралар . . .

3. 2. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар . . .

:

50

50

60

: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
: 64
: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
: 66
:
:
:
:
:
:

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жұмыссыздық әлемдегі орталық мәселелердің бірі болып табылады және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады. Дәл осы процесс Қазақстанда да жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа қолайсыздықтарды алып келеді. Сонымен қатар, бұл мәселе халықпен, халықтың өмір сүру деңгейімен тығыз байланысты және тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті көптеген саясат адамдары өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын жасауға көңіл бөледі.

Еңбек нарығында қалыптасатын қоғамдық қатынастардың объективті әлеуметтік - экономикалық салдарларының бірі ретінде жұмыссыздық деңгейінің ел экономикасына тигізетін әсері мол. Ол халықты жұмыспен қамтамасыз ететін күрделі бөліну механизмі. Осылайша, өнімділікке де, өсу қарқынына да, экономиканың басқа да көптеген параметрлеріне де әсер етеді.

Ол қоғамда жұмысқа орналаспаған азаматтар мен тұрақты жұмысы бар адамдар арасындағы арақатынасты бейнелейді. Еңбек нарығы көп қырлы, біртекті емес жүйесінде жұмыс күшін ұдайы жаңғыртуды және тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған. Ғылыми - техникалық, технологиялық және ақпараттық прогрестің дамуымен еңбек нарығының рөліөседі. Сондықтан да теңдестірілген еңбек нарығын құрып, экономиканың өсіп келе жатқан салаларын жоғары білікті кадрлармен толықтыру маңызды.

Жұмыссыздық - күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс болғандықтан, қазіргі кезде экономиканың нақтылы секторында жұмыссыздықпен күресу мәселесі жұмыс орындарын құрылуымен, жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізумен, жұмыссыздықтан қорғау мен біртұтас түрде қаралуға тиіс.

Елімізде жұмыссыздық бойынша келесідей мәселелер туындап тұр:

  • Еңбек нарығына елеулі әсер еткен экономикалық өсім үрдісіне, макроэкономикалық тұрақтылыққатеріс салдарлары бойынша ықпалы;
  • Экономиканы дамытудың жаңа стратегиялық міндеттері мен экономиканы ұзақ мерзімге дамыту басымдылықтарына; экономиканың бірқатар негізгі салаларында еңбек тиімділігінің төмендігі;
  • Қала және облыстың жекелеген аудандарында жұмыссыздықтың ұзақ мерзімді белең алуы.
  • Жұмысқа деген сұраныс пен ұсыныстың кәсіптік-біліктілік сәйкессіздігінің жиі етек алуы;

Жұмыссыздық - белсенді халықтың бір бөлігі өзінің жұмыс күшін қолдана алмайтын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Жұмыссыздық мемлекеттің өндірістің маңызды факторларының бірі-еңбекті тиімді пайдалануға қабілетсіздігін білдіреді. Жұмыссыздық- бұл интеграцияланған еңбек нарығында да, оның әртүрлі сегменттерінде де еңбек ұсынысы мен сұраныс арасындағы тепе-теңдіктің тұрақты бұзылуы салдарынан туындайтын мәжбүрлі жұмыспен қамтылмау.

Осы күнге дейін елімізде осы проблема аясында бірқатар жоспарлар мен бағдарламалар енгізіліп, мәселе толыққанды ашылып жатыр, осының нәтижесінде халқымыздың әл-ауқаты біршама жақсарып, жұмыссыздық деңгейі төмендеді. Міне осының өзі тақырыптың өзектілігін көрсетіп отыр. Қазіргі кезде еліміздің жағдайын жақсарту, экономикалық дағдарыстан шығу мемлекеттік тұрғыдан бақылауға алынған мәселелер бойынша күн тәртібінде бірнеше кезекке қойылып отыр. Осыған орай Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қазақ халқы үшін маңызы өте зор, терең «Қазақстан - 2030» атты стратегиялық бағдарламасында айтылған: « Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық: біз жақсы өмір сүргіміз келеді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен де бұрын балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір сүруін қаладық. Бұған сіздер мен біздер өз ғұмырымыздың біраз жылдарын арнадық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ - біз бүгінгідей биікке көтерілдік».

Диплом жұмысының мақсаты - жұмыссыздық не себептен туындайды, жұмыссыздарға қандай әлеуметтік көмек көрсету керектігін ашық көрсету, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге мейлінше үлкен назар аудару, еңбек нарығында жұмыссыздардың бәсекелестігін арттыруға үлес қосу, жұмыспен қамтудың тиімділігін қарастыру. Жұмыссыздықтың тек кері емес, сонымен қатар пайдалы жақтары да бар болса керек, өйткені көптеген экономистердің ойынша жұмыссыздық қажет нәрсе, оны зұлымдық ретінде қарастыруға болмайды, жұмыссыздықтың ең маңызды пайдалы жақтарына оның сапалы еңбекті, бәсекені тудыратыны жатады. Осы мақсаттарға сәйкес келесідей міндеттер орындалады:

  1. Жұмыссыздықтың мәні және әлеуметтік-экономикалық салдарын талдау;
  2. Жұмыссыздық деңгейінің түрлері мен формаларын анықтау;
  3. Жұмыссыздық деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер және оны есептеу әдістерін зерттеп қарастыру;
  4. Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейінің динамикалық көрсеткіштерін салыстырмалы сараптау;
  5. Шымкент қаласы бойынша жұмыссыздықты талдау және оның негізгі себептерін анықтау;
  6. Қалалық жұмыссыздықтың жалпы ел экономикасына әсерін бағалау;
  7. Жұмыссыздықты қысқартудағы мемлекет тарапынан қолданылатын шараларға тоқталу;
  8. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар келтіру;

Зерттеу объектісі - Шымкент қаласының халқы, оның ішінде жұмыссыздар.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізінде отандық және шет елдік авторлардың кітаптары мен мерзімді басылымдары кеңінен қолданылады. Негізгі әдебиеттер: Тілеужанова М. Ә., Агапова Т. А., Байжолова Р. А., Шаяхметова Е. А., Бреев Б., Вечканов Г. С. және тағы басқалары.

Тәжірибелік бөлімде зерттеудің ақпараттық негізі Шымкент қаласының еңбек нарығы бойынша статистикалық мәліметтері бастапқы ақпарат ретінде қызмет етті.

Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрды. Дипломдық жұмыс мәтіні компьютерде терілген 73 беттен тұрды. Дипломдық жұмыс мәтінінде 25 сурет, 5 кесте және 48 әдебиет берілген.

Жұмыстың кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, зерттеу объектісі мен зерттеу заты, жұмыстың тәжірибелік маңызы көрсетілген.

Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде жұмыссыздықтың мәні және әлеуметтік-экономикалық салдары, жұмыссыздық деңгейінің түрлері мен формалары және оны сипаттайтын көрсеткіштер мен оны есептеу әдістері қарастырылған.

Дипломдық жұмыстың екінші бөлімінде Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейінің динамикалық көрсеткіштері салыстырмалы түрде сипатталып, Шымкент қаласы бойынша жұмыссыздықты негізгі себептерін анықталып, қалалық жұмыссыздықтың жалпы ел экономикасына әсері бағаланды.

Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде жұмыссыздықты қысқартудағы мемлекет тарапынан қолданылатын шаралар талқыланып, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар жасалынды.

Қорытынды бөлімде дипломдық жұмыстың түйіні көрініс тапты.

1. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Жұмыссыздықтың мәні және әлеуметтік-экономикалық салдары

Көптеген елдердің экономикасында еңбек нарығы өте маңызды рөл атқарады. Еңбек нарығы - бұл ерекше тауар - жұмыс күшін сату жəне сатып алумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы; еңбекті жалақыға айырбастау механизмі орындалатын нарық. Еңбек нарығында қалыптасатын қоғамдық қатынастардың объективті әлеуметтік - экономикалық салдарларының бірі ретінде жұмыссыздық деңгейінің ел экономикасына тигізетін әсері мол. Ол халықты жұмыспен қамтамасыз ететін күрделі бөліну механизмі. Осылайша, өнімділікке де, өсу қарқынына да, экономиканың басқа да көптеген параметрлеріне де әсер етеді. Ол қоғамда жұмысқа орналаспаған азаматтар мен тұрақты жұмысы бар адамдар арасындағы арақатынасты бейнелейді. Еңбек нарығы көп қырлы, біртекті емес жүйесінде жұмыс күшін ұдайы жаңғыртуды және тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған. Ғылыми - техникалық, технологиялық және ақпараттық прогрестің дамуымен еңбек нарығының рөліөседі. Сондықтан да теңдестірілген еңбек нарығын құрып, экономиканың өсіп келе жатқан салаларын жоғары білікті кадрлармен толықтыру маңызды болып табылады.

Марксистік саяси экономияға сәйкес жұмыс күші-адамның еңбекке қабілеттілігі, адамның өз қызметінде пайдаланатын физикалық және рухани қабілеттерінің жиынтығы. Статистикадағы жұмыс күші - жалданып жұмыс істеуге дайын адамдар саны. Бұл көрсеткіш кей елдерде әртүрлі есептелінеді.

"Жұмыссыздық" термині алғаш рет 1911 жылы британдық энциклопедияда пайда болды. Содан кейін 1915 жылы АҚШ Еңбек министрлігінің есебінде қолданылған. Жұмыссыздық әлемнің барлық елдерінде әртүрлі көлемде, нысандарда, уақыт аралықтарында пайда болып отырады.

Жұмыссыздық - белсенді халықтың бір бөлігі өзінің жұмыс күшін қолдана алмайтын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Жұмыссыздық мемлекеттің өндірістің маңызды факторларының бірі-еңбекті тиімді пайдалануға қабілетсіздігін білдіреді. Жұмыссыздық- бұл интеграцияланған еңбек нарығында да, оның әртүрлі сегменттерінде де еңбек ұсынысы мен сұраныс арасындағы тепе-теңдіктің тұрақты бұзылуы салдарынан туындайтын мәжбүрлі жұмыспен қамтылмау [1] .

Макроэкономикада 16 жастан бастап жəне одан жоғары жастағы халықты мынадай екі топқа бөліп қарастырады:

1. Экономикалық белсенді халық(бұл) - тауарлар мен қызметтерді өндіру үшін жұмыс күшін ұсынатын еңбекке қабілетті азаматтардың бір бөлігі.

2. Экономикалық тұрғыдан белсенді емес халық - жұмыс күшінің құрамына кірмейтін ел тұрғындары. Мұнда енгізілген:

  • күндізгі оқу орындарының оқушылары мен студенттері;
  • зейнеткерлер (жасының қартаюына және басқа да негіздер бойынша) ;
  • үй шаруашылығын жүргізетін адамдар (оның ішінде балаларға, науқастарға күтім жасайтын және т. б. ) ;
  • жұмыс табуға ұмтылғандар, бірақ таба алмағандар;
  • жұмыс істеудің қажеттілігі жоқ тұлғалар (олардың табыс көзіне қарамастан) .

Еңбек нарығына ену

Жұмыс

іздемейтіндер

туу

басқалары

балалар

Зейнеткерлер

өлім-жітім өлім-жітім

Еңбек нарығынан кету

- жұмысқа жарамсыздар - жұмыс күші

Сурет 1. Жұмыс күші мен жұмысқа жарамсыздардың негізгі ағындары.

Ескерту - [2] дереккөзі негізінде автормен құрастырылған.

Өз кезегінде экономикалық белсенді халық екі топқа бөлінеді:

1. Жұмыспен қамтылғандар (Е ) - 16 және одан жоғары жастағы адамдар, сондай-ақ жасы кіші адамдар, оларға:

  1. сыйақы үшін жалданып жұмыс істейді (толық немесе толық емес жұмыс уақыты жағдайында) ;
  2. отбасылық кәсіпорындарда төлемсіз еңбек етеді.

2. Жұмыссыздар (U ) - 16 жас және одан жоғары адамдар, олар:

  1. жұмыстан босату нәтижесінде жұмыстан айырылған адамдар;
  2. өз еркімен жұмысты қалдырған адамдар;
  3. үзілістен кейін еңбек нарығына келген адамдар;
  4. еңбек нарығына алғаш рет келгендер;
  5. еңбек күшіне жас мөлшері жетпейтіндер.

Бір қарағанда, жұмыссыздық себептері айқын секілді: тым көп қызметкерлер тым аз жұмыс орындарына үміткер. Алайда, 50 жыл ішінде бұл қарапайым құбылыс экономистер үшін күрделі басқатырғыш болды [2] .

Жұмыссыздық әр түрлі формаларды қабылдауға қабілетті және экономикалық мектептер нарықтық экономикадағы жұмыссыздық себептерін әртүрлі түсіндіреді. Жалпы алғанда бұл құбылысты түсіндірудің мынадай үлгілерін атап өтуге болады:

  • Халық санының көптігі (мальтусианизм) .
  • Капиталдың органикалық құрылысының өсуі (марксизм) .
  • Жалақының жоғары деңгейі (неоклассиктер) .
  • Жиынтық сұраныстың жеткіліксіздігі (кеинсиандықтар) .

1. Монетаристер мектебінің өкілі Ф. Хайек: «Жұмыссыздық құбылысы "тепе-тең бағалар мен табыстың тұрақты нарықтан және тұрақты бағадан ауытқуынан" туындайды, бұл ауытқудан еңбек ресурстарының экономикалық тұрғыдан негізделмеген орналасуы болады және ол еңбек сұранысы мен ұсынысының тепе-теңсіздігіне әкеледі» - деп тұжырымдаған.

2. Француз экономисі Ж. Б. Сэй еңбек нарығын қарастыра отырып, еңбекке сұраныс пен ұсыныстың өзара іс - қимылын ескере отырып, жұмыссыздықтың себебі-жалақының шамадан тыс жоғары деңгейі деп қорытынды жасайды. Бұл мәлімдеме өте даулы, бір жарым ғасыр бойы полемикаға ұшырайды.

3. Маркс бойынша: «Салыстырмалы түрде қоныс аударудың формалары»- ағымдағы, жасырын және іркілген жұмыссыздыққа тең. Жұмыс күшінің ішкі салалық және салааралық ауысуы процесінде пайда болатын жұмыссыздық тұрақсыздықты құрайды. Жасырын қоныс аударумен ұсақ өндірушілер қамтылған: шаруалар, қолөнершілер, саудагерлер. Олардың жұмыссыз жағдайы өз шаруашылығында ішінара жұмыспен қамтылуымен жасырын».

4. Ағылшын экономисі, дін қызметшісі Том Мальтус капитал мен халық айтарлықтай кезең ішінде өнімге деген сұранысқа қарағанда артық болуы мүмкін деп сендірді. Сұраныстың құлдырауының себебі жеке табыстардың қысқаруы болып табылады, ал олардың азаюы демографиялық фактор болып табылады: халықтың қоныстану қарқыны өндірістің өсу қарқынынан асып түседі. Демек, жұмыссыздықтың себебін халықтың тым тез өсуінен іздеу керек.

5. Ағылшын экономисі А. Пигу өзінің "Жұмыссыздық теориясы" (1933ж. ) кітабында жұмыссыздық себептерінің неоклассикалық концепциясын әзірледі. Еңбек нарығындағы неоклассикалық модельдегі тепе-теңдік еңбекке сұраныстың агрегирленген функциясы және еңбек ұсынысының агрегирленген функциясы арқылы анықталады. Еңбек бағасы ретінде нақты жалақы мөлшері саналады. Нарықтық экономика, неоклассиктерше, барлық еңбек ресурстарын пайдалануға қабілетті жәнеикемді жалақы шарты арқылы орындалады.

6. Неоклассиктердің пікірінше, нарықтық экономикада жұмыссыздық ерікті сипатқа ие. Қызметкерлер өздері жұмыссыздықты таңдайды, өйткені нарықта қалыптасқан нақты жалақы бойынша еңбек еткісі келмейді. Жұмыссыздық бәсекелестік механизмге не мемлекеттің, не кәсіподақтардың араласуысияқты нарық заңдарын бұзу нәтижесінде туындайды. Жұмыссыздықты жою үшін жалақы икемділігі мен бәсекелестіктісақтау қажет.

7. Кейнсиандық нұсқаға сәйкес жұмыссыздық ұлттық өнімнің қысқаруына алып келетін тұтынушылық сұраныстың жеткіліксіздігінен туындайды да, жұмыссыздық амалсыз сипатқа ие болады. Дж. Кейнс неоклассикалық теория принциптерімен келіспейді және жұмыссыздық болған жағдайда еңбек нарығындағы тепе - теңдік тұжырымдамасын әзірлейді. Дж. Кейнспайымдауынша: «Еңбекке деген сұраныс нақты жалақыға, яғни баға көтерілген кезде жалдамалы қызметкерлер сатып ала алатын тауарлар мен қызметтердің санына байланысты. Бағаның өсуі кезінде тауарлар мен қызметтер аз сатып алынатын болады, бұл өндіріс көлемінің қысқаруына, тиісінше қызметкерлердің бір бөлігін жұмыстан шығаруға әкеледі».

8. А. Смит ілімін жалғастырушы Д. Рикардо еңбектің өзі мен еңбекақы тауап болып табылады және өз негізінде табиғи бағамен анықталады да, оның маңайында ауытқиды деген. Құбылысты реттеушінің әсерінен еңбекақысының ең аз мөлшері мен оңтайлы еңбек ұсынысының арасында өзіндік тепе-теңдік бар. Смиттің ілгермелі өсу заңдылығына сәйкес еңбекке деген сұраныстың жоғарылау шарты қарастырылады [3] .

Бұл теориялардың барлығы жұмыссыздықтың себептерін әртүрлі позицияларда дұрыс атап өткендігіне күмән жоқ. Оларды қорыта келе, біз объективті бірыңғай анықтама ала аламыз: жұмыссыздықтың құрылуы капиталдың органикалық құрылысының өсуін ескере отырып, тауарлар мен өндіріс факторларына жиынтық нарықтық сұраныстың жеткіліксіздігіне байланысты. Техникалық прогрестің рөлі бұл жерде капиталдың органикалық құрылысын арттыруда ескеріледі, ал Ф. Хайек және Т. Мальтус теориялары бұл анықтамаға жиынтық сұраныстың өзгеруі арқылы кірді деп түсінеміз.

Халықаралық Еңбек Ұйымы қабылдаған анықтама бойынша жұмыссыздық - еңбек етуге қабілетті, еңбек етуге дайын және шын мәнінде жұмыс іздеп жүрген адамға лайықты жұмыс алуға мүмкіндік болмауы себебінен жалақыны жоғалту ретінде түсіндіріледі. Бұл процесс көбінесе ел ауқымында қарайтын болсақ, аумақтың қаншалықты кеңдігіне және онда табиғи- климаттық жағдайлардың қандай айырмашылығы бар екендігіне, экономиканың құрылымы қандай және осы құрылымда өнеркәсіптің қалай орын алғанына, кәсіпорындардың қандай салалары мен типтері шоғырланғандығына байланысты ұсынылады. Осы факторлардың арасында қандай да бір дәрежеде ұлттық дәстүрлер көрініс табады, бірақ қоғамның саяси құрылымы басты рөл атқарады. Ұсыныс пен сұранысты келісу кезінде жалдамалы еңбек ерекшелігі елеулі дәрежеде ескеріледі. Әсіресе экономикалық даму сатысы маңызды. Халық шаруашылығы қалыптасқан экономикалық жүйе шеңберінде жұмыс істеп тұрған және мүлдем басқа бір жүйеге көшу жүзеге асырылған кезде жұмыссыздық мәселесі туындайды [4] .

Осылайша, еңбек нарығы тұтастай сұраныс пен ұсыныстың заңдарына сүйене отырып, өзінің жұмыс істеу тетігінің көптеген принциптері бойынша басқа тауар нарықтарынан бірқатар елеулі айырмашылықтары бар арнайы экономикалық нарық болып табылады. Бұл жерде реттеуші тек макро - және микроэкономикалық факторлар ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық факторлар болып табылады. Еңбек нарығы ұлттық және әлемдік нарықтық өркениеттің аса маңызды буыны болады, онда қоғамның күнделікті эволюциясын жүзеге асыратын шығармашылық үлгідегі еңбек ресурстары қалыптасады.

Жұмыссыздық көп жағдайда саясатқа, әлеуметтік қатынастарға, экономикаға, жалпы қоғам өміріне жан-жақты жағымсыз әсер етеді. Жұмыссыздықтың экономикалық және экономикалық емес салдарын жеке және қоғамдық деңгейде көрсетеді.

1. Жұмыссыздықтың экономикалық емес салдары - бұл жұмысты жоғалтудың әлеуметтік, психологиялық және саяси салдары.

  • Жеке деңгейде олар ұзақ уақыт бойы жұмыс таба алмау өзінің толық еместігін тудырады, адамдарды психологиялық күйзеліске, күйзеліске, жүйке күйзелістеріне, жүрек-қан тамырлары ауруларына, достарының жоғалуына, отбасының қирауына және т. б. әкеледі.
  • Қоғам деңгейінде олар:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық мәселесі
Жұмыссыздықтың экономикалық өсуге әсері
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық пен жұмысбастылық
Жұмыссыздық деңгейі және оның экономикалық өсуге тигізетін әсері
Еңбек нарығының негізгі құрамдастары және олардың өзара әрекеттесу тетігі
Жұмыссыздық мәселесі туралы мәлімет
Қазақстандағы жұмыссыздық, бүгінгі таңдағы жағдайы
Нарықтық экономика жағдайындағы жұмыссыздық
Еңбек нарығы әлеуметтік жағдайды қалыптастыратын фактор ретінде
Ұмыссыздықтың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz