Төлен Әбдіков және қазақ әдебиеті


Т. Әбдіков шығармаларының көркемдік ерекшелігіҰйқасбаева Ақбота
Алматы, 2020ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
«5В011700» - «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы 4 жылдық, 4-курс
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
«Қорғауға жіберілді»
« », 2020 жыл,
Кафедра меңгерушісі, ф. ғ. д., профессор
Қ. Ө. Есенова
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСАБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІТақырыбы: Т. Әбдіков шығармаларының көркемдік ерекшелігі
«5В011700» - «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы 4 жылдық, 4-курс
Орындаған: Ұйқасбаева А. Б.
Ғылыми жетекші: Есіркепова Г. Е.
ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ АКАДЕМИК С. С. ҚИРАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ
«Бекітемін» Кафедра меңгерушісі, ф. ғ. д., профессор
Қ. Ө. Есенова
ТАПСЫРМА2020 ж. № Хаттама
Дипломдық жұмысқа
Студент Ақбота Ұйқасбаеваға университет ректорының «11» 11. 2019 ж.
№05-02/03-19 бұйрығы бойынша «Т. Әбдіков шығармаларының көркемдік ерекшелігі» тақырыбында дипломдық жұмыс бекітілді.
Дипломдық жұмысты аяқтау мерзімі: «15» 05. 2020 ж. Дипломдық жұмыста қарастыратын сұрақтардың тізімі:
- ХХ ғасырдың 60-80 жылдардағы қазақ прозасындағы жаңалықтарды
саралау және оның ішінде Т. Әбдіков шығармашылығының алатын орнын айқындау.
- Т. Әбдіков шығармаларын жанрлық, тақырыптық тұрғыда жіктеу.
- Т. Әбдіков шығармаларының көркемдік ерекшелігін көрсету.
- Т. Әбдіков шығармаларындағы образдар жүйесіне талдау жасау.
- Жазушының «Оң қол», «Парасат майданы», «Ақиқат» туындыларындағы психологизм көрінісін табу.
- Автор шығармаларындағы көркемдегіш құралдарды табу.
Жұмыс түрлері орындалуының кезеңдері
Орындалу туралы
белгі
Зерттеу жұмысының өзектілігін негіздеу, ғылыми жетекшісінің кеңесімен диплом жұмысының
жоспарын құру
Диплом жұмысының тақырыбын бекітуге ұсыну, зерттеудің нысанын, пәнін айқындау, ғылыми-
теориялық, методологиялық негізін анықтау
Диплом жұмысының екінші бөлімін жазып аяқтау,
жетекшінің тексеруіне ұсыну
Зерттеу нәтижелерін ресми мақұлдауға
(апробациялауға) ұсыну
Тапсырма берілген күн «25» 09. 19 ж. Ғылыми жетекші:
ф. ғ. к., аға оқытушы Г. Е. Есіркепова
Орындаған студент: А. Б. Ұйқасбаева
МАЗМҰНЫКІРІСПЕ 3
І. Төлен Әбдіков және қазақ әдебиеті
- ХХ ғасырдың 60-80 жылдардағы қазақ прозасы және Т. Әбдіков
шығармашылығы 5
- Т. Әбдіков туындыларының жанрлық, тақырыптық тұрғыдан
жіктелуі 9
ІІ. Төлен Әбдіков шығармаларының көркемдік ерекшелігі
- Т. Әбдіков шығармаларындағы образдар жүйесі 17
- Жазушы шығармашылығындағы психологизм. 28
- Автор туындыларындағы көркемдегіш құралдар қолданысы 34
- Т. Әбдіков туындыларындағы қазақ танымы мен шығармашылық
сабақтастық 38
ҚОРЫТЫНДЫ 42
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ 45
КІРІСПЕЗерттеу жұмысының өзектілігі: 1960-80 жылдары бұрыннан бай әдебиетіміздің қоры тың тақырыптағы туындылармен, қаламы жүйрік жазушыларымыздың қатары жаңаша көзқарастағы суреткерлермен толықты. Проза жанрында аянбай еңбек еткен жазушылар қоғамдағы шындықты да, сұмдықты да кейіпкер бейнесі арқылы ашты. Бұл кезеңде қазақ әдебиеті мазмұндық, тақырыптық жағынан, жанрлық тұрғыдан, түрлі көркемдік тәсілдермен молайды. Осындай жаңалықтарымен оқырманды елең еткізген туындылардың авторы ретінде Т. Әбдіковті айрықша атасақ болады.
Т. Әбдіков - өзгеге ұқсамайтын өз мәнерін тапқан, санға емес, сапаға қызмет еткен жазушы. Осы уақытқа дейінгі қаламгерлік ғұмырында небары 16 әңгіме, 8 повесть, 1 эссе, 1 роман жазған ол өз туындыларында өмірдің ең өзекті мәселелерін қозғай білген. Суреткер әлеуметтік-саяси мәні бар ірі тарихи оқиғалардан бастап ауылдағы қарапайым қазақ жанұясының қайғысына дейін жазды. Сонымен қатар оның шығармашылығы өз ұлтының болмыс-бітімін ашатын туындыларға толы. Дегенмен, Т. Әбдіков өз көрген, білгенін ғана сөйлетер тар шеңбер аясында қалып қоймай, өзге халықтың жай- күйін де, барша адамзат атаулыға ортақ гуманизм тақырыбын да толғай білген. Зерттеу жұмысымызда Т. Әбдіковтің қаламгерлік даралығы, туындыларындағы заман көрінісі, дәуір шындығын суреттеу шеберлігі, сондай-ақ автор туғызған адам образы, кейіпкердің жан жүйесін ашу үшін қолданылған терең психологиялық талдау тәсілдері сөз болады. Сонымен қатар автордың сөз әрлеуде қолданған әдістерін, яғни шығармаларында кездесетін көркемдегіш құралдарды, қазақ халқының болмысы ашылатын ұлттық таным көріністерін, әңгімелер мен повестерде кездесетін бөгде өркениеттің талғам-түсінігін де қарастырдық.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Зерттеу жұмысымызда Т. Әбдіковтің таңдаулы туындыларына негіз болған тақырыптарды талдап, автор шығармаларында көрініс тапқан дәуір шындығына сипаттама беру, туынды жасаудағы жазушының тың шығармашылық ізденістерінің табиғатын ашу, көркемдік ерекшеліктерін көрсету мақсатына жету үшін алдымызға мынадай міндеттерді қойдық.
- 1960-80 жылдары проза жанрына қалам тартқан жазушылардың ұстанған ортақ шығармашылық тұжырымдамаларын салыстыра талдау;
- Олардың арасынан Т. Әбдіков туындыларының алатын орнын, өз шығармашылығына тән көркемдік ерекшелігін саралау;
- Автордың кейіпкер жан әлемін ашу барысындағы, яғни шығармашылық психологизмдегі шеберлігін көрсету;
- Жалпы қазақ әдебиетіне, қазақ прозасына әкелген жаңалықтарын айқындау.
Зерттеу нысаны: Зерттеуіміздің дерек көзі ретінде Т. Әбдіковтің 1974 жылы жарық көрген «Ақиқат», 2002 жылы шыққан «Оң қол», 2005 жылы жарық көрген «Әке» атты жинақтарын, жазушының баспасөз беттеріндегі түрлі сұхбаттарын, өзге тұлғалардың Т. Әбдіков жөніндегі пікірлерін, диссертациялық жұмыстарды алдық.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Жазушы шығармашылығы жөнінде Ә. Нұрпейісов, О. Бөкей, Д. Исабеков, Б. Майтанов, Қ. Жанұзақова, Г. Пірәлиева, М. Хамзин, С. Асылбекұлы, Ш. Елеукенов, О. Тұрғалиева, Е. Жеңісұлы, Ж. Әбдіхалық және т. б. сөз қозғады.
С. Асылбекұлы «Қазіргі қазақ повестеріндегі заман шындығы» /1970-1989 жылдар/ (Алматы 1997) атты кандидаттық диссертациясында Т. Әбдіковтің повестерін О. Бөкей, С. Мұратбеков, Ә. Кекілбаев, А. Сүлейменов, Д. Исабеков, Ә. Тарази т. б жазушылардың шығармаларымен салыстыра талдайды. Ғалым М. Хамзин «60-80 жылдардағы қазақ романының стилі мен типологиясы» (Алматы 1997) атты докторлық диссертациясында жазушының «Өліара» романына тоқталады. Мақтагүл Социалқызы «Көркем прозадағы шығармашылық тұлға мен авторлық позицияның арақатынасы» /1980-2000 жылдар әдебиеті бойынша/ атты еңбегінде Т. Әбдіковтің «Өліара» романын Т. Жұртбайдың «Жер бесік», З. Жәкеновтің «Зұлмат», С. Ерубаевтың «Ақ боз үй», Б. Мұқайдың «Жалғыз жаяу» секілді романдарымен үндестікте қарастырады. Жансая Жанғазыұлының «70-80 жылдар қазақ прозасындағы адам концепциясы» (2001), Нұргүл Қайырбекқызының «Қазіргі қазақ әңгімелеріндегі тартыс табиғаты» (2006) атты кандидаттық диссертацияларында жазушының прозалық шығармаларындағы экзистенциалистік ағымның әсерін Д. Исабеков, Ә. Кекілбаев, О. Бөкей, Ә. Тарази шығармаларымен қатар талдап ашып көрсеткен. Ал Гульмира Танабаева өзінің «Төлен Әбдіковтің прозалық шығармаларының жанрлық, тақырыптық және көркемдік ерекшеліктері» (2010) атты кандидаттық диссертациясының арқауы етіп жазушы еңбектерін алып, жан-жақты талдап, кеңінен сөз еткен.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Зерттеу жұмысымызда Т. Әбдіков туындыларын түгелдей қамтып, көркемдік ерекшеліктерін көркем шығарманы жаңаша талдауға үлес қосып жүрген ғалым А. Таңжарықованың еңбегі бойынша қарастырдық. Сондай-ақ автор еңбектеріндегі кейіпкер психологиясын беру тәсілдеріне тереңірек үңілдік, әңгіме, повестердегі автор мен образ арасындағы байланысқа, ой-пікір сабақтастығына жете мән бердік.
І. Төлен Әбдіков және қазақ әдебиеті1. 1. ХХ ғасырдың 60-80 жылдардағы қазақ прозасы және Т. Әбдіков шығармашылығы
ХХ ғасырдың 60-80 жылдары қазақ әдебиетінде, соның ішінде қазақ прозасында елеулі өзгерістер болды. Әдеби үдерісте 1960 жылдардан бастап демократиялық, гуманистік принциптер белең ала бастады. Қазақ әдебиетіне жаңа рухани серпілісті ала келгендердің қатарынан Д. Исабеков, А. Сүлейменов, Қ. Ысқақов, О. Бөкей, Ш. Мұртаза, М. Мағауин, Ә. Кекілбаев, С. Мұратбеков, С. Жүнісов, Қ. Жұмаділов, Р. Тоқтаров, Ә. Тарази, Д. Досжанов, А. Нұрманов, Ә. Сараев, А. Сүлейменов, Т. Нұрмағанбетов, Т. Әбдіковтер бой көрсетті. Осы кезеңде туған Д. Исабековтің «Гауһар тас», «Тіршілік»,
«Дермене», «Сүйекші», «Қарғын», Ә. Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры»,
«Шыңырау», «Үркер», «Елең-алаң», «Күй», О. Бөкейдің «Қамшыгер»,
«Қайдасың, қасқа құлыным?», «Өліара», «Жетім бота», «Қар қызы», «Өз отыңды өшірме», «Мұзтау», Т. Әбдіковтің «Қайырсыз жұма», «Бас сүйек»,
«Қонақтар», «Әке», «Тозақ оттары жымыңдайды», «Парасат майданы»,
«Өліара» сынды әңгіме, повесть, романдары оқырман қауымды елең еткізген шығармалар болды.
Бұл қаламгерлердің басты ерекшелігі адам тұлғасын бірінші орынға қоюларында болды. Осы кезеңдегі жазушылардың шығармашылық концепциясындағы үндестіктерді санамалап айтып көрейік:
- Қаламгерлер туындыларында философиялық ой-толғам жиі ұшырасты;
- кейіпкердің жан-дүниесіне терең үңілу, яғни психологиялық тұрғыдан талдау белең алды;
- сюжет кейіпкердің ішкі тартысына негізделді;
- шығарма шешімі трагедиямен аяқталатын оқиғаға негізделді;
Әдебиетке 60-80 жылдары келген бұл толқынның адам мәселесін алдыңғы қатарға қойғанын жоғарыда атап өттік. Осы жөнінде А. Ісімақова былай дейді:
«Кейіпкердің өзін тыңдауға бет бұрған, оны өзіне тән үнімен көрсетуге ден қойған Ә. Кекілбаев, О. Бөкей, Д. Исабеков, Б. Нұржекеев, Т. Әбдіков туындылары өмірге келді. Бұл жазушылардың шығармаларында баяғыдай бәрін алдын-ала болжап білетін, бәрін де өзі өлшеп пішетін автор («всезнающий автор») мүлдем жоғалып, ол өзінің орнын енді кейіпкерлерге ұсынды. Енді кейіпкердің сөзі мен ойы көркемдіктің мәнді құралына айналды. Қарапайым ғана адамдардың сөзі мен ойы өздеріне тән үнімен ерекшеленді және ол автордың сөзінен бөлініп ерекше зонаға айналды . . .
. . . Ә. Кекілбаевтың, Д. Исабековтің, Т. Әбдіковтің кейіпкерлері «даяр күйде, дайын түрде» алдынан шыға салмайды, олардың кейіпкерлері бүгін көз алдымызда қалыптасып жатқан сананың қозғалысын айқындайды. Ал баяндаушы болса, осыларға кезек үңіліп, біресе ренжіп, біресе қуанып, біресе қуарып отырады» [1, 354] .
Шынында, бұл қаламгерлердің қай кейіпкерін қарасаңыз да, елде жоқ ерек жандар емес, күнделікті өмірде өзіміз кездестіріп жататын адамдар және жазушылар осы қаһармандардың ішкі жан әлеміне терең үңілу мақсатында оның тілін монологқа, соның ішінде, философиялық ой-толғамға құрған. Мәселен, Д. Исабековтің «Қарғын» романын қарастырып көрейік. Жазушының бұл шығармасы түгелге жуық бас кейіпкерлердің философиялық ой- толғамына құрылған. Романда оқырманды елітіп әкететін, қызықтырып қоятын шым-шытырық сюжеттің жоқ екендігі жалған емес. Автор өзінің дүние туралы танымын, субьективті пікірін Жасын бейнесі арқылы жеткізген. Жазушы Жасын мен Бағиланың монолог, диалогы арқылы осы уақытқа дейін оқырманның ақиқат деп танып келгенін теріске шығарып, ойға салып қояды. Мәселен, бас кейіпкердің бір-бірінсіз өмір сүре алмайтын адамдардың біреуі өлгенде неге екіншісі қоса қабірге түспейтініне жауап іздеп, таба алмауы, сөйтіп бұл сөзді жалғанға шығаруы қай оқырманды болсын ойландырып қояры анық. Ал Жасынның Бағиламен тілдесуінде ұшырасатын пікірлері («құдайдың адамды жаратудағы мақсаты мүлде бөлек», «жападан жалғыз отыра бергеннен жалыққандықтан жер бетіне пендені жіберген»), тіпті, алғаш оқыған жанды шошытып та жіберуі мүмкін. Осылай шығарманың өн бойында автор өзін толғандыратын философиялық сұрақтарға Жасын мен Бағиланың ішкі ойлары немесе тілдесулері арқылы жауап іздеп, соңында өзінше қорытынды шығарып отырады.
С. Асылбекұлының зерттеу еңбегінде 1960-80 жылдардағы қазақ прозасының тақырыптық ерекшелігін 4 топқа жіктейді:
- ауыл тақырыбы;
- қала тақырыбы;
- тарих тақырыбы;
- шет ел тақырыбы.
Бұл кезеңдегі қаламгерлеріміздің ауыл тақырыбына жиі қалам тартуының себебін ғалым олардың қай-қайсысының да ауылда туып, өскендігінен іздейді, өздеріне жете таныс тақырып болғандығынан деп түсінеді.
Жазушылардың ауыл тақырыбына жазылған туындыларында сол дәуірдің шындығы да көрсетілген. Ауылдан безіп, қаладан құт іздеген, қара шаңырағының түтінін түтетпек түгіл, туған үйінде бір күн де аялдауға уақыты жоқ қайырсыз ұл жайында Т. Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесінде сөз болған. Дәл осы ой оның замандасы Д. Исабековтің «Қара шаңырақ» әңгімесінде де көрініс тапқан. Т. Әбдіковтегі Ерғабыл қарт бейнесі мен мұндағы Шөмішбай қарт бейнесі - ұлттың болмысы, ұмытылып бара жатқан ана тілдің қайнар бұлағы, қазақы танымның көзі іспеттес. Екеуін де қынжылтатыны - тамырынан ажырап бара жатқан ұрпағы: «Осы иттер әке-шешеміз бар-ау деп
ойламайды ғой деймін. Әйтпесе «қалайсыңдар» деп сүт пісірімге келіп кетсе қайтеді . . . Келеді деп күнде тосамыз, дарбазаны жел сықырлатса да сендердің біреулерің екен деп елең ете түсеміз . . . » [2, 42] .
1960-80 жылдардағы қазақ прозасының тағы бір ерекшелігі ретінде әдебиетті жанрлық тұрғыдан, түрлі тәсілдермен байытқанын атап айта аламыз. Г. Пірәлиева бұл туралы былай дейді: “Жетпісінші жылдардың басы мен орта тұсында қазақ прозасында соны бір құбылыс, әдеби жанрда бұрындары байқала қоймаған тың көркемдік тәсілдер туа бастады. Мәселен, роман- монолог (“Аңыздың ақыры”- Ә. Кекілбаев), роман-диалог (“Ақиқат пен аңыз”- Ә. Нұршайықов), әңгіме-түс көру (“Оң қол”- Т. Әбдіков), повесть- новелла (“Ақ ару-ана” -С. Санбаев) және басқалар. Мұның бәрі қазақ сөз өнеріне өзіндік қолтаңбасымен, стильдік ерекшеліктерімен жаңаша леп әкелгендей еді” [3, 76] .
Шығарма шешімі трагедиямен аяқталып отыратын, тартыс кейіпкердің ішкі қайшылығына негізделген туындылар Т. Әбдіковте жиі кездесті. Сондай- ақ, Ә. Кекілбаевтің «Шыңырау» повесі де бас кейіпкердің қазасымен аяқталады. Ал Д. Исабековтің «Қарғын» романындағы тартыс Жасынның жан дүниесіндегі арпалысқа құрылған.
Сонымен, 1960 жылдар әдебиетке модернизмді әкелгенімен әйгілі болды. Қазақтың жаңа прозасы деп аталып жүрген туындылардың түп-төркіні осы жылдардан басталды. Қазақ әдебиетіне «тоқырау жылдары» деп аталған тұста келген қаламгерлер өздеріне дейінгі жазушылар салып кеткен ескі сүрлеумен жүре беруді жөн көрмей, жаңаша, тың тақырыптар мен соны идеялар алып келгендігімен ерекшеленді. Олар өздері өмір сүріп отырған дәуірдің қиындығына, сол кездегі әлеуметтік-саяси жүйенің қысымына қарамай, шығармаларында шындықты астарлы түрде жеткізе білді. Ірі тарихи оқиғаларды да, халық басындағы трагедияны да көрсете алды. Кейіпкерлерінің көңіл-күйін психологиялық тұрғыдан шебер суреттеу арқылы, адам жанының қалтарыс-бұлтарысына терең ену арқылы мәні зор, аса ірі мәселелерді көтерді. Жазушылардың туындылары тек бір халық, бір ұлт трагедиясының төңірегінде қалып қоймай, дүниежүзілік, барша адамзат атаулыға маңызды адамгершілік тақырыбын толғады. 1960-80 жылдар прозасының қазақ әдебиетіне әкелген осындай ерекшеліктерін айта отырып, ойымызды ғалым С. Асылбекұлының мына пікірімен қорытындылағанды жөн көрдік: “Олар қазақ прозасына жаңа тақырыптар мен идеялар, характерлер ғана алып келген жоқ, сондай-ақ оны интелектуальдық жағынан да байытты, оның поэтикалық политрасын кеңейтті, сөйтіп, қазақ оқырмандарына өздері өмір сүріп отырған заманның шындығын ашып берді” [4, 2] .
Біз қарастырып отырған қаламгер Т. Әбдіков те қазақ әдебиетіне осы тұста араласа бастаған. Дәуір тынысы, заманның бет алысы, тұстастарының қалам тартқан тақырыбы жазушыға әсер етпей қоймайтыны анық. Бір заман перзенттерінің шығармашылық үндестігі туындыларында көрінетін өз
болмыстарынан, дүниетанымдарынан айқын көрініс тапқан. Мысалы, Д. Исабеков «Қарғын» романында «Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда» деген Абай сөзін тіліне тиек етсе, ал Т. Әбдіков «Парасат майданы» повесінде М. Жұмабаевтың «Сұм өмір абақты ғой саналыға» деген ойын алға тартады.
Әдебиетке 1960 жылдары келген буынның бір өкілі ретінде Төлен де адам жанының беймәлім сырларын ашу жолында аянып қалмаған. Төлен Әбдіков шығармашылығымен танысқан жан оның түгелге жуығы «Адам» концепциясына негізделгенін жоққа шығара алмасы сөзсіз. Жазушы прозасын оқып отырып пенденің маза бермеген мұңы да, айтуға болмайтын сыры да, жанын шарпыған өрті де, тәніне батқан дерті де Төлен қаламына ғана сөйлейтін сияқты күй кешесің. Бүтін бір ғұмырын, бүкіл шығармашылығын алуан түрлі тағдыр иелерінің сан қилы сезімін суреттеуге арнаған автор бұл жайында мынадай ой айтады: «Адамның жан дүниесі - тұтас бір әлем. Онда да жақсы мен жаман, шындық пен жалғандық, сенім мен күдік, ізгілік пен қиянат күресіп жатады. Абайдың: «Махаббат ғадауатпен майдандасқан, Менің қайран жүрегім мұз болмай ма?» деген сөзі есіңізде шығар? Адамның жан дүниесі кірлеп, ардан гөрі арамдық, адалдықтан гөрі пайдақұмарлық, кішіпейілдіктен гөрі өзімшіл найсаптық, азаматтықтан гөрі мансапқорлық, тағы сол сияқты кісәпір қасиеттер басым түсіп жатса, онда, сөз жоқ, өзіңнен өзің қорқуға тура келеді. Жұрттың көбі жамандықты біреуден көруге құмар. Жамандық әрқайсымыздың ішімізде жатыр. Ең алдымен өзімізбен өзіміз күресейік деп ұран тастаған ұлылар болған. Ең үлкен жеңіс - өзіңді өзің жеңуің. Көркем әдебиеттің негізгі міндеттерінің бірі - адамның жан дүниесін тазартуға ықпал жасау» [5, 9] . Осы пікірі арқылы жазушы көркем әдебиеттің өзіне ғана емес, өзге әріптестеріне де қояр талабы бір екенін және әр қаламгер мұны мәңгілік айнымас қағидасына айналдыруы керектігін айтқысы келген тәрізді.
Т. Әбдіков туындыларының жанрлық, тақырыптық тұрғыдан жіктелуіТөлен Әбдіковтің шығармашылығы турасында сөз қозғамастан бұрын атақты орыс сыншысы Белинскийдің мына пікірін еске ала кетейік: «Он том жазсаң жеткізе алмас ойыңды, бір сызып тастай салғандай етіп, жалғыз-ақ сөзбен айтып беру - көркемдік». Иә, Төлен Әбдіков Белинскийдің көркемдік қалпы жөніндегі пікіріне толықтай сай келетін қаламгер. Оның дәлелі ретінде бүтін бір шығармашылық ғұмырында жалғыз ғана роман жазып, санаулы әңгіме, хикаяттарымен көптің көңілін жаулап алғанын айтсақ болады. Автордың бұл ерекшелігі жөнінде өз замандасы Д. Исабеков те пікір білдірген:
«Жалпы Төлен бұрқыратып жазған жігіт емес. Әлі күнге шейін сол ырғағын сақтап келеді» [6, 14] .
Т. Әбдіковтің әдебиетке өзімен бірге келген басқа қаламгерлерден ерекшелігі - аз жазатындығы. Бірақ жазушы туындыларының сирек жазылғаны, санының аздығы сапасына селкеу, көлемінің қысқалығы көркемдігіне көлеңке түсіре алмаған. Бұл қаламгердің бір шығарманы жазу барысында ұзақ ізденіс, терең толғаныс үстінде жүретінін, өміршең туындылардың өмірге осылай келетінін аңғартады. Жазушының туындылары саусақпен санарлық қана болғанымен, шығармашылығы жанрлық түрге бай. Оны біз төменде кестемен беруді жөн санадық.
Әңгімелері
Повестері
Эссе
Романы
Пьесалары
«Райхан»
«Екі кездесу»
«Сәндікөл»
«Оң қол»
«Қонақтар»
«Жат перзент»
«Мансап»
«Бас сүйек»
«Қайырсыз жұма»
«Қойшығұл»
«Таласбай»
«Бір күндік ашу»
«Көктерек»
«Қарасын»
«Ондатр бөрік»
«Аялдамадан аялдамаға
дейін»
«Күзгі
жапырақтар»
«Оралу»
«Қыз Бәтіш пен Ерсейіт»
«Ақиқат»
«Тозақ оттары жымыңдайды»
«Парасат майданы»
«Әке»
«Ғұмыр мен тұғыр»
«Сәби туралы сыр»
«Өліара»
«Біз үшеу едік»
«Ардагер»
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz