Темперамент пен мінез туралы анықтама


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Жаратылыстану жоғары мектебі

Білім берудегі менеджмент кафедрасы

РЕФЕРАТ

Пән: ӘСБ1 (Әлеуметтану, Психология)

Тақырыбы: «Адам өміріндегі темперамент пен мінездің психологиялық маңызы»

Орындаған: Болатжан Рахат

Қабылдаған: Кошкинбаев Ж. С

Тараз 2021

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Темперамент пен мінез туралы анықтамаТемперамент туралы жалпы түсінікМінез туралы жалпы түсінікАдам өміріндегі темперамент пен мінездің маңызы
  3. бейнесі мен түр - тұлғасы жағынан адамдар біріне - бірі ұқсас болғанымен, мiнез - құлқы, темперамент ерекшеліктер кабілеті мен икемдiлiгi жагынан олардың әрқайсысының өзіндік даралық қасиеттері болады Табиғатта жеке дара ерекшеліктерімен сипатталатын үш түрлі нәрсе бар оның бірі - бір түп ағаштагы 200 000 - ға жуық жапырактын бедері жагынан бір - біріне уксамай, даралык өзгешiniriмен көзге түсетіндігі екіншісі - темпераменті мінез - кұпты жагынан бiрдей ек адам болмайды, үшіншісі - дүние жүзіндегі 6 млрд адамның әрқайсысының саусак бедері біріне - бірі ұқсамайды осы деректер табиғаттағы кемелденiп жетiлген акыл - ой иесі - адамның өзіндік қасиеті мен ерекшелiгiн бiлдiред WA ербір кісінің жеке басына тән дара өзгешіліктің бірі - осы темперамент темперамент » сөзінің шығу тегіне тоқталар болсак « красис » деген грек сезін латынша - темпераментум дейді . Мұндай атаудың мән нарселердiн не заттардын мелшер шамаластыгы деген түсінікті білдіреді . Бұл өзгешілік - ең алдымен адамнын эмоциялық сезiмiндеп жане жүріс - тұрысы мен қимыл - қозғалысындагы сейлеген сөзiндеп, өзге адамдармен қарым - қатынасындағы ерекшеліктері Сейтiп, бip темпераментті жүйке жүйесінің табиги типт касиеттеріне тәуелді жеке адамга тен дара өзгешiлiк деп білеміз . Адамның мұндай езгешiлiгiнiң сыр сипатына зерттеуші - ғалымдар ерте замандарда - ақ айрықша мән берген . Адамның осындай өзгешiлiгiнiң монін ашуга алгаш кеңiл аударып, екоек жазган - ертедеп грек жұртынын дәрігер ғылымы Гипппократ ( б. з. д. 460-356 жж ) болды . Ол өз шекiрттерімен бірге организм өзгешiлiктерi денедегі « тiршiлiк шырындарына Сайланысты деп санады Ягни, олардың пікірінше, денені жылытатын - қан, салқындататын - сеп, құрғататын ет дымқылдандыратын - қара ет . Бұлар бірімен - бірі белгілі бір пропорциялык катынаста болады . Осы заттар катынасының қай мелшерде екендiгiне қарай әрбір адамның озiндiк даралык езгешiк болады Каннын пропорциялық молшеркап болса- сангвиник ( латынша - сангуис ) : сеп коп болса - флегматик ( грекше - флегма ) , от коп болса - холерик ( грекше - холе ) жоне куштi пропорция кара атте болса - меланхолик - грекше - мелайнехоле - ара от ) деп торт типке болген сол кезден бастап ғылымда Темперамент атауы тұрақты орын алды. Темперамент пен міңез туралы анықтамаТемперамент туралы жалпы түсінікТемперамент - 25 ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні - адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер. Әр адамның, баланың жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы - қозғалғыштығы - бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас - тартысты қырлары баршылық. Бірақ проблемаға байланысты көзқарастардың көпшілігіне қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындайтыны:темперамент - жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет - қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын белгілейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді. Назар аударарлықтай ерекшелік, темпераменттің әрқилы қасиеттері бір - бірімен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негізінде түрлі темпераменттің белгілі құрылымын түзеді. Сонымен, темперамент - адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы. бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс - әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және себеп - салдарына тәуелсіз бір қалыпты көрінеді. Есейген шақта да, өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді. Темперамент түрінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы өзінің ұнамды тараптарына ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп, түзетүге қаратылмай, нақты іс - әрекетте оның тиімді жақтарын саналы әрі өз орнымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталғаны жөн. Адам ежелден - ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналық бейнелер бірігін психология тарихында алғашқыдан темперамент типтері деп аталады. Темпераменттің бұл бірігімдік жүйесі өмірлік іс- әрекет Тұрғысынан өте тиімді, себебі оны пайдалана отырып, нақты тұрмыстық жағдайларда белгілі темперамент типіне жататын адамның болашақ әрекет - қылығын күні ілгері пайымдауға болады. Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы. СангвиникБұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді, сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелігіне сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады. Осындайда олар кейде оқуға жауапкершіліксіз қарайды. 3-ші сыныпта оқитын сангвиник типінің өкілін алатын болсақ, олар еті тірі, белсенді болып келеді. Сабақ үстінде тынышсыз, жиі алаңдайды, сабақта достарымен көп сөйлеседі. Сыныпта өтіп жатқан барлық жағдайларға мән беріп отырады. Достарының арасында ылғи да сыйлы және оларға көптеген қызық әңгімелер айтады. Осы оқушы жаңа ортаға тез бейімделеді. Егер берілген жұмыс немесе тапсырма жеңіл болса, оқушы оны тез орындайды, ал жұмыс қиын, қытымыр, ұзақ болса, жұмысқа суып кетеді. Егер математика сабағында есеп беріле сала сол оқушы жауабын айтса, және бұл жауабы қате болса, ол арықарай шығарып, дұрыс шешуін іздемейді, келесі жұмысқа көшеді. ФлегматикБұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Кейде флегматиктер жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті, талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ жағымсыз жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады. ХолерикБұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді. Күйгелектік сондай адамдарға тән. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті, шамданғыш болып келеді. Сондықтан холерик болған жерде ұрыстар жиі болады. Холерик темпераментінің жағымды жағы - энергия, белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы - ұстамсыздығы, қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза. Мысалы, кіші холерик оқушыдан талпыныс пен құштарлық ерекше көзге түседі. Тіпті партада мұғалімді тыңдап отырған холериктіанық мимика мен энергетикалық белгілер арқылы ажыратуға болады. Тақтада жауап бергенде, кіші оқушы бір аяқтан екіншісіне ауыстырып тұрады, өте жылдам жауап береді. Ондайлар тез істеуге, үлкен өзгерістерге құлшынып тұрады. Міне, мұғалім кезекшіні бор әкелуге жіберді делік, ол жиналып барғанша, холерик оқушы орнынан тұрып борға өзі жүгіріп кетеді. Бұл оқушы әр нәрсеге құштар, істі бастағанда, оны өте тез және беріліп істейді де, түрлі кедергілерден жеңіл өтеді. Ол өте ұстамсыз, өте қарапайым қиыншылықтар үшін күйіп-піседі, мұғалімдер мен ата-аналарына айқайлап сөйлейді. Бірақ ол агрессиялық күйден қайта қалпына келгенде, олай істеуге болмайтынын түсінеді, сонда да ол өзіне ештеңе істей алмайды. Оның ұстамсыздығы оған көп кедергі жасайды және ол үнемі достарымен ойын үстінде ұрсысып, мұғаліммен сабақ үстінде ұрсысады. МеланхоликБұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы, үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық, таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Меланхолик кіші оқушы коллектив арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоция сезімі, қабылдауы арта түседі. Мысалға мен 4-ші сынып оқушысын алайын. Ол тұйық, ұялшақ және ол ешкімге көрінгісі келмейді. Біреуден қорқып жүрген сияқты. Проблемаларды терең сезініп, көп уайымдайды. Сабақ айтып тұрған кезде қызарып кетеді, сабақты біліп тұрса да сасқалақтап жауап бере алмай қалады. Істегісі келмейтін жұмыспен айналысса, тез шаршап кетеді. Достарына көмектесуді ұнатады. Мінез туралы жалпы түсінікӘр адам сыртқы дүниенің сансыз тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп беки келе, сол адамның үйреншікті әдетіне, мінез-құлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынасының нәтижесі болып табылады. Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды. Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез бітістерінің кейде оның сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін кездері де болады. Мәселен; біреудің қатал, не тымыр болуының кезінде адамды менсінбеу, тәкәппарсыну сияқты мінез қатынастарының тұрақты жүйесі жатпай, оның темпераментінің жүйке жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал. Мінез - адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешілік. Ол - көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешіліктердің қосындысы, сонымен қатар, адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінез бітістері көп. Олардың бәрі де жеке адамның қасиеттері болып табылғанмен кез келгені мінездің бітістері болып саналмайды. Мінезді даралық өзгешеліктің өзегі, адамның негізгі тіршілік бағытының өрнегі деуге болады. Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым - қатынасының тарихы бейнеленеді. Мінез - кең мағыналы ұғым. Онда түрлі сапалар тоғысып жатады. Мінездің моральдық жағынан тәрбиелілігі, бірқлыптылығы, толықтылығы, күші мен айқындығы, салмақтылығы оның негізгі сапалары болып есептелінеді. Моральдық жағынан тәрбиеленген мінез адамды мінез-құлық тұрғысынан да, оның айналасымен байланысы тұрғысынан да сипаттап отырады. Инабаттылық, гуманизм, адамдарға қамқорлық, жолдастықты қадір тұту, жұртшылық пікірімен санаса білушілік, өзі міндетін орындаудағы жауапкершілік пен адалдық - мінездің осы сапасының негізгі компоненттері. Рухани дүниесі бай қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой-өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейді. "Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты" (Әл-Фараби) . Мінез сапаларының бірі -- оның бірқалыптылығы. Мұндай адам құйындай ұйтқып тұрмайды, оның қастерлейтіні ылғи да сөз бен істің бірлігі. Кімнің мінезі толық болса, соның мінезі бірқалыпты да келеді. Бұл екеуі мінездің егіз қозыдай, бірінен екіншісі ешқашан ажырамайтын бітістері. Мінездің тұрақтылығы адамның саяси моральдық ұғымынан, түсініктерінен туындайды. Бұл қасиеттер адамның өмір сүруінің мән-мағынасын, әрекетінің мазмұнын белгілейтін мінездің сапасы. Бірқалыпты, тұрақты мінезі бар адам басқалардың жетегінде кетпейді, оның өзінің белгілі көзқарасы, принципі, өзіндік мінез-құлқы болады, ол қауіп-қатерден бой тасаламайды, керек жерінде батылдық көрсете біледі. Инициатива мен белсенділік, достық пен жолдастық, адалдық пен шыншылдық осындай мінезді адамға тән қасиеттер. Ал мінездің күшіне мақсатқа жету жолында алда тұрған кедергілерді жеңе білуде көрінетін адам ұстамдылығының мөлшері жатады. Соңғы сапа болмаса да мінез өз мәнінде болмайды. "Бойда қайрат, ойда көз, болмаган соң айтпа саз"деп Абай тегіннен тегін айтпаған. Жақсы мінезге тән сапалардың біріне оның байсалдылығы жатады. Мінез адамның дүниеге көзқарасы мен сеніміне байланысып жатса ғана жоғарыда аталған сапалар қоры молаяды. Тек осындай мінезі бар адам ғана алдына айқын мақсат қоя алады. Соңғысы берік сенімнен туады. Мұнсыз тиянақты әрекет ету қиын. Қабілетсіз адам болмайтыны сияқты, мінезсіз де адам болмайды. Жаман болсын, жақсы болсын, әйтеуір, адамда бір мінез бітісі болады. Бірақ жоғарыда айтқандай түрлі сапалары қиысып келетін үлкен мінезді адамдар жиі кездесе бермейді. Біреуде ол жағы, біреуде бұл жағы жетпей жатады. Адам, сондай-ақ, түрлі жағдайда түрліше қылық көрсетуі де мүмкін. Осыған қарап оның мінезі тұрақсыз екен деп бағалай салуға болмайды. Өйткені ол әншейінде батыл, жігерлі болмағанымен, бірде осындай қасиеттерімен көзге түсуі мүмкін. Мінез үшін тұрақты қасиеттердің мәні өте зор. Мәселен, барлық жерде де адам тәртіп сақтай алатын болса, тек сонда ғана тәртіптілікті сол кісінің мінез бітісі деп санауға болады. Адам өміріндегі темперамент пен мінездің маңызы

Әр адам өз темпераментінің жақсы жақтарын біліп, нашар жақтарынан арылу жолдарын қарастырса, сөйтіп өз темпераментін меңгере алатын халге жетсе бұл осы адамның сана сезімінің жақсы көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Ал, керісінше адам темпераментіне еріп, өзіне-өзі ие бола алмаса, темпераменттің қайсысы болсын адамды ұнамсыз етіп көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаның даралық психологиялық ерекшеліктері
Индивид ­биологиялық түр өкілі, жеке тірі пенде
Дифференциалды психология бойынша оқу-әдістемелік материалдар
Темперамент және мінездің теориялық негіздері
Темперамент типтеріне жалпы сипаттама
Тұлғаның жеке-дара өзгешеліктері
Психикалық құбылыстарды жіктеу
Темперамент туралы дәрістер
Темперамент жайлы ұғым
Мотивацияның психологиялық теорияларына шолу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz