Витаминдердің физиологиялық рөлі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ"
"ВЕТЕРИНАРИЯ ФАКУЛЬТЕТІ"
"Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы" кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Витаминнің қажеттілігі және физиологиясы

Орындаған: Манас Рахат ВМ 20-07
Тексерген: Жумагалиева Гулшад

АЛМАТЫ 2021
Жоспары:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Витамин түрлері, қажеттілігі
2. Витаминдердің физиологиялық рөлі
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Дәрумендер (Витаминдер) дегеніміз - барлық тағам мен азық - түлік өнімдерінде, жем - шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар ағзасында бірқалыпты тіршілік үшін өте қажет төменгі молекулала органикалық заттар. Астық құрамында витаминдер аз мөлшерде кездескенімен, олардың ағзаға тигізетін әсері өте үлкен.
Егер үнемі тамақтың бір түрімен ғана қоректену, сондай-ақ ұзақ уақытқа созылған саяхат кезінде адамдарда ұшырасатын бірқатар сырқаттардың қоректе кейбір заттардың жетіспеуінен болатыны белгілі болды.
Азық - түлікте жүгері өнімдері басым болатын кейбір елдерде (Италия, т.б.) пеллагра деген ауру таралған, ондай сырқат кезінде дененің ашық жері, терісі қабынып ауруға (дерматит) ұшырайды. Ал, негізгі қорегі күріш дақылы болып табылатын Азия елдерінде бери - бери (паралич) деген ауру кездеседі. Мұндай сықат әсіресе күрішті машинамен өңдеп, ақтау тәсілдерін енгізу салдарынан көбейіп кетті.
Олардың едәуір бөлігінің құрамында амин тобы да, азот та болмайды. Осыған қарамастан мұндай ауыстырылмайтын тіршілікфакторы үшін витамин деген тарихи термин сақталып қалды.
Адамның және жануарлардың ағзасында, өсімдік тектес азықтарда витаминдердің алғы шарты сияқты қосылыстар болады. Олар провитаминдер (каротиндер, стеролдар) деп аталады. Мұндай провитаминдер тиісті активті қалыпқа түскеннен кейін сәйкес витаминдерге айналады.
Витаминдер жетіспеген жағдайда ағза ауруға шалдығады. Химиялық құрылысы жағынан витаминдер алуан түрлі. Олар құрамында 18-20 көміртек атомы бар циклді көмірсутектер мен қанықпаған - лактандар, аминоспирттер, қышқылдардың амидтері, циклогександар, хош иісті қышқылдар, нафтохинондар,, имидазол, пиррол тағы басқа да циклді қосылыстардан тұрады. Витаминдердің басым көпшілігіне спиртті және карбоксилді топтар тән. Тек кейбіреулерінде ғана амин тобы болады. Кейбір витаминдер ағзаға да синтезделеді. Олар қоректік заттармен ағзаға түсіп, зат алмасуға, ағзаның өніп-өсуіне әсерін тигізеді. Витаминдер негізінен тек өсімдіктерде пайда болады.
Витаминдер, сол сияқты жоғары дәрежелі өсімдіктер мен микроорганизмдердің қалыпты өсуі мен дамуы үшін қажетті заттар. Кейбір жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктердің ұлпалары, мысалы тамыры, камбиальды ұлпасы, тұқымнан бөлініп алынған және қараңғыда өсірілген жас өскіндер тіршілік барысында өздігінен витаминдерді синтездей алмайтындықтан, әр уақытта оларды сырттан алуға мұқтаж болады. Сондықтан да қоректік ортаға тиамин мен пиридоксинді аздап қоудың өзі көптеген өсімдіктердің тамыршалары мен жас өскіндерінің өсуіне жақсы жағдай туғызады.
Ағзаға тағамдар арқылы келіп түсетін белоктардың, майлардың, көмірсулардың және минералдық тұздардың алмасуын тездететін және реттейтін де витаминдер. Витаминдерді тек дәрі-дәрмек ретінде қарастырып, оларды түрлі аурулардың алдын алып күресу үшін қолданылатын заттар деп қарау қате. Бұларды тағамдық заттар деп қарауымыз тиіс, өйткені витаминдер тағамның құрамына кірмесе, онда тіршіліктің қалыпты жайы бұзылады.
Ерте көктемде адамдардың әл-қуаты азайып, тез шаршағыш келеді, жиі-жиі салқын тиіп, тұмауратып ауырып, бұрыннан белгілі әр түрлі созылмалы сырқаттары қозады.
Қазіргі кезде көпшілік адамдардың ерте көктемде әл-қуаты кеміп, тез шаршап-шалдығып, ағзаның әлсіреуінің ең басты себебінің бірі - адам ағзасына қажет витаминдердің жетіспеуі екендігі дәлелденіп отыр.
Витаминдердің адам ағзасы үшін биологиялық мәні өте зор. Олар ағзадағы зат алмасу процестерін жақсартады, ағзаның әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы күресу қабілетін күшейтеді және адамның жұмыс істеу қабілетін жақсартады. Сонымен қатар әрбір витаминнің ағзада ерекше орындайтын өз міндеті бар.
Азық-түлікте, жем-шөпте ұзақ уақыт бойы витаминдер болмаса, ағзаның витаминді сіңіру қабілеті бұзылса, ауру пайда болады. Ондай ауруды авитаминоз деп атайды. Қоректе ұзақ уақыт С витамині болмаса, ағза құрқұлақ ауруына ұшырайды. Мұндай витаминдер жоқ жағдайда құр-құлақ - С - авитаминоз деп жазу қабылданған. Осылайша рахит Д - авитаминоз, бери-бери - В1 - авитаминоз т.с.с.
Авитаминоз ауруларын витаминдерді көбірек беру арқылы емдейді. Авитаминоз ауруларының белгісі айқын білінеді, сондықтан оның диагнозын қойып, анықтау онша қиын емес.
Витаминнің жетіспеуі жиі кездеседі. Мұндай кезде сырқат белгі береді. Бұл құбылысты гиповитаминоз деп атайды. Гиповитаминоз құбылысы ағзаға қажет витамин мөлшерінің қалыптан тыс төмендеп кетуінен болады. Гиповитаминоз белгілерін анықтау өте қиын. Әдетте гиповитаминоз сырқаты қыстың аяғына таман, азық-түлікте және жем-шөпте витаминдер мөлшері өте азайған кезде байқалады.
Кез келген витаминді ағзаға қалыптан тыс көп беру гиповитаминоз ауруына ұшыратады.Витаминді бірден көп мөлшерде қабылдау да ағзаға кері әсер етеді, яғни уландырады.

1. Витамин түрлері, қажеттілігі

Суда еритін витаминдер.В1 витамині (тиамин, антиневриттік витамин, аневрин). Тамақ құрамында тиамин немесе В1 витамині жоқ болса, бери-бери немесе полиневрит деген ауруға шалдығады. Полиневрит кезінде жүйкелері қабынады, жүректің қызметі бұзылады, асқазан - ішек трактасының қызметі бүлінеді, ас қорыту сөлінің секрециясы төмендейді, судың алмасуы бұзылады, ісік пайда бастайды.
Азия мен Оңтүстік Америка материктерінде тұратын халықтардың арасында бери-бери ауруы ерте заманнан-ақ кең етек алып келгені белгілі. Бұл нерв жүйесінің ауруы әсіресе Жапония, Шығыс Азия, Филлипин аралдары, Оңтүстік Америка сияқты күріш дақылдарын көп пайдаланатын елдерде жиі тараған. Европа елдерінде бери-бери ауруы, керісінше, өте сирек кездеседі. Себебі, ондағы тұратын халықтардың негізгі тағамы күріш емес, қара нан, әр түрлі тағамдар мен көкөністерді жиі пайдаланады. Голланд ғалымы Эйхман 1890-1897 жылдары Ява аралында жүргізген зерттеулері кезінде мынаны байқады: адамның жегенінен қалған таза күріш берілген тауықтарда бери-бери ауруының белгілері пайда болған. Ал, әр түрлі тағам қалдықтары берілген тауықтар бұл аурумен ауырмаған. Осы байқауларға сүйене отырып жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде бери-бери ауруының негізгі себебікүріштің кебегінде көп кездесетін В1 витаминінің жетіспеушілігінен екені анықталған.
Организмде В1 витаминінің жетімсіздігінен нервтердің жарақаттануының мәні - бұл витамин фосфор қышқылымен қосылып тиаминпирофосфат декарбоксилаза деген ферменттің құрамына кіреді. Бұл фермент заттар алмасуынан пайда болатын организмде зиянды пирожүзім қышқылын ыдыратуға керек. Денеде В1 витамині жетіспегенде ферменттің активтілігі азаяды да, қанда прожүзім қышқылы көбейіп кетеді, ақырында ол нерв жүйесіне зақым келтіріп, адамды ауруға шалдықтырады. Тиамин ашытқы , сәбіз, сүт, бауыр құрамында көп кездеседі. Бұл тағамдарда тиамин таза, не қосынды - тиамин - және кокарбоксилаза түрінде кездеседі. В1 витаминінің таза кристалды препараты 1926 жылы күріш кебегінен бөлініп алынды.
В1 витаминінің зат алмасуға, әсіресе көмірсулардың организмдегі түрлі химиялық өзгерту процестеріне өте қажет. Өйткені ол осы процестерге қатысы бар ферменттердің құрамына кіреді.
В1 витаминінің организмнің түрлі зиянды әсерлерге қарсы күресу қабілетін арттыруда мәні зор. Күнделікті тағамда бұл витамин жеткіліксіз болса, нерв жүйесі зақымданады. Сөйтіп, полиневрит,яғни нерв жүйелерінің ауруы пайда болады. Жоғарыда айтылған бери-бери ауруының негізгі себебі де осында.
Бери-бери ауруымен ауырғанда адамның жүру қабілеті нашарлап, кібіртіктеп жүреді, организмнің жалпы әлсіреуі байқалады. Тамаққа тәбеті тартпайды, салмақ кемиді. Аяқ-қолдың шаншып немесе сыздап ауыруы пайда болады, сол ауырған жерлердің сезіну қабілеті нашарлайды. Бұлшық еттер тартылып солып қалады. Жүрек қысылып, тамыры жиі соғатын болады. Тиаминнің организмде жетіспеуінің негізгі себептерінің бірі - оның тағам құрамында аз болуы. Жоғарыда көрсетілгендей; В1 витамині қауызынан тазаланбаған күріште, ірі тартылған ұнда, тағы басқа өсімдік тағамдарында кездеседі. Сүтте, жұмыртқаның сары уызында, бауырда, бүйректе, етте көп болады. Ағза тәулігіне орта есеппен 2-3 миллиграмм тиаминді керек етеді. В1 витаминінің жалпы формуласы - С12Н17N4OSC HCI. Тиаминнің құрамында 2 гетероциклды сақина болады: пиримидин және тиазол. Тиазол молекуласында амин тобы мен күкірттің кездесуіне байланысты тиамин деген атқа ие болады. Тиаминді кристалдық жағдайда түссіз ине тәрізді тұз қышқылды тиамин түрінде алады. Тиамин суда жақсы еріп, этил спиртіне нашар ериді, эфир мен хлороформда ерімейді. Күшті қышқыл ортада тиамин қыздыруға берік, ал сілтілі және бейтарап орталарда, ол қайнағанға дейінгі уақыттың өзінде-ақ бұзылады. Тиаминпирофосфат кофермент есебінде ферменттер құрамын кіреді. Тиаминнің жеткіліксіз нәтижесінде: қанда, жүйке ұлпасында, мида прожүзім қышқылының мөлшері артады.
В1 - авитаминозы кезінде қарында және ішекте сөл бөлінуі нашарлайды, асқазан қабырғасында тұз қышқылының түзілуі тоқталады. Осылардың салдарынан асқа деген тәбет жойылады, сөйтіп, малдың салмағы кемиді, арықтайды. Ағзадағы осы аталған жайсыз өзгерістер , онда ТПФ коферменттің активті тобы тиаминнің жеткіліксіздігінің көмірсулар алмасуының тотықпаған өнімдері жиналуынан болады.
Тиамин өсімдіктер тектес өнімдер,әсіресе бидай, күріш, қара бидай дәндерінің қауызы, ашытқы оған бай кееді. Жануар тектес өнімдерден: бауырда, мида, бұлшық еттерде, жүректе, жұмыртқаның сары уызында, сүтте кездеседі.
В1 витаминін күйіс қайыратын малдың қатпаршақ қарынында микроорганизмдер синтездейді. Жылқы, шошқа және тауық бұл витаминді өте-мөте қажет етеді. Жылқы мен шошқаға бір тәулікте қажет мөлшері олардың 10 кг дене массасында 3-4 г шамасындай. Малдың буаз және желіндеу кезінде В1 витаминін қажет ету мөлшері арта түседі.
Тиаминнің адам ағзасы үшін тәуліктік қажеттілігі 2-3 мг-нан аспайды. Рационда көмірсулардың мөлшері көбейген сайын ағзаның тиаминге деген қажеттілігі арта түседі.
В2 витамині (рибофлавин). В2 витаминінің жалпы формуласы - С17H20N4O6 . Тамақта рибофлавин болмаса, баланың бойының өсуі тежеледі және ерін, мұрын, көз, құлақ айналасындаы кілегей қабықшасының бұзылуына, көздің мүйіз қабатының қабынуы мен хрусталиттің күңгірттенуіне әсерін тигізеді. В2 витамині тотығу және тотықсыздану реакцияларына қатысады. Олай болса, В2 витаминінің зат алмасудағы маңызыда өте зор.
В2 витамині әсіресе клетканың, яғни ағзаның өсіп - өнуіне әсерін тигізеді. Бұл витаминнің тағамдарда жетімсіздігі адамдардың, әсіресе балалар бойының өсуі қабілетін де төмендетеді. В2 витаминінің көздің көру процесінде де үлкен мәні бар. Әсіресе, бұл витамин А витаминмен бірге қараңғы түсе көздің көруіне және әр түрлі түсті айыруына қажет.
С витамині жеткіліксіз болғандағыдай , рибофлавин гиповитаминозында да алғашқы өзгерістердің бірі - ұсақ қан тамырларының әлсіреуі, соған байланысты қан айналуы да нашарлай түседі. В2 витаминінің жетіспеушілігі бірте - бірте бауыры мен асқазан қызметіне де зақым келтіреді. Балалар тағамының құрамында рибофлавин аз болса, олардың бойының өсуі мен салмақ қосуы баяу болады. Жалпы В2 витамині жеткіліксіз болғанда адам жүдеп, шаршағыш келеді, көзі ашып қызарады, тілі, ерні шаншып ауырады. Көзден жас ағып жарыққа қарай алмайды , көздің көруі де нашарлайды. Жиі кездесетін белгісінің бірі - аузы уылып, екі езуінің кілегей қабығы мен терісі жарылып , қабынуы мүмкін. Оны біздің халық арасында ауыздық деп те атайды. Терінің сыртқы қабаты қабыршақтанып кетеді. Ағзадағы флавиндер деп аталатын ферменттердің құрамына В2 витамині кіреді. Демек, В2 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
В, В1 тобының витаминдері
Витаминдер. Аскорбин қышқылының адам организміне тигізетін әсері
Витаминдердің адам өміріндегі физиологиялық рөлі
Химиялық құрамы
Витаминдер, олардың жіктелуі, құрылысы, тағамдық көздері және витаминдердің биохимиялық қызметтері. Майда еритін витаминдер А, Д, Е, К
Дәрумендердің негізгі көзі
Май еріткіш дәрумендер
Витаминдер – денсаулық тірегі
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінің оқұ-әдістемелік кешені
Дәрумендердің топтары мен түрлері
Пәндер