Педагогикалық менеджменттің құрылымдары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ПАВЛОДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ
Пәні: Менеджмент
Тақырыбы: Педагогикалық менеджменттің негіздері

Орындаған: Ержан А.Е
МПМНО студенті
Тексерген: Алпысбай Н.А., философия
ғылымдарының докторы

Павлодар 2021ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.Педагогикалық менеджменттің мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . 4
2. Педагогикалық менеджмент жүйе ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
3.Педагогикалық менеджменттің құрылымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

Кіріспе

Қазіргі қоғамда педагогикалық менеджменттің енуі білім беру саласындағы реформалар мен өзгерістердің тууымен, білім берудің вариативті қызмет көрсету, инновациялық үрдістердің енуімен байланысты. Қазіргі уақытта педагогикалық менеджмент əлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылады, ол басшының тəрбиелеу, оқыту, дамыту, қалыптастыруды ұйымдастыру құзыреттілігін меңгеруі. Педагогикалық менеджмент педагогика ғылымының бір саласы, оның зерттейтін пəні-білім беру мекемелеріндегі басқару. Мектеп басқару бойынша Ю. А. Конаржевский, В. П. Симонов, М. М. Поташник, К. М. Ушаков, П. И. Третьяков, А. А. Орлов т.б. зерттеген. В. П. Симонов педагогикалық менеджментке оқу-тəрбие процесін басқару принциптері, əдістері, ұйымдастыру жəне технологиялық амалдар кешені ретінде түсінік береді.

1. Педагогикалық менеджменттің мақсаты мен міндеттері.

Педагогикалық менеджмент білім беру жүйесінің тиімділігін көтеруге бағытталған басқару ұстанымдары, əдістері, ұйымдастыру формалары мен технологиялық тəсілдерінің кешенінен тұрады. Педагогикалық менеджмент мақсаты-басқару ұстанымдары, əдістері мен функцияларына негізделген тиімді (рационалды) басқаруды қамтамасыз ету, ортақ мақсатқа ұжымды жұмылдыру, адами ресурстарды дамыту, еңбек өнімділігін арттыру, педагог қызметкерлердің ынталандыру белсенділігін туғызу, олардың ішкі, сыртқы мүмкіндіктерін еңбек əрекетінде өнімді қолдану,басқарудағы қарама-қайшылықтарды жеңу жолдарын табу, іздеу. Педагогикалық менеджменттің негізгі міндеттері: адамдарды ортақ мақсатқа жұмылдыру; педагогикалық ұжымдағы əрбір қызметкердің қажеттіліктерін дамыту жəне оны мүмкіндігінше қанағаттандыру; адамдардың дамуын жетілдіру; педагог қызметкерлердің коммуникациялық дағдыларын, жеке жауапкершіліктерін дамыту; үрдісті жоспарлау, ресурстармен қамтамасыз ету; педагог қызметкерлердің жоғары ынталандыруын туғызу; үрдісті бақылау жəне түзету; оқыту үрдісін жетілдіру, оның тиімділігін арттыру; нəтижеге қол жеткізу, тиімді басқару. Бұл міндеттер əр циклде қайталанып отырады. Келесі циклдарда өткен циклда орын алған келеңсіздіктер шешіліп, келесіде ескерілетін болады. Педагогикалық менеджмент міндеттерін жүзеге асыруда келесі шаралар жүзеге асырылады: ұйымдастырушылық, əдістемелік, дидактикалық, тəрбиелік, жоспарлық, қаржылық кадрлық, қамтамасыз ету, ақпараттық, имидждік, бақылау- мониторингтік т.б. Осы іс шаралар кешені білім беру үрдісінің мазмұнын құрайды, оның нəтижелі орындалып, жүзеге асуы дұрыс ұйымдастырылатын басшылыққа, педагогикалық менеджментке байланысты.Басқарудың негізгі обьектісі: педагогтардың іс əрекетін бағдарлау; іс əрекетін белсендіру арқылы ынталандыру ортасын құру. Педагогикалық менеджменттің құрылымдық деңгейлеріне педагогикалық ұжымның қызметін басқару; педагогтың қызметін басқару; оқушылардың қызметін басқару жатады. Педагогикалық менеджменттің негізгі құрылымдары: білім беру компоненті, оқу-тəрбие үрдісін ұйымдастыру, оның оқыту үрдісін басқарудың əдістері, тəсілдері, формалары, құралдары, ұстанымдарымен байланысын ұсынады; мотивациялық компонент, біріккен еңбек үрдісіне жекелеме қатысушыларға мақсат қоюды ұсынады; когнитивті компонент, корпоротивті ойлауды дамыту əдісі ретінде педагогикалық білімді танытып, түсіндіруді ұсынады; əрекеттік компонент, ғылыми педагогикалық тəсілдерді білім беру концепциялары мен адамдық фактор аясында қолдануды ұсынады; шығармашылық компонент, педагогикалық əрекет мақсат қойып, оған жету тəсілдерін таңдап, қолдануда шығармашылық сипатқа негізделетінін ұсынады; ақпараттық (конативті) компонент, ақпаратты педагогикалық əрекеттің пəні ретіндегі сипатта анықтауды ұсынады; интегративті компонент, оның көмегімен оқыту үрдісін басқару функциясы мақсат қою, оған қол жеткізу білім беру үрдісі субьектілерімен бірге жасалады.
Сонымен, педагогикалық менеджмент еңбекті жаңаша ұйымдастыра отырып, білім беру үрдісінің тиімділігін жетілдіруге бағытталған басқару ісі болып табылады.

2. Педагогикалық менеджмент жүйе ретінде.
Педагогикалық жүйелерді басқарудың екі негізгі бағыты бар: жүйелік жəне жағдаяттық. Педагогикалық менеджментке жүйелік сипат тəн. Жүйені өзара белгілі байланыстар пайда болатын элементтер жиынтығы десек, педагогикалық жүйе бір бірімен өзара тығыз байланысқан иерархиялық құрылымдардан тұрады. Психологиялықпедагогикалық сөздікте: Педагогикалық менеджмент іс əрекеттік жүйе ретінде оған мынадай құрылымдық-функционалдық жəне жүйе құрушылық факторлар енеді: іс-əрекеттің мақсаты (жоспарланған, күтілетін нəтиже), ісəрекеттің субьектілері, (директор, оның орынбасарлары, оқытушылар, оқушылар жəне т.б.), іс-əрекеттің обьектісі- жетекшінің жарлығын орындаушы (оқушы, оқытушы, директордың орынбасары т.б.), іс-əрекеттің мазмұны (оқу, басқару т.б.), іс-əрекет тəсілдері (оқытушылар мен оқушылардың, жетекшінің оқытушылар мен оқушылардың өзара ісəрекетінің стильдері мен əдістері)- деп анықтама береді.[9] Жүйелік басқаруда басқарудың мақсаты, міндеттері, технологиялары, адамдар, басқару құрылымы өзара байланыста, бірлікте қарастырылуы ескеріледі. Жағдаяттық басқаруда туындаған жағдаятқа байланысты оны шешуде ең тиімді деп қабылданатын əдіс, тəсіл ескеріледі. Педагогикалық жүйелердің қызмет етуіне қажетті бірден бір фактор - белгілі бір кезеңде қалыптасқан қоғам талабына сай əлеуметтік сұраныс. Н.В.Кузьмина педагогикалық жүйелердің мақсатқа бағыттылығын төмендегі белгілеріне қарап ажыратуды ұсынады, олар:қоғамның белгілі бір қажеттіктерін қанағаттандыруы тиістігі; қоғам əрекеттерінің белгілі бір мақсатты көздейтіні жəне соған сəйкес қадағаланып отыратыны; белгіленген мақсаттың жүйенің барлық компоненттеріне қатыстылығы; мақсаттың басты иелері ретінде жүйе басшылары, педагогтар мен білім алушылар қажеттігі. Педагогикалық жүйелер қоғамда адамдардың белгілі бір категориясын (балалар, жастар, ересектер) тəрбиелеу, оқыту, немесе, даярлауға қажеттілік айқын байқалған жағдайда құрылады. Педагогикалық жүйелер бір-бірінен мақсаты бойынша (балабақша, мектеп, кəсіби білім, оқыту процесі, т.б.) ажыратылады жəне олардың бəрін ортақ мақсат біріктіреді: білімді, тəжірибені беру, тұлғаның белгілі бір жеке қасиеттерін, қарымқатынасын тəрбиелеу. Сонымен, педагогикалық мақсат - кез-келген педагогикалық жүйенің құрылуының маңызды компоненті.Педагогикалық жүйе қоғамда адамдар меңгеруге тиісті белгілі бір ақпараттар жүйесі жинақталған жағдайда пайда болады. Осыған сай, білім алушыларға қажетті оқу жəне ғылыми ақпарат - педагогикалық жүйенің тағы бір маңызды компоненті. Педагогикалық жүйе мақсатқа жету тəсілдері, педагогикалық ықпал ету құралдары, түрлері жəне əдістері (педагогикалық коммуникация құралдары) айқындалып, педагогикалық жүйе алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік болған жағдайда пайда болады. Сондықтан, педагогикалық коммуникацияның болуы - педагогикалық жүйенің міндетті компоненті. Кез-келген педагогикалық жүйе белгілі-бір даярлау, білім беруді қажет ететін адамдар контингенті болған жағдайда пайда болады. Білім алушылар (оқушылар, студенттер) - педагогикалық жүйенің міндетті компоненті. Педагогикалық жүйе сол жүйенің мақсатына сəйкес, белгілі-бір ақпараттық коммуникациялық құралдарды меңгерген, педагогикалық, психологиялық білімді педагогтар болған жағдайда құрылады. Педагогикалық жүйенің нəтижелі қызметі ондағы педагогтар сапасымен анықталады. Педагогикалық жүйелердің нəтижелілігін қамтамасыз ету оны басқаруды жүйелік пен тұтастық тұрғылардан ұйымдастыруды қажет етеді. Ол туралы Ю.А.Конаржевкий педагогикалық жүйені басқаруда оның жүйелік мəнін терең ұғынбай, жүйе туралы білімдерден хабарсыз бола отырып, күрделі жүйе құрылымымен жұмыс істеу, оны дамыту, басқару, жобалау мүмкін емес деген болатын. Əр жүйеде сол жүйені құратын, басқа құрылымдарды біріктіріп тұратын алдыңғы құрылым болады. Педагогикалық жүйеде ондай құрылымды коммуникациялық құрылым орындайды. Педагогикалық жүйе келесі компоненттерден тұрады: мақсаттың болуы - мазмұнының толықтығы - ұйымдастыру (əдістер, формалар)- ынталандыру (мотивация)- күтілетін нəтиже.
Педагогикалық жүйенің осы құрылымдары басқарудың жеке обьектісі болып саналады.Педагогикалық менеджменттің басты мəні осы құрылымдарды өзара байланыста қарастыра отырып, оларды жоғары тиімді нəтижеге ортақ қол жеткізуге бағыттау. Əр жүйенің өзінің менеджменті бар: жүйе неғұрлым үлкен болса, басқару деңгейі де соғұрлым жоғары болады. Менеджер қызметінде жетістікке жету мүмкіндіктерін тежейтін факторлар : көп жағдайда өзін басқара алмауы, уақытын тиімді пайдалана алмайды, күш қуатын мардымсыз нəрселерге жұмсайды, бойындағы стресс жағдайларды жеңе алмайды, қарамағындағылармен жиі кикілжіңге келеді, кейде тіпті қызбалыққа салынады;жеке құндылықтарын жайып жіберу, өзінің жеке касиеттері мен істің мақсатын дұрыс түсінбеу, жеке мақсаттарын жете түсінбеу, жеке басының ісіне, мақсатына деген түсінігінің жоқтығы; өзін- өзі дамытуды тоқтату, түрлі өзгерістерге құлқының жоқтығы, бейімделуге əрекеттенбеуі, мəселеге тірелу сəттерінде дұрыс шешім қабылдай алмауы, күрделі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдауға стратегиялық мүмкіндігінің төмендігі, педагогикалық басшылык жасауда қабілетінің жетіспеуі;творчестволык мүмкіндігінің жетімсіздігі, жаңа идеяларды іске асырудағы қабілетінің жетпеуі, өздігінен жүзеге асыра алмауы;адамдармен тіл табысуы қиын, қоршаған адамдарға əсер ете алмайды, олардың шешімдеріне мəн бергісі келмейді;баскару жұмысының ерекшеліктерін жеткілікті дəрежеде ұғынбауы, авторитарлық, өктемшіл əдіспен басқару шырмауынан шыға алмайтын, қарамағындағыларды жаңа жағдайда жұмыс істеуге жұмылдыруға қабілетсіздігі;басшылық дағдысының жеткіліксіздігі, қарамағындағылардың кызметі мен іс-əрекетін баскаруда тəжрибе мен икемділіктің жетіспеуі;үйретуге қабілетсіздігі, тиісті талап тұрғысында үйретуге, көмек беруге жоқтығы; ұжымды қалыптастыру қабілетінің төмендігі, педагогикалық ұжымды тиімді басқару мен дамытуға дəрменсіздігі; педагогикалык жəне əкімшілік басқару кабілетінің жоқтығы, басқару,оқыту мен тəрбиелеу ісінен мүлдем бейхабар, кездейсоқ тағайындалған қызметкер.
Басшының мақсаты басқалардың өзіне бекітілген жұмысты орындауына ықпал ету. Осы функциясын орындауы үшін, ол өзінің формальды өкілеттілігімен қоса, билігі болуы қажет. Билік - бұл басқалардың жүріс-тұрысына ықпал ету мүмкіндігі.
Басқару тиімділігін қиындататын басты себептің бірі, басшының айқын белгіленген билігі бола тұрса да, қол астындағылардың күш-жігерін дұрыс бағыттай алмайтын кездері болады, Осы проблемаларды шешу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық менеджмент жүйе ретінде
Менеджмент әдістерін қалыптастырудың жалпы ғылыми принциптері
Әдістемелік кабинетті ұйымдастыру. Балабақша жұмысы тәжірибесінен іс-құжаттар, конспекті жинақтау
Басқару теориясы туралы
Білім сапасын басқару
Менеджердің жұмыс істеу стилі
Кәсіпорынның қаржылық менеджменттінің-басқарудың мәні, мазмұны мен құрылымы
Қаржылық менеджменттің маңызы
Туризмді басқару жүйесі мен құрылымы
Аймақ экономикасын басқаруды ұйымдастыру
Пәндер