Баланың дүниетанымының дамуына ойыншықтың әсері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Көпсалалы гуманитарлы - техникалық колледжі


Мамандығы: 0101000 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
Біліктілігі: 0101013 Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі
Педагогикалық бөлімі
Бөлімге тіркелген мезгілі п
Қорғауға ұсынылған белгісі п
Қорғауға қойылған баға п

Курстық жоба жұмысы
Пән: Педагогика
Тақырыбы: Бала дамуындағы ойыншықтың маңызы. Педагогикалық көркемдік құндылығы
Орындаушы: 4ДО 1к-18-9 тобы студенті: Муқтарқызы Қ.
Жетекші: педагогика-психология пән мұғалімі: Айгожина З.Ж.

Қарағанды 2021 жыл.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І-бөлім.Топта әлеуметтік - психологиялық жағдайды қалыптастыруда ойыншықтардың рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1. Баланың таным процесін дамытудағы ойыншықтардың рөлі ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Баланың дүниетанымының дамуына ойыншықтың әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ..8
1.3. Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ...9
ІІ-бөлім. Мектепке дейінгі балалардың дамуындағы ойыншықтардың
маңызы және педагогикалық көркемдік құндылықтары ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.1. Қызықты ойындар арқылы таным үрдісін дамыту Сөйлейтін әліппе интерактивті плакаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.2 Ойыншықтар әлеміне саяхат тақырыбындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...27

КІРІСПЕ
Қазіргі кезде "ойын" ұғымының мағынасы кеңейіп, тұрмыс пен мәдениеттің түрлі салаларын қамтуда. Бұрын балалар ойыны мен актер ойыны педагогика мен өнертанудың ғана зерттеу нысандары болып келсе, қазіргі таңда ойын проблемасы психология, әлеуметтану, мәдениеттану, әдебиеттану, т.б.
салалардың көкейтесті мәселесіне айналып отыр.
Ойыншық-баланы жан жақты тәрбиелеп, білім алу, қызықтыру мақсатында пайдаланады. Баланың дүниетанымын кеңейтуге, қиялын дамытып, еңбекке сүйіспеншілігін, техникаға қызығушылығын, білуге құмарлығын, аңғарғаштығын қалыптастырады, талғампаздыққа тәрбиелейді, өнерге ынталандырады. Ойыншықпен ойнауға белгілі жағдайда педагогикалық, эстетикалық, гигиеналық, техникалық талап қойылады, сондай-ақ ол баланың жас ерекшелігіне қарай өзгеріп отырады.
Зерттеу өзектілігі: Ойын балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Балалардың өздігінен жұмыс істеуге ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалрдың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды.
Зерттеу мақсаты: Мектепке дейінгі балалардың танымдық үрдісін ойыншықтар арқылы дамыту жолдарын айқындап көрсету.
Зерттеу міндеті:
1. Балалардың тұлғалық қалыптасуында ойынның психологиялық-педагогикалық мәнін талдау, саралау;
2. Танымдық белсенділікті қалыптастырудағы ойыншықтардың түрлерін айқындау;
3. Ойыншықтарды пайдалану тиімділігі, ойыншықтардың түрлерін қолдарыну жолдарын көрсету;
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлім және оның бірінші бөлімі үш бөлімшеден, екіншісі екі бөлімшіден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І тарау. Топта әлеуметтік - психологиялық жағдайды қалыптастыруда ойыншықтардың ролі
1.1Баланың таным процесін дамытудағы ойыншықтардың рөлі
Баланың ойын үстіндегі өзін-өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген құмарлығы, шынығуы, шындалуы, оның ақыл-ойы, дене еңбегіндегі белсенділігін арттырып, алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік-қайратын шыңдайды, алға қарай ұмтылсын, құштарлығын оятады. Осының нәтижесінде баланың өз бетімен ізденуі, білімді қажетсінуі өсіп, нақтылы мақсаткерлікке ұласады. Ойынға қатысқан әр баланың алдына жеңіске деген ұмтылыс пайда болады.
Халықтың өткен тарихына зер салсақ, қай кезеңде де ұрпақ тәрбиесі әр елдің ең басты мәселесі.
Өзге халық "бала тәрбиесі жөргектен" десе, дана халқымыз, бала тәрбиесі құрсақтан екенін айтып кеткен.
Өмірге келген нәрестенің , жеке басының дамуына әулеметтік ортаның маңызы зор. Өмірге келген нәресте - әлеуметтік ортаның жемісі.
Ойыншық - балалардың өсіп жетілуіне, ақыл - ойының, тілінің дамуында үлкен орын алады. Туғаннан бастап, есту, көру, талпыну, еңбектеу, ең алғашқы уілдеу, алғашқы буындар, тілінің шығуына ары қарай жас ерекшелігіне қарай тілінің дамуында алатын орыны зор және маңызды.
1-ші айлығында - сергіту сәттерінде баланың көңіл - күйі үнемі көтеріңкі болуына назар аудару керек. Басты мақсат балаға қамқорлық, күтім, тамақтану және тыныштықты қамтамасыз ету.
2 - 3 айлығында - көру және есту қабілетін жетілдіру яғни бала сылдырлаған сылдырмақты көзімен іздей білуге және дыбыс шыққан жаққа мойынын бұруға, қарап көз тастауға үйренеді. Өзінен жоғары ілінген ойыншыққа көз тоқтатады. Ойыншықтар аса ашық болмау керек. Сергіту кезінде баланы көбірек қуантудың маңызы зор. Өйткені бала қуаныш үстінде күледі, дауыстай уілдейді, ширақ қимылдар жасайды. Баланың тілін дамыту үшін әрдайым сөйлесіп отыру керек. Көру және есту қабілетін яғни көрініп тұрған затқа ұмтылып оны ұстап алып жібермеу сияқты қимыл қозғалысын дер кезінде қалыптастыру үшін бесіктің аралығына әр түрлі ойыншықтар іліп қойған жөн.
5 - 6 айлығынан бастап қасындағы ойыншықтарға зейін қоя бастайды. Ең алғашқы дыбыстар буындап п , б , т , д, м, н , л т.б. Алғашқы буындарды былдырлап айтады. Ойыншық көрсете отырып, тәрбиеші - бөбекпен сөйлесіп отыру керек. Осы екі құрал арқылы бала да дыбыстауға талпынады. Тәрбиешінің дауысы баяу және баланың көңіл - күйін көтеретіндей әсерлі болуы тиіс.
9 - 10 айлығында бала аты аталған ойыншықты қайда тұрса да іздеп табатын дәрежеге жетеді. Демек ойлау - қабілеті, түсінігі нақты қалыптасады.
10 - 12 айлығында баланың ойыншықтарға ден қойып ұзағырақ айналысуын одан әрі дамыта берген жөн. Белгілі нәтижелерге жетуге бағытталған әрекеттерді жасауға арналған ойыншықтармен ойнату. Мысалы: бір қуыс затты, екінші қуыс заттқа иеміне қарай салуға, қорапшаларды жаба білуге, біліктілік шығыршығын алыл, қайта кигізуге ойыншық кірпіштерді бірінің үстіне бірін қалай білуге, шарды қорапқа сала білуге т.б. үйрету керек. Балалардың ойыншықпен жасайтын қимыл әрекет үстінде , мақсатқа жетпей тоқтамауға, тырысқан талабын мақтау қажет, бала шаттық сезімге бөленеді. Жыл аяғына қарай балаларды жеңіл сөздерді (8 - 10) пайдалана білуге үйрету керек (ма-ма ; а-па ; ав-ав т.б.). Ақыл ойы біршама дамып түсінігі молаяды. Әкел, бар, тап, болмайды, отыр, тұр , бер т.б .Тәрбиешінің сөзі, тапсырмасы арқылы ойыншықсыз қимыл жасап тапсырманы орындайды. Балалармен өткізілген сабақтар ойын түрінде жүреді. Тіл дамыту және айналамен таныстыру мақсатымен сюжеттік ойыншықтарды, ойыншық хайуанаттарды және оларды тамақтандыруды көрсету. Тіл дамыту және заттармен жасайтын әрекеттерді күрделендіру үшін ұсынылатын ойын сабақтар қосылады. Ойыншықтар: доп, шариктер т.б.
2 жасқа қарағанда балалардың нәрестеге қарағанда қимыл белсенділігі арта түседі. Баланың жүре бастауы, негізгі қимылдардың, өте күрделі түрлерінің пайда болуына себепкер болады. Айналаны тану мүмкіндігін өзгертеді. Яғни оның жоғарғы нерв жүйесінің дамуына тікелей әсер етеді. Ойыншық түрлері , олармен жасайтын қатынасының түрі өзгереді: ыдыс аяқ , киім-кешек, үй жабдықтары және т.б.Ойыншықтар мен дидактикалық материалдарды тұрмыста қалай пайдалануды меңгереді. Ойыншықтар мен әрекет жасау нәтижесінде де балалар ойыншықтың көлемі мен формасын , заттың түсін танитын болады. Сондықтан оны белгілі бір мақсатқа жету құралы ретінде пайдаланады. Қуыршақтың көрпесін жабу, кубиктерден қуыршаққа мебельдер жасау, құрылыс салу, қасықпен өз бетінше ас ішу, таяқшамен ойыншықтарды қозғалту сияқты. Ойыншықтармен әрекет жасау үлкендермен болатын қарым - қатынастар айналаны бақылау әрекетінің нәтижесінде ойындар пайда болады. (сюжетті, бейнелеу ойыны). 1 - 1,5 жаста сөздік қоры 30 - 40 сөз болады. 2 жасқа қарағанда баланың белсенді сөздік қоры 200 - 300 болады. Баланың тілін дамытудағы мақсат қойылатын талап күрделенеді. Тілін дамыту ойыншықпен қатар түрлі сабақтарда, серуенде, айналамен өзін қоршаған ортамен танысуда жүзеге асады.
3-ші жыл - бала өміріндегі өте маңызды кезең болып есептеледі. Осы кезеңді баланың қимыл - әрекет белсенділігі арта түседі. Айнала дүние туралы өзіндік ой пікірлері қалыптасады. Өз әрекетін сөзбен айтып , сұрақтар бере бастайды. Бұл не ? Қашан ? Қайда ? Неге ? Қалай? Сөз қоры жедел өседі. Сөйлеудің граматикалық құрылысын меңгеру басталады. Балалардың көңіл - күйі сергек қуанышты болуға тиіс. Ол үшін сабырлы түрде ынталанып ойнауға қажетті ойыншықтарды өздері таңдап ала білуге үйрету қажет.
Балалардың жас ерекшелігіне қарай ойын түрлері де, ойыншықпен ойнау қабілеті де күрделене түседі. Сюжетті - рөлдік ойын, дидактикалық ойын, қимылдық ойын көңіл күйін көтеруге арналған ойындар қосылады.
Осы ойындарда бала өзіне қойылған талапты, ойын мақсатын түсіне білуі қажет. Бірге ойнайтын жолдастарын жақсы көру сезімін игі қарым - қатынастар жасауын бір - біріне кедергі келтірмей қатар ойнай білуін, ойыншықтарды таңдап ала білуін дұрыс қолдануға үйрету керек. Баланың тілі ойыншықпен қарым-қатынас жасау арқылы жас ерекшелігіне қарай дами бастайды.
Ойыншықтың - ең басты бала өміріндегі, баламен тығыз қарым - қатынаста болатын, жан - жақты дамуға әрекетін ең маңызды құрал. Ойыншық баланың жас ерекшелігіне қарай таңдауға тиіс және баланың өміріне қауіп келтіретін болмауы керек. Осы процестердің бәріне жауап беріп, қадағалап баланың жан - жақты дамуына бағыт беретін тәрбиешілер болып саналады.
Ойын баланың өзіндік жұмысы секілді, ол тәрбие мен оқу барысында болады. Бұл жағдайда бала ойыншықтың қандай екенін және қай жағдайда пайдаланылатынын біле алады. Ойын баланың өмірінің ұйымдасу формасына маңыздылығы, баланың психикасының орнығуына себеп болады. Ойын мен ойыншық бір-бірінен ажырамайды.
Ойыншық арқылы ойын жалғасады. Ойыншықтың алуан түрлері бар. Бірақ, олардың барлығы педагогика мен эстетикаға сәйкес келгені жөн болар еді. Баланың әр жасына сай ойыншықтар қажет.
Бір жастағы балаларға қызықты және пайдалы үш-төрт сақиналардан құралған түрлі түсті пирамидалар.Әртүрлі кубиктар, осы ойыншықтар балаларға өте қызықты.
Екі жастағы балаларға үлкен әртүрлі доптар. Жеті-сегіз сақиналардан тұратын пирамидалар, жұмсақ ойыншықтар: балалар оларды ауызға салмайды, осы ойыншықтар мен көбінесе балалар ұйықтайды.Үлкен машиналар ұлдарға қызықты.

1.2 Баланың дүниетанымының дамуына ойыншықтың әсері
Сәбидің дүниетанымының бай дамуына ойыншық әсер етеді. Ойыншықтар арқылы бала өз сезімін білдіріп, қоршаған ортаны зерттейді. Ойыншық тақдау баланың ең маңызды ісі болып есептеледі.Тек баланың өз еркіне, таңдауына байланысты, көп ойынышықтың арасынан өзіне тән ойыншық табылады.
Әр баланың ойыншығы болуы тиіс. Бала ойыншығын ұрсып, жұбатады.
Ойыншық арқылы бала жалғыздықтан арылады. Ата- аналары бір жаққа кеткенде жалғыз қалған бала қараңғыдап қорықпау үшін ойыншығын құшағына алып, қорқыныш сезімін сиілтеді. Жатырда жарық сөнгеде де дос ойыншығы баланың қүшағынан табылады. Кейде бала ашуып ойыншығынан алып, қолын жұлып, бұрышқа қойып қояды. Ашуы басалғаннан кейін ойыншыған қалына алып, жұлып тастаған қалың орнына тігіп қояды.
Баланың ойыншығына қарап, оның не ойлап, не сезініп жүргенін аңғаруға болады.
Реалистік өмірден алынған ойыншықтар.
Қуыршақтар отбасы (жанаурлардың отбасы) қуыршаң ұйі, жиһаз ыдыс, көллік, қайың, таразы, дәрігер мен шаштараздың құралдары, сағат, темір жол, телефон т.б.
Ашуын сыртқа шығаруға көмектесетін ойыншықтар.
Сарбаздар, мылтық, доп, жастық т.б.
Сонымен қатар шығармашылық қиялы мен өзін ашуға көмектесетін ойыншықтар бар. Олар конструктор, әліпби. Үстел ойындарды, қиылған сурептер, баяу, мозайка, жіп, мата кескендері, желім т.б.
Ойыншықты сатып аларда міндетті түрде баланың көзқарасын есепке алу керек. Автомат немесе жартылай автомат ойыншықтар жаралмайды. Балаға керек ойыншықтар, алардың жан дүниесін аша алуы тиіс болу керек.
1-2 жастағы ойын балаларға арналған ойыншықтар. Олар пластмассалық пирамидқалар. Осы ойыншық арқылы балалар ойлау қабілетің дамытады.
3-4 жастағы балалардың ойыншықтарды әр- түрім болып келеді. Олар конструкторды жинайды. Бұл жастығы балалар шын өмірден алынған сюжеттерде ойнайды. Мысалы: әке - ана, қыз - ана т.б.
5-6 жастағы ойын орындарынан төсек орындар ме шкафтарға аусады. Бұл жастығы балаларды ойлау, қиялдау қабилеті жақсы дамиды. Өз қалдырымен жасаған ойыншықтарды сүйеді. Бало өзін мектепкедайындайды.
Есте сақтыңыз, ойыншықты ауысиыру қажет, себебі бір ойыншықтан бала мезі болды мүмкін.Ескі ойыншықты алып тастап, уақыт откеннен кейін қайта шығарсаңыз, баланың қызығушылып қайта оянды.

1.3. Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту
Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуғаынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.
Ойын- дегеніміз не?Ойын дегеніз- халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын қүралдың бірі.
Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.
Сондықтан кез- келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек. Мысылы Сауат ашу оқулығында тақырып соңында тапсырмалар берілген. Осы тапсырмаларды ойын арқылы ойынарқылыөткізугеболады. Ұйқасын тап, Сиқырлы қоржын, Өлең жолын құрастыр т.б. ойындар.
Тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында да ролдік ,сюжеттік ойындарды қолдануға болады. Ролдік ойындар мектепке дейінгі балалармен өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та , қысқа да болу мүмкін. Сюжетті- рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктену, шындық ты көрсету болып табылады.Мысалы Дүкен ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы әрекеттеріне еліктейді., ал Мектеп болып ойнағанда мұғаліммен оқытушының әрекетіне еліктейді. Отбасы ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады.
Ұлттық қазақ ойындары: Қыз қуу, Орамал тастау, Асықтар, Бәйге ойындары. Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі. Ойындар әр топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Мен өз тәжірибемде ойындарды көп қолданамын. Сабақ барысында да, күннің жартысында да жүргіземін. Баланың тілін жетілдіру үшін оны әңгімеше тарта отырып, баланың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту қажет. Баланың тілін дамытуда ойын түрлерін жүргізу арқылы, ойын шарттарын айта отырып та байытуға балады. Мысалы : Қуыршаққа қонаққа бару, Мен кіммін, Қуршақты киіндіреміз, Шарбақты құрастыру, Көлемі бойынша қой деген секілді ойын түрлерін қолдануға болады. Мен кез келген ойын түрлерін сабағымен тақырыбына сай таңдап аламын. Әсіресе дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, баланың шығаршашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ойындар сабақтың тақырыбына, мазмұнына сай таңдап аламын. Мысалы: Телефон ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты- бір нәрсе жайында сұралап, баланың оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады.
Рөлдік ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақа та ,қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті- рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады.Мысалы Дүкен ойынын ойнағанда балалар сатушы сатып алушының әрекеттеріне еліктейді. Шаштараз, Отбасы ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады. Педагок өтілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалы бағалауға, өз тобындағы сюжетті-рөльді ойындарының одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс
Қойылымдық ойындарда рольдер, ойын әрекеттері қандай шығарманың, ертегінің т.б. Сюжеті мен мазмұны шарттас болады. Ол сюжетті-рөльді ойынға ұқсас. Барлық балалар ертегіні жақсы көреді, ертек айтып берсең бар ынтасымен тындайды. Ертегі балалардың ой- қиялын, сөздік қорын дамытады.
Құрылымдық ойындар- балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрі құбылыстарды және соларға байланысты іс-әректтерді бейнелеу болып табылады. Құрлыс ойыны бір жағынан сюжетті-рөлді ойнауға ұқсас келеді. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір жолдар, театрлар, цирктер т.б. ірі құрлыстар салады.
Дидактикалық ойындар кішкене балаларға меилінше тән оқыту формасы болып табылады, оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нерсені үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасына жатыр. Мысалы: Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық- деген ойынды ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті-қалпақтың астында не бар екнін білу.Дидактикалық ойындар айналамен танысу сабағында, әдебиет, сабақтарында жиі қолданады.
Бала тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған емес. Ол қоғамның, заманың бағыт- бағдармен, тыныс-тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы орайда кез-келген бүлдіршін үшін бала тәрбиесі ата-анасына берілген тәлім-тәрбиені одан әрі жалғап, жандыратыны сөзсіз
Балабақшада тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда негізгі жұмыс түрі- ойын әрекеті.
Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып , жан-жақты дамуы үшін және тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы зор.
Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко былай дейді: Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу- бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын- балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі.
Ойын әрекеті мазмұнынан әлеуметтік сипаты баланың қоғамдық өмір сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап- ақ маңайындағылармен қарым-қатынас жасауға ұмытылады, соның арқасында жасау құралы, күш қуаты тілді біртіндеп меңгереді.
Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын ойнағанда бөлме теңіз де, ұшақ та темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар ойын кезінде тыныш отыра алмайды. Тіпті жалғыз баланың өзінде де сөйлесіп жүреді.. Сондықтан, ойын барысында тілдесім үлгісі қалыптасады.
Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рольді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.
5-6 жасар балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту және сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша құзыреттілікті меңгерту.
Болашақ ұрпақтың танымдылық белсенділігін дамыту ақыл-ой тәрбиесінің бip міндеті ретінде күш бүгінге дейін күн тәртібінен түспей келеді. Ақыл-ой тәрбиесінің бұл acпектісі баланың ойлау операциясының, танымдық процестерінің және қабілетінің дамуына тікелей байланысты. 6-7 жастағы баланы оқу-тәрбие процесінде дамыту мәселесінде басты ролді ең алдымен баланың өздігімен әрекеті және танымдық белсенділігі атқарады. Ғалымдар С.Л. Рубинштейн, Д.П. Годовикова, Т.А. Куликова, А.И. Сорокинаның еңбектерінде 6-7 жастагы балалардың білуге құштарлығының, танымдық қызығушылығының, коммуникативтік сұрақтары, түрткісінің дамуы танымдық белсенділігінің көрсеткіштері ретінде атаған. А.П.Усова өзінің Балабақшадағы оқыту атты еңбегінде мектепке дейін балалардың оқу әрекетіндегі танымдық белсенділігіне байланысты үш деңгейге бөлген теориясын басшылыққа алуды ұсынады.
6-7 жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамыту балабақшадағы педогогтардың үлесіне тиіп, үйымдастыру шеберлігімен тікелей байланысты. Сондықтан бүгінгі күні тәрбиеші-педогог мамандарына түпкілікті білім берумен қатар, кәсіби ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бала өмірінде ойыншықтардың атқаратын рөлі
Бала дамуындағы ойыншықтардың маңызы. Педагогикалық көркемдік құндылығы
Ойыншықтардың бала дамуына септігі
Ойыншықтар әлеміндегі ең танымал брендтің пайда болуы
Ойыншықтарға қойылатын талаптар
Ойыншықтардың химиялық құрамы
Баланың психикалық дамуына ойыншықтың әсерi
Баланың дамуына ойыншықтың тиімділігі
Мектепке дейінгі педагогика ғылымы. ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
Қытай ойыншықтарының құрамындағы зиянды химиялық заттар
Пәндер