Астық массасының физикалық қасиеттері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

СӨЖ

Тақырыбы:Астық массасының жылу физикалық қасиеттері

Тобы:

Орындаған:

Қабылдаған:

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

Астық массасының физикалық қасиеттері

Астық массасының сусымалдылығы және қуыстылығы

Ұн мен жарманың физикалық қасиеттері

  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Төгілгіштік және өздігінен сұрыпталу астық массасының физикалық қасиеттеріне жатады. Астық массасы біраз қатты бөлшектерден, әр түрлі өлшемдерден және нығыздықтан тұрғандықтан, үлкен қозғалғыштық - төгілгіштік қасиетіне ие. Ең үлкен төгілгіштік қасиетіне тегіс бетті дөңгелек дәндері (асбұршақ, тары) ие, ал сопақ және қотыр бетті дәндерде төгілгіштік қасиеті төмендейді. Төгілгіштік қасиетімен астық массасының өздігінен сұрыпталу қасиеті бір- бірімен байланысты болып келеді. Әр түрлі ауыстыру кезінде сонымен қатар қағу кездерінде астық массасы “жіктейді”. Қатты компоненттер - минералды қалдықтар, ірі дәндер астына қарай түседі, ал жеңіл компоненттер - арамшөп тұқымдары және пыш дәндер қалқып шығады. Бұл сақтау кезінде жағымсыз әсерін тигізу мүмкін, өйткені арамшөп тұқымдары және пыш дәндер жоғарғы дем энергиясына ие болғандықтан, сақтау кезінде астықтың бұзылуына әкеліп соғады. Жылусыйымдылық - астықты қыздыруға қажетті жылудың мөлшерімен сипатталады және меншікті жылу сыйымдылық шамасымен айғақталады. Соңғысы әдетте астықтың құрғақ заты мен судың жылу сыйымдылықтарының арасындағы орташа өлшенген шамамен есептейді. Астықтың құрғақ заты үшін ол шама 1550 Дж/кг. К немесе 0, 3-0, 4 ккал/кг, С. Судың жылу сыйымдылығы 4190 Дж/кг. К немесе 1 ккал/кг. С. Сондықтан астық ылғалдылығының жоғарлауына байланысты оның меншікті жылу сыйымдылығы артады. Жылу сыйымдылықты астықты кептіргенде ескереді, өйткені жылу шығыны астықтың алғашқы ылғалдылығына тәуелді болып келеді. Жылуөткізгіштік - астықтың жылуөткізгіштік қасиетін сипаттайды. Оның коэффициенті 0, 13-тен 0, 2-қа Вт/м. К дейін ауытқиды, яғни жылу өткізгіштігі нашар. Ол астық массасының органикалық құрамы мен ауаның болуына байланысты. Астық массасы ылғалдылығының жоғарылауына байланысты оның жылуөткізгіштігі артады, алайда төменгі деңгейде қалады. Температура өткізгіштік - астық температурасының өзгеру шапшаңдығын, оның жылу инерциясын көрсетеді. Астық массасы өте төмен температура өткізгіштік коэффициентімен сипатталынады, яғни жоғары жылу инерциясына ие. коэффициенті 1, 7*10 -7-1, 9*10-7м2\с шамасында ауытқиды. Астық массасының температура өткізгіштігінің төмендігінің пайдасы да бар: дұрыс салқындатылғанда, тіпті жылдың жылы мезгілінің өзінде, астық массасында төменгі температура сақталады. Сонымен астық массасын суықпен өңдеп ұзақ уақыт бұзылмайтын етуге мүмкіндік туындайды. Температура өткізгіштіктің, төмендігінің теріс жағы, ол қолайлы жағдайлардың нәтижесінде белсенді физиологиялық процестер әсерінен (астық, микрорганизмдер, кенелер мен жәндіктер тіршілігінен) бөлінген жылу астық массасында бөгеледі де, оның температурасының көтерілуіне (өздігінен қызуына) әкеп соғады.

Астық массасындағы температураның өзгеру жылдамдығы сақталу тәсілі мен қойма түрлеріне байланысты. Қоймаларда астық үйіндісінің биікгігі онша биік болмағанда атмосфералық ауа әсеріне элеваторлардың силостарына қарағанда көбірек ұшырайды. Ал элеваторда астық массасы атмосфералық ауа әсеріне аз кездеседі, өйткені жылуөткізгіштігі төмен силос қабырғаларымен айтарлықтай қорғалған. Термоылғалөткізгіштік -астық үйіндісінде температура өзгеруінен оның массасындағы ылғалдың орын алмастыру құбылысы. нәтижесінде ылғалдың жылы қабаттардан шамалы жылынған қабаттарға ауысуы жүреді. Ылғал ауысу құбылысы астық массасын сақтағанда үлкен іс-саналық маңызға ие болады. Ол үйіңдінің әр қабатында температура өзгерісі болғанда байқалады, әсіресе күзгі-қысқы және көктемгі-жазғы кезендердегі максимальды температура ауытқуларында (градиенттерінде) туындайды. Қойма қабырғаларының әркелкі жылынуы, жылы астық массасының суық асфальт немесе кірпіш еденді қоймаларда ауысуы, күн кезінде кептіру де ылғалдың жылы қабаттардан салқын қабатқа ауысуына себеп болады. Бұл қабаттарда ылғалды ауа салқындағанда су тамшылары пайда болады, басқаша айтқанда ылғалдың конденсациясы байқалады. Сонымен әсерінен үйіндінің жекелеген қабаттары ылғалданады да өзінің тіршілік әрекетін күшейтеді. Оларда астықтың өздігінен қызуы, тіпті дәннің енуі байқалуы мүмкін.

Астық қорының толық сақталуы дәннің күйіне көп тәуелді. Астық дайындаушы мекемелерге алуан түрлі дақылдардың астық топтарыәр түрлі сапа көрсеткіштерімен келіп түседі: мемлекттік стандарт талаптарына сәйкес, немесе шектеу кондициясының деңгейінде, немесе одан жоғары мөлшерде ауытқулармен болуы мүмкін. Қоймада орналастыру, егін жинағаннан кейінгі өңдеу әдістері, сақтау ережелері мен тәсілдері, мақсатты пайдалану т. б. түскен астық топтарының сапасына байланысты өзгереді. Астық егін алқабында қалыптастырылады және көптеген факторларға-сорттық ерекшеліктеріне, өсімдіктердің даму жағдайларымен дәннің қалыптасуына, егін жинау ерекшеліктеріне, егін жинағаннан кейінгі алғашқы кезеңде, астықтың сақталу жағдайларына, астық қабылдау кәсіпорындарына оны жеткізу жағдайларына тәуелді болып табылады. Барлық астық топтары, дақылына қарамай, мынадый физикалық қасиеттерімен ерекшеленеді: сусымалдығыымен, өздігінен сұрапталынуымен, қуыстылығымен, газдар мен булардың сорбциясы және десорбциясы, жылулық-физикалық және масса алмасу қаситтерімен. Астық массасының қасиеттерін ескермей астық сақтау, өндірістік үлкен шығындарға ұрындырады. Астық және астық массасының горизонталь жазықтыққа бұрыш жасай орналасқан бетте жылжуын олардың сусымалдығы деп атайды. Астық массасы жақсы сусысалылығымен ерекшеленеді, ал мұны конвейер, нория т. б. құралдармен орын ауыстырғанда, шанақтар мен силостарға астықты тиегенде және түсіргенде пайдаланады. Астықт массасының сусымалылығы элекваторда, ұн, жарма, құрама жем зауыттарында шанақтармен силостардың ең төменгі иілу бұрышын (еңкіштігін) анықтайды, оны астық қоймаларының беріктігін т. б. есептегенде ескереді. Әдетте астық массасының сусымалығын үйкеліс және табиғи көлбеу бұрышын өлшеу жолымен анықталатын, сыртқы және ішкі үйкеліс коэффициенттерімен сипаттайды. Үйкеліс бұрышы деп астық массасының белгілі бір жазықтық бетінен жылжи бастайтын ең төменгі бұрышты айтады. Табиғи көлбеу бұрышы деп астық массасының горизонталь жазықтыққа, мәселен, қоқойма еденіне еркін түсу нәтижесінде пайда болатын конус диаметрі мен табанының арасындағы бұрышты айтады. Астық массасының сусымалылығына көп факторлар әсер етеді: түйіршікті құрамы мен түйіршіліктілік сипаттамасы, дән бетінің күйім мен сипаттамаы, ( пішіні, көдемі, ылғалдылығы, қоспалардың мөлшері және олардың құрамы, дән ағатын құбырдың материалы, пішіні мен оның бетінің күйі) . Пішіні шар тәріздзі жылтыр бетті дәндерден тұратын астық топтары ( тары, с май, бұршақ, ас бұршақ) барынша сусымалы. Бұл пішіннен ауытқығанда астықтың сусымалылығы баяулайды. Ұзынша келген, жұқа, әжімді қабықшалары немесе гүл қауыздары бар дәндердің (астық массасының) сусымалылығы шамалы. Жеңіл және ұсақ, немесе беттері кедір-бұдырлы қоспалар астық массасының сусымалылығын төмендетеді. Астық массасы ылғалдылығының жоғарылауы оның сусымалылығынын азайтады және табиғи көлбеу бұрышын арттырады. Сақтаудағы астық массасының артық тығыздалуы да сусымалылықты төмендетеді және астық күйінің жанама көрсеткіші қызметін атқарады.

17-кестеде әр түрлі астық массасының табиғи көлбеу бұрыштарының мөлшері жөніндегі деректер келтірілген.

17-кесте. Астық массалырының табиғи көлбеу бұрышы

Дақыл
Табиғи көлбеу бұрышы, град.
Дақыл
Табиғи көлбеу бұрышы, град.
Дақыл: Бидай
Табиғи көлбеу бұрышы, град.: 23-28
Дақыл: Арпа
Табиғи көлбеу бұрышы, град.: 28-45
Дақыл: Қара бидай
Табиғи көлбеу бұрышы, град.: 23-28
Дақыл: Жүгері
Табиғи көлбеу бұрышы, град.: 30-40
Дақыл: Тары
Табиғи көлбеу бұрышы, град.: 20-27
Дақыл: Күнбағыс
Табиғи көлбеу бұрышы, град.: 31-45
Дақыл: Ас бұршақ
Табиғи көлбеу бұрышы, град.: 24-31
Дақыл: Күріш
Табиғи көлбеу бұрышы, град.: 27-48
Дақыл: Май бұршақ
Табиғи көлбеу бұрышы, град.: 25-32
Дақыл: Сұлы
Табиғи көлбеу бұрышы, град.: 31-54
Дақыл: Сиыр жоңыщқа
Табиғи көлбеу бұрышы, град.: 28-33
Дақыл: Эспарцепт
Табиғи көлбеу бұрышы, град.: 39-57

Астық массасының қуыстылығы. Қоймаларға немесе силостарға орналастырғанда астық массасы тығыз масса түзбейді: оның қатты құрауыштарының аралықтарында ауамен толтырылған бос аралықтар (қуыстар) болады. Дән және басқа қатты бөліктер мен қоспалар, басқа мәдени өсімдіктердің тұқымдары т. б. толтырылған астық массасы көлемінің бір бөлігі астықтың орналасу тығыздығын сипаттайды. Астық массасының ауамен толтырылған бөлігін қуыстылық деп атайды. Астықты орналасу тығыздығы мен қуыстылығын жалпы көлеміне пайыз мөлшерімен көрсетеді. Астық массасында қуыстылық пен ауаның болуы қуыстылықтың саналық маңызын айғақтайды. Ауаның қуыстарымен қозғалуы конвенция жолымен жылудың тарауына, астық массасында ылғалдың бу түрінде ауысуына мүмкіндік жасайды. Сақтау кезеңінде астық массасының ылғалдылығы мен температурасы өзгереді. Астық массасындағы физиологиялық мен микробиологиялық процестердің сипаты дәнаралық кеңістіктегі ауаның мөлшері мен құрамына тәуелді. Қуыстылықтың арқасында астықты кептіруге, беосенді желдетуге және газация жасауға мүмкіндік туады. Астық массасының қоймаларда орналасуының қуыстылығы мен тығыздығы астық массасының қатты құрауыштарының пішіне, серпімділігіне, мөлшеріне және бетінің күйіне, ондағы қоспалардың шамасы мен түріне, астық тобының массасына және ылғалдылығына, қойманың пішіні менс сйымдылығына, сақтау мерзімінің ұзақтығына байланысты. Ірі, ұсақ, жіңішке және қысқа дәндерден, әрі басқа бөліктерден тұратын астық массасы тығыз орналасады және біркелкі астық массасына қарағанда қуыстылығы төмен болады. Ылғалды және дымқыластық шамалы тығыздықта орналасады, әрі басқа жағдайлар бірдей болғанда құрғақ астықпен қимасы үлкен қоймада, кішіміне қарағанда тығызырақ орналасады. Сақтау мерзімі ұзарған сайын астық массасының тығыздығы артады да, қуыстылығы төмендейді. Сонымен астық массасының қуыстылық мөлшері мен орналасу тығыздығы айтарлықтай деңгейде өзгеріске ұшырай алады. Астық массасының сорбциялық қасиеттері. Астық массасы былайша алғанда жақсы сорбент: ол қоршаған ортаға әр түрлі заттар мен газдардың буларын сіңіру қабілетімен ерекшеленеді. Сорбенттер мен сіңірілетін заттардың қасиеттеріне байланысты сорбция құбылысы адсорбция, абсорция, хемосорбция және капиллярлық конденсацияны болып ажырытылады. Астық массасында сорбциялық құбылыстың барлық түрлері байқалады және оларды жеке-жеке бөліп қарастыру көбінесе қиынға соғады. Сондықтан адсорбцияның, капиллярлық конденсацияның, хемосорбцияның жиынтық нәтижесін сорбция, ал астық массасынан әр түрлі жағдайларда бу мен газдарды сіңіру қабілетінің деңгейін сорбциялық сыйымдылық деп атайды. Белгілі бір жағдайларда астық массасынан қоршаған орта кеңістігіне бу мен газдың толық неменсе бір бөлігінің булануы байқалады, мұны десорбция деп атайды. Астық массасын айтарлықтай сорбциялық сыйымдылығы жекелген дәндердің капиллярлы саңылауы, колоидты құрылымы мен бүкіл массаны қуыстылығымен түсіндірледі. Әрбір дән күшті дамыған беті бар саңылауы дене болып табылады. Дәннің әрбір жасушалары мен тканьдерінің макро және микрокапиллялары (саңылаулары) болады. Дәннің белсенді бетінің ауданы 200-250м/г, бұл дәннің нақты бетіне 200 мын есе көп деген сөз. Белсенді беттің шамасы дәнді белсенді сорбент ретінде сипаттайды. Сорбциялық құбылыстар дәннің бет жағында ғанаемес, күштірек мөлшерде әрбір капиллярдың ішкі үлескілерінде байқалады. Астық массасын тасымалдағанда, өндегенде, сақтағанда байқалатын барлық сорбциялық құбылыстарды, олардың астықтың сапасы мен сақталуына әсеріне қарай екі топқа бөлуге болады: газдар мен булардың сорбциясы және десорбциясы, су буларының сорбциясы мен десорбциясы. Астықтың сақтау кезеңінде үлкен маңызға ие болатын булар мен газдардың сорбциясына мысал ретінде онда эфир майларының, жусан мен кориандр, мұнай өнімдерінің (керосин, бензин т. б) иісінің пайда болуын жатқызуға болады. Астық массасын бастырғанда оған жусан өсімдігінің бөліктері аралассвһа, оның құрамында болатын эфир майлары астықпен жеңіл сіңіріледі де астықта жусан иісі пайда болады, кейде ыщы дәмге айналады. Астыққа тән емес бөтен иісі бар астық тобы кемшілікті топтарға жатқызылады және оларды қалыпты астықтан бөлек сақтаған жөн. Ондай астық массасын қосымша өңдеуге тура келеді, басқаша айтқанда астыққа сіңген бөтен иісті жою керек, ал мұның өзі сақтау шығынын арттыра түседі. Әр түрлі зат буларының сорбциясы нәтижесінде астық массасы сапасының төмендеуін болдырмау мақсатымен қоймалар мен тасымал құралдарының бөтен иістен ада юолуы қадағаланады. Астық массасының ауадан су буын жұтуын немес оны қоршаған орта кеңістігіне бөліп шығаруын дым жұтқыштық гигроскопиялық деп атайды. Көптеген зерттеулер мен іс*саналық деректер көрсеткендей, өндірісік жағдайдарда астық сақтау кезеңінде оның ылғалдылығының өздігінен өзгеруі байқалады. Астықты ылғалды атмосферада сақтағанда оның ылғалдылығы артады, ал құрғақта кебуі жүреді. Ұн мен жарманың физикалық қасиеттері. Ұн, жарма, кебек-астықты өндеп алынатын өнімдер. Физикалық қасиеттері бойынша (сусымалылығы, қуыстылығы, сорбциялық сыйымдьлығы мен жылулық-физикалық сипаттамалары) бүл өнімдерді астықтан айырмашылықтары бар. Ұн мен кебек әр түрлі шамадағыжәне пішіндегі ұсақ бөліктерден тұрады, әрі жоғары ішкі үйкеліс коэффициентімен ерекшеленеді. Ұн мен кебектің сусымалылығы астықтың сусымалылығынан төмен. ЬІлғалдылығының жоғарылауына байланысты сусымалылығы нашарлайды. Ұнның ылғалдылығы 16 % және одан жсғары болғанда ол аса қозғалмайтын өнімге айналады. Әр түрлі жармалардың сусымалылығы астықтың сусымалылығынан аз да, көп те болуы ықтимал. Егер дәннен гүл қауыздарын аластатқаннан кейін астыққа қарағанда беттері тегіс жарма алынса, онда сусымалылығы артады. Егер жарманың беті кедір-бұдырлы болса, астыққа қарағанда оның сусымалылығы төмен болады. Мәселен, күріш дәндері мен ас бүршақ тұқымдарының сусымалылығы олардың жармаларына қарағанда жоғары. Жарма массасында уатылган бөліктердің болуы өндірілген жарманың сусымалылығына әсер етеді. Ұн мен жарманың қуыстылығы 40-60 % шамасыңда, алайда ұн мен кейбір жарма түрлері (мәнней) ұсақ саңылаулы қүрылымға ие болады да газөткізгіштігін төмеңдетеді және массаға жәндіктер мен кенелердің енуін қиындатады. Әдетте бұл өнімдерде зиянкестер үйінді немесе капталған ұнның үстінде шоғырланады. -Ұн мен жарма әр түрлі газдар мен буларды сорбциясы мен десорбциясына қабілетгі болып келеді. Бүл астық өнімдерінің қоршаған ортадағы ауаның әсерінен сақтағанда бөтен иістерді сіңіріп ылғалдылығын өзгертуі мүмкін. Ұнтақтағанда астықтың капиллярлы-саңылаулы қүрылымынның бұзылуы, дән қабығының аластатылуы, сорбциялық сыйымдылықтың кемуіне және ұн мен жарманың ылғал сіңірішітігінің өзгеруіне әкеліп соғады. Мысалы, бір өлшем ұн массасының белсенді бетінің мөлшері астыққа қарағанда жоғары. Осыған орай массасымен салыстырғаңда ұн ауадағы су буларын анағүрлым шапшаң сіңіреді де, тепе-теңдік ылғалдылықты тезірек иеленеді. Дегенмен оның мөлшері астыққа қарағанда, ұнда төмен. Жарманың тепе-ылғалдылығы астыққа қарағанда жоғары. Бүл жармалық дақылдар астығыңда ылғалдың таралу ерекшеліктеріне байланысты. Сақтау кезінде ауаның температурасы мен салыстырмалы ылғалдылығының өзгеруіне байланысты жарма мен ұнның жекелеген қабаттарының ылғалдылығы әр түрлі болады. Бүл сақтаудағы ұн мен жарма күйіне жүйелі түрде бақылау жасау қажеттігін көрсетеді. Ұнның физикалық қасиеттерінің ерекшеліктері өндірістік жағдайларда оның ылғалдылығының өзгеру сипатына ықпал жасайды. Қаптарда сақталған ұнның ылғалдылығы олардьң ортасында біршама тұрақты болады да, тек қана қапқа жақын тұстарында айтарлықтай өзгереді. Ұнның, жарманың және кебектің жылулық-физикалық қасиеттері төмен. Жылу, температура өткізгіштігінің төменділігімен сипаталады. Сондыктан оларды сақтауға қоярда салқыңдатқан дұрыс. Температура өзгерістері болғанда ұн мен жарма топтарында, жылу ағынының бағытында ылғал қозғалысы туындайды және конденсация болуы мүмкін, ал бұл астық өнімдерін сақтағанда қауіпті қүбылыс. Конденсация нәтижесінде пайда болатын ылғалды болдырмау мақсатымен қоймаларда төменгі қаптардың астына ағаш табандықтар салған жөн.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Астықты және өнімдерді қайта өңдеудің физикалық қасиеттері
Астық түйірлері массасының физикалық қасиеті
Астық қабылдау
Астық массасының сусымалды материал ретінде механикалық қасиеттері
Сусымалы материалдарды араластыруға арналған құрылғының тиімділігін арттыру
Аралас шөп тұқымын сақтауда жүретін физиологиялық, биологиялық және микробиологиялық үрдістер
Жылу түзетін астық массасының компоненттері
Астық массасының қуыстылығы
Астықты кептіру техникасы
Дәннің құрылымы мен оның анатомиялық бөліктерінің микроқұрылымының технологиялық маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz