Мәңгі үсу аудандарын игерудегі зардаптар


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
АҚ «Астана Медицина Университеті» Экология кафедрасы
Тақырыбы: «Мәңгі үсу аудандарын игерудегі зардаптар»
Орындаған:
Тексерген:
Топ:
Астана 2011жыл
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Адам және Арктика
б) Антарктида және оған антропогендік әсер
ІІІ. Қорытынды
ІV. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Гидросфера - ғаламшарымыздың су қабаты. Оны мұхиттар мен теңіздер, құрлық суы - өзендер, көлдер, жасанды су қоймалары, мұздықтар, және атмосферадағы ылғал құрайды. Жер бетінің ауданы 510 млн. км²-ге тең. Бұл ауданның 361 млн. км²-ін немесе 71% бөлігін әлемдік мұхит алып жатыр. Ал құрлықтардың үлесіне 149 млн. км² аудан немесе планетамыздың 29% бөлігі тиесілі. Су және құрлық жер шарында біркелкі орналаспаған. Солтүстік жарты шарында құрлықтардың үлесіне 100 млн. км² немесе 39%-і тисе, ал Оңтүстік жарты шарында - 206 млн. км² немесе 81% тиеді. (әрбір жарты шарды жеке-жеке алып қарағанда) .
Арктика (грекше Арктос-«аю» Б. Шоқжұлдызы бойынша Жетіқарақшы) -Жердің Солтүстік жарты шарға және Евразияның шет жақтарына, Солтүстік Америка, Солтүстік Мұзды теңіздің басым бөлігін (Норвегия аралдарынан басқа) және Атлант пен Тынық мұхиттың бөліктерін алып жататын жалғыз физико-географиялық ауданы. Арктиканың оңтүстік шекарасы тундраның оңтүстігімен дәл келеді. Жалпы ауданы 27 млн кв км. Кей кезде Арктиканы оңтүстіктен Солтүстік полярлық шеңбермен (66˚33˝) бұл жағдайда оның ауданы 21 млн кв. км. Рельефінің өзгешелігіне байланысты:Арктикада материк тәрізді рельефтер мен Арктикалық бассейнді ажыратады. Ресей құрлығының Арктикасының рельефі көбіне жазық, ал аралдарда шығыңқы. Радиациялық баланс төмен. Жаз айларында орташа температура 0 . Мұздардың және тундралық өсімдіктердің, арктикалық шөлдердің басымдылығы байқалады. Температура қыстың ең суық айы қаңтарда 2-4 . Оңтүстік бөлігінде 25 . Баренц теңізінде 32-36 . Сібірде 45-50 Канада мен оған тиесілі Арктикалық бассейнде 55-60 , Гренландияның орталық бөлігінде 45-50 Бұл аудандардағы ең төменгі температура 60 Терең циклондар кезінде температура 2-10 Маусымдағы орташа температура 2-3 .
Адам және Арктика
Адам баласы ең алғаш рет Солтүстік мұзды мұхитқа осыдан 3 жыл бұрын аяқ басқан. Бұл қадам адам баласын түр ретінде жаңа сатыға көтерді. Аязбен ұдайы күрес нәтижесінде адамның солтүстікке бейімделген тобы пайда болды. Осынадай бейімделудің арқасында меланин гені мутацияға ұшырап, бұл жердегі адамдардың өмір сүру қабілетінің жоғарылауына алып келді. Ашық түсті тері пайда болды. Төменгі температурада адамның тіршілік етуі мен оның денсаулығын «Арктикалық медицина»зерттейді. Арктиканың халықаралық лауазымы Арктика бойынша халықаралық келісімдерде бекітілген. Ал Арктиканың өзі бес бөлікке бөлініп, Ресей, АҚШ, Канада, Дания, Норвегияның жауапкершілігіне жүктелген. Ұзақ уақыт Арктика өмір сүруге қолайсыз, су және құрлық арқылы да өте алмайтын территория саналды. Х І ғасырда орыс теңізшілері Солтүстік мұзды мұхитқа алғаш шығып, ал ХІІ-Хі ғасырда Вайгач, Жаңа Жер атанған аралдарды ашты. Он алтыншы ғасырдың басында Герасимовтың құрастыруымен алғашқы Мұзды мұхиттың картасы құрастырылды. Ұлы Сібір экспедициясының нәтижесінде Солтүстік мұзды мұхиттың барлық Сібір бөліктері зерттелді. Ресей дрейфтік полюстік станцияны пайдаланған жалғыз мемлекет. Мұндағы әр станция арктикалық мұздықтардағы стацианарлық үйшіктердің комплексін құрайды. Олардың арқасында ғалымдар Арктиканы жыл бойы зерттеу мүмкіндігін иеленді. Росгидрометтердің болжауы бойынша бұл жыл арктикалық мұздықтардың еруіндегі рекордтық көрсеткішке жетуі мүмкін. Маусым айында мұз көлемі 7. 92млн кв кмге азайды. Жаз мезгілінде мұздың азаюы циклонға байланысты десе, біреулер адамның іс-әрекетінің арқасында дейді. Дегенмен, жиырма, отыз жыл көлеміне жүргізілген зерттеулер бұл ғасырдың соңында мұздардан айырылуы мүмкін. Бірақ бұл көрсеткіш жылдамдатылып, отыз жылда еруі мүмкін дейді. Қазірдің өзінде Арктикаға бұрын мұнда тұрмаған моллюскілердің келіп жатқанын бақылаған.
Арктикада мұнай мен газдың игерілмеген өте үлкен қоры орналасқан. Ресей үшін арктикалық шельеф-көмірқышқылдық шикізаттың орнын толтыруға арналған перспективті бағыт. «Арктикалық шельеф-өте ірі және осы уақытқа дейін пайдаланылмаған мұнай қоры. Ресейдің ірі қазба орындарының ішіндегі Штокмановское, Русановское, және Ленинградское оындары батыс Арктикада орналасқан. Жалпы зерттеулер қорытындысы бойынша Арктикадағы температура басқа жердегіге қарағанда екі есе тез көтеріледі. Бұл көптеген өсімдіктер мен жануарлардың өліміне алып келуі мүмкін. Жылыну Арктиканың байрығы тұрғындарының өміріне де қауіп туғызуда. Себебі олардың тамақтануы, өмір сүруі сол өсімдіктер мен жануарларға байланысты. Арктиканың халықтарының мүддесін қорғайтын ұйым-Арктикалық кеңес. Жаһандық жылыну Арктикадағы мұздардың азаюына әкелуде. Канада ғалымдарының пікірі бойынша, 1969-2004жылдардың аралығында Канада арктикалық архипелагының аумағындағы мұз көлемі 15 пайызға азайған. Елдің батыс бөлігіндегі кей жерлерде үш есе азайған. 2004 жылғы деректерге сүйенсек, соңғы 30 жылда арктикалық мұздардың қалыңдығы орташа есеппен екі есе азайған. Көптеген мамандар ХХІ ғасырда жазда Арктиканың үлкен бөлігі мұздан азат болады, және бұл жүк тасымалында жаңа жол ашады деп ойлайды. Ал 2070жылы Жер қарлы қалпағынан түгелдей айырылуы мүмкін. Тіпті қазірдің өзінде Канада, Дания, Норвегия, АҚШ, Рессей арасында Арктикадағы көлік жолдарын бөліске салудағы үлкен жанжал тууда.
Ағыс жылдамдығының өзгерістері:
Егер алпысыншы жылдары станция дрейфінің жылдамдығы «Солтүстік жарты шар» тәулігіне екі км болса, қазір тәулігіне «Солтүстік жарты шар 34» 5-8 км .
Сөйтіп адамдардың озбырлығы мен ашкөздігі Арктиканың жойылып кету қауіпін туғызып отыр. Бұл өзгерістер адамзаттың да өмір сүруіне қауіп тигізуі мүмкін.
Бұдан шығатын қорытынды Арктиканың табиғаты қатты өзгеріс үстінде. Бұл жылы Арктика антирекордтық көрсеткіш көрсетті десек те болады. Себебі биыл мұздықтардың шекарасы минимальды болғандықтан, тура және жанама түрде жердегі полюстердің бірінің температурасының өзгерісіне әсер етеді. Бұл жылы Арктиканың қыс мезгіліндегі мұздықтардың ауданы 14. 6 миллион кв км. Бұл көрсеткіш 1979 жылдан 2000 жылға 8% ға төмен. Ғалымдарды алаңдатып отырған жәйт соңғы 10 жылда жеті рет мұз көлемінің рекордты азаюы. Мұз көлемі әр түрлі жыл мезгілінде өлшеніп, бұрынғы көрсеткіштермен салыстырылады. 1979жылдан 2011 жылға дейінгі аралықта мұз көлемінің ең алғашқы төменгі көрсеткіші 18 ақпанда, ал ең соңғы төменгі көрсеткіші 31 наурызда тіркелген. Климатты зерттеушілер мұндай антирекордтарды антропогендік фактордың әсерінен пайда болған көшетхана эффектісімен байланыстырады. Олар жағдай дәл осындай жылдамдықпен, осындай сценарий бойынша жүрсе, біраз жылдан соң Солтүстік мұзды мұхит бірнеше жыл ішінде барлық мұздан айырылмақ. Ал пайда болған су көтерілсе, жердің үлкен аймағын су басу қауіпі, тағы да басқа экожүйеге тигізер зардаптар болады. Ғылым әлемінде Арктика бүкіл әлемдегі жануарлардың өмір сүруіне ең қолайлы климатты қалыптастырушы және маңызды фактор болып табылады. Ол Жер шарының «кондиционері» іспеттес. Арктиканың мұзды беткейі ақ түсінің арқасында күннің жылулық энергиясын шағылыстырады. Мұз көлемі неғұрлым үлкен болса, мұхит бетіне бөлінетін жылу сіңіргіш сәуле де аз. Себебі ол күңгірт түсті. Арктикада мұз неғұрлым аз болса, Жер беті соғұрлым тез жылынады.
Мұзды мұхиттың балық ресурстары да өте көп. Және мұндағы теңіз жолы Еуропадан Азияға баратын ең қысқа жол болып табылады. Бірақ осы байлықтың қай мемлекетке тиесілі екенін растайтын бірде-бір ресми халықаралық құжат жоқ. Дипломаттардың келісуі мүмкін емес. Егер канадалық кеңесші Роберт Хуберттің зерттеуі дәл болса, арктикада алғашқы оқтың атылуына төрт жыл қалды.
Антарктида және оған антропогендік әсер
Антарктида(гр. қарама-қарсылық) Жер шарының оңтүстігінде орналасқан оңтүстік полюспен сай келетін континент. Антарктиданы Оңтүстік мұхиттың сулары шайып жатыр. Континенттің жалпы ауданы 14107000 93 мұздықтар, 75500 аралдар.
Антарктида деп Антарктида мен оған қатысты аралдар тобынан тұратын жер бөлігін де айтады. Антарктида ресми түрде 16 қаңтарда 1820 жылы Фадей Беллинсгаузен мен Михаил Лазаревтің басшылығындағы орыс экспедициясы ашты. Бұдан бұрын Оңтүстік полюс Оңтүстік Америкамен біріктіріліп, тек теориялық сипатта ғана бар деп саналды. Мысалы, Пирирейстің құрастырған 1513 жылғы картасындағы «оңтүстік материк». Бұл бөлікке алғаш табан тіреген 24 қаңтар1895 жылы норвегиялық «Антарктик» кемесінің капитаны Кристисен және жаратылыстану ғылымдарының мұғалімі Карстен Боргревинк болды. Антарктиданың ресми географиялық ауданы оны ашушылардың жазбасы бойынша ажыратылады. Зерттелген аудан зерттеушілердің атымен аталып, «жер» деген атқа ие болған. Антарктиданың ресми географиялық ауданы: Сән Патшайымының жері, Уилкстің жері, Викторияның жері, Мари Бэрдтің жері, Элуэрттің жері.
Антарктида Жердің ең биік континенті. Оның теңіз деңгейінен орташа биіктігі екі мың метрден асады. Батыс Антарктидада континенттің ең терең депрессиясы -Бентли шұңғымасы орналасқан. Оның мұзға толы тереңдігі- теңіз деңгейінен 2555м төмен. Көптеген зерттеулердің нәтижесінде Антарктиданың шынайы рельефі анықталды. Зерттеулер нәтижесінде материктің үштен бірі әлемдік мұхит деңгейінен төмен жатқаны белгілі болды. НАСАның зерттеулері Антарктиданың астероид текті кратер екендігін дәлелдеді. Мұз жамылғысы әлемдегі ең үлкен және гренланд жамылғысынан да асып түсіп, барлық мұздың 99%ын құрайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz