Ұзақ мерзімді жоспар


1-КҮН
ЖАҢАРТЫЛҒАН ОРТА БІЛІМ МАЗМҰНЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 2-дәріс
Оқу бағдарламасының спиральді құрылымы.
Оқу мақсаттарының жүйесі, ұзақ мерзімді жоспар.
Спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы Джером Брунердің « Білім беру үдерісі » (1962) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Оның пікірінше, ең күрделі материалдың өзі дұрыс құрылымдалып ұсынылатын болса, оны тіпті кішкентай балалар да түсіне алады. Сонымен қатар, «жұмыстау негізіне баланың бұрынғы өз тәжірибесі перне қоры, мағлұматы салынып, дәл айтқанда, балаға танымал жақын нәрседен басталғаны» абзал (Аймауытұлы, 1929) .
Спиральді оқу бағдарламасын ұсынушылар оның төмендегідей басымдықтарына назар аударады:
- тақырыпты уақыт өте қайта оралып қарастырған кезде білім бекітіліп, тереңдей түседі;
- спиральді оқу бағдарламасы жеңіл идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға бірізділікпен ауысуға мүмкіндік береді;
- кезекті оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін оқушылардың алдыңғы білімдерін пайдалану қарастырылады.
Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары сыныптан сыныпқа көшу барысында білім, дағдылар қайталанып, пысықталатын спиральді оқу бағдарламасының моделіне негізделген. Пән мазмұнын анықтайтын бөлімдер мен бөлімшелер көлемінде қарастырылатын оқу мақсаттары оқу үдерісінің алға ілгерілеуін айқын көрсетеді. Математика пәні бойынша спиральділік қағидатын «Математикалық модельдеудің көмегімен есептер шығару» бөлімі бойынша алынған мысадан көруге болады. Мұнда оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысында алға ілгерілеуіне орай, өздерінің білім-дағдыларды меңгеріп, түсінуіне анағұрлым сенімді бола түсетінін көреміз.
Кесте 1. «Математикалық модельдеудің көмегімен есептер шығару» бөлімі бойынша спиральділік қағидатының көрінісі
Жаңа білімді алдыңғы біліммен тығыз байланыста қарастырып, алға жылжыған сайын оқу мазмұны күрделене түсетін спиральді оқу бағдарламасы білім беру мазмұнындағы сабақтастықты қамтамасыз етеді
Жаңартылған оқу бағдарламаларының бірқатар мазмұндық ерекшеліктерін атап өтуге болады:
- пән мазмұнының спиральді қағидатпен берілуі;
- Блум таксономиясына негізделген оқу мақсаттарының иерархиясы;
- бір білім беру салалары және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі;
- оқу процесін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру;
- оқытудың тәрбиелік маңыздылығын арттыру, оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру;
- білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша оқу мақсаттарын қою;
- бөлімдердің мазмұны мен ұсынылатын тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы;
- оқытудағы жүйелі-әрекеттік тәсілдеме (оқушының білім алу процесіне белсенді қатысуы) .
«Информатика» пәнін оқытудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер
- оқушының дамуы үшін оның жеке пікірін тыңдау және бойындағы білімін, білігін, дағдысын пайдалануының маңыздылығын мойындау;
- оқушыларды тиянақты сараланған тапсырмалар мен жаттығулар арқылы ынталандыру және дамыта оқыту;
- оқушыға түсінікті тәсілмен модельдеу және есептердің шешімін табу мысалдарымен сүйемелдеу;
- оқушыларды оқытуда «оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау;
- есептерді шешу мен талдау негізінде оқушылардың зерттеу іс-әрекеттері мен белсенділігін ынталандыру;
- оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту;
- оқушылардың жеке, жұппен, топпен және жаппай сынып арасында жұмыс істеу іс-әрекеттерін ұйымдастыруды қамтиды.
Оқу пәнінің мазмұны және оқу мақсаттарының жүйесі
Оқу пәнінің мазмұны бөлімдер бойынша берілген. Бөлімдер бөлімшелерге бөлініп, әр бөлімшені оқып игеру сыныптар бойынша күтілетін нәтижелер: білік-дағдылар, білім немесе түсініктер түрінде білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау (синтез), бағалау деңгейлерін қамтитын оқу мақсаттары жүйесінде көрсетілген.
Әр бөлімше көлемінде тізбектеліп жазылған оқу мақсаттары мұғалімге өз жұмысын жоспарлап, оқушылардың жетістіктерін бағалауға, сонымен қатар оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік жасайды.
Оқу бағдарламасына қосымша ретінде оқу жылында қарастырылатын оқу мазмұн тоқсан бойынша топтастырылған ұзақ мерзімді жоспар ұсынылған.
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Информатика» пәнінің мазмұны 4 бөлімді қамтиды:
- «Компьютерлік жүйелер
- Ақпараттық нысандарды құру және түрлендіру
- Ақпараттық процестер және жүйелер
- Қосымшаны құру
Бұл бөлімдер келесі бөлімшелерден тұрады:
1) Бұлттық технологиялар
2) Ақпараттық қауіпсіздік
1) Дизайн теориясы
2) Видео контент құру
3) Веб-жобалау
4) 3D - модельдеу
1) Мобильдік қосымшалар
2) IT STARTUP (ай-ти стартап)
«Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-11-сыныптарға арналған «Информатика» пәнінің мазмұны 6 бөлімді қамтиды:
1) Аппараттық қамтамасыз ету
2) Программалық қамтамасыз ету
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz