Қазақ АКСР оумағы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
№ 1 С Е М Е С Т Р Л І К Ж Ұ М Ы С

Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні

Тақырып: Қазақ Кеңестік Автономиялы Республикасының құрылуы.

Мамандығы:

Орындаған
(Аты-жөні)

Тексерген
(Аты-жөні, атағы, қызметі)

2021ж.
(бағасы) (қолы)

Алматы, 2021

Жоспар

Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- -----------1

Қазақ АКСР-ің құрылуы---------------------------- ---------------2-4
Қазақ АКСР оумағы----------------------------- 5-6

Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- --------7
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі----------------------------- -------------8

Кіріспе
І-дүниежүзілік соғыстың салдарынан Ресейде туындаған қиын жағдай үш ғасырлық Романовтар әулетінің билігінің жойылуына себеп болған еді. 1917 жылы 27 ақпан күні соғыс пен азық-түлік тапшылығына наразылық білдірген Петербург тұрғындарына әскерлер де қосылғаннан кейін патша ІІ Николайға тақ пен тәжінен бас тартқаннан басқа жол қалмаған еді. Сөйтіп Ресейде ғасырлар бойы жалғасқан Романовтар әулетінің билігі тоқтады.Патшаның тақтан түсуіне және оның орнына теңдік, бостандық және әділеттілік талап еткен социалист және демократ депутаттардың билік тізгінің қолға алуына жол ашқан Ақпан төңкерісін Ресейде патшалық режимнің билігінде езгі көрген барлық орыс емес халықтар секілді қазақ халқы да үлкен қуаныш және тебіреніспен қарсы алды. Өйткені, халық арасында патшалық режимнің құлауымен барлық мәселелердің реттелетіндігі туралы нық сенім қалыптасқан еді.Ақпан төңкерісі "Қазақ" газеті төңірегіндегі зиялыларда бір ұлттық мемлекет құру үмітін туғызды. Олар Ресейдің республикалық мемлекет ретінде қайта құратыны күтілген Құрушы Мәжілістің Дала мен Түркістан халықтарына өзін-өзі басқару мәселесінде кейбір құқтар беретініне сенді. Осы сеніммен Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсын, Міржақып Дулат сынды ұлт зиялылары Алаш ұлттық қозғалысын және Алаш партиясын өмірге әкеліп, ұлттық демократиялық мемлекет құру ісіне белсене кірісті. Сонымен қатар олар Мұхамметжан Тынышбаев пен Мұстафа Шоқайды Сырдария қазақтарының саяси хақ-құқықтарын қорғау үшін Ташкент қаласында өзбек зиялыларымен жұмыс істеуге жіберді. Сөйтіп 1917 жылдың қараша және желтоқсан айларында Түркістан мен Алаш Орда үкіметтері құрылды.Бірақ бұл арада Ресейде билік өзгерісі пайда болып, билікке келген Ленин мен Сталиннің жетекшілігінде Большевиктер екі үкіметтің өмір сүруіне жол бермей, екеуін де күшпен тарқатты.Бұл жағдай қазақ социалистерінің 1917 жылы қазан-қараша айларында дүниеге келген Үш жүз партиясына жарады. Қазан төңкерісі жеңіске жеткен соң Көлбай Тоғысов, Тұрар Рысқұлов және Сәкен Сейфуллин сынды социалисттер Алаш партиясына қарсы ашық күреске шықты. Олар осы идеяға сеніп, қазақ халқына теңдік және бостандық алып беретіндіктерін ойлады. Бұлардың ішінде Тұрар Рысқұлов Орталық Азияның түрік тілдес халықтарын Түрік Социалистік Республикасы атымен бір ту астында біріктіруді ойлады. Бірақ ұлтқа жанашырлық танытқан осы саяси қайраткерлерін де Большевиктік билік көздеген мақсаттарына жеткізбеді.1919 жылы 10 шілдеде В. И. Ленин Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық Комитет туралы Декретке қол қойды. Бір жылдай уақыттан кейін атап айтқанда, 1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қырғыз Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды.Орынбор қаласы Азамат соғысында Большевиктерге қарсы жеңіліс тапқан Ахмет Байтұрсын сынды Алаш қайраткерлері Мәскеумен ымыраға келіп Қазақстанда социалистік үкіметтің құрамында қызмет істей бастаған еді.

Қазақ АКСР құрылуы
Қазақ автономиялы кеңестік социалистік республикасы 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Басында бұл автономия Қырғыз деп аталып, 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің басшысы қырғыз сөзін қазақ атауымен алмастырып, бұдан былай Қазақ автономиялы кеңестік социалистік республикасы деген атауды пайдалануға енгізді.1920-24 жылдар аралығында Қаз АКСР орталығы Орынбордан Қызылордаға көшіріліп, кейін 1927 жылдан бастап Алматы қаласына ауыстырылды. Еуразия кеңістігінің біраз бөлігін алып жатқан қазақ жерін алу үшін патша үкіметі екі ғасырға жуық күресті. 1919 жылдың10 шілдесінде Владимир Ленин Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық Комитет туралы Декретке қол қойды. Онда Қазақ революциялық комитеті өлкенің ең жоғары әскери-азаматтық басқармасы ретінде құрылатыны айтылды. Декретте оның мақсаттары мен міндеттері - контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу, өлкеде мемлекеттік, шаруашылық және мәдени құрылыс үшін жағдай жасау, Қазақстанда Кеңестердің Құрылтай съезін әзірлеу белгіленеді.
Революциялық комитеттің қарауына Астрахан губерниясының қазақтар тұратын өңірлері мен Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары кірді. Қазақ Акср орталық атқару комитетінің алғашқы төрағасы - С.Меңдешев. Қазақ ревкомының басшысы болып, ұлты поляк, кеңестік тұңғыш комиссар С. Пестковский тағайындалды. Ревком құрамына В. Лукашев, Ә. Жангелдин, А. Байтұрсынұлы, М. Тұнғаншин, С. Меңдешев, Б. Қаратаев енді. Кейін оның құрамына А. Авдеев, Ә. Әйтиев, Ә. Әлібеков, С. Арғыншиев, Х. Ғаббасов, Т. Седельников, С. Сейфуллин, В. Радус-Зенькович тартылды.Қазревком мен оның жергілікті жердегі органдары қазақ даласында Кеңестерді ұйымдастыру, адал пиғылды ұлттың зиялы өкілдерін Кеңес құрылысына тарту, қазақ жерін біріктіру жұмыстарын жүргізді. Қазревкомның органы - Ұшқын газетін шараду. 1920 жылы 20 тамызда Кеңес үкіметі РКФСР құрамында Киргиз (Қазақ) Аутономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы декретке қол қойды.1920 жылдың 4 қазанында Орынбор қаласында Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы Кеңестерінің съезі өтті. Съезде РКФСР құрамындағы Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланып, Қазақ халқының ұлттық мемлекетінің шаңырағы қайта көтерілді. Республиканың құрамына Қарақалпақстан да кірген болатын.ҚазАКСР-нің конституциялық жолмен құрылғандығы Декларация республиканың экономикасы, мәдени шаруашылығы ілгері басатындығы айтылды. Қазақтың кеңістік ұлттық мемлекетінің орасан зор маңызы болдыҚазақ халқы ғасырлар бойы арманының орындалуы, отаршылыққа қарсы күрестің нәтижесі ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам деп қабылданды.Съезд жоғарғы үкімет органдарын - республиканың Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесін сайлады. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы болып С. Меңдешев, ҚАКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы болып В. Радус-Зенькович сайланды. Сонымен қоса съезде Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының Декларациясы қабылданып, онда халықаралық қатынастардың негізі Ендігі жерде РКФСР-ға енетін ұлттардың өзара сенімі мен түсіністігіне негізделетін тығыз және туысқандық байланыста болып табылады деп көрсетілді.
Қазақ автономиялық кеңестік социалистік республикасының құрылуы. ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысы мен 1925 жылға дейін Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркістан АКСР білім мәселелері
Түркістан АКСР-дегі білім, ғылым мәселелері: (1918-1924 жж.)
Зерттеу жұмысының әдісі
Орта Азия Республикаларындағы ұлттық-территориялық межелеудің барысы
20-30 жылдардағы Кеңестік жүйенің реформаларының қасіретті салдарларына байланысты тарихи зерттеулер
Әлімхан Ермековтың Қазақ жерлерін біріктірудегі рөлі
Қаз АКСР құрамына кірген қалалар
Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы
Қазақстанның аумақтық тұтастығының қалыптасуының проблемаларын зерттеу
Азаматтық қарсы тұру жылдарындағы Алаш қозғалысы және большевиктер туралы
Пәндер