Мотивацияның психологиялық теорияларына шолу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 160 бет
Таңдаулыға:   
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

№ аптаДәріс тақырыбы және тезистер Сағат
көлем
і
№ 1 Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): 1
дәріс 1. Психология пәні. Психологияның теориялық және қолданбалы
мідеттері.
2. Психологияның негізгі салалары.
3. Психологияның әдіснамалық пинциптері, зерттеу әдістері.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Психология пәні туралы түсінік және оның даму тарихы
Психология психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және
қалыптасу заңдылықтары туралы ғылым. Психикалық құбылыстар
бiздi қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының
мидағы әр түрлi бейнелерi болып табылады. Психикалық
құбылыстардың мәнiн ғылыми тұрғыдан түсiну арқылы ғана
жан-жақты танып білуге болады. Осы мәселенiң ғылыми тұрғыда
олардың заңдылықтарын психология ғылымы қарастырады.
Психология ерте замандардан келе жатқан бiлiм салаларының
бiрi. Оның дүниеге тұңғыш келген жерi ежелгi Греция.
Психология терминi гректiң екi сөзiнен тұрады: оның
бiрiншiсi псюхе-жан, екiншiсi логос - iлiм,
сонымен, бұл сөз жан туралы iлiм деген ұғымды бiлдiредi.
Бiрақ, психолгияны жан туралы iлiм демей, психика туралы
ғылым деп түсiнген дұрыс. Ерте замандарда пайда болып,
ғасырлар бойы дiншiлдiк нанымдар мен кейбiр буржуазиялық
көзқарастарда насихатталып келген түсiнiктер бойынша адамда
тәннен тәуелсiз жан болады, мәңгi-бақи жасайтын жан
адамның барлық психикалық тiршiлiгiн ойының, сезiмiнiң,
еркiнiң иесi себепшiсi дейді. Жан туралы осындай жалған
түсiнiктiң пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын
дұрыс түсiне алмауы себеп болды. Олар дүниеде табиғатқа
бағынбайтын, одан бөлек тұратын ерекше бiр сиқырлы күш бар,
ал жан соның бiр көрiнiсi, ұйқы кезiнде ол денеден уақытша
шығып кетедi де, адам ояанған кезде қайтып келедi, егер
келмей қалса, адам өледi деп тұжырымдайды. Жан туралы
осындай анимистiк барлық нәрседе жан бар дейтiн терiс
түсiнiк, пiкiрлер кейбiр тайпалардың арасында күнi бүгiнге
дейiн кездеседi. Адамның жан дүниесiн, психикалық
құбылыстарды түсiну екi түрлi ой, екi түрлi бағыт туғызды.
Олардың бiрi идеалистер табиғат, дүние идеадан кейiн
жаратылған десе, бұған қарама-қарсы ғылым өкiлдерi
материалистер, материя алғашқы, ал сана соңғы ол материядан
туады деп түсiндiредi.
Психикалық құбылыстардың топтастырылуы
Психология психикалық құбылыстардың тууын, дамуын және
қалыптасуын зерттейтін ғылым.
Психикалық құбылыстарды үлкен үш топқа жіктеуге болады:
Психикалық процестер
Психикалық қасиеттер
Психикалық кейіп
Олардың бiрi психикалық процестер деп аталса, екiншiлерi
психикалық қалып, үшiншiлерi психикалық қасиеттер деп
аталады.
Психикалық процестердiң кейбiрi түйсiк, қабылдау, елес т.б.
сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын тiкелей танып, бiлуде
көрiнетiн болса, ендi бiреулерi ойлау, қиял т.б.бұлардың
арасындағы күрделi байланыстарды, дәнекерлi қатынастарды,
өзгерiстердi тереңдей бойлап бiлуде ерекше орын алады.
Адамның сыртқы дүниемен (объективтiк шындықпен) үздiксiз
жасалып отыратын белсендi байланысында оның сезiм, ерiк
процестерi шешушi роль атқарады.
Психикалық кейiп немесе қалып адамның түрлi көңiл күйiнiң
шабыт, зерiгу, үрейлену, абыржу,
сергктiк,белсендiлiкт.б.тұрақты компоненттерi. Психикалық
құбылыстардың осы екiншi тобы ғылымда әлi де болса толық
зерттелiп бiтпей жатыр.
Психологияның әдіснамалық принциптері.
Психологияның ғылыми зерттеу әдістері
Диалектикалық материализмді тек қана табиғатты, қоғамның
дамуын, адамның ойын тану көзқарасы деп түсінуге болмайды,
ол сонымен қатар объективтік дүниені өзгертіп отыратын әдіс
те.
Сондықтан әрбір пән объектілерді өз даму заңдылығына сай
дұрыс түсініп, ішкі сырын ашып отыруы үшін диалектикалық
материализм принциптерін қолданып отырады.
Айдаладағы шындықты тану жолында бұл айтылған принциптерді
іске асырудың төмендегідей шарттары бар:
біріншіден, объектінің басқалармен байланысын, қатынасын
еске ала отырып зерттеу;
екіншіден, объектіні бір жерде тұрып алған, статикалық
қалыпта емес, қозғалыс, даму күйінде зерттеу;
үшіншіден, зерттеу арқылы табылған нәтиженің мөлшері етіп
адамның практикасын алу;
төртіншіден, диалектикалық-материалистік танымның нақты болу
үшін зерттелетін құбылыстардың белгілі заңдылықтарын шеше
білу. Осы аталған принциптерге сай, қандай пән болса да,
зерттейтін заттар мен құбылыстардың өмір сүру, нақты даму
жолдарын қарастырып, олардан нәтиже шығаруға тиіс. Осы
талапқа сай, психологияның да өзіне тән зерттеу әдістері
бар.
Адамның психологиясы, сана-сезiм дәрежесi iс-әрекеттен, оның
нәтижесiнен жақсы байқалады. Адам психологиясын нақтылы
әрекет үстiнде зерттеу психологияның ең негiзгi принципi.
Идеалистiк психологияның өкiлдерi: адамның психикалық
құбылыстарын зерттеуде оның өзi берген мәлiметтер шешушi
орын алады, сондықтан да өзiн-өзi байқау интроспекция
әдiсiнiң деректерiне ерекше көңiл бөлу қажет, - дейдi.
Бақылау әдiсi
Белгiлi жоспар бойынша жүйелi түрде бiраз уақыт бойына
зерттелушi адамның психикалық ерекшелiктерiн қадағалауды
байқау әдiсi деп атайды. Байқау әдетте, табиғи жағдайда,
зерттелушi адамның әрекетiне әдейi араласпай-ақ жүргiзiледi.
Осы әдiс арқылы зерттелушiнiң мимикасын, бет құбылысын, сөз
реакцияларын, түрлi қозғалыстарын, мiнез-құлқын, жалпы
әрекетiн байқауға болады. Сондай-ақ адамның ерiк күшi, сезiм
ерекшелiктерiн, темпераментi де байқау әдiсi арқылы
ажыратылады. Мысалы, мектептегi оқушының ойлау және сөйлеу
әрекетiн зерттеу керек болса, ол үшiн зерттеушi оқушының әр
сабақ үстiндегi жеке сөздерiн, сөйлемдерiн стенографиялап,
күнделiкке түсiредi, кейiн оны тиянақты түрде талқылайды да,
тиiстi қорытынды шығарады. Ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлi
ерекшелiктерiне қарай байқау әдiсiнде кейде аспаптар да
қолданылады.
Эксперимент әдісі
Эксперимент жасауда зерттеушi өзiне қажеттi психикалық
құбылыстардың көлденеңнен кез болуын күтiп тұрмай, сол
процестiң тууына өзi жағдай жасайды. Психологияда
эксперимент лабораториялық және табиғи болып екiге бөлiнедi.
Психологиялық зерттеулердің мақсаты бойынша, әрбір
психикалық құбылыс өзара байланысты және ол үнемі дамуда
болады. Ал психологияның зерттеу әдістері тарихи даму
тұрғысынан қарастырылады. Психологияны зерттеу әдістерінің
обективті сипаты. Ұзақ жылдар бойы шетелдік психологияда
адам жанының сырын өзін-өзі бақылау әдісі арқылы білуге
болады деп санап келеді.Бұл әдіс адам жаны ерекше, ол
өзінше өмір сүреді деген көзқарасқа енгізделеді.АҚШ
психологы Э.Титченер адам өзін хайуанаттар орнына қойып,
сондай ортады болса, солардың қылығын жасар еді, содан
кейін ол адамға тән саналы әрекет арқылы адамдық
қасиеттерді туғыза алар еді дейді. Бұл әрине, сыңаржақты
субъективті көзқарас. Ал психиканы зерттеудің объективті
әдісі адам санасы мен әрекетін бірлікте іздестіре отырып,
адамның өзін-өзі басқаруының ісі мен қылығына есеп беруін
жоққа шығара алмайды. Генетикалық принцип қазіргі ғылыми
психологиядағы талап.
Лабораториялық эксперимент
ХIХ ғасырдың ортасынан бастап, жеке психикалық процестердi
зерттеу үшiн эксперимент тәжiрибе кең түрде қолданыла
бастады. Несм ғалымы В.Вунд психологияны эксперименттiк
жолмен зерттеудiң негiзiн салды, тұңғыш лаборатория ашты
(1879). Осындай жақсы жабдықталған психологиялық
лабораториялардың бiрiн ХХ ғасырдың басында орыс психологы
Г.И.Челпанов ұйымдастырды. Лабораторияларда психикалық
процестердiң пайда болу шапшаңдығын өлшеу үшiн хроноскоп,
терi түйсiгiнiң сезгiштiгiн байқауүшiн эстезиометр, зейiн
көлемiн анықтау үшiн – тахистоскоп, естудi өлшеу үшiн
аудиометр, бұлшық еттiң жұмысын тiркеу үшiн эркограф
жабдықтары пайданалынды. Лабороториялық эксперимент, мысалы
балалардың сезгіштік қасиеттерін, ақыл-ойының даму деңгейін,
белгілі мамандыққа икемділігін анықтау құрал-жабдықтарды
қолдана отырып, белгілі орында, арнайы жабдықталған
лабороторияда жүргізіледі.
Табиғи эксперимент
Табиғи эксериментті психологияға 1910ж. орыстың оқымысты
ғалымы А.Ф.Лазурский енгізді. Табиғи эксперимент бойынша
психологиялық зерттеулер адамның өмір тіршілігіндегі
үйреншікті жағдайына сәйкес жүргізіледі. Сондай- ақ,
психологиялық-педагогикалық зерттеу бойынша әр түрлі жас
кезеңдерде адамның қалыптасуы қарастырылады. Әр түрлі
кезеңдерге сәйкес зерттеу арқылы түрлі жастағылардың
айырмащылықтары шартты түрде алынған белгілерге
негізделеді.Түрлi психикалық құбылыстардың құрылымын
функциялар мен параметрлердi шамамен жорамалдауда,
эксперименттiк материялдарды талдауда, модельдiк құрастыруда
факторлық талдау деп аталатын математикалық-статистикалық
әдiс қолданылады.
Психологияда бұл айтылғандардан басқа да әдiстер бар, оларды
қосалқы әдiстер деп атайды. Осындай қосалқы әдiстердiң
қатарына анкета әдiсi, интервью әңгiмелесу әдiсi, сынау
тестәдісі т.б. әдістер жатады.Сынау тестәдісі адамның
бойындағы түрлі сапалар мн олардың механизмдерін ашып
көрсетуді негізгі мақсат етіп кояды. Психологиялық әдістер
тек ғылыми зерттеу жұмысы үшін ғана емес, сонымен бірге
сынау мақсаттары үшін де қолданылады.
Психологияның салалары
Қазiргi психология сан салалы ғылым оның қырықтан астам
салалары бар. Оларды тудырған қоғамның нақтылы
талап-тiлектерi өмiрiмiзде болып жатқан ғылыми-техникалық,
экономикалық прогрестiң, дамудың әсерi. Психологияның кейбiр
салалары еңбек үстiнде адам санасы қалай қалыптасатындығын
зерттейдi. Психолгия педагогикалық, медициналық, әскери,
инженерлiк т.б. болып бiрнеше салаларға бөлiнедi.
Психологиялық ғылымдардың келесi бiр топқа енуiне даму
принципi басты негiз болады. Бұларға мектепке дейiнгi бала
психологиясы, жас өспiрiм, балаң, кәмел жас, егде жастағылар
психологиясы, патологиялық психология, психикасы кемiс
адамдарды зерттейтiн, салыстырмалы, зоопсихология, этнология
дейтiн салалары кiредi. Қоғам мен жеке адамның
қарым-қатынасын зерттейтiн әлеуметтiк психология, тұрмыс
пен биологиялық факторлардың бала психикасына әсерiн балалар
психологиясы, жануарлар мен адам психикасының ұқсастықтары
мен айырмашылықтарын қарастыратын салыстырмалы психология
деп аталатын салалар болып табылады.
Тәлім-тәрбие психологиясы. Бұл пәннің зерттейтіні адамды
оқыту мен тәрбилеу ісіндегі психологиялық заңдылықтар. Ол
оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын
қалыптастырудың, олардың тиісті оқу материалдарын меңгеру
мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-қатынастырды
реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады.
Жас кезеңдер психологиясы әр қилы психикалық процестердің
табиғи негізі мен үнемі дамып отырған азамматтық
қасиеттерін, психологиялық сапаларын зерттейтін бұл сала
мынандай тармақтардан құралады: балалар психологиясы,
жеткіншектер психологиясы, қарт адамдар психологиясы.
Арнайы психология. Бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан
ауытқуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістері
мен осы саладағы әр қилы аурулардың себептерін қарастырады.
Арнайы психологияның мына тармақтары, атап айтқанда:
олигофренопсихология ми зақымы ауруымен туған адам
психологиясының дамуы, судропсихология саңырау не керең
болып туған балалар психикасын, тифлопсихология нашар
көретіңдер мен соқырлардың психологиялық дамуын зерттейді.
Еңбек психологиясы адамның іс-әрекет түрлерінің
психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып
ұйымдастыру мәселелерін қарастырады. Еңбек психологиясының
мақсаты, әр түрлі еңбектегі мамандық ерекшеліктерін, еңбек
дағдыларының қалыптасуын, өндірістік кәсіптік жағдайдың
адамға тигізетін әсерін, құрал-аспаптардың құрылысы мен
орналасуын, хабар жүйелерінің қажетті заттарын қарастыру.
Инженерлік психология бұл, негізінен, автоматталған
жүйелерді басқару мен әр түрлі операторлардың жұмысын
зерттейді. Инженерлік психологияда ең өзекті мәселе
эргономикадеп аталады. Бұл термин гректіңергон жұмыс,
номос заң деген екі сөзінің бірігу нәтижесінде пайда
болған.
Авияциялық психологияұшқыштарды оқыту мен ұшу кезінде
орындалатын істерді жай жапсарын, жалпы, адам психикасының
әуе кеңістігіне бейімделудегі ерекшеліктерін зерттеп, жоғары
дәрежеде ысылған мамандар мен кадрларды даярлап шығару
мақсаттарын көздейді.
Ғарышкерлік психология адамның салмақсыздық пен әлем
кеңістігінің айдынында бағдарсыз жағдайда жұмыс істеу
сәтіндегі аса қиыншылық жағдайлардағы психологиясын онын
шектен тыс әсерден кейінгі кейпін, көңіл-күйі мен төзімділік
көрсету шараларын зерттейді. Еңбек психологиясында арнайы
зерттелуге тиісті күрделі тармақтар да бар.
Медициналық психология дәрігерлердің қызметі мен аурулардың
мінез-құлқын зерттейді. Бұл сала бірнеше тармаққа бөлінеді,
әрбір тармақтың адам психикасын зерттеуге қатысты мақсат,
міндеттері бар. а. Нейропсихология психикалық құбылыстар мен
жоғары жүйке құрылысының физиологиясын және олардың өзара
қатынасын зерттейді; ә. Психофармаксология дәрі-дәрмектердің
адам психикасына әсері мен күшін қарастырады;
б.Психотерапия ауру адамға психикалық әдіс айла және емдік
тәсілдер қолдану мәселелерінін қарастырады; в.
Психопрофилактика және гигиена адамның денсаулығы мен оны
нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру жүйесін, оның
әдіс-тәсілдерін айқындаумен шұғылданады.
Әскери психологияның ең басты міндеті, азаматты ел-жұрты мен
Отанын қорғайтын қалқан болуға психологиялық тұрғыдан
даярлау. Мұнда жауынгерлердің мінез-құлқы мен отаншылдық
қасиетін тәрбиелеп қалыптастыру жағдайлары, бастықтар мен
бағынушылар арасындағы қарым-қатынастар, үгіт-насихат
жұмыстарын жүргізу, дұшпанға деген өшпенділік сезімдерінің
оянып, оған қарсы барлау істерін ұйымдастыру және соғыс
техникасын меңгеру мен басқару әдістері зерттеледі.
Әлеуметтік психология, адам мен қоғам арасындағы қатынас
мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір
негізінде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары
арасындағы өзара қарым-қатынастары психологиялық
құбылыстардың сырын зерттейді.
Спорт психологиясы, спортшылардың іс-әрекеттеріңдегі
психологиялық ерекшеліктерін қарастырады. Спорт жетекшілері
мен бағынушылардың өзара қарым-қатынасын, оларды даярлаудың
жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін,
психологиялық даярлығын іздестіре келе оларды жаттықтыру
және күш-қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру,
өткізу мәселелерінің психологиялық факторларын зерттейді.
Сауда психология, қазіргі заманда кеңінен дамып отырған
сала. Бұл сала бойынша әрбір елдің саяси-экономикалық және
мәдени-материалдық қажеттіліктерін өтеу мақсаттарына қарай
дамыту шаралары белгіленеді.
Ғылыми шығармашылық психологиясоңғы кездерде зерттеле
бастаған сала. Бұл сала шығармашылық адамның жасампаздық
қызметі, өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі айқын көрініп,
ғылыми жаңалықтарды ашудағы интуициясы, сезімдік рөлі т.б.
сипаттары зерттеледі. Осы бағыттағы ерекше маңызды заңдылық
эвристикатәсілі.
Көркем-өнер, әдебиет пен шығармашылыққа қатысты психология
бұл сала бойынша қарастырылатын мәселелер әсемдікті қабылдау
және оның адам жан дүниесін байытуға ықпал ету факторлары.
Бұл саланың өзекті мәселелері әлі күнге дейін жүйелі түрде
өз дәрежесінде зерттеле қойған жоқ.
Салыстырмалы психология психиканың филогенетикалық түрлерін
қарастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра
отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылықтары мен
ерекшеліктері ажыратылады.
Заң психологиясы құқыққа қатысты мәселерлерді реттеу және
оларды тәжірбие жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін
зерттейді.Бұл сала сот психологиясы, қылсым психологиясы,
еңбекпен түзету психологиясы деп аталатын тармақтардан
құралады.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест
тапсырмалары және сұрақтар
Психологияның пәні
A)& психика
B) сана
C) мінез-құлық
D) санадан тыс
E) iс-әрекет
*****
“Псюхе” ұғымы келесі мағананы білдіреді:
A) сана
B)мінез -құлық
C) іс -әрекет
D)& жан
E) ойлау
*****
Психологиядағы негізгі үрдістер
А)& психологиялық эксперимент
В) әңгімелесу
С) сауалнама
D) бақылау
Е) өмір баяндық әдіс
*****
Негізгі психологиялық пән
А) әлеуметтік психология
В) психодиагностика
С)& жалпы психология
D) психотерапия
Е) генетикалық психология
*****
Әлеуметтік психологияның зерттеуі:
А) & адамдардың қарым – қатынасының әрекеттестігі
В) психологиялық баға беру мәселесі
С) адамның мінез – құлқыының психологиясы
D) педагогикалық үрдіс
Е) тұқым қуалаушылық механизмдері
*****
Бақылау – бұл:
А) & зерттелінетін құбылыстарды жүйелі және мақсатқа сай
бағыттай отырып қабылдау
В) оқыту мен тәрбиелеу
С) психологиялық сынау
D) индивидтік ой- пікір
Е) оқып меңгеретін феноменді құрастыру
*****
Психологиялық зерттеу жағдайларын құрай алу және өзгерту
мүмкіндігіне ие болуының басты жетістігі
А) бақылау
В)& эксперимент
С) сауалнама
D) анкета
Е) тест
Жалпы психологияның пәні
А) адамдардың іс - әрекеттестігі
В) көңіл – күйді психологиялық тұрғыдан бақылау
С) & психикалық үрдістер қасиеттер және күйлер
D) құрлымның ерекшеліктері
Е) тұқымқуалаушылық механизмдер
*****
Психодиагностиканың зерттеуі
А) ғылымның даму тарихы
В) жануарлардың ерекшеліктері
С) ағзаның құрлымы
D)& диагностикалық үрдістер мен күйлердің психологиялық
бағалауы
Е) тұқым қуалаушылық механизмдері
*****
Генетикалық психологияның зерттелуі бұл:
А) & адамның мінез – құлықтары мен психикасының тұқым
қуалаушылық механизмдері
В) адамның түрлі өмір сүру кезіндегі даму ерекшеліктері
С) оќыту мен тәрбиелеудің психологиялық негіздері
D) адамдардың өзара әрекеттестігі мен қарым – қатынасында
пайда болатын құбылыстар
Е) адамдардың мінез – құлық және психологиялық
айырмашылықтары
*****
Психология қай ғасырда дербес ғылым бола бастады:
А) VI ғғ
В) XI ғғ
С) X ғғ
D) XIX ғғ
Е) & XV ғғ
*****
Жас ерекшелігі психологиясының зерттелуі
А) тұқымқуалаушылық механизмдері
В) & дамудың жас ерекшеліктері
С) оқыту мен тәрбиелеудің негіздерi
D) адамдардың өзара әрекеттестіктерінің мәнісі
Е) адамдардың мінез - құлықтарының айырмашылыќтары
*****
Алғашқы рет эксперименталды психологиялық лабораторияның
ашылуы
А) 1897ж., (Ж.Пиаже)
В) 1889ж., (Л.С.Выготский)
С) 1899ж., (С.Л.Рубинштейн)
D) 1900ж., (Вертгеймер)
Е) &1879ж. (В.Вундт)
*****
Ереже, нормаларға адам бағдарланатын эталонды топ:
А) диффуздық топ
В) формалды емес топ
С) номиналды топ
D)& референтті топ
Е) лабораториялық топ
Студенттердің білімдерін қадағалауға арналған сұрақтар:
Жалпы психологияның пәні.
Жалпы психологияның әдіснамалық принциптері.
Психиканың негізгі функциялары.
Психологияның пәні жайлы түсініктердің дамуының негізгі
сатылары.
Психологияның әдістері.
№ 2 Дәріс 2. Ұлттық сана-сезім контекстігіндегі жеке адам. 1
дәріс Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1 Жоспар:
Этнопсихология пәні, мақсаты, міндеттері, бағыты,
әдістемелік негіздері, этнопсихологияның басқа ғылымдармен
байланысы.



Этнопсихолгия жеке ғылым ретінде XIXғасырдың орта шенінде
Ресейде, кейінірек Батыс Европада пайда болды. Өйткені,
ұлттық өзіндік ойлау алыстағы және көршілес жатқан халықтар
туралы мәлімет жинаумен, адамдардың қоршаған орта туралы
білімінің кеңеюімен дамыған.
Адамдардың этнопсихологиялық ерекшеліктерін зерттеу адам
жөніндегі ғылыми түсінікті кеңейтеді. Этнопсихология ғылымы
бойынша зерттеулер нәтижесі ұлттық теорияның талдауы үшін
негіз болып табылады.
Тарихи шарттарға байланысты бүкіл этнопсихологияның дамуы
бойында оның методологиясы да өзгеріп отырады. Әлі күнге
дейін шешілмеген сұрақтардың бірі – этностың құрылуы үшін
негізгі қасиеттерді сұрыптау.
Этнопсихология жеке этностардың психологиялық заңдылықтарын,
тарихи және мәдени ерекшеліктерін зертттейді.
Қазіргі кезде этнопсихологияның екі ахуалын ерекшелеуге
болады:
қандай да бір қоғамның адамдарының нақты тарихи
этнопсихологиялық ерекшеліктері;
этника арасындағы қарым-қатынас аумағы.
Адамның тегі, халқы, ұлты сияқты жалпыламалар адамдардың
психологиясының даму ерекшелігін көруге көмек көрсетеді.
Мәселен, дамымаған қоғамға, дамымаған қарым-қатынас келеді
деп дұрыс айтылған. Халық, ел құрылғанда адамдардың
этнопсихологиялық ерекшеліктері негізгі рөлді атқарады, яғни
әр түрлі этностар үшін ортақ тіл, мәдениет құру қажеттілігі
туындайды.
Ежелгі замандағы этнографиялық байқаулар, оның негізіндегі
адамзаттың қарапайым білуге құштарлығының өзі,
этнопсихологиялық мағлұматтардың жиналуына өзінің үлесін
тигізді.
Ұлттық өзіндік ойлау мәнерінің психологиялық
ерекшеліктерінің бар екендігін Цезрьдің, Геродоттың,
Плинияның және Страбонның трактаттарынан көруге болады.
Этнопсихология ұғымына түсініктеме беретін болсақ “этно” –
тайпа, халық, “псюхе” – жан, “логос” – ғылым, ілім деген
терминдерден тұрады. Осыдан келіп, психология адамдардың
психологиялық дамуы мен қызмет ету заңдылықтарын зерттейтін
болса, этнопсихология зерттеліп отырған адамдар
қауымдастығына тән мінезді, қауымдастық өкілдерінің
мүдделерін, ұлттық сана–сезімнің қалыптасуын, тек өзіне ғана
тән психологиялық, стилистикалық кешендерін зерттейтін
ғылым, әлеуметтік психологияның аса маңызды салаларының
бірі.
Осы орайда Г.М. Андреева “индивидтің ұлттық (этникалық)
белгісі қандай да болмасын жеке адам қалыптасатын
микроортасының әлеуметтік бағытына әсер етіп, сипат алуына
байланысты көрінеді”,- дейді.
Көптеген жылдар бойы біздің елімізде ұлттар арасындағы
айырмашылықтар қарастырылмады. Қазіргі кезеңдегі болып
жатқан өзгерістер аймақтардағы ұлтаралық байланыстарды қайта
қарауға әкеліп соқтырды. Сондықтан да болар, қоғамда ұлт
мәселесі басты назарда. Оның себебі: ұлттар мен ұлыстар
арасында көптеген мәселелер туындауда.
Тәуелсіздікке ие болу, қазақ тілінің мәртебе алуы ұлттық
сана-сезімнің өсуіне әсерін тигізді. Бұл ұлттық
сана–сезімнің тағы бір көрінісі – этнопсихологияға деген
бетбұрыс еді.
Психология адамдардың психикасының даму және қызмет ету
заңдылықтарын зерттейтін болса, этнопсихология зерттеліп
отырған адамдар қауымдастығына тән мінезді, қауымдастық
өкілдерінің ұлттық мүдделерін, ұлттық сана–сезімнің
қалыптасуын, қызмет ету заңдылықтарын зерттейді.
Этнопсихология алынып отырған ірі әлеуметтік топтың,
этностық–қоғамдық тарихи қалыптасуын, тек өзіне ғана тән
психологиялық, стилистикалық кешендерін зерттейтін ғылым,
яғни әлеуметтік психологияның аса маңызды арнайы салаларының
бірі.
Этнопсихология – адам психикасының ұлттық ерекшеліктерін
қарастыратын, әлеуметтік психология, социология және
этнография ғылымдарының сабақтасуымен пайда болған жеке дара
ғылым.
Этнопсихологияны шартты түрде ұлттық психология деп
қарастыруға болады, себебі; ғылымда ұлттар психологиясы
едәуір жақсы зерттелген. Ал, ұлт адамдардың этникалық
қауымдастығы ретінде тарихи даму кезеңінің соңына қарай
құрылған, яғни олардың дамуы, капитализмнің қалыптасу
кезеңіне байланысты.
Кез–келген басқа ғылымдар сияқты этнопсихология ғылымының да
зерттеу обьектісі бар. Этнопсихология ғылымының зерттеу
обьектісі: “ұлт”, “ұлттық қауымдар”.
“Ұлт” – қазіргі қоғамдағы кезеңнен таралған этникалық
қауымдастықтың формасы болғанымен, бүгін де бұдан да басқа
оның түрлері бар; ұлттық топтар, ұлттар, “ұлыстар” т.б.
Демек, бұл ғылымның зерттеу шеңберіне топтың сана құбылысы,
топ аралық этникалық қарым-қатынастар, әсерлер және тұлғаның
ұлт өкілі ретіндегі қарастыратын психологиясы кіреді.
Сондықтан да болар, этнопсихолгия этносты, ұлтты зерттей
отырып, психология ғылымының қатарынан салмақты орын ала
отырып, этнологиялық жағынан әр түрлі ұлт өкілдерінің
қарым–қатынастағы жақындағы мен алшақтағын, өзара
түсіністік пен психологиялық сәйкестіктігін, этникалық
түсінушілігін қарастырады.
Этнопсихология ғылымының негізгі мақсаты: белгілі бір ұлттың
немесе ұлт өкілдерінің психикалық даму ерекшеліктері мен
заңдылықтарын зерттеу.
Этнопсихология әр ұлт өкілдері арқылы нақтылы ұлттың
психологиялық ерекшеліктерін зерттеумен айналысады.
Этнопсихология жеке адамның дамуындағы жүріс-тұрысының
қалыптасу жүйесіне, этникалық (ұлттық) ортаның әсер етуін
ескере отырып, даму қалыптасу заңдылықтарын, сонымен бірге
бұл ғылым әр ұлттың, өзіндік типологиялық айырмашылықтарын
нақтылы психологиялық әдістемелермен зерттейді.
Сөйтіп, бұл ерекшелік ұлттық қарым-қатынас жүйесінде,
біріккен іс-әрекет барысында қалайша әсер ететіндігін
көрсетеді.
Сонымен этнопсихология ғылымы әрбір халықтың рухани
әрекетінің (миф, фольклор, тіл, рәсім т.б.) жемісін, сол
халықтың психологиясын, ұлттық сана–сезімін, ұлттық мүддесін
көрсететін негізгі өлшемдердің бірі.
Этнопсихология ғылым ретінде адамдардың ұлттық
психологиялық ерекшеліктерін ұлтаралық қатынастарда зерттей
отырып, әр ұлт өкілдерінің психикалық іс-әрекеттерін
оқытады. Этнопсихологияның зерттеу обьектісі: “ұлт”,
“халық”.
Жоғарыда айтылған мәселелер этнопсихология аймағында
зерттеуцлерді қажет ететін бірнеше өзекті міндеттерді
көздейді:
әр түрлі теориялық мектептерде дамыған этнопсихологиялық
бағыттардың салыстырмалы қорытындысы;
адамдардың психологиясындағы этникалық ерекшеліктердің
қалыптасуының негізгі заңдылықтарын оқу;
әр түрлі мәдениет сферасындағы ұлттық және көп ұлттық
қарым-қатынастың жалпы және ерекше психологиялық негіздерін
зерттеу;
халықаралық топтар мен ұжымдардағы жеке тұлғаның
іс-әрекетінің психологиялық негізін зертеу.
Сонымен қатар, тақырыптық және әдістемелік жағынан алып
қарағанда, этнопсихология тұтас дүние емес.Сондықтан да оның
бірқатар өзіндік бағыттары болады олар төмендегідей:
психофизиологиялық, когнетивтік процестердің естің,
эмоцияның, сөз сараптаудың этникалық ерекшеліктерін
салыстармалы зерттеп қарастыратын бағыты;
этностың мәдениеттілігі бағаланатын процестер мен онын
символикалық әлемінің ерекшеліктерін айқындау бағытындағы
мәдениеттану зерттеулері;
түсіністік аппараттары мен әдістерін, әлеуметтік
психологияның сәйкес бөлімдерінен алатын этникалық сананы
және ұлттық сана–сезімді зерттейтін бағыты.
Этнопсихологияның әдістемелік негіздері.
Этнопсихологияның басқа ғылымдар сияқты методологиялық
принциптерін анықтайтын ғылыми теориялық базасы бар.
Этнопсихологияның методологиялық принциптеріне психологияның
принциптері жатады;
Детерминизм принципі – бұл принцип ұлттық рухтың көрінуіне
және дамуына оның географиялық, аймақтық, климаттық және
әлеуметтік жағдайлары әсер ететіндігін көрсетеді.
Гносеологиялық принцип – бұл принцип ұлттың өзіндік болмысын
тану, тұқымқуалаушылық негіздің ұрпақтан-ұрпаққа тарлуын,
сонымен бірге экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени
факторлардың әсер етуіне байланысты деген ұғымды білдіреді.
Сана мен іс-әрекеттің бірлігі принципі – бұл принцип
этнопсихологиялық феномендердің ұлт өкілінің іс-әрекеті
түріне байланысты екендігін сол әрекеттің ұлттық
сан-сезіммен байланыстылығын көрсетеді.
Тұлғалық немесе жеке адам тұрғысынан қарау принципі - бұл
принцип этнопсихологиялық құбылыстарда өзінің құндылықтары,
сезімдері мен ойлары бар жеке адамды негізге ала отырып
қарастыруды талап етеді.
Психология ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Ә.Әубәкірқызы өз
еңбегінде этнопсихология ғылымының зерттеу бөлімі ретінде
төмендегідей міндеттерді атқаратындығын көрсетеді:
Нақтылы этникалық қауымдастық өкілінің ұлттық психологиялық
ерекшеліктерінің қалыптасу факторлары мен негізін жан-жақты
мағыналау мен жалпылау;
Қандай да бір ұлт өкілінің ұлттық психикасының мотивациялық
өрісін зерттеу мақсатында адамдардың өнімді іс-әрекетінің
көрсеткіші болатын іскерлікті, ынта жігерді қарастыру;
Нақтылы ұлт өкілінің ұлттық сипаты ретіндегі
зерделік-танымдық белсенділікті еңбек іс-әрекетінде,
логиканың тереңдігінде, ойлау операцияларының жылдамдығында,
қабылдаудың тереңдігінде, зейіннің тұрақтылығы мен
шоғырлануынан көрінуін зерттеу;
Ұлттық сезімдердің өту заңдылықтарын анықтау мен талдау,
эмоционалды өмірді нақтылайтын заңдылығының мақсаты мен
эмоциялардың көріну спецификасын бақылауды ұйымдастыру;
Қандай да бір ұлттық мінезде маңызды қызмет атқаратын ұлттық
бағыттың ерік-белсенділігіне әсерін анықтау;
Топта, ұжымды адамдардың өзара қарым-қатынасымен
іс-әрекетінде маңызды роль атқаратын коммуникативтік өрісті
зерттеу;
Ұлттардың психологиялық сипаттарын құрайтын заңдылықтарды
анықтау мақсатында, әртүрлі халықтардың ұлттық психологиялық
ерекшеліктерін салыстыру;
Топтардың, қоғамдық топтардың ерекшелік бітіс, сипаттарының
дамуы мен заңдылықтарын жалпылау үшін анықтау;
Ұлттар арасында экономикалық, мәдени және саяси бірігу
формасы мен елдің әр аймағындағы ұлтаралық қатынастардағы
ұлт психологиясын жан-жақты зерттеу;
Саяси, тәрбиелік, ағартушылық, әлеуметтік және мәдени
қызметтердің тиімділігін көтеруге мүмкіндік беретін ортақ
ұлттық-психологиялық ерекшеліктерді есепке алу негіздеу;
Оқу, әскери, еңбек іс-әрекетін саналы ұйымдастыруға негіз
болатын ұлттық-психологиялық көзқарастарды зерттеу;
Көп ұлтты ортаға қызмет ететін немесе басқаратын адамдарға
кеңестерді ұйымдастыру жолдарын көрсету;
Халықаралық қатынастарды жақсарту мен нығайту мақсатымен
көптеген ұлттар мен халықтардың психологиясын жан-жақты
зерттеу;
Дүние жүзіндегі ұлттардың бір-біріне саяси-әлеуметтік,
экономикалық әсер етуін көрсете отырып, психологиялық және
әлеуметтік дамуын анықтау, болжау.
Этнопсихологияның басқа ғылымдармен байланысы.
Басқа да ғылымдар сияқты этнопсихология ғылымы да көптеген
ғылымдармен өте тығыз байланысты. Оларға гуманитарлық және
қоғамдық ғылымдар жатады. Олар төмендегідей;
Антропология(гректің антропос – адам, логос – ілім) яғни
адамның шығу тегін, оның бітімін, эволюциясының өзгеруін
зерттейтін ғылым.
Этнология арасындағы байланыс – этностың тіршілік әрекеті.
Этнологияның зерттеу пәні - этнос болатын болса,
этнопсихология сол этнос өкілдерінің болмыс-бітімін,
мінез-құлқындағы ерекшеліктерін зерттейді.
Этнография – әр түрлі этностардың салттарын, болмастарын,
жанұядағы өзара қатынастарын, құндылық бағдарын және де
психологиялық сипаттарын қарастырады.
Этнолингвистика - тілдердің шығу тарихы жайлы ғылым.
Этнофилософия – ұлттық дүниені тану болып табылады. Осы
мағынада ол этнопсихология мазмұнының дүниетанымдық бағытын
қалыптастыруға ықпал етеді.
Этнопедагогика мен этнопсихология арасындағы байланыс. Ол –
зерттелетін мәселелер бойынша байланыс, яғни ұлттық
сана-сезім, ұлттық мінез, ұлттық сезімнің қалыптасуы.
Әлеуметтік психология - адамдардың психологиясын, олардың
ұлттық ерекшеліктерін қарастырады. Г.М. Андрееваның
көрсетуінше әлеуметтік психология үшін маңызды фактор болып
табылатыны, ол индивтің этнос мүшесі ретінде өзін сезінуі.
Сөйтіп, жоғарыда айтылған пәндердің арасындағы
байланыстардың тамыры тереңде жатыр, бұл – бір нысан
шеңберіндегі, яғни кірігу деңгейіндегі байланыс. Бұл жөнінде
И.М.Кантор: Әлемнің біртұтастығы, заттар мен құбылыстардың
жалпыға ортақ байланысы мен өзара ынтымақтастығы, материя
мен қозғалыс формаларының тарихи сабақтастығы, сапасы
әртекті жүйенің танымал изоморфизмі кірігудің шынайы негізі
болып табылады, - дейді.
1. Этнопсихологиядағы жеке тұлғаның теориялық сұрақтары.
2. Жеке тұлғаның этникалық сәйкестілігі.
3. Жеке тұлғаның ұлттық ерекшелігінің мәні.

Этнопсихологиядағы жеке тұлғаның теориялық сұрақтары.
60-70 жылдардағы ұлттар туралы пікір таластар
рухани–психологиялық ерекшеліктің белгісі жайында өрбіді.
Оның нәтижесі ретінде елде ұлттық байланыстың элементтері,
қарым-қатынас, бағалау, өзінің санасымен қабылдаудың
элементттері, мақтаныш пен мойындау қалды (Г. Шпет).
Соның әсерінен, ұлт туралы түсінік шашыраңқы болып,
психологиялық зерттеулерге шектеулер қойылды.
Этнопсихология ғылымында негізінен ұлттар туралы екі
деңгейде сөз өрбітуге болады:
Мемлекеттік ұлттық мәдениеттің бөліктері (оған жататындар
объективті символдар).
Субъективті реакциялы (индивидтің тұтас идентификациясының
сапалығы және тұтастығы, олардың құндылықтарының бағыты
бойынша анықталады).
Жек тұлға мәселесі гуманитарлық орталықтың ғана емес
этнопсихология ғылымыныңда үлкен мәселесі. Сондықтанда
адамды этноұлттық жеке тұлға ретінде қалыптастыру
этнопсихологияның қызықты теориялық және эмперикалық
негіздері ретінде қарастырылады.
Этнопсихология ғылымында жеке тұлға әлеуметтік даму және
сапалы іс-әрекетке дайын әлеуметшіл адам ретінде
анықталады. Жоғарыдағы берілген анықтама өзінің растығын
дәлелдей алады. Жеке тұлғаны қалыптастыру оның этникалық
құндылығын, рухани сипатын мәдени–психологиялық құбылыстарын
ұғынумен байланысты.
Г. Шпеттің пікірінше “Бөлек адамның тарихтағы ұлттық
құндылығы, тарихты есіне түсіруі биологиялыққ тұқым
қуалаушылықпен емес, сол тарихтың мазмұнын құрайтын
дәрежесімен өлшенеді”.
Тарихи қалыптасуға байланысты психологтар, мәдени
антропологтарға қарағанда мәдениет пен жеке тұлғаның
тұтастығын аз қарастырған.
Қазіргі кезде көптеген адамдар үшін күнделікті өмірдегі
жұмысы, табысы, балалар тәрбиесі мен бос уақытты өткізу
мәселелері, менің болашағым қандай болады деген сұрақтан
гөрі маңызды болып барады. Бірақ, топтың мүшелерімен
байланысты психологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мотивацияны бихевиоризмде,психоанализде,гештальтпсихологияда,гуманистік психологияда қарастырылуы және мотивацияның отандық теориясы(А.Н. Леонтьев,Д.Н.Узнадзе және оның мектебі)
Мотивацияның маңызды теориялары
Mотивация теорияларын мазмұндық және процессуалдық салыстыру
Антикалық зерттеушілер жұмыстарындағы мотивация мәселелері
Қажеттілік мотивациялық процестерің негізі ретінде
Эмоция және дене
Менеджменттегі ынталандыру қызметі жайлы
Еңбек мотивациясына байланысты зерттеулердің негізгі мәселелері
Нарық жағдайындағы еңбек мотивациясы
Персоналды ынталандыру мееханизмдері
Пәндер