Бесінші оқиға


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Халықаралық тараз инновациялық институты

СӨЖ

Тақырыбы: Криминалисттік идентификация.

Тараз 2021ж.

Мазмұны

1. 1 Криминалисттік идентификация. 2 б

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Криминалистикалыц идентификацияның ғылыми негіздері- 3 б

ІІІ. Қорытынды.

3 . 1. Қорытынды 4 б

ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі 5 б

  1. Криминалисттік идентификация

Бірінші рет “Криминалистика” деген сөзді 21 ғасырда Австриялық ғалым Ганс Гросс пайдаланған, яғни “қылмыстарды ашатын ғылым” деген. Кримимналистика пәні қылмыстармен күресу проблемасын шешуде үлкен роль атқарады. Кримимналистика айғақтарды, айғақ заттарды, дәлелді жинау, зерттеп баға беру, оларды пайдалану және қылмыстардың алдын алу туралы ғылым. Криминалистика дегеніміз- қылмысты жасау әдістері туралы, тергеуді жүргізу техникасы, тактикасы және методикасы туралы ғылым.

Кейде теңдестіру объектінің наңтылы жеке даралығын айқындауға ғана қатысты деген көзқараспен, белгілі бір топқа жататындығын анықтауды жасанды түрде криминалистикалық идентификация теориясынан бөлектейді. Шын мәнінде белгілі бір топңа жататындығын аныңтау криминалистикалық идентификацияның ңажетті бөлігі болып табылады.

Объектінің нақтылы бір топқа жататындығын анықтау осы объектінің белгілерін зерттеу негізіндежәне топтас басңа объектілердің белгілерімен салыстыру арқылы жүргізіледі. Осылайша, ұңғыдан өту нәтижесінде пайда болған оқтағы өзгерістер, яғни, қалыбы, өлшемі, конструкциясы және іздері арңылы қандай қару моделінен атыс жүргізілгендігін аңғаруға болады.

Осы жерде қару табылып жөне оқиға болған жерден алынса, зерттеудің келесі кезеңі ретінде нақты қаруды теңдестіру, яғни, идентификациялау жүреді. Алайда, қару болмаса, ал объектінің жеке даралығын аныңтайтын оқ үстінде белгілер болған жағдайда да, теңдестіру тек белгілі бір топқа жататындығын анықтаумен ғана аяқталады.

Іздерде объектіні жеке даралайтын белгілер кескінделмеген жағдайда да белгілі бір топқа жататындығын анықтаумен шектелуге тура келеді. Осылайша, көлік құралдарының іздері бойынша автомобиль моделін (яғни, ол көліктің тобы) анықтауға болады, алайда ізде осы көлікті теңдестіретіндей белгілердің болмауы, көліктің өзі табылған жағдайда да, оны идентификациялауға мүмкіндік бермейді.

Сонымен, белгілі бір топқа жататындыеын анықтау деп объектінің нақты топқа, түрге, яғни, біртектес объектілер тобына жататындығын анықтауды айтамыз (мысалы, ұрлық болған жерде табылған бұзу құралынан қалған із бойынша құрал түрін анықтау) .

Белгілі бір топңа жатңыза отырып жіктеудің бір түріне шығу тегінің біртектес екендігін аныңтауды жатқызуға болады. Мұндай зерттеу нәтижесінде бір немесе бірнеше объектілердің бір топқа жататындығы анықталады. Аталмыш объектілер қатарына қаламсаптағы және мәтін штрихтарындағы сия жатады; мәйіттен алынған бытыра және күдікті патрондардағы бытыра және т. б. Бұл жерде салыстыру негізінен объектілердің ішкі қасиеттерін көрсететін белгілер арқылы жүргізіледі.

2. 1. Криминалистикалыц идентификацияның ғылыми негіздері

Сонымен түйіндей келе, белгілі бір топқа жататындығын анықтауға әр түрлі себептерге сәйкес идентификация мүмкін болмаған жағдайларда жүгінеді, осыларды тағы да атап өтейік.

Бірінші оқиға. Теңдестіруге жататын объектіде бейнеленген белгілер жиынтығы тепе-теңдік туралы мәселені шешуге жеткіліксіз. Мысалы, аяқ киім ізінде тек табанның өлшемі мен қалыбы кескінделген. Бұл белгілер әдетте, аяқ киімнің түрі мен мөлшері туралы мағлұмат бере алады. Екінші оқиға. Тендігін шығаруға тиісті объект біршама өзгеріске ұшырады. Белгілердің жаңа жиынтығы идентификациялауға көмектесетін объектіде кескінделген белгілермен сәйкес келмейді. Мысалы, оқ атылған оқиға болған жерден алынған тапанша, көп уақыт дымқыл жерде жатып қалып, оның ұңғысы даттанып кеткен. Әрине, оңтағы іздер кескінделген белгілер өзгеріске үшырап, кейбіреулері мүлдем жоғалған. Тепе-теңдігін табу туралы мәселе ашық ңалады. Сарапшының қарудың түрі немесе моделі жайлы қорытындымен шектелуіне тура келеді.

Үшінші оқиға. Іздердің пайда болу механизмінің ерекшелігі соншалыңты, нақты объектіні жекелейтін белгілер көбіне кескінделмей қалады. Мұндай іздерге мысалы, егеумен жасалған аралау іздерін жатқызуға болады. Құрал-сайманды идентификациялауға бұл іздер көмек бермейді. Кейде олар бойынша егеудің түрін және түсірген ізін, яғни, осындай құрал-саймандар тобын аныңтау мүмкіндігі пайда болады.

Төртінші оқиға. Теңдестіруге көмектесетін объект (мысалы, із) бар, алайда теңдігін табу қажет объект белгісіз (анықталмаған) . Мұндай жағдай тергеудің бастапқы кезеңіне қатысты, әдетте, окиға болған жерді қарау процесінде осы жерде табылып жатқан іздер белгілі бір топқа жататындығын анықтау үшін қолданылады. Бұл тергеу оқиғасына ңатысты объектілердің іздеп-табылуын жеңілдетіп, жылдамдатады.

Қарағанды облысының шаруа қожалығының бірінде белгісіз қылмыскерлер түнде дүкен иесіне қатысты қарақшылың әрекет жасайды. Оқиға болған жерді қарау барысында қылмыскерлер қолданған автокөлік дөңгелегінің іздері табылады. Қарауға қатысқан маман-криминалист іздерді алдын ала зерттеуден өткізіп, олар «ВАЗ-2121» автокөлігімен қалдырылған деген өз ойын білдірді.

Жол полициясы басқармасының тіркеуіне сөйкес мұндай көлік түрі аудан әкімшілігінде бар екен. Жедел іздестіру қызметкерлері тез арада жүргізушіні аныңтап, ол өзінің сыбайластарының сырт келбет белгілерін атайды. Қылмыскерлердің барлығы сол күні ұсталады.

Бесінші оқиға. Бірқатар объектілер өзінің кеңістікте тұрақты ңүрылымы болмағандықтан, мүлдем идентификациялауға келмейді.

Әңгіме бұл жерде сұйық, ұнтақты, сусымалы және осы тәріздес нәрселер туралы болмақ. Аталмыш объектілерді зерттеу нәтижесінде олардың тек белгілі бір топңа жататындығы ғана анықталуы мүмкін.

3. 1. Тұжырымдама

Қорытындылай келгенде, криминалистикалық идентификация дегеніміз - нақтылы бір объектінің, өзі қалдырған кескінделу немесе бөлінділерінің көмегімен аныңталған теңдігі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамдарды және қоршаған ортаны табиғи және техногендік шыққан зиянды және қауіпті факторлардан қорғау
Абайдың оригиналдық поэмасы
ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ КЕҢЕУІ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫ
Ғ.Мүсіреповтің «талпақ танау», «күсен» әңгімелерінің тақырыптық-идеялық сипаты
Шәкәрім
Қазақстандағы жазу тарихы
Еуропалық одақтың кеңеюі: жетістіктері мен қиыншылықтары
Беттестіру жүргізудің-техника криминалистикалық және тактика криминалистикалық аспектілері
Би-Би-Сидің телевидениедегі қызметі
Жастардың өзіне – өзі қол жұмсаудың алдын алу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz