Қазақстан Республикасының химия өнеркәсіп саласына жалпылама шолу
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті Эканомика және бизнес жоғары мектебі
Кафедрасы Менеджмент
СӨЖ
Тақырыбы: ҚР өндіріс салаларына талдау жасау
Орындаған: Қали Е.Қ
Тексерген: Иляшова Г.К
Алматы, 2021ж
ҚР өндіріс салаларына талдау жасау
Жоспар:
I.Кіріспе
* Өндіріс ұғымына жалпы шолу
II.Негізгі бөлім
* Қазақстан Республикасы. Өндіріс түрлері мен типтері
* Қазақстан Республикасында өндірістік салаларының түрлері.
* Қазақстан Республикасының химия өнеркәсіп саласына жалпылама шолу.
* Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсіп саласына жалпылама шолу.
* Қазақстан Республикасының тамақ өнеркәсіп саласына жалпылама шолу.
* Қазақстан Республикасының машина жасау өнеркәсібі.
* Қазақстандағы ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі.
* Қазақстандағы таукен-металлургия өнеркәсібі.
* Қазақстандағы құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндiрiсi.
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Өндіріс ұғымы бір мезетте тұтыну процесіде болып қолданылады. Мысал келтірер болсам, адамдар тамактану процесінде өзінің тәнін ұдайы өндіреді. Өнеркөсіп өндірісі жүмыс куштерін, шикізат пен материалдарды тұтына отырып, материалдык игіліктерді ұдайы өндіреді. Тұтыну болмаса өндіріс процесі де орын алмайды. Өндіріс процесі тек кана үш факторлардың арқасында яғни адамның жүмыс күші, еңбек заты және еңбек құралдары (К. Маркс теориясы бойынша) жүзеге асады. Бірінші фактор жеке түрде жүзеге асса, екінші мен үшіншісі -- өндіріс процесінің заттық факторы ретінде іске асады. Осы жағдайды ескере отырып, К.Маркс былай қорытындылаған : Қоғамдық өндіріс түрлері (нысандары) қандайда болмасын -- жұмысшы мен өндіріс кұрал-жабдығы үнемі оның факторы болып қалады.
Қазіргі қоғамдық өндіріс құрылымын материалдық және материалдық емес өндіріс деп бөлуге болады. Адам қоғамының даму негізі - материалдық өндіріс болып табылады. Материалдық өндіріс саласы өмір сүру, жұмыс істеу үшін қажетті игіліктерді өндіреді. Материалдық емес өндіріске ерекше материалдық емес (рухани құндылықтар) игіліктер өндіру, қызмет көрсету саласы жатады.
Өндіріс үзіліссіз, қайталанып отыруы қажет. Өндіріс процесінің тұрақты қайталануын, үзіліссіз жаңғыруын ұдайы өндіріс деп атайды.Жай ұдайы өндірісте өндіріс процесінің көлемі мен ауқымы үзіліссіз өзгермеген күйде қалады. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене үзіліссіз қайталануын және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз.
Нақты өмірде адамдар алтернативті (баламалы) шығындармен кездеседі. Егер ресурстар бір нәрсеге жұмсалуы мүмкін емес. Бұдан қортынды жасасақ, ресурстарды пайдалану - бұл кейбір мүмкіндіктердін жоғалту, яғни қорларды бір мақсатта пайдалансақ, оларды басқа мақсатта пайдалану мүмкін емес. Бұл жоғалған мүмкіндіктерді өлшеп бағалануға болады. Баламалы шығындарды өндірістік мүмкіндіктер сызбасы арқылы бейнелеуге болады.
Экономикалық теория да шаруашылық практикасы сияқты қоғамдық өнімнің әр қилы өлшемдерін пайдаланады. Бұл әр қилылық мына жайлармен байланысты: біріншіден, қоғамдық өнімді сипаттауға теориялық тұрғыдан жан-жақты қарау; екіншіден (бұл бірінші жағдайдан туындайды) статистикалық есептеудің сан алуан методологиясы, үшіншіден, қоғамдық өнім қозғалысының әр түрлі сатысы тиісінше макроэкономикалық көрсеткіштерді талап етеді. Материалдық өндіріс саласы материалдық игіліктерді өндіруші салаларды қамтитыны белгілі (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс), сонымен қатар материалдық қызмет көрсету саласы (өнімдерді) тұтынушыларға жеткізуші транспорт пен сауда, коммуналды шаруашылық.
Қазақстанның баға жетпес байлығы - ол оның табиғи ресурстары. Қазақстан - пайдалы қазбалар қоры жағынан әлемдегі ең бай елдердің бірі. Сонымен қатар энергетикалық және ауыл шаруашылық ресурстар да мол табыс әкеледі. Осындай байтақ жері мен аздаған елі барда қазақстанның ауыл шаруашылықты дамытуға үлкен әлеуеті болуы таңқаларлық. Мұндай әлеуеттің артықшылығы - әртүрлі ауыл шаруашылық өнімдерін өсіруге жағдай жасайтын әртүрлі ауыл шаруашылық және климаттық жағдайлардың кең шоғыры. 2000 жылы жан басына шаққандағы табыс көлемінің екі есеге өсуі, жұмыссыздық деңгейінің екі есеге төмендеуі және кедейлік деңгейінің айтарлықтай төмендеуі елдің қарқынды гүлденіп келе жатқандығының куәсі.
Экономиканың дамуының басты шапшаңдатқышы, соңғы он жылда орташа шамамен 20% артқан, қарқынды өсіп келе жатқан экспорт болып табылады. Сондай-ақ баламалы кезеңде импорттың да айтарлықтай артқаны байқалады, бұл экономиканың өскенін және табыстың көбейгенін көрсетеді. Қазақстан Үкіметі экспортқа бағытталған өнеркәсіптің жоғары технологиялық салаларында жаңа бағыттар ашушы және дамушы жеке компанияларды тікелей қолдау үшін көптеген мекемелер мен бастамалар құрды.
World Bank Doing Business индикаторына сәйкес, Қазақстан Орта Азиядағы ең қол жетімді іскерлік ортаға ие. 185 елдің ішінде 49-орынға ие бола отырып, мемлекет өзінің салыстырмалы жағдайын тұрақты түрде жақсартуда. 2010 жылы Қазақстан, Ресей және Белорусь Республикасы арасында Кедендік одақ туралы Келісімге қол қойылды, ол 170 миллион адам үшін ашық нарықтың артуының алғышарты және аймақтық шоғырлану жолында маңызды кезең болды.
Жалпы өнеркәсіп саласы - бұл өнеркәсіптік және өндірістік бірлестік-тердің жиынтығы болып табылады. Ал кәсіпорын - түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан тұратын, күрделі механизм:
1) негізгі өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға арналған шалафабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады;
2) көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге тікелей ықпал етеді (электр-көліктік, жөндеу цехтары, сумен жабдықтау т.б);
3) қосымша цехтар негізгі өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін тигізеді;
4) қосалқы цехтар негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші өндірістерде пайдаланатын өнім өндіреді (ыдыстар мен буып-түю материалдарын дайындаумен айналысатын цехтар);
5) эксперименттік (тәжірибелік) цехтар тәжірибелік үлгілерді дайындайды және түрлі эксперименттік жұмыстарды атқарады.
Өндіріс түрлеріне тоқталар болсақ өндіріс түрлері төмендегідей бөлінеді:
1. Жеке-дара (жекелеген) өндіріс - өнім жеклеген даналарымен немесе қайталанып отыратын шағын тапсырыстарымен дайындалатын өндіріс (ауыр машина жасау, кеме жасау, турбина жасау).
2. Сериялық өндіріс біркелкі бұйымдарды дайындап шығарудың оқтын-оқтын қайталанып отыруымен сипатталады (машина жасау өнеркәсібі, металл өңдеу).
3. Жаппай өндіріс - ұзақ уақыт бойы бірдей өнімді үздіксіз шығаратын өндіріс типі (маталар, киім, аяқ киім, сағат жасау, тамақ өнеркәсібі).
Ендігі кезекте өндірістің түрлерінің салалар мен үлгілер бойынша бөліну сипатына тоқталатын болсақ:
1. Өнеркәсіптік фирмалар:
а) жеңіл;
б) ауыр;
в) тамақ,
г) қайта өңдеу;
д) ағаш өңдеу,
е) ет-сүт өнеркәсібі;
ж) өңдеу;
з) химиялық және т.т
2. Құрылыс фирмалары:
а) тұрғын үй құрылысы;
б) азаматтық құрылыс;
в) әскери құрылыс;
г) стратегиялық құрылыс;
д) әлеуметтік салалар құрылыс.
3. Көлік кәсіпорындары:
а) су көлігі;
б) теміржол;
в) автокөлік;
г) әуе көлігі (авияция).
4. Ауыл шаруашылығы:
а) өсімдік шаруашылығы;
б) мал шаруашылығы;
в) өңдеу өнеркәсібі.
Қазақстанның химия саласы - шикізат көзі және көптеген өндіріс саласында үлкен мағынаға ие болған материалдардың қайнар көзі саналатын басымдылығы жоғары және көп қырлы сектор. Қазақстанның химия секторының басты артықшылығы мынандай:
1. Химия саласының дамуына ауқымды тұғыр бола алатын энергетикалық, су және басқа да табиғи ресурстардың ұланғайыр қоры;
2. Импорттың орнын толтыратын әлеуеті бар, тез әрі кең көлемде дамып келе жатқан ішкі нарық;
3. Ғылыми, техникалық және инженерлік қуатты ұлғайту және өндіріс саласындағы көп жылдық тәжірибе;
4. Тұрақты макроэкономикалық орта;
5. Шетелдік инвестиция тарту үшін қалыптасқан өте қолайлы саяси жағдай.
Қазақстанда минералды және көмірсутек материалдарының, қазіргі кезде әлі игерілмеген фосфориттер, хромиттер, натрий тұздарының кең ауқымды кеніштері бар. Мемлекетіміздің жер қойнауынан Менделеевтың периодтық жүйесіндегі 105 элементтің 99-ы табылған. Қазіргі таңда Қазақстанда құрамында 1,225 түрлі пайдалы қазбалары бар 493 кен орындарына барлау жүргізілген.
Қазақстанның ішкі нарығында және одан шеткері жатқан химиялық өнімдерді импорттаушы ірі мемлекеттер арасында зор сұранысқа ие (ТМД, Балтика елдері, Қытай, Түркия, Батыс Еуропа) елдері, химия өнеркәсібін жақын және ұзақ мерзімді дамыту үшін қолайлы негіз қалыптастырып отыр. Қазақстанда және әлемдік нарықта химиялық өнімдерді ең ірі тұтынушы саналатын (Қытай, Орталық Азия, Ресей, Таяу Шығыс, ЕЫ) елдеріндегі осыған сәйкес ұсыныстардың төмендеуі аясында бейорганикалық химия мен тыңайытқыштарға әлемдік сұраныстың өсуі байқалады.
Ең ірі химиялық өнеркәсіп кәсіпорындарының стратегиялық мекендері қажетті ресурстарға қол жетімділік қағидатына негізделген. Мәселен, шикізат қорларын әдепкі өңдеуден өткізетін кәсіпорындар қатар орналасқан: (Жамбыл, Ақтөбе, Атырау және Оңтүстік Қазақстан облыстары - азот, фосфориттар, сақар, күрделі минералды тыңайтқыштар), ал кешенді өңдеуден өткізетін, жоғары білікті мамандармен толыққан, ғылыми-техникалық базасы бар, тұтынушы сұранысына ие ірі кәсіпорындар бір-біріне жақын орналасқан( мамандандырылған және тұрмыстық химия - Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысының қалалары, Алматы, каустикалық сода - Павлодар, күкірт қышқылы - Ақмола, Қызылорда және Жамбыл облысы, каучук өнімдері - Қарағанды). Химия саласының Еуропа комитетінің (CEFIC) мәліметтері бойынша 2011 жылы әлемдік химия өнімдері нарығының көлемі 3964,3 млрд АҚШ долларын құраған. Әлемдік нарықтың негізгі үрдісі: ресурстық базаға сәйкес өндіруші-мемлекеттер дербестігінің тарылуы, ақ және талшықты химияның жедел дамуы, биотехнология мен полимерлі өндірістің қарқынды дамуы. Қазақстан мұнай-химия өндірісі және бейорганикалық химия саласында көшбасшы саналады. Сол сияқты, шыны өндірісі, керамика, цемент өнімдері, лак-бояу өнімдері және тұрмыстық химия саласы белсенді түрде дамып келе жатыр. Химия мен оған тікелей байланысты өндіріс салаларының толыққанды өндірістік көлемі, мұнай-химиялық өндірісті қосып есептегенде, 2011 жылы 45 миллион тоннаны құрады.( ҚР Статистика Агенттігінің мәліметі бойынша). 2010-дан 2011 жыл аралағындағы өндірістің дамуы Қазақстан Республикасындағы 2010-2014 жылдар аралағындағы химия өндірісінің дамуы Бағдарламасының жүзеге асуының арқасында 11%-ды құрады.
ҚР Статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша 2012 жылдың 1-ші қаңтарында Химия өндірісі саласы бойынша іс-әрекет етуші 209 ірілі-ұсақты кәсіпорын тіркелген. 2011 жылы Қазақстандағы бейорганикалық химикаттар мен кемел тыңайтқыштар өндірудің жалпы өндірістік көлемі 1,8 миллион тоннаны құраған, оның 1,5 миллион тоннасы экспортқа шығаруға дайындалған(3 миллиард АҚШ доллары). Жекеменшік табиғи ресурстарды алдыңғы қатарлы технологиялардың көмегімен өңдеу үшін инвестиция тарту арқылы Қазақстан әлемдік нарықтағы минералды тыңайтқыштардың ең ірі жеткізіп берушісіне айналды.
Қазақстандағы химия өнеркәсібінің негшізгі өндірішілеріне мына кәсіпорындар жатады:
* Қазіргі таңда Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Шилісай кен орнында ShilisaiChemicals ЖШС қуаты 880 мың тонна МАФДАФ өндіретін зауыт құрылысын бастау үшін жобалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
* Минералды-Химия Компаниясы ЕуроХим ААҚ-ы 2016 жылдан бастап, Көк-Жон (Аралтөбе мен Кесіктөбе аумағында) және Жамбыл облысы Гиммельфарбск фосфор кеніштеріне барлау жұмыстарын жүргізіп, жылына 5-6 миллион фосфорит кенін өндіру арқылы жалпы көлемі шамамен 1,4 млн. тонна МАФДАФ, азотты және кешенді минералды тыңайтқыш өндіруді жоспарлап отыр.
* Ақтөбе хром қоспалары зауыты АҚ алғашқылардың бірі болып натрия бихроматын шығаруды жүзеге асырды. Зауыттың негізгі өнімдері: техникалық натрий бихроматы, техникалық калий бихроматы, металлургиялық хром тотығы, хром ангидриді, негізгі хром сульфаты, дақты хром тотығы, құрғақ хром малмасы, күкіртті натрий, хром тұздары.
* Каспий маңы тау-кен комбинатының химиялық кешені аясында жұмыс істейтін ҚазАзот ЖШС-ы азотты тыңайтқыштар мен аммиак селитрасы нарығындағы ірі монополист болып саналады. Кәсіпорын қуаты: аммиак - тәулігіне 600 тонна, 46%-дық әлсіз азот қышқылы өндірісі - тәулігіне 875 тонна, аммиак селитрасының өндірісі - тәулігіне 1 000 тонна.
Осы мәліметтерге қарап біз Қазақстан республикасындағы химия саласының қаншалықты өркендегенін аңғарамыз. Ал жеңіл өнеркәсіп саласының ел эканомикасындағы рөлі қандай?
Жеңіл өнеркәсіп - халық тұтынатын көпшілік қолды заттар, ең алдымен, мата, іш және сырт киімдік трикотаж, шұлық-үйық бұйымдарын, аяқ киім, тігін және галантерея бұйымдарын өндіретін салалар мен кәсіпорындар жиынтығы. Жеңіл өнеркәсіптің негізгі салалары -- мақта-мата, зығыр, жүн, жібек, кендір-кенеп, аяқ киім, былғары жөне аң терісі бұйымдарын өндіретін салалар.
Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты- тұрғындардың әдемі, ең бастысы тиімді - жоғары сапалы киіммен қамтамасыз ету. Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің жақсы шикізат базалары тар: мақта, жүн, табиғи былғары. Дегенмен, ол экономикадағы "шешімін таппаған" сала болып есептеледі.
Жеңіл өнеркәсіп - материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін , экологиялық жағынан таза және көбінесе әйелдер қызметінің саласы. Өнеркәсіптің өнімі және өңделген шикізатты тасымалдауға қолайлы, әрі ұзақ сақталады. Жеңіл өнеркәсіптегі басты сала- мата тоқү саласы Негізінен ауыл шаруашылық өнімдерін пайдалана отырып, киіз шығарады. Оларды өсімдік (мақта зығыр) немесе жануарлар ( жүн, жібек) өнімдерінен химиялық талшықтар қоса отырып жасайды.
Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты - тұрғындарды әдемі, әр алуан, ең бастысы тиімді -- жоғары сапалы киіммен және аяқ киіммен камтамасыз ету.
2014 жылғы 1 мамырдағы жай-күйі бойынша Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінде 1534 кәсіпорын тіркелген, олардың ішінде, 20 - ірі, 35 - орта және 1479 шағын кәсіпорын. Кәсіпорындардың ең көп саны (874) киім өндірісі бөлігінде шоғырланған, 476 кәсіпорын тоқыма бұйымдарын және 184 кәсіпорын былғары және оған қатысты өнімді шығарумен айналысады. Жеңіл өнеркәсіптегі ірі кәсіпорындардың жартысы (9) Оңтүстік Қазақстанда орналасқан. Бұл, бірінші кезекте, шикізат нарығының жақын орналасуына және еңбек ресурстарының болуына байланысты. Тіркелген кәсіпорындардың жалпы санынан тек 58%-ы ғана жұмыс істеп тұр. Жеңіл өнеркәсіптің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санының 90%-ын шағын кәсіпорындар құрайды. Аталмыш үрдіс соңғы 7 жыл бойы сақталып келеді. Ірі бизнес нарықтағы тербелістерге өте тұрақты, ал шағын бизнес, бұған дейін айтылғандай, ол жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жалпы санының 90%-ын құрайды, бағасы жағынан, оның ішінде, ҚР және өзге де елдерге жеңіл өнеркәсіп өнімдерін импорттайтын шетелдік компаниялармен де бәсекеге шыдай алмайды.
Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 2014 жылы 2008 жылмен салыстырғанда, 2,4 есе артты (1-сурет).
2014 жылы 2008 жылмен салыстырғанда, өндірістің айтарлықтай өсімі өнімнің мынандай түрлері бойынша байқалады:
- бас киімдер - 3,6 есе (2-сурет);
- ІҚМ терісінен немесе жылқы терісінен былғары - 3,5 есе (3-сурет);
- дайын тоқыма бұйымдар - 1,5 есе (4-сурет).
2015 жылғы қаңтар-сәуір айларында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, сала өнімінің өндіріс көлемі номиналды түрде 0,8% өсті және 21,3 млрд. теңгені құрады, оның ішінде:
- жалпы көлемнен 11,9 млрд. теңге немесе 56% тоқыма бұйымдар өндірісіне;
- 7,9 млрд. теңге немесе 37% - киім өндірісіне;
- 1,4 млрд. теңге, жалпы көлемнің бар-жоғы 6,6%-ын ғана құрайтын - былғары және оған қатысты өнім өндірісіне тиесілі (5 сурет).
2010-2014 жылдар аралығында Қазақстан жеңіл өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестициялар тұрақсыз үрдіс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz