Қоршаған ортаны қорғау туралы заң



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Реферат

Тақырыбы:Экологиялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптар.
Курс: В17-Арх3
Орындаған: Еркебаева Раушан
Қабылдаған: Меирманов Айдар

2021 жыл
Мазмұны
Кіріспе
Экологиялық қауіпсіздік
Қоршаған ортаны қорғау
Қоршаған ортаны қорғау туралы заң
Қорытынды

Кіріспе
Экологиялық сенімділік -- экожүйенің бар болуының сукцессиялық немесе эволюциялық кезеңінің (тәуліктік, маусымдық, жыл аралық және ғасырлық табиғи өзгерістер шегінде) бойында біршама толық қалпына келу және өздігінен реттелу кабілеті. Экологиялық сенімділіктің сақталуының қарапайым механизмі -- белгілі бір себеппен ығыстырылған түрдің немесе қауымдастықтың экологиялық тұрғыдан қарағаңда оларға жақын басқа түрмен не қауымдастықпен алмасуы. Егер ондай түр болмаса оны алшақтаулы түрлер ауыстырады. Мысалы, көп жерлерде қасқырлардың орнын бұралқы иттер, табиғи далаларда тұяқтылардың орнын кеміргіштер, кейде, тіпті өсімдікпен қоректенетін жәндіктер басады. Мұндайда жекелеген түрлер ғана емес, өзара байланысты түрлер топтары да жоғалып кетуі де мүмкін. Күрделі өзгерістерге ұшырағанда әр түрлі деңгейдегі қауымдастықтардың алмасуы биогеоценоздың, тіпті ландшафтардың ауысуына (орман жапан далаға, тундраға және т.б. ауысады) апарып соқтырады. Мұндай жағдайларда олардың өнімділігі мен өндіргіштігі күрт төмендейді. Ең қауіптісі -- құнарлы жерлердің шөлге немесе шөлейтке айналуы.
Қоршаған ортаны қорғау - қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды сақтау және көркейту негізінде табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған мемлеккеттік және қоғамдық іс шаралар жүйесі. Қазақстан Республикасында "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заң 1997 жылы 5 тамызда қабылданған. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және басқадай қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсеріне жол бермеуге, биологиялық әр алуандылықты сақтауға және табиғатты оңтайлы пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған. Қазақстан Республикасының экология қауіпсіздігі туралы мемлекеттік тұжырымдамада (1997) қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделерін ескере отырып, Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды экологияландыруға көшу стратегиясы белгіленген. Қазақстан Республикасының осы стратегияны басшылыққа алып Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды Қазақстан Республикасының Конституциясына негіздеді және ол "Қоршаған ортаны қорғау туралы", "Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы", басқа да заңдар мен нормативтік құқықтар актілерінен тұрады. Кейде Қоршаған ортаны қорғау табиғатты қорғау ұғымымен баламалы түрде қолданылады. Бірақ Қоршаған ортаны қорғауға қарағанда табиғатты қорғау ұғымының шеңбері кеңірек; Табиғатты қорғау.

Экологиялық қауіпсіздік
Заңға сәйкес экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ұлттық қауіпсіздіктің негізгі алты бағытының бірі болып табылады. Бұл саладағы негізгі құжат Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы болып табылады. Соңғы жылдар бойы оны іске асыру елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді.
Теңқұқықтық принципіне негізделген атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭЖХА) қамқорлығымен ядролық отын банкін құру әрбір елге өз аумағында уранды байытудан бас тарту шартымен атом станциялары үшін отын алуға мүмкіндік береді. Мұндай кемсітушіліксіз тәсіл ядролық қаруды таратпау режимінің талаптарына толығымен жауап береді.
Қазақстанның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сендіруі бойынша Қазақстанда ядролық отынның халықаралық банкін құру басқа елдерге өз энергетикалық бағдарламаларын ашық іске асыруға мүмкіндік береді.
Тұрлаулы әлеуметтік-экономикалық жағдай, салыстырылып дұрысталған деп танылған сыртқы саяси бағдар, Қазақстанда уран өндіру мен қайта өңдеу бойынша дамыған атом өнеркәсібінің болуы, жаппай қырып-жою қаруын таратпау саласында Қазақстанның көшбасшы болуы және басқа да факторлар осы жобаны іске асыру үшін қолайлы және қажетті шарттар болып табылады.
Маңғыстау аймағының күрделі экологиялық мәселесі бұрынғы Каспий маңындағы тау-металлургиялық комбинатының қалдықтарын жинақтаушы Қошқар Ата қалдықтар қоймасы болып табылады. Ол Ақтау қаласының маңында, табиғи ағынсыз ойпатта орналасқан. 1969 жылдан бастап онда 11 мың Кюри сомалық белсенділігі бар 51 млн тонна радиоактивті қалдықтар қоймаланған. Фосфориттерді қайта өңдеу қалдықтарын шығарып тастау 1998 жылы тоқтатылған. Қазіргі кезде қаланың жекелеген ықшамаудандарының ағынды сулары шығарылуда.
Халықты ауызсумен қамтамасыз ету мәселесінің маңыздылығы 2000 жылы қабылданған мыңжылдық даму мақсаттарына жету бойынша БҰҰ Мағлұмдамасында белгіленген. Қазақстан, әсіресе елдің батыс, орталық және оңтүстік аймақтарында шектеулі су ресурстары бар және олардың айтарлықтай тапшылығын сезінетін мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстан аумағының басым бөлігі шөлді және жартылай шөлді құрғақ аймақтарға жатады, онда экономиканың салалары мен халықты сумен қамтамасыз ету күрделі мәселеге айналып отыр. Қазақстанда Ауызсу және Ақбұлақ бағдарламалары іске асуда. Ақбүлақ бағдарламасы бойынша 2011-2020 жылдарға пайдаланушы кәсіпорындардың тиімді және ұтымды қызметі, су шаруашылығы саласының дамуы, мемлекеттік-жеке серіктестік және де жерасты сулары көздерін пайдалану бойынша кешенді шаралар қарастырылған.
Арал және Семей аймақтары экологиялық апат аймақтары болып саналады, онда табиғи экологиялық жүйелердің құруы, қолайсыз экологиялық жағдайдың салдарынан өсімдіктер мен жануарлар әлемінің азып-тозуы болған, халықтың денсаулығына айтарлықтай зиян келтірілген.
Өзінің көлемі бойынша Арал әлем көлдерінің қатарында: Каспийден, Солтүстік Американың Жоғарғы көлдері мен Чад көлінен кейін төртінші орында түрған. Арал көлемі (аралдарымен бірге) 64 490 шақ2 құраған; ең ұзын жері -- 428 шақ, ең кең жері -- 284 шақ. Судың тұздылығы 10-11% болған. 1961 жылдан бастап режимге белсенді антропогендік әсер кезеңі деп аталған теңіз өмірінің қазіргі замандағы кезеңі басталған. Кейбір жылдары 70-75 шақ3жылға жеткен ағынның қайтымсыз алынуының күрт өсуі және 1960-1980 жылдары орын алған судың табиғи түрде аздығы су және түз теңгерімінің бүзылуына алып келді. 1987 жылы Кіші теңіздің бөлінуінен кейін оның және Үлкен теңіздің режимдері әртүрлі сценарийлер бойынша дами бастады. 1992 жылы салынған Үлкен және Кіші Арал арасындағы бөгет Үлкен Аралға Сырдарияның құйылуын толығымен тоқтатты. Бірақ 1999 жылдың сәуірінде су тасқыны кезінде бөгетті су ағызып кеткен. 2007 жылы теңіз акваториясы 1960 жылғы су бетінің тек 10%-ін құраған. Арал теңізі 3 су қоймасына айналған. Үлкен Арал екі аса тұзды су қоймасына бөлінді. 2007-2008 жылдары Шығыс бассейніндегі су минерализациясы 200 гл асқан, 2007 жылы Батыста 94,5 гл деңгейінде болған, қазіргі кезде 110 гл асады. 2009 жылдың тамызына қарай Шығыс су қоймасы толығымен кеуіп қалған.
Құмды топырақтардың эрозиясына (ұшырылуына), ирригациялы жерлердің екінші қайтара тұздануына, аймақтың тоғай және сексеуіл ормандарының қысқаруына, жайылымдардың нашар сулануына, жеке-фермерлік шаруашылықтардың дұрыс ұйымдастырылмауына байланысты шөлдену үдерістерін тұрақтандыру мәселелері өзекті болып қалып отыр. Қазіргі кезеңде Қазақстанда Арал теңізінің кеуіп қалған түбінің ауқымы 50 000 астам шаршы шақырым құрайды және көпшілігінде сор мен қүмдық шөл нашар құрылған экожүйесі бар жаңа сортаң шөлді ұсынады. Кебу үдерісі республиканың оңтүстік-батысында, Өзбекстанда жалғасуда. Арал теңізінің кеуіп қалған түбінен шыққан тұз бен тозаң жергілікті халықтың денсаулығы үшін қауіп-қатер тудырады, онда тыныс жолдары аурулары, көмей мен өңештің қатерлі ісігі, ас қорытудың бұзылуы, тұзға қанық ауамен тыныс алу және судың әсерінен болған жоғары қан қысымы, сонымен қатар бауыр, бүйрек, көз ауруларымен ауырудың жоғары үлесі байқалады.
Жаһандық жылыну, мұздықтардың еруі, сел белсенділігі, ылғалдану аймақтары шекарасының жылжуы мәселелері -- бұл Қазақстанда ауа райының біртіндеп өзгеріп келе жатқандығының нақты белгілері. Шығарылатын булы газдардың көлемі бойынша ТМД елдері арасында Қазақстан Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды алады. Бізде адам басына шаққандағы шығындылардың деңгейі бір адамға 13,6 тонна, ал дамыған мемлекеттер ме ЕО елдерінде бұл көрсеткіш бір адамға 10 тонна құрайды, ал дамушы елдерде адам басына 2 тоннадан артық емес. Киот хаттамасына сәйкес Қазақстан 1992 жылға қатысты 2020 жылға шығындыларды 15 процент және 2050 жылға 25 процент қысқарту бойынша міндеттемелер қабылдады.
Киот механизмдерін іске асыру елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға оң әсерін тигізе алады, соның ішінде бұл бюджетке түсімдердің ұлғаюы, техникалық жаңарту мен кәсіпорындар капитализациясының өсуі есебінен, сонымен қатар өндірістік және коммуналдық салада ресурс пен энергия үнемдеуді енгізу есебінен іске асады. Оның түрақты дамуға өту тұжырымдамасында-Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүйелі кешенді іс-шараларды іске асыруға мүмкіндік беретін негізгі бағыттар 2010-2020 жылдарға негізделген Қазақстанның экологиясы атты Мемлекеттік бағдарламасында бар. Бағдарлама аясында Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы және Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға өту тұжырымдамасы сияқты қоршаған ортаны қорғау саласындағы негіз қалаушы құжаттарды іске асыру жалғасады. 2008 жылы оларды республикалық және жергілікті деңгейлерге бөлу арқылы Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелер реестрі бекітілген.
Экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты табиғи жүйелердің, қоғамның өмірлік маңызды мүдделерін және қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсерлердің нәтижесінде туатын қатерлерден тұлғаның құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін келесі мэселелерді шешу қажет:
-- жердің озон қабатын бұзуға және ауа райының өзгерісіне алып келетін антропогендік әсерді төмендету;
-- биотүрлілікті сақтау және жерлердің азып-тозуы мен шөлденуінің алдын алу;
-- экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ жүргізу кешендерін қалпына келтіру;
-- Каспий теңізі қайраңы ластануының алдын алу;
-- су ресурстарының жұтаңдануы мен ластануын болдырмау;
-- тарихи ластанулардың, ауа бассейні ластануының, радиоактивтік, бактериологиялық және химиялық, сонымен қатар транс-шекаралық ластанулардың алдын алу және жою;
-- өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жиналып қалу көлемін қысқарту;
-- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу.

Қоршаған ортаны қорғау
Табиғат қорғаудың міндеттері мен ұстанымдарын жүзеге асыру алдын ала ескерту және нақты шешім қабылдау арқылы анықталады.
Алдын ала ескерту шаралары белгілі бір аймақтағы табиғат обьектілерін анықтап, оны қорғау мен қалпына келтіруді жоспарлап отырады.
Нақты шешім қабылдау шаралары - табиғаттағы адамның іс-әрекетінен бүлінген немесе ластанған, жарамсызданған обьектіні қалпына келтіру немесе жою жұмыстары.
Мысалы: ауаның ластануы, топырақ эрозиясы, орманның қырқылуы т.б.
Табиғатты қорғаудың тағы бір мақсаты-экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Ол қазіргі және болашақ ұрпақтың салауатты өмір сүруі үшін адамның теріс іс-әрекеттерін шектеу және табиғаттағы төтнеше апаттарды болдырмау. Оны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Конституциясы және табиғат қорғау заңдары.
Табиғатты қорғауды жүзеге асырудың негізгі бағыттары.
Табиғат қорғаудың негізгі бағыттарын білу әрбір азаматтың міндеті болып саналады. Олардың негізгілерін қарастарсақ:
Жекеленген өндіріс орындары мен өнеркәсіптерді, агроэкологиялық кешендерді игеруде қазіргі заманғы ғылым мен техника жаңалықтарын пайдалану. Өндіріске аз қалдықты немесе қалдықсыз технологияны енгізу;
Экологиялық заңдардың орындалуын үнемі қадағалау;
Ірі құрылыстарды, өнеркәсіп кешендерін т.б. обьектерді салуда экологиялық сараптама жасау;
Табиғатты қорғау мәселелерін шешу жолдары, оның барысы туралы үнемі үгіт насихат және ақпарат жүйесін ұйымдастыру.
Жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыру әрбір азаматтың міндеті мен борышы болып саналады. Сонда ғана біз туған жеріміздің табиғатын өз қалпында сақтап қалуға немесе қайта түлетуге үлес қоса аламыз.
Мемлекеттiң экологиялық саясаты өндiрiстi экологияландыруға бағытталған.
Қоршаған ортаны қорғау шешiлу нәтижесi экономиканың барлық салаларына, сондай-ақ мемлекеттiң саяси және әлеуметтiк жағдайына ықпал ететiн, стратегиялық мiндет болып табылады. Әлеуметтiк-экономикалық қайта өзгерістердiң күллi жетiстiгi қоршаған ортаны қорғау және табиғатты орынды пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатқа тiкелей байланысты.
Республикада қоршаған ортаның жағдайы қанағаттанғысыз болып отыр әрi ауаның, топырақтың және судың ластануы халық денсаулығына керi әсер тигiзуде. Бұл факторларды өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтардың және ластанған ағын сулардың шоғырлана жиналуы едәуiр күшейте түсуде.
Біздің елімізде қоршаған ортаны корғау бүкіл мемлекеттік міндет болып табылады. Табиғатты корғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі зандардың талаптарына сәйкес салаларды дамытудың жоспарларын, жаңа объектілерді жобалауды, салуды жоспарлағанда табиғат корғау шараларын жүзеге асыру барлық министрліктерге, кәсіпорындар мен ұйымдарға міндеттелген.
Табиғат экологиялык процестерде байланыстырушы буын болып табылады, сондықтан аса сақтык жасап, қандайда болсын шаруашылық шешімдерінің зардаптарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық мониторинг және экологиялық сараптама туралы түсінік
Азаматтар мен қоғамдык бірлестіктердің коршаған ортаны қорғауға қатысуын реттейтін заңдардың кағидалары
Қазақстан Республикасында жерді құқықтық қорғау және тиімді пайдалану аясындағы құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
Жерді қорғаудың мақсаттары
Қоршаған ортаны радиациялық ластанудан қорғау
Экологиялық құқықтық қатынастардың түсінігі,объектілері, субъектілері және мазмұны.
Экологиялық мәселелерді шешудегі шетелдік тәжірибе
Жалпы экологиялық объектіге - табиғи немесе қоршаған ортаны қорғау туралы қатынастар
Қоғамдық бірлестіктердің жалпы сипаттамасы
Экологиялық құқықтың қоғамдағы ролі
Пәндер