Жамбыл облысының биологиялық ластану көрсеткішін анықтау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫ ЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРІЛГІ

М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

4-курс білімгері

Бөлекбаева Нұржанаттың Дипломалды практикасының есебі

Жетекші: Мирзадинов Р. А

Студент: Бөлекбаева Н. К

Тараз-2021

М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

«Ұстаз» институты 5В011300-Биология мамандығында білім алатын

Б17-3 тобының 4-курс студенті

Бөлекбаева Нұржанаттың

ДИПЛОМАЛДЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ЕСЕП БЕРУІ

Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Қоршаған ортаның биологиялық ластану жағдайын талдау (Жамбыл облысы мысалында)

Дипломалды пратика жетекшісі: б. ғ. д., Мирзадинов Рашид Абу Аскарович

Өткізілген орны: 5. 3-410 «Адам анатомия-сы. Оқушылардың физиологиялық дамуы» зертханасы

Мен Бөлекбаева Нұржанат «Ұстаз» институты факультетінде «Биология» мамандығының 4-курс білімгерімін. Өзім ойға алып, жасаймын деп жүрген Дипломдық жұмысымды өзімнің тобымдағы Қожаназар Лаура, Әшірбай Альбина атты білімгерлермен бірігіп ауқымды және тәжірбиелік құндылығы бар жобаға айналдырдым. Дипломдық жоба тақырыбы мен ғылыми жетекшіні оқу жылының басында ақылдасып, жетекшілікке «Биология» кафедрасының б. ғ. доценті, аға оқытушы Агибаева Алма Кадыровнаны таңдадық. Дипломдық жұмысымыздың экология бағытында Жамбыл облысын мысалға ала отыра биологиялық ластану жағдайын талдадық. Дипломдық жұмысымыздың тақырыбы тақырыбы: Қоршаған ортаның биологиялық ластану жағдайын талдау (Жамбыл облысы мысалында) . Ең алғашқы қадам ретінде жұмыстың мақсаты мен өзектілігін анықтап соған байланысты атқарылуы керек міндеттер мен әдістерді қарастырдық.

Дипломдық жоба құрылымы: кіріспеден, 3 үлкен бөлімнен, көлемді тәжірибелік бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты:

-Қоршаған ортадағы биологиялық ластану жағдайын анықтау;

-Биологиялық ластану жағдайларына талдау жүргізу;

-Талдау ретінде Жамбыл облысының аудандары мен ауыл-аймақтарын мысалға алу;

-Ластанудың бұл түріне талдау жүргізе отырып, оның зияны мен одан арылудың жаңаша әдістері мен жолдаырын ұсыну;

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Ластанудың тірі ағзалар түрі арқылы жасалатын түрі-биологиялық ластануды талдау, Жамбыл облысы бойынша диагностикасын анықтай отырып, тиісті алдын-алу шараларын ұйымдастыру, биологиялық ластанудың табиғат пен адамзат баласына қауіп келтіре алатындығын түсіндіре отырып, ластану түрінің алдын-алу, маңызын толық ашу.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

-Биологиялық ластану түрлерін анықтап, оларды био-экологиялық түрде зерттеу;

-Жамбыл облысының биологиялық ластану көрсеткішін анықтау;

-Био. ластанудың тірі ағзалар (вирустар, бактериялар, микроогрганизмдер) арқылы жүзеге асырылатынын дәлелдеу;

-Облыс аумағындағы био. ластануға байланысты диагностикалық жұмыстар жүргізіп, оның көрсеткішін азайту;

Зерттеу әдістері: эксперименталды әдіс, салыстырмалы-диагностикалық әдіс, бақылау әдісі, ғылыми ізденіс;

Жобаның кіріспе бөлімін биологиялық ластану түрінің не себепті туындайтынын және және зиянын айтып, келесі берілген сөздермен бастауды жөн көрдік: «Кейбір адамдар қоршаған ортаның ластануы жаңа техникалардың, өндіріс орындарының пайда болуымен ғана шектеледі деп ойлайды. Негізінен тіптен олай емес, қоршған ортаға басқа да факторлар әсері көп болған сайын, ауаның ластану көрсеткіші мейлінше артады. Ластану көрсеткіші қоршаған орта ластануының химиялық, биологиялық, экологиялық түрлеріне байланысты орын алады. Дәрігер-ғалымдардың зерттеу деректері бойынша, адам ауруларының 23% ауа ластануынан орын алады екен. Сол себепті, қазіргі таңда ластанудың алдын алу мен қоршаған ортаны қорғау және аялау ең басты орында. Биологиялық ластану түрін сипаттамалы емес (вирустар, бактериялар, микробтар және басқалар) организмдер түрлерінің антропогендік әсерінің нәтижесінде экожүйелерге ену деп түсініледі. Биологиялық ластанудың микробтар, вирустар арқылы ластану түрлері, олардың адамзат баласы мен тірі организмдерге тигізер әсерлері де қамтылған. ». Диломдық жобаның сапалы әрі, ең қажетті мәліметтермен мен ғана қамтылғанын қалағандықтан, көбіне тәжірбиелік жұмыспен көп жұмыс жасап, үнемі ғылыми ізденісте болдым. Күнделікті түрде түрлі әдебиет көздерінен ақпараттарды қарастырып, ластануды азайтудың және оны мейлінше болдырмаудың ең тиімді жолдарын ойлап тапқым және сол бойынша іс-жүзінде практикалық жұмыстар жүргізгім келді. Барлығымыз Жамбыл облысы аумағындағы барлық аудан, қала, аймақ, ауыл деңгейінде барлық биологиялық көрсеткіштердің жылдық немесе айлық диагностикасын анықтап, оны құрып, талдау жүргізуге әрекет жасадық. Кіріспе мен негізгі бөлімде Жамбыл облысындағы бактериялар мен микроогранизмдердің (вирустар, патогенді микроорганизмдерді, ) ауа құрамына әсер етіп, оны ластайтындығы жайлы, ал тәжірбиелік бөлімде жасалған зерттеулер мен дайындалған диагностикалық көрсеткіштердің кестесі мен суреттерін ұсындық. Дипломдық жобамыздың мазмұны мен құрылымы біртіндеп құрылып жатқаны өзімізге де тиімді болмақшы. Өйткені, өзіміз әлі ойланып, жаңа идеялар қосып, өте қажетті жоба ұсынуды қалап отырмыз. Өзімізге берілген дипломдық жоба тақырыбы бойынша мақала жазып, Атырау Университетінің ұйымдастырғалы жатқан VI- Халықаралық ғылыми практикалық конференциясына жібердік. Тақырыбында өзгертпей, дипломдық жоба тақырыбымен бірдей етіп жібердік. Мақалада өзіміз енді қорғағалы жатқан диплом жобасының қысқашаланған түрін жібердік. Сонымен қатар, биологиялық ластануды тудыратын организмдер көзі мен тудыратын аурулары туралы туралы деректерді қосуды естен шығарған жоқпыз. Барынша дәлелді сөздер мен дұрыс көзқарастарды жинақтай отырып, сапалы етіп дайындап шығаруға әрекет жасадық. Төменде берілген кестеде биологиялық ластану түрлері және олардың көрсеткіштік үлесі көрсетілген. Аталған кестені мақалада және дипломдық жобаның негізгі бөлімінде қолданыдық (қостық) .

Биологиялық ластану түрлері және олардың көрсеткіштік үлесі
Биологиялық ластану түрлері және олардың көрсеткіштік үлесі: Құрамында дезинфекцияланбаған, органикалық заттар бар ауылшаруашылық немесе тұрмыстық ағынды сулар қоршаған ортаға түссе пайда болады
100%-дық үлестің 12%-ы
Биологиялық ластану түрлері және олардың көрсеткіштік үлесі: Холера, тырысқақ сынды жұқпалы аулардың таралуы, өте үлкен ауқымды эпидемия тудыруы (коронавирус)
100%-дық үлестің 22%-ы
Биологиялық ластану түрлері және олардың көрсеткіштік үлесі: Ауылшаруашылық жануарларының мәйіті қоршаған ортаны ластайды. Сондықтан олар терең мал қорымына жерленеді немесе арнайы кәсіпорындарда өңделеді.
100%-дық үлестің 20%-ы
Биологиялық ластану түрлері және олардың көрсеткіштік үлесі: Өсімдіктер, жануарлар, құстар арқылы вирустың, бактерияның таралуы
100%-дық үлестің 8%-ы

Дипломдық жоба бойынша жасалған тәжірбиелік жұмыстар жайлы қысқаша деректеме. Осы айдың басында жоба авторлары ретінде Жамбыл облысы аумағында дәлірек айтқанда Тараз қаласының аумағында кішігірім зерттеулер жүргізіп көрдік. Қалалық кәріз желілері (канализация) мен құбырлары, тұрмыстық және өндірістік ағынды сулардың биологиялық ластану көрсеткішін пайыздық үлесте анықтап, ең көп ластануы мүмкін аумақтарға: қоқыс үйінділері мен полигондарына, тамақ кәсіпорындары мен зиратқа және т. б жерлерге барып, ондағы болуы мүмкін микробтар мен бактериялар колонияларының түрлерін анықтап, тиісті әдістер арқылы қалай қалпына келтіре алу жұмыстарын талқылап көрдік.

Жамбыл облысы аумағындағы биологиялық ластануды зерттеу және талдау

Облыс аумағының биологиялық ластану көздері
Облыс аумағының биологиялық ластану көздері: -тамақ кәсіпорындары;

Облыс аумағының биологиялық ластану көздері: -тұрмыстық және өндірістік ағынды сулар;
Облыс аумағының биологиялық ластану көздері: -қоқыс үйінділері мен полигондар;
Облыс аумағының биологиялық ластану көздері: -зираттар;
Облыс аумағының биологиялық ластану көздері:

-кәріз желілері (канализация құбырлары) - (ондағы микробтар мен бактериялар колониясы)

-түрлі органикалық қосылыстар, микробтар мен бактериялар, вирустар, микроскопиялық саңылауқұлақтар қоршаған ортаның барлық жерлерінде тіршілік етуге қабілетті (ауада, суда, топырақта, орманда және т. б)

Жамбыл облысы климаты едәуір құрғақ, қоңыржай және континентальды болғандықтан, биологиялық ластану көрсеткіші төмен деп есептелінеді. Облыс аумағында шатқалдар мен далалы, шөлейтті аумақтар көп, барлығы дерлік жазықтық жерлерді құрайды. Жамбыл облысы аудандарының, облыс орталығы-Тараз қаласы мен салыстырғанда ластану дәрежесі төменірек және өзгеше. Қала аумағында өндіріс орындары мен тұрғылықты үйлер көп болғандықтан тығыз болып ауа құрамы мен ластану дәрежесі басқаша болады, ал ауданды аймақтардың басым бөлігі ашық далалы, кең аумақты жерлерде орналасқан.

Жамбыл облысының биологиялық ластану жағдайы басқа аумақтармен салыстырғанда біршама түзетілген. Су тазалығы, топырақ құрамы, көлдердің ластануы жайлы ластанудың биологиялық түрлері облыс аудандарына тансық. Себебі Жамбыл облысы, Қаратау етегінде және Талас аудандарында суды тазартатын биологиялық станциялар жоқ. Таза емес су құрамында кездесетін әртүрлі микроағзалар адам денсаулығына, әсіресе кіші жастағы балалар мен егде тартқан адамдар денсаулығына зияны мол.

Облыс аумағында ауа құрамы тұрақты, бірақ кей жағдайларда вирустар мен микробтар ауада ұзақ күйінде қалатындықтан, балаларда әртүрлі тыныстық ауруларды тудырады. Ауылшаруашылық кәсіпте мал шаруашылығымен айналысатын адамдар өлген жануар мәйітін тек тастаумен ғана шектелетіндігі, оны арнайы жерге қазу керек екендігін білмейтіндігі салдарынан био-ластану жүріп жатады. Сол себепті биологиялық ластануды өзекті мәселе ретінде алып, оны дипломдық жобамыздың тақырыбы ретінде алдық.

Зерттеу жұмыстарын арнайы арналған дәптерге жазып, зерттеу нысандары жайлы деректерді толығымен толтырып, өте қажетті деген құнды мәліметтермен толықтырып отырдық. Күнделікті қолданып жүрген ауыз судағы биологиялық ластану үлесінде анықтап көруге әрекет жасадық. Өйткені су көзі де қоршаған табиғат ортасының негізгі ажырамас бөлігі саналады. Зерттеулерге сәйкес дүниежүзінде пайда болатын аурудың 36%-ға жуығы ауыз су салдарынан орын алатындығы дәлелденді. Сонымен қатар, Микробтар, ауадағы вирустар мен бактериялар колониясы биологиялық ластануды тудыратындығы жайлы мәліметтерді қарастыру арқылы, қоршаған ортаға эпидемия мен тұқымқуалайтын ауруларды тудыруы арқылы қауіпті ластану түрі болып табылатындығын анықтап, оны өзіміздің дайындап жатқан жобамыздың негізгі бөліміне қостық. Қоршаған орта ластануынан пайда болатын аурулар 23-25% аралығын құраса, бұл көрсеткіштің 15-16 %-ы биологиялық ластанудан туындайтыны жайлы деректерді жобаға қосып, тың ақпараттар мен қызықты фактілерді жинап, тәжірбиемен практиканы бір ортаға салғымыз келді.

Ғылыми дерек көздері: оқулықтар, әдістемелік құралдар, интернет ресурстары мен энциклопедиялар бойынша оқу-ізденіс жұмыстарын күнделікті жүргізіп отырдық. Ғылыми жетекшімізбен тығыз байланыста болып, бағыт-бағдар алып, жасалуы қажетті жұмыстарды уақытымен атқарып жүрміз. Қазіргі таңда да онлайн байланыста қажетті ақпараттарды жинап, зерттеу базасы ретінде: Жамбыл облысы, Тараз қаласы аумағын алдық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қала ортасындағы өсімдіктерге әсер ететін факторлар
Жамбыл облысының су көздерінің экологиялық жағдайы
ҚАЗАҚСТАН ОҢТҮСТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНЫНДАҒЫ АУРУ ТҮРЛЕРІНІҢ ТАРАЛУЫ
Жамбыл облысының су көздерінің экологиялық жағдайын бағалауда гидромакрофиттік өсімдіктерді индикатор ретінде пайдалану және кешенді ластанған су ортасын биологиялық жолмен тазарту
Нұра өзенінің негізгі гидрологиялық сипаттамаларын есептеу
Топырақтың ластану жағдайы
Атырау облысы топырағынан бөлініп алынған көмірсутегін тотықтырушы микроорганизмдерді зерттеу
Радиациялық ластану
Ақаба сулардың қасиеттері мен құрамы
Алдыңғы дақылдың күздік бидайдың өнімділігіне әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz