Саралап оқыту


3-КҮН
ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
3. 1-дәріс. Саралап оқыту. Саралап оқыту стратегиялары
Саралап оқыту дегеніміз не ?
Саралап оқыту әрбір оқушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес тапсырма мен нұсқауларды, материал мен әдіс-тәсілдерді іріктеп қолдану процесі, оқушыларды оқуға ынталандыруға, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Сонымен бірге, саралап оқыту - бұл тұлғаның жеке ерекшеліктерін (жалпы және арнайы қабілеттері, даму деңгейі, қызығушылықтары, жүйке жүйесінің психофизиологиялық қасиеттері және т. б. ) ескере отырып ұйымдастырылатын оқу процесі.
Саралап оқытудың екі түрі бар: сыртқы және ішкі (сыныпішілік) саралау.
Сыртқы саралау дегеніміз - оқушылардың белгілі бір сипаттамаларына (қабілеттеріне, қызығушылықтарына және т. б. ) сәйкес білім беру мазмұны, оқыту әдістері және ұйымдастырушылық формалары әртүрлі болатын тұрақты топтарға немесе бейіндік сыныптарға бөлінуі.
Сыртқы саралаудың мысалдары - белгілі бір пәндерді тереңдетіп оқытатын гимназияларды, лицейлерді құру немесе жалпы білім беретін мектептерде жекелеген пәндерді тереңдетіп оқыту сыныптарын құру болып табылады.
Ішкі саралау кездейсоқ белгілермен құрылған тұрақты топта (сыныпта) оқыту барысында балалардың жеке ерекшеліктерін ескереді. Топтарға бөлу айқын немесе жасырын болуы мүмкін, топтардың құрамы тәрбиелік міндетке байланысты өзгеріп отырады.
Ішкі саралаудың сыныпішілік типі келесі түрлерге бөлінеді: қабілетіне қарай саралау (формалар: әртүрлі қиындық деңгейлерін тағайындау, мұғалімнің көмегін мөлшерлеу), деңгей бойынша саралау; қызығушылығы бойынша саралау.
Саралау түрлері оқушыларды топтарға бөлу негізінде анықталады. Саралаудың дәстүрлі түрлеріне жалпы және арнайы қабілеттерімен, қызығушылықтары және болашақтағы таңдау мамандығының бағыты бойынша саралау жатады.
Ішкі саралаудың бірнеше ерекшеліктерін атап айтуға болады:
- Оқушылардың қабілеттеріне қарай (формалары: түрлі қиындық деңгейдегі тапсырмалар, мұғалім көмегінің үлесі), деңгей бойынша саралау;
- Мамандыққа бейімделген қызығушылығы бойынша саралау.
Оқушылардың тұлғалық-физиологиялық ерекшеліктері бойынша ішкі саралау баланың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеретін тұлғалық қарым-қатынас барысында жүзеге асады (жадының типі, ойлау ерекшеліктері, темпераменті, т. б. ) . Сыртқы саралау ішкі саралауды жоққа шығармайды, себебі қандай да бір белгі бойынша сараланып анықталған сыныптың өзінде оқу процессін тиімді ұйымдастыру үшін ішкі саралауға барынша мән берген жөн.
Білім беруді саралау оқушылардың жеке типологиялық ерекшеліктерін, олардың топтастырылу формасын және таңдалған топтардағы оқу процесінің әр түрлі құрылысын міндетті түрде қарастыруды қамтиды.
Саралау принциптері :
1. Оқушылардың оқуға деген көзқарасы және өзін оқушы ретінде сезінуі оның оқу процесіне жауапкершілігін дамыту үшін маңызды.
2. Саралау - бұл жоғары сапалы оқу бағдарламасының құрамдас бөлігі.
3. Тиімді саралау - жүйелі саралау, ол үздіксіз жүргізіледі.
Сыныпта тиімді саралауды жүргізу үшін мұғалімге нені білу керек?
Үздік оқушыларда әр түрлі мінез-құлық ерекшеліктері байқалуы мүмкін:
- егер оларды ынталандырмаса, оқудан жалығып кетуі мүмкін;
- олар «әрдайым табысты болуға» тырысады, сондықтан «баға» «идеядан» гөрі маңызды және «мадақтау» «интеллектуалдық тәуекелге баруға» қарағанда маңызды деп санайды;
- бәрін жоғары деңгейде жасау керек деп сенетін және «сәтсіздікке» жол бермейтін «перфекционисттер» - олар «жұмысты (тапсырмаларды) соңғы сәтке дейін кейінге қалдыратын» немесе «тым мазасыз» болуы мүмкін;
- олар өзіне деген сенімділікті дамытпауы мүмкін - себебі мектепте белгілі бір тапсырманы орындай алмайды деген күдік болуы мүмкін;
- олар мектепте тапсырмаларды жеңіл түрде сәтті орындағандықтан, күрделі мәселелерді шешу дағдыларын дамытпауы мүмкін.
Оқуында қиындығы бар оқушылармен жұмыста келесі ұсыныстарды ескеріңіз:
- олардың күшті жақтарына және оқу стиліне назар аударыңыз;
- оларға не сәйкес келетінін табыңыз және мұндай оқушыларды түзетуге тырыспаңыз;
- оларға «маңызды идеялар» мен негізгі ұғымдарды үйретіңіз;
- «жетістік жағдаяттарын» жасаңыз, олардың оқуға деген оң көзқарасын қалыптастырыңыз және өзіне сенімділігін дамытыңыз.
Саралап оқытуда мұғалімнің рөлі қандай?
Оқушыларға өзінің деңгейіне байланысты жауапкершілікті жүктеңіз және біртіндеп одан да көп жауапкершілікті алуға үйретіңіз.
Ол үшін:
- оқушының бастапқы білімін/деңгейін бағалаңыз;
- оқушылардың қызығушылығы мен оқу стилін бақылаңыз және түсінуге тырысыңыз;
- оқушыларға ақпарат жинаудың, білім алудың көптеген жолдары бар екенін түсіндіріп, оған жағдай жасаңыз;
- оқушыларға «идеяларды зерттеп, оқып үйренуге» көмектесетін стратегияларды әзірлеңіз;
- сіздің оқытуыңызды жоспарлауда жетекші болатын бағалауды ойластырыңыз;
- сабақтар барлық оқушылардың сыни және креативті ойлауын дамытуы тиіс, оқу үдерісіне БАРЛЫҚ оқушылар қатысуы (қамтылуы) керек;
- саралау қолданылатын сыныптарда оқушылар таңдаған тапсырмалар мен мұғалім тағайындайтын тапсырмалардың арасында тепе-теңдік болуы тиіс.
Сабаққа дайындалғанда мұғалім саралаудың қандай түрлерін жоспарлау керегін білуі тиіс, мысалы:
- оқушылардың дайындығына негізделген саралау;
- оқушылардың қызығушылықтарына негізделген саралау;
- оқушылардың «білім беру профилі» негізінде саралау
Оқушылардың дайындық деңгейіне негізделген саралау оқушыларды оқу процесіне қалай ынталандыра алады?
Оқушылардың дайындық деңгейіне негізделген саралауда мұғалімдер бастапқы бағалаудың маңыздылығын түсінуі керек. Дайындық деңгейінің мазмұны оқушыларда «үлкен идея» аясында қалыптасатын базалық білім мен түсінік, дағды тұрғысынан түсіндіріледі. Оқушылардың бастапқы деңгейін өзін-өзі бағалау немес қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы анықтап алып, тақырып бойынша бастапқы және ағымдық бақылау нәтижелерін салыстыруға болады. Мұғалімдер оқушының бастапқы білімін бағалап алмайынша, саралау жүргізу мүмкін еместігін біледі. Бұл үшін түрлі кесте немесе графика формасындағы «Дайындық органайзерлерін» қолдануға болады.
Саралап оқыту жүзеге асатын сабақты жоспарлау процесіндегі келесі маңызды қадам - оқушылардың қызығушылығын анықтап алу. Ол үшін әрбір мұғалімнің өз сабағын жоспарламас бұрын бірқатар сұраққа жауап іздейді:
Оқушыларды не қызықтырады? Оны қалай анықтаймын?
Оларды қызығушылықтары бойынша қалай саралаймын?
«Оқу профилі» негізінде қалай саралауға болады
Оқушының «оқу профиліне» негізделген саралауда баланың отбасылық жағдайы, мәдениеті, оның көпқырлы зияты (multiple intelligence), оқу стилі (learning styles), жынысы қарастырылады.
Сыныптағы тиімді саралаудың тетігі оқушылардың тұлғалық ерекшелігіне сәкес оған таңдау ұсынумен байланысты.
Оқыту мен оқуда саралаудың келесі бағыттары қолданылуы мүмкін:
1. Мазмұн , яғни ақпаратты қабылдаудың бірнеше мүмкіндігі.
2. Процесс, идеялардан мағынаны алудың бірнеше мүмкіндігі.
3. Нәтиже , оқушылардың біліп, түсінгенін көрсетудің бірнеше мүмкіндіктері (сөз, презентация) .
4. Оқу ортасы
Мазмұн бойынша саралау оқушылар пән бойынша қалыптастыратын білім, түсінік және дағдыларды қарастырады. Ол үшін:
- оқушыларға тақырып бойынша түрлі мазмұндағы тапсырмалар беріледі;
- кейбір оқушыларға тақырыпты жақсы түсінуі үшін өткен тақырыптарға, оқылған материалдарға қайта оралу қажет болуы мүмкін (тірек сызбалары және т. б. ) ;
- кейбір оқушыларға тақырып бойынша тереңдетілген материалдар (күрделі тапсырмалар) ұсынуға болады.
Процесс бойынша саралауда мұғалім
- оқушылардың оқу мазмұнын және оның мағынасын түсінуін;
- оқушыларға оқудың ықпалы емес, олардың оқуының қалай жүріп жатқанын білуі керек.
Топтық жұмыс - оқушылардың тиімді оқып-үйренуінің бір жолы болып табылады. Сондықтан оқушыларды топта жұмыс жасауға үйретіп дағдыландыру қажет.
Саралау қолданылатын сыныпта оқушылар нәтижелі жұмыс істеп, жағымды ахуал орнату үшін топтарда оқиды, бірақ бұл жалғыз талап емес. Шын мәнінде, тиімді саралау барысында оқушылардың жеке және бірлесіп жұмыс жасауын қатар ұйымдастырған жөн.
Топтық жұмыс стратегиялары:
- «Икемді» топтарды қолдану (оқушыларды әр түрлі, ауыспалы топтарға топтастыру) ;
- Бір
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz