Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихи музейі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І.Кіріспе
Берекелі еңбектің берері мол.
ІІ. Негізгі бөлім
ІІ.1. Ақ күріштің атасы – Ыбырай Жақаев
ІІ.2. Күріш дақылының ерекшелігі
ІІ.3. Ыбырайдың күріш өсіру тәжірибесінен ( өнім сыры )
ІІ.4. Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихи музейі
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдалынылған әдебиеттер

Мазмұны
І.Кіріспе-------------------------- ----------------------------------- ------
---1-3бет
Берекелі еңбектің берері мол.
ІІ. Негізгі бөлім------------------------------ -----------------------------
-4-14бет
ІІ.1. Ақ күріштің атасы – Ыбырай Жақаев----------------------------- --------
--4-6бет
ІІ.2. Күріш дақылының ерекшелігі------------------------- -------------------
----7-10бет
ІІ.3. Ыбырайдың күріш өсіру тәжірибесінен ( өнім сыры )-----------------10-
13бет
ІІ.4. Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихи музейі----------------13-
15бет
ІІІ. Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- -
16бет
ІV. Пайдалынылған әдебиеттер------------------------- ----------------17бет

Кіріспе

Әуелі тәңірі жерге береді,

Жерге берсе елге береді,

Елге берсе ерге береді.
Ы.Жақаев.
Мақсатым: Ақ күріштің атасы дала академигі атанған Ыбырай Жақаевтың
өмірі мен қоғамдық қызметін, өнегелі өмірінің, қанатты нақыл сөздерінің
туған ел, туған жерге арналғанын және дархан пейілді, жомарт мінезді,
адамгершілігі мол, жүрегінен иманы төгілген қарапайым, өз еңбегінің
арқасында даңққа бөленген еңбек адамының шынайы бейнесін ашу және азаматтық
болмысын таныту.
Кешегісіз бүгін жоқ. Аудан тарихы - халық тарихы.
Әулие мекеннің әмбия дәстүрінің арасында қол бастаудың да,жол
бастаудың да, асыл тумасынан арыла сусындаған шиеліктер уақыт ағымына сай,
өз бастауын қалыптастыруды күні бүгінгі тәуелсіз кезеңге келісті келбетпен
келіп жетті.
Шиелі ауданы-ежелгі Сырдария өзенінің орта ағысында орын тепкен киелі
мекен. Шығысында алты алашқа Оңтүстік өңірге етене сұғына жатқан қазақтың
тауының атасы қарт Қаратау жатыр. Одан әрі Арқадан бастау алып Шиелі жеріне
келіп тірелетін сырлы өзен сарысу Таңбалы тас тұр. Талай тарихи оқиғаның
куәсі болған Телікөлде осы елде.
Шиелі - мақтауға да, мақтануға да тұратын, жерінің байлығы құт -
қамбамызға ырыс болып төгілген, елінің иманы ар-ұят болып өрілген қымбатты
да қасиетті мекен. Оның киелі топырағында күллі түркі әлемінің көрнекті
қайраткері Мұстафа Шоқай, дән атасы Ыбырай Жақаев, ән атасы Нартай
Бекежанов, ғұлама ғалым бастаған алыптардың ізі сайрап жатыр. Сыр бойының
саңлақ ақыны, жауһар жырдың абызы атанған Әбілдә Тәжібаев пен қазақ сынының
сардары атанған Мұхамеджан Қаратаев,әйгілі математик Асқар Жұмаділдаевтарда
осы Шиелі жерінің төл перзенттері.
Шежірелі Шиелінің отырықшылыққа мойын бұрғаннан кейінгі сенгені
егіншілік еді. Ата-бабамыз асыл сөзі, қанатты қайырымы: мансап соңы -
өкініш,сауда соңы-борыш, диқан жолы-кеніш деп, ой тастайды. Баба сөзінің
бағамды екенін уақыт дәлелдеді. Егіншілік Шиеліге даңқ тұғыры болып
төселді.Сонау ерте ғасырда-ақ гүлденген егіншілік өлкесі болған. Сыр
өңіріндегі біздің дәуірімізге дейінгі суландыру жүйелері бертін келе кешегі
Кеңестік кезеңде құмбыл қолға алынып, бүкіл халықтық құрылыс екпінімен есте
қалды.Мыңдаған кетпеншілердің маңдай терімен қазылған каналдар мен
тоғандар, тоспалар мен су қоймалары агротехника күрт дамып, егіншіліктің
инженерлік жүйесі енгенге дейін осы аймақты толық суландырып, тіпті бүкіл
дүниежүзілік рекордың өнім берген қазақтың салы күрішін де құмарын қандыра
суарды. 1940жылы Шиелі каналының жүрер жолына күріш егіп 22 центнерден өнім
алған Ыбырай Жақаев араға 7 жыл салып дүниежүзілік рекорд жасады- гектарына
170 центнерден өнім алды.Бұл қасиетті Сыр-Ана мен Тіршілік қайнары Су-
Ананың, туған жер төсіне лайық сапты қара

1
кетпенмен, ерлік еңбек дастанын жазар Дән-Атаның табысуы еді. Осыдан кейін-
ақ жер мен елдің, еңбек ерінің аңызға айналған атағы аспандап жүре берді
Сыр маржаныдеп мазмұнды атақ алған дақыл өсірудің майталманы ақ күріштің
атасы, дала академигі атанды. [1]
Күріштен саған гүл ектім,
Жайқалтып жасыл бақшаңды.
Жалының оран жүректің,
Арнадым осы жақсы әнді.
Жанымдай жақсы көретін,
Маржаны сырдың Шиелім.
Саз саңлағы Әсет Бейсеуов пен Сыр сарбазы Дүйсенбі Смайловтың осынау
әнге арқау болған сан сазгердің сезімін толқытып, жыр жампоздарының жүрегін
тербеген.
Күріш - аса бағалы,неғұрлым мол өнімді дақыл. Дүние жүзінде ең көп
тараған дақылдардың бірі – осы күріш, жер шарындағы халықтардың бестен
үшінің негізгі тағамы да күріш.
Күріштің азықтық сапасы өте жоғары. Күріштен дәмі тәтті, бойға сіңімді
көптеген тағам жасалады. Күріш дәнінің қалдығы сиырға, құсқа, шошқаға
құнарлы жем. Оның сабанынан мал сүйсініп жейтін сапалы сүрлем әзірленеді.
Күріш сабанынан әр түрлі құрылыс материалдары да жасалады.
Құнарлы да, құтты өңіріміз Шиелі ауданының негізгі байлығы күріш.
Сонау колхоздастыру дәуірінен бастап-ақ Сыр өңірінің қолайлы ауа райы
күріш егістігін К 0020 ең көлемде қолға алуға мүмкіндік берді. Міне, сол
кездерден бастап-ақ Шиелі ауданы күрішті егіп, өсіруде Сыр өлкесінің өзге
аудандарына үлгі болып келеді.
Құдайға шүкір егемендік алдық. Қазақстанды бүкіл дүниежүзі таныды.
Тарихымызға талпыныс басталды. Аудан негізінен ауыл шаруашылықты аудан
болғаннан кейін егіншілікке, мал басын молайтуға үлкен бет бұрыс жасалды.
Аудан алғаш құрылған жылы барлық егін көлемі, 1911 жылдарға дейін күріш
дақылының өзі 16 мың га-дан асты. Оның әр га-нан 39-42 центнерден өнім
алынып жүрді. Тек күріш өсірушілер есебінен 35 Социалистік Еңбек Ері шықты.
Атақты күрішшілер қозғалысынан кейін облыстағы Жақаевшылар қозғалысына
ұласты.
1980-1991 жылдар аралығында жыл сайын 550-600 мың центнерден тұрақты
күріш сатуды қамтамасыз етті. Мал шаруашылығы саласында өрлеу жылдары
болды.
1991 жыл бұрынғы ССРО елдері сияқты Қазақстанға да ұлы өзгеріс алып
келді. Еліміз егемендік алды, өз байлығы өзіне, өз билігі өзіне тиді. Әрине
тосыннан келген жаңа қоғамдық құрылым, жаңа нарықтық бағыт біраз қиындықтар
келтірді. Елде басталған жекешелендіру саясат жоспарсыз, негізсіз
жүргізіліп, біраз шаруаны шайқалтып тастады, ондаған жылдар жиналған мүлік
талан-таражға түсті мықтылардың қолында кетті. Бар ауырлық халықтың мойнына
түсті.
Алайда бұл қиындық бірте-бірте орнына келе бастады, ел есін тез жинап,
жаңа бағытта құлшына кірісіп кетті. Біздің Шиелі ауданы да осы кезеңдердің

2

қиыншылығын түгел бастан өткерді. Бұрынғы 13 колхоз, совхоздың орнына
322 шаруа қожалығы, 700-ге жуық шағын және орта тектес субьектілер мен жеке
кәсіпкерлер қалыптасып, қазір жемісті еңбек етіп келеді. 1991 жылы
басталған жаңа нарық қиындығын аудан 4-5 жылдың ішінде артқа салып, тек
ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, кәсіпкерлік саласында игерілу ғана емес,
әлеуметтік мәдени саланы да игерілуі болды. [2]

3

ІІ.1. Ақ күріштің атасы – Ыбырай Жақаев

Ыбырай 1891жылы Шиелі ауданы Қарғалы ауылында дүниеге келген. Он
жасында анасынан айырылған Ыбырайдың балалық жастық шағы әкесі Жақаймен
бірге жер өңдеп, тары егумен өткен. Оның Диқаннан туыппын, диқан боп
өсіппін, дейтіні де сондықтан. Отызыншы жылдары колхоз ұйымдасқанда
Жақайдың Ыбырай, Боранбай, Қарабай атты балалары коллективтік шаруашылыққа
мүше болып, осы күнгі іргелі шаруашылық Қызыл Ту колхозының қабырғасын
қаласты.
Сыр бойының құнарлы да құтты өңірлерінің бірі Шиелі ауданы. Негізгі
байлығы күріш болса, оның қасиеті туралы халық аузында неше түрлі аңыздар
да бар. Баяғыда елін асыраған жас диқан аспанға аттаныпты. Онда
аспандықтардың көл-көсір жинап жатқан аппақ, алтындай дәнін көріп таң
қалады. Бұндай дән жер бетінде бұрын соңды болмаған. Не де болса алып
кетудің амалын ойлайды. Алайда, аспандықтардың сарбаздары жас диқанның дән
алып бара жатқанын сезіп, бұл қасиетті дақылдың тұқымын жерге жібертпей
қояды. Бірақ ел үшін, халқының байлығы мен келешек молшылығын арман тұтқан
диқан қалайда жерге алып түсіп, оны халық игілігіне айналдыруды арман
етеді. Бұл жолы ол талай жыл жер таптап, жалаң аяқ жүріп беріш боп біткен,
шырт-шырт айрылған табанымен суырылып жатқан дән үстінен бірнеше рет жүріп
өтеді. Жолдағы күзетші де, дән құпиясын сақтамақ болған аспандықтар да оның
бұл қулығын сезбей қалады. Диқан сол табанындағы қатпардың арасындағы дәнді
жерге әкеліп, адамзаттың болашағына деп күріш дәнін сепкен екен, деседі.
1938 жылдың ақпанында Қызылорда облысының ашылуына байланысты Жаңақорған
ауданынан Шиелі бөлініп, жеке отау тікті. Бұл кезде ауданда 31 елді
мекендерді құрайтын 9 ауылдық кеңес бар еді. Аудан шаруашылықтары бұл кезде
күріш, мақта егу және мал өсірумен шұғылданатын.
Бұл кезең күріш егісі Шиелі ауданында енді игеріле бастаған қауырт шақ.
Күріш өнімі де мардымсыз болатын. Алайда, дарияның арғы бетіндегі Қызылқұм
қойнауының Қарғалы қонысында ғы 33 мүше боп, артель құрған шағын ауыл
коллективтік өмірдің алғашқы баспалдағын аттап, күріш егуге бет бұрған. Осы
артельдің негізін қалап, оған Қызыл Ту деп ат қойған да Ыбырай Жақаев
еді. Бұл - 1929-1930 жылдар.
Диқан жолы Қызыл ту колхозының егіс танабынан басталған. Жаңадан
құрылған аудан алдында дәнді дақылдар егу және жалпы ауыл шаруашылығы
өнімдерін мол өндіру міндеттері тұрды. Міне, осы кезеңдерде іргесін сол
1930 жылдардың басынан алынған аудан көлеміндегі Ленин атындағы,
Коммунизм, Гигант, 1 Май және Большевик колхоздары астық молшылығын
жасауда стахановтық қозғалыстардың жүлделі сапында жүрді. Бұл кезде қазіргі
аты шулы Авангард совхозының іргесі қаланып, күріш өнімін молайтушылардың
жаңа легі сап түзей бастаған. Осы ұлы аттаныс басында әркез Ыбекең

4

тәрізді қажыр мен қайратқа суар ған диқандар қауымы жүрді. Бұл жылдары
халық құрылысы болып жарияланған басты магистральді каналды салу жөнінде
екпінді жұмыстар жүріп жатты. 1939 жылы Шиелі каналы 15 мың гектар жерді,
ал теріскейдегі Шіркейлі каналы 13 мың гектар жерді суарды. Міне, осы сәтте
Шиелі ауданының еңбекшілері де ел алдындағы міндетті түсіне отырып, жер
суландыру мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Олар
үкімет жоспарын өздерінің молшылық жоспары деп түсінді. 1940 жылдың үшінші
сәуіріндегі санында орта лық Правда газеті былай деп жазды: Екі каналдың
жеделдетілген құрылысы аяқталды. Қызылорда, 2сәуір. Қармақшы және Шиелі
аудандарының колхозшы лары кеше екі каналдың жеделдетілген құрылысын
бастады. Қармақшы ауданында ұзындығы 19 километрлік, Шиелі ауданында
ұзындығы 27 километрлік 20 мың гектардан астам жерді суланды ратын каналдар
қазылатын бола ды. Канал құрылысында 4 мыңдай колхозшы, инженер-техник тер
еңбек етуде.
Соғыс алдындағы 1940 жылы бүкіл облыстағы тәрізді Шиелі ауданында да
Үлкен каналдың құрылысы келесі ұрпақты таң қалдыра отырып, қанат жайған
еді. Жұмыс көлемі және суландыратын жер көлемі жөнінен ол осы уақытқа дейін
салынған каналдардың бәрінен асып түсті. Егер осы кезге дейін облыстағы
барлық каналдар 75 мың гектар әртүрлі егістік алқапты суландыр ған болса,
ал мына 40 мың кетпеннің күшімен екі айдың ішінде мерзімінен бұрын ел
игілігіне берген қолдан қазылған жасанды өзен құрылысы біткеннен кейін 100
мың гектардан астам танапқа ылғал беруге тиіс еді. Бұл елдің көптен күткен
арманы-тын. Бірақ зор көлемімен өлкені тыңдандырған каналмен Сыр өңірін
суландыру жөніндегі жұмыстар аяқталған жоқ, керісінше, ол енді бастау алған
еді.
Ыбырай Жақаев осы жылдарды Қызыл ту колхозында алғаш құралған күрішшілер
звеносының бірін басқарды. 1940 жылы Жаңа Шиелі каналы салынатын жерге егін
егіп, Ыбекең күріштің әр гектарынан 22 центнерден өнім алды. 1941 жылы оның
звеносында күріш өнімі екі есе жоғарылап, орта есеппен 43 центнерден
айналды. Мұның өзі ол кезде осы өңірдегі колхоздарда бұрын-соңды болып
көрмеген мол өнім. 1942 жылы Ыбырай Жақаевтың зве носы жаңадан участок
таңдап алды. Олар бұл жерді қолдап бұта қалдықтарынан тазартты, ой-шұқырын
мұқият тегістеді. Күзде тереңдігін 22-25 сантиметр етіп, сүдігер жыртты,
қысты күні сүдігерге көп етіп қызған көң төкті. Көктемде егістікті тұқым
себуге жақсылап әзірледі. Тұқымды Ыбырай Жақаев өзі қолымен бұрынғыдан бір
жарым есе артық септі. Тұқым себерде, одан кейін, өсімдік қияқ алған соң,
барлығы екі рет минералды тыңайтқышпен үстеп қоректендірді. Арам шөпті
көрінген сайын тамырымен бірге жұлып, құртып тастады. Сөйтіп, күріштен мол
өнім алудың сыры ашыла бастады. Күріш плантация сында өнім неғұрлым арта
түскен сайын Ыбырайдың өз табысына көңілі толмау сезімі күшейе түсті.

5

Тап сол жылы өзі көп жылдардан бері еңбек етіп жүрген Сырдарияның оң жақ
жағалауына егін салған қарт күрішші Ким Ман Сам өз плантациясының ішінде 4
гектар күріштің әр гектарынан 144,7 центнерден өнім жинады. Бұл -
дүниежүзілік рекорд болды.
Ыбырай Жақаев туралы кітаптар да жазылды, әндер де шырқалды, оның
даңқы әлемге кетті. Бірақ мұның бәрі байырғы күрішші мінезіне өзгеріс,
көкірегіне тәкаппарлық енгізе алған жоқ. Ол сол Ыбырай, қарапайым күрішші
күйінен танған емес.
Тасқын егінді суарсын, селге айналмасын. Жел ауаны тазартсын, дауыл
боп дүлейленбесін. Күн сәулесін шашсын, өрт болып жандырмасын. Баянды
бейбітшілік бар жерде ел де көгереді, жер де көгереді, дегенді аузынан
тастамайтын Ыбекең 1952 жылы Москвада өткен Бүкілодақтық бейбітшілікті
жақтаушылардың ІV конференциясына делегат болып қатысты. Өзі іргесін
көтеруге қатысқан колхозды ауылдың алғашқы ұйымдастырушылардың бірі болған
Ыбекең колхозшылардың ІІІ съезіне қатысып, лениндік коллективтендірудің
жеңістерінің куәсі болды.
Ыбырай Жақаев 1947 жылдан бастап Қазақ КСР Кеңесінің депутаттығына 4
рет сайланды, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі төрал қасының мүшесі болды. Ол сонда
да қатардағы қарапайым күйінде қалды. Өйткені, оның сезіміне менмендік,
өзімшілдік жат еді.
Шиелі ауданы құрылған 1938 жылдан бері Жақаев бастаған күрішшілер
қозғалысының 38 өкіліне Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Бұл жарыс
тұғырына Жақаевтың өзі ғана көтерілмей, өзгелерді де жігерлендіріп, жеңіске
жетелегенін аңғартады.
Ыбырай Жақаевты ел сүйіспеншілігіне кенелткен осы қарапайымдылығы мен
еңбекшілдігі. 1966 жылы Сыр бойы диқанның 75 жылдығын салтанатпен атап
өтті. 1964 жылы Ыбекең Қызылорда облысы жас күрішшілерінің слетіне қатысып,
облыс жастарын күріш өсіруге шақырған ұран тастаған еді. Бұл үндеуді облыс
жастары қызу қолдап әкетті. Бір ғана Шиелі ауданында 1963 жылы 45 жақаевшы
звено болған болса, осы патриоттық бастамадан кейін ауданда жақаевшы
звенолардың саны 160-тан асты. 1966 жылы аудан 7500 гектар жерге күріш
егіп, оның әр гектарынан 30-35 центнерден өнім алуға, сөйтіп, мемлекетке 1
миллион пұт күріш сатуға міндеттенген еді. Міне, осы міндеттеме үдесінен
шығуда да Ыбырай Жақаевтың ізбасарлары ерен еңбектің үлгісін таныта білді.

6

ІІ.2. Күріш дақылының ерекшелігі

Күріш ертеден-ақ көптеген халықтарда молшылық пен байлықтың символы
болып есептеліп келді. Күріш суда өсетін дақыл. Сондықтан халық: Күріш
өмірі суменен дейді. Өйткені күріш оттегін және басқа қоректік заттарды су
арқылы алады. Бұл өсімдікке қажетті қалған қоректік заттар жер қыртысындағы
ерітінділер арқылы келеді№ Бұларға жататындар: азот, фосфор, калий,
кальций, магний, темір, күкірт. Егер осылардың біреуі жетіспесе дақыл
ойдағыдай өнім берммей қалуы да мүмкін.
Қызылорда облысының жағдайында күріш дақылы суға бастырылған атызда
өсіріледі№ Күріш тұқымы көктеп шыққан кезде атыздағы судың деңгейі қажетті
мөлшерден төмен болса, онда күріштің тамыры тез өсіп, жан- жағына тарап
жайылады да жапырақтың өсуі баяулап қалады.
Күн сәулесі мол, жылылық температурасы қолайлы болып тұрса, күріш
өсімдігі көктеп шыққаннан соң топырақтағы қоректік заттардың мөлшеріне,
атыздағы судың деңгейіне қарай 22-27 күн шамасына түптене бастайды. Ал күн
салқын болса, өсімдіктің түптенуі бұдан 10-25 күндей көшеуілдейді. Өсімдік
түптеніп, сабағы қияқ салған соң, оның тамырлары топырақтың терең қабатына
қарап жайыла өседі.
Күннің жылылығы 30-34 градус болып тұрса, ол күріш өсімдігінің түптенуіне
жақсы әсер етеді. Әдетте күріштің шоқ-шоқ түп болып өсуі де оның сортына,
топырақтан алатын қоректік заттарының аз көптігіне, судың деңгейіне,
тұқымның себу мерзіміне байланысты болады.
Күріш өсімдігі себілген соң 50-60 күн шамасында, дәлірек айтсақ, көктеп
шыққан соң 45-55 күннен соң, түптенгенсін 20-25 күннен кейін буыны қатая
бастайды. Бұл кезде күннің жылылығы 30-33 градустан әсте кем болмауға тиіс.
Күріш бас алған кезде күннің жылылығы 16-17 градустан төмендеп кетсе, қайта
керісінше, қатты ыссы болып, 40-45 градусқа жетсе және күн одан да гөрі
ысып кетсе, бұл жағдай өсімдіктің дән жинап, онан әрі дамуына көріне бөгеу
жасайды. Нақ осы кезде ылғалдың бірқалыпты, әрі жеткілікті болуының үлкен
мәні бар. Сондықтан дән салар алдында күрішті таза судан тарықтырмау керек.
Сарғайып, ескірген судан, адам сияқты күріш те ауырады, сөйтіп өспей,
шаялап қалады.
Күріш өсімдігі әдетте қылқын жапырағы жайылып бас жарғансын 4-5 күннен
кейін гүл шашады. Өсімдік сабағының алдымен ұш жағындағы гүлі аузын ашады.
Күріштің гүл шашуы 7-11 күнге созылады.
Күріш өздігінен тозаңдайды. Ауа райы қолайлы, күннің жылылығы 30-32
градус, ауаның ылғалдылығы 70-80 процент болып тұрса, өсімдік өздігінен
жақсы тозаңданады. Аңызақ жел, қара дауыл, аптаған ыстық күріштің
гүлдеуіне және өздігінен тозаңдануына зиянын тигізеді.
Ауа райы қолайлы болып, бабы, күтімі келіскен жағдайда тез пісетін сорты
85-100 күнде, кеш пісетіні -120-130 күнде пісіп үлгереді. Әрине, күріштің
пісу мерзімі қолданылған агротехника мен себілген тұқымның сапасына
байланысты екені де мәлім.
Бір топ өсімдіктің әр сабағындағы, тіпті бір масақтағы күріш
дәндерінің

7

бәрі бірдей бір мерзімде піспейді. Мәселен, масақтың төменгі сағасындағы
дәндер балауызданған кезде, сол масақтың ұш жағындағы дәндер пісіп, тіпті
төгіле де бастайды. Өсімдіктің бүйірінен өсіп шыққан сабақтарының масақтары
оның биік сабақтарының масағынан кеш піседі. Сондықтан тәжірибелі
диқаншылар тұқымға
күріштің мөлшері шамалас ірі дәндерін іріктеп алуға, өсімдіктің біркелкі
бойлап өсуіне көңіл бөледі. Ыбырай Жақаев өзінің шәкірттеріне: Жақсы өнім
алғың келсе – жақсы тұқым сеп, ол үшін тұқымды сұрыптай біл деп үйретеді.
Күріш суда өсетін дақыл дедік. Бірақ судың барлығы бірдей күрішке пайдалы
бола бермейді. Күріш егесінің атыздарын ыстық кездерде тек ағын сумен ғана
бастырған дұрыс. Күріш егісіне кеп тұрып жылыған, тұздар концентрациясы
жоғары суды пайдалануға болмайды. Ағын су егістікке ауаны жаңартады, тұздар
концентрациясы дұрыс болады, сондықтан да еріген заттарды өсімдік бойына
оңай сіңіреді. Сонымен қатар ол температураның бір қалыпты болуына қолайлы
әсер етеді. [3]
Күріш дән салудан бастап, толығып піскенге дейінгі кезеңде суды өте –
мөте қажет етеді. Егіннен алынатын өнімнің мөлшері де дәл осы мерзімнің
ішінде оның суға қандай дәрежеде қандырылғанына байланысты болады.
Күріштің басқа ыстық дақылдарынан айырмашылығы да осында. Мәселен, бидай
дақылы толығып пісер кезінде артық ылғалды қажет етиейді, қайта күннің
ашық, ыссы болғанын ұнатады. Ал тары тегіс бас жарғансын бір рет суға
қанса, содан кейін ылғалды керек етпейді.
Оның үстіне, басқа дәнді дақылдарға қарағанда, күріш өсімдігі қатты
ыстықты да (тіпті ылғал жеткілікті бола тұрса да) көтере алмайды. Ауаның
температурасы тым жоғары болса, күрішті ыстық соғады, осының салдарынан
оның өнімі күрт кемиді және дәнінің сапасы төмендеп кетеді.
Күріш күзгі суықты да көтере алмайды: қырау соққан күріштің дәні пыш,
көгілдір болады, ұзақ уақыт сақтауға келмейді, дәні тұқымға жарамайды.
Сондықтан күрішті ертерек, май айының бірінші он күндігінде еккен дұрыс.
Сонда Қызылорда облысының жағдайында күріштің кеш пісетін сорттары да
сентябрь айының ортасына дейін пісіп үлгереді.
Күріш өзінің өніп-өсу кезеңінде жарық пен ыссы күнді көп талап етеді. Күн
сәулесінің әсерінен өсімдіктің жапырағында жасыл түсті хлорофилдің
көмегімен көмір қышқылы құралады. Сөйтіп, дақыл өзінің өсіп-жетілуіне
қажетті қоректік заттарды жапырағы арқылы ауадан, тамыры арқылы ауадан,
тамыры арқылы топырақтан алады. Сонымен суға қанық, жақсылап бапталған,
арам шөптен таза күріш өсімдігі өзінің бойына органикалық заттарды көбірек
жинайды да мол өнім береді.
Күріш өсімдігі тік түскен күн сәулесін жақсы пайдаланады. Атыз суға
бастырылған алғашқы күндері оның көгі күн сәулесін жеткілікті ала
алмағандықтан көріне көзге баяулап қалады. Жаңбырлы, бұлтты күндері күріш
мүлде өспейді. Әсіресе күріштің гүл шашатын, пісетін кезеңдерінде ауа
райының қолайсыз болуы, яғни күн сәулесінің жетімсіздігі күрішке теріс әсер
етеді.
Күріш топырақты онша қатты талғамайды. Топыраққа күріш өсімдігі оңай

8

сіңіре алатын қоректік заттардың көп болғаны пайдалы. Мұндай жерге егілген
күріштен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Жақаевтың өмірі мен қызметі
Шиелі жерінің арғы тарихы - жалпы Сыр бойы тарихымен өзектес, бөлежара қарауға болмайтын біртұтас тарих
Күріш тұқымдарының сорттарынның сапасын анықтау
Ыбырай Жақаев
Күріш
Егіншілік заңдары
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
Оқшау сөздер
Ауданындағы тарихы, мәдени ескерткіштердің қысқаша анықтамасы
Күрішті өсіру технологиясы,картасы
Пәндер