Шетелдік инвестициялар
СӨЖ
Тақырыбы: Отандық тәжірибедегі инвестициялаудың артықшылықтары және кемшіліктері
Алматы 2021
Мазмұны:
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1. Отандық инвестициялар
2.2. Шетелдік инвестициялар
Қорытынды
Кіріспе
Инвестиция термині латынның invest сөзінен аударғанда салым салу мағынасын білдіреді.
Инвестиция - пайда табу мақсатында кәсіпкерлік объектілерге салынатын заңды және жеке тұлғалардың ақша қаражаттарын, жылжитын және жылжымайтын мүліктерді, интеллектуалдық құндылықтарды, ақшалай салымдарды, бағалы қағаздарды білдіреді.
Инвестициялар туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, инвестиция - лизинг шартын жасаған кезден бастап қаржы лизингі заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) немесе кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді ұлғайту болып табылады.
Инвестицияға анықтама бергенде, инвестицияның тек қана мазмұндылық сипаттамасына ғана емес, сонымен қатар олардың мақсатты бағытталуына да аса назар аудару қажет. Осы көзқарастан қарайтын болсақ, инвестиция жалпы ұлттық өнiмдi өндiруге жұмсалынатын табыстардың маңызды бөлiгiн құрайды, яғни капитал құрумен, физикалық капиталды кеңейтумен байланысты өндiрiстi кеңейтуге және жаңартуға кеткен шығындар болып саналады. lс-тәжiрибеде әр түрлi зерттеушiлер инвестиция түсiнiгiне әр түрлi мағына бередi. Жалпы тұрмыстық сана-сезiм деңгейiнде инвестицияны жер сатып алуға, қозғалмайтын мүлiк, акциялар сатып алуға, құрылысқа, техникаға, пайдалы қазбалары бар кен орындарына және т.б. қаржылық салымдарды салу деп түсiндiредi.
Инвестицияларды нақты (капитал құрушы) - жаңа кәсiпорын құруға, iс-әрекеттегi кәсiпорынды қайта құруға немесе техникалық жарақтандыруға бағытталған салымдар және қаржылық (портфельдi) - мемлекеттiң, әртүрлi кәсiпорындардың, инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары мен акцияларын сатып алуға жұмсалған салымдар деп бөлуге болады. Бiрiншi жағдайда қаржы салымдарын жасайтын кәсiпорын-инвестор, өзiнiң өндiрiстiк капиталын - негiзгi өндiрiстiк қорларды және олардың жұмыс iстеуiне қажеттi айнымалы бағалы қағаздардан табыс-дивидендтер алу арқылы ұлғайтады. Мұнда өндiрiстi құруға ақша қаражаттары салымдарын, инвестициялық жобаларды iске асыруға қаржы құралдарын тарту үшiн акцияларды шығарған басқа кәсiпорындар мен ұйымдар жасайды.
Инвестиция экономикалық өсудің қажетті және міндетті алғышарты болып табылады. Инвестицияларды экономикаға тарту iшкi жинақтардың және қаражаттардың жетiспушiлiгiнен құтылуға, өндiрiстiң өсуiне, экспорттың жоғарылауына, импорттың төмендеуiне, тауарлық тапшылықтың қысқаруына және өндiрiстi ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн жоғарылатуға көмектеседi. Жалпы қазiргi кезде адамдар экономикаға салынған инвестициялардың нақты тиiмiдiлiгiн көруi тиiс, ол жұмыс орындарының көбеюiнен, жаңа өндiрiстердiң пайда болуынан, еңбек өнiмдiлiгi артуы үшiн жағдайдың жақсаруынан танылады.
Инвестициялардың барлық түрлерiнiң кәсiпорынның тiршiлiкке қабiлеттiлiгiн сақтауда және оның дамуында маңызы зор. Нақты активтерге инвестициялауды дайындау және талдау, инвестициялардың түрлерiне, яғни олар арқылы кәсiпорын алдында, тұрған қандай мәселелердi шешу қажет екендiгiне байланысты. Осы позициядан инвестициялардың барлық мүмкiн түрлерiн келесi негiзгi топтарға топтастыруға болады:
1) Тиiмдiлiктi арттыруға бағытталған инвестициялар. Олардың мақсаты ең алдымен құрал-жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту немесе өндiрiстiк қуатты, өндiрiс жағдайлары тиiмдi аймақтарға ауыстыру арқылы фирманың шығындарын төмендету болып табылады;
2) Өндiрiстi кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Мұндай инвестициялардың мақсаты - iс-әрекеттегi өндiрiстер шеңберiнде ертеректе құрылған нарықтар үшiн тауар өндiру мүмкiндiктерiн кеңейту;
3) Жаңа өндiрiстердi құруға бағытталған инвестициялар. Мұндай инвестициялар кәсiпорында бұрындары өндiрiлмеген тауарларды шығаратын немесе жаңа қызмет түрiн көрсететiн мүлде жаңа кәсiпорындарды құруды қамтамасыз етедi немесе кәсiпорында өндiрiсте жүрген тауарлармен жаңа нарықтарға шығуға әрекет жасауға мүмкiндiк бередi.
4) Мемлекеттiк басқару органдарының талаптарын қанағаттандыру мақсатына бағытталған инвестициялар. Инвестициялардың бұл түрлерi экологиялық стандарттар, өнiмнiң қауiпсiздiгi және iс-әрекет шарттары жөнiнен үкiметтiң талаптарын орындау қажеттiгi кәсiпорын алдында тұрған жағдайда қолданылады.
Инвестициялар экономикалық категория ретінде келесі негізгі функцияларды атқарады:
:: өндірістік және өндірістік емес аймақтағы негізгі қорлардың жай және кеңейтілген ұдайы өндіріс үдерісі;
:: айналым капиталын қамтамасыз ету және толтыру үдерісі;
:: капиталды бір саладан басқасына, аса тартымды, нақты және портфельдік инвестициялардың негізінде қайта құю үдерісі;
:: басқа кәсіпорындардың акцияларын сатып алу және активтеріне қаражаттарды салу жолымен меншік иелері арасында капиталды қайта бөлу үдерісі.
Жаһандану мен халықаралық интеграция жағдайында кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының табысы көп жағдайда ұлттық және шетелдік инвестицияларды пайдалану мен жұмыс істеу тиімділігіне байланысты. Қазақстан үшін инвестиция - бұл өсу көздерінің бірі ғана емес, сонымен қатар әлемдік экономикаға енудің өзіндік алғы шарты.
Негізгі бөлім
2.1. Отандық инвестициялар
Қазақстан нарықты экономика жүйесiне енгелi қоғам өмiрi көптеген өзгерiстердi бастан өткердi. Бүгiнгi таңда шаруашылықты жүргiзу барысында экономикалық саясаттың басты мақсаты өнеркәсiптiк өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады. Нарық жағдайында кәсiпорындардың тиiмдi қызмет етуi, экономикалық өсуi және дамуы адам ресурстары, материалдық ресурстары және басқа да ресурстардың ең тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк беретiн стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына тәуелдi. Нарықты қатынастар жағдайы кәсiпорын мен мемлекет арасындағы қарым- қатынастардың жаңа формалары мен әдiстерiн талап етедi. Үзiлiссiз дамуды, икемдiлiктi және қазiргi заманғы кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн бiрдей мағынаға ие бәсекелестiк пен ынтымақтастық сияқты нарықты экономиканың маңызды құраушыларының арақатынасын белгiлеу күрделi мiндеттерiнiң бiрi болып табылады.
Шаруашылық жүргiзудiң нарықтық жүйесiнде бәсекеге қабiлеттiлiк шешушi экономикалық категориялардың бiрi болып есептеледi. Бәсекелестiк қатынастарды дамытпай ұлттық экономикамыз серпiндi даму жүйесiне айналуы екiталай. Соңғы жылдары көптеген кәсiпорындар сапалы және оңтайлы бағада өнiм өндiру қажеттiлiгiн сезiндi. Бұл дегенiмiз жалпы өндiрiс шығындарын азайта өнiм сапасын, өнiмнiң бәсеке қабiлеттiлiгiн жоғарлату. Нарықты экономика талабы бойынша өндiрiс тиiмдiлiгiн барынша арттыру кәсiпорындардың өмiрлiк ұстанатын қағидаларының бiрi. Осы жағдай кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру, жалпы тиiмдiлiктi жоғарлату әдiстерiнi басты бағыттарын анықтау өте маңызды.
Тұрақты экономикалық өсу "Қазақстан - 2050" даму стратегиясының негізгі басымдығы болып табылады. Соңғы жылдар ішінде Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің жоғары қарқыны жұмыссыздықтың төмендеуімен және халықтың нақты кірістерінің өсуімен қатар жүрді. Жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіші бойынша ҚР ТМД елдері арасында ең табысты елдердің бірі болып табылады.
Алайда, экономикалық өсудің осындай қарқынына қарамастан, ел алдында елеулі проблема - мұнай секторына тәуелділік тұр. Қазақстанның экономикалық жағдайына қатысты жалпы ішкі өнім өсімінің негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады деп айтуға болады. Адам Смиттен бастап көптеген экономистер табиғи ресурстарды өндіріс пен экономикалық дамудың маңызды факторы деп санайды. Сонымен қатар, ресурстарды пайдаланудың оңтайлы стратегиясын таңдауға байланысты көптеген проблемалар туындайды. Кейбір проблемалар ресурстардың сарқылуы мен толықтырылмауымен тікелей байланысты. Табиғи ресурстарды игеруді cтратегиялық жоспарлау кезінде оңтайлы критерийді таңдау түбегейлі проблема болып табылады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар - инвестордың жаңа құрылысқа, кеңейтуге, сондай-ақ объектінің бастапқы құнының көбеюіне әкелетін объектілерді қайта құру мен жаңартуға, машина, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын сатып алуға, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық әсерді алу мақсатында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz