Үлгілік оқу бағдарламасының құрылымы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
1-КҮН
ЖАҢАРТЫЛҒАН ОРТА БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1-дәріс
Заманауи білім беру трендтері. Білім беру мазмұнын жаңартудың алғышарттары.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және үлгілік оқу бағдарламалары.

Слайд
Мәтін
1
Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Бірінші лекция Заманауи білім беру трендтері. Білім беру мазмұнын жаңартудың алғышарттары. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және үлгілік оқу бағдарламаларының мазмұны тақырыбына арналады.
2
XIX ғасырдың соңында француз суретшісі Жан-Марк Коте 2000 жылыдеп аталатын пошта ашық хаттар топтамасын жариялады. 87 көркем суреттен тұратын ашық хатта ол жүз жылдан астам уақыттан кейін өмірді қалай елестетінін бейнеледі. Ұшатын машиналар, электрлік роликті коньки, газет фонографы, механикалық оркестр, жинап-тазалаушы роботтар мен мобильді үйлер. Коте көріністерінің арасында ең қызықтысы - болашақ білімге қатысты суреттер болды. Ол тікелей оқудың таңғажайып техникасы түрінде берілді. Мұнда арнайы машина оқулықтарды қайта өңдеп, білімді миға тікелей әкелетін толқындарға айналдырады.
2000 жылы мұның ешқайсысы да болмағаны бәріміге белгілі. Бұл жерде әңгіме 19 ғасырдағы француз суретшісі айтқандай білім берудің фантастикалық технологиялары туралы емес, біздің саланы түбегейлі өзгертетін жаңа жүйелер мен тұжырымдамалар туралы болмақ.
3
Зерттеушілер индустриялық білім берудің заманауи моделі дәрменсіз екендігін атап көрсетеді: ол болашақ дағдыларын емес, өткеннің дағдыларын қалыптастырады.
Зерттеушілердің пікірінше, оқушыларды қазіргі еңбек нарығына дайындайтын, оларға 21 ғасырда кәсіби, қоғамдық және жеке табысқа жету үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береті жаңа білім беру тәсілдері, процестер мен форматтар қажет.
4

ХХІ ғасыр - жаһандану, жаңа технологиялар мен инновациялар ғасыры, жаңаша ойлау, білім берудегі жаңа трендтер мен жаңашыл бағыттар ғасыры.
Зерттеушілер білім беруде келесі басым бағыттарды, трендтерді атап көрсетеді.
oo Сындарлылық, яғни игерген білім-дағдылар негізінде, шешім қабылдау дағдыларын дамыту үшін күрделі міндеттер белгілеу
oo Ойлауды дамыту (Growth Mindset)
oo Сандық сауаттылық
oo Тұлғаға бағдарланған оқыту
oo Жобаға бағдарланған оқыту
oo Оқудағы командалық жұмыс
oo Аралас оқыту (Blended Learning)
oo Оқу жетістіктерін бағалау
oo Әлеуметтік және эмоциялық білім беру
oo Робот техникасыкодтау
oo Ойын арқылы оқыту
oo Геймификация
oo Мобильді оқыту
Білім берудегі трендтер білім беру парадигмасының негізі болып табылатын оқытудың жаңа шарттары мен белсенді әдістерін жасауды көздейді. Бұл трендтер өз білімін үздіксіз жаңартуға, жаңаны тез үйренуге және жылдам өзгеретін әлемде табысты өмір сүру үшін өз дағдыларын қолдану саласын ауыстыруға қабілетті, сыни ойлайтын және функционалды сауатты тұлғаны дайындауға қоғам тарапынан өсіп келе жатқан талаптармен байланысты болады.
5
ЮНЕСКО, ЭЫДҰ, ДЭФ, БҰҰДБ халықаралық ұйымдарының арқасында білім берудің өзекті мәселелерін талқылау бойынша халықаралық алаңдар құрылды. Олар балалардың дағдыларын дамытудағы алшақтықты жеңуге арналған елдерге ұсынылатын жаңа жобалар мен жоспарларға бастамашылық етеді.
6
Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы (ЭЫДҰ) 2014 жылы Қазақстандағы орта білім жүйесі мен ұлттық білім беру саясатына шолу жасай отырып, бірқатар ұсыныстарды белгіледі:
-Қазақстан Үкіметіне орта білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларын толық талдап, қайта қарастыру керек, өйткені олар жоғары оқу көрсеткіштерін қамтамасыз ете алмайды, оқушылардың барлығына функционалдық сауаттылық пен математикалық сауаттылықтың ең төмен деңдейіне жетуге мүмкіндік бере алмады және жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын дамытуға ықпалын тигізген жоқ.
-қолданыстағы оқу бағдарламасы аясында академиялық пәндердің артық санын азайту керек, бұл бағдарламаларда білімді практикада қолдану назарға алынбай, теорияға тым артық көңіл бөлінгенін ескеру қажет, өйткені бұл басқа кемшіліктермен қатар бағдарламаны одан да күрделендіреді және үлгерімі төмен оқушылардың қабылдауын қиындатады.
-таңдау пәндері бойынша тереңдетілген оқуды қамтамасыз ету үшін оқу бағдарламасын, әсіресе жоғары сынып оқушыларына арналған бағдарламаларды қайта қарастыру қажет, сонымен қатар әр мектепте оқушыларға көп пәнді таңдау мүмкіндігін беру керек.
7
Қазіргі жылдам өзгеріп жатқан заманда біздің алдымызда жас ұрпақты болашақ өмірге және еңбек етуге тиісті деңгейде даярлап, оқушылардың бойында ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру міндеті тұр. Бұл дағдылар пән бойынша білім, нақты дағдылар, сауаттылық пен тәжірибені қамтиды (1.1-ресурс).
Пән бойынша академиялық біліммен қатар оқушылар қазіргі заманда табысқа жетуге қажетті сын тұрғысынан ойлау, проблемаларды шешу, қарым-қатынас жасау және бірлесіп әрекет ету сияқты негізгі дағдыларды да меңгеруге тиіс.
Сондықтан жоғарыда аталған мәселелер тиісті мемлекеттік білім беру стандартымен, бағалау жүйесімен және оқу бағдарламаларымен, оқыту жүйесімен, кәсіби даму және оқу ортасымен үйлесім тауып жатса, оқушылар оқу процесіне барынша қызығушылықпен қатысып, мектеп бітірген кезде қазіргі жаһандық экономика жағдайында еңбек етуге мейлінше дайын болмақ.
8
Қазақстан Республикасының Білім және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу жүзеге асырылуда.
9

Білім беру мазмұнын жаңарту міндеттерін жүзеге асыру аясында негізгі нормативті құжаттардың да мазмұнына өзгерістер енгізілді:
oo мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында бағалау стандарттары болып табылатын пәндік бағыттар бойынша күтілетін нәтижелер таксономиялық тәсілді қолдана отырып ұсынылған. Таксономиялық тәсілге сүйене отырып, білім алушы әрбір білім деңгейінің соңында нені білуі, түсінуі, қолдануы, талдауы, жинақтауы және бағалай алуы тиіс екендігі көрсетілген.
oo үлгілік оқу бағдарламаларының мазмұнында бөлімдер, бөлімшелер және ортақ тақырыптар мен оқу мақсаттарын ұсынатын ұзақ мерзімді жоспарлар қарастырылған және әрбір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атмосфералық қысымды өлшеу
Қазақ тілі оқу пәні
Бейнелеу өнері пәнін оқыту эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу
Бакалавриаттың білім беру бағдарламасы
Тест тапсырмаларын бағалау нормалары
Оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
Бакалавриаттағы Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану мамандығының білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдіру мәселесінің ғылыми әдебиеттерде талдануы
Тарихты оқыту әдістемесінің міндеттері
Жас кезеңдері және жас топтары мынадай
Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бастауыш мектептің бағдарламасы және оқыту әдістемесі
Пәндер