Қазақ мәдениетінің архетипі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Реферат
Көшпелілік (номадизм) мәдениет типі ретінде

Орындаған:А.Ернұр
Тексерген:Д.Бактубаевна

Жоспар:

1.Көшпелілік (номадизм) мәдениет типі ретінде
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2.Түркі және қазақ мәдениеті архетипіндегі ирандық компоненттер.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
3.Ортағасырдағы түркі мәдениеті. Философия мен ортағасырлық ғылымның дамуы.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
4.Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың отырықшылық мәдениетті қалыптастырудағы рөлі.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Белгілі ғалым-антрополог, тарих ғылымдарының докторы Оразақ Смағұлдың пайымдауынша, бұл сөздің мән-мағынасын дұрыс түсінбей, орынсыз пайдаланып жүрміз. Қазақ халқының көне тарихын "номад" терминімен сабақтастыра жазу ұлттық тарихты қорлау деген пікірде академик.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Оразақ Смағұлдың айтуынша, соңғы үш ғасыр бойы қазақ халқы және оның ата-бабаларының тұрмыс-тіршілігі тек "номадтық" негізде ғана өрбіген деген жалпылама тұжырым бүгіндері халық санасына әбден сіңісті боп кеткен. Ал оның әу баста еуропацентристер ойлап тапқан жалған ұғым екендігін, өздеріне бағынуға тиіс халықтардың этномәдениетін мансұқтаған Орталық Азия елдерін отарлаушы империялардың жымысқы амалдарының бірі болғандығын ұмытқан сияқтымыз.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
"Еуропа өктемшілдерінің "номад" терминіне үлкен саяси мән беріп, оны шамасы келгенше ғылыми айналымда мығым бекемдеуге ұмтылғанын естен шығарғандаймыз. Ақыры, еуропацентристердің бұл үстем пиғылының босқа кетпей, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгені белгілі. Оның маңызды ғылыми тақырыптардың біріне айналғаны сонша, тіпті Қазақстан тарихшылары мен археологтары тарапынан да осы "номад" термині негіз етіп алынған бірталай еңбек жарық көрді. Ол зерттеулер туралы күні бүгінге дейін ешбір сын-пікірлер айтылған да, жазылған да емес. Керісінше, олар мадақталумен келеді", -- дейді ҚР Ұлттық музейі физикалық антропология зертханасының меңгерушісі.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Осыған орай Оразақ Смағұл "номад" терминінің анықтамасына назар аударады. Әлемдік деңгейдегі сөздік ағылшын тіліндегі Вевстерден (Webster's Dictionary) оқитын болсақ, онда "nomad" грек сөзі, мағынасы - "тұрақты мекенжайы жоқ, мал-жанымен қаңғып жүрген адамдар" деп жазылған. Орыс тілінің түсіндірме сөздігін жазған Владимир Дальдің тұжырымдауынша да, "номад" - "малымен, көшпелі баспанасымен қаңғып жүрген тұрақты мекені жоқ адамдар" (кочевники, бродячий со скотом своим и переносным жильем, без оседлости). Ғалым-антрополог тағы бір "Орыс тілінің түсіндірме сөздігін" жасаған Сергей Ожеговтың әйгілі еңбегінде "номад" атауының тіптен жоқ екенін айта келе, "кочевник" терминінің мағынасын "көшпелі өмір салтымен күн кешетін адам" (человек, который ведёт кочевой образ жизни) деп түсіндіргенін алға тартады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Академиктің сөзіне сүйенсек, бұл күнде ресми "номад" тайпаларының қатарына негізінен тибеттер, бәдәуилер, мауори, химба, туарег, масай, пигмей, банджар жұрттары, австралия аборигендері және тағы басқалары жатады. Ғалым осы жұрттардың кейбірінің өмір салтына тоқталып өтті.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
"Үндістанда өмір сүретін маратха халқының тілінде бұл терминнің "банджар" деген баламасы бар. Банджар тайпасы - тұрақты үйі мен жері жоқ, беті ауған жаққа көшіп-қонып жүре беретін жұрт. Көшпелі өмір салтын ұстанғандықтан, оларды кейде "үнді сығандары" деп жаңылыс атап та жатады. Жалпы, Еуразия масштабындағы сығандардың еш уақытта отаны да, тиісті бір мемлекеттің азаматтығы да болған емес.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
"Номад" түсінігіне сай келетін жұрттардың тағы бірі - Орталық Африка өңірінде мекен ететін масай тайпасы. Олардың негізгі кәсібі мал асырау, бағу және оларға жайылым іздеп, ылғи көшіп жүру. Өмір тіршілігі өте ауыр. Негізгі қорегі мал еті мен сүті. Малды өлтіру үшін оның тек жүрек тұсынан садақпен атып, одан аққан қанды бір үлкен ыдысқа жинайды. Содан кейін оған сүт қосып араластырады. Одан соң ыдыстағы араласқан қанды еңкейіп ауызбен ішеді", -- деп әңгімеледі ол.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Осыдан кейін қазақтарды және оның ата-бабаларын "номадтардың" қандай түріне теңеуге және қайсысының қатарына жатқызуға болар екен деген сұрақ мазалайды ғалым ағамызды. Академиктің айтуынша, қазақ халқының атауына "номад" деген сөзді қосу әділетсіздік, қазақ халқының этномәдени тарихын қорлау.
"Номад деген сөздің мағынасын түсінбей, орынсыз пайдаланып жүрген адамдар бізді қайран қалдырады. Бабаларымыз да, өзіміз де номад тайпаларының өкіліне жатпаймыз. Бұл сөзден біздің тарихымыз да, халқымыз да аулақ болуы керек. Әлбетте, өз халқымыздың ұлттық тарихын қорлағымыз келсе пайдалануға болады. Тарихты бұрмалап, қазақты өткенде де, бүгінгі күні де артта қалған тайпаларға теңеуге кімнің құқығы бар екен.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Бүгінде тарихшыларымыз номад - көшпелі -- қазақ деген үш сөздің тіркесін жасап, қазақ халқының визитттік карточкасына айналдырды ғой. Бұл арада "номад" ұғымына байланысты тағы бір мәселе шығады. Қазақ халқының және оның ата-бабаларының негізгі өмір тіршілігінің тарихын жазып жүрген мамандардың кітаптарында "номад" деген термин мен "көшпелі" деген атаудың мән-мағынасына ешбір айырмашылық қойылмайды. Бізде көшпенділік те болмаған, халқымыз көшкінші ғана болған. Олардың өмір сүру салты мен шаруашылық жағдайлары айтарлықтай көп салалы болды", -- дейді антрополог.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Осы мәселеге қатысты тарих ғылымдарының докторы, Еуразия ұлттық университетінің профессоры Алтайы Оразбаеваның пікірін сұрадық. Тарихшының айтуынша, "номад" деген бұл бөгде мәдениеттердің бізге қойған атауы.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
"Экзоэтноним және эндоэтноним деген екі ұғым бар. Яғни, сырттағы халықтың бізді атауы басқа болады да, өз-өзімізді атауымыз басқа болады. Мәселен, біз Германия халқын неміс деп келдік, украиндықтарға хохол, өзбектерге сарт деген қосылып жатады. Бертінге дейін қазақтардың өзін қара қырғыз, қырғыз деп атап келді. Қыпшақтар тарихта печенег, половцы, құман деген атаулармен келді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Сақтардың өзі солай аталды ма, жоқ па -- ол да белгісіз. Антикалық авторлардың айтуынша, парадарайя, хаумаварга дегендердің барлығы сыртқы аталым. Бұл экзоэтноним. Ал эндоэтноним деген бұл өзіміздің ішкі атауымыз. Өзімізді біз қазақ дейміз. Осы уақытқа дейін қазақ деген сөздің қай кезден бастау алатынын тарихи деректерден іздеп келеміз. Неге осы сөзді жиі кездестірмейміз? Өйткенің бізді өзгелер басқаша атап, біз өзімізді қазақ деп келген болуымыз мүмкін", -- дейді тарихшы.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Сөйтіп, Алтайы Иранбекқызының тұжырымынша, өзгелердің бізді "номад" деп атауын түсінуге болады. Әрі шетелге шыққанда да тарихшыларға осы терминді пайдалануға тура келеді. Бірақ, профессордың пікірінше, қазақтардың өз-өзін "номад" деп атауы, шын мәнінде, сауатсыздық.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
"Басқа елдердің адамдары номад деп атайды. Ал біздің өзімізді айтуымыз қателік. Айналып келгенде, мәселенің бір ұшы үштілділіктен келіп шығып жатыр. Себебі сол сөзді үш тілде беретін болсаңыз, "номадқа" келіп тіреледі. Өзге өркениеттің, өзге мәдениеттің бір құндылықтарына еліктеушіліктен келіп шығып жатыр. Бұл шын мәнінде сауатсыздық. Өз-өзімізді "номад" деп атауға құқығымыз жоқ. Өзімізді көшпелі елдің ұрпағы, көшпелі қазақ қоғамының мұрагері деп қабылдауымыз керек", -- дейді Алтайы Иранбекқызы.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тарихшының пікірінше, жұрттардың бізді "номад" деп атағанынан біздің ұпайымыз кем түсіп қалмайды. Жаһанға әйгілі болған құндылықтарымызды қалыптастырған көшпелі қазақтан тараған ұрпақпыз деп, көшпелілікке тиесілі құндылықтарды, әдет-ғұрыпты жатсынбай, жатырқамай, керісінше мақтаныш нысаны ретінде бағалауымыз керек.
"Қазақтың арғы атасы сақ, түрік, бертін келе түркі қазақ, содан кейін қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаушы осы Еуразия далалық аймағының тұрғындары, жұрты. Олар өздерінің ішкі әлеуеті, күш қуаты арқылы классикалық тұрғыдағы көшпелі өркениетті орнықтыра білді. Көшпелі деген бұл отырықшы елмен терезесі тең адамзат тарихында о бастан қалыптасқан қауым. Көшпелі деген кезде қала болмаған, тек малдың соңында жүрген деген түсінік қалыптасады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ол дұрыс емес, біздің Қазақстанның аумағында бір емес, адамзатқа тиесілі жартылай отырықшы, отырықшы, көшпелі сынды үш бірдей шаруашылықтың түрі болғандығы барлығына белгілі. Үлкен саяси әлеуметтік құрылым болды, өзінің мәдени ерекшелігі, өркениеттің ерекше түрі болды. Сол себепті осы күнде сол өркениеттің жалғастырушысы, еуразиялық дала көшпелілерінің мұрагерлері ретінде өзімізді танып білуіміз керек", -- дейді Алтайы Иранбекқызы.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Профессор ойын түйіндей келе, кім қалай десе де, Еуразия көшпелілерінің әлемдік тарихқа, адамзаттың даму процесіне қосқан үлесін ешкім жоққа шығарып жатпағанын қадап айтты.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
"Тоқ етерін айтатын болсақ, мәселе тарихта емес, мәселе өз санамыздағы бұрмалаушылықтан, бодандықтан арылу керек. Тарихымызды талан-таражға түсірмей, өзгелермен салыстырмай, біреуден артық, біреуден кем демей, барымызға терең талдау жасау арқылы ғана бойымыздағы көшпелі ата-бабамыз салып кеткен еркіндікті, тәуелсіздікті сезінген жағдайда және басқа біреуге сездірген жағдайға ғана, шын мәнінде, құлаш жайған өркениетті елдің азаматымыз, ұрпағымыз деп толық айта аламыз", -- деді тарихшы.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2
Архетип ұғымын ғылымға енгізген -- К.Г. Юнг. Оның пікірі бойынша, мәдени тұлғаның рухани-шығармашыл қазынасын қауымдық тылсым құрастырады. Осы көмескі сананың, тылсымның құрылымдық бөліктерін архетиптер деп атайды. Оларға адамның рухани өмірін априорлы (тәжірибеге дейін) қалыптастыратын және оның іс-әрекетін, мінез-құлық жүйесін жалпылама анықтайтын құндылықтар қисыны жатады. Осының негізінде адамда мендік сезім, этноста ортақ уақыттық кеңістіктік өріс пайда болады.
Архетип ұғымының ең басты белгілеріне уақыт пен кеңістік жатады. Өйткені оның тікелей хронотоптық сипаты бар және ол -- уақыт пен кеңістіктегі мәдени әлемді адамның игеруінің негізгі шарттарының бірі. Әрбір халық өз мәдениетін еркін дамытуға мүмкіндік алған кезде архетиптеріне жиі оралады. Мысалы, соңғы кездегі мәдениет пен өнердің әр саласындағы ұлттық негіздерді жаңғырту идеясы осымен ұқсас. Бұл, әсіресе, тәуелсіздікке енді ғана қолы жеткен Қазақстан Республикасында да өтіп жатқан занды және прогрессивті құбылыс. Архетиптік уақытты жаңғырту дегеніміз әлемдік мәдениетте кездесетін фундаментализм (түп-тамырларды әсірелеу) және партикуляризмнен (мәдени оқшаулық, ерекше жол) бөлек құбылыс.
Сонымен белгілі бір мәдениеттің архетипіне оның өзіндік болмысын неғүрлым бойына толығырақ жинаған салт-дәстүрлік және өзіндік сана ерекшеліктерін қалыптастырған және дербес жүйе ретінде өркениеттер сұхбатында орын алған мәдени түп нұсқа жатады.
Қазақ мәдениетінің архетипі
Қазақ мәдениетінің архетипіне көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша орта ғасырларда қалыптасқан еуразиялық мәдени кеңістікті қамтыған түріктік халықтар мен тайпалардың негізінен көшпенді мәдениеті жатады. Енді осы архетиптік уақыт ерекшеліктерін сипаттауға көшейік. Жоғарыда атап көрсетілгендей, архетиптік уақыт мифологиялық дүниетаным қойнауынан шыққанымен, оның өзіндік ерекшеліктері бар. Архетиптік уақыт жазусыз мәдениеттен алғашқы жазу-сызу мәдениетінің қалыптасуымен байланысты болған. Оның табиғи кванттары жадылық бітімнен код-текстерге көбірек негізделген. Пұттар мен киелі жерлер ғана арқау болар ауызша текстің, -- дейді Ю. Лотман, -- белгілі бір орын мен белгілі бір уақытқа бағышталуы (киелі пұттың қызметі мәдениет аясы тұрғысынан салттық жағынан да, календарлық жағынан да соның ғана уақыты болатын, әрі жергілікті аңыздардың мәйетіне айналатын белгілі бір уақытта ғана жанданады) жазба және жазусыз мәдениеттердің жергілікті ландшафта мүлдем әр қилы күй кешулерінен байқалады. Жазба мәдениет Құдай немесе Табиғат жасаған дүниені текст ретінде қарастыруға, әрі ондағы мәліметті оқуға тырысушылыққа бейім.

Мәдениет өз негізінде күрделі құндылықтар жүйесінен тұрады. Ендеше, мәдениеттің кез келген элементі мен адамға қатысты дүние құндылық ретінде қарастырылуы мүмкін. Демек, біздің мәдениет аясындағы құндылықтарды түсіндірудегі ортақ ұғымымыз мән-мағына болып табылады екен. Құндылық пен мән-мағына - адамның әлеуметтік-мәдени үлгідегі екі мәні. Олай болса, мәдениеттің құндылықтық-мағыналық өзегін жүзеге асыратын тіл, не болмаса нышандар мен таңбалар жүйесі, талдауымыздың негізгі өзегі болып отырған рәміз мәселесіне алып келеді . Мәдениет - құндылықтар мен мән-мағыналар әлемі. Ал, рәміздік үрдіс адамзат мәдениетінің мәнін, оның табиғи болмысы мен дамуының көкжиегін анықтайды. Рәміздер адамзаттың рухани жасампаздығы мен шығармашылығының барлық деңгейінен өтеді . Мәдениеттің феноменологиялық категорияларын талдауда теориялық егжей-тегжейлі қарастырылатын мәселенің бірі рәміз екені белгілі. Ең алдымен, рәміз дегеніміздің өзі не және оның мәні неде десек, философиялық зерттеу үрдісінде рәміз барлық құбылысты түгел қамтитын жинақтауыш ұғым ретінде сипатталады. Бұл тұрғыдан алғанда, рәмізді табиғи болмыстың бейнесі және оның мәденимағыналық көрінісі деп толығымен айта аламыз. Жильберт Дюранд рәміздер формалық жағымен зерделенбеуі керек, олар ойлау категориялары болғандықтан, көріністің өмірлік мағыналық күші болуы қажет - деп сараптайды. Рәміздер әлеуметтік өмірде ақпараттық хабар беріп, бағытын көрсетуде адамзаттың сан ғасырлық мәдени-тарихи және рухани мұраларын, құндылықтарын бейнелеп, өз бойына мәдениет дәстүрін сақтайды. Рәміз ұғымының мәнін ашып көрсету мәдениет философиясының еншісіндегі өзекті міндеттердің бірі деп айтуға болады. Осы тұрғыда батыс ғалымы Энтони Смит тарихи жады, ұлттық аңыздар, рухани құндылықтар мен ұлттық рәміздер ұлттық бірегейліктің бітей қайнасқан бөліктері ретінде анықтайды. Поль Рикер рәміздің екі жақтылығын сипаттап біржағын архаикалық бейнелермен, екінші жағынан мүмкіндік категориясымен ұштастырады. Адамзат санасындағы түрлі бағыттағы анықтаманы Рикер эсхатология арқылы түсіндіреді. Ол рәміз шындыққа мәнмағына беретін құндылық элементі, - деп тұжырымдайды. Рәміздің орны тілдің күрделі ұйымдасқан таңбалар мен мән-мағыналар құратын жерінде - деп жазады Рикер Түркілік дүниетанымға берік дәстүршілдік пен мыңдаған жылдар бойы қалыптасып, ғұрыпқа айналған рәміздік сипат тән екенін қуаттай келе, бұл екеуінің − ғұмыр-тіршілікте адамшылықпен өмір сүру асқақ мұратына негізделген түркілік дүниетанымның басты этикалық бағыт-бағдарын анықтайтынын атап көрсетуімізге болады. Ғалымдарымыз дәстүрлі түркілік мәдениеттің рәміздік жүйесінің басты рәміздік ұғымдары ретінде келесілерді атайды, олар: дүние суреттемелеріне қатысты көшпелі рәміздерге үштік әлем (аспан, жер-су, жер асты), әлемдік ағаш, ата жұрт, аспан таулары, соңғы теңіз, киелі oт, тамыр, аспан шырақтары, жеті қат жер, жеті қат көк, алты тарап кеңістік, жеті тарап кеңістік, сегіз тарап кеңістік, мүшел, уақыт ырғақтары, жыл қайтару және т.б. жатады. Осы рәміздер арқылы біз түркілердің табиғатты, жаратылысты, тіршілік заңдылықтарын терең танып білгенін аңғарамыз. Байырғы жазба ескерткіштердің мәнін аша түсетін сипаттарды атағанда біз олардың түркі өркениетінің белгілері екенін аңғарамыз. Бұл рәміздік концептілер түркі дүниетанымының рәміздік ғаламынан мол ақпарат береді, түркі өркениетінің рухани төл қазынасымен табыстырады. Жоғарыда аталғандардан тіршілік ерекшеліктері мен табиғат құпияларына, аттары айтып тұрғандай әлем қозғалысы мен дамуына байланысты рәміздік түсініктерді жиі кездестіреміз. Бір сөзбен айтқанда қоршаған ортаға, халықтың өзіне тән өмір салтына байланысты рәміздердің қалыптасқанын байқаймыз. Рәміздердің сан алуан ілкі негіздері мен кескіндері мифтік дәуірлерде өмірге келді. Мифтік заман, мифтік таным мифологиялық ойлау жүйесін қалыптастырды. Мифологиялық ойлау, көркемдік таным аясында белгілі бір танымдық ұғымдар, белгілер мен нышандар, тотемдер мен есім сөздер, заттар, тұтас ұғымдар, көркемдік рәміздер пайда болып, санада қалып қойды. Сөйтіп, біртіндеп мифтік кезең оқшауланып шықты. Мифтік категориялар сарапталды. Өркениетті үрдістің бір байламы осында жатыр. Антикалық дүние табиғатымен ұштасатын жаратылысы дара түркі мифологиясы және оның кейінгі ұлттық мәдениетімізде түрленуі ұлттық танымымыздың өзіндік ерекшелігін даралай түседі, - деп көрсетілген көзқарастар да осының айғағы. Архетиптілік, образдылық, ауқымды да кешенді мән-мазмұн, әмбебаптылық, ұлттық мәдени ерекшелік - рәміздердің басты табиғи көрінісі болып сипатталады. Көптеген зерттеушілер рәміздердің көпмағыналылығын, сан алуан мазмұннан тұратындығын тілге тиек етеді. Алайда біздің пікіріміз бойынша, рәміздің көпмағыналылығы - қандай да бір халықтың немесе белгілі бір мәдениет шеңберінде зерттеушінің ізденімпаздығының нәтижесі болып табылады. Демек, кез келген рәмізге белгілі бір мәдениетте қабылданған және қолданылатын мағына тән, ал оның екінші мағынасы тек арнайы бір кең мәтінінде ғана өзіндік мазмұнға ие болады. Өзге нәрселерді сипаттай отырып, рәміз басқа құбылыстарды меңзейді. Мұндай кең мәтінінде ол сакралдылықты бейнелейді. Сакралды рәміздердің түпнегізінде діннің тұрғандығы дау тудырмас қағида болып тұр. Негізгі діни рәміз, архаикалық немесе қазіргі кездегі образ, ымишара, құрбан болған объект немесе қасиетті салт-жоралар адамзат өмірінде бүгінгі таңға дейін өз маңыздылығын жойған жоқ. Мұндай рәмізге адамзаттың санғасырлық тәжірибесі шоғырланғандығы еске түседі. Бұл жерде біз мыңдаған жылдық тарихы бар, дүниеге деген көзқарасы мен өмір сүру салты бейнеленген жазба ескерткіштерді айтуымызға болады. Олай болса, түркілік дүниетанымның рәміздік сипатын айшықтамай, түркілік болмыстың ерекшелігін түсіну мүмкін емес екені анық. Зерттеуді тұжырымдауда құрылымдық-функционалдық, компаративистік, тарихи-философиялық және тарихи-мәдени реконструкциялау тәсілдері қолданылды.
Сонымен ойымызды қорытындылай келе төмендегідей тұжырымдар жасаймыз. Адам әлемі − рәміз әлемі, өйткені бұл мәнсіз әлемге мән беретін, оны әлдененің рәмізі ететін де адамзат болып табылады. Осы тұрғыда түріктер ғаламды тануда, кеңістік пен уақыт аясындағы, дүниедегі орнын анықтауда, өмір мәні мен баяндылығын табуға мүмкіндік беретін өзіндік айрықша рәміздік таным, ұғым-түсініктерді қалыптастырғандығын тұжырымдаймыз. Түрік дүниетанымы мен мәдениетінің іргелі негіздерін зерттеу міндеттері адамның әлемді бейнелеуінің әмбебапты формаларын білдіретін архетиптер мен рәміздерді айқындаусыз толымсыз болады. Сондықтан тек рационалды ғана емес, сонымен қатар, сакралды әлемді игерудің қажеттілігі туындайды. Дәстүрлі түркілік дүниетанымның рәміздік жүйесі төл құндылықтарымыздың түпкі негізі ретінде мәдени-тарихи һәм әлеуметтік болмыстағы бағыт-бағдарымызды, ұлттық мәдениетіміздің даму сабақтастығын анықтаудағы құлабыз және ұлттық болмысымызбен келешек дамуымызға өзек болатын рухани жүйе деп пайымдаймыз. Осы тұрғыдан алғанда түркілік рәміздердің мәнін зерделеу халқымыздың рухани мәдениетінің архетиптері мен түпкі санасын тануға, рухани жалғастық жүлгесінің үзілмеуіне алып келетіні анық.

3

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Түркітіл философиясы. Орта ғасырларда дамып, гүлденген араб және түркітілдес философиясы туралы әдебиеттер баршылық, дегенмен де ол әлі толық зерттелген жоқ. Бүгінгі таңда шығыс мәдениеті мен философиясы, өркениетті әлемдік деңгейге рухани мәдениеттің бар саласына белсенді әсер етіп үлкен үміт арттырып отыр. Бұл еуроцентристік теориялардың жалпы әлемдік универсализмге ие бола алмай тұйыққа тірелген шағын көрсетіп отыр.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Мәселен, ежелгі үнді, қытай және грек философиясының генезисін анықтау, олардың алғы философиялық сананың формаларына деген ара-қатынасын анық түсінуге, әрқайсысының спецификасының және даму заңдылықтарының құрылуына мүмкіндік береді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Бұл көне шығыс пен ежелгі грек философиясын, сондай-ақ шығыс пен батыстың өркениеттілігін де салыстырмалы түрде окып білудің алғы шарттары болып табылады. Өркениеттің рухани аспектісінің кең ауқымда болғандығы соншама, оның шығыс қоғамындағы орны батысқа қарағанда мүлдем өзгеше.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Бұрынғы әлемдік философия тарихының қазіргі мәселе қою жағдайынан өзгешелігі сол, онда еуроцентризм үстемдік етеді. Ол батыстағы шешімді асырып жіберіп, шығыс философиясын теріс бағалады. Бұған сенсек, шығыста барлық уақытта бір түрлі философия өмір сүрген. Бірақ бұл осылай ма? Олай емес. Өркениет, философия, мәдениет шығыста да, батыстағыдай әрқилы жолдармен жүріп, дамып келеді. Бұл алшақтық шығыстың қоғам дамуының ерекшелігінен көрінеді. Яғни, бұл мәдениеті мен философиясындағы ерекше өз корінісін тапқан, қайталанбас өз тарихы, салт-дәстүрі бар дербес шығыс қоғамды көрсетеді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Өкінішке орай, кезінде ұлы Гегель де батыс философиясы шығыс философиясынан әлдеқайда жоғары деп бағалағанын оның концепциясынан кореміз. Мұның бәрі отаршылдық ғасырлары: шығыс ойларының пессимистігі, инерттілігі делінетін менсінбей қараушылықпен белгілі. Шығыс философиясына үңіле зер салсақ, оның ешқашан жалпы болмағандығын, ең аз дегенде, үш дербес бағытта, үнді, қытай, араб мұсылман болып дамығандығын көреміз.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Бұдан біздің пайымдайтынымыз, шығыс философиясының өзіндік бір дербес ерекшелігі бар, ешқандай бұлжымай қатып қалған философия түрлерінің болмауы. Қайта бағыттардың әр түрлі қалыптарына, өміршеңдігіне, даналығына көз жеткіземіз. Сондықтан да, біздің бұл бөліміміз шығыс философиясының бір бұтағы болған араб және түркі тілдес орта ғасырлық мұсылмандық шығыс философиясына арналып отыр.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Осы бір тұста тарихи зандылыққа сәйкес философиялық ғылыми ойдың даму орталығы ортағасырлық мұсылмаңдық шығысқа ойысты да, сонау XI ғасырға дейін мәдени өркендеудің негізгі ошағы сонда болды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Орта ғасырлық шығыста VIII -- IX ғғ. Батыс Еуропаның мәдениеттік даму деңгейі төмен дәрежеде қалып қойған кезде араб тілді философия, араб мәдениеті кең өркен жайды. Бұл арабтардың ұлттық сана-сезімінің оянуы, мәдениетінің кең өркен жаюы, жалпы VII ғ. Арабстанда жаңа ислам дінінің пайда болуымен де байланысты болды. Олар VII ғ. екінші жартысында ислам туының астында үлкен бір орталыққа айналды. Араб халифаты VIII ғ. бірінші жартысыңда тіпті бұрынғы Рим империясынан да асып түскені бізге тарихтан белгілі. Оның құрамына Арабстаннан басқа Иран, Армения, Индияның солтүстік-батысы, Сирия, Египет, Палестина, бүкіл Солтүстік Африка жағалауы және Пирней түбегі кірді. Атлантикадан Қытайға дейінгі сауда жалпы арабтардың қолында болды, араб тілі Гибралтардан Инд өзеніне дейінгі жерде ортақ тілге айналды, Араб халифатының қол өнері, шаруашылығы, атап айтқаңда, суармалы жерді пайдалану мәдениеті мен техникасы, саудасы мен өндірісі Еуропаға қарағанда анағұрлым жоғары дәрежеде еді. Осы себептердің бәрі жиналып келіп, орта ғасырлық ғылым мен философияның күрт дамып, өркен жаюына игі ықпал жасады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Алайда араб мәдениеті араб халифаты сияқты көп ұлтты болды. Оның көркеюіне, дамуына арабтармен бірге түріктер де, берберлер де (мавр), парсылар мен египеттіктер де атсалысты. Екінші жағынан, араб тілінің негізінде ежелгі шығыс мәдениеті мен антикалық мәдениет ұштастырыла дамытылды, өзіндік дәстүрлі жалғасын тапты.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Осыған орай, Бағдат қаласы үлкен мәдени, рухани ортылыққа айналды. Мұнда Платонның, Аристотельдің, Гиппократ мен Галеннің, Эвклид, Архимед және Птолемейдің шығармалары араб тіліне аударылып басылып, мұсылман әлеміне кеңінен танымал болды. Ал Х ғ. екінші жартысында орталық Пирней түбегіндегі Кордова қаласына ойыса бастап, XVI ғ. мәдени даму өзінің шарықтау биігіне көтеріліп, шегіне жетті. Аристотелизм ағымының ықпалы философия саласында өте күшті болды. Сөйтіп, мұсылман перипатетизмінін негізі қалаңды. Ол негізінен екі бағытқа бөлінген еді. Біріншісі, аль-Кинди, әл-Фараби және ибн Синаның (Авиценна) атымен байланысты шығыстық аристотелизм. Екіншісі, ибн Туфейл және ибн Рушдтың (Аверроэс) атымен байланысты испан аристотелизмі. Алғашқы кезде арабтар Аристотель философиясының неоплатониктер бұрмалаған нұсқасымен танысқанды. Кейіннен, Аристотельдің түпнұсқа еңбектері араб тіліне тікелей аударылып, зерттеу объектісіне айналған кезде ғана ол бұрмалаушылықтардың ықпалы жойылды. Сөйтіп, араб мұсылман әлемі Платон және Аристотель еңбектерімен тікелей танысуға мүмкіңдік алды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Мұсылмандық шығыс перипатетизмінің бастаушы өкілдерінің бірі аристотелизм іліміне алғаш жол ашқан ғүлама философ әл-Кинди (шамамен 800 -- 870 жж.) араб философы. деген құрметті атаққа ие болды. Ол өзінің трактаттарында табиғат құбылыстарын детерменистік тұрғыдан түсіндіруге баса назар аударды. Ол жан-жақты терең білімді, геометрия, астрономия, оптика, медицина, музыка ғылымдарымен шұғылданған ойшыл адам. Философиялық шығармалары логика мен таным теория- сына байланысты жазылған. Әл-Киндидің философия және жаратылыстану ғылымдары саласындағы көптеген жаңа тұжырымдары мен қағидалары келешек ғылым үшін де жетекшілік рөл атқарды. Атап айқанда, оның септілік байланысы, танымның үш сатысы туралы ілімі араб философиясы үшін сараптаудың үлгісі есепті болды. Әл-Кинди танымның бірінші сатысына -- логика мен математиканы, екінші сатысына -- жаратылыстану ғылымдарын, үшінші сатысына -- философияны жатқызды. Демек, философияның нақтылы ғылымдарға өте жақын екендігін, олармен тығыз байланыста болып, арқа сүйейтіндігін көре біліп, дұрыс айтқан.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Шығыс перипатетизмінің тарихыңда ақыл-ойдың төрт түрін атап көрсеткен концепциясы үлкен рөл атқарды. Оларды -- мәңгі әрекетшіл белсеңді ақыл-ой, бейжай, енжар ақыл-ой, жол-жөнекей қосылған акыл-ой, жарияшыл ақыл-ой деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлға психологиясы. Тұлға ұғымы
Қазақ мәдениетінің көркем шығармашылық типологиясы
Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы
САҚ ӨНЕРІ
Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
Көшпенді номад мәдениеті
Архетип және ұжымдық бейсананың бейнелеу өнерімен байланысы
Тіл және мәдениет туралы
Қазақ мәдениетінің бастаулары жайлы
Ежелгі грек этикада жаратылыстанушылар
Пәндер