Өткен шақ есімше
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
СҒЗЖ
Тақырыбы: Есімдіктің түрлерінің, айырмашылықтарының оқыту әдістемесі
Орындаған: Махашева А.И
Тобы: Фи 18-1к2
Қабылдаған:
Шымкент 2021
Жоспар:
Есімшенің жалпы сипаттамасы
Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Есімшені оқыту әдістемесі
Есімшені зерттеген ғалымдар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Етістіктің грамматикалық категорияларының ішіндегі ең көлемдісі əрі сыры алуан, күрделісі - есімше формалары. Есімше-етістік пен сын есімнің арасындағы аралық категория. Бірақ, есімшенің арасындағы аралық категория. Бірақ, есімшені етістік қатарына жатқыза алатын өзіндік белгілердің оның бойынан табылатындығ: яғни, есімше салт жəне сабақты болып келе алады, етіс, шақ, жақ. Рай, формаларын қабылдап, түрлене алады.
Есімшені етістіктің қатарына жатқызуға дəлел болатын жəне бір басты белгі: есімше тек етістікке ғана тəн болымсыз форманы қабылдай алады. Сондықтан, оны етістік құрамына жатқызып, оны осы сөз табы құрамында қарастырамыз. Есімшені етістіктің негізіне (түбір етістікке, етіс формалы етістікке, күрделі етістікке) арнайы қосымшалар жалғану арқылы жасалады. Тіліміздегі есімше жасайтын жұрнақтар:
1. - қан, -кен, -ған, -ген;
2. - ар, -ер, -р;
3. - атын, -етін, -йтін, -йтын құранды жұрнақтары. Бұл жұрнақтар көсемшенің - а, -е, -
й жұрнақтары мен - тын, -тін жұрнақтарының бірігуі арқылы жасалған.
- мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек; - ушы, -уші құранды жұрнақтар. Кейбір қазақ тіл білімінің мамандары осы құранды қосымша етістіктің түбіріне жалғану арқылы осы шақ есімше жасайды деп түсіндіреді. Ол - дұрыс пікіт. Алайда, бұл құранды форма тұйық етістік тақырыбында да қарастырылады. Сондықтан бұл формаға біз көп тоқтала бермейміз. Қазіргі қазақ тілінде есімшенің қалдық формалары да кездесіп отырады. Ол қалдық формалар мыналар: -аған, -еген, -ажақ, -ежек. -аған, -еген формалары арқылы жасалған есімшелердің саны тілімізде өте аз. Бұл формалар арқылы жасалған есімшелер етістік жүйесінен шығып, сын есім қызметінде ғана қолданылады. Бұл есімшенің көне түрі. Бұл формалы есімше болымсыздық мағынада қолданыла алмайды. Мысалы, алған қолым береген, жетім қозым емеген. (мақал) Тебеген ат, сүзеген сиыр, қашаған жылқы т.б. -ажақ, -ежек формасы тек кейбір облыстар тұрғындары тілінде ғана қолданылады. Əсіресе, оңтүстік облыстар мен Батыс Қазақстан қазақтары тілінде кездеседі. Соңғы облыс тұрғындары тілінде əлі күнге осы шақ формасында келіп отырады. Мысалы, алажақ, бережек, көрежақ, отыржақ т.б. Бұл аффикстердің шығу төркіні - шақ, -шек қосымшасымен байланысты болып келетін сияқты. Бұл форма түрік, түркмен, хақас, құмық, башқұрт, татар тілдерінде есімшелердің өнімді формасы болып саналады. Сондай-ақ, өзбек тілінің хорезм диалектісінде, қарақалпақ тілдерінде де қолданылады. Бірақ, қазақ тілінде бұл формалар - өнімді формалар емес. Есімше морфологиялық түрлену мен синтаксисті қызметі жағынан зат есім, сын есімдермен ұқсас. Есімше есімдер сияқты септеледі, көптеледі, жіктеледі жəне тəуелденеді. Сонымен бірге, есімшелер тілімізде ұзақ жылдар бойы баяндауыш қызметінде жұмсалып, қимылды да білдіріп келген. Предикаттық қызмет есімшенің шақтық мағынаны білдіру қызметін де айқындайды. Осы айтылған тұжырымдар есімшенің қандай категория екендігін білдіретін теорема тудырады. Сонымен, есімше дегеніміз не ? Есімше дегеніміз есім қызметін атқара алатын, есімдерше түрлене алатын, яғни септік, тəуелдік, көптік, жіктік жалғауларында түрлене алатын, етістік сияқты да түрлене алатын, яғни етіс, шақ, жақ, болымсыздық, рай формаларын қабылдайтын, сөйлемде барлық сөйлем мүшесі қызметін атқара алатын септік етістіктің грамматикалық категориясы болып есептеледі. Сөйлемде қандай қызмет атқарса да, есімшелер өзінің негізгі қызметінен, сипатынан айырылмайды.Ол сипат-шақтық мəнді білдіру. Есімшелерді түрлерге бөлгенде де, осы сипат есепке алынады. Есімшелерді қазақ тілінің ғылыми оқулықтарында үш түрге бөліп қарастырады: өткен шақ, есімше, осы шақ есімше жəне келер шақ есімше. Тек Ы.Е.Маманов қана өзінің етістік туралы еңбегінде есімшелерді 5 түрге бөліп береді:
1. Өткен шақ есімше.
2. Дағдылы есімше.
3. Болжалды есімше.
4. Ниет есімше.
5. Осы шақ есімше.
Мамановтың бұл классификациясы оқулықтарда берілген классификацияға белгілі дəрежеде сəйкес келіп отырады деп айтуға болады.
1. Өткен шақ есімше. Өткен шақ есімше түбірге - қанкен, -ғанген жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Есімшенің бұл формасы -өте өнімді жəне түркі тілдерінде кең тараған түрі. Мысалы, көр-ген, кел-ген, баянда-ған, жан-ған т.б. Ескерту. Өткен шақ есімше жасайтын осы жұрнақтар қалып етістіктеріне жалғанған кезде осы шақты білдіретін кезі бар. Мысалы, Біз Асан тұрған колхозда болдық. Айдармен қатар отырған - Ысмағұл деген мұғалім. Осы сөйлемдерде есімшенің формасы, өткен шақ мəнін емес, осы шақ мəнін беріп тұр. Өткен шақ есімше өзінің мағынасы жəне синтаксистік қызметі жағынан сын есімге ұқсайды. Мысалы, қиылған қас, құлшынған жас, оқыған адам, жиналған үй, салынған төсек т.б. Өткен шақ есімше субстантивтеніп, зат есімнің орнына қолданылған кезде, зат есімдерше көптеледі, септеледі, тəуелденеді жəне жіктеледі. Осы шақ есімше. - атын, -етін, -йтін, -йтын жұрнақтары есімшенің ауыспалы осы шақ түрін жасайды. Жалпы бұл жұрнақтар көбінесе, өткен шақ мəнін береді. Бұл форманың қай шақты беретіні, контекске байланысты белгілі болады.Ғалымдар бұл жұрнақтың о бастағы төркіні тұрған сөзі болуы керек деп топшылайды. Ол сөз ықшамдалып, тұғын формасына айналған, кейін əдеби тілде қысқартылып - тын, -тін түрінде қолданылып жүр деп түсіндіреді. Ал - тұғын формасы əлі де тілімізде қолданылып жүр: Келетұғын уақыты болды - Келетін уақыты болды. - тұғын формасы көбінесе, поэтика тілінде, буын санын толтыру мақсатында қолданылады:
Жорғамын қалың топта самғайтұғын,
Бəйге ат та серпінімді шалмайтұғын.
Əнімді он екі взвод жіберейін,
Есінен-өле-өлгенше қалмайтұғын (Сара).
Осы шақ есімше жоғардағы - атын, -етін, -йтін, -йтын жұрнақтары арқылы жасалғанымен, осы шақ мағынасы сөйлесіп отырған кезді дəл көрсетпейді, дағдыдағы,əдетке айналған, үйреншікті болған, жалпы жүзеге асып отыратын не істеліп отырған əрекетті білдіреді. Мысалы, Сенің алғаның да, алатының да , аларың да ылғи алғыс деген сөйлемді қарастырайық. Осы сөйлемдегі алғаның - өткен шақ, алтының - осы шақ, - аларың - келер шақ. Сондықтан да, Мамановтың дағдылы есімше деп көрсететін түрі осы шақ есімшемен сəйкес. Дағдылы есімшенің шақтық формасы тұрақты емес. Сондықтан оқулықтарда бұл форманы бірде ауыспалы өткен шақ, бірде ауыспалы келер шақ мағынасын береді. Ғалымдар - у-шы, -ші қосымшалары да осы шақ мағынасын береді. Мысалы, Сөйлеуші кісі мінбеден түсті. Көпшілік жағдайда есімшенің бұл формасы есімше аясынан шығып, субстантивтеніп, зат есім құрамына енген. Келер шақ есімше. Келер шақ есімше етістікке - с, -ар, -ер, -р, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Бірақ бұл жұрнақтардың əрқайсысының өзіндік есімше жасау ерекшелігімен бір-бірінен оқшауланады. І топ. - ар, -ер, -р жұрнақтары. Бұл жұрнақтар арқылы жасалған есімше сөйлемде қай орында, қандай сөйлем мүшесі қызметін атқарса да, үнемі келер шақ мəнін береді. Алайда, есімшенің бұл формасының басқасына қарағанда қолданылу өрісі тар. Атрибуттық қызметте өте аз қолданылады, ең негізгі қызметі - баяндауыш болу. Бұл жұрнақтар етістіктің тек болымды түріне ғана жалғана алады. Ал болымсыз туынды етістікке - с жұрнағы жалғанып есімше формасы туындайды: Құлағын салмас, тіліңді алмас көп наданнан түңілдім А.
ІІ топ. - мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтары. Бұл жұрнақтар арқылы жасалған есімше мақсатты келер мағынасын береді. Бұл есімшеге болымсыздық жұрнағы жалғанбайды. Айтпақ ойы осы болатын. Алмақтың да салмағы бар. т.б. Есімшелердің синтаксистік қызметінің кеңдігі, жан-жақтылығы оның семантикалық табиғатына байланысты. Есімшелер есімдер мен етістіктердің ерекшеліктерін өз бойына бірдей сіңірген, сондықтан екеуінің де синтаксистік қызметін бірдей атқарады.Есімше - етістіктің өзіндік ерекшеліктеріне бай, ерекше категориясы. Оны етістіктің басқа категорияларынан бөлектейтін басты айырмашылығы - атрибуттық мағынасы. Есімшені есімдерге əсіресе сын есімдерге жақындататын осы белгісі.
Есімшелерді есім сөздермен жақындастырып тұратын мынандай ерекшеліктер:
І. Есімшелер есімдер сияқты, көптеледі, тəуелденеді жəне септеледі. Көптік жалғаулы есімшелер есімдер сияқты тəуелденеді, септеледі жəне жіктеледі.
ІІ. Есімшелер сөйлем ішінде баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, бастауыш қызметтерін атқарады. Сын есімнің негізгі синтаксистік қызметі анықтауыш болса, есімшенің де негізгі қызметі - анықтауыш.
ІІІ. Есімше де сын есім сияқты анықтауыш қызметін атқарып анықталушы сөздің алдында тұрады. Бұл жерде сын есімнен бөлек бір ерекшелігі бар. Сын есім заттың өзіне тəн тұрақты белгісін білдірсе, есімше заттың іс-əрекетке байланысты көшпелі, динамикалық белгісін білдіреді.
ІV. Есімшелер де, есімдер сияқты болымсыздық мағынаны емес, жоқ сөздері арқылы да бере алады. Тіл білімінде ерте заманнан есімдер мен етістіктердің бір-бірінен айыратын белгі осы болымсыздық формасы деп саналады. Яғни, -ма, -ме болымсыздық жұрнағы тек етістіктерге жалғанады да, ал жоқ, емес сөздері тек есімдерге ғана тіркее алады деп түсіндіріледі. Есімше категориясы бұл пікірді толық теріске шығарады. Есімше де болымсыздық мағынасын екі түрлі жолмен бірі алады. Мысалы, көрген-көрмеген, білген-білмеген көрген емес, көрген жоқ - емес, білген жоқ т.б.
Осы белгілер есімшені есім сөздер тобымен жақындастырып, оны етістік сөз табына кіреді деп санайтын белгілер де бар. Олар мыналар:
1. Есімшелер етістікке тəн барлық категориялардың формаларын қабылдап, түрлене алады. Мыс, көр-ін-ген - етіс категориясы, көр-ме-ген - болымсыздық категориясы, көр-ген - шақ категориясы, көр-ген-мін - жіктік жалғау немесе жақ категориясы т.б.
2. Есімшелер де етістіктер сияқты заттың іс-əрекетін, жай-күйін білдіреді. Яғни, заттың динамикалық белгісін білдіреді, ал есімдер, соның ішінде сын есімдер заттың қимыл-қозғалыссыз, іс-əрекетсіз статикалық күйін білдіреді.
3. Есімшелер етістік сияқты шақтық категориямен ерекшеленеді, салт жəне сабақты болып бөлінеді. Шақтық мағына есімшелердің етістіктен пайда болғанын білдіретін негізгі белгілерінің бірі.
4. Есімшелер жеке тұрғанда ІІІ жақтық мағынаны білдіреді. Сонымен, есімше дегеніміз есімдердің де, етістіктердің де қызметін атқаратын грамматикалық категория.
Есімшелерді дербес сөз табы деп тануға, айтуға болмайды. Себебі, олар аффикстер арқылы етістіктерден жасалады жəне етістіктен бөлек жаңа семантикалық мағына құрамайды. Есімшелердің зат ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz