Адам және қоғам өміріндегі философиялық мәселелердің өзектілігі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
КЕАҚ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Рухани және дене тәрбиесі кафедрасы

Семестрлік жұмыс № 1

Пәні: Философия
Тақырыбы: Адам және қоғам өміріндегі философиялық мәселелердің өзектілігі
Мамандығы: 5В070200-Автоматтандыру және басқару
Орындаған: Мақсотов Ө. Тобы: АУк - 17 -1
Қабылдаған: аға оқытушы Мұхаммеджан Қ. Ш.

______________ ______________ ____ ___________2018 ж.
(бағасы) (қолы)

Алматы, 2019
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Философия және дүниеге көзқарас ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Дүниетанымның тарихи типтерi: мифология, дiн және философия ... ... ... ... ..5
Көне түрік жазбаларындағы алғы философиялық ойлар ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..7
Философияның пәнi мен тәсiлi, олардың арақатынасы және басты функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
Философия және ғылым ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

Кіріспе
Адам мәселесі философия ғылымымен құрдас десе де болады. Бұдан философияның өзі сонау көне замандағы ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниедегі атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі ой-толғауларынан туғаны дәлел бола алады. Атақты философтар Платон мен Аристотель философиялық ойлардың психологиялық негізі адамның өзі түсінбейтін, түсіндіре алмайтын құбылыстарға ең алғаш таңдану, таңырқау сезімдерінде жатыр деп болжам жасады.
Философияның мәселесі - бұл сананың, рухтың табиғатқа, материяға субъективтің (адамның) ішкі дүниесінің объективтікке (сыртқы дүниеге) қатынасы. Адамның сана-сезімі мен ақыл-ойының, тілі мен дүниетанымының және оны өзгерту қабілетінің өзін қоршаған ортаға қатынасы қандай, табиғат пен қоғамның адамға, оның ішкі дүниесіне тигізетін әсері қандай-осының бәрі философияның ең түбірлі және түбегейлі мәселелері болып табылады.
Философиядағы адам мәселесі (оның шығу тегі, мәні, табиғаты және қоғамдық өмірдегі ролі) фундаментальдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады.
Адамды философиялық тұрғыда түсінудің іргетасы осы қалыптасқан түсініктер, идеялар, образдар мен ұғымдар негізінде және қалыптаса бастаған философия мен мифология арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды. Дәл осылайша адам туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс елдерінде пайда болды.Адам туралы алғашқы идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады. Бұл туралы біздің заманымызға дейін жеткен мифтер (аңыз, әпсаналар) мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет
береді. Аңыздарда, әпсаналарда, мифтерде табиғаттың, оның болмысының мақсаты мен мәні қарастырыла бастайды.
Аңыздар, мифтер, діннің пайда болуы қарап тұрғанымыздай философияның дамуына әкеп соқты. Адамдардың өздерінің сезімдерін, қоршаған ортаны, басқа адамдарды, өмірді түсінуге тырысуы философияның дамуына және әр заманның өзінің көрнекті ойшылының пайда болуына әкелді.
Мыңдаған жылдар бойы әр түрлі ойшылдардың, үлкен-кішілі философиялық ағымдардың өмірге және өмір сүру туралы ой-пікірлері мен мен көзқарастары қазірде қажетін жоймаған өсиет түрде қалған.
Алдымен оның бәрін қарастыру алдында философияның толық объективтік мағынасын түсініп алған жөн.

Философия және дүниеге көзқарас

Адамның объективтiк дүниенi танудың алғашқы формалары-дүниенi сезiну және дүниенiқабылдау - эмоционалды-сезiмдiк сфералармен,
түйсiктермен байланысты болады.Әрбiр адам жастайынан дүниенi танып бiле бастайды, заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтайды (мыс. оптимистiк және пессимистiк көзқарастар дүниенi сезiну мен байланысты,ал сол сезiмдер негiзiнде қалыптасқан образдар мен бейнелер мыс.белгiлi бiр өткен немесе келешекте болатын өмiр жағдайларын елестету, дүниенi қабылдау болып табылады). Дүниенi сезiну мен қабылдау адам өмiрiнде маңызды орын алады,бiрақ құбылыстар мен процестердiн терен мәнiң,олардын себептерi мен салдарын түсiнуге мүмкiндiк тудырмайды.
Ондай мүмкiндiк тек дүниетаным негiзiнде қалыптасады. Адам заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтай отырып, дүние неге былай құрылған,адамның тууы мен өлiмiнiң, бақыты мен қайғы - қасiретiнiң себебi неде деген мың-сан сұрақтар қойып,оларға жауап iздейдi. Бұл сұрақтарға адам өзiнiң мәдени денгейiне байланысты, арнаулы немесе жалпы бiлiм дәрежесiне орай,әр түрлi өзара әнгiмелесудiң әсерiмен және бұқаралық ақпарат құралдары мен әдеби кiтаптардан алынған мағлұматтарына қарай жауап бере отырып,өзiнiң жеке өмiрлiк философиясын,өз дүниетанымын құрастырыды.
Дүниениетаным дегенiмiз адамның дүниенi түсiнү,оны бағалаудың принциптерi мен әрекеттерi, бiлiмi мен сенiмi, ой-пiкiрлерi мен құндылықтарының синтезi, жиынтығы. Кейiн, адамның бiлiмдерi мен сенiмдерi бiркелкi жинақтала келiп, дүниенiң өзгерiсi мен дамуы туралы кең көлемдi көзқарас, ой-пiкiрге айналады (дүниетаным дүниеге көзқарсқа айналады). Дүниедегi өзiнiң орны туралы, жеке және қоғамдық өмiрдiң мақсат-мүдделерi туралы, өзiнiң өмiрлiк ұстанымы мен iс-әрекетi туралы ойлана отырып адам белгiлi бiр көзқарастарға келедi. Дүниеге көзқарас дегенiмiз - айнала қоршаған орта, бүкiл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тiршiлiктiң мән-мағынасы туралы көзқарастардың пiкiрлер мен түсiнiктердiң жүйеленген жиынтығы.
Дүниеге көзқарас-сезiмнен,нанымнан,танымнан тұрады. Оның құрамына:

бiлiм;
сенiмдер мен нанымдар,
құндылықтар мен ережелер;
эмоционалды-ерiктiк компонентер кiредi.
Сонымен, дүниеге көзқарас - адамзат санасының,дүниетанымының қажеттi бөлiгi. Бiлiм мен сенiмнiң, ой мен сезiмнiң, көңiл-күйi мен мақсат-мүдденiң, үмiт пен ниетiң т.б. түрлi жақтарының бiрiгуi болып табылатын дүниеге көзқарас адамдардың дүние және өзi туралы бiртұтас ұғымдарының жиытығы деуге болады.
Дүниеге көзқарастың өзегi бiлiм болғандықтан, бiлiмнiң мазмұнының ақиқатығымен тереңдiгiне, дәлелдiлiгi мен жүйелiлiгiне қарай ол күнделiктi - практикалық және теориалық болып бөлiнедi. Күнделiктi - практикалық дүниегекөзқарас бiркелкi емес, өйткенi оның иесi болып табылатын адамдардын бiлiмi, ақыл ойы мен рухани мәдениетi,ұлттық дәстүрлерi мен дiни сенiмдерi жағынан алуан түрлi. Күнделiктi - практикалық дүниеге көзқарас құрамына сананың аса қарапайым формаларынан бастап, ғылымдардың, өнер иелерi мен саяси қайраткерлердiң т.б. озат ой-пiкiрлерi болады. Мұндай көзқараста қателесу, адасушылық пiкiрлер де бар. Өйткенi, тұрмыстық көзқарастың формалары стихиялық сипатта қылыптасқан мазмұны терен ойластырылмаған ,жан-жақты талданбаған және дәлелделмеген. Ал дүниегеқөзқарастың теориялық денгей арнайы сынақтан өткен,ғылыми негiзделiп дәлелденген болып табылады. Философия және ғылым көзқарастың осындай (теориялық) денгейiн жатады,өйткенi философиялық көзқарас жалпы теориялық бiлiмдердi ғана бейнелендiредi. Теориялық көзқарастың ерекшiлiктерi өзiне ғана тән өзгеше тiлi бар(категориялдық аппарат), жоғары және қатан денгейде абстракциялану. Бұл денгейде, адамды және әлемдi зерттеудiң арнайы әдiстерi пайда болады,объективтi және субъективтi нақтылықтың қалыпы,моделi құрылады да,адам өмiрiнде үлгi болатын көзқарастар қалыптасады. Мәселе шешу тұлғаның көзқарысына қоғамда қалыптасқан ой-пiкiрлер,принциптер,әдептiлiк нормалары, құндылықтар табиғаты және т.б. әсерiн тигiзетiнi көпшiлiкке белгiлi.

Дүниетанымның тарихи типтерi: мифология, дiн және философия

Көлемi кең шенбердiң iшiне (дүние көзқарас) кiшi шенберлi (философия) енiп тұрады-деп айтуға болады. Демек дк iшiнде философиядан басқа да дк әлеуметтiк тарихи типтерi бар, олар мифология мен дiн. Мифология:
1)адамзаттын рухани мәдениетiнiң ең көне формасы;
2)дүние, табиғат және адам жайында бiртұтас түсiнiк болып табылады, өйткенi онда сыртқы дүние мен адам, ой мен сезiм , бiлiм мен көркем бейне, зат пен идея, объективтiк және субъективтiк дүниелер арасында айқын шекара болмады.
Мифтiң негiзгi қызметi- дүние қайдан пайда болғаның түсiндiру,этикалық және эстетикалық түсiнiктер арқылы белгiлi бiр мораль нормалары менқұндылықтар жүйесiн орнықтыру.(мыс. Сфинкс туралы миф табиғаттын құпиясын бiлдiредi; Кентаврлар-адамның хайуаннаң жаралғаның бiлдiредi, Прометей-оттың пайда болуы, Икар-аспанға ұшу ұмтылысын бiлдiредi, Сизиф-өмiрдiн мәнiң түсiну әрекетi.) Мифтердi тек ертегiлер,аңыздар деп түсiнген дұрыс емес, өйткенi миф бұл индивидтiң қоршаған әлемдi игеруi,адамдардың табюиғаттаң және әлеуметтiк ортадан болмыстан тәуелдiлiгi және мифтерде дiннiң, философияның, ғылымның бастамалары бар. Мифтердiң дiннең айырмашылығы сенiмге ғана емес, ақал - ойғада, парасаттылыққа да сүйену. Мифтер өздерiнiң мазмұнына қарайкосмогониялық - әлемнiң жаратылысы туралы,теогониялық-құдайлардын пайда болуы туралы,астрогониялық-планеталар мен жұлдыздар туралы, антропогендiк - адамның пайда болуы, этногендiк-рулар мен тайпалар туралы, эхатологиялық - ақрзаман, топан суы туралы, каһармандық т.б. болып тарайды. Сондықтан, мифология-адамдардың өздерiн қоршаған орта туралы түсiнiгiн тарихи, өздiгiнен долды деп сенетiн түрлi бейнелер, кейiпкерлер мен өқиғалар арқылы жеткiзуi деугеде болады.

Мифтер мен мифологияны дүние таным ретiнде тек алғашқы қауымның даму денгейiмен байланыстырады. Ал, мифология рухани-практикалық феномен ретiнде қоғам дамуының басқа кезендерiнде де, әсіресе қазырғы заманда өмiр сүредi деп айтуға бола ма? (мыс. 20ғ. Д.Джойстың,Ф.Кафканың, Ш.Айтматовтың т.б. әдеби шығармаларында дәстүрлi мифтер тек пайдалана ғана қоймай ерекше өзгертiлiп те қойған).
Дiн - дүниеге көзқарастың шындық дүниенi бұрмалап бейнелендiрушi формасы болып табылыды,өйткенi ол дүниенiекiге бөлiп қарастырады және ғаламат күшкесенiм-дiни сананың негiзi болып табылады. Дiн - рухани мәдениеттiң бөлiгi,ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы,адамның танымнаң тыс күштердi мойындау және соған илану деп анықтауға болады (дiн - алғашқы қауымда пайда болды-тотемизм, фетишизм, анимизм; ұлттық, мемлекеттiк дiндер - индуизм, иудаизм; әлемдiк дiндер - буддизм, христиан, ислам). Дiн құлшылық жолындағылар мен Құдiрет арасындағы бiр байланыстың барлығына деген сенiмге негiзделедi және ол сенiм белгiлi бiр дiни iлiм түрiнде тұжырымдалып, тұрмыста дiни салттар мен ғұрыптар түрiнде көрiнiс тауып, арнаулы дiни институттармен атқарылады (шiркеу, мешiт, әр түрлi секталар т.б.). Алғашқы дiни жүйесi политеистiк болды - пантеон құдайларының болуы, кейiн мемлекеттiк билiктiн бiр ортаға жиналуымен байланысты монотеизм - бiр құдайға сену келедi.
Философияның тарихында құдайдың бар екендiгiн дәлелдеуге сынақ жасағандар болды (А.Аврелий,Ф.Аквинский, И.Кант т.б.). Мұндай дәлелдiн төрт түрi белгiлi:
космологиялық дәлел - осы әлем пайда болғаннан соң,оны бiреу жарату керек. Өмiр қайдан пайда болды?
теологиялық-дүниеде барлығы мақсатқа,сәйкестiлiкке негiзделедi. Дүние қандай мақсатпен жаратылған?
онтологиялық-адамдар құдайға сенген сон, құдай болу керек. Ендеше адамдар неге сенедi?
этикалық - И.Кант құдайдың бар екенiң, не жоқ екенiң бiлуге болмайды деген.
Адамдардың құдайдан қорққаны тәртiп үшiн керек. Мәселе шешу философия мен дiннiң жақындығы да бар-ол екуi де дк қоғамдық-тарихи формалары ретiнде дүниенi түсiндiрудiң және адамдардың санасы мен мiнез-құлқына ықпал жасаудың ұқсас мiндеттерiн шешедi.
Көне түрік жазбаларындағы алғы философиялық ойлар

Қазақтың ата-тегі болып табылатын сақтар, ғұндар, үйсіндердің түп төркіндеріндегі қарама-қайшылықтарға қарамастан көшпенділк әмбебапшылығы басымдылыққа ие болды. Солай бола тұра, жер өңдеушілердің де дүниетанымдық көзқарастары үнемі елеулі ықпалын жүргізіп отырды.
Ұлттық сананың өсуі, мәдениеттің қайта өрлеуі 25 ғасырлық тарихы бар халықтың рухани бастауларға көңіл аударуын туындатуы заңды еді. Қазақтың ата-тегінің арғы философиясынан бастап дінге сенімінде, тәңірге табынушылығында және сақтар, ғұндар, үйсіндер мифологиясында алдыңғы орынға философиялық дүниетанымдық мәселе отырықшы тайпалардың тіршілік бағыттарының, жолдарының ара қатысы шығады. Бұл көне түрік жазу мәдениетінің дүниеге келуімен белгілі.
Ашина (көк бөрі) ұрпақтары VІ ғасыр хандықтың басқару жүйесін құқықтық негізде құрды. Өкілетті билік пен заң шығару ісі ақсақалдар алқасының (кейінгі қазақ хандығында - билер алқасы мен хан кеңесі) құзырында болды. Ал хан жарлығы атқарушылық міндеті үлкенді-кішілі лауазымдар иесіне жүктелді. Бұл мансаптар мұрагерлік жолмен хандық билік, әскери демократия арқылы жүзеге асырылған. Халықтық құқықтық санасының әрі мемлекеттік басқару жүйесінің арқауы кең ауқымды жеті баптан тұратын, Тәуке ханның Жеті жарғысы деген атқа ие болған ел заңы.
VIII ғасыр басында жазылған атылмыш жәдігерліктер типі XIX-XV ғасыларға дейін жеткен.Мұндай жәдігерліктер қатарына Қорқыт Ата кітабы мен Оғызнаманы да жатқызуға болады. Олардың өзара желілері, баяндау үлгілері,дүниетанымдық арқаулары өте ұқсас.Бұл аталмыш жәдігерліктердің барлығының да мазмұнын тәңіршілдік көктей өтеді, ол олардың дүниетанымдық өзегі ретінде көрінеді. Мысалы: көне түрлердің космогониялық түсінігін мына сөздерден бағамдауға болады: Жоғарыда Көк тәңірі, төменде Қара жер жаралған екі арасында кісі оғлы жаралған екен. Олардың үстінен қарайтын Тәңіріден болған, яғни қоғамдық үстемдікке ие болғандар Бумын, Істемі, Білге қағандар еді. Аспанның, жердің, тау-ойпатының кереғар ұғымдар, диалектикалық қарама-қарсылықтардың бірлігі екндігін көне түріктер үстірт болса да пайымдай алды ма? Әрине, оның үстіне тәңіршілдік, анимизм мен тотемдік көзқарастар үстем болды. Сонысына қарамай Аспан (Көк тәңірі) мен Қара жер (Жер-ана) аралығындағы ғұмыр кешкен адамзаттың екі топқа бөлінуі де адамдардың қарама-қарсы екі жаратушының қайсысына жақын екендігі туралы әпсаналармен тығыз байланысты болғандығын көруге болады. Тәңіршілдік көзқарастың танымдық тірегі - тәңірінің жасампаздық құдіретіне деген халықтық сенім. Түркілердің танымдық қабілеті, жеңіске жетуі табғачқа (қарақытай) бағынғаны үшін жазалануы да тәңірінің мейіріміне немесе қаһарына ұшырағандықтың жемісі. Көрнекілік үшін мысал келтіретін болса, дана қарт Тоныкөк өзінің біліктілігін тәңірдің сыйы ретінде қабылдайды, ол білімді табғач елінде алған. Әрине, өзінің табиғи қабілетінің арқасында. Өзінің даналығын дәріптеу мақсатында қайталанып отыратын қағаны алып екен, ақылшысы дана екен деген сөз тіркесін жауларының аузына салып отыратындығы Тоныкөктің мақтаныш сезімінің айғағы болса керек.
Орхон-Енесей жазбалары Қорқыт Ата кітабы, Оғызнама жәдігерліктерінде тотемдік, аналистік көзқарастар сілемдері сақталғанымен, мифтік ойлаудың ықпалы азая бастағаны байқалады. Оны оқиғалар желісінің реалистік, тарихи шындыққа біршама жанасымды тұрғыда баяндалатынынан-ақ пайымдауға болады.
Қазақ топырағында қалыптасқан философиялық ойлардың құрамдас бөлігі ретінде, осыдан 2,5 мың жыл шамасында бұрын өмір сүріп, грек философиясында скифтердің ой-үрдістерінен өшпес із қадырған скифтік Анахарсисті (Анарыс) айтуға болады. Ол туралы грек философы Платон былай дейді: Анахарсис - аты ауызға айналған скиф. Грецияға саяхат жасағанда Солонмен кездесіп, оның ықпалында болып, данышпандылығынмен атағы шыққан.
Диоген Лаэртскийдің грек философиясының тарихына арналған кітабында Анарыс жайлы жеке бөлім бар. Онда ұлы бабамыздың Грецияға келіп, император Солонмен кедескені, өмір тарихы және философиялық нақылдары туралы мәліметтер келтірілген.
Біздің жыл санауымыздың бірінші ғасырында өмір сүріп, ел басқарған атақты Майқа би бабамыз Анарыстың өсиеттері деп ел билеудің жолдарын айтып отырады екен. Ең ақылды адам - ел билеуден аулақ адам депті.
Майқы бидің айтуынша, латыншалап кеткен Анахарсис скфиский дегеніміз осы Анарыс бабамыз. Бұл туралы Ғ.Есімовтың дәлелдемелері көңілге қонарлық. Біріншіден - дейді ол, Майқы бабамыздың айтуынша Анарыс ел билеу жолдарын айтқан ғұлама. Анахарсис Сақ патшасы Кадуйдің інісі. Ол Афиныдағы Солонмен достасып, онда бірнеше жыл өмір сүрген. Солон Афинский - ел басқару жүйесінде реформа жасаған әйгілі саясаткер. Сондықтан Анарыстың ел билеу туралы айтқандары болуы өте орынды. Екіншіден, Анарыстың өлі көп пе, тірі көп пе? - деген сұраққа кері жауп бергені философия тарихынан белгілі.
Д. Паэртскийдің аталған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім шығармаларының тарихи сипаты мен адамгершілік үлгісі
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ӨМІРДІҢ МӘНІ
Бақыт - өмірге қанағаттану сезімі
М. ДУЛАТОВ МҰРАЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯСЫ
Ш. Құдайбердіұлының қазақ философиясындағы орны
Психика мен сана мәселелері
ШӘКӘРІМ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ
Әлеуметтік философиядағы Ислам құндылықтары
Мемлекеттің экономикалық қызметінің маңыздылығы мен өзектілігі
Философия ғылымдары кіші функцияны зерттеу пәні философияның негізгі мәселесінің аспектісі
Пәндер