Жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Тарих факультеті
Археология, этнология және
Отан тарих кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы : ХҮІІІ - ғ. 40-ж. Қазақ - жоңғар және қазақ - орыс қарым - қатынастары.
Орындаған: ИОПиП-35к тобының студенті Кожахметов А. Б
Қабылдаған: г. ғ. м., аға оқытушы Муратова М. Б.
Қарағанды-2021
МАЗМҰНЫКіріспе . . . 3
1 ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ . . . 7
1. 1 Қазақ-жоңғар соғысы . . . 7
1. 2Қазақ-жоңғар соғысының тарихта алатын орны . . . 10
2 XVIII Ғ. ҚАЗАҚ-ОРЫС ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ТАРИХЫ . . . 15
2. 1 Қазақ-орыс саяси қарым-қатынасының негізгі бағыттары . . . 15
2. 2 Қазақ - орыс қарым - қатынастарының мәдени және экономикалық байланыстары . . . 18
2. 3 XVIІІ ғасырдағы Қазақстанды отарлау тарихы . . . 23
Қорытынды . . . 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 32
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. ХVIII ғасырдың алғашқы онжылдықтарында әртүрлі сыртқы саяси жағдайлардың әсерінен Қазақ хандығы өте күрделі халықаралық жағдайда болды. Бұған дейін Ресейдің оңтүстік-шығысында және Орталық Азия елдерінде әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайдың шиеленісуі, континент аумағынан Атлант бассейніне әлемдік сауда коммуникацияларының көшуіне және Ресей мемлекетінің Оңтүстік-Шығыс Еуропа мен Сібірдегі әскери-саяси кеңеюінің қарқынды дамуына, сондай - ақ Орталық Азиядағы Цин империясының күшеюіне байланысты болды. Географиялық кеңістіктегі қарама-қарсы қозғалыс барысында көшпелі халықтардың сауда жолдарынан бірте-бірте ығысуы, Еуразиядағы номадизмнің қысқаруы және көшудің дәстүрлі жолдары мен бағыттарының ығысуы орын алды. Бұл геосаяси процестер көшпелі халықтар арасындағы жайылымдық жерлерге қатысты өзара қақтығыстардың күшеюіне және жақын маңдағы аумақтардың сауда орталықтарына еркін қол жеткізуге әкелді. Осы негізде ХVIII-тің бірінші үштен бірін қамтыған халықаралық салада әскери қарама-қайшылықтың жаңа кезеңі пайда болды. Еділ, Орал, Батыс Сібір және Орталық Азияның көршілес аймақтарының оңтүстік бөлігінің барлық кеңістігі.
XVIII ғасырдың бас кезінде қазақ мемлекетінің іштен ыдырауы күшейе түскен жағдайда, ол сыртқы алпауыт мемлекеттердің тарапынан ерекше қызығушылық тудырған нысанға айналды. Өйткені бұл кез империялық мемлекеттердің жаңа отарларды басып алуды күшейткен тұсы еді. Егер Үндістан аумағында Англияның отаршылдық экспансиясы ұлғая түсіп жатса, Ресей Швециямен соғыс әрекеттері (1701-1721 жылдар) аяқталғаннан кейін, Қазақстан мен Орта Азияға қарай көз алартты.
Қытай мен Ресей империясы Қазақ хандығы мен Жоңғария хандығы сияқты көшпелі мемлекеттердің әлсіреуіне бірдей мүдделі болды. Ресей империясының Қазақстанмен шекаралас аймақтардағы негізгі қызметі дипломатиялық қарым-қатынастар орнатуды және әскери барлау шараларын жүргізуді еселеп күшейтуге бағытталды. Бұл шаралар қазақтар көшіп-қонып жүретін шекарада әскери бекіністер желісін салуды жиілендіріп жіберді. Мәселен, 1716-1720 жылдардың кезеңінде Ертіс өзенінің оң жақ жағалауында Омбы, Черкасск, Железинск, Жәмішев, Семей, Өскемен сияқты және басқа да әскери бекіністер тізбегі салынды. Кейінірек олардың ара-арасына шағын бекіністер - редуттер мен форпосттар салына бастады.
Бұл кезде қазақтар Еділ қалмақтарының, башқұрттардың, Орал және Сібір Қазақтарының тарапынан мезгіл-мезгіл жасалып тұрған шабуылдардың ауыр зардаптарын бастарынан кешірумен болды. Ал олардың бәрі де патша үкіметінің қол астына қарайтын орыс бодандары еді. Қазақтарды оңтүстіктен Орта Азия хандықтарының билеушілері, ал Оңтүстік-шығыстан жауынгер жоңғар қалмақтары ығыстыра түсті. Жалпы алғанда, бұл кезде Қазақ мемлекетінің шекараларында өте күрделі де қауіпті жағдай қалыптасты.
Жұмыстың зерттеу нысаны. Қазақ-жоңғар және қазақ-орыс елдері арасындағы соғыстар және дипломатия болып табылады.
Жұмыстың зерттеу мақсаты- XVIII ғ 40 жылдардағы Қазақ жоңғар және қазақ орыс қатынастарын зерртеу.
Осы мақсатты іске асыру мынадай міндеттерді шешуді көздейді:
- Қазақ-жоңғар соғысыдеңгейін анықтау;
- Қазақ-жоңғар соғысының тарихта алатын орныңзерттеу;
- Қазақ-орыс саяси қарым-қатынасының негізгі бағыттарын айқындау;
- Қазақ-орыс елдері арасындағы сауда-экономикалық байланыстарын тарихи деректер мен еңбектердің негізінде жан-жақты талдау;
- XVIІІ ғасырдағы Қазақстанды отарлау тарихын зерттеу.
Жұмыстың тарихнамасы. Ұлтымыздың тарихындағы қазақтардың жоңғарлармен қарым-қатынастарының зерделенуінің ғылыми тұрғыдағы өзектілігіне орай, оның тарихнамасының кейбір мәселелері бұған дейін де авторлардың зерттеу нысанына айналды.
Қазақ тарихын қазіргі күні дәстүрлі ауызша тарих негізінде зерттеп жүрген ғалымдардың қатарынан Р. Т. Айтбаева[1], сияқты авторларды атауға болады. Әрине бұған дейін де М. Тынышбаев[2] сияқты ғалымдар да зерттеулерінде ауызша тарихты назардан тыс қалдырмаған. Сонымен қатар И. Я. Златкин[3], Н. Г. Аполлова, В. Я. Басин, В. А. Моисеев сияқты тарихшылардың мәселе көлемінде іргелі зерттеулер жүргізгендігін атапөткен.
Осы зерттеушілердің арасында жоңғар шапқыншылығына қарсы шыққан қазақтардың күресі туралы зерттеулеріне талдау жасаған орынды.
Қазақ-жоңғар қатынастарына қатысты Р. Т Айтбаева «Қазақтың ауызша тарих айту дәстүріндегі қазақ-жоңғар қатынастары» мақаласын [1], ал 1992 жылы «Ауызша тарих айту дәстүрі бойынша 18 ғ. қазақ қоғамы тарихының негізгі мәселелері» тақырыбында ауызша жеткен тарихи жырлар арқылы қазақ-жоңғар қатынастарына шолк жасай келе, осы мәселені зерттеуде ауызша тарих негізгі деректердің бірі болатындығын ерекшелеп көрсетті.
Тарихшы-ғалым М. С. Мұқанов бұл мәселені шежіре деректеріне сүйене отырып, сараптауға тырысқан. Жоңғар шапқыншылығына қарсы шыққан Тұрсынбай батыр туралы мәліметте: «Активным участником антиджунгарского движения, военачальником был Турсынбай батыр, выходец из отделения жайылған рода балта племени керей», - деп бере келе, батырдыың жоңғардарға қарсы күрестегі рөлі мен орнын жоғары бағалайды [4] . Ауызекі әңгімелерге сүйенген зерттеуші Әбілқайыр Ресейге, Сәмеке мен Әбілмәмбет Орта Азия хандықтарына, ал Абылай Ресей мен Қытай арасында болған Тұрсынбай батыр ғана тәуелсіздікті қолдап, башқұрт, ноғай, қарақалпақ, қазақтарды біріктіруді көздегендігін талдап береді.
Қазақ халқына жасалған жоңғар шапқыншылығын қаратырғанда деректанушы Г. С. Жүгенбаева ауызша тарихты зерттеудегі М. Тынышбаевтың еңбегін зерделей отырып, оның зерттеулерінде 18 ғасыр басындағы қазақ-жоңғар қатынасының шиеленісті кезеңі екендігін баса көрсетіп, бұл кезең қазақтардыуың тарихи жадынжа «Ақтабан шұбырынды» атауымен сақталғандығын дәлелдей түседі [5] .
Тарихшы М. С. Ноғайбаева «Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің тәуелсіздік кезеңінде зерттелу мәселелері» атты мақаласында тәуелсіздігіміздің он жылдығы ішінде тақырыпқа қатысты жазылған ғылыми еңбектерді қарастыра отырып, оны екі топқа бөлген: біріншісіне - батыр бабаларымыздың жеке басының өмірбаяны мен ерлік істеріне; ал екіншісіне - қазақ-жоңғар соғысының тарихнамалық мәселелері мен деректік негіздеріне арналған зерттеулерді жатқызды. Тақырып бойынша негізгі еңбектерге баға беріп, тарихшы қазақ-жоңғар соғысының тарихы толық зерттеле қоймағандығы жөнінде қорытындыға келген[6] .
Жоңғар шапқыншылығының тарихнамасын қарастыруда Р. Б. Сүлейменовтың Қазақстанның сыртқы саяси байланыстарының кеңестік тарихнамасына арнаған еңбегі ерекше[7] . Автор жұмысында осы мәселеге қатысты кеңестік тарихнамадағы бірқатар монографиялар мен мақалаларда, атап айтқанда, қазақ-жоңғар қатынатарының проблемаларын зерттеген Ш. Б. Чимитдоржиев, В. С. Кузнецов жұмыстарын саралай келе, зерттеу тақырыбының кейбір сәттері Е. И. Кычанов, В. А. Моисеев, А. С. Сабырханов еңбектерінде көрініс тапқанын жазған. Дегенмен кеңестік тарихнамада қазақ-жоңғар қатынасының тарихы бойынша арнайы зерттеулердің жоқтығын нақты келтіреді.
Зерттеуші Н. Алдабек өзінің ғылыми монографиясында Орталық Азиядағы халықаралық қатынастардың қалыптасу тарихы Қытай мен Ресейдің осы аймақтағы жүргізген саясатына тікелей байланысты деп атап өткен [8] .
XVI-XVIII ғғ. қазақ-орыс қарым-қатынастарын ғылыми тұрғыда саралаған Э. А. Масановтың ой-пікірлері кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйе тұсында айтыла тұрса да біз бұлардың бүгінгі тарихнамалық ой-пікірдің қалыптасуына үлкен ықпал жасағанын мойындаймыз. Оның «Очерк истории этнографического изучения казахского народа в СССР» атты 1966 жылы жарық көрген монографиясы төңкеріске дейінгі және кеңес өкіметі кезеңіндегі қазақтардың этнографиясын зерттеудің тарихнамасына арналған. Бұл еңбекте автор қазақтар туралы этнографиялық мәліметтердің орыс зерттеулерінің негізінде талдап, біршама қазақ-орыс байланыстарының тарихнамасын жүйеге түсіредi [9] .
Кеңестік тарихнамадағы XVI-XVIII ғғ. Қазақстанның сыртқы саясатын қарастырған Р. Б. Сүлейменовтың 1983 жылы жарық көрген «Внешнеполитические связи Казахстана XVI-XVIII вв. в советской историографии» ғылыми мақаласында автор алғаш рет Қазақ хандығының көрші елдерімен байланыстарының тарихнамасын жазды. Ол туралы автор: « . . . к сожалению, до настоящего времени не предпринималось даже попыток проанализировать историографию внешней политики казахских ханств, показать степень изученности этой проблемы, вскрыть имеющиеся трудности и пути их преодоления», - деп өзінің зерттеуі алғашқы арнайы тарихнамалық еңбек екендігін тілге тиек еткен. Бірақта бұл тарихнамалық талдауда қазақорыс байланыстары жалпы көрші елдерімен қатынастары аясында талданады. Жұмыстың бағыт-бағдар берерлік мүмкіндігі зор. Сонымен қатар мақала авторы талдап отырған еңбектерін хронологиялық және территориялық белгілеріне қарап топтарға сыныптап, жүйелеп, талдайды.
Жұмыстың хронологиялық шеңбері. Қазақ хандығы тарих сахнасына шығу қарсаңынан, және де XVIIІ ғасырдың 40 жылдары кезеңдерін қамтиды.
Жұмыстың медотологиясы. Қазақ жоңғар және қазақ орыс қарым-қатынасы мәселесін зерттеу мақсатында тарихилық, нақтылық, жүйелілік және ғылыми объективтілік әдістері пайдаланылды. Бұл әдістер мәселені тұтас үдеріс ретінде қарастыруға және сонымен бірге оның құрылымы мен сипаттамаларын анықтау тұрғысынан әр түрлі көзқараспен қарауға мүмкіндік берді.
Жұмыс барысында жалпы ғылыми әдістер кешенінен: талдау және синтездеу, салыстыру, саралау сияқты әдістер қолданылды. Арнайы ғылыми әдістер кешенінен: тарихи-генетикалық, тарихи-типологиялық, тарихи-салыстырмалы әдістері де пайдаланылды.
Сонымен қатар ақпараттық-аналитикалық әдісті қолдану көптеген материалдарды ашуға және талдауға ықпал етті. Зерттеудің жалпы тұжырымдары мен қорытындысында жинақтау әдісі қолданылады.
Жұмыстың құрылымы екі тараудан, кіріспе, қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
1 ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
1. 1 Қазақ-жоңғар соғысы
Жоңғар шапқыншылығынан туған зор күйзелушілік, малдың қырылуы шаруашылық дағдарысының шиеленісуіне әкеліп соқты, мұның өзі қазақ хандықтарының билеуші топтарының арасындағы саяси қарама-қайшылықтарды бұрынғыдан да бетер күшейте түсті. Қиын жағдайдан шығудың жолы жауға ұйымдасып тойтарыс бету ғана бола алатын еді, мұның өзі болашақта қазақ жүздерінің экономикалық және саяси ыдырауын тоқтатар еді.
Осындай өте-мөте ауыр сыртқы және ішкі саяси жағдайда қазақ хандары мен сұлтандары жоңғар феодалдарын тойтару ісін ұйымдастыруда қабілетсіз болып шықты. Тәуелсіздік жолындағы Отан соғысын «қарадан шыққан» халық батырлары бастады. Олардың арасында Бөгенбай, Тайлақ, Саурық, Малайсары, Жәнібек және басқа да батырлар болды. Олар халықты туған елді жат жерлік басқыншылардан азат етуге шақырды.
Халық жасақтарының бірігіп қимылдауы осылай басталды. Кіші жүздің батыры Тайлақ, Орта жүзден Бөгенбай және Ұлы жүзден Саурық батырлар шығып бұлар «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл-сұлама» жылдарындағы күрестің қаһармандары болды. Барлық үш жүздің жасақтары 1726 жылы бірлесіп қимылдаған кезден бастап қазақтар басқыншыларға ұйымдасқан түрде тойтарыс берді [10, 65 б. ] .
Ордабасы жиыны1726 жылдың күзінде Бадам өзені маңындағы биік қырқа - Ордабасы деген жерде бүкіл қазақ жиыны өткізілді. Оған Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Күшік, Жолбарыс хандар, султандар, Толе би, Қазыбек би, Әйтеке би бастаған әр рудың билері, даңқы шыққан қолбасшылар мен батырлар шақырылды.
Жиында негізгі мәселе басқыншы жауға бүкілхалықтық тойтарыс беруді ұйымдастыру туралы мәселе болды. Жиынға қатысушылар бірге болуға, өз кимылдарын үлестіріп отыруға, жауға біріккен майдан құрып аттануға ант берді.
Құрылтайда талқыланған маңызды мәселенің бірі бүкіл қазақ жасағының қолбасшысын сайлау туралы мәселе болды. Осы жиында Әбілқайыр қазақ жасағының қолбасшысы болып сайланды. А. И. Левшин бұл жөнінде былай деп жазған: «Ортақ іс сол арада бір-біріне адалдыққа ант беру арқылы қастерленді. Әбілқайыр хан бас қолбасшысы болып сайланды, сөйтіп халықтық әдет бойынша құрбандыққа шалынған бие болашақ табыстың кепілі ретінде қабылданды». Осы жағдайды да ол былай деп аша түскен: «Төнген қауіп ішкі өзара қырқыстарды бітістірді, жалпы келісім туғызып, бәрін бір нәрсеге бағыттады. Тұтас халықтың жиналысында ілгері басудың, ортақ жауға шабуыл жасап, оларды ежелгі қырғыз-қазақ жерінен қуып шығудың негізі қаланды». Батырлар арасынан бүкіл қазақ жасағының Сардар бегі болып Қанжығалы Бөгенбай сайланды. Сөйтіп Ордабасындағы съезд халықтың жауынгерлік рухын көтерді.
Бұланты маңындағы шайкас. Ұлытаудың таулар жүйесіне иелік ету соғыс барысында маңызды кезең болды. «Ақтабан шубырынды, Алқакөл сұлама» (1723-1730 жылдардығы Отан соғысы) барысындағы аса маңызды шайқастардың бірі Ұлытау етегінде өтті.
1728 жылдың көктемінде Ұлытау етегінде Бұланты өзенінің жағасында «Қара сиыр» деген жерде қазақ әскерлерінің жонғарлармен ірі шайқасы болды. Бұл шайқаста қазақ сарбаздары қалмақтарға есенгірете соққы берді. Қалмақ әскерлері қиян-кескі соғыста ондаған мың адамынан айрылды. Қазақтар жағы өздерінің талайдан қаны қайнап ыза мен кекке суарылған қайрат жігерінің жемісін көріп қуанды. Жеңіс туралы хабар қазақ даласына ілезде тарап кетті.
Бұланты шайқасы қазақ жасақтарының жеңіске деген орасан зор ерік-жігерін көрсетті. Өз заманының аса көрнекті қолбасшылары жеке қол басқарған Қаракерей Қабанбай, Шақшақ Жәнібек, Тама Есет, Бәсентиін Малайсары, Тарақты ер Байғозы және басқалар Әбілқайыр хан мен Қанжығалы Бөгенбайдың жалпы басшылығы мен ынтымақты қимыл жасай отырып, жасақтарды ұрысқа бастады. Жасақтарды қаруландыру жөнінде Шақшақ Жәнібек зор ұйымдастырушылық жұмыс істеді. Дархан ұстаның басшылық етуімен Ұлытауда қару шеберлері еңбек етті.
Бұлантыдағы және басқада бірқатар шайқастардың қаһармандық рухын бізге дейін Үмбетай жырау, Ақтамберді жырау, Тәтті қара жырау, Бұқар жырау, Көкеш ақын туындылары жеткізді. Бөгенбай Ақшаұлы, Саңырақ Тоқтыбайұлы, Олжабай Әлімұлы, Қонақай Жақсығұлұлы, Бөлек Сатанұлы сынды батырлардың, батыр Баянның, Жарылқаптың және басқаларының есімдері тірі кездерінде-ақ аңызға айналған.
Алайда оқиға мұнымен біткен жоқ. Аттылы жоңғар қолының бірбөлігі Бұланты өзенінің жоғары ағысына қарай өтіп кетті. Бірақ бұл жерде де оларды қазақ атты әскерінің жасақтары қуып жетті. Сөйтіп сол жерде жонғарлар тағы талқандалды, тек жекелеген топтарының ғана Ұлытау жағына Майтөбе мен Құрайлыдан арғы тауларға кетіп қалуына сәті түсті.
Бұланты жеріндегі жеңістің зор маңызды болды. Ол қазақ жасақтарының өз күштеріне сенуіне, халық санасында бетбұрыс жасауға мумкіндік берді. XVIII ғасырдың 20-жылдарының аяғына қарай жоңғарлар Ұлытау аймағынан ығыстырып шығарылды. Мұндағы соңғы шайқас Жақсы Қон өзенінің жоғарғы ағысына жапсарлас жатқан аудандағы Қарамолда деген жердегі ұрыс болды. Жоңғарлар тағы да жеңіліске ұшырады. Бұл аймақ-бұл жер «Қалмақ қырылған» деген атпен белгілі.
Қазақ жасақтарының Бұланты маңындағы жеңісінің жағы бір жағы-стратегиялық тапқырлығында болды. Қазақ жасақтарының Бұланты маңындағы жеңісі Аңырақай шайқасының табысқа жетуін анықтап берді.
Аңырақай шайқасы. Жоңғар басқыншылығына қарсы қазақ халқы Отан соғысының (1723-1730 жж. ) жеңіспен аяқталуына Аңырақай шайқасы аса көрнекті роль атқарды. Ол туралы қазақтардың дәстүрлі ауыз әдебиетінде айтылады, сондай-ақ оған М. Тынышбаевтың еңбегі[11, 190 б. ] және басқа да бірқатар жанама деректер арналған.
1730 жылы көктемде Балқаш көлінің маңында қазақ пен жоңғарлардың арасында тағы бір қатты қырғын соғыс басталды. Аңырақай шайқасының ұрыс қимылдары болған алқап 200 километрдей жерді алып жатты. Оны ғасыр шайқасы деуге болады. Аңырақай шайқасы далалық Қазақстанның және Қазақстан Оңтүстігінің таулы әрі шөлейт аудандарының шекарасында өткен. Мұндай жер кездей соқ таңдап алынбаған. Шайқас өтетін жер дұшпанды талқандау жөніндегі ойдың жалпы айла-тәсіліне орайласады, ол жеңіліс тапқан жағдайда Іле өзенінің басына дейін тоқтаусыз шегінуге мүмкіндік береді.
Балқаштың Солтүстік батыс жағында өзенінің өзі жағынан жел өткізбейтін Шу-Іле таулары созылып жатыр. Жел сондай-ақ Қызылқұммен Мойынқұм жағынан да соғады. Аңырақай тауларының қасында Делдітау, Желдібел орналасқан. Аңырақай тауларында жел аңырап соғатын (Аңырақай жел) . Сонымен бірге халық Аңырақай жеңіліс тапқан жоңғалар аңырап жылаған жер деген аңыз шығарған.
Сейтіп, 1730 жылы жазғы салым қазақ жасақтары өз аттарын Мойынқұм құмдарында, Бүркітті, Шабақты, Қарақоңыз, Ырғайтты, Шу өзендерінің аңғарларында тыңайып алып, Хантау, Аңырақай таулары өңіріне шықты.
Аңырақайдағы шайқасқа Әбілқайыр хан басшылық етті. Нақ осы шайқас оның саяси қызметінің шарықтау шыңы болды. Шайқасқа барлық үш жүздің жасақтары қатысты. Бұл шайқаста батырлардың бойын ерлік, қайсарлық, өздерінің жеңісіне деген мызғымас сенім биледі.
Шайқас жекпе-жектен басталды. Жоңғарлар жағынан ортаға талантты әскербасы, қоянқолтық ұрыстың асқан шебер жауынгері Шарыш шықты. Қазақтар жағынан жекпе-жекке 20 жасар Сабалақ (Абылайдың бүркеншік аты) сұранды. Абылай нақ осы жекпе-жекте өзінің қатарлы қарсыласын жеңіп, есімін мәңгі даңққа бөлеген. М. Тынышбаев кейін сол кезде Абылай өзгелерден асқан зор батылдығымен асып түсті деп жазды.
Шайқастың сәтті басталуы қазақ жауынгерлерін жеңіске жігерлендірді. Сөйтіп олар бұл шайқаста жеңіп шықты. Майдан даласында мыңдаған қалмақ әскерлері қаза тапты. Көбі қырылып, жаралы болып жаны шықпай жатқан жау әскерінің аңыраған дауыс бірнеше күн даланы басына көтерді. Бұл жер кейін «Аңарақай» деп аталып кетті.
Аңырақай шайқасында жеке ерлігін және ұйымдастырушылық қабілетін көрсеткендер арасында көптеген батырлар, билер, сұлтандар, рубасылары мен қатардағы жауынгерлерінің ерлігі мен жеке басының қажыр-қайраты, бірліктің нәтижесінде қазақ жауынгерлері бұл шайқаста женіп шықты.
Қаратаудың, Ұлытаудың таулы аудандарын, Сарыарқа мен Жетісу жерлерін азат ету оқиғалары халықтың тарихи жазында мәңгіге қалды. Ақтастыдағы, Бұланты жеріндегі «Қалмақ қырылған» шайқастары, Аңыракай шайқасы қазақ халқының тарихи өткен кезінің қаһармандық символына айналды.
Аңырақай шайқасы халық санасындағы бетбұрыс болды. Рухы көтерілген халық жоңғарларды жеңуге болатын түсінді. Айбынды женіске қарамастан, жау әлі де күшінде болатын, сондықтан кейінгі жылдарда да оларға қарсы ұзақ әрі титықтататын күрес күтіп тұрды.
Аңырақай шайқасынан кейін қазақ билеушілердің арасында жік туды. Түпнұсқаларда Аңырақай шайқасына қатысқан сұлтандардың іс-әрекетіндегі мұндай келіспеушіліктің (жіктелуінің) себептері жайлы айтылмайды. Одан кейін көп ұзамай Әбілмамбет сұлтанның қазақ хандарының ордасы Түркістанға қөшіп кеткені, ал Әбілқайырдың орыс шекараларына қарай жедел жылжығаны белгілі.
Аңырақай шайқасынан кейн қазақ хандары мен сұлтандарының арасында жік түының негізгі себебі жоғарғы билік үшін талас болды деп топшылауға негіз бар. Таукенің баласы Үлкен хан Болат қайтыс болғаннан кейін оның орнын Орта жүзден Сәмеке (Шахмұхамбет), Кіші жүзден Әбілқайыр аламыз деп дәмеленді. Көпшіліктің қалаған адамы Әбілмәмбет (Болаттың үшінші ұлы) болды. Мұндай таңдау жасалынғанына наразы болған Әбілқайыр хан майдан шебінен әскерін алып, еліне кері бұрылды. Хандықтың өзіне тимегеніне риза болмаған Сәмеке де Әбілқайырдан кейін әскерін алып Шудың бойымен Бетпақдалаға қарай бет түзеді. Жоңғарларға қарсы майдан әлсіреп, өз әскері мен Ташкентке бағыт алған Ұлы жүздің ханы Жолбарыс қазақ елінің қас жауы жоңғарлармен мәмлеге келуге мәжбүр болды. Сейтіп, қазақ жерлерін жоңғар басқыншыларынан азат етудің ортақ ісіне оңалмас ңұқсан келтірілді [12, 87 б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz