Ұлттық кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қорының құрамы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультеті: Тарих, археология және этнология
Кафедрасы:Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қазақстан кітапханаларындағы сирек кездесетін кітаптар және қолжазбалар тарихы мен даму бағыттары

Тексерген: тарих ғ. кандидаты Асанова Б.С.
Орындаған: 4 курс кітапхана ісі Макарам А.Л.

Алматы-2021жыл
Жоспары:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I тарау. Қазақстанда сирек кездесетін қорлардың зерттелу деңгейі ... 4-12
Қолжазбалар мен сирек кітаптар орталығының қызметі мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-8
Сирек қорлардың ерекшелігі мен пайдалану ережелері ... ... ... ... ... .8-12

II тарау. Қазақстан кітапханаларында сирек қорларды сақтау мен жинау жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13-31
2.1. Ғылым ордасы РМК Орталық ғылыми кітаханасының сирек қорларды жинақтау мен сақтауда жүргізіп жатқан қызметтері ... ... ... ...13-22
2.2. Орталық ғылыми кітапханадағы қазақ зиялылары мен ұлт жанашырларының қолжазба қорларына шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22-28
2.3.Ұлттық кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қорының құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28-31

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .33-34
Кіріспе
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда сирек кітаптар мен қолжазбаларды жинау мен сақтау мәселесі жаңа деңгейге көтеріліп, бірқатар мекемелер мен ғалымдар осы мәселені зерттеуде. Әр кітапханада Сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімі жұмыс жасайды, бұл қорға ел үшін, ұлт үшін аса маңызы бар құнды материалдар кіреді. Осы салада жұмыс жасап жатқан мекемелер қаттарына Ұлттық кітапхананы, Қолжазбалар мен сирек кітаптар орталығын атауға болады. Бұл 2 мекеме тек сақтап қана қоймай, көне кітаптар мен қолжазбаларға жаңа демс сыйлайды. Сирек қорды сақтау мәселесін алдыға қойып, бірқатар шығыс, қазақ, орыс,түркі т.б. тілдердегі қорларды сақтап отырған Орталық ғылыми кітапхана қоры да сирек қорға бай. 60-жылдардың басында-ақ Орталық ғылыми кітапханада ілгерілеу процесі жүріп, кітаптармен толығу, ескі кітаптарды өңдеу қолға алынды. Ұйымдастырылған экспедициялардың нәтижесінде бөлімге үш жарым мыңға жуық сирек кітаптар мен қолжазбалар, басқа да әдеби кітаптар әкелінді. Сирек кітаптың жүйелі каталогы жасалынып, әр кітапқа сипаттама жасалынды. Қолжазбалар жеке тіркелінді және олардың сақтауда арнайы папкалармен қамтамасыз етілді[3].
1940-60 жылдары Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Сырдария, және тағы басқа облыстарға ұйымдастырылған экспедициялардың нәтижесінде ғалымдар ер аралап, түрлі қолжазбаларды жинап, қорға өткізген. Экспедицияға жіберілгендердің арасында Ә. Марғұлан, М. Хакімжанова, Ф. Ғабитова, Ш. Құсайынов сынды белгілі ғалымдары мен зерттеушілері болған. Кітаптың тарихы тереңде жатыр. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа аманат ретінде қалып, кітапхана төрінде сақталған жәдігерлердің халқымыздың тарихы, мәдениеті, әдебиетін зерттеуде аса маңызды. Кітапхана қорындағы әрбір сирек кітаптар мазмұнына қарай құндылығын әлі де жоғалтпай, ғылым саласында қолданылып отыр.
Қай тілде болмасын қолжазбалар, сирек кітаптар ішіндегі деректермен бағаланады, өлшенеді. Олардың рухани құндылығы сонда, оқырмандарын тауып, солардың кәделеріне жараса. Озық білім де, жоғарғы ғылыми жетістік те, барлығы осы кітаптар арқылы жүзеге асады. Сирек кітаптар мен қолжазбалардың, мерзімді басылымдардың сұранысы болашақта да ұлғаятындығы сөзсіз.

I тарау. Қазақстанда сирек кездесетін қорлардың зерттелу деңгейі

1.1.Қолжазбалар мен сирек кітаптар орталығының қызметі мен міндеттері
Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы - құнды мұраға толы мекеме. Оның негізі Алматыдағы кітап музейі мен архивтегі біраз кітап пен қолжазбадан жинақталып, 2017 жылы құрылған. Бүгінде орталықтың қорында 10 мыңнан аса мұрағат бар. Ішінде басым көпшілігі - сирек кездесетін қолжазбалар мен кітаптар. Әрқайсысы еліміздің тарихы мен мәдениетіне қатысты тың деректерге толы.
Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде сақталатын, Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қатысы бар, олардың сақталуын қамтамасыз ету және пайдалану болып табылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорындағы жазбаша көздерді (қолжазбалар мен кітаптарды) анықтау, жинау, толықтыру.
Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының тарихи көздері, қолжазбалар және сирек кітаптармен жинақтау, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және реставрациялау, қоғам мен мемлекет мүддесі үшін ретроспективті ақпаратты пайдалану болып табылады.
Мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекеттік мекеме мынадай негізгі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасы үшін тарихи және мәдени құндылығы бар және жеке және мемлекеттік мұрағаттарда, кітапханаларда, ғылыми мекемелерінде, сондай-ақ шетелдік мемлекеттерде сақталған мұрағаттық құжаттарды, қолжазбалар және сирек кітаптарды (көшірмелері) анықтау және жинау;
2) құжаттарды, қолжазбалар және сирек кітаптар жүйелеу және жіктеу;
3) әдістемелерді әзірлеу, тарихи көздердің ережесін зерттеу және пайдалану;
4) деректі және қолжазба тарихи көздерін насихаттау, әдістемесін дайындау және зерттеу;
5) Қазақстан Республикасында, сондай-ақ шетелде сақталатын және Қазақстан тарихына қатысы бар құжаттар мен қолжазбалар туралы мәліметтерді анықтау;
6) жазбаша көзін анықтау (авторы, уақыты, орны, түпнұсқалығы, мән-жайы мен жасау мақсаты);
7) жазбаша көздер мәтінін анықтау (мәтінді оқу, негізгі немесе бастапқы мәтінін белгілеу оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу, құпия жазулар мен қысқартуларды таратып жазу, тілін, стилін т.б. зерттеу);
8) мұрағаттарда, кітапханалар, мұражайлар мен ғылыми мекемелер, шетел мемлекеттерінің қолжазба бөлімдерінде сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасының тарихи мұра құжаттарын қайтаруға қатысу;
9) шетелдік көздері бойынша деректер базасын жүргізу, тарихи көзіне автоматтандырылған ақпараттық жүйелер енгізу, әзірлеу және сатып алу және автоматтандырылған деректер базасын құру;
10) ғылыми еңбектерді, жазба деректер сақталуын қамтамасыз ету саласындағы басылымдар және әдістемелік құралдарды, анықтамалық-ақпараттық және әдістемелік әдебиетті дайындау және басып шығару;
11) мемлекеттік мекемеге тұрақты сақтауға түскен құжаттар, қолжазбалар және сирек кітаптардың электронды каталогын құру және жүргізу;
12) деректі басылымдар дайындау кезінде мұрағаттық және өзге де мекемелерге ғылыми көмек көрсету, құжаттар жинағын ғылыми рецензиялау, мұрағат және ғылыми мекемелермен баспаға дайындау;
13) мемлекеттік мекемеде сақталатын қолжазбалар және сирек кітаптарды, сақтандыру қорын және құжаттарды пайдалану қорын құру;
14) республикадағы аралас салалардағы ғылыми және мәдени мекемелермен өзара іс-қимыл, шет мемлекеттердегі ұйымдармен өз қызметінің ұқсас бейіні бойынша;
15) іссапарлар мен ғылыми экспедициялар ұйымдастыру және жүргізу;
16) елімізде және шетелде мемлекеттік мекеменің ғылыми-зерттеу экспедициясы мүшелерімен анықталған құжаттарға, қолжазбалар және сирек кітаптарғасараптама және ғылыми сипаттама;
17) қолжазбалар және сирек кітаптарды қалпына келтіру және консервациялау, негіздері қағаз тасығыш құжаттарды реставрациялау;
18) қолжазбалар және сирек кітаптарға мұқаба[17].
Қордағы ең көне кітап Х ғасыр мен ХХ ғасырдың бас аралығынан басталады. Мысалы, Қожа Ахмет Ясауидің араб тілінде жазылған Диуани хикмет қол­жазбасы бар. Немесе Махмұт Қашқаридің Диуани луғат ат-түрік кітабын да айтуға болады. 1903 жылы Ташкентте араб тілінде шыққан Диуани хикмет, 25-жылы шыққан түрік шежіресінің түпнұсқасы сақтаулы . Жалпы, қорда шығыс мәдениетіне, дінге қатысты кітап пен қолжазбалар көбіне ХVII ғасырдан басталады. Бұл - шығыс мәдениеті. Одан кейін Қазақ хандығына арналған сөрелер бар. Ол кезде ешқандай кітап шықпағаны белгілі. Алайда хаттар мен құжаттар сақталған. Тоқтамыс ханның жазған хатын атауға болады. Сонымен қатар Кеңес Одағынан бұрын Ресей империясынан сақталған құжат өте көп. Ол кезде шолу жасалатын. Мысалы, сол жерден Торғай облысына қатысты барлық мәлімет табылады. Тіпті, заңдар жинағының 600 данасы сақталған. Бұл - ғалымдарға таптырмас мұрағат. 30-жылдардың аяғы мен 40-жылдардың басында шыққан латын қарпіндегі пәндік оқулықтардың өзі бір төбе. Оған қоса, өткен жылы Абай мен әл-Фарабидің мерей­тойына арнайы қабырға дайындалды. Оның ішінде төте жазумен шыққан Абай жолы кітабы бар. Көрменің соңғы тарауы тәуелсіздік жылдарына арналған. Көрменің ерекшелігі - шағын кітаптар коллекциясы. Қойын қалтаға салып жүретін алақандай ғана кітаптар. Арасында Қайнар баспасынан 1989 жылы шыққан Ыбырай Жақаевтың қанатты сөздері немесе Жазушы баспасынан 1976 жылы жарық көрген Қазақстанның фотоальбомы бар. Қазір олар таптырмас дүниеге айналды. Жалпы, біздің тарихымызға не мәдениетімізге байланысты кітаптар өзге елде болуы мүмкін. Оның анық-қанығын орталықтың ғылыми кеңесі, сараптама бөлімі айналысады. Табылған жағдайда сол елден факсимиле жасап алуға рұқсатын аламыз. Яғни, көшірмесін алуға рұқсат сұраймыз. Алайда көп мемлекет көшірмесін бере бермейді. Ондайда сатып алуға тура келеді. Сондықтан облыс-аймақтардағы кітапханаларда сирек кездесетін кітаптарды бір жерде жинақтап, орталықтандырған дұрыс. Негізі, халықтың өзінде көне жазбалар өте көп. Осыған ақша бөліп жинақтасақ, шетелдердегі басылымдардың қажеті де болмауы ықтимал. Айталық, Халифа хазірет Османның кезінде жазылған Құранның көшірмесі осы орталықта бар. Түпнұсқа - Түркияда. Ол бізге сыйлыққа келген. Сол секілді орталықтың ашылу салтанатында Сауд Арабия елінен 500 мың кітап жинақталған хард диск тарту етілген. Ол кеште бүгінгі Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы қатысып, қонақтар кітабына қолтаңбасын қойған болатын[3].
Осы орталықта тұрған көрменің екі сөресі - осы мекемеде реставрациялаған кітаптар екен. Кітапты қалпына келтіретін екі жер ғана бар: Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы және осы Ұлттық архив жанынан ашылған ұлттық орталықтың зертханасы. Шындығында орталыққа келіп түскен кітап әртүрлі жағдайда келеді. Уақытында тыйым салынған арабша басылымдарды сақтап қалу үшін бірін жерге көмсе, енді бірін орап, қабырғаға қалап тастаған. Ондай кітаптарда инфекция өте көп болады. Ол ең алдымен, адам денсаулығына зиян. Орталықта жылына тек 40-50 кітап қана реставрациядан өтеді. Біріншіден, ол көп уақытты қажет ететін жұмыс. Реставрациялау арқылы көне қолжазбаны бастапқы деңгейіне келтірмесе де, оның әрі қарай сақталуына жағдай жасап, жойылып кетуінің алдын алады.. Екіншіден, әрі бастысы - реставратор маманның жетіспеушілігі. Оларды дайындайтын жоғары оқу орындардың жоғы тағы бар. Жоғарыда айтылғандай, әр кітап әртүрлі жағдайда келеді. Шаң-тозаңның да микробы бар. Ал былғарыдан тігілген кітаптар онсыз да вирусқа толы. Сондықтан басылым келісімен бірден реставраторға берілмейді. Ол арнайы құрылғыда 3-4 аптадай қойылып, дезинфекциядан өткізіледі. Артынан қолғап киілген құрылғының ішінде химиялық қоспамен әр парағы күл-қоқыстан тазаланады. Осыдан соң ғана кітап реставраторға беріледі. Реставратор әр кітапты қажетіне қарай түрлі әдіспен өңдеп шығады. Мәселен, орталық тәжірибиесінде судың астында қалып, парақтары бір-біріне жабысып, кірпіш болып қалған Құран кітап болды. Құранның ортасына тас түскендіктен, орны ойылып қалған. Сол парақтарды ашудың өзіне бір ай уақыт кеткен. Дезинфекциялауды есепке алмағанда, бір кітапты қалпына келтіруге орташа есеппен бір айдай уақыт кетеді. Артынан техникалық картаға қалай өңделгенін жазып, қорға өткізіледі.
Ұлттық орталық қорында Алтын Орда ханы Тоқтамыстың 1392-1393 жылдар аралығында Польша королі және Литва князі Владислав Ягайлоға арнап жазылған жазбаша Жарлығы сақталған. Түпнұсқа Польша Республикасының көне актілері Бас архивінде сақтаулы. 1834 жылы К.М. Оболенский (Мәскеу, Ресей сыртқы істер архиві) Краков архивіндегі поляк тарихшысы А.С. Нарушевичтің құжаттарының арасынан тапқан. Түпнұсқа 1921 жылы Польшаға тапсырылды. Мәтін көне түркі жазуымен (көне ұйғыр жазуымен), жоғарыдан төмен оңға қарай жазылған. Хатта төрт бұрышты алтын түсті мөр басылған. Мөрдегі ішкі текшедегі куфи жазулы мәтін: Әділетті сұлтан Тоқтамыш. Жарлық екі жақ арасында елшілердің жіберілуі, Темір ордасына жасалған шабуыл мен сауда қатынастарын жалғастыру ниеті туралы баяндайды. Алтын Орданың негізін қалаушы Жошы хан әулетінен бастап, Берке ханға дейін мемлекеттік іс-қағаздар моңғол тілінде жүргізілсе, ал Тоқтамыс ханнан бастап, мемлекеттік іс-қағаздарды жазу барысында түркі-моңғол тілі қолданылды.
Ұлттық орталықтың қорында электрондық нұсқасында сақтаулы Алтын Орда кезеңіне қатысты тағы бір еңбек Шыңғыснама. Шыңғыснаманың түпкі атауы Қара тауарих. Шыңғыснама атауын Кеңестік тарихшы Юдин, шығарманың мазмұны Шыңғыс хан мен Алтын Орда тарихын қамтитындығына байланысты Шыңғыснама деп ат берген. Шыңғыснама - Хорезм тарихшысы Өтеміс қажының шағатай тілімен араб жазуында жазылған тарихи шығармасы. Шығарма ХVI ғасырдың 50-ші жылдары жазылған. Бұнда апай төс Еуразия даласында Жошы әулетінің құрған тарихы баяндалады. Яғни, Жошы әулетінің билеушілерінен бастап, Алтын Орданың соңғы ханы - Тоқтамысқа дейінгі 40-50 ханның хронологиялық кестесі көрсетілген. Шығарма негізінен аңыз, әңгіме тұрғысында немесе далалық ауызша тарихи дәстүр тұрғысында мәліметтер береді. Кейбір жерінде тарихи мәліметтердің нақты деректерге сүйеніп жазылғандығын да байқауға болады. Дегенмен, зерттеушілердің ғылыми тұжырымдамалары бойынша, Шыңғыснама еңбегі әлі де дереккөздерін зерделеу, зерттеуді қажет ететін, бүгінгі отандық ғалымдардың алдына қойылған міндет болып табылады. Жалпы, Шыңғыснама еңбегінің екі нұсқасы сақталған. Біреуі, Ташкентте табылған тарихшы Юдиннің Шыңғыснамасы болса, екінші бір нұсқасы Түркияда Валиди Тоған отбасында сақталған[2].
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталықтың қорында терең түпкі тарихымызды танытып дәйектейтін қолжазбалар мен сирек кітаптар баршылық. Осы ретте, төте жазуда жарық көрген Алаштың көрнекті өкілі Міржақып Дулатовтың қаламынан туындаған Бақытсыз Жамал атты бірегей романы бар.Жалпы, қайраткердің қаламынан туындаған бірнеше шығармалар шоғыры дүниеге келді. Солардың ішінде 1910 жылы жарық көрген Бақытсыз Жамал романының алар орны ерекше. Кейін 1914 жылы Қазан қаласында қайтадан басылып шықты. Аталмыш роман туралы филолог Наурызбай Ақбай өзінің еңбегінде: қазақ әйелінің ауыр халін шынайы бейнелеген Бақытсыз Жамал романы ұлттық әдебиетіміздегі тұңғыш прозалық шығарма еді деп өз бағасын берсе, ал публицист-жазушы Жұмағали Ысмағұлов Бақытсыз Жамал атты романы туралы келесідей негіздейді: Бұл шығарма қазақ топырағында алғашқы өлең жинағынан да тосын жаңалық болып көрінеді. Халықтың өз өмірінен алынып, өз тілінде қара сөзбен жазылған бұл сияқты оқиғалы шығарма бұрын болған емес-ті[4].

1.2.Сирек кездесетін қорлар мен алғашқы қазақ баспа кітаптарының зерттелуі мен сақталу ерекшеліктері
Қазақ кітабының шығуы мен дамуы, қөне қолжазба мұраларды және сирек кездесетін басылымдарды зерттеу, олардың қазақ кітабына қатысы мен байланысын анықтау, республикамыздағы қолжазба қорын тексеріп бағалау барысында жемісті жұмыстарды еліміздің Ұлттық, Орталық кітапханалары, Орталық мемлекеттік мұрағат пен Кітап мұражайлары жүргізеді.
Республикада баспа ісінің қалыптасу және даму кезеңдерін зерттеуге кітаптанушы ғалымдардың қосқан үлесі аз емес. Бұл үдерістің төңкеріске дейінгі уақыттағы әртүрлі бағыттары мен кезеңдері әр қилы дәрежеде Ә.Жиреншиннің, Ұ.Сұбханбердинаның, Ш.Елеукеновтың, М.Мамажановтың, Ж.Шалғымбаеваның, Кеңес дәуірі кезеңіндегі және қазіргі жағдайы М.Мамажанов, П.Коротовский, Ж.Қалиев, А.Сәрсенбаев, Д.Атабаев, Б.Бөлеков, С.Рақымжанова, З. Қасымов, А.Асылбекованың, т.б. еңбектерінде зерттелген[15].
Шығыстанушы, библиограф, этнограф Нығмет Сәбитовтың ғылыми-библиографиялық қызметінің ең маңызды бағытының бірі - Қазақстанның төңкеріске дейінгі әдебиеті мен тарихы бойынша жинақталған (көбінесе шығыс) деректерінің материалдарын жүйелеу болды. Зерттеу жұмысында қазақ және орыс тіліндегі деректермен қатар татар, башқұрт, өзбек, әзірбайжан, түркімен, қырғыз және араб, парсы, түрік, ағылшын тіліндегі материалдар берілген.
Жазба мұраларды іздестіру барысында Мәскеу, Ташкент, Алматы т.б. қалаларының кітаптары мен мұрағаттарында ізденіс жүргізді. Соның нәтижесінде бірнеше библиографиялық көрсеткіштер, ғылыми зерттеулер, мақалалар жазды.
Солардың ішінде сирек кітаптарды зерттеушілердің назарын аударатын Библиографический указатель материалов Казахстана по восточным источникам (1947) және Қазақ әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші (1948). Бұл басылымдардың басты мақсаты жайында, біріншіден, қазақтың тарихын, әдебиетін, тілін зерттеушілерді ерте кезде шыққан кітаптармен таныстыру болса, екіншіден, олардың бұл жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмысына көмектесу деп А.Сәбитов алғы сөзінде атап көрсеткен[13].
Төңкеріске дейінгі қазақ кітаптарының басылу тарихы жөнінен сол кітаптарды шығару жолында жарғақ құлағы жастыққа тимей, ыждағатпен жемісті еңбек еткен қөңіл көзі ащшық ақындар, оқымыстылар, жинаушылар туралы бағалы мәліметтер берген ғалым-әдебиетші, тарихшы Әбіш Жиреншин еді. Оның 1971 жылы Қазақстан баспасынан шыққан Қазақ кітаптарының тарихынан атты еңбегі осы саладағы әрі тұңғыш, әрі байсалды зертеу болып табылады. Монография 1917 жылға дейінгі отандық кітаптың қалыптасу, даму кезеңдеріне арналған. Зерттеудің басты мақсатының бірі - қазақ кітабы дамуының кезеңдерін жіктеу. Бұл мәселемен Ә.Жиреншин алғашқы шұғылданған ғалым. 1978 жылы бұл кітап орыс тілінде Из истории казахской книги деген атпен жарыққа шықты.
Қазақ баспасөз тарихын зертеуіне үлкен үлес қосқан рухани мәдениетіміздің танымал еңбек торыларының бірі - Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі Ұ.Сұбханбердина. Ғалымның басшылығымен құрастырылып, 1989 және 1996 ж.ж. жарық көрген Қазақ кітабының библиографиялық көрсеткіші - бағалы еңбек. Аталмыш көрсеткіштерде төңкеріске дейін яғни 1807-1917 жылдар арасында шыққан кітаптардың библиографиясы берілген. Осы көрсеткіштерге жазған алғысөзінде Н.Сұбханбердина кітаптану ғылымының теориялық және методологиялық мәселелерін алғашқылардың бірі болып зерттейді[20].
Автор - Қазақ кітаптары (1807-1917) 1986 жылы, Қазақ кітабының шежіресі 1996 ж. Библиографиялық көрсеткіште кітаптар шыққан жылдарына қарай хронология тәртібімен тізілген. Оқушыға қиындық келтірмеу үшін жалпы көрсеткіште қамтылған, кітаптардың аты, шыққан жері, баспахананың аты, басылған жылы, мазмұны, титул бетте қалай жазылсса, солай түгел жазылып отырады.
Кітап революциядан бұрын басылған қазақ кітаптарының сыртқы мұқабасынан, титул бетінен, жазушылар, ғалымдар, шығарушылардың суреттерімен безендіріледі[11].
Библиография соңындағы көмекші көрсеткіштер мынадай тақырыптардан тұрады: кітап тақырыптары, есімдер (жазушылар, құрастырушылар, редакторлар, аударушылар, жинаушылар және персоналдар), бастырушылар, баспаханалар, кітаптар басылған қала аттары, көрсеткішті құрастыру үшін кітап қоры пайдаланылған кітапханалар, көрсеткіште кездесетін шығыс тілдеріндегі сөздердің түсінігі.
Кітаптың 1986 жылы Мектеп баспасынан жарық көрген бірінші басылымын дайындау барысында ғылыми көмек көрсеткен - академик Ә.Х.Марғұлан, Санк-Петербургтегі М.Е.Салтыков-Щедрин атындағы кітапхананың қорында сақтаулы тұрған қазақ кітаптарының фото, микро көшірмелерін түсіріп алуға көмектескен - сол кітапхананың бөлім меңгерушісі, ғалым Э.К.Сагидова, алғашқы басылымның жарық көруіне жәрдемін тигізген Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген - мәдениет қызметкері С.С.Есова - деп жазған[19].
Еліміздің Ұлттық, Орталық кітапханаларының сирек кітап коллекцияның маңыздылығын ашып көрсетуге әрдайым назар аударады. Баспа каталогтары, библиографиялық көрсеткіштер басып шығарылды, қазақ кітаптары бас алфавиттік каталогта, Қазақстантану жүйелік каталогінде, сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар бөліміндегі қазақ кітаптарының алфавиттік және жүйелі каталогінде, республикалық Қазақстантану жиынтық каталогінде, сондай-ақ ҚР Ұлттық кітапханасының электрондық каталогінде табылады. Араб және латын графикасындағы қазақ баспа кітаптарының каталогі құрастырылды. Қазақ кітаптары қорын құру және қалыптастыру мәселелері зерттелуде.
Қазіргі кезеңде Қазақстан бәсекеге қабілетті әлемнің 30 озық елінің қатарына қосылуды стратегиялық міндет ретінде таңдап отыр. Ол үшін экономикалық өркеңдеумен қатар бізге әлемдік жаһандану үрдісінің тасқынына төтеп бере алатындай асқақ рух қажет.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған мемлекеттік Мәдени мұра бағдарламасының аясында өткен тарихымызды жаңғыртып, рухани мұраларымызға айрықша көңіл бөлінуде. Осының бәрі ел болашағы үшін жасалып жатқан игілікті қадамдар. Әсіресе, жас ұрпақ бойына ұлттық мәдени сананы қалыптастыру үшін, бірінші кезекте ұлы тұлғаларымыздың еңбектерін кеңінен насихаттауымыз керек.
Әлем тарихында XIX ғасыр Ұлттық сананың ояну дәуірі ретінде бағаланатындығы аян. Ондай тарихи кезең құбылыстары қазақ даласына соқпай өткен жоқ. Қазақ елі бұл кезеңде де ауыр күндерді басынан кешті. Сол дәуірдің оқиғалары мен тарихи шындығы, негізінен қазақ кітаптарда қөрініс алды.
Туған мәдениетіміздің ежелден келе жатқан өзекті саласының бірі - кітап. Қазақ баспа кітабының тарихы XIX ғасырдың бас кезінен басталады. Олар қазіргі Қазақстанның тарихын, әдеби, мәдени өмірін зертеу үшін маңызы өте зор. Бұл кітаптар тарихи деректерді, архив қазыналарын толықтырып, қазақ халқының саяси, мәдени өмірінен құнды мағлұматтар береді. Өзге озық жұрттардікіндей жүйелі жолға қойылған баспасы болмаса да, орасан қиындықтарға, кедергілерге қарамастан, қазақ баспа кітабы дүниеге келді, қазақ енді тыңдаушы ғана емес, оқушы бола бастады, тұңғыш қазақ баспа репертуары қалыптасты[20].
XIX ғасыр, әсіресе оның екінші жартысы қазақ топырағында ағартушылар қозғалысын туғызды. Саяси, әкімшілік тізгінінен айрылған жетім жұртқа ендігі бас-көз сол ағартушылар еді. Қазақ ағартушылары ешқашан қазақты бөле жармаған, рулық я таптық жікке бөлшектемеген, жекелемеген. Ағартушылар - Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев бас болып, қазақ халқын ортақ саналы ұлт дәрежесіне қөтере түсу бағытында жандарын салып еңбектенді.
1917 жылға дейін барлығы бір мыңнан астам қазақ кітаптары (қайта басылуларын қосқанда) жарық көрген. Олардың таралымы орта есеппен бес, алты миллион болады. Халқымыздың сан ғасырлар бойы жиналған ауыз әдебиетін - ертегілер мен дастандарын, қиссалары мен айтыстарын, мақал-мәтелдерін ықтияттап жинап, қағаз бетіне түсіріп, ғылыми жүйеге салып, басып шығаруда озат ойлы адамдары ат салысқан. В.В. Радлов, Г.Н. Потанин, А.Е. Алекторов, Н.Н.Пантусов, А.Н. Харузин, П.М, Мелиоранский, В.В. Бартольд, Ә. Диваев сынды ғалымдар қазақ кітабының алғашқы басылымдарын жарыққа шығарған[19].
Қай елде болмасын кітап шығару ісінің қалыптасуы қоғамның дамуымен, оның экономикалық, саяси, мәдени және рухани қажеттіліктерінің өсуімен мейлінше тығыз байланысты. Басқа да халықтар сияқты, қазақ халқы өзнің сан ғасырлық рухани мұрасын еселеп арттыра отырып, дүниежүзілік тарихи үдеріс арнасына барған сайын көбірек тартыла берді. Баспа ісінің тарихын зертеу кезінде біз кітапқа екі түрлі көзқарас тұрғысынан қараймыз: кітап адамзат қоғамының рухани мәдениетінің айқын көрінісі және оның дамуына ықпал ететін маңызды фактор болып табылады. Сөйтіп кітапты нақты тарихи қоғамның ілгері дамуына белсенді әсер ететін күш екенін анықтай келе, бізге кітаптың тарихи дамуы мәселелерін зертеуде оны әртүрлі қырынан қарастыруға тура келеді.
1917 жылға дейін барлығы бір мыңнан астам қазақ кітаптары (қайта басуларын қосқанда) жарық көрген. Олардың таралымы орта есеппен бес, алты миллион болады. Кітап репертуары негізінен төрт, бес саладан тұрады: қазақ ауыз әдебиетінің туындылары (ертегі-аңыздар, қиссалар, эпостық жырлар, айтыстар. Бұлардың ішінде Шығыс тақырыбын жырға өзек еткен қисса-дастандар да баршылық.
Өзінің мән маңызы бойынша оқу әдебиеттер біз зерттеп отырған кезеңде ерекше орын алады. Өткен ғасырдың соңы мен үстіміздегі ғасырдың бас кезінде қазақ интеллигенциясының қалыптаса бастағаны мәлім. Петербург, Омбы, Қазан, Уфа, Орынбор, Троицк т.б. қалаларда оқып, мұсылманша, немесе орысша білім алған қазақ жастары шыға бастады. Ағартушылық ісі ол кезеңдегі қазақтың әлеуметтік тіршілігінде ең қажетті, ең игілікті әрекет болатын.
Қоғамда болған өзгерістер прогресстік, демократтық әдебиеттің тууына әсерін тигізді. Бұған жүздеген жаңа кітаптардың жарық көруі және қазақ тілінде мерзімді, баспасөздің 1415 газет, 1 журнал шығуы дәлел.
Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уалиханов, Абай Құнанбаевтардан кейін XX ғасырдың басында көпетегн жаңа қазақ авторлары шықты. Олар - Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мақыш Қалтаев, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Спандияр Көбеев т.б.
Әркім әр салада қаламымен, ой-санасымен халыққа қызмет етуге тырысты. Кейбір авторлар кітапты көбірек жазып, өмірін түгелдей ағарту ісіне, әдебиетке, жастарды өнер-білімге баулуға жұмсады.
Қазақ кітабын шығару тарихының ең бір жарқын беттері халқымыздың аяулы перзенттері Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ә.Диваев және басқа да озық ойлы азаматтар есімдерімен тығыз байланысты. 1909 жылы үш бірдей кітаптың - Абайдың өлеңдер жинағының, А.Байтұрсыновтың Қырық мысалының, М.Дулатовтың, Оян қазағының басылып шығуы қазақ кітабының жаңа дәуіріның де басы болғандай еді[20].
Қазақ қолжазба және баспа кітабының тарихы бойынша тарихы бойынша зерттеу жұмысының ұйымдастырылуы, оның сақталуы мәселелері, Мәдени мұра ҚР Мемлекеттік бағдарламасының аясында қазақ кітабы репертуары қалыптасуы әрі толығуының жалғасын табуы ел кітапханаларының негізгі міндеттері қатарында. Сонымен қатар, зерттеу және шығармашылық жұмысқа бағытталған қазақ кітабына байланысты электронды ақпараттық ресурстарды жинақтау, оларды қолжетімді қылып, кітапханалардың өзара ақпарат алмасу жүйесін жасау мен дамыту жөніндегі тығыз ынтымақтастықты қамтамасыз ету де маңызды[13].

II тарау. Қазақстан кітапханаларында сирек қорларды сақтау мен жинау жұмыстары

2.1.Ғылым ордасы РМК Орталық ғылыми кітаханасының сирек қорларды жинақтау мен сақтауда жүргізіп жатқан қызметтері
ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Ғылым ордасы РМК ­­ Орталық ғылыми кітапханасы ­өте құнды сирек кітаптар мен қолжазбалардың иесі.Кітапхана қоры ұлттық және шетелдік басылымдар, диссертациялар, ғылыми еңбектер және Қазақстан ғалымдарының жеке кітапханаларының аса бай жиынтығынан тұрады. Деректердің ауқымы өте үлкен:қолжазбалардың түпнұсқалық түрінен бастап, заманауи электронды ақпарат тасымалдаушыларға дейінгі аумақты қамтиды.
Сирек кітаптар қоры - 91 мың дана, қолжазбалар қоры - 22 мың дана, шығыс әдебиеттері қоры - 9,9 мың дананы құрайды..
Сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиеттер қоры - кітапхананың мақтанышы болып саналады. Мұнда революцияға дейінгі өте құнды қазақ әдебиеттері Қазақстанның басқа кітапханаларының жиынтығына қарағанда толық сақталуда. Осы бөлімшеде Ғылым академиясында қорғалған диссертациялардың толық қоры сақталады. Кітап қоры әр саланы қамтитын 7 бөлімнен тұрады.
Шығармалардың жалпы хронологиясы ХІІ, ХVІ-ХХ ғасырлар. Қолжазбалар тарихи құжаттар мен қазақ әдебиетінің жәдігерлерлері болып табылады.
Орыс тіліндегі сирек кітаптардың біразы қазақ халқының тарихын, археологиясы мен этнографиясын зерттеуші орыс ғалымдарының басылымдарынан тұрады.
Сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры негізгі қорлардың мамандандырылған бөлігі және әрекет ететін қорлар жүйесіне жатады. Сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры тұрақты түрде сақталады және елдің мәдени мұрасы болып табылады.
Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорына жататындар:
XII, XVIII-XXI ғғ. қолжазба құжаттар;
XVII-XXІ ғғ. сирек ғылыми басылымдар;
XIX-ХХ ғғ. қазақ тіліндегі сирек басылымдар;
көне славян тіліндегі кітаптар;
орыс зерттеушілерінің Қазақстан туралы еңбектері;
көркем безендірілуі мен полиграфиялық орындалуы жағынан бірегей кітаптар;
XVI-XIX ғғ. шетелдік сирек басылымдар;
XVIIIғасырдан бүгінге дейінгі шығыс тілдеріндегі басылымдар;
сирек микро-, фото-, ксеро- көшірмелер;
диссертациялар мен авторефераттар;
1917 жылға дейінгі орыс тіліндегі сирек журналдар;
ХХ ғ. 40-шы жылдарына дейінгі орыс тіліндегі ғылыми әдебиеттер;
ТМД халықтарының тілдеріндегі кітаптар[15];
Қазірде бөлімдегі 2151 бума (22 мың данадан аса) қолжазбалар бар, бұлардың 10 мыңы шығыс тігіндегі қолжазбалар болып табылады. Қорда 300-ден аса араб және басқа шығыс тілдеріндегі Құрандар мен Тәпсірлер сақталған. Бұлардың арасында XII ғасырға жататын, ұзындығы 26 метр еврей халқының діни қолжазбасы Тора бар. 2001 жылы бұл қолжазба М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтынан кітапханаға әкелініп, тапсырылған.
Негізінде бөлімде бар қолжазбаларды тілдеріне қарай бөліп көрсетуге болады. Олар: шығыс (араб, парсы, ұйғыр, қырғыз, өзбек, татар, тәжік, әзірбайжан, қытай тілдеріндегі), қазақ, славян қолжазбалары.
Бөлімде сақталған қолжазбалардың ішінде тарихи маңыздылығы зор көне заманнан бері бағалы шығыс тіліндегі қолжазбалар. Бұлардың арасындағы парсы тілінде қолжазбалар. Осы қолжазбалардан қазақ тарихына, мәдениетіне қатысты мәліметтер алуға болады.
Кітапханада сақталған қолжазбалардың арасында Құран қолжазбалары көптеп кездеседі. Бөлімінде Құран мен осы Құранға түсіндірме сөздіктерінің 300-ден аса қолжазбасы бар. Олар бөлімге әр түрлі жолдармен әкелінген.
Бұлардың арасынан Құран-и маджид-и мутарджам, ма нусха-йи Тафсир-и Хусайни қолжазбасына тоқталайық. Арабшадан парсыға Шах Валийаллах тәржімалаған. Құран аяттары берілген кітап ескі, қағазы да сарғайған. Бірақ жазуы айқын.
Келесі Құран қолжазбасына Мулла Артықтың көшірмесін айтуға болады. болады. Бұл құран 12711855 жылдары аралығында көшірілген. Кітаптың көлемі: 53х31 см. 276 беттен тұрады. Сапасына келсек, өте ескі, шыққан жері, баспасы көрсетілмеген. Бір ерекшелігі қолжазбаның бастапқы екі беті ақ қағаздан тұрады. Құранның дұғалары екінші беттен басталады.
Қолжазба Фатиха сүресімен басталып, қысқа сүрелерге жалғасады. Дұғалар ретсіз орналастырылған.
Құрандардың арасында көлемі жағынан ені 2,5 см, ұзындығы 3,5 см ғана болатын кішкене Құрандар да бар. Фатиха және Бақара сүресінен басталатын қолжазба араб тілінде жазылған және шағын ғана қорапта сақталған.
Бөлімде ғалым Әбу Насыр әл-Фараби мен Фердоусидің қолжазбалық еңбектері бар. Соның ішінде Фердоусидің Шахнаме дастаны ертедегі Иранның Сасанидтер әулеті билігі кезеңіне жатады. Шахнамені екі мағынада түсінуге болады. Оның біріншісін патшаларға арналған кітап ретінде, ал екіншісін көлеміне, мазмұнына қарап, кітаптар патшасы деп түсінуге болады. Жалпы бұл қолжаба жайында ғалымдар:Бұл шығарма Иран елінің елу патшалығын аты аталып, билік құрған кездері бейнеленген, Х ғасырдағы Сасанидтер әулеті билігі кезеңінде Иран халқының арабхалифтеріне қарсы соғыстарында батылдығын, еліне-жеріне деген сүйіспеншілігін жырлайды. Сасанидтер әулеті әлсіреп, Ғазнауилер әулеті дәуірлеп тұрған кезде жазылған Шахнаме алуан қырлы жайларды қамтып, мемлекет мерейі, халық күйі, отансүйгіштік және достық арналары жайлы толғайды. Шахнаме тек қана тарихи-батырлық шығарма ғана емес, ежелгі Иран тарихын, жағрафиясын, патшалар династиясын, дәстүрін, дінін зерттеушілер үшін таптырмас материал .
Жалпы Фердоусидің Шахнаме дастанының үш нұсқасы бар. Бөлімде оның бір нұсқасы сақталған. Қағазы көнеріп, жазуы жайылып, көше бастаған. Бұл қолжазбаның қазақ тіліндегі нұсқасын молда Ораз бен Тұрмағамбет Ізтілеуов аударған деседі . Өкінішке орай ол аударма нұсқа бізге жетпеген.
Қолжазба қорында сақталған екінші нұсасы - 122 беттік Рүстем дастаны. Бірақ бұл қолжазбаның кейбір беттері жоқ. Жұлынып алынып қалса керек. Оны Рахымбай Құлбайұлы деген адам жинастырып, сирек қорға 1948 жылы тапсырыпты .
Фердоусидің Шахнаме дастанының бір нұсқасын Сабыр Шәріпұлы тапсырыпты. Бірақ қолжазба бар-жоғы бес беттен ғана тұрады. Осындай бір нұсқаны А. Тәжібаева тапсырыпты. Қолжазба араб графикасымен жазылған. 442 беттен тұрады. Қалың екі дәптерге көшірілген. Қарапайым сөзбен аударылған. Кейбір жерлерінде өлең үзінділері де келітіреді . Бұл қолжазба тарих, әдебиет салалары үшін аса маңызды деуге болады.
Ал славян тіліндегі қолжазбалардан А. Бернштамның 30 беттік О происхождении казахского народа қолжазбасы атауымызға болады. Бұл қолжазбада қазақ халқының шығу тегі мен этногенезі жайында мәлімет келітірілген. Қолжазба иесі А.Вамбери, К.Богрянародный, Н.Аристов, Н.Харузиннің хазарлар, сақ, ғұндар жайында жазғандарын қолданған. Сонымен қатар М.Ауфидің дулат, ұйғыр, үйсін, қаңлы турасындағы жазбасын да қолданған. Қолжазбада қазақтың тұңғыш хандары Жәнібек пен Керей туралы мәліметтер де бар[12].
Қазақ тіліндегі қолжазбалардың арасынан қисса-хикаялар, билер сөзі, шығыс дастандары, батырлар жырлары, тұрмыс-салт, әдет-ғұрыпқа қатысты қолжазбалар бар. Бұл ретте Сүгін ақын, Шернияз ақын, Доскей ақын, Ғазиз ақын, Нысанбай жырау және т.б. қолжазбалық шығармаларын атауымызға болады .
Қолжазбалардың арасында шежірелер көп кездеседі. Қазақта шежірені білу аса маңызды. Бөлімдегі ең ірі шежіренің қатарына Хандар шежіресі қолжазбасы жатады. Шағатай тілінде жазылған. Бұл қолжазба қорға 60-жылдары түскен. Оны Құлбосынов деген қазақ тапсырған екен. Ұзындығы 3 метр де, ал ені 45 см-дей. Қолжазба XVII-XVIIIғасырларға жатады. Қолжазбаның әбден тозығы жеткен, қағазы сарғайып, шеттері тозып, кірлеген, жыртылған. Осы себептен ғалымдарға қолжазбаны бірден оқып кету ауыр тиеді. Қолжазба келген кездің өзінде өңдеу мен жөндеуден өткен.
Шежіренің ішкі мазмұнына үңілсек, үш ірі тарауға бөлінген. Деректік негізіне келсек, ондағы мәліметтер тарихи деректер негізінде жасалғанын байқауға болады. Жалпы қолжазба өзінің көнелігімен құнды деуге болады.
Шежіренің ішкі мазмұнына үңілсек, оның аңыз бойынша емес, тарихи деректер негізінде жасалған деректі шежіре екенін аңғару қиын емес. Сонымен, бұл шежіре ауқымы жағынан, қамтыған мазмұны жағынан жалпы адамзат тарихына қатысты шежіре деуге болады. Қазақ халқының тарихына тікелей қатысты деректер, әрине, қазаққа, қазақ хандарынақатысты тұстарына келгенде жойылып кетуінен болған деуге болады. Бұл қолжазба өзінің көнелігімен, ауқымдылығымен, мазмұнымен бізге жеткен жазба мұра есебінде құнды екендігінде дау жоқ.
Сирек қорда бұл шежіресінен басқа бірнеше ірі шежірелер бар. Бұларға Шыңғыс хан және оның билері қолжазба генеалогиялары мен Шыңғыс хан шежіресін айтуымызға болады. Осы екі шежірені біріктіріп, Қазақ жазбаларындағы хандар шежіресі жинағы шығарылған. Шежіренің мазмұнына үңілсек, XIV ғасырдың басынан бастау алған қазақ хандығының саяси мемлекеттік деңгейге көтерілу барысы мен хандық биліктің генеалогиялық тармағын көруімізге болады. Ал Шыңғыс хан шежіресі ханның үрім-бұтақтарының таралу тізімін саралап береді[8] .
Жалпы Шыңғыс хан шежіресі Қазанда кітап ретінде 1906 жылы басылып шыққан. Оны Жәңгір хан тұсында Орладық Молла Шарафиддинұлы Салахиддин деген адамнан жазылып алынға. Шежіре дерекке толы. Мәліметтердің өзін сол кездерде бар Шыңғыс хан жайында жазылған Шайбаны неме, Бабыр наме және Шыңғыс наме сияқты еңбектерді қолданғанын байқауға болады.
Бұл шежіренің қазақ тарихындағы деректік маңызы ерекше болып келеді. Себебі, одан қазақ хандарына қатысты да мәліметтер кездеседі. Сондықтан қолжазбаны құнды жәдігерлердің қатарынан атауға болады .
Бөлімдегі сирек қорда сақталған қолжазбалардың арасынан қазақ ағартушылары Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсаринның, Абай Құнанбаев, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтердің еңбектеріне қатысты бар.
Ағартушы, ғалым, шығыстанушы, тарихшы, этнограф, географ Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановқа 30-дан аса папка арналған. Бұлардың арасында қолмен жазылған, фотокөшірме, күнделіктер, газет қиындылары да кездеседі. Осы папкалардың ішінен мәселен, инвентарлық нөмірі 1189-шы папкаға көз жүгіртейік. Мұнда Шоқанның өз қолымен жазылған Өткен жүз жылдардан бастап 1840 жылға дейінгі аралықтағы Ташкентке көзқарас (Взгляды на Ташкент с начала прошедшего столетия по 1840 года) еңбегі бар. Фотокөшірме, арнайы экспедициямен барған кезде Ресей кітапханаларынан әкелінсе керек. Қолжазба орыс тіліндежазылған. Қағаздың түсі қоңырқай түсті. Қолжазба 40 беттен тұрады.
Ғалым архивіндегі қолжазбаларының арасынан 1191-папкадағы Шыңғыс Уәлиханов сұлтанның баласы Шоқан Уәлихановқа жазған хатын атауымызға болады. Хат араб графикасында жазылған. 3-беттік .
Ш. Уәлихановтың қорда сақталған шаман дініне қатысты Қырғыздардың шамандығының ізі (1195 папка), монғолдардың жаулап алуын түсіндірген, Солтүстік Азия, Астрахан губерниясының, Орынбор губерниясының, оңтүстік-шығыс Қытайдың, Орталық Қытайдың, капитан Мураьевтың Тифлистен Хиуаға сапары туралы карталар Зайырлы адамдарға арналған сән журналы мен карталар (1197, 1198 папкалар) қорында жинақталған. Жалпы бұл қолжазбаның барлық беті - 13[16].
Ұлы ойшыл, жас та болса ғылымға ерекше үлес қосқан Шоқандай ғалымның еңбектері өлшеусіз. Оның әрбір зерттеулері қазақ халқының тарихын зерттеуде дерек ретінде қолданылды және қолданылып келеді.
Сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиет бөлімінде қолжазбалармен қатар сирек кітаптар өте көп. Бұл кітаптарды маңыздылығы мен құндылығына келетін болсақ, біріншіден, олардың көнелігі болып табылады. Екіншіден, осы кітаптар арқылы Қазақстан және өзге халықтардың тарихы, әдебиеті, мәдениеті, салт-дәстүрімен танысуға болады. Үшіншіден, бұл кітаптардан дәлелді мәліметтер алуға болады.
Бөлімде сирек кітаптар кітаптардан, қазақ, орыс, шығыс. Шағатай, түркі тілдерінде жазылған кітаптарды жеткілікті. Сирек кітаптарды төңкеріске дейінгі және Кеңестік жүйе тұсындағы деп қарастыруға болады. Патша өкіметі тұсындағы сирек кітаптардың әсіресе қазақ кітаптарының сыртқы мұқабасынан, титул бетінен, жазушылар, ғалымдар, шығарушылардың суреттерімен безендіріледі. Жалпы 1917 жылға дейін бір мыңнан астам қазақ кітаптары басылып шыққан. Бұл санға кейбір кітаптың бірнеше басылып шыққандығын да қосуға болады. Сирек кітаптардың кейбірінің таралымы үлкен тиражда шығарылған.
Сирек кітаптарды мазмұнына қарай әдеби, тарихи, философиялық, діни, тарихи, шаруашылық, саяси деп бөлуге болады. Қазақ тіліндегі кітаптар Қазан, Уфа, Орынбор сияқты қалаларда басылған.
Қазақ кітаптарының арасынан Шоқан, Ыбырай, Абайдан басқа ХХ ғасырдың басында М.Ж. Көпеев, А. Байтұрсынов, С. Көпеев, М. Дулатов, М. Кәшмов және т.б. еңбектерін кездестіруге болады.
Бөлімнің қорында араб, парсы, түрік тілдеріндегі көне кітаптар жеткілікті. Әсіресе бұлардың арасында 300-ге жуық діни мазмұндағы Құран кітаптары, тәпсірлер мен хадистер бар. Бұл Құрандар Иран, Мысыр, Үндістанда, Ресей, Орталық Азия мен Түркия елдерінде басылған. Сонымен қатар Стамбұл мен Ташкент, Қазан қалаларында, баспаханаларында жарық көрген. Шығыс тілдеріндегі кітаптардың ішіндегі ең көнесі парсы тіліндегі Китаб-и хақиқат нема кітабы. 1833 жылы жарық көрген, бірақ қай қалада, жерде жарық көргені туралы мәлімет жазылмаған. Бірақ баспаханасы көрсетілген.
Үндістан, Ресей, Орталық Азия мен Түркия сияқты елдерде шыққан Шығыс тілдеріндегі кітаптарды мазмұнына қарай бөлуге болады. Мысалы, Үндістаннан шығарылған, қорға түскен кітаптарды мазмұнына қарай бөлсек, басымы поэзияға, прозаға, діни тақырыптарға арналды. Бұлардың басымын Құран кітаптары, тәпсірлер мен хадистер құрайды. Кітапхана қорында 300-ге жуық құрандар бар.
Ежелгі заманнан Қытай, Иран, Мысыр, Үндістан сияқты елдерде тарихи оқиғалар мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КІТАПХАНАСЫ МЕН ТМД КІТАПХАНАЛАРЫ, БАТЫС ЕУРОПА КІТАПХАНАЛАРЫМЕН САЛЫСТЫРУ
БРИТАН КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИЗАЙНЫ
Ұлттық кітапхана
Қазақ КСР ғылым академиясының орталық ғылыми кітапханасы
Қазақстан - Өзбекстан мәдени байланыстары жөнінде
Библиографиялық жұмысты ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жайында
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаның мемлекеттік мәдени саясаты ретіндегі кітапхананың рөлі
Қазақстан Республикасы кітапханаларының қорларының зерттеулеріне шолу жасай отырып, оның технологиялық мүмкіндіктері мен зерттеу бағдарламаларын кішігірім кітапханаларда пайдалану жағдайларының қажеттілігі мен пайдалылығы
Мұрағаттық құжаттарды цифрлық форматқа айналдыру технологиялары, отандық және шетелдік тәжірибе
Пәндер