Астық өндірісі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

СӨЖ

Тақырыбы:Қайта өңдейтін кәсіпорын жағдайында астық өңдеу және сақтау технологиясын әзірлеу

Тобы:

Орындаған:

Қабылдаған:

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

Астық өндірісі

Астық өңдеу және сақтау технологиясы

  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Өсімдік шаруашылығы - ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды салаларының бірі болып табылады. Ол тұрғындарды қажеттілігін, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етіп, мал шаруашылығын азықпен қамтамасыз ете отырып, оның дамуына бірден бір негіз болып саналады.

Қазіргі күні Қазақстан Республикасының үкіметі ел экономикасын дамытуда ауыл шаруашылығы саласы, соның ішінде өсімдік шаруашылығын халықаралық тәжірибелерге неіздей отырып, дамытуды, жандандыруды көздеп отыр.

Сондықтан, агроөнеркәсіп кешені мен ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамытуға байланысты қабылданған мемлекеттік бағдарламалар мен міндеттердің ойдағыдай шешілуіне осы саладағы дұрыс ұйымдастырылған шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау маңызды орын алатыны анық.

Өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекше сипатқа ие өндіріс саласы болып табылады. Өсімдік шаруашылығындағы қаражаттардың айналымдылығына өндірістің мерзімділік сипаты ерекше әсер етеді, соның ішінде өндіріске жұмсалынған шығындар кезеңі мен өнім шығымы кезеңі арасындағы айырмашылықтар. Өсімдік шаруашылығында өндірістік шығындар ұзақ мерзім бойы жұмсалады және жұмсалынған шығындар мөлшері бірқалыпты болмайды. Міне осы ерекшеліктердің барлығы осы салада шығындар есебін ұйымдастыруда ескерілуге тиісті.

Өсімдік шаруашылығында өндірістік процесс бірнеше есепті мерзім бойы жүргізілуіне және өнім өндірісіне шығындар екі есепті жылда жұмсалуына байланысты өндіріске жұмсалынған шығындарды әрбір жылға бөліп, бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетудің қажеттілігі туындайды. Сондықтан өсімдік шаруашылығына жұмсалынған шығындар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бухгалтерлік есебінде: есепті жылдың егісіне және болашақ жылдың егісіне жұмсалынған шығындар болып екі топқа бөлінеді.

Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығындағы шығындар өнімнің нақты түрін дайындау бағытында арнайы өндірістік цехтар мен бөлімшелерде де жұмсалынады және бұл шығындар бухгалтерлік есепте бөлек көрсетілуге тиісті. Сондықтан өсімдік шаруашылығында шығындардың талдамалық есебін шығындардың жұмсалу орындарына байланысты өндіріс түрлері, өндірілетін және өңделетін дақыл түрлері бойынша ұйымдастыру қажет.

Өсімдік шаруашылығындағы өндіріс - бір реттік процесс болып саналмайды. Өндірістік процесс жылдың әртүрлі мезгілінде орындалатын әртүрлі жұмыс түрлерінен тұрады. Өсімдік шаруашылығындағы өндірістік технологиялық процесс мынадай кешенді жұмыстардың жиынтығынан тұрады: егін егуге жерді, егіс алқабын дайындау, тұқым отырғызу, отырғызылған тұқымды бағып-күту, егін жинау. Осы аталған жұмыс кешендері өз алдына күрделі жұмыстардан тұрады. Мысалы: егін егуге жерді дайындау - жерді жырту, топырақты ұнтақтау (майдалау), тыңайтқыш себу сияқты ауқымды жұмыстардан құрылады. Осыған байланысты жұмсалынған шығындар бухгалтерлік есепте орындалған жұмыстардың түрлері бойынша бөлінуі қажет.

Өсімдік шаруашылығы өндірісінде жұмыстың нақты түрін орындау үшін әртүрлі шығындар жұмсалады: мұнай өнімдері, тұқым, тыңайтқыштар, өндірістік техникалардың амортизациясы, өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы және т. б. Бұл шығындардың барлығы бухгалтерлік есепте бөлек жинақталуы тиіс. Соған орай, өсімдік шаруашылығында өндірістік шығындар есебі шығын баптары бойынша ұйымдастырылуы қажет.

Астық өндірісі - ауыл шаруашылығының ірі саласы. Астықтан ұн, нан, макарон, жарма, тəтті тағамдар сияқты адам баласына ең керекті өнімдер алынады жəне оны күрделі жем ретінде мал шаруашылығында да кеңінен пайдаланады. Дəнді дақылдар, бұршақ тұқымдастар жəне майлы тұқымды дақылдар өндірістің көптеген салаларында пайдаланылады. Олардан спирт, сыра, өсімдік майы, мақта, кендір, олифа, дəрі-дəрмектер жəне бұлардан басқа да, адамға керекті көптеген заттар алынады. Қорыта келгенде, көк өсімдіктер, əсіресе, ауылшаруашылық дақылдар, адам өмірінің өзегі деп есептеледі. Көк өсімдіктер болмаса тіршілік те болмаған болар еді. Көк өсімдіктер жазда өзінің жасыл жапырақтарындағы хлорофилл ферменттері арқылы күн сəулесінің қуатын пайдаланып, су мен көміртегін органикалық сутекті заттарға айналдырады. Бұл үдерісте оттегі бөлініп шығады да, ауаны тазартады, ал күн қуаты болса, органикалық заттардың құрамына кіріп энергия қорына айналады. Астық піскен кезде дəннің құрамына кіріп сақталады. Міне, осыдан көк өсімдіктер нан жəне ет, сүт, май сияқты басқа да адамға өте керекті қоректік заттарға айналады да, денсаулық сақтау саласында баға жетпес маңызға ие болады, ал оттегі болса, адамның жəне басқа жануарлардың тыныс алуына жұмсалады. Астық құрғақ жағдайда өте ұзақ сақталады, əртүрлі пішінді қамбаларға құюға жəне жер жүзінің түкпір-түкпіріне тасымалдауға қолайлы, ыстықтан да, суықтан да қорықпайды. Міне, осыдан барып барлық жержүзіне кең тарап кеткен. Осындай маңызды ерекшеліктеріне қарай дүниежүзінің көптеген елдерінде егін шаруашылығын дамытуға, сапалы астықты мол өндіруге үлкен мəн беріледі. Астық дайындауды ұйымдастыру. Астық жəне басқа да өнімдер ауылшаруашылық мекемелерінде өндіріліп, олар астық кабылдау мекемелері мен астық өткізушілер арасында жасалған екіжақты келісімшарт бойынша үкіметке тапсырылады. Осы келісімшартты контрактациялық келісімшарт деп атайды. Ауыл шаруашылығында істейтін халықтың саны жылдан-жылға азайып бара жатыр, ал қала тұрғындарының саны өсуде. Осы халықты əртүрлі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету жауапты да абыройлы міндет. Дайындалған өнімдер мемлекет қоймаларында сақталып, өңделіп, оларды керек орындарына таратады. Сондықтан осы дайындалатын өнімдердің сапасы жақсы жəне жеткілікті болуы керек. Бұған экономикалық ынталандыру əдісі арқылы жетуге болады. 1961 жылдан бастап мемлекетке астық тек контрактациялық шарт арқылы дайындалады. Ол келісім бойынша шаруа қожалығы немесе ұжым қандай өнімді қанша, қандай сапамен жəне қай мерзімде тапсыратыны туралы міндеттеме алады. Ал қабылдау мекемелері ол алынған өнімдерге өзінің тұрақты бағасымен ақысын төлейді, сол төлейтін ақшаға шағын трактор, комбайн жəне автомашиналар сатады. Келісім жасалғаннан кейін шаруа қожалығы немесе ұжым келісілген ақшасының 30-40 пайызын алып пайдалана беруіне болады. Келісім 2-5 жəне одан да көп жылдарға жасалады. Келісім бойынша, егер астықты қабылдамаса, онда сол өнімнің 3 пайыз құнын төлейді жəне оны тасымалдауға шыққан шығын қоса төленеді, егер келісілген уақытынан кейін қабылдаса 0, 1 пайыз айып төлейді, ал егер кешігу мepзімі 10 күнге жетсе, онда айып мөлшері 2 пайызға дейін өседі. Контрактациялық келісімдерде өнімнің сапасына қарай, базистік кондицияға сəйкес, үстеме ақы төлейді немесе салмағын, не ақшасын кеміту шаралары да көрсетіліп жазылады. Барлық астықты қабылдауға шыққан көлік шығынын мемлекет атынан дайындау мекемелері төлейді. 1988 жылдан бастап күшті бидай дайындауға арналған үстеме ақы 25-тен 100 пайызға дейін, ал қатты бидайға 150 пайызға дейін өсті. Осы жасалған келісімдер облыстың, республиканың қабылдау жоспарларының негізін құрайды. Осыған сəйкес өнімдерді сақтау, тасымалдау, шетелдерге сату, т. б. мемлекеттік-əлеуметтік жоспарлардың нeгізі жасалады. Астық сақтау барысында бүкіл әлем бойынша орта есеппен алғанда дәннің 10 -15 %-ке жуығы шығын болып, тіпті сақтаулы өнімдердің біразының сапасы күрт төмендеп, кейде түгелдей бүлініп, пайдалануға жарамай қалуға дейін барады. Астық қорын сақтаудың өте жауапты да күрделі іс екендігін көп ғасырлық тәжірибе көрсетіп отыр. Біздің елде де астық өнімдерінің сақталу барысында орын алатын шығындарды азайту мүмкіндіктерін толық пайдаланбауға ішінара жол беріліп қалатындығын, көптеген астық қабылдау және өңдеу кәсіпорында ғылым мен озық тәжірибе жетістіктері дер кезінде тиімді жүзеге асырыла қоймайтындығын мойындауымыз қажет. Астық, тұқымдық дән және олардан алынатын өнімдер жеке қожалықтарда, шаруашылықтарда, селекциялық станцияларда және элеваторлар мен астық қабылдау кәсіпорында, ұн, жарма, нан өндірісі, крахмал, өсімдік майлар, сыра, спирт фабрика-зауыттарында сақталады. Мемлекеттік астық қорын шоғырландыру, орналастыру, сақтау мен және өндеу, оны тиімді пайдалануды ұйымдастыру мен халық шаруашылығының барлық салаларын астық өнімдерімен қамтамасыз ету, сол астықты қабылдайтын, оның өнімдерін шығаратын мекемелерге жүктелген. Сонымен қоса бұл мекемелер дәнді бүршақты және майлы дақылдар мен жем-шөптердің сортты тұқымдықтарын да қабылдап, өндеп өндіріске өткізіп отырады. ез келген шаруашылықта сақтау тәсілін таңдау барысында төмендегі жағдайлар ескерілуі тиіс: Шаруашылықтың климаттық жағдайы; Пайдаланылатын қойманың типі, оның сыйымдылығы; Партия астықты пайдалану мақсаты; Қоймаға салған астықтың сапасы; Қолданылатын сақтау тәсілінің экономикалық тиімділігі; уылшаруашылық өнімдерін сақтаудың тәсілдері өте көп. Олардың ішінде, астық массасын сақтауда келесі үш тәсіл жиі қолданылады. Олар: • Астықты құрғатып сақтау; • Астықты салқындатып сақтау; • Астықты ауасыз ортада сақтау;

Астықты салқындатып сақтау . Астық компоненттерінің көпшілігі төменгі температураға төзімсіз. Салқын ортада олар тіршілігін уақытша болса да тоқтататындықтан астық сапасында көп өзгеріс болмайды. Сақтаудың төменгі температурасына байланысты тәсілдерді Я. Я. Никитинский термоанабиозға негіздеген. Астық массасын салқындатуды екі тәсілдің бірімен жүргізеді. Ол тәсілдер: Қарапайым (пассивті) жолмен салқындату; Белсенді (активті) жолмен салқындату; Пассивті салқындатуда астықты орнынан қозғамайды, оның ішкі қабатына салқын ауа ендірмейді. Салқындату тәуліктің салқын кездеріндегі ауаны қойманың есік, терезелерін ашып ішкі ауамен алмастыру арқылы жүргізіледі. Астықты ауасыз ортада сақтау . Сақтаудың бұл тәсіл өнімнің ішкі қабатындағы оттегінің мөлшерін азайту арқылы астықта болатын физиологиялық процестерді тежеуге негізделген. Микроорганизмдер мен зиянкестердің көпшілігі оттегіні қажет ететіндіктен олар тіршілігін тоқтатады, тіпті көбісі өледі. Астық массасында ауасыз ортаны келесі 3 тәсілдің бірімен қалыптастырады. 1. Астық массасындағы тірі компоненттердің тыныс алуы барысында көмір қышқыл диоксиді көлемін табиғи жолмен арттыру; 2. Астық массасына оттегіні ығыстырып шығаратын әртүрлі газдарды ендіре отырып арттыру; 3. Астық массасында ауасыз орта жасау; Бұл тәсілдің кеңінен қолданылмау себебінің біріқоймаларда толық герметизация жасаудың мүмкін еместігі және ауасыз ортада дәндердің өнгіштік қасиетін жоғалтуы. Астықтың сақталу технологиясын астықтың сенімді және ұзақ сақталуын қамтамасыз ететін шаралар жүйесі ретінде қарастыруға болады. Бұл жүйе негізінен көптенген жылдар бойы дән және оны өңдеу өнімдерімен жасалған жұмыстардың ғылыми және өндірістік ұсынымдары, техникалық база сапалық және сандық бақылау, жоғары мамандандырылған кадрлар жатады. Тұтынушылардың астықтың қауіпсіздігі мен сапасына қатысты жаңылысуына әкеп соқтыратын әрекеттердің алдын алу мақсатында астық нарығына қатысушылар сатып алушыларға және тұтынушыларға астықтың қауіпсіздігі мен сапасының көрсеткіштері туралы толық және дұрыс ақпарат алу үшін өндірушілер жаңа өнімнің сапасына толық мағлұмат беруі керек. Егістіктен жиналған астық сақтауға дайындық кезінде қабылдау және ірі партиялар жасау, тазалау, кептіру және белсенді желдету операцияларынан тұратын жинаудан кейіңгі өңдеуден өтеді. Бұл кезеңде қажетті жағдайлар жасалып, сақтаудың әдістері мен қолайлы режимдері анықталады. Тығыз қозғалмайтын қабат қасиеті әрқашанда дәнде келтіреледі. Кептіру агентінмен жуылатын дән беті өзгеріссіз. Кептіру интенсивтігі қозғалмайтын қабатта маңызды мөлшерде бидай мен кептіру агентінің ішкі жылу және ылғал алмасуымен анықталып бидай аралық кеңістіктен су буын әкетеді. Тығыз қозғалмайтын қабатта кептіру кезінде қабаттың барлық қалыңдығында бидай ылғалдылығының төмендеуі бірақ жүрмейді, зоналар бойынша: басында кептіру агентінің кіру жағынан себу қабаты кебеді және кептіру зонасы ақырындап орта қабатқа ауысады, содан кейін орта қабат кебеді, ал кептіру зоналары ары қарай ауысады. Кептіру зонасы ортаңғы қабатқа жеткенде, төменгі қабатты кептіру бұл уақытта аяқталады. Мұндай кептіру тәсіліне жоғарғы және төменгі қабат ылғалдылығының әркелкілігі тән, ұзақ уақыт кептіру кезінде аңғарылады. Тек қана жоғары қабат кепкенде, бұл әркелкілік қысқарылады. Төменгі немесе ортаңғы қабат үйіндісі ұзақ уақыт кептіру агентімен байланыста болады және оның ылғалдылығын қалыптывесқа жақыдатады. Сондықтан бидайды қатты кептіріп тастамау үшін қатысты ылғалдылығы 55-65% кептіру агенті қолданады, бидай ылғалдылығы 12-14% келуі керек. Бидайды кептіруде қозғалмайтын қабатта кептіру агентінің температурасы қатаң шектеледі. Ол ереже бойынша бидайды кептіруде талап етілетін шарттан ауыспауы керек. Осыған байланысты кептіру процесі ұзақ және кептіру зонасы барлық қабатты басып алғанша жүреді. Кептіру зонасының қабатынан өту жылдамдығы кептіру агенті мен бидай ылғалдылығының параметрлерінің тәуелді. Кептіру агентінің қозғалмайтын қабаттан өтуі, оның параметрлерінің уақыт бойынша осыған байланысты ылғалдылық пен бидай температурасы өзгереді. Гравитациялы-қозғалмалы тығыз қабат кептіру камераны жоғары үздіксіз нәрі бидаймен құрылады және оның төменгі бөлігін таңдауда жасалады. Дегенмен қабат қозғалысында бөлек бидай бір-біріне қатысты араласады, олардың арасындағы байланыс сақталады. Активті беті жаңарады, бірақ оның үлкендігі барлық бидайдың суммарлы-геометриялық бетінен едәуір төмен болып қалады. Бидайдың камерада ауысу жылдамдылығы, кептіру ұзақтығы, шығару немесе тиеу жабдықтар көмегімен басқарылады. Кептіру камерасында бидайдың болу уақытын кең кеңістікте өзгертуге болады. Бидайды гравитациялы-қозғалмалы қабатта кептіру, қозғалтын қабатқы қарағанда кептіргіш агентінің одан да жоғары температурасын қолдануға болады. Үрленетін қабат қалыңдығын кептіргіш камерасының конструкцияна байланысты 100-300 мм ауытқуында алады. Удельді тапсырыста кептіргіш агент 3500 ден 4000 м/(сағ*т) . Кептіргіш агентінің үлкен удельді тапсырысы кептіру зонасының кеңістігін барлық қабатта үрленетін қабаттың өз қалыңдығын қамтамасыз етеді. Жалған сұйытылған қабат қабат гидродинамикасы қисық жалған сұйытылған көбірек сипаттайды, өзімен бірге ауа жылдамдылығынан қабаттың керілуіне тәуелді. Ауаның критикалық жылдамдылығы қабаттың керілуі максималды маңыздылығына жетеді, келесі жылдамдығының өсумен ол қабатта каналдардың құрылуына байланысты бірнеше рет кішіреп, сол арқылы ауаның бөлігі өтеді. Осыған байланысты жалған сұйытылған басында кейбір «өтпелі зона» байқалады, біркелкі емес қабат құрылымына және оның «тасуына» тұрақсыздылығына тән. Қажетсіз механикалық ауысу кептіргіште кептіру процесін жалған сұйытылғаны 2-ші стадияда қабатты энергетикалық ауысуы мен оның біркелкі «тасу» жүргізу қажет. Мұндай гидродинамикалық режимде барлық бидай кептіргіш агентінде жуылады. Интенсивті араласу қорытындысында және қабат көлемінде дән байланысуында температураның тегістелуі жүреді. Жалған сұйытылған қабат өтпелі қасиеті бар, осыған байланысты кептіру процесін бидайдың ауысуын қосуға болды, орнынан кептіру камерасынан шығару орнын қосуға болады. Өздігінен ауысу қорытындысы интенсивті араласу кептіру камерасында дәннің болу қабатта әркелкі. Бұл қыздыру және бидайды кептірудің әркелкілігіне әкеледі. Қыздыру мен кептірудің біркелкілігінің ең жақсы қорытындысы бидайдың ақпаратта ұйымдастырылған түрде ауысады, кептіргіш камерасында дәннің болу уақыты алдын-ала қамтамасыз етеді. Мұндай жағдайда болу уақыты кең шекте басқырып, бидай ылғалдылығымен және таңдалған кептіру режиміне сәйкес келеді. Кептіру агентінің температурасының жоғарлауы кептіру процесін жылдамдатады, бірақ бидай қызуын күшейтеді. Мысалы температураның 60 тан 140° С жоғарлауы. Кептіру жылдамдығы 2, 5 есе бидайдың интенсивті қызуы 4 есе өседі. Ұқсас заңдылық және кептіру агентінің өзгеруінде алынады. Бидай қабатына жалған сұйытылған қалыпқа келуі, оған дірілдің тербелісі немесе қосымша ауа легінің әсері және діріл жолы әсер етеді. Дірілдің қолдануының ауа жылдамдығын төмендеу ін қиын қыстаудан төмен және ауа шығынын есептеу, қолданыстағы жылу санынан шығады. Қабат қалпына тербеліс амплитудасы әсіресе әсер етеді, ол әртүрлі дәнді дақыл дақылына 2 мен 10 шегінде, ал тербеліс тазалығы 30-10 Гц шегінде болады. Нан қабылдаушы (дайындаушы) кәсіпорындар (астық қоймасы) нанөткізгіштерден астықты қабылдайды, осыны біріншілік өңдеуден өткізеді (тазалау, кептіру), сақтап, бағытталуы бойынша тиейді, негізінен 2-ші және 3-ші звено кәсіпорындарына жібереді. Негізгі операциялар: астықты қабылдау, оны тазалау және кептіру, ұзақ мерзім сақтау, теміржол және су транспорттарына жүктеу. Құралдар үлкен сыйымдылығымен және үлкен өнімділігімен ажыратылады. Оларды теміржол және су жолдарының қиылысындағы ірі теміржол станцияларына орналастырады. Ауыспалы - астықты бір транспорт түріне екіншісіне ауыстырып тиеуге, мыс; су транспорттарынан теміржол транспорттарына немесе керісінше тар жерден кең жерге көшіру. Өнімділігі үлкен тасымалдаушы құралдармен жабдықталған. Фондты - мемлекеттік астық қорларын сақтауға арналған. Мемлекеттік қорға салыңған астық 3-4 жыл сақталынады. Мұнда астық сапасын үлкен көлемді жұмыстар жүзеге асырылады. Өндірістік - астықты өңдейтін кәсіпорындарды астықпен қамтамасыз етеді. Жалпыдан басқа астық қоймасының типтері үшін астықты өңдеудің мақсаты - кәсіпорын технологиялық талаптарына сәйкес шикізатты өңдеуге дайындау. Бұл астық қоймаларында кәсіпорынның 3-6 айлық жұмысын қамтамасыз ете алатын астық қоры болуы керек. Дәнді дақылдарды және оларды өңдеу өнімдерін сақтау негізінде өнім массасында жүретін жағымсыз процестерді, алдымен физиологиялық процестерді толық тежеу принципі жатыр. Объектінің сақталуы және осы қасиетіне әсер ететін факторларды білмей бұл принципті жүзеге асыру мүмкін емес, яғни өнімді сақтау да оның барысын бақылай алмаймыз. Аталған қасиеттердің түрлі дақылдарда белгі беруі кейбір жағдайларда табиғи түрде болады, сондықтан қойылған мақсаттарды жүзеге асыруда белгілі операцияларды жоспарлауда ескеру қажет.

Астықты сақтау экологиялық, құрылыс, өрт, санитарлық, фитосанитарлық талаптарға жауап беретiн, астық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн астық сақтау қоймаларында жүзеге асырылады. Астық сақтау қоймаларының аумағы қоршаулы және атмосфералық жауын-шашын суағарларға бұрылған қатты жабыны болуы тиiс. Аумақтың карантиндiк және басқа да зиянды организмдермен залалданған учаскелерi залалсыздандырудан өтулерi тиiс. Ғимараттардың жертөлелiк қабаттарының және жерасты тоннелдердiң жайғастырылуы оларға жерасты суларының өтуiн болдырмауы тиiс. Астық сақтау қоймалары ғимараттарының құрылыс құрастырмаларының материалдары Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлуi тиiс. Өндiрiстiк үй-жайлар қабырғаларының, төбелерiнiң, ұстайтын құрастырмаларының, есiктерiнiң, едендерiнiң, сондай-ақ силостар мен бункерлердiң қабырғалары томпақтарсыз, ойпақтарсыз, бүртiктерсiз болуы және оларды тазалау мен залалсыздандыруды жеңiл жүргiзуге мүмкiндiк берулерi тиiс. Астық сақтау қоймаларының едендерi ойықтар мен жарықтарсыз болуы, тегiс асфальтбетонды жабыны болуы тиiс, қабырғаларының беттерi тегiс, тазалау мен залалсыздандыру үшiн қол жетерлiк болуы тиiс. Астық үйiндiсiне шыны түсуiн болдырмау үшiн терезелер iшкi жағынан тормен бiтелуi, шырақтар - торы бар қорғаныс қалпақтарымен қоршалуы тиiс. Белсендi желдету арналарының кiру тесiктерiнiң атмосфералық жауын-шашынның кiруiне жол бермейтiн, тығыз жабылатын қақпақтары болуы тиiс. Астық сақтау қоймаларында астықты өңдеудiң технологиялық процесi астықпен байланысты барлық операцияларды ағылмалы механикаландырылған түрде жүргiзудi қамтамасыз ететiн технологиялық желiлердi қолдану базасында ұйымдастырылуы тиiс.

Ағылмалы технологиялық желi операциялардың мынадай дәйектiлiгiн көздеуi тиiс: келiп жатқан астықты өлшеу; астықты механикаландырылған жолмен түсiру; астықты алдын-ала қалдықтазартқышта тазалау; дымқыл астықты уақытша орналастыру; дымқыл және су астықты кептiру; астықты айырғыштарда тазалау; астықты триерлерде және басқа да астықтазалағыш машиналарда тазалау; тазаланған астық пен қалдықтарды өлшеу; өңделген астықты астық қоймаларына орналастыру.

Астық сақтау қоймаларында:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нан өнімдерін өндіру технологиясы
Халықаралық еңбек бөлінісі туралы мәліметтер
ЖШС Бірлес-Көкше кәсіпорын шаруашалығының талдауы
Азық-түлік қауіпсіздігін және өнімдердің экспортын ұлғайтуды қамтамасыз ететін елдің бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешендер
Өндірістің экономикалық тиімділігі көрсеткіштерінің жүйесі
Жарма технологиясы
Өңделген өнімдердің технологиясы
Өндірістің ауыл шаруашылығымен байланыс механизмдерін дамыту
Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Күріш жармасы технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz