Саналы сұрыптау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Аутбридинг және инбридинг туралы түсінік және оларды селекцияда қолдану

Орындаған:Манас Рахат ВМ 20-07
Қабылдаған: Нұрғазы Қуат

Нұр-Сұлтан 2021ж
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Инбридинг және аутбридинг деген не?
2. Аутбридинг пен инбридингтің селекцияда қолданылуы
Қорытынды

Инбридинг (ағылшынша іn - ішінде және breedіng - будандастыру) - бір популяция аумағындағы жақын түрлердің будандасуы. Жақын туысты будандастырылатын организмдерде қандай да болмасын гендегі аллельдердің (гендер жұбының бірі) бірдей формасының көріну мүмкіндігі жоғары болады. Осыған байланысты, жақын текті будандасудың деңгейі өскен сайын гомозиготалы организмдердің пайда болу жиілігі де артады. Өсімдіктерде табиғи инбридинг өздігінен тозаңдану кезінде жүзеге асады. Айқас тозаңданатын өсімдіктердегі инбридинг - ырықсыз (мәжбүрлік) тозаңдану деп аталады. Бұл инбредті (туыс дарабастарды шағылыстыру кезінде пайда болушы) депрессияға, яғни дарабастардың өмір сүру қабілеттілігінің және өнімділігінің төмендеуіне әкеледі. Инбредті депрессия рецессивті летальді (өлімге душар ететін) гендерге, сондай-ақ, организмнің тіршілік ету қабілеттігін төмендететін гендердің гомозиготалы қалыпқа ауысуына байланысты болады. Мысалы, жүгері, картоп, капустаның өздігінен тозаңдануы нәтижесінде өсу деңгейі, жеміс беруінің төмендеуі, әр түрлі ауытқулары байқалады. Инбридингке байланысты депрессия, көбінесе, бірінші ұрпақта көрінеді де, белгілі бір деңгейге жеткеннен кейін, әрі қарай дамымайды. Инбредті дарабастар қалыпты гендері бойынша гомозиготалы болғандықтан, бағалы белгілерімен сипатталатын гендер де келесі ұрпаққа тұрақты беріліп отырады. Екі немесе бірнеше инбредті линияларды будандастыру бірнеше буданды (гибридті) ұрпақтың гетерозисіне әкеледі. Мысалы, жүгерінің тетрабуданы - төрт инбредті линиялардың будандасуынан пайда болатын өнім. Ол жай сорттарға қарағанда өнімді 30 - 60%-ке жоғары береді. Мал шаруашылығындағы инбридинг - жақын текті жануарлардың шағылысуы болып табылады. Мұны мал шаруашылығында ұзақ уақыт қолдану, жануарлардың тіршілік қабілетінің төмендеуіне, организмнің кейбір ауруларға қарсы тұру қасиетінің кемуіне, олардың беретін өнімі мен сапасының нашарлауына, мутантты ұрпақтардың пайда болуына және төлдерінің өлі тууына әкеледі. Тәжірибеде инбридингті жиі қолдану - организмде әр түрлі тұқым қуалайтын аномалиялардың көрінуіне әкеледі. Мысалы, селекцияда өсімдік сорттары мен асыл тұқымды малдың бағалы белгілерін сақтау мақсатында инбридингтің орташа деңгейі ғана қолданылады.Инбридингтің жоғары деңгейдегі қолайсыз салдары - генетикалық жағынан туыс адамдардың некелесуінің дұрыс еместігіне негіз болады. Ағайын адамдар арасындағы некелесу - олардың балаларында сирек байқалатын тұқым қуалайтын аурулармен ауыруына, мүгедектікке, өлі туу, өліп қалуға әкеледі. Инбридинг рецессивті аллельдерді шығару үшін, көптеген аллельдері бойынша гомозиготалы организм (таза линия) және асыл тұқымдар алу үшін, сорт ішінде аллельдерді сақтау үшін, популяцияда әр түрлі белгілерді анықтау үшін қолданылады. Өсімдіктер селекциясында осы мағынаға сай көбінесе инцухт (немісше Іnzucht) - термині қолданылады. Бұл - организмдердің бір популяциясындағы туыстығы өте жақын формаларды шағылыстыру болып саналады.Инбридинг дегеніміз -- туыстық жақындығы бар жануар-ларды жұптастыру жүйесі. Туыстас малды жұптастыру тұқымды таза өсіруде, тұқым түзуде, аталық іздер бойынша өсіруде кеңінен қолданылатындықтан, оның тұқым асылдан-дыру жұмыстары жүйесінде алатын орны мен мәнін қарастырайық. Инбридинг жөніндегі ілім ертеде-ақ пайда болған. Арабтарда XIII ғасырда-ақ инбридингтің асыл тұқымды жылқылардың ұрпағына теріс әсер ететінін көрсететін көптеген фактілер жинақталған. Адамдар қан араласуының зиянды әсерін білген де туыстас малды жұптастыруға тиым салатын қатаң заңдар да қолданған. Алайда, жоғарыда айтып өткеніміздей, капитализмнің даму кезеңінде көптеген елдерде тұқым түзілу процесі қауырт басталды. Рынок талаптарына сай келетін жаңа тұқымдар шығару инбридингті кеңінен пайдалану арқылы жүзеге асырылды. Тұқымның негізін салушылардың бірқатар ұрпақта бекітілуі, әдетте, тығыз инбридингті қолдану арқылы жүргізілді. Шортгорн тұқымының негізін салушы Губбактың, жылқының орлов тұқы-мындағы Барс 1-дің, шошқаның украиндық далалық ақ тұқымындағы Аскания 1-дің тұқым қуалаушылық қасиеттерін бекіту жұмыстары да осылай өткен. Өткен ғасырдың белгілі селекциөнері Р. Беквелл тұқымның негізін салушылардың аса көрнекті қасиеттерін ұрпағында орнықтыру мақсатында кез-келген дәрежедегі инбридинг пайдалануды жаңа тұқымдар шығарудың негізі деп есептеді. Инбридингті жануарларды мол азықтандыруға ұштастыра отырып, экстерьері жөнінде мақсатты сұрыптау және аталықтар ұрпағының қасиеттеріне қарай бағалауда қолдану Р. Беквеллге зор абырой әкелді. Ол және оның шәкірттері ірі қараның (шортгорн және герефорд), жылқының (шайр), қойдың (лейстер), шошқаның (ірі ақ) тамаша тұқымдарын шығарды. Х. Уайтсон ірі қараның абердин-ангус етті тұқымын шығаруда да инбридинг пайдаланды. А.В. Ланина Х. Уайтсонның табынында не бары 6 тоқал қара сиыры, 10 тайынша мен бір ғана бұқа ұстағанын атап көрсетеді. Ол сондықтан да тығыз инбридингті қолдануға мәжбүр болған. А.Х. Орлов пен В.И. Шишкин орловтың желісті жылқысын шығаруда инбридингті шебер пайдаланған. Олар тұқымның типін өзгерту және туыстас малды жұптастырудың зиянды салдарын бәсендету мақсатында тығыз инбридингті және аталық іздер бойынша өсіруді, сондай-ақ будандарды бастапқы тұқымдардың (голланд) бірімен қайталап будандастыру тәсілін пайдаланды. С.И. Бестужев ірі қараның бестужев тұқымын шығаруда әр түрлі типті және туыстық дәрежесі түрліше инбридинг қолданды. Алайда тығыз инбридингті өте кең, кейде ойланбастан, ешқандай мақсатсыз қолдана беру көптеген зауытшылар үшін үлкен зиян келтіргеніне де назар аудару керек. Тығыз инбридингті жүйесіз қолдану жануарлардың өнімділігі мен өсімталдығын, дене бітімінің мықтылығын кемітті. Жақсы табындар жүдеп, нашарлай бастады, оның ішінде мысалы, дүние жүзінің басқа да елдеріне жеткізілген малдың әйгілі шортгорн тұқымының сапасы төмендеп кетті. Осының нәтижесінде инбридингке деген көзқарас та өзгерді. Сөйтіп бұл әдіске күдікпен қарай бастады. Р. Беквеллдің шәкірттері ағайынды Коллингтер шортгорн тұқымында туыстық жұптастырудың зиянды салдарын өз замандастарынан ертерек түсініп, бұл жануарларды, тіпті, галловей тұқымының бұқаларымен будандастыруға мәжбүр болды. Ол кезде туыстас малды жұптасты-рудың зиянды зардаптарының себептерін түсіндіретін теория болмаса да, инбридингтен сақтана бастады. Инбридингке деген ынта XIX ғасырдың аяғында ғана қай-тадан көтеріле бастады. Тұқыммал кітабын талдау, көптеген зауыттық тұқымдардың шығу тарихын зерттеу тұқым түзілуіндегі инбридингтің тиімді ролін көрсетті. П.Н. Кулешов ұзаққа созылатын тығыз инбридингті тиімсіз деп есептегенімен, туыстас мал жұптастыру әдісін қолдануды ашық қорғап шықты. Алайда желісті жылқылардың орлов тұқымын шығару мысалында П.Н. Кулешов, одан соң Д.А. Кисловский тұқым шығаруда ғана емес, сонымен бірге тұқымның әйгілі аталық іздерін қалыптастырып, жетілдіруде де қалыпты инбридингтің пайдалы болатынын көрсетті. Тұқым түзудің ғылыми әдісінің негізін қалаушы М.Ф. Иванов та инбридингті селекциялық жұмыстың қажетті әдісі деп есептеді. Генетиктер XX ғасырдың басынан инбридингтің ролі мен маңызы, оның биологиялық мәні жөніндегі мәселені шеше бастады. С. Райт теңіз шошқаларына жүргізген тәжірибелерінде инбредтелген 23 семьяда 20 ұрпақ (буын) бойы ағасы х қарындасы үлгісімен туыстас жұптастыру қолданған. Инбредті 20 ұрпақ (буын) теңіз шошқаларын өсіру барысында 35 аталық іздің 27-сі жойылып кеткен. Қалған аталық іздердің тіршілік қабілеті, тірілей массасы мен өсімталдығы кеміген. Инбредті аталық іздердің жануарларын өзара шағылыстыру ұрпақтың сапасын біраз жақсартуға да себепші болған. Мал тұқымын жақсартуда инбридингті қолдану жөніндегі С. Райт қорытындыларының өте зор маңызы бар. Әдеттегі селекциямен тұқымды генетикалық жақсартудың өте баяу өтетіні мәлім. Инбредті аталық іздерді шығару, кейін оларды өзара будандастыру (аталық іздер кросстары) бастапқы популяцияға қарағанда, едәуір жоғары класты гетерозиготалы популяция алуға мүмкіндік береді. Бұған жай селекция арқылы жету өте қиын. Популяцияны одаң әрі жақсарту бүкіл процесті қайталауды қажет етеді, яғни жаңа инбредті іздерді окшаулауды, оларды будандастыруды және жаңа популяциялар шығару үшін таңдаулы кросстарды сұрыптауды талап етеді. Бірқатар американ ғалымдары инбредті популяцияларда инбридингті 1% арттырудың өзі ғана тауықтардың жұмыртқалағыштығын кемітіп (0,4 жұмыртқаға), олардың балапан-дарының өлім-жітімін арттыратынын (орта есеппен 0,55 пайызға) анықтаған. Глембоцкийдің мағлұматарына қарағанда, қойдың прекос тұқымын инбредтегенде іш тастаған саулықтардың саны туыстас емес малды жұптастырумен салыстырғанда 2 есе көп болған. Инбридингтің ұрпақ қасиеттеріне теріс әсер ететіні ірі қарадан да анықталған. Мәселен, Нильсон-Эле мен Д. Лаш инбредті жануарлардың өсуі бастапқы даму кезеңінде баяу болатынын атап көрсетеді. Лейбен Калифорнияда инбридингті ірі қарада пайдаланудың көп жылдық тәжірибелерінің мағлұматтарына сүйене отырып, инбридинг артуының әрбір пайызына сүттілік 210 фунтқа, ал сүт майы мөлшерінің 0,9 фунтқа кемігенін хабарлайды. О.А. Иванова мен Е.Я. Борисенко инбридингтің сиырлар өсімталдығы мен бұзаулардың тіршілік қабілетіне теріс әсер ететінін анықтаған. Ғалымдардың көптеген жануарларға жүргізген көлемді зерттеулері бірқатар шаруашылыққа пайдалы белгілері нашарлап бара жатқан ұрпақтың қасиеттеріне тығыз инбридингтің теріс әсер ететіні жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Туыстас малды жұптастырудың зиянды әсерін инбредтік депрессия немесе инбредтік дегенерация деп атайды. Белгілі бір тұқымның ішіндегі әр түрлі популяцияларға инбридинг түрліше әсер етеді, инбредтік депрессия дәрежесі әр түрлі болады. Бұл популяцияның бастапқы гетерозиготалылығының түрліше болуына байланысты, өйткені ол жануарлардың жоғары тіршілік қабілетін, өнімділігін және мықты дене бітімін қамтамасыз етеді. Шошқа, жылқы және құс инбридингтің зиянды зардаптарынан күшті зиян шегеді. Кезінде Ч. Дарвин өзінің 10 жылдан астам уақыт бойы жүргізген бақылаулары мен тәжірибелерінің негізінде тіршіліктің ұлы заңын тұжырымдады. Бұл заң бойынша бүкіл жандының бәрі өздерімен қандық туыстығы жоқ дарақтармен кездейсоқ будандасудан пайда табады, ал ұзаққа созылатын туыстастардың жұптасуы зиян келтіреді. Ч. Дарвин туыстас жануарлардың жыныс клеткаларының өте ұқсастығы инбридингтің зиян келтіруінің басты себебі деп есептеді. Мұндай ұқсас жыныс клеткаларының қосылуынан организмнің қоршаған ортадағы өзгеріп отыратын жағдайларға бейімделуін тарылтатын жұтаң тұқым қуалаушылық пайда болады. Туыстас жануарлардың жыныс клеткаларының жеткілікті дәрежеде әр түрлі сапада болмауы - инбредтік депрессияның (Дарвин бойынша) негізгі себебі. Осы заманғы генетика тұрғысынан қарағанда туыстас малды жұптастырудың зиянды әсер ету себебі инбредті жануарларда гомозиготалылықтың өсуі болып табылады. Генетиктер организмде өлімге душар ететін гендердің болатынын және олардың, әдетте рецессивті күйде кездесетінін анықтады. Инбридинг кезінде гомозиготалылықтың күрт артуына байланысты мұндай гендердің гомозиготалы күйге өту мүмкіндігі де артады, ал бұл инбредті жануарларда ауытқушылықтың тууына себепші болады. Инбридинг кезіндегі гомозиготалық тіршілік қабілеті төмен рецессивті гомозиготалардың пайда болуына, гетерозиготалардың жиілігінің кемуіне (бұл организмнің тіршілік қабілетін айтарлықтай кемітеді), гендер комбинациясының өзгеруіне ұштасады. Әр түрлі авторлардың мағлұматтарын қорыта келе, ірі қарада инбридинг кезінде 40-тан астам гомозиготалы летальды, кемістіктері мен ауытқушылықтары -- тұқым қуалайтын кариотиптері кездеседі деуге болады. Біздің асыл тұқымды мал табындарымызды бұлардан тазарту қажет. Сиырларда олардың көбею қабілеті мен өсімталдығына әсер ететін, туа біткен 23 кемістік табылған. Инбредті аталықтарды қарқынды пайдаланудан табын мен тұқымдағы рецессивті летальдардың тез таралуы мүмкін. Мәселен Е.К. Меркурьеваның хабарлауынша, Швецияға Нидерландыдан әкелінген Дольф атты голштин бұқасы жүнсіздік генін таратушы болған, ал А100 - А - 48 остфриз бұқасы бұзаулаудың аяқсыз туатын генін таратқан. Бұл аталықтар асыл тұқымды табындарға көптеген зиян келтірді. Инбридинг кезінде көбіне жануарлардың тіршілік қабілеті мен олардың өнімділік артықшылықтары үшін аса маңызды болып табылатын аллельдердің жойылуы байқалады. Олардың жоқтығы да инбредті депрессияның себебі болуы мүмкін. Инбридинг кезіндегі биологиялық процестер тұқым қуалаушылық үшін ізсіз өтпейді, олар оны өзгертеді. Алайда мұндай өзгерістерді организмнің бір жақты зақымдалуы ретінде қарастыруға болмайды. Бұл өзгерістер организмді тіршілік процестері өтетін басқаша жағдайларға қояды, организм олармен әрекеттесіп, жеңіп шығуға тырысады. Егер ол жеңіп шықса, онда тұқым қуалаушылықта жаңа белгі пайда болады. Инбридингте жаңа белгілердің пайда болуы тек мутациялардың есебінен жүзеге асады. Инбридингтің әсерімен организмде терең анатомиялық-физиологиялық қайта құру жүреді, ол организмнің қарсы тұра алушылығы мен өсімталдығын кемітіп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Селекцияның негізгі әдістері: сұрыптау, будандастыру және мутациялық селекция
Селекцияның генетикалық негіздері
Егістік жұмыстардың технологиясы себу, күтіп-баптау, сұрыптау, жинау және есептеу
Селекция туралы жалпы түсінік
Чарлз Дарвиннің эволюциялық теориясы
Ұлттық журналистикаға қатысты еңбек
Эволюциялык идеялар
Адамның дамуы, геннерализациялау, демография
Оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамыту
Нағыз тұрмыстық қалдықтар
Пәндер