Биологияны оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеті
Биологияны оқыту әдістемесі пәні, мақсаты, міндеті. Орта мектепте биологияны оқыту мақсаттары мен міндеттері. Ғылыми-зерттеу әдістері. Мектеп құжаттары
1. Биологияны оқыту әдісі.
2. Биологияны оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы.
3. Биологияны оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеті.
Биологияны оқыту әдістемесі - мектепте өтілетін пәндерді оқыту және тәрбиелеу процесі туралы ғылым.
Методика - оқу пәнінің мазмұнын оқыту мен тәрбиелеудің формасын, әдісін қарастырады. Методика - оқу жұмысына керекті құрал-жабдықтарды анықтайды.
Биология пәндерін дұрыс оқыту үшін жақсы жабдықталған бөлме, тірі табиғат бұрышы, мектеп жанындағы оқу - тәжірибе алаңы керек.
Биология оқыту методикасы - жалпы методика және жеке пәндердің методикасы деп екіге бөлінеді.
Жалпы методика лекция түрінде беріледі, бұл жаратылыстану пәнінің шығу тарихын, алғашқы шыққан оқулықтар, методиканың даму тарихын, түрлі тәрбиелер, оқыту әдістерін, сабақ-оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы екендігін, биологияға арналған сыныптан тыс жұмыстарды (үйірме жұмыстары және көпшілік-қоғам жұмыстары т.б.), биология кабинетін жабдықтау, тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру, жабдықтау, мектеп жанындағы оқу-тәжірибе алаңын жоспарлауды қарастырады.
Жеке пәндердің методикасы - зертханалық сабақтар түрінде жүргізіледі және олар: оқытудың әдісін анықтау, оқу материалының мазмұнын толық меңгеріп, оған қажетті көрнекі құралдарды іріктеп алу және қосымша материалдарды пайдалану, тәжірибесін қою, жасау, тақтаны пайдалану т.б.
Биологияны оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы. Биологияны оқыту әдістемесі психология пәнімен тығыз байланысты. Әр сыныптың оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты мінез-құлқын біліп, әр жасқа әртүрлі түсіндіре білу. Психиканың заңдылықтарын білу оқыту мен тәрбиелеудің тиімді құралдары мен әдістерін табуына көмектеседі. Соңғы кездері әдістемелік зерттеулер кеңінен психология мәліметтеріне негізделеді.
Әдістемелік ғылым, психология мәліметтері дидактиканың заңдылықтары мен принциптері тікелей және жанама әдістері арқылы қолданады. Әдістемелік ғылым ішіндегі негізгі психологтың бірі А.С. Выготский өз еңбегінде ... .білім беру оқушының кешегі күніне емес, ертеңгі күніне көзделуі керек. Демек, дұрыс ұйымдастырған оқыту үрдісі алда жүріп, даму процессін жетілдіру керек деген.
Биологияны оқыту әдістемесінің тіл әдебиетпен байланысы.
Сабақтың мазмұнын түсіндіргенде әдеби тілмен жатық, түсінікті сөйлеуге тырысу. Кейде тақырыптың мазмұнына байланысты тіл әдебиет пәндерінен үзінді келтіруге болады.
Оқыту әдістемесінің география пәнімен байланыстылығы.
Сабақтың мазмұнына байланысты объектілердің кездесетін материктерін көрсету, мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын көрсетуге болады.
Биологияны оқыту әдістемесі пән ретінде мектеп, гимназия колледждердің биолог оқытушылары мен ұстаздарын дайындауда аса маңызды болып есептеледі.
Әдістеменің міндеттері. Әдістеме көмегімен жасалған теориялық жағдайларды практикалық әрекеттер түріне айналдыру.
Биологияны оқыту әдістемесі биологияны оқытудың заңдылықтарын белгілейді.
Орта мектептегі білім мен тәрбие берудің маңызын анықтайды.
Оқу пәнінің мазмұнын қайта қарайды, толықтырады, жақсартады.
Оқытудың әдістерін жасап береді.
Сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстардың мазмұнын, әдістерін жақсартады.
Алдыңғы қатарлы мұғалімдердің тәжірибесін негізге ала отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын жақсартуға жөн сілтеген жаңа әдістер жасайды.
Биология кабинетінің, тірі табиғат мүйісінің, оқу-тәрбие алаңының ұйымдасуын, керекті көрнекі құралдармен жабдықталуын практика жүзінде тексеріп отырады.
Әрбір ұстаз биология ілімінің терең сырын, маңызын қоғамдағы, өмірдегі және әрбір жеке адамның күнделікті қызметіндегі орнын түсіне отырып қана, жаңа жас ұрпақты тәрбиелей алады. Сондықтан биология пәнінің мұғалімін - осы білімді насихаттаушы деп есептеуге болады. Тек биология курсы пәндерін оқыту арқылы ғана, әдістерін жетілдіру нәтижесінде тереңдете дәйекті түрде адамның табиғаттағы ролін ашып көрсетіп, экологиялық мәдениеті мен сауаттылығын арттырып, өз өміріне сауаттылықпен қарауды жолға қоюға болады.
2. Биология пәні бойынша жүргізілетін тәрбие жұмыстарының міндеттері. Тәрбие беру элементтерінің жүйесі. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту жолдары.
Адамгершілік, патриоттық, эстетикалық тәрбие, биоэтика.
Биология пәнін оқытудағы тәрбие түрлері.
Оқушылардың дүниетанымын ғылыми негізде қалыптастыруда мектептегі биологиялық білімнің маңызы зор.
Табиғаттың біртұтастығы, оның дамуының үздіксіздігі, өзара байланыстарының күрделілігі, табиғи құбылыстардың үздіксіз байланыстары дүниетанымын калыптастыратын түсініктерге жатады.
Биологиялық білімнің тәрбиелік құндылығы оқушылардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуінде. Жеке тұлғаның жан-жакты қалыптасуына тірі табиғат туралы білімдер үлкен үлес қосады.
Биологияны оқыту барысында тәрбие беру элементтерінің жүйесі казіргі коғамның жалпы талаптарына сай келеді. Бұл жүйе тәрбиелеудің мынадай элементтерінен тұрады:
1. Ғылыми дүниетанымды калыптастыру;
2. Патриотттық тәрбие;
3. Еңбек және экологиялық тәрбие;
4. Гигиеналық, жыныстық және дене тәрбие;
5. Эстетикалық және әдептілік тәрбие.
Оқу материалының мазмұны және оны оқыту әдістері мен формаларына, танымдылық процессіне сәйкес тәрбие беру жүйелі түрде іске асырылады. Бұндай тәрбие тек кана бүкіл педагогикалық процесстің бір бағыттылығымен жүзеге асады.
Биологияны оқытуда мұғалім жан-жакты тәрбиелеудің барлық мүмкіндіктерін қолдана алады. Сонымен бірге мұғалім өз пәнінің спецификалық ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие жұмысын жүргізеді. Оған көптеген мүмкіншіліктер бар. Мысалы, биологияны оқытудағы көптеген түрлі формалар: сабақ, сабақтан тыс және сыныптан тыс жұмыстар, мектепіші және мектепаралык жұмыстар, топсеруендер, оку-тәжірибе учаскесіндегі жұмыстар, оқушылардың жазғы экологиялык лагерде демалуымен қатар табиғаттағы құбылыстарды, тірі организмдерді зерттеу жұмыстары т.б.
Оқыту мен тәрбиелеу бір-бірімен байланысты күрделі процесс. Сондыктан да, оны жүзеге асыру мұғалімнен көп біліктілік пен шеберлікті талап етеді. Тәрбие беру дегеніміз - оқушының пәннен алған білімінің сенімге айналуы, ал сенім одан әрі жүйеге, көз қарасқа қалыптасады.
Сенім әр бір жеке тұлғаның адамдарға, қоршаған әлемге қарым-қатынасында, әдетінде жүріс-тұрысында және іс-әрекетінде айкындалады.
Биологияны оқыту арқылы тәрбиелеудің барлык мүмкіндіктерін бір-бірімен байланысқан белгілі элементтерге жатқызуға болады.
Патриоттық тәрбие. Окушыларға патриоттық тәрбие беруде сабақта және сыныптан тыс жұмыстарға ғылыми жаңалықтардың тарихымен, өз елінің және басқа елдердің көрнекті ғалымдарының ғылыми қызметімен, ғалымдардың отандық және әлемдік ғылымның дамуына қосқан үлестерімен танысу және оқушылардың туған жерінің табиғатын корғауда қосатын үлесі т.б. үлкен мәні бар.
Патриоттық сезім, сондай-ақ туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімі сыныптан тыс жұмыстарды қызықты ұйымдастырғанда арта түседі. Мысалы, ҮІ-ҮІІ сыныптың жас натуралистер станциясында атқаратын жұмыстың мақсатын былай белгілеуге болады: мектеп оқушылары мен жергілікті халық арасында туған табиғатты байыту және қорғау идеясын насихаттау; мектеп оқушыларын табиғаттың сұлулығын сақтап, оны өзгерту, қайта жасау, түсіну және көре білуге үйрету; оқу-тәжірибе учаскесінде және тірі табиғат мүйісінде жұмыстар жүргізу, туған өлкеге жорықтар, экскурсия жасау кезінде өсімдіктер мен жануарлар әлемін терең оқып үйрену жолдары арқылы табиғатты сүюге тәрбиелеу. Осы негізде мына тақырыптарды жоспарлауға болды:
· Туған өлкенің табиғатын қорғау: корғауға жататын зерзаттарды айкындау ұзақ жасайтын емен, сирек кездесетін өсімдіктер немесе жануарлар, бақ архитектурасының ескерткіштерімен танысу;
· Құстарды, балықтарды, аңдарды және пайдалы жануарларды қорғауды ұйымдастыру, жемшашарлар даярлау және кысқы уакытта құстарды қосымша жемдеу, браконьерлерді айқындап, үлкендерге көмек беру, құстардың пайдасы және оларды корғау және т.б. туралы бастауыш сынып оқушыларымен әңгіме өткізу, "Жасыл ел" бағдарламасымен жұмыс істеу.
· Туған - өлкенің табиғатын байыту пайдалы жануарларды бағалы терілі аңдарды, балықтарды жазда мекенге жерсіндіруге көмектесу; мектеп орналасқан аймақта әлі таралмаған халық шаруашылығына ерекше маңызы бар сүректі, бұта және шөптесін өсімдіктерді өсіру; туған өлкені көгалдандыру мектеп орналаскан елді мекенге және мектептің айналасына бақтар мен парктер, скверлер, гүлзарлар жасап кою.
· Туған өлкенің табиғатын зерттеу мақсатында туған өлкеге топсеруен ұйымдастыру өткізу жылдың әр маусымында - күзде, қыста, көктемде, және жазда жүргізіледі; туған өлке табиғаты туралы әдеби мағлұматтар жинау және оны оқып үйрену; мектептің өлкетану музейін кұру.
Еңбек және экологиялык. тәрбие. Биологиялык білім берудің маңызды мәселелерінің бірі - оқушыларды өмірге, мамандық тандауға және еңбек етуге баулиды.
Өндірісті тек материалдық жағынан, ал еңбекті физикалық заттармен операция жасау жиынтығы ретінде түсінік беру соңғы кезде осы мәселенің шешімінің методологиялык негізі болып есептелген. Осыған орай рухани өндіріс ескерілмей, ал кәсіптік бағдарлануы жалпы мамандықтармен танысумен шектелген. Бұл жағдай оқушылардың интеллектуалды потенциалының төмендеуіне, де себепкер болды.
Биологияны оқыту барысында оқушы барлық өндіріс ортасының (материалды, рухани) технологияларымен танысып, өзінің күшін эмпирикалық, теориялык және конструктивті мәселелерді шешуде байкау қажет. Сонда ғана оқушы өзінің таңдаған болашак мамандығына психологиялық жағынан дайын болады. Бұл өте маңызды шарт болып есептеледі.
Еңбек тәрбиесін беру - адамның бүкіл өмірін қамтитын біртұтас жүйе болуы тиіс.
Экологиялык тәрбие берудің басты мақсаты - адамның табиғатпен бірлестігінде және оның мәдениеті мен барлық практикалық іс-әрекетінің табиғатты пайдалануға емес, тіпті оның алғашқы түрін сақтау да емес, табиғаттың қоғамдық дамуына ыкпал етуіне негізделген адамның жаңа ой, көзқарасының қалыптасуы, әр бір адамның өнегелік қасиетін нығайту болып табылады. Мұндағы принцип адамзаттың әрі қарай дамуы тек табиғаттың дамуымен, оның көптүрлілігі мен байлығына байланысты болашағына негізделген.
Экологиялық тәрбие беру ерте жастан басталу керек. Отбасында және мектепке дейінгі тәрбие беретін мекемелерде бала қоршаған әлем, табиғат туралы алғашқы түсініктер алып, өсімдіктер мен жануарларды қорғаудың, сулардың, ауаның, жердің тазалығын сақтаудың қажеттілігі және пайдалығын түсінетін болады.
Экологиялық тәрбие беруде орта мектептің мүмкіншіліктері ерекше. Өйткені, мектеп табалдырығынан аттап бастағаннан окушы жүйелі білім алуымен қатар тәрбиеленіп, оның әлемге деген көзқарасы дамиды. Мектепті бітіріп, кәмелетке жеткен кезде оқушының әлемге деген көзқарасы біршама қалыптасады.
Оқушының экологиялык мәдениетін калыптастыруда сабақтан тыс және сыныптан тыс тәрбие беру жұмыстарының аса зор ықпалы бар. Бұл жұмыстың табысты болуы мынадай жайларға тәуелді:
· оқушыларды тәрбиелеудегі қойылған максатты айкын жете түсіну;
· экологиялық тәрбие беру процессінің құрылымының компоненттерін анықтау тұрғысында: мақсатын, міндетін, принциптерін, мазмұнын, әдістерін пайдалану жағдайлары, нәтижелерді анықтау әдістері;
· дәстүрлі және активті формалар мен әдістерді, теориялық және практикалық жұмыстарды тиімді үйлестіріп қолдану;
· экологиялык тәрбие беру процессіне ата-аналарды белсендіре қатыстыру;
· оқушылардын, практикалық жұмыстарын нығайту;
· оқушылардың белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру және жергілікті және халықаралық экологиялық ұйымдар жұмысына тарту.
Мектептегі экологиялық тәрбие берудің соңғы мақсаты -білім негізінде оқушылардың өнегелік касиетін нығайту. Ол қасиеттерге: адамның табиғат жайында, ондағы өзара күрделі байланыстарды, адамзатпен табиғат арасындағы қарым-қатынастары жайында білімі, табиғатка және оны корғау мәселелеріне ықыласы; өнегелі сезімдер (сүйіспеншілік, аяныш, т.б.) және эстетикалық (масаттану, тандану, сүйсіну, т.б.) коршаған ортада адамның өзін әдепті ұстауы жатады.
Мұндай жұмыстың табысты болуы мүғалімнің біліміне, шеберлігіне байланысты. Биология мұғалімнің экологиялык тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде барлық мүмкіндіктері бар. Тәрбие жұмысын жүргізу мектептің барлық мұғалімдерінің міндеті. Басқа пән мұғалімдерінің бұл істі жүзеге асыруға базалық білімі жетісе бермейді. Сондыктан, кез келген мектепте экологиялық тәрбие беру жұмысы биолог-мүғалімге арттырылады: мектепшілік, мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру (танымдылық, практикалык, танымдылық-көңіл көтеретін, қайырымдылық, т.б.) және басқа пән мұғалімдеріне кеңес беріп, жәрдем көрсету. Биологиялык білім берудің мәселелерінің бірі - гигиеналық және жыныстық тәрбие беру.
Оқушылардың биология сабағында алған білімдері өздерінің өмірін бағалап, гигиеналык талаптардың маңызын терең түсінуге мүмкіндік туғызады. Гигиеналық тәрбиенің денсаулык сактауға пайдалығын түсіну адамның өзінің денсаулығына қатынасы өзгеріп, өмірін гигиеналык тұрғыдан дұрыс ұйымдастыруға әкеледі.
Гигиеналык дағдының қалыптасуы адамның өзін-өзі тәрбиелеумен тікелей байланысты.
"Тәнтану" және басқа да биологиялык курстарды оқыту барысында оқушыларға гигиеналық тәрбие берудің негізгі мәселелері: тамақтану, ұйқы, еңбек, демалыс, дене, киім, аяқ киім, т.б. гигиенасымен ғылыми тұрғыдан таныстыру және дағдыландыру болып есептеледі.
Гигиеналық және әдептілік тәрбие берудің киын бір саласы - жыныстық тәрбие.
Жыныстык тәрбие - бұл жыныстык дамудың физиологиялык және психологиялық ерекшеліктерімен байланысты гигиеналык және әдептілік дағдының қалыптасуы.
Биологияны окыту барысында окушылардың жыныстық мәселелерге дұрыс қарым-қатынасының қалыптасуына биологиялық білімдер және ұл мен қыз арасындағы карым-қатынастың әдепті-этикалық нормада болуы жәрдемдеседі. "Тәнтану" курсын оқығанда оқушылар адамның ұрықтарының мәнімен, баланың жас организмінің жетілу ерекшеліктерімен және дене шынықтыру мен спорттың маңызымен танысады.
Өсімдіктану және зоология курстарын окығанда окушылар биологиялық түрді сақтауды қамтамасыз ететін, организмдерінің көбеюінің жалпы биологиялық маңызымен танысады.
Оқушылардың биология сабақтарында алған білімдері әдептілік-гигиеналык тәрбие алуына жеткіліксіз. Сондыктан, биолог-мұғалім басқа пән мұғалімдері және медицина кызметкерлерімен бірігіп сыныптан тыс жыныстық тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыруы тиіс.
Жыныстық тәрбие беру процессінде оқушыларға дұрыс өмір сүру принциптері, жыныс гигиенасы, жыныстык қатынастан жұғатын соз ауруларының себептері мен зардабы, СПИД жайлы білім беріп, жыныстық катынастардың моральды-әдептілік негіздерін талқылау қажет.
Жыныстык тәрбие беру әдептілік тәрбиенің қиын саласы болып есептеледі, сондықтан да бұл мәселені жан-жакты қарастыру керек.
Дене тәрбиесі әр бір мектепте, оқыту жүйесіне байланысты, дене шынықтыру сабақтарында, күнделікті жаттығу кезінде, спорттық үйірмелер мен секциялардың сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарында, спорт мектептерінде жүргізіледі.
Дегенмен, дене тәрбиесінің міндеті тек оқушыларды жаттықтыруда емес. Оған коғамдық, еңбектік және тұрмыстык жеке гигиенасы және күнделікті еңбек тәртібімен байланысты қарастырылады. Осы айтылған мәселелердің барлығы адам организмімен танысқанда ғылыми негізделуі керек.
Эстетика - көркемдік, әсемдік зандылыктарын, жағдайларын және элементтерін зерттейтін ғылым.
Эстетикалық тәрбиелеу эмоцияның, көркемдікті ұнату, әсемдік сезімнің дамуына бағытталған.
Мейірімділік (этика) сезімді және әсемдік (эстетика) сезімді тәрбиелеу тығыз байланысқан процесс.
Табиғат әдептілік нормаларға тәуелсіз болғанымен, оның объектілерін зерттеу және қорытындылау оқушының әдептілік тәжірибесін арттырып, дамытады.
Алғашында әдептілік адамның адамға катынасындағы адамгершілік сезімімен аныкталады. Бірақ адам табиғаттың тек бір бөлігі ретінде - бірінші орынға өзінің табиғатка қатынасын қою керек.
3. Қазіргі мектеп биология курсын құрудың негізгі принциптері. Орта мектеп оқулықтары мен бағдарламаларына талдау.
1. Ботаника пәнінің құрылымы мен мазмұны және оқыту әдістемелері.
2. Тәнтану пәнінінің мазмұны мен құрылымы және түсіндіру әдістері.
3. Жалпы биология пәнінінің мазмұны мен құрылымы және түсіндіру әдістері.
Қазіргі мектеп биология курсын құрудың негізгі принциптері, мазмұны және жүйесін қарастырмас бұрын, оқу процессіне анықтама берелік.
Оқу процессінің және оқулықтың мазмұны дегеніміз - адамзат баласының ғасырлар бойы жинаған білім саласындағы байлықтарынан сараптап отырып, жас ұрпақтарды оқыту.
Оқытудың мақсатын анықтау (не үшін оқыту? - деген сұраққа жауап) - бұл оқулық пәнінің дидактика мен әдістемесінің негізгі бір проблемасы болып келеді. Оның шешілуі биология пәнінің құрылысы, мазмұны, оқыту әдісі және жалпы бағытына байланысты.
Биология пәнінің мұғалімі жалпы биология және әр курс бойынша оқыту мақсатын білуі қажет.
Биологияны оқыту мақсаты - қазіргі мектептерде негізінен оқушыларды тәрбиелеу мен жалпы оқыту мақсатымен байланысты. Мектепте білім берудің мазмұнын қалыптастыруда үлкен маңызы бар мәселенің бірі әлеуметтік жүйелер мен ғылымның жетістіктері болып табылады. Биологияны оқыту әдістемесі бойынша зерттеу нысандары негізінен мектептегі педагогикалық үрдіс болып, ал зерттеу пәні биологиялық пәндерді оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі таңдағы ең өзекті деген проблемалары болып табылады.
Мектептегі биология пәнінің мазмұнына оқулықтар мен бағдарламалардағы жақсы сипатталған білім, біліктілік және идеялық көзқарас ұғымдары кіреді. Дәстүр бойынша мектепте білім берудің мазмұнын қалыптастыруда үлкен маңызы бар мәселенің бірі әлеуметтік жүйелер мен ғылымың жетістіктері болып табылады.
Оқу процессін ұйымдастырушы, анықтаушы фактор - мектеп. Жалпы мемлекеттік стратегия жеке білімнің дамуына байланысты. Білім берудің мазмұны екі бағытта: ұлттық және жалпы адамзаттық мазмұнында жүргізілуі тиіс. Бұл білім берудің негіздерімен, гумманизациялау, жекелеу, біріктіру, жаңа ақпараттық оқу технологиясын қолдану және жеке тұлғаларды қалыптастыру болып есептеледі. Білім берудің тиімділігі және танымдылықты арттыру мақсатында білім берудің спиральды құрылымымен мазмұндау ерекшеліктерінің бірі, оқушы өзінің көз алдына басты проблемаларды ұстай отырып, білімдік мәселелерді біртіндеп кеңіте береді.
Ботаника Өсімдіктану пәнінің құрылымына келер болсақ, ботаника жақсы дамыған ғылымдардың бірі. Ботаника өзінің мазмұны және құрылымы жағынан да өте күрделі, ғылыми маңызды. Көптеген ғылыми зерттеулердің арқасында нақтылы материалдардың жинақталуына байланысты ботаника ғылымынан бірнеше жеке салалар дами бастады. Қазіргі ботаника ғылымының 20-ға жақын негізгі бағыттары мен тараулары бөлініп жеке бір салаларына айналды (альгология, микробиология).
Балдырлар, саңырауқұлақтар, қыналар және мүктер қазіргі ботаниканың жеке бір саласы болып табылады. Балдырларға келетін болсақ ол топырақ жасалу процессіне қатысумен қатар су экосистемасының динамикалық тепе-теңдігін сақтауға қатысады. Ал осы топтағы өсімдіктердің практикалық маңызын, қызық факторларын оқушыларға айтуға болады. Мысалы, жасанды тоғандарда балдырлар балық үшін ең бір азық қоры болып есептеледі. Балдырларды пайдалана отырып сулардың, тоғандардың әртүрлі ластануын табиғи жолмен тазартуға қолданылатыны да үлкен маңызды іс. Көптеген балдырлар биоиндикаторлар. Олар арқылы топырақтың, сулардың ыластануын анықтауға болады. Ғылыми жаңалықтар бойынша балдырлар ластанған суқоймаларынан ауыр металдарды сіңіріп, фиторемедиацияға қатысады.
4. Мектеп пәнінде биологиялық ұғымдарды дамыту теориясы мен әдістемесі.
1.Теориялық және эмпирикалық ұғымдар
2.Ұғымдарды дамыту теориясы
3.Ұғымдарды дамыту әдістемесі.
Ұғым - білімнің жинақталған түрі және сонымен қатар биологияны меңгеру үрдісінде оқушылардың ойлау формасы.
Жекеленген деректерді, сыртқы белгілерді және қасиеттерді жазып алу, оларды қорту және жіктеу эмпирикалық ұғымдарға әкеледі, оның жай түсініктен айырмашылығы шамалы. Бұл деректі жазып алатын білім, ол тек құбылыстардың сипаттауын ғана береді, олардың мәнін ашпайды. Таным тарихында бұл білімдері мен практика бірте-бірте теориалық ұғым (білім) құралатын қор болды.
Мектептегі биологиялық білім беруде әдетте барлық білім эмпирикалық ұғым қатарына шығарылады. Ұғымдарды дамыту әдіснамасы принциптері:
Табиғи нысандардың немесе олардың көріністерін қабылдаудан--олар жөніндегі түсінікке дейін, түсініктен--ұғымға дейін қарапайым ұғымдардан--күрделі бірнеше элементтерден тұратын : арнай ұғымдардан-- жалпы биологиялық ұғымдарға дейін. Таным теориясында ұғымдар абстрактлық ойлау сатысында шындықты бейнелеудің формаларының бірі.
Құбылыстарды сипаттайтын эмпирикалық білімге қарағанда, теориялық білім ғылымды түсіндіріп, мәнін ашады және ғылыми дүниетанымға, әлем бейнесіне және практикалық проблемаларды тиімді шешуге негіз болады.
Эмпирикалық танымнан теориялық танымның айырмашылығы,ол біртұтастықтан шығады да оның құрылымын түсінуге, элементтерінің байланысын,олардың қызметі мен дамуын түсінеуге себеп болады.Теориялық білімді қалыптастыру жолы-абстрактылықтан нақтылыққа өрлеу (шыңына шығу).Абстраклық-айқын емес, анық көрінбейтін, бірақ әйткенімен де таным нысанын толық анықтайтын, оның жетілмеген ұрықтық формасы,бөлшегі .
Танымның негізгі кезеңі - сезім (түйсік),қабылдау және елестету.
Сезім - ол шындық дүниені бейнелейтін түйсіну формасы ,ол барлық таным үрдесінің алғашқы баспалдағы.Олардың негізінде нысанның тұтас кейіпін беретін ,оның сыртқы ерекшіліктерінің жиынтығын көрсететін (яғни жалпы алғанда зат)қабылдау болады.Қабылдау ол ұғыну сезімі үрдісінің бастауы . Қабылдау негізінде елестету пайда болады .Елестету - заттармен құбылыстарды адам санасында тікелей қабылдау барысында еске түсіру (жаңарту).Осыдан ұғым пайда болады деуге болады.
Ұғымның күрделілік дәрежесі заттар мен құбылыстардың толық көрінуімен анықталады. Ұғым күрделі болған сайын ,оның мазмұнында көптеген заңдар болады. Осы жағдайдың оқушыларды оқытуда маңызы зор, өйткені ұғым неғұрлым күрделі болған сайын (яғни, оның көлемі толығырақ), соғұрлым оқыту үрдісінде оны ашу жолы ұзақ болуы тиіс. Бұл - эволюциялық, эклогиялық, цитологиялық және т.с.с. көптеген биологиялық ұғымдарға тән.
Күрделірек ұғым деген сөз ол ұғымда көп белгілер, көп ақпараттар бар деген сөз. Сонымен қатар ұғым мазмұнының күрделілігі тек ондағы белгілерді көрсететін элементтер құрамымен ғана емес, олардың сапалық әртүрлілігімен, мінез- қылығымен және байланыстармен де анықталады. Осы ерекшелік әсіресе жалпыбиологиялық ұғымдарға тән. Сондықтан мектептегі білім беру үрдісіне тән ерекше бір жағы ол- ұғым мазмұнының құрылымы болып табылады.
Биологиялық теориялық ұғымдар. Биология пән ретінде логикалық ретпен дамитын және өзара байланыста болатын ұғымдар жүйесі болып есептеледі. Теориялық ұғымдарды қалыптастастыру кезеңдері мынадай: алғашқы тұтастық абстракцияның құрылуы (жасушаның) - оның байланыстарын үзбей бақылау -- оларды абстрактылық анықтамаларда көрсету - анықтамалар синтезі.
Сондықтан оның дамуы теориялардың алмасуы барысында жүзеге асады, өйткені оның оның мәнін теория ашады. Мысалы, ген ұғымы әуелі абстракция ( тұқым қуалау бірлігі) сияқты қалыптасады, онан соң хромосомалық теория деңгейінде нақтыланып содан әрі генлік деңгейге дейін дамиды.
Теориялық білімді түсінуге ықпал ететін не екенін де ескерген орынды. Ол ақпараттың нақты логикалық құрылымы, абстракциялар мен ұғымдардың пайда болуы үрдістістерінің ойша айтылуы және абстракциялардың әлем бейнесімен және эмпирикалық материалдармен ара қатынастарын белгілейтін бейнелер (нобайлар). Әрбір ұғым бірте-бірте дамытылады , күрделенеді. Мысалы, жапырақ ұғымы тақырып бойынша бірінші сабақта әлі қарапайым , алғашқы, тек бір ғана білім элементі бар ұғым . Оқушылар жапырақтың жасыл тақтасы мен сағағы барын , яғни , сыртқы формасы жайлы ғана қарапайым ұғым алады.
Осы тақырыпты оқу соңына қарай жапырақ ұғымы күрделеніп оқушылар олардың суды буландыруын, әртүрлі өсімдіктер жапырақтарының бейімделу белгілерін (түк басу жапырақ тақтасының кішіреюі, инеге айналу т.б.) біледі. Жапырақ деген күрделі ұғым морфология , анатомия, физиология және жапырақ экологиясы сияқты ұғымдарды жинақтап қорытады.
Ұғымдарды дамыту теориясы.
Ұғымдарды дамыту дегеніміз - шын мәнінде білімді бірте - бірте толықтыру мәселесі береді , олай болса оқытудың қандай да бір кезеңінде оқу пәніндегі ұғым мазмұнын кеңейтеді. Биологиялық ұғымдарды дамыту қарапайымнан күрделіге қарай немесе нақтыдан талданып қорытылғанға абстрактылыққа қарай жүруі мүмкін.
Жалпы биологиялық заңдылықтар жөніндегі ұғымдар: ағзалардың жасушалық құрылысы, мүшелердің формасымен функциясымен байланысы, ағзалардағы зат және энергия айналымы, өзін-өзі реттеуі , өзін-өзі тудыруы, көбею, органикалық дүниенің дамуы т.б.
Оқыту міндеттері - ұғымдарды жоспарлы тудыру мен оны дамыту болып есептеледі. Ұғымдардың көпшілік бөлігінің дамуы бағдарлама мазмұнына,тақырыптардың логикалық тізбектестігіне байланысты сияқты. Дегенмен осы өткен жылдарда анықталғандай осы ұғымның дамытылып жылжуында біраз ақтаңдақтар бар. Мысалы ,балалар 6-шы сынып курсы соңында өсімдіктер мен жануарлаға тән ерекше белгілерді олардың қызметін байланыстыра алмайды. Оқушылар біліміндегі осындай олқылықтар мен білімді меңгерудің әлсіздігі олардың білімінің қабылдау деңгейінде немесе алғашқы қарапайым түсінік деңгейінде қалуынан болады . Бір сабақта немесе бір тақырыпта қалыптастырылған ұғым басқа ұғымдармен байланыстырып әрі қарай дамытылмайды . Ал әрбір оқу пәнін оқыту дегеніміз білім жүйесінің үздіксіз үрдісі екенін есте ұстаған орынды (К.Ушинский). Ұғымдарды дамыту үшін ұстаз шеберлік танытып,көп күш жұмсап үнемі мқсатты бағытталған түрде әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы шығармашылқпен еңбек ету керек.
Биологияны оқыту әдістемесінде ұғымдарды қалыптастыру мен дамытуға бұрыннан бері зор көңіл аударылады. Н.М. Верзилиннің жетекшілігімен Биологиялық ұғымдарды дамыту теориясы жасалды (1956). Бұл еңбек биологияны оқыту әдістемесіне маңызды оқиға болды. Теория мектеп курстарында және жалпы алғанда биология пәнінде оқу материалын таңдауды анықтауда және орналастыруда ғылыми қор (база) жасады, оқыту әдістері мен тәрбиені қайта қарауға әсер етті. Ұғымдарды дамыеу теориясы арнайы зерттеулер аясында, оның ішінде биологиялық ұғымдардың арнайы топтарын (табиғаттанушылық, , экологиялық, эволюциялық физиологиялық, систематикалық, генетикалық т.б.) дамудың тиімді әдістемесін жасауда, оқушылардың өз беттерімен ойлай алуын дамытуда, орта мектепте биологияны оқыту әдістерін дамытуда біраз бағыттарды белгіледі.
Мұғалім ұғымды жетілдірудің барлық жолдарын, оның бір-біріне араласуы, қосылуы жағдайларын білуі керек. Жалпыбиологиялық басты ұғымдарды ажыратып, олардың тақырыптан тақырыпқа , курстан курсқа қарай жылжуын бақылап отырған дұрыс.
Жасуша жөніндегі тақырыптарда оқушылар жапырақтың қарапайым құрылысымен танысып, жекелеген ұлалар жөнінде мағлұматтар алады. Жемістер және Тұқым тақырыптарында олардың түрлерімен, құрылыстармен танысып қарапайым түсініктер алады. Тамыр тақырыбында құрылысы мен суды сору қызметі жөнінде мағлұмат алады, Жапырақ тақырыбында оның ішкі және сыртқы құрылысы жөнінде түсініктер бар. Осы сыныпта берілетін зат алмасу Фотосинтез, Жапырақтың суды буландыруды және Өсімдіктердің тыныс алуы деген тақырыптар күрделі де маңызды зат алмасу ұғымы жөнінде мағлұмат береді, бұл тіршілік әрекеттерімен және тіршілік жағдайларымен байланысты болғандықтан ерекше көңіл аударуды қажет етеді. Осы жердегі ұстаздың міндеті ұғымдардарды дамытуда жалпы өсімдіктерде қандай үрдістер жүретіндігі және олардың байланысының қандай жағдайларын түсіндіру.
Ұғымның дамуына себін тигізетін: оқу материалын баяндау логикасы: қорытындылауды талап ететін мәселелерді қою: анықтау, салыстыру, жіктеу сияқты қабілеттерді жаттықтыру: ескі білімді жаңамен байланыстыратын қайталау жүйесі, шығармашылық сипаттағы тапсырмалар, сұрақтар беру.
Биологиялық ұғым тек сол уақытта дұрыс қабылданады, егер оқылатын құбылыс не зат жөнінде анық түсінік болса, яғни тікелей қабылдау, бақылау, көру болса. Биологияны оқытуда оған тән ерекшелік- оқылатын затты қарау және зерттеу.
Ұғымдардың алғашқы пайда болуына аса маңызды болатын- тірі нысандарды көру. Ұғымдарды одан әрі дамытуда тірі нысандардан басқа, әртүрлі жасанды көрнекіліктер: кестелер, сызбанұсқалар, суреттер, кинолар жақсы көмек болады.
5. Дәстүрлі емес сабақтар. Дидактакалық талаптарға сай орындалатын дәстүрлі емес сабақтардың түрлері.
1. Қазіргі сабақ қандай болуы керек?
2. Дәстүрлі емес сабақтар түрлері.
Дидактикалық талаптарға сай ұйымдастырылған оқыту формасы оқушының оқуға деген қызығушылығын арттырып, білім игеруде ерекше ықылас тудырып ұстазға да шәкіртке де шексіз шығармашылық мүмкіндік береді.
Қазіргі таңдағы мұғалімдерге кездесіп жүрген оқушының таным белсенділігінің, қызығушылығының, тіпті оқуға құлқының төмендеу проблемалары себептерінің негізі- сабақтардың бірсарындылығы. Ұстаз еңбегіндегі күнделікті ізденістің болмауынан оқытудағы бірізділік пайда болады, ол-бірте-бірте балалардың сабаққа деген қызығушылығын жояды. Ендеше, қазіргі сабақ қандай болуы керек?- десек, ол- тек қана шығармашыл болуы керек.
Оқытудағы классикалық әдістеме ғылым мен техника дамуы деңгейіндегі жеңіл мен қиын ұғымдарды ғана меңгеруге болады. Ал осы күндері оқушылар алатын ақпарат жан- жақты көп (теледидар, электронды почта, интернет .б.) сондықтан, олар көп нәрсені ерте біледі. Осындай әлемде өмір сүріп отырған бала бір пәнге қызықса, одан өте көп көлемде хабарлар, деректер шығаруға қабілетті. Ендеше, ол сол өзін қызықтырған мәселе жөнінде жоғары көрсеткіш көрсете алады.
Қазіргі кезеңдегі түпкілікті өзгеріп отырған экологиялық жағдайларға байланысты, биологиалық білім берудің басты мақсаты мен міндеттерінің бірі оқушыларда биологиалық ойлауды, қарапайым болса да ғылыми болжамдар құру мен оны тексеруге дәлелдер іздеуді және жоспарлай білуді дамыту.
Мектептегі оқытуда соңғы кездегі ғылыми-әдістемелік басылымдар беттерінде көптеп беріліп жүрген сабақ түрлері заман талабының көріністері. Толық мәнді жаңаша білім беру - бала мүмкіндіктерін барынша пайдалануға жағдай жасау. Оның басты әдіснамалық білім беру міндеті- бала қабілетін дамыту және тәрбиелеу .
Дидактика классигі И.Г.Песталлоций еңбектерінде тәрбиелеу өзінің индивидуалдық ерекшеліктерін сезіне отырып, өзін-өзі тудырушы балаға көмек көрсету деген пікір-түсінік айқын байқалған.
Мұғалімнің оқушымен бірлесіп шығармашылық еңбек етуі ғалым В.И.Андреевтің пікірінше мынадай ережелер сақтау негізінде іске асады:
Педагог мүмкіндігінше, өзінің ұстаздық шеберлігін және шығармашылық қабілеттерін үнемі дамытып, отыруы қажет .
Замана талабына сай билогиядан оқу - тәрбие үрдісін жетілдіруде негізгі нысана етіп мына принциптерді ұстаған дұрыс: білім беруді оқушыларда ақпараттар қорын толтырумен шектемей бала белсенділігі дамуының тәсілі, ретінде қарастыру. Себебі белсенділікті дамыту шығармашылық жеткізеді, ендеше ол межеге жетуді белсенді оқыту арқылы жүзеге асыруға болады.Осы тұрғысында негіздейтін болсақ, шығармашылықты қалыптастыруда және дамытуда белсенді оқытудың жүйесі қажет. Зертеушілік әдіс , эвристикалық әдіс және басқа белсенді оқыту жолдары өз қызметтерін толық орындау үшін қалай ұйымдастырылу, қандай сабақтар жүйесі керектігін биология пәні ұстаздары мен әдістемешілер анықталуы қажет .
Ұстаздар тәжірбиелерінде өткізіліп жүрген, осы талаптарды орындай алатын дәстүрлі емес сабақтар түрлерін: іскерлік ойындар, танымдық ойындар, конфереция сабақ, пресс- конференция, саяхат сабақ, интеграциялық сабақ ертегі, аукцион, жарыс сабақтары, КВН, спектакль, сот виктарина, және брейнсторминг сабақтары деп топтауға болады .
Дәстүрлі емес сабақтар дегеніміз- сабақ құрылымын оқу - тәрбие үрдісінің мақсаттарына сай өзгертіп оқушының шығармашылықпен білім игеруінің субьектілік үлесін жоғарлататын формасы .
Осындай сабақтар кезінде оқушы субьект ретінде болып өз әрекетін өзі толығынан басқарып, ұйымдастыру, іздену тұрғысында өтеді. Осы кезде таным қызығушылығының механизмі әржақты күрделі, оқушының тұлға ретінде қалыптасуына негіз болады, өйткені ойлау үрдісі күрделі тізбектен құралып, жорамалдау, қажетті әдісті таңдау, білім - біліктің түрлерінің сыналуы және әртүрлі шешімдердің саралануынан ең қажеттісі таңдап алынады. Бұл жағдайда оқушының барлық іс- әрекеті өзі үшін аса маңызды болып, шығармашылығы зор қуаныш әкеледі, ашқан жаңалығына таңдау, өзбетімен қиындықты жеңгеніне, басқаға көмектескеніне, тапқырлығына, білім игеруде алға жылжығандығына рахаттанады, эмоциялы қуаттанады.
Мысалы: Баяндама - сабақтың бір көрінісі. Бұл бұрын да қолданылып жүрген әдіс, бірақ баяндамашының оқытылатын жануар кейіпінде болуы жаңалық , өйткені әңгіме кейіпкерден айтылады. Осы кезде тыңдаушылар көңілі бірден ауып, берілген жануар ерекшеліктерін, мекен ету ортасын анық, тереңірек түсінуге жол ашады. Кейде оқушы киімі де жануардың түр- түсін, ерекшеліктерін айқындайды. Монолог пәнінің ғылымилылығы тұрғысынан дұрыс құрылуы тиіс, ол үшін баяндамашы жан - жақты дайындалып, ақпараттар іздеуде белсенділік тануы керек.
Сүліктің монологы. Мен - сүлікпін! Неге сіздердің бет әлпеттеріңіз өзгеріп кетті? Қайдағы бір балық, құс емес, медициналық сүлікпін. Латынша өте әдемі: Гирудо медициналис. Әрине, мен паразитпін, олай болмағанда ше, тіршілік ету керек? Бірақ мен пайдалымын. Адам баласы маған көп қарыздар, сондықтан маған ескерткіш қоятын шығар. Ит пен бақаға да қойды ғой, сол сияқты Ризашылығын білдірген адамзаттан - деп жазып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz