Жүрек және қан тамырларының патологиясы: атеросклероз, артериалды гипертензия, миокард инфаркты, тромбоз, эмболия және микроқанайналым бұзылыстары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Сабақтың тақырыбы: « Жүрек қызметінің патологиясы. Атеросклероз. Гипертониялық ауру. Миокард инфаркты. Тромбоз. Эмболия. Микроқанайналымның бұзылысы. Стаз. Қан тамырларының өткізгіштігінің бұзылысы. Қан кету. Лимфаайналымның бұзылысы. Лимфостаз».

Дәріс жоспары:

1. Атеросклероз

2. Гипертониялық ауру.

3. Миокард инфарктысы

4. Тромбоз, эмболия.

5. Микроқанайналымның бұзылысы. Стаз.

Атеросклероз (грек. ἀθέρος, « ботқа» және σκληρός, «қатты, тығыз») - липидтер алмасуының бұзылуы нәтижесінде, холестерин мен липопротеидтердің кейбір фракцияларының эластикалық және бұлшықетті-эластикалық типті артериялар қан тамырларының интимасына тұнып қалуымен сипатталатын созылмалы ауруы. Олар атероматозды дақ түрінде тұнады. Ары қарай дәнекер тіндену(склероздану), кальциноздану қуыстың деформациясына және облитерация (бітелу) сытысына дейін тарылуына дейін әкеледі. Атеросклерозды Менкеберг артериосклерозынан айыра білу маңызды, бұл ауруда артерия қабырғасының склеротикалық зақымдалу формасы : диффузды зақымдалу(дақтардың болмауы), артерияның ортаңғы қабатына кальций тұздарының тұнуы, тамыр аневризмасының (бітелу емес) дамуы . Тамырлардың атеросклерозы жүректің ишемиялық ауруына әкеледі.

Артериальді гипертензия (гипертония, АГ) деп - артериялық қан қысымы 140 мм. сын. бағ жоғары болатын жағдайды айтады. (кем дегенде үш рет, әртүрлі уақытта, тыныштық жағдайында өлшегенде анықталса) . Жоғары артерия қысымы - атеросклероздың, миокардтың ишемияларының және жастардың өлімінің негізгі себептерінің бірі. Медицинада бұл патология артериялық гипертензия деп аталады. Диагноз екі клиникалық тексеру кезінде екі рет қысыммен өлшенсе, көрсеткіштер индекстердің 140-дан 90 мм-ге дейін асып кеткенін растайды.

Инфаркт деп тіннің немесе органның бір бөлігінің қан айналымының бұзылуына байланысты некрозға ұшырауы. Сонымен байланысты инфарктты қан тамырлық немесе ишемиялық некроз деп аталады.

Инфаркт дамуының тікелей себептерінің бірі ұзақ уақыт бойы спазм, артерия эмболиясы
немесе тромбоз болып табылады. Сонымен қатар органның функциялық кернеу жағдайында қанмен қамтамасыз етудің жетіспеушілігі.

Бүгінгі таңда миокард инфарктісі кең тарап отыр және осы ауру көп адамның кенеттен өліп кетуінің себепкеріне айналып барады. Инфаркт проблемасы әлі толық шешілген жоқ және бұл аурудан өліп кетушілердің саны барған сайын өсіп отыр.

Бұл ауру 35 пен 50 жас аралығындағы әйелдерге қарағанда ер адамдарда көбірек кездеседі.

Инфаркт алдындағы синдромның үш варианты болады: 1) . алғаш рет тап болатын стенокардия. Бұл жүрек ауруының тез өтетін түрі және жиі кездеседі, 2) . стенокардияның тыныштау өтетін түрі, 3) . жүректің ауыр түрде ұстауы (приступ), ауа жетіспеуі. Жүрек ұстамалысының төртінші түрін дәрігерлер «стенокардия принцметалла» деп те атайды.

Тромбоз - қантамырдың белгілі бөлігіндегі қан ұюынан түзілім пайда болуымен жүретін патологиялық жағдай. Тромб (thrombus - ұйыған қанның түйіндісі) . Қан ұю мен оған қарсы тұратын жүйелердің өмір бойы биологиялық тепе-теңдікте болуы нейрогуморалдық аппараттың реттушілік қабілетінің арқасында іске асады. Қан ұю жүйесінің қан ұйытуға тікелей қатынасы бар факторларының көбі қан сарысуында, ал азы қан түйіршіктерінде болады. Төменде негізгі плазма факторлары мен кейбір қан түйіршігіндегі факторлар келтірілген.

I- фибриноген;

II - протромбин;

III- тромбопластин (ішкі тромбопластин) . Қалыпты жағдайда ткань тромбопластины жоқ;

IV - кальций иондары;

Тромбоз

V - проакцелерин (А глобулин) ;

VI - акцелерин (белсендірілген Vфактор) ;

VII - проконвертин (тұрақты мығым фактор) ;

VIII -антигемофилиялық глобулин (АГ) ;

IX - кристмасс фактор (тромбопластиннің плазмадағы компоненті) ;

X - Коллер факторы;

XI - Розенталь факторы.

XII- контакт факторы (Хагеман факторы) .

Тромбоз

Эмболия - немесеқолқаның қуысы эмболмен бітеліп, қанайналымның жедел бұзылуына әкелетін патологиялық үрдісті айтады. Қантамыр қабырғасынан тромбтың бір бөлігінемесе ағза тіні, болмаса табақша түріндегі эмбол қан ағысымен миграцияланып, басқа қантамыр қуысын бітейді. Эмболия көптеген аурулардың, әсіресе, жүрек - қантамыр жүйесі ауруларының асқынуы болып табылады.

Таралуы. Әйелдер ерлермен салыстырғанда, жиі ауырады. 30-70жас аралығында көп кездеседі. Жиі ми артерияларының эмболиясы, сирек жағдайда аяқ - қол мен іш қуысы ағзалары артериясының эмболиясы зақымданады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Перифериялық қан айналымының бұзылыстары: стаз, тромбоз, эмболия және микроциркуляция патологиясы
Қан айналымының бұзылыстары: гиперемия, ишемия, қан кету, стаз, тромбоз, эмболия, лимфа бұзылыстары және шок
Жүрек-қан тамырларының патологиясы: тамырлық және жүрек мүшелерінің морфологиялық өзгерістері
Патофизиология-2: Жүрек-қантамыр жүйесінің патогенезі және клиникалық көріністері - атеросклероз, коронарлық жеткіліксіздік, миокард зақымдануы және артериялық гипертензия
Тыныс алу және жүрек-қан тамыр жүйелерінің патологиясы
Жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары: эндокардит, миокардит, перикардит, кардиомиопатиялар және атеросклероз
Миокард инфаркты: анықтама, жіктелуі, клиникасы және диагностикасы
Жүрек-тамыр жүйесінің патологиясы: аритмиялар, қақпақша ақаулары және жүрек қабыну үрдістері
Жүрек ырғағының математикалық-статистикалық көрсеткіштері мен реттеуші механизмдердің күші: созылмалы күйзеліс пен миокард инфарктісіндегі қан айналымының бейімделу бұзылыстары
Қан тамырларының патологиялық синдромдары: атеросклероз, артериттер, флебиттер және аневризмалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz