Педагогика ғылымның әдіснамасы түсінігі


Дәріс тақырыптарының тезистері.
Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы. 1. Жоғары білімнің қәзіргі замандағы ролі.
2. Қазақстан Республикасының жоғары білім саласындағы мемлекеттік саясаты. 3. Еуразия ұлттық университетінің Қазақстан білім беру кеңістігіндегі орны. 1. Жоғары білімнің қәзіргі замандағы ролі.
Жоғары білімнің әлеуметтік маңызы. Жоғары білім беру жүйесін жетілдіру жолдары: оқытуды компьютерлендіру(циврландыру), кәсіби бағыттау, ізгілендіру. Жоғары білімді кәсіби бағыттау - өндірістің, ғылымның және оқытудың интеграциясы. Жоғары білімді ізгілендіру - жас мамандардың адамгершілік және эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.
2. ҚР жоғары білім жүйесі және оның даму перспективасы. «Білім беру жүйесі» туралы түсінік. Білім ұғымының бірнеше мәні бар. Білім белгілi 6ip адамдардың рухани ic-әрекетi; білім - шынайы өмірдің бейнесін белгілі бip көзқарас тұрғысында көрсететін адамдардың руханн ic-әрекетінің нәтижесі; Білім, тұрмыс, табиғат, ой жүргізу құбылыстарын танып-білу нәтижесінде туындаған тіл құралдарымен берілетін ғылыми теориялар, рәміздер(символдар), белгілер, өнер туындылары, сандар формулалар, сызбалар, графиктер т. б. құралады.
Білім, ғылыми білім және күнделікті тұрмыс амалдарынан жинақталған тәжірибелерден құралатын эмпирикалық білім түрінде болады. Ғылыми білім арнайы тексеруден өтіп, нақтыланып, дәлелденген білім жиынтығы. Жоғары мектеп педагогикасы осындай ересектерді оқыту және тәрбиелеуге байланысты арнайы тексерілген білімнен тұрады. Ғалымдар тарапынан «жоғары білім» ұғымына Қазақ ұлттық энциклопедиясында «толық орта білім жоғары оқу орындарында берілетін және тиісті дипломмен куәландырылатын маманның кәсіби біліктілік дәрежесі» - деп анықтама берілген.
Көпдеңгейлік жоғары білім беру жүйесі. Еуразия ұлттық университетінде мамандарды даярлау жүйесі 3 білім беру баспалдағы бойынша: жоғары негізді білім (бакалавриат), магистратура және Ph. D докторантура. Көпдеңгейлік жоғары білім беру жүйесі мақсаты - қоғам мен жеке тұлғаның мәдени және білімге деген қажеттіліктерін қанағаттандырудағы жоғары мектептің мүмкіндіктерін кеңейту.
3. Еуразия ұлттық университетінің Қазақстан білім беру кеңістігіндегі орны . ( ЕҰУ тарихы. ҚР жоғары біліктілікті мамандар даярлаудағы ЕҰУ ролі. ЕҰУ инновациялық технологияллар) .
Қазіргі заманауи жағдайындағы білім берудің болашағы қоғамның даму үдерісімен, білімнің ғылыми интеграцияға ұмтылуымен, қоғамда жинақталып және үнемі өсіп отыратын, ақпарат көлемінің әр түрлі тегімен анықталады. Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда жоғары оқу орындарындағы білім берудің сапасы мен деңгейін жан
жақты көтеріп, жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ.
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ҚР-ың сол кездегі президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1996 жылғы 23 мамырдағы бастамасымен екі ЖОО - Целиноград инженерлік-құрылыс институты мен Целинаград педагогикалық инстиутының бірігуі негізінде құрылды.
Қазіргі таңда Еуразия ұлттық университеті - Қазақстанның жетекші классикалық жоғары оқу орындарының бірі.
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ге қабылдау мемлекеттік білім гранты мен ақылы негізде жүзеге асырылады.
Бүгінде университет құрамында жаратылыстану-техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық бағытта ғылыми зерттеу жүргізілетін 35 ғылыми бөлімше бар. Ғылыми-зерттеу жұмыстың басты бағыты - іргелі ғылым, ҚР ң әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басым бағыттары мәселелерін шешу болып табылады. Жыл сайын университетте 100-ге жуық халықаралық, республикалық ғылыми-теориялық және ғылыми-тәжірибелік конференциялар, жаратылыстану-техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы форумдар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады. Ғылыми зерттеу институттары:
Инженерлік-техникалық:
1. Геотехникалық институт
2. Сараптау ғылыми-зерттеу институты
3. Құрылыс және көлік үрдістерінің технологиясы, механикаландыру және автоматтандыру
Жаратылыстану-техникалық:
1. Еуразиялық математика институты
2. Теориялық математика және ғылыми есептеулер институты 3. Іргелі зерттеулер институты
4. Теориялық физиканың еуразиялық халықаралық орталығы 5. Биоорганикалық химия ғылыми-зерттеу институты
6. Клеткалық биология және биотехнология институты
7. Қолданбалы химия институты
8. Инженерлiк бағыттағы зертхана
9. Ақпараттық қауіпсіздік және криптология институты
10. Жасанды интеллект институты
Қоғамдық-гуманитарлық:
1. «Евразия» гуманитарлық ғылыми зерттеулер орталығы
2. «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы
3. «Алаш» мәдениет және рухани даму институты
4. К. А. Ақышев атындағы археология ғылыми-зерттеу институты 5. «Қазақстан Республикасы. Тәуелсіздік шежіресі» зерттеу зертханасы 6. Конфуция институты
7. Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу орталығы
8. Академик С. Зиманов атындағы білім заңнамасы ғылыми-зерттеу орталығы
9. Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы
10. «Туризм және география» ғылыми-зерттеу институты
Әлеуметтік-экономикалық:
1. Журналистика мәселелерін зерттеу институты
2. Заманауи зерттеулер институты
3. Этносаралық қатынастар және қазақстан халқы ассамблеясы толеранттылығы орталығы
Орталықтар:
1. Қазақстан-Беларусь ғылыми-техникалық ынтымақтастық орталығы 2. «Құрылыс материалдары мен технологиялары» ҒЗО
Инновациялық парк:
1. Инновациялық парк
2. Start-up
САРАПТАУ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ
Институт құрамында үш ғылыми зертхана жұмыс жасайды: 1. еуростандарттар теориясы зертханасы;
2. құрылыс теориясы зертханасы;
3. компьютерлік есептеулер зертханасы.
Қазақстан экономикасының мұнай-, газ-, тау-кен өндіру және құрылыс салаларының тұрақты жұмыс істеуі мен дамуы үшін перспективті технологиялар мен пайдалы қазбалардың, көмірсутекті шикізаттың және тиімді материалдар мен конструкцияларды өндіру кен орындарын кешенді игеру және перспективті технологиялар мен жабдықтар жасаудың теориялық негізі.
ІРГЕЛІ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ
Ғылыми қызметінің негiзгi бағыттары : Салыстырмалы болжау теориясы, гравитация және космология, гамильтондық, кванттық және адрондық механика, қарапайым бөлшектер физикасы, өрістің топологиялық кванттық теориясы, химиялық физика, кванттық нүктелер, плазмалардың химиясы, физикасы және технологиялары, газдағы доғалық разряд, сұйық және газды отын технологиясы саласындағы қолданбалы зерттеулер, суағарлар мен жылу генераторлық құрылғыларды өңдеу, турбуленттық теориясы, металдар кесуге арналған газ, ақпараттық технологиялар теориясының заманауи мәселелері.
Ғылыми жетістіктері мен зерттеме нәтижелері: Ферми-Дирак пен Бозе-Эйнштейннің статистикасымен бірге аралық кванттық статистиканы комбинаторлық тұрғыда талдап-түсіндіруді ұсынды; Гиббовтық квазиканондық таратуды экстенсивті емес статистика ретінде қарастыруды енгізді; «Газ жағу өндірісіндегі Плазмохимиялық технология, ақпараттық қамтамасыз ету және турбуленттік сипаты» атты жобаны орындауда; ақпараттық технология бойынша ТЕМPUS бағдарламасына жоба ұсынды: «Сұйық қалдықтарды қайта
өңдеу мен металл кесу үшін газ өндіруде плазмохимиялық технологияны тәжірибелі-конструкторлы зерттеу», «Орталықтағы нетривиалды топологиялық жұлдыздар», «Наномедицинада қолдану үшін квантты нүктелердің өсуін бақылау әдісі».
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ИНСТИТУТЫ
Институт құрамында сегіз зертхана бар: Компьютерлік лингвистика; Компьютерлік логика; Компьютерлік моделдеу; Интеллектуалды ақпараттық жүйелер; Интеллектуалды телекоммуникациялық жүйелер; Интеллектуалды робототехникалық жүйелер; Интеллектуалды оқыту жүйелері; Программалық инженерия.
Институт қызметкерлерінің келесі теориялық және практикалық нәтижелері бар: сөйлеуді автоматты өңдеуге арналған қазақ тілінің фонетикалық құрылымының математикалық моделі құрылды; морфологиялық талдауды автоматтандыру үшін қазақ тілінің морфологиялық ережелерінің математикалық моделдері құрылды; синтаксистік талдауды автоматтандыру үшін қазақ тілінің синтаксистік ережелерінің математикалық моделдері құрылды; электрондық оқулықтарды жасауды автоматтандыратын мемлекеттік стандарттар мен технологиялары жасалынды.
«ЕВРАЗИЯ» ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫ
Ғылыми жетістіктері мен зерттеме нәтижелері: ЕҰУ-дің Еуразиялық Одаққа нақты үлес қосуы Ресейдің жетекші университеттерімен, РФ ІІМ-нің Дипломатиялық академиясымен, Еуразиялық университеттер ассоциациясына енуі, Халықаралық жоғары ғылыми Академиялық мектеппен бірлесіп жүзеге асыру болып табылады. ЕҰУ жыл сайынғы Еуразиялық ғылыми форумдар өткізу орны болып саналады; орталық қызметкерлерінің қатысуымен «Еуразия зерттеулері» кафедрасы құрылды. Қазіргі кезде кафедра және орталықтың ғалымдарының арқасында халықаралық және пәнаралық сипатқа ие болды; бас әкімшілік-оқу ғимаратында Л. Н. Гумилевтің кабинет-мұражайы қызмет атқаруда, онда студенттер еуразия кеңістігі және еуразияшылдар туралы белгілі ғалымдардың дәрістерін тыңдайды; 2009 ж. «Ұлы қағанат» және 2011 ж. А. Сейдімбекке арналған «Естеліктер» кітабы жарыққа шықты; «Казақстан тарихы» және «Этнология» оқу құралдары жарыққа шықты.
КОНФУЦИЯ ИНСТИТУТЫ
Конфуцзы Институттар жүйесін құру, оны дамыту білім және мәдени ағартушылық салаларындағы XXI ғасырдың аса маңызды дүниежүзілік жобаларының бірі болып табылады.
«Конфуцзы Институты» жобасы адам баласының мәдени прогреске жетуіне жердемдесуді басты бағыт ретінде алып отыр. Бұл жоба қазіргі заман талаптарына сәйкес келетін оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, сондай-
ақ, ақпараттық технологиялар негізінде ғаламшардың көне өркениеті Қытайдың жетістіктері мен тілін үйренуге жол ашады.
Еуразия ұлттық университеті жанындағы Конфуцзы институтында жеке кітапханасы мен жеке киноклубы жұмыс істейді.
Кітапхана қоры Пекин қаласындағы Конфуцзы институтының бас кеңсесі ұсынған оқу материалдарымен жабдықталған. Мұның барлығы ҚХР-да басып шығарылған қытай тілі мен мәдениеті жайлы жаңа оқу құралдары. Оқу құралдарының жалпы саны 4 500 томнан аса кітап қорын құрайды.
Конфуцзы институтының киноклубына келер болсақ, тыңдармандардың ауыз екі сөйлеу тілін тез меңгеруде қытай тіліндегі фильмдер ұсынылады. Клуб мүшелері тек фильмдерді тамашалап қана қоймай, нақты кинотаспалар бойынша өз пікірлерін білдіріп, ойларын ортаға салады. Демек, бұл тәсіл қытай мәдениетімен етене танысуға және қытай тілін жетік меңгеруге зор мүмкіндік бермек.
Л. Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ ЖАНЫНДАҒЫ «ЖАСТАР» ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ
«Жастар» ҒЗО 2012 жылғы 27 сәуірде ҚР-ң елбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халықтары ассамблеясының ХІХ сессиясында берілген тапсырмасына сәйкес әртүрлі жастар санаты арасында туындалуы мүмкін болатын әлеуметтік-саяси дауларды алдын ала анықтау және алдын алу үшін жастар ортасында терең зерттеулер, жастардың әлеуметтік жағдайына тұрақты мониторинг өткізу үшін құрылды.
«Жастар» ҒЗО жастар ортасында әлеуметтік-мәдени және әлеуметтік саяси процестерді зерделеуге бағытталған зерттеу орталықтарының жалпыхалықтық тұғырнамасын құруға ұмтылады.
«ЖАСТАР» ҒЗО БАҒЫТЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ:
• жастар арасында әлеуметтік-мәдени және әлеуметтік-саяси зерттеулер өткізу;
• мемлекеттік жастар саясаты аясында өткізілетін ғылыми-зерттеу жобаларын және бағдарламаларын әзірлеуге және оларға сараптамалар өткізуге қатысу;
• жастар олардың субъектісі болып табылатын әлеуметтік-саяси институттардың қызметіне сараптық бағалау және дамуын болжау; • жастардың қоғамдық бірлестіктерін дамыту жөніндегі әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу;
• әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мамандарын дайындауға және олардың біліктілігін арттыруға қатысу;
• еліміздің салалық зерттеу ұйымдарын шоғырландыру;
• ғылыми, әдістемелік кітаптардың әзірленуін және басып шығарылуын ұйымдастыру.
ЗАМАНАУИ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы Заманауи зерттеулер институты ішкі және сыртқы саясат, экономика, мәдениет, тарих және философия, халықаралық қатынастардың әртүрлі аясында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізеді, сонымен қатар ғылыми және оқытушы мамандарды даярлау және қайта даярлауда, алынған ғылыми нәтижелерді қолдану және оларға негізделген әдістерді университеттегі оқыту тәжірибесіне, арнайы және қосымша білім беру жүйелеріне енгізу бойынша ұсыныстар дайындауда қатысады.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПАРК
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің инновациялық паркі - бұл ғылымның, білімнің, өнеркәсіптің бірігуі, инновациялық жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру, сондай-ақ қоғамның, өнеркәсіптің жоғары технологиялық проблемаларын шешу мақсатында құрылған университет бөлімі. Ол 2011 жылы 11 қазанда университеттің Ғылым Кеңесінің шешімімен құрылды.
ЕҰУ-НІҢ ИП-НІҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТЫ:
▪ Өнеркәсіптің жоғары технологиялық проблемаларын шешу ▪ Балама энергетиканы дамыту
▪ Техногендік салымдарды кәдеге жарату
▪ Жаңа материалдар шығару
START-UP
04. 09. 2014 ЕҰУ-де «Стартап» аймағының тұсауы кесілді.
ЕҰУ инновациялық паркіндегі Start-up аймақ Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті базасында құрылған теңдесіз құрылым. Оның мақсаты жас ғалымдарға бастапқы кезде дұрыс жөн сілтеу мен тез дамуға көмектесу болып табылады. Онда технология, энергетика, баламалы қуат көздері, экология, индустрия, жаңа материалдар құру мен әлеуметтік сектор саласындағы жобалар іске асырылады.
Алайда оларды іріктеу кезінде оқу орнының түлектеріне, студенттеріне, магистранттарына, қызметкерлеріне басымдылық беріледі. Инновациялық парк директоры, Владимир Кимнің айтуынша, «Start-up жобалар аймағы»
ТЕМПУС БАҒДАРЛАМАСЫ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz