РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ТӘРБИЕЛІК ТАҒЫЛЫМЫ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАРҚЫН ЖОЛЫ


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

РЕФЕРАТ

1. Кіріспе.

Рухани жаңғыру: адам өміріндегі құндылықтар.

2. Негізгі бөлім.

1. РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ТӘРБИЕЛІК ТАҒЫЛЫМЫ

  1. РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАРҚЫН ЖОЛЫ
  2. РУХАНИ ТӘРБИЕ - ҚҰНДЫЛЫҚ МӘНІ

3. Қорытынды.

  1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

КІРІСПЕ

«… біз бастаған ауқымды түрленулер қоғамдық сананы озық

жаңғыртумен ілесіп жүргізілуі тиіс. Бұл саяси және экономикалық

жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады»

Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті

Рухани жаңғыру - ұлтымыздың ұлт болып ұйысуының, тарихымызды сақтаудың, тұлғаларымызды танытудың, өткенімізді білудің, болашаққа бағдардың, келешекке кемел ғибратты із қалдырудың мәйегі болатын бастама. Бұл бүгіннен бастау алмағандығының тарихи куәгері ретінде Алаш зиялыларының «Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» деп аңсауы ұлт тәуелсіздігі, сана еркіндігі екендігін аңғарамыз. Себебі ХХІ ғасыр қазақ халқы үшін, жаңа дәуірдің, еліміздің өркендеуі үшін жаңа белестің басталған уақыты. Ақпараттар ағыны толассыз жаңарып, жаһандану заманында өзгенің жетегінде кетпес үшін еліміздің ертеңіне алаңдап, ұлт болашағының жарқын өмір сүруі, сол үшін істеген бүгінгі қызметімізге байланысты. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамның рухани жаңғыруы, әр адам санасының жаңғыруына қатысты бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, революциялық емес эволюциялық жолмен даму, сананың ашықтығы бағыттары алға қойған қадамымыздың нақты көрінісі екені сөзсіз. Әлемнің жылдам өзгеруі жағдайында, техника мен инновацияның дамыған кезінде адами капитал сапасы мен бүкіл халықтың бәсекеге қабілеттілеттігі маңызды. Бұл күнде адам ресурстары мен технология арасындағы алшақтық басым көрініс табуда. Оны алдын алу мен шешудің бір жолы - қоғамның бірлескен күшінің жұмылуы екені сөзсіз. Бұл дегеніміз - қоғамдық сананы жаңғырта отырып, бәсекеге төтеп беру, жүріп өткен жолымыздан сабақ ала отырып қадам жасау, бағытымыздың анықтығын айқындау, рухани құндылықтарды жаңғырту болмақ. Ал рухани құндылықтар туралы философия ғылымының докторы, мәдениеттанушы 4 Т. Ғабитовтың сөзімен айтсақ: «бала кезден, ана сүтімен бірге, өзінің ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығады. Адам бойына моральдық жауапкершіліктер жүктейді, сезімін айқындай түсуге мүмкіндік береді». Бұл әрбір тұлғаның азаматтық ұстанымын, қоғам алдындағы жауапкершілігін, отаншылдық қасиетін, сананың ашықтығына қолдау көрсетеді. Себебі адамзат құндылықтарының мәні руханият және рухани құндылықтар. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап мемлекетіміз саяси және экономикалық жаңғырудан өткендігі елге айқын, алайда біртұтас ұлт ретінде қалыптасу үшін рухани жаңғырудың маңызды екендігіне тарихи куә және де рухани жаңғыру алдыңғы жаңғырудың өзегі болмақ. Елбасының болашақты бағдарлап көрсеткен рухани жаңғыру мақаласы осы түйткілді мәселелерді шешуге, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуде бәсекеге қабілетті қоғамның міндеттерін айқындап беріп отыр. Әлем бір орнында тұрған жоқ, ал оған ілесу үшін бізден жылдам әрекет етуді талап етеді. Біздің ісіміздің алдында адам санасы болуы керек. Осы тұрғыдан ұлттық сананың жаңғыруы мен сананың ашықтығы өзекті болып отыр. Ал ұлттық сананың жаңа үлгісі мақалада көрсетілгендей халықтың өткені мен бүгінгісінің және болашағының көкжиегін байланыстыратын тұғырнама болып табылады және ол ұлттық сананың керағар жақтарын бітістіруге бағытталған. Әдістемелік нұсқаулықты әзірлеудегі мақсатымыз білім беру саласының мамандарына рухани жаңғырудың бастауын, мақсатын, міндеттерін, бағыттарын, болашақ ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудегі өзектілігін айқындауға және тәжірибелік дағдыларын дамытуға қолдау көрсету болып табылады.

1. РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ТӘРБИЕЛІК ТАҒЫЛЫМЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы халқымыздың тарихындағы терең мағыналы бағдарламаға айналғаны баршамызға аян. Елбасымыз «Мәңгілік ел» болуға қадам басқан тәуелсіз еліміздің ұлттық кодын сақтаған, яғни ата-бабаларымыздан қалған ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетімізді, ғасырлар бойы тарихымызда сақталған, қазақтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптары мен салтдәстүрлерін, тіліміз бен дінімізді, әдебиетімізді, ұлттық рухымызды дәріптеу, осы ұлттық құндылықтарымызды өн бойына сіңіре білген, білімді, бәсекеге қабілетті, саналы ұрпақты тәрбиелеу міндетін алға қояды.

Елбасының «Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы» ортаға салған көзқарастарындағы алты бағыттың тәрбиелік мазмұнына тоқталайық. Ең алдымен ұлттық санамызды жаңғыртуда ұлттық кодты сақтау ең басты шарт болып саналады. «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды». Сондықтан да білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие үдерісінде тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау кең көлемде жүзеге асырылады.

Біздің әрқайсымыздың елдің дамуына қосар үлесіміздің мазмұндық бағдарын белгілеген осы бағдарламаның бағыттарына тоқталайық.

1. Бәсекелік қабілет

«Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар - ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы», - деп атап көрсетеді Елбасы. Бұл азіргі кезеңде әрбір білім беру ұйымында жүзеге асырылып жатқан ауқымды жұмыстардан көрініс табуда.

2. Прагматизм

«Прагматизм - өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз». Бұл оқушының алдына нақты мақсат қоюына, кәсібін таңдауына, салауатты өмір салтын ұстануына бағыт беретін тәрбиелік іс-шаралар мазмұнын қамтиды.

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау

«Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс». Бұл әр адамның бойында өз ұлтына, тіліне, тарихына, мәдениетіне, дініне деген құрмет сезімін тереңдетуді көздейді. Мән беретін екі нәрсе атап көрсетілген. Біріншісі - ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Бұл әр қазақтың ұлттық тілін, бейнесін, мәдениетін сақтауы. Өз ұлтының өзіндік қайталанбас ерекшеліктерін, дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа өнеге етуі. Екіншісі - алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек. Ескінің сарқыншағы болған, қазіргі заман талаптарына үйлеспейтін кейбір дәстүр, салт-жоралғының қажетсіздігін түсіну.

4. Білімнің салтанат құруы

«Технологиялық революцияның беталысына қарасақ, таяу онжылдық уақытта қазіргі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді. Экономиканың кәсіптік сипаты бұрын-соңды ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген». Біз тәрбие үдерісінде кәсіптік бағдар беру ісін түбегейлі жаңа мазмұнда жүргізуіміз керек. Жаңа мамандықтар туралы жас ұрпаққа мағлұмат беріп, заманауи технологияларды меңгеруіне күш салуымыз керек. «Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді». Мақалада айтылатын ой оқушыларға бұрынғыдай бір кәсіптің айналасында білім алып, еңбек ету ғана емес, икеміне қарай бірнеше кәсіби білімі болуы, қабілетін дамытуы өмір талабы екенін ұғындырған маңызды.

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы тарихтың ащы сабағын түсініп қана қоймай, өзіміз күнде көріп жүрген қазіргі құбылыстардан ой түйіп, болашақтың беталысына қарап, пайым жасай білу де айрықша маңызды. Бұл әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасай білуге әр азаматты бағдарлау. Білім беру жүйесінің ауқымды дүниетанымдық, рухани жұмысының бір бөлігі.

6. Болашақты болжамдауға сананың ашықтығы өте қажет. Сананың ашықтығы зерденің үш ерекшелігін білдіреді. Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді. Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек. Үшіншіден, бұл - өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі. Біздің алдымызда таяу жылдарда атқарылатын үш міндет бар. Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру. Бұл іс барлық білім беру ұйымдарында қарқынды қолға алынып жатыр. Екіншіден, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы жүзеге асырылуда. Үшіншіден, «Туған жер» бағдарламасы барлық білім беру ұйымдарында патриоттық тәрбиенің негізгі мазмұнын құрайтын бағыт ретінде жан-жақты ізденіспен жүргізілуде. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы - Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы.

2. РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАРҚЫН ЖОЛЫ

Елбасы биылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруын

жариялаған еді. Осы үшінші жаңғырудың нақты кілті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халықтан қызу қолдау тапқан кешегі тұғырнамасын ширек ғасырды артқа тастаған Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек. рухани жаңғыру

кезінде ең алдымен біз елін, жерін, халқын шын сүйетін ұрпақ, қалың қауым

тәрбиелейміз десек, әуелі тарихи санамыз жаңғыруы керек. Қазақтың ертеңгі ұрпағы ең әуелі осы елдің, осы кең байтақ жерді қалай иеленгенін, бұған қанша қан төгіліп, қанша тер сіңгенін, мұндай ұланғайыр даланы біздің атабабаларымыз қалай сақтап қалғанын, бұл даланы бізге өсіп-өну үшін аманаттап кеткенін, осы дархан даланың әр қарыс жері үшін батырларымыздың, хандарымыз бен билеріміздің қасық қаны қалғанша қалай

күрескенін бүгінгі ұрпақ білуі керек. Сонда ғана тарихын тану арқылы біздің ұрпақтың бойында қазақ екенін мақтан тұтатын, “мен мынадай ата-бабадан, намысын таптатпаған ержүрек, батыр ұлттан тараған ұрпақ екенмін ғой” деген түсінік қалыптасқан, елі мен жерін сүйетін шын мәніндегі отаншыл, ұлтшыл, патриот ұрпақ өсіп-өнеді. Әдебиетте де сондай. Сонау жыраулар поэзиясынан бастап, кешегі Кеңестік кезеңдегі әдебиеттің де асылы мен жасығын ажыратып, шын жауһарларын екшеп, ұлт мұратына қызмет ететін, қазақтың көркем танымын көтеретін әдеби дүниелерімізді алға тартып, осы жайында болашақ ұрпақтың санасына жан-жақты мәлімет бере білуіміз тиіс. Осы кезеңдерге дейін еліміздегі жүзеге асырылған ірі-ірі жобалар мен стратегиялық бағдарламалардың дені саяси-әлеуметтік, экономикалық 31 ендіктерге құрылған болатын. Бәрі де рет-ретімен және өте сәтті жүзеге асырылып келді. «Ең бірінші экономика, содан кейін саясат» деген басқару жүйесін Елбасы тегін айтқан жоқ.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» - ұлттық идеологиялық бағытымыздың кепілі. Ұлттық дамуымыздың негізгі тірегі болар осы үш концепция сөзсіз бір-бірімен сабақтасып, тамырласып жатқан идеялар. Өз алдымызға жеке отау құрып, бабалар аманатына қол жеткізіп, шекарамыздың бәрін айқындап жаңа тұрпатты тәуелсіз мемлекет құрдық. Алыс-жақындағы алып елдермен саяси-әлеуметтік, экономикалық және рухани қарым-қатынасты жолға қойдық. Бұл, әрине, бір ауыз сөзбен түйіп айтуға ғана оңай. Әйтпесе, тәуелсіздіктің осы ширек ғасырында қаншама қиындықтар, шиеленістер, күрмеуі қиын әлеуметтік және ұлттық мәселелермен бетпе-бет келгенін бәріміз білеміз. Сол бір қысталаң кездерде көшімізді сүріндірмей, қайығымызды қайрандатпай осы кезге дейін жеткізген ел Президентінің сарабдал саясаты екенін баршамыз жан

жүрегімізбен сезіндік, осы күнге дейін бар жан-тәнімізбен сезініп те келеміз.

  1. Рухани тәрбие - құндылық мәні

Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың өнегелі тәрбиесі - бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселенің бірі. Олардың отансүйгіштік сезімін, білім мен біліктілігін, дағдысы мен шеберлігін, асқақ адамшылық және адамгершілік қадір-қасиеттерін, жаңа дүниетанымдық көзқарастарын, салауаттылық дағдыларын, ұнамды мінез-құлық нормаларын рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы қалыптастыру - үлкен қажеттілік екендігін ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев үнемі еске салады.

Қай заманда болмасын, сол қоғамға сай азаматты тәрбиелеудің бірден-бір жолы адамның рухани байлығын арттыру. Қазақстан Республикасы жалпы білім беру тұжырымдамасында жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, рухани-адамгершілікті қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау міндетінің ерекше аталуы біз көтерген мәселенің қоғам талабынан туындап отырғандығын дәлелдейді. Оның үстіне қоғамдағы рухани құндылықтардың табиғаты, мәні және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеулердің адамгершілік пен руханилық мәселелерімен тікелей байланысты қарастырылып, осы кезге дейін күн тәртібінен түспеуі біздің мәселеміздің өзектілігін арттыра түседі. Өйткені, оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мәселелері көптеген ғылыми зерттеулерге арқау болған.

Рухани-адамгершілік тәрбиесі қоғамның барлық сатысында зерттеу нысаны болып отырғаны баршаға белгілі. Рухани-адамгершілік құндылықтар мәні, тәрбиелік маңызы туралы қазақ ғұламаларының, қоғам қайраткерлері мен ағартушы-педагогтарының ой-пікірлері мен көзқарастары бар. Бүгінгі таңда сұраныс қоғамдағы ізгілікке, руханилыққа бет бұрғызып, оқу-тәрбие жұмысын рухани-адамгершілік тәрбие негізінде ұйымдастырып, жоғары сынып оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру қажеттілігін айқындап отыр.

Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Рухани тәрбие - өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды.

Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу кезек күттірмес мәселе. Негізгі міндет - балалардың жақсы әдет, мінез-құлқын қалыптастыру. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рухани жаңғыру және оның пайдасы
Рухани жаңғыру : болашаққа бағдар
Көне қазақтың рухани мәдениеті
Елбасының осы мақалада көтерген тағы бір маңызды, өзекті мәселесі - туған жерге деген махаббат
Ыбырай Алтынсариннің шығармашылықтарындағы халықтық идеяның окушы жастарға ұлттық тәрбие берудегі тағылымы
Рухани жаңғыру туралы
Ұлттық кодтың қалыптасуындағы отбасының ролі
ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ
Рухани-жаңғыру Қазақстан Республикасындағы сана мен ойлаудың жаңа моделінің стратегиясы
Қалған ұлттар диаспора
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz