Әкімшілік жауапкершіліктен босату



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1.Әкімшілік жауапкершілік ұғымы және оның ерекшеліктері;

2. Әкімшілік жауапкершіліктен босату;

3. Пайдаланылған әдебиеттер.

Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі және белгілері
Әкімшілік жауапкершілік -- азаматтар мен лауазымды адамдардың өздерінің әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттері үшін заң алдындағы жауапкершілігінің бір түрі. Кінәлі адамдар өзі құқық бұзған уақытта және территорияда қолданылатын заңдар негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қазақстан Республикасында 1984 жылы 24 наурызда қабылданған (1995 жылы 1 сәуірде бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізген) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі" қолданылады. Осы құжат бойынша әкімшілік жауапкершілікке құқық бұзған сәтте 16 жасқа толған азаматтар ғана тартылады. Әскери қызметшілер мен әскери жиындарға шақырылатындар, ішкі істер органдарының қызметкерлері әкімшілік құқықты бұзған ретте тәртіптік жарғылар бойынша жазаланады. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын -- сәйкесті Парламент палатасының, жергілікті мәслихат депутаттарын -- сәйкесті өкілетті органның келісімінсіз, ал Қазақстан Республикасының судьяларын Қазақстан Республика Президентінің келісімінсіз Әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды. Сондай-ақ республикадағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды, өзінің іс-әрекетіне есеп бере алмайтын, есі дұрыс емес адамдарды т.б. Әкімшілік жауапкершілікке тартуға қатысты мәселелер қолданыстағы әкімшілік кодексте егжей-тегжейлі көзделген.

Әкімшілік жауапкершіліктің белгілері:
* қоғамдық тәртіпті қорғау амалы болып табылады. Қоғамдық тәртіп - Азаматтың қадір-қасиеті мен басқа құқықтарын, меншіктің барлық нысандарын қорғау, қоғамдық орындарда тыныштықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, адамдардың өзара араласуының қалыпты қызметіне жағдай туғызу, адамның жеке басына тиіспеушілікті қамтамасыз ету мақсатында, арнайы нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар жүйесі.
* мәжбүрлеумен байланысты, яғни құқық бұзушы үшін жағымсыз салдармен;
* іс-жүргізу нысанында жүзеге асырылады;
* сотпен, сондай-ақ өзге де уәкілді органдармен қолданылады. Сот - сот төрелігін жүзеге асыру, құқық бұзушыларға мәжбүрлеу шараларын қолдану жолдарымен қоғамның және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін заңсыз қол сұғушылықтан қорғайтын мемлекеттік орган.
* соттауға болмайды және жұмыстан шығарылмайды;
* жұмыс орнына қарамастан, барлық азаматтарға бағытталған. Азамат ұғымын мемл. деңгейде қарастырғанда, ол қоғамның тең құқықты мүшесі мәніне ие болады. Ғылыми-теориялық қырынан қарағанда бұл адам құқығы мен азамат құқығының аражігін ажырататын да ұғым. Өйткені азамат белгілі бір мемл-тің, саяси бірлестіктің тең құқықты мүшесі және оның барлық саяси құқықтарына ие тұлға ретінде әрекет етеді.

Қоғам қашанда белгілі бір тәртіпке, заңдылыққа сүйене отырып өмір сүреді. Ол әрбір азаматтың саналы, жақсы тіршілігі мен жарқын болашағына жол ашады. Ал қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, ондай қоғамның келешегі болмайды. Сол себепті қоғамды белгілі бір заңдылыққа сүйене отырып, тәртіп орнатудың маңызы зор. Қоғамдағы тәртіп адамдардың мінез - құлқын, іс - әрекетін реттейтін қағидалардың әсерімен орнатылады. Барлық қарым - қатынасты құқықтық тұрғыдан реттеу өте күрделі; ол көп салалы және көп жүйелі процесс. Дегенмен, қазіргі уақытта реттелу субъектілері мен объектілеріне байланысты, белгілі жағдай мен аумақ аясында қолданылатын реттеу түрлері мен тәсілдері қалыптасқан. Соның бірі - заңды жауапкершілік.
Заңды жауапкершілік - жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің мақсат-мүддесін қорғаудағы өте күрделі, өте маңызды шара. Оның әрбір салаға байланысты бөлінетін түрлері бар, солардың ішіндегі ең маңыздысы - әкімшілік жауапкершілік болып табылады. Әкімшілік жауапкершілік дегеніміз - әкімшілік құқық нормаларына сүйене отырып үкіметтің арнайы органы немесе лауазымды өкілінің құқық бұзушыға әкімшілік жауапқа тарту, қалпына келтіру шараларын қолдануда көрініс табатын заңды жауапкершіліктің маңызды түрі [2].
Басқа заңды жауапкершіліктің түрлеріндегідей, әкімшілік жауапкершіліктің өзіне тән қағидалары бар. Бұл қағидалар заңды жауапкершіліктің негізінде құрылып, әкімшілік құқықтың қағидаларымен айқындалады. Сол сияқты, әкімшілік жауапкершіліктің нақты мақсат-мүдделерін және міндеттерін айқындайды.

Әкімшілік жауапкершілік қағидалары
а) әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі заңмен, заңға тәуелді актілермен және оның нормаларымен бекітіледі. Демек, әкімшілік жауапкершіліктің жеке нормативтік - құқықтық жүйесі бар. Әкімшілік жауапкершілік нормалары жеке әкімшілік құқық институтын қалыптастырады. Мысалы, қылмыстық жауапкершілік - арнайы заңмен; тәртіптік жауапкершілік - мемлекеттік қызметшілердің категориялық бөлінісіне сәйкес заңдар мен заңға тәуелді актілермен және Еңбек туралы заңмен; материалдық (қаржылық) жауапкершілік Еңбек туралы, Азаматтық жөніндегі заңдармен, кейбір жағдайда әкімшілік құқық нормаларымен бекітіледі немесе жауапкершілікке тартылады.;

б) әкімшілік құқық бұзушылық - әкімшілік жауапкершіліктің ұйтқысы болып табылады. Олар қылмыс, тәртіптік іс немесе материалдық залал келтіру немесе азаматтық - құқықтық деликт (құқық бұзушылық) болуы мүмкін;
в) әкімшілік құқық бұзушылардың іс-әрекеттеріне негізделген арнайы заңдарға сүйеніп әкімшілік жауапкершілік түрлі негізде әдістер қолданады. Әрбір жағдай белгілі бір нормаларға бағытталып, заңды түрде қарастырылуы тиіс. Жасалған құқық бұзушылық немесе теріс қылық үшін әкімшілік жауапкершілікке 16 жастан бастап тартылады;
г) қоғамда құқықтық тәртіп орнатудың құралы болып есептеледі;
д) құқық бұзушылармен үнемі күрес жүргізеді және іс-әрекеттері оларға қарсы бағытталады.

Айтылғандарға қоса әкімшілік құқықтың өзіне ғана тән қағидалары арқылы, оның басқа жауапкершіліктерден айрықша ететін ерекешеліктері бар:
Қылмыстық жауапкершіліктен айырмашылығы - әкімшілік жауапкершілікті сот және басқа да уәкілетті органдар да қадағалай отырып, сонымен қатар олар әкімшілік жауапкершілікке тарта алады.
Азаматтық құқықтық жауапкершілікте басты көңілге алынатын материалдық залал - әкімшілік жауапкершіліктің қажетті қағидасы болып саналмайды.
Тәртіптік жауапкершілікте құқық бұзушылық атқаратын қызметі әсер етеді, ал әкімшілік құқықта ешбір қызмет немесе қызмет бағыныштылығы әсер етпейді. Демек, әкімшілік жауапкершілік барлық азаматтарға бірдей жүреді және оның алдында барлық азаматтар тең құқылы.
Әкімшілік жауапкершілік жөнінде қалыптасқан заңдарға сүйене отырып мемлекеттің жергілікті атқарушы билік органдары да шешім қабылдауға құқылы. Яғни, олар Қазақстан Республикасының жергілікті өкілетті және атқарушы билік органдары туралы заңға сәйкес, мәслихат депутаттар жиналысы мына сұрақтарға әкімшілік жауапкершілікті міндеттейтін ережелер қалыптастыруына болады: халық қоныстанған аумақтағы жаңа құрылыстардың дұрыс орналасуы жөніндегі мәселе; жер, орман алқаптарын, су ресурстары мен табиғи объектілерді, тарихи ескерткіштер мен мәдениет ошақтарын қорғау жөніндегі мәселе; қоғамдық тәртіп пен жол және өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік жөніндегі мәселе; қоғамдық көліктерді пайдалану мен автокөліктердің тұрақтарын ұйымдастыру сияқты және т.б. мәселелерді ішінара ұйымдастыру сияқты жолдармен шешуге үкімет тарапынан рұқсат берілген. Бұл ережелер қабылданған күннен бастап 2 апта аралығында заңды күшіне енеді. Тек эпидемиялық, күтпеген жағдайдағы оқиғалар мен эпизоотиялы мәселелерін шешу және заңды күшіне ендіру мәселесінің мерзімі нақты белгіленбейді. Ал бұл ережелердің дұрыс қолданылуын әкімшілік басшылары - әкімдер мәслихат депутаттары қадағалайды. Әкімшілік жауапкершілікті реттейтін, не регламенттейтін негізгі нормативтік құқықтық акті - Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі кодекс (КоАП) болып есептеледі. Әкімшілік жауапкершілікті жеңілдететін немесе жоятын актілер кері күшке ие, яғни олардың басылымына дейінгі жасалған құқық бұзушылыққа да танылады. Әкімшілік жауапкершілікті қиындататын және бекітетін актілердің кері күші жоқ. Жауапкершілікке қатысушылардың жастық ерекшеліктері де маңызды. Мысалы, 16 жастан 18 жасқа дейінгі құқық бұзушыларға кәмелеттік жасқа дейін қолданылатын шаралар арнайы комиссия мүшелерінің қаулысымен қадағаланады.

Ал әскер қызметкерлері мен әскерде әскери борышын өтеушілерге, ішкі істер органының төменгі және басқарушы өкілдері әкімшілік құқық бұзушылық үшін тәртіптік жарғы бойынша жауапкершілікке тартылады. Бұл азаматтарға қазба байлықтарды, жер және су ресурстарын, атмосфералық ауа мен өсімдік және жануарлар әлемін, жол жүру ережелері мен кеден ережелерін, өсімдіктердің карантині жайлы ережелер мен контрабандалық әрекеттерге жол бермеуді қадағалайтын нормаларды орындамаған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке жалпы түрде тартылады. Аталған азаматтарға әкімшілік қадағалау орындалмайды.
Қазақстан Республикасының аумағындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасының азаматтарына қолданатын жалпы әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылады. Ал Қазақстан Республикасының аумағында шетел азаматтары жасаған құқық бұзушылыққа әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдану дипломатиялық келісімдер арқылы шешіледі [4].

Әкімшілік жауапкершіліктен босату жағдайлары
Қажетті қорғану жағдайында, яғни жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін және қорғанушының немесе өзге де адамдардың басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне қол сұғушыға зиян келтіру арқылы құқыққа қарсы қол сұғылудан қорғау кезінде, егер бұл ретте қажетті қорғану шегінен шығып кетуге жол берілмеген болса, осы Кодексте көзделген әрекетті жасау әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайды.
Өздерінің кәсіби немесе өзге де арнаулы даярлықтарына және қызмет жағдайына қарамастан, барлық адамдар бірдей дәрежеде қажетті қорғаныс құқығына ие. Құқыққа қарсы қол сұғушылықтан аулақ болу не басқа адамдарға немесе мемлекеттік органдарға көмек сұрап жүгіну мүмкіндігі болғанына қарамастан, бұл құқық адамға тиесілі болады.
Қол сұғу сипаты мен дәрежесіне қорғанудың айқын сәйкес келмеуі, осының нәтижесінде қол сұғушыға жағдайдан туындамаған шектен тыс айқын зиян келтіру қажетті қорғану шегінен шығып кету деп танылады. Мұндай шектен шығушылық тек қасақана зиян келтірілген жағдайларда ғана әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.
Кұқыққа қарсы қол сұғудан туындаған үрейдің, қорқудың немесе сасқалақтап қалудың салдарынан қажетті қорғаныс шегінен асып кеткен адам әкімшілік жауаптылықта болуға тиіс емес.
Аса қажеттілік жағдайында, яғни осы адамның немесе өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтар мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру, егер бұл қауіпті өзге құралдармен жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажеттілік шегінен асуға жол берілмесе, әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайды.

Қатер төндірген қауіптің сипаты мен дәрежесіне және қауіп жойылған, құқық қорғау мүдделеріне тең немесе зиянды болдырмаудан айтарлықтай көбірек зиян келтірген жағдайға анық сәйкес келмейтін зиян келтіру аса қажеттілік шегінен асып кету деп танылады. Мұндай асып кету тек қасақана зиян келтірген жағдайда ғана жауаптылыққа әкеп соғады [5].
Қоғамдық пайдалы мақсатқа жету үшін негізді тәуекел жасалған кезде осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайды.
Әкімшілік жауапкершілікті жеңілдететін жағдайлар:
- мойындау;
- кінәлаушының шын көңілмен өкінуі;
- жасалған әрекеттерді қалпына келтіру және оның қаупін болдырмау;
- кәмелеттік жасқа толмағандығы;
- жүкті әйел немесе 1 жасқа дейінгі баласы бар әйелдің жасауы. Мұның бәрі іс жүзінде дәлелденіп, ресми түрде бекітілуі шарт.

Дегенмен, істі зерттеп, талдаған арнайы орган заңда көрсетілмеген басқа жағдайларда да, яғни жауапкершілікті жеңілдетуге негізделген факторларды да анықтауына болады. Ауырлататын жағдайларға:
- бір рет әкімшілік жауапкершілікке бірнеше олқылықтар үшін жауап беру; бір жылда екі рет қайталанған құқық бұзушылық үшін бір рет жауапқа тартылу;
- кәмелетке толмаған жас өспірімдерді құқық бұзушылыққа итермелеген не тартқан жағдай болса;
- құқық бұзушылық топ адамдармен жасалса;
- күтпеген күрт оқиғалар үстінде жасалған болса;
- алкоголь ішімдігін қолданып жасалған жағдай болса;
- ескертулерден ешқандай қорытынды жасамаған тұлғаларға;
- бұрын қылмыс жасаған адам болса [6].

Осы себептердің бәрі іс жүзінде дәлелденіп, ресми түрде бекітілуі тиіс, сонда ғана ол заңды болып танылады.

Әкімшілік жауапкершіліктің заңды жауапкершіліктің ішінде алатын орны ерекше. Дегенмен, жауапкершілік болғаннан кейін, заңды жауапкершілік түрлерінің міндеттері ұқсас болып келеді. Салалық ерекшеліктеріне қарай әкімшілік жауапкершілік басқа жауапкершіліктерге қарағанда күрделі қадағалауды талап етеді және әрбір әрекеттің белгілі тәсілдерімен шешілуі байқалады. Құрылымдық ерекшеліктері жас мөлшерін, ұлттық қатынастарды қамтиды. Қазіргі уақытта, әкімшілік жауапкершілік жөнінде жаңа әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс қолданыста. Бұл кодекс 2002 жылы жарық көрді, ал оған дейін бұрынғы, Қазақ КСР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі қолданылып келді. Әкімшілік жауапкершілікке жеке куәлікті жоғалтқан тұлғалар мен қоғамдық жерлерде темекі шеккен адамдар да тартылады. Оларға 872 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынады. Демек, осындай жолдар арқылы әкімшілік жауапкершілік қоғамда белгілі бір тәртіпті қалыптастыруға қызмет етуде.
Әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс тұлғалар:
1) ақыл-есi дұрыс, осы Кодекс бойынша белгiленген жасқа жеткен жеке адам;
2) заңды тұлға.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде он алты жасқа толған жеке адам әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.
Құқыққа қарсы әрекет жасаған кезде ақыл-есi кем жағдайда болған, яғни өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) нақты сипаты мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық жауапкершіліктен босату
Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі
Әкімшілік жазаларды қолдану ережелері
Шешімді шығарған соттың атауы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН ЖӘНЕ ЖАЗАДАН БОСАТУ НЕГІЗДЕРІ
Қылмыстық құқық түсінігі және оның қағидалары
Әкімшілік жауапкершілік ұғымы және оның ерекшеліктері
Қылмыстық жазаны жұмсарту немесе жазасын өтеуден босату
Қылмыстық жауаптылық босату түрлері
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлері
Пәндер