Жануарлардың азықтардан улануы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Азықтардан улану

Орындаған:Манас Рахат ВМ 20-07
Қабылдаған: Умбетжанов Қ.

Нұр-Сұлтан 2021ж
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Жануралар ағзасындағы улану
2. Улану процессі, удың таралуы
3. Жануарлардың азықтардан улануы
Қорытынды

Улану деп - жануар ағзасына улы заттар енгенде болатын патологиялық өзгерістерді айтамыз. Улану уақыты жіті және созылмалы болып бөлінеді. Жіті улану - құстарда немесе жануарларда клиникалық белгілердің кенеттен байқалуымен және ауыр жағдайда өтуімен сипатталады, ол көбінесе кенеттен болатын өліммен аяқталады. Жіті улану кезінде ағзаға түскен удың уыттылығы мен ағзаның жағдайынның шешуші маңызы бар. Созылмалы улану - көбінесе клиникалық белгілердің жасырын өтуімен және жануарлардың жалпы жағдайының аз ғана өзгеруімен сипатталады. Ағзаға ұзақ уақыт ішінде, улы заттардың аз мөлшерінің енуі, созылмалы уланудың негізгі себебі болып табылады. Созылмалы улану, жануарлардың өлуіне әкеп соқтырмайды, бірақ олардың өнімділігін айтарлықтай төмендетеді. Бұдан бөлек, мұндай жануарларды союға мәжбүр болған жағдайда, олардың етінде у қалдығының аздаған мөлшерінің кездесуі мүмкін екенін ескере отырып, олардан алынған етке сақтықпен қараған жөн . Бұл, әсіресе, паренхиматозды мүшелерге және бірінші кезекте, бауырға тән. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығындағы пестицидтердің кең таралып, нығаюына байланысты, улы заттардың өсімдіктерден адам ағзасына жануарлар арқылы енуі маңызды мәселе болып отыр. Медициналық токсикология бұл проблемаға ертеден-ақ үлкен көңіл бөлуде.
Удың ағзаға ену жолдары және таралуы. Улы заттардың ағзаға ену жолдары, сіңу жылдамдығы аса маңызды болып саналады. Ағзаға удың ауыз арқылы ену жолы негізгі маңызға ие. Қарында улы заттар азықпен, қарын сөлімен, ондағы микрофлоралармен араласады. Мұның бәрі қарынға түскен улы заттардың физикалық - химиялық құрылымына және уытттылығына әсер етеді. Мысалы, құрамында алколойдтары бар өсімдіктер қарынға түскенде азық есебінен уыттылығын жоғалтады, ал каломель қарында уытты әсер ете алмайды, бірақ кейбір жағдайларда сулемаға айналып кетуі мүмкін. Өз кезегінде, ол өте уытты. Құсқан кезде қарыннан улы заттар шықпаса, онда кілегей қабықтардың сору қабілеті нашарлап, у ащы ішекке, одан ары қанға, қан арқылы бауырға өтеді. Тоқ ішекте ащы ішекке қарағанда удың сорылуы аз деңгейде болады. Улы заттар жергілікті және жалпы әсер етеді. - Жергілікті әсер еткенде улы заттар сол жердегі ұлпалармен ғана байланысқа түседі. - Ал жалпы әсер еткенде улы зат қанға түседі де, бүкіл ағзаға таралады және жекелеген мүшелер жүйесін зақымдайды да, клиникалық белгілері пайда болады. Улы заттар мал ағзасына талғамалы әсер еткенде жүйке жүйесін, ас қорыту жолдарын зақымдайды, бұл улы заттардың ағзаға таралуының негізгі көрінісі болып табылады. Улы заттардың резорбтивті (қанға сіңгеннен кейінгі) әсері ағзаның қан тамырлар жүйесімен тығыз байланысты болады. Қандағы өзгерістер қозу және тежелу түрінде білінуі мүмкін. Қан улы заттарды бүкіл ағзаға тасымалдайды және жүйке ұлпасына да жеткізеді, жүйке қызметінің бұзылуы, қатерлі белгілер пайда болады. Ағзаға түскен улы зат ұлпалармен өзара әрекеттесу барысында көптеген өзгерістерге ұшырайды. Бұл өзгерістер удың физиклық - химиялық қасиеттерімен анықталады, сондай-ақ ағзаның залалсызданыдыру мүмкіндігіне немесе удың бөлінуіне де байланысты болады.
Улануды клиникалық бағалау және болжау. Жануарлардың улануының басқа аурулардан айырмашылығы, оның өзіне тән өту сатысы және ерекшелік сипаттары бар. Олардың негізгілері болып мыналар табылады: -аурудың аяқ асты болуы, қарқынды өту кезі және ауырған жануарлар мен құстардың жіті өлімі. -аурудың азық қабылдаудан болуы (немесе соған тәуелділігі) -бірнеше жануарлардың бір уақытта улануы (ауруы). -контагиоздың болмауы (жұғымталдығы). -жүйке, ас қорыту жүйесі жұмысының бұзылу белгілерінің білінуі. Улануды балау айтарлықтай қиыншылықтарды көрсетеді. Улануға тек клиникалық белгілеріне қарап, балау қоя беру әрқашан мүмкін бола бермейді. Улануға балау қоюдағы бірінші кезектегі міндет- шаруашылықта жұқпалы арулардың бар-жоқтығын ескеру қажет. Өйткені, жұқпалы аурулар мен уланудың клиникалық белгілері бір-біріне өте ұқсас болып келеді. Мысалы, жұқпалы ауру шыққан шаруашылықтардағы малдарға уланған деп балау қойсақ, нәтижесінде малдардың жаппай қырылуы, ал керісінше, уланған малдарды жұқпалы аурумен ауырған деген шешімге келсек немесе балауда кеткен басқа да қателіктер шаруашылыққа карантинмен, шектеу шараларымен аяқталатын үлкен экономикалық шығын немесе зардап әкеледі. Улануға және инфекциялық ауруларға ажырата балау қоюда дене температурасын өлшеудің маңызы зор. Мысалы, уланудың басым көпшілігінде, жануарлардың дене температурасы қалыпты немесе қалыпты мөлшерден төмен болатын болса, ал инфекциялық ауруларда керісінше, температура әдетте жоғары болады. Улануға клиникалық балау қойғанда төмендегі екі белгі дұрыс бағыт беруі мүмкін: 1. Ас қорыту жүйесіндегі өзгерістер - пальпация кезінде ауырсыну, құсу, іш өту (газ жиналу - тимпания). 2. Жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы - талма, қозу және қысылу, жоғары сезімталдық (гиперестезия) , т.б. Улануға балау қоюда несеп бөлінудің бұзылуы және несеп құрылысы мен қасиеті өзгерісінің айтарлықтай маңызы бар. Нитраттармен уланғанда несеп бөліну бұзылып, полиурия, гематурия; сынап қосылыстарымен уланғанда олигурия секілді белгілер білінеді. Хлораттар мен нитраттардан, сондай-ақ люпиннен, еркек у сасырдан және басқа өсімдіктермен уланғанда несеп түсінің өзгеруі байқалады. Уланудағы байқалған кейбір белгілерге қарай салып жануарлардың улануына балау қою мүмкін емес. Нақты балауды төмендегідей белгілерге қарап қоюға болады: -мал өлексесіндегі клиникалық белгілер. -сойғандағы патологиялық-анатомиялық өзгерістер. -химиялық-токсикологиялық талдаудың нәтижесі (азық қалдығы, құсық массасы, несепті, патологиялық материалдарды, химикаттарды тексеру нәтижесі). Жануарлардағы улануды болжау әртүрлі болады. Ол көптеген себептермен анықталады, басты себептері болып мыналар саналады: - Удың белсенділігі. - Ағзадан улардың тез шығуы немесе олардың бейтараптануы - Ағзаға енген удың мөлшері және оның құрамы (концентрациясы, жағдайы). - Ағзаның физиологиялық дәрежесінің бұзылуы. - Удың ағзаға әсері және енген кезде байқалатын реакциясының көрінуімен сипатталатын клиникалық белгілер, болжау шешуші факторы болып табылады. Ағзаға енген удың концентрациясына, олардың түрлеріне, малдың жалпы жағдайына және клиникалық белгілеріне байланысты болжау кебір жағдайларда қолайлы, кейде қолайсыз болып табылады. 3. Улану кезінде көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек. Улану, басқа жұқпалы аурулардан айтарлықтай белгілермен ерекшеленетін категорияға жататын ауру. Жіті улану күтпеген жерден болады. Сондықтан да, улануды емдеуде шешуші маңызы бар алғашқы көмек, уланған жануарға дер кезінде көрсетілуі керек. Уланған малға алғашқы көмекті дәрігер келгенге дейін, мал шаруашылық мекемелерінің жұмысшылары көрсетуі тиіс. Ол үшін: 1. Жануар ағзасына удың ары қарай түсуін тоқтатуы 2. Ағзаға еніп кеткен удың әсерін төмендету 3. Уланған жануар өмірін сақтайтын шаралар қолдану 4. Басқа жануарларда улану белгілері басталмай тұрғанда, күмәнді азықты алып тастап, сол ... жалғасы
Улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмекУланудың алдын алуҚорытындыПайдаланылған әдебиеттерКіріспеЖануарлар өсімдіктерден және минералды улардан улануы мүмкін. Ауылшаруашылық жануарларының улануының басты себебі минералды улар болып табылады, ауыл қожалықтарында зиянкестермен күресу кезінде. Бұндай уларға, фосфорорганикалық қосылыстар(хлорофос, карбофос, метафос, метильмиркаптофос және т.б.), хлорорганикалық қосылыстар(гексахлоран, гексохлорбензол және басқалар), мышьяктүзуші қосылыстар(арсенат және натрий арсениті, кальций, париж аскөгі және т.б.), сынап препараттары(гранозан, меркуран), металтүзуші препараттар(күкіртқышқылды метал, хлорқышқылды метал, бордо сұйықтығы және басқалары). Бұлар пестицидтар. Пестицидтармен уланған ауылшаруашылық жануарлары тасымалдаудың инструктивті ережелерін дұрыс сақтамағанда туындайды, бұл заттарды қолдану және сақтау, сондай-ақ, жануарлардың қораларына өздерімен бірге ластанулар кіргенде. Уланулардың белгілері көптеген жануарларда азықтандыру, суару немесе емдеуден кейін кенет пайда болады. Анамнез кезінде ауру және өлтіруге мәжбүр болған жануарлар, мүшелердегі және ұлпадағы пат-анатомиялық өзгерістер ветеринарлық дәрігер аурудың себептерін қояды, ал күмәнді жағдайда ауру және өлтіруге мәжбүр болған жануарлардың шынай себептері түсіндіріледі. Улануға күмәнді жанаурлардың шығу көзін анықтайды. Егер, ол жайылымда өтсе, онда оны улы шөптерге зерттейді, улы химикаттардың уақытша жиналу орны, өнеркәсіптік және техникалық шығынның орнын зерттейді. Егер, улану қолда ұстаған жағдайда болса, азықтардың қалдықтарынан сынама алады. Өлтіруге мәжбүр болған жануарлардан материал алады және химиялық және бактериологиялық зерттеуге зертханаға жібереді. Өлтіруге мәжбүр болған жануарларға, жағдайын көрсететін акт толтырылады, ауру қалай өршігені туралы, клиникалық белгілер, емдік шаралар, мүшелердегі және ұлпадардағы патанатомиялық өзгерістер, күмәнді диагноз және зертханалық зерттеу жүргізуге міндетті. Актта сондай-ақ, зертханалық зерттеулердің қорытындысын алғанша, иемденуші етті салқындатып консервіленген немесе мұздатылған түрде сақтау керек, онда иемденуші ветеринар мамандарға зертханалық зерттеу кезінде еттің бұзылғандығы үшін талап қоя алады. Уланудың союдан кейінгі диагностикасы. Мүшелердегі және ұлпалардағы патанатомиялық өзгерістер уланған жануарларда өзгерісінен қаралып жатқан 177 басқа ауруларға қарағанда ерекшеленбейді. Улардың көбі ұлпалар мен мүшелерде дистрофиялық және қабыну үрдісін шақырады. Бауыр үлкейеді, созылыңқы, сазды немесе қою-қоңыр түсті болады. Өт қабының кілегей қабықтарында нүктелі қан құйылулар болады. Жүректе, өкпеде, бүйректе, бауырда қан құйылу болуы мүмкін. Бүйрек ұлғаймаған, бос, қыртысты немесе милы қабықтың шектетері тегістелген. Ішек-қарын жолының серозды кілегей қабықтарында әртүрлі формада және қарқынды қан құйылу болады. Лимфа түйіндері кейде ісінген, кескенде сиренді-ашық-қызыл реңге боялады, қан құйылулар байқалады. Мүшелер мен ұлпаларда спецификалық өзгерістер кішкене улануларда пайда болады. Шошқалардағы улануының сипатты өзгерістері бұл сары түсті сүйек буындарының беткейі және несеп көпіршігінің кілегей қабығының гиперемиясы, күшәләмен улану - кілегей қабықтарының сарғаюы, пекринді және азот қышқылды улану кезінде, акридинмен - ішкі мүшелердің және еттердің сары реңге боялады. Зертханалық зерттеулер. Әкелінген материалды қорабынан шығарады, оны мөлшеріне тексереді, берілген ілеспе хаттармен, оның сыртқы түрін, түсін, тығыздығын, иісін қарайдыЖануардың улануға ұшырауы кезіндегі, патологиялық өзгерістерге ерекше мән береді. Содан соң, сынаманы бактериоскопиялық және бактериологиялық зерттеуге, кейін химиялық зерттеуге жібереді. Әрбір сынаманы жеке алып зерттейді. Екіншілік инфекцияның қорытындысына, адамдағы ішек ауруларын шақырылуына бактериологиялық зерттеулер жүргізеді. Жануарлардың улану кезіндегі етке және субөнімдерге санитарлық бағаны химиялық-токсикологиялық анализ қорытындысы бойынша, биохимиялық, органолептикалық және бактериологиялық зерттеу жібереді. Санитарлық бағалау сонымен қатар, улануды шақыратын токсикалогиялық заттардың сипатына байланысты. Сол себепті, барлық токсикалогиялық заттарды үш топқа бөледі. Бірінші топқа токсикалық заттар кіреді, еттегі және субөнімдердегі осы заттар жіберілмейді(сары фосфор, циянид, метафос, тияфос, гранозан). Екінші топқа улы химикаттар, ет және ет өнімдеріндегі рұқсат етілген мөлшері. 1 кг етке берілетін мөлшері мг: шошқада - 1, сүрме - 10, аммиакты силитра -100, барий -300. Үшінші топқа, азықтық мақсатта қолдануға рұқсат етілген уланған еттер. Бұл топқа өсімдіктер, эфир майы, сапониндер және смала, фотодинамикалық әсерлі заттар(қарақұмық, тары, беде), улы және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МАЛДАРДА
Ауыл шаруашылығы саласында қолданылатын токсиндік заттардың жануарлар организіміне түсу жолдары туралы
Жануар тектес азық
Азықтардан улану
Уланған кездегі ветеринариялық-санитариялық шаралар
Құрамында гликозидтері бар өсімдіктер
Организмде витамин жеткіліксіздігін тудыратын өсімдіктермен улану
Удың ағзаға ену жолдары
Күнжарамен улану
ФОҚ биохимиялық қасиеттері
Пәндер