ҚР-ның Ұлттық қоры және оның даму тенденциясы



ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.4

1. бөлім ҰЛТТЫҚ ҚОРДЫ ҚАЛЫПТАСТАСТЫРУДЫҢ ҚАЙНАРКӨЗІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1.Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі Ұлттық қордың ролі мен мәні ... ... ... ..5.7
1.2. Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі есепті құру, қарау
және бекіту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8.12
1.3. Ұлттық қордың кіріс көздері мен пайдалану бағыттары ... ... ... ... ... ..13.16

2.бөлім ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫ ... ... ... ... 17
2.1.Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын мемлекеттік басқару ... ..17.19
2.2.Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының кірісін құқықтық реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20.22
2.3.Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының шығысын құқықтық реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23.27

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ҚР-ның Білім және ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
Экономикалық факультеті
Қаржы кафедрасы

Тақырыбы:ҚР-ның Ұлттық қоры

Орындаған: Нұрланов Н. Қ-23 Қабылдаған: э.ғ.д, доцент Байжолова Р.А

Астана 2011
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4

1. бөлім ҰЛТТЫҚ ҚОРДЫ ҚАЛЫПТАСТАСТЫРУДЫҢ ҚАЙНАРКӨЗІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1.Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі Ұлттық қордың ролі мен мәні ... ... ... ..5-7
1.2. Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі есепті құру, қарау
және бекіту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8-12
1.3. Ұлттық қордың кіріс көздері мен пайдалану бағыттары ... ... ... ... ... ..13-1 6

2.бөлім ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫ ... ... ... ... 17
2.1.Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын мемлекеттік басқару ... ..17-19
2.2.Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының кірісін құқықтық реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20-22
2.3.Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының шығысын құқықтық реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23-27

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

КІРІСПЕ

Тіпті үлкен экономикадан хабары жоқ ортаңғы деңгейдегі қазақстандықтың өзі еліміздегі Ұлттық қордың барын біледі. Алайда ол не үшін құрылды, кім және қалай басқарылатынын аздаған адамдар ғана біледі.
Қор 2001 жылы құрылды. Бұл оқиға тек Қазақстанға ғана белгілі боп қалған жоқ. Осы қабылданған стратегиялық шешімнің арқасында Қазақстан, голланд дертіне шалдығуға жол бермеуге батыл қадам жасаған бұрынғы КСРО елдерінің ішіндегі алғашқылардың бірі болды. Бұл қорды құруымен Қазақстан өзінің ТМД-дағы экономикалық реформа бойынша алда екендігін тағы да дәлелдеді. Айта кету керек, мұны ірі халықаралық қаржы институттары мысалы, Әлемдік банк немесе Еуропалық жаңарту және даму банкі бірнеше рет атап өтті. Біздің жолымызбен Ресей жүрді. Қазақстанның Ұлттық қоры дамушы елдер үшін және бұрынғы КСРО-ның сыртындағы елдер үшін модель ретінде пайдаланылады. Мысалы, дүние жүзіндегі ірі газ өндірушілердің бірі болып табылатын латинамерикалық Тринидад және Тобаго мемлекеті өздерінің жинақ қорын құруы кезінде Әлемдік банк оған Қазақстанның тәжірибесіне жүгінуге кеңес берді. Сөйтіп, Қазақстан Респуб-ликасының Ұлттық қорын бақылап отырған сыртқы бақылаушылардың көзқарастарына қарағанда, оның қызметі табысты екендігіне күмән жоқ. Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржы активі түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтерді Қазақстаннның Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қоры мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге дүниежүзілік бағалардың конъюкторасына Республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған.
Тақырыптың өзектілігі- Ұлттық қор болмаса жалпы осы Қазақстан Респупликасының дамуы жүзеге аспайды. Осы ұлттық қордың көмегімен көптеген операциялар орындалады. Ұлттық қор жалпы ел эканомикасына әрдайым ықпалын тигізіп отырады.Ұлтық қорда ақша қоры көп болса, яғни эканомикалық даму ахуалы жоғары болады.
Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты болып-Қазақстан Республика-сы Ұлттық қорының экономикадағы маңызы, қоғамдық өндірістегі өмір сүруі және т.б.табылады. Жалпы бұл курстық жұмыс Қазақстан Републикасының Ұлттық қорының қаншалықты қоғамдық өмірдежәне еліміздің дамуында манызды рөл атқаратыны туралы жазылған .
Осы жұмысты жазу барысында басты назар келесі мән-жайларға аударылды:
oo Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі Ұлттық қордың алатын ролі
oo Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану
oo Ұлттық қордың кірісі мен шығысын құқықтық реттеу
Курстық жұмыстың міндеттері:
oo Ұлттық қордың құрылуының негіздерін қарастыру
oo Қазақстандағы Ұлттық қордың орнын анықтау
oo Қазақстан Республикасындағы Ұллық қордың маңыздылығына тоқталу
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі қаржы ресурстары мен ақшалай қорлар, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы, сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық қор - Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар, бюджетке түсетін түсімдерді алуға және бақылауға жауапты мемлекеттік органдар, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер, олардың ведомстволық бағыныштағы ұйымдары, бюджет қаражаттарын алушылар, мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдаланатын жеке және заңи тұлғалар.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні Ұлттық қордың басты назарды ұстайтын нысандары: табыс, пайда, өзіндік құн, мемлекеттік бюджеттің кіріс-шығысы, олардың тиімді бөлінуі. Қоғамдық өнімді бөлумен және оның негізінде ақшалай қорларды жасаумен, оларды қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруды бақылайтын қаржылық бақылау.
Курстық жұмысты жазудағы ақпарат көздері курстық жұмыстың жазылу барысында Ұлттық қор, құрылымы және қызмет етуі туралы жазған экономикалық ілім классиктері мен шетелдік және қазіргі отандық экономистердің еңбектері негізге алынды: Ільясов, Кулпыбаев, Шеденов, Фишер, Сейтқасымов, Ғабитов, Мақыш, Құдайбергенов және тағы басқалар. Сонымен қатар, экономикалық қаржылық сферадағы деректер мен жаңалықтарды жариялап отыратын мерзімді баспасөз құралдары.
Бұл курстық жұмыста Ұлттық қордың мәнін, оның экономикадағы рөлін, құрылымы мен құрамын және оның қоғам өміріндегі маңыздылығын толықтай және де көбірек қамтыдым.

1.бөлім Ұлттық қорды қалыптастырудың қайнар көзі 1.1.Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі Ұлттық қордың ролі мен мәні.
Елдің бюджет жүйесіне республикалық, жергілікті және төтенше бюджеттермен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры да кіреді. Бюджет кодексінде берілген анықтама бойынша ҚР Үкіметінің Ұлттық банктегі шотында жиналатын материалды емес активтерден басқа қаржы активтер Ұлттық қорды құрайды.
Ұлттық қор елдің тұрақты әлеуметті-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, экономиканың шикізаттық салалардан тәуелділігі мен қолайсыз сыртқы факторлар әсерін төмендету мақсатпен құрылған. Бұл қордың тағы бір маңызды арнауы болып бірқатар қоғамдық мұқтаждықтарды қаржыландыру үшін мемлекетке қажетті қаржы активтер мен басқа да мүліктерді қорландыру табылады.
Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі Ұлттық қордың рөлі мен мәні оның атқаратын функциялары бойынша да көріністе. Ұлттық қор жинақтаушы және тұрақтаушы функцияларды іске асырады. Бірінші функциясы арқылы негізінде экономианың шикізаттық секторы түсімдерінің белгіленген бөлігінен құрайтын қаржы активтерін қорландыруды қамтамсыз етеді. Екінші функциясы шикізаттық ресурстардың әлемдік бағалары коньюктура-сының мемлекеттік қаржылар ахуалына әсерін тегістеуді қамтамасыз етеді.
Ұлттық қор құралдарының негізгі қайнар көздері ретінде республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін ресми трансферттер, сондай-ақ осы қорды басқарудан түсетін инвестициялық тбыстар қарастырылады. Республикалық бюджет арқылы ресми трансферттер келесідей анықталады:
шикізаттық сектор субъектілерінің нақты түсімдері мен олардың
бекітілген жылдық көлемдері араларындағы айырмасы мөлшерінде;
шикізат табу мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік
мүліктерді жекешелендіруден түскен түсімдер мөлшерінде;
шикізаттық сектор субъектілері түсімдерінің жоспарлы сомаларының 10 пайыз мөлшерінде.
Жергілікті бюджеттер бойынша ресми трансферттер көлемі ауылшаруашылық арнаудағы жерлерді сатудан түскен түсімдер мөлшерінде анықталады.
Ұлттық қорды тиімді басқару мақсатпен Қазақстан Республикасының Президенті маңында кеңесші орган- Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес құрылады. Бұл орган қорды тиімді пайдалану мен оның құралдарын қаржы активтеріне жайғастыру бойынша ұсыныстар жасайды. Осы Кеңесті құру мен құрамын анықтап , оның ережелерін бекітетін Ел Президенті.
Кеңсе келесі функцияларды атқарады:
қорды қалыптастыру мен пайдалануының тиімділігін ұлғайту жөнінде
ұсыныстар жасайды және дәйектейді;
қорды пайдалану бағыттар мен көлемдері жөнінде ұсыныстар
қарастырады және жасайды.
қорды жайғастыру үшін рұқсатталған қаржы активтер мен басқа да
мүліктер тізбесі жөнінде ұсыныстар жасайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қорды басқару кезінде мына өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1.Есептемені жасау ережелерін, ақшаны қорға, есепке алу және оны пайдалану тәртібін әзірлеп бекітеді;
2.Ұлттық банкпен бірлесіп ақпараттық материалдардың және қорды басқару мен байланысты қызмет бойынша қаржылық есептеменің графигін жасап, бекітеді;
3.Президентке қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы есепті және Парламентке қорды қалыптастыру және пайдалану жөніндегі ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етеді;
4.Қордың жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізуді қамтамасыз етеді;
5.Қорды қалыптастыру мен пайдаланудың бұхгалтерлік есебін қамтамасыз етеді;
6.Қордың қызметімен байланысты өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қорды сенімгерлік басқаруды Ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалынған сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде Ұлттық банк жүзеге асырады:
1.Қорды оның бір бөлігін сыртқы басқарушыны басқаруға беруді қоса дербес инвестициялау;
2.Инвестициялық операцияларды жүзеге асырудың ережелерін әзірлеп, бекіту;
3.Үкіметке қорды сенімгерлік басқарудың нәтижелері туралы есепті ұсыну;
4.Сенімгерлік басқару туралы ережелер мен шартта қарастырылған өзге өкілеттіктер.
Қорды тиімді сенімгерлік басқаруды қамтамасыз ету мақсатнда Ұлттық банктің шешімімен арнаулы лауазымды тұлғаны (Ұлттық банк төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейде) - өкілетті өкілді анықтайды, оның өкілеттігіне Ұлттық банктің атынан қорды сенімгерлік басқару жөнінде шешімдерді оперативті қабылдау кіреді.
Қазақстан Республикасының өкіметі мен Ұлттық банк қорды басқару мәселелері бойынша болжамды іс-әрекеттер мен қол жеткен нәтижелер туралы бір-біріне ақпарат беріп отыруға міндетті.

1.2.Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі есепті құру, қарау және бекіту.

Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану механизмі мемлекеттің және шетелдердің жалпы экономикалық ахуалына, макроэкономикалық тұрақтылық пен фиксалдық саясатқа, елдің даму басымдылықтарына және әлемдік пен ішкі тауар, сонымен қатар қаржы нарықтарының коньюктурасына байланысты белгіленеді. Ұлттық қорды пайдалану Бюджеттік кодексте анықталады және оның құралдары негізінде республикалық бюджет түсімдерінің бекітілген жіне нақты көлемдері арасында айырмашылық болған жағдайда сол айырманың орнын толтыруға, сондай-ақ Президент белгілеген мақсаттарға ресми трансферттер түрінде жұмсалады.
Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану есепті құру ҚР Үкіметінің құзіретіне кіреді. Жыл сайын Үкімет Ұлттық банкпен бірге аудит нәтижелерінің негізінде қордың іс-ірекеті жөнінде жылдық есепті құрады. Бұл есепте Ұлттық қор құралдарының түсуі мен пайдалануы жөнінде жылдық мәліметтері көрсетіледі, қорды басқару бойынша Ұлттық банктің әс-әрекеті сипатталады, сондай-ақ қорды басқару жөніндегі басқа да мәліметтер келтіріледі.
Белгіленген формамен және бекітілген тіртіппен жасалған Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі есеп ҚР Президенті бекіткеннен кейін ақпарат ретінде Қазақстан Республикасы Парламентіне ұсынылады. Ұлттық қордың іс-әрекеті мен оны басқару жөніндегі жылдық есеп пен жүргізілген аудит нәтижесі бойынша ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады.
Қордың қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есеп мыналарды кіріктіруі тиіс:
1) Ұлттық қордың түсімдері және пайдаланылуы туралы есеп;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ұлттық қорды сенімгерлікпен басқару жөніндегі қызметі туралы есеп;
3) Ұлттық қорды басқару жөніндегі өзге де мәліметтер.
Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметтің транспаренттілігін қамтамасыз ету мақстаында жыл сайын аудит жүргізіледі. Аудиторды немесе аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде және Үкімет белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2007 жылғы есеп туралы ақпарат.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 8 шілдедегі № 630 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2007 жылғы есеп бекітілді.
2007 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты 1853398392 мың теңгені (1851941116 мың теңге - аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есепке алу тәсілімен) құрады, 2007 жылғы 31 желтоқсанға 2733351338 мың теңгені (2730887908 мың теңге - аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есепке алу тәсілімен) құрады.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер енгізуге байланысты (Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 29 маусымдағы № 269 Заңы), оларға сәйкес мұнай операцияларын жүзеге асыратын барлық кәсіпорындардан тікелей салықтардың түсімі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есепке алуға жатады, 2007 жылғы 1 шілдеден бастап мұнай секторы кәсіпорындарының саны артты (55 кәсіпорыннан 157 кәсіпорынға дейін).
2007 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына 1139270342 мың теңге түсті, оның ішінде мұнай секторы кәсіпорындарынан тікелей салықтардың түсімі есебінен (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда) - 1037094009 мың теңге, оның 346150165 мың теңгесі (2833577 мың АҚШ долларына барабар) кезекті айырбастауқайта айырбастау операциясын дәл сол күні жүргізу жолымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тиісті шотына теңгемен есепке алынған шетел валютасындағы түсімдер, мұнай секторы кәсіпорындары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттердің есебіне жатқызылатын түсімдерді қоспағанда) - 848186 мың теңге, республикалық меншiктегі және тау-кен өндiру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруден түскен түсiмдер - 90 мың теңге, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер - 5407073 мың теңге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түскен инвестициялық кiрiстер - 95920984 мың теңге.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерде негізгі бөлікті (66,77%) заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы, одан соң үлесі түсімдер-дің жалпы сомасының 16,5%-ін құрайтын роялти алады. Үстеме пайдаға салынатын салық түсімдердің жалпы сомасының 11,25%-ін құрайды және өнімді бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесі түсімдердің жалпы сомасының 4,29%-ін құрады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007 - 2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2007 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке даму бюджетінің шығыстарын жабуға кепілдендірілген трансферт түрінде 258000000 мың теңге аударылды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шотынан есепті кезеңде жалпы сомасы 1 317 396 мың теңгеге шығыстар жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқарудың қорытындылары бойынша 2007 жылы алынған ұлттық валютада көрсетілген инвестициялық табыс 95 920 984 мың теңгені құрады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға байланысты қызметтiң транспаренттiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында 2007 жылға ауди-торлық тексеру жүргізілді. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры аудитінің нәтижелері бойынша қаржылық есептілік шынайы деп танылды және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаржылық жағдайы қаржы-лық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетінін көрсетті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кірістері мен шығыстары туралы есеп .

Баптардыңатауы
2007 жылы
2006 жылы
1
2
3
Кірістер

Сыйақытүріндегікірістер
73 553 658
41 106 540
Дивидендтертүріндегікірістер
12 152 166
6 512 527
Форвардтықвалюталықкелісімшарт-тард ықоспағанда, пайданемесешығынарқылыәділқұнбойынш аескерілетінқаржықұралдарынантүсеті нкіріс
28 886 584
17 738 988
Форвардтықвалюталықкелісімшарт-тард антүсетін таза кірістер (шығындар)
1 417 922
(12 910 636)
Шетелдіквалюталардықайтабағалау-дан түсетін таза кірістер (шығындар)
89 990 488
61 619 693
Кірістердіңжиыны
206 000 818
114 067 112
Шығыстар

Активтердібасқарғаныүшін комиссия
2 097 832
1 083 937
Кастодиандыққызметтергеақытөлеужөні ндегішығыстар
193 757
170 354
Аудиторлыққызметтергеақытөлеужөнінд егішығыстар
14 820
13 000
Кәсібиқызметтергеақытөлеужөніндегіш ығыстар
999
-
Бағдарламалықөнімдердіжәнеақпаратты қдерекқордыпайдаланғаныүшінақытөлеу жөніндегішығыстар
16 142
20 136
Шығыстардыңжиыны
2 323 550
1 287 427
Таза кіріс (шығын)
203 677 268
112 779 685

1.3.Ұлттық қордың кіріс көздері мен пайдалану бағыттары.

2001 жылдың ішінде Ұлттық қор жұмысын қамтамасыз ету жө - нін - дегі қажетті іс-шаралар толық тия - нақталды. Атап айтсақ, ел Пре - зи - дентінің 2001 жылғы 29 қаң - тар - да - ғы Жарлығымен "Қазақстан Рес - пуб - ликасының Ұлттық қорын қалып - тас - тыру және пайдалану ережесі", сон - дай-ақ Үкімет қабылдаған бір - не - ше қаулыларға сәйкес, жоспардан тыс салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті түсімдері Ұлттық қорға есептелген шикізат секторы ұйымдарының тізбесі, Қазақстан Рес - публикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операция - ла - рын жүзеге асыру ережесі, Қазақ - стан Республикасы Ұлттық қоры - ның жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау ережесі бекітілді.
Ұлттық қор бюджеттік және макро - экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған, ал мұнай кірістерінің көп бөлігін Ұлттық қорда жинақтау барынша жүйелі фискалдық саясат жүргізуге, Индустриялық-инновациялық даму стратегиясында көрсетілген міндет - тер - ді жүзеге асыруға, сондай-ақ бо - ла - шақ ұрпақтың Қазақстанның мұнай ресурстарының игілігін пай - да - лану мүмкіндігіне ие болуына жол ашады.
Ұлттық қор Президент жанын - да - ғы консультациялық-кеңесу органы са - налатын - Ұлттық қорды басқару жө - ніндегі кеңес арқылы басқары - ла - ды. Оның негізгі міндеті Ұлттық қорды пайдалану жөнінде Елбасыға тиісті ұсыныстар әзірлеу болып та - бы - лады. Сонымен бірге Президент - ке және аталған Кеңеске, Үкімет пен Ұлттық Банкке Ұлттық қорды бас - қару жөніндегі қызметке бақы - лау - ды жүзеге асыру, өзге өкілет - тік - тер беру сияқты артықшылықтар ұсы - нылған. Ұлттық Банк пен Үкімет арасында жасалған Ұлттық қорды сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Ұлттық қорды дербес ин - вес - тициялауды жүзеге асырады. Со - ған сәйкес Ұлттық Банк Ұлттық қор - дың активтерін басқаруға сырт - қы басқарушылармен шарттар жа - сас - ты. Ұлттық қорды басқаруға бай - ланысты қызметтің транспаренттігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын Ұлттық қордың сыртқы аудиті жүргізіледі.
Ұлттық қорды пайдалану Қа - зақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген мақсаттарға ғана жүзеге асырылады. Ұлттық қор қаражатын пайдалануға қатысты осыған ұқсас басқа қорлардың қара - жатын пайдаланудың түрлі бағыт - тары бар екендігін атап өту қажет. Ол мынадай тәсілмен өріледі. Ай - та - лық, тұрақтандыру трансферттері үшін республикалық бюджетке ауда - ру, сыртқы борыштарды өтеу, ин - вес - тициялық кірістің бір бөлігін ха - лық - тың арасында бөлу, эколо - гия - лық бағдарламаларды қаржылан - ды - ру және басқа да шешімдер негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстанда балама ретінде мұ - най - дан түсетін қаражатты халық ара - сында бөлу мүмкіндіктері қарас - тырылған. Алайда, бірқатар себептер бойынша бұл тетік қазіргі уақытта қолайлы емес. Біріншіден, елге мұнай долларының шамадан тыс ағыны ақша массасының артуына, инфляцияның өршуіне, ұлттық ва - лютаны нығайтуға әкеп соқтырады. Бұл отандық өнім өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді және арзан шетелдік өнімге деген сұранысты ұлғайтады. Екіншіден, мұнай бағасы күрт төмендеген жағ - дайда мемлекет ақша қаражаты - ның тапшылығын тартады және әлеуметтік төлемдер бойынша тиісті дең - гейде төлем жасау қабілеті әлсі - рей - ді. Ұлттық қордың құрылуы Қа - зақ - станның фискалдық тұрақ - ты - лы - ғына ықпал етеді және Қорда қара - жатты жинақтау ұрпақтар арасында табиғи байлықтарды біртекті бөлу қағидатына сай келеді.
Әлемдегі нарықтық қатынас - тар - дың жаңа сапаға көшуі және ел эко - номикасының өркендеуі нәти - же - сін - де бір-екі жыл бұрын Қор қызметін одан әрі жетілдіру шаралары қолға алынған болатын.
Экономикадағы өзгерістерді қаперге ала отырып, Ұлттық қордың қыз - метін жетілдіру мақсатында Пре - зиденттің 2005 жылғы 1 қыр - күйек - тегі Жарлығымен мақұлданған Ұлт - тық қорды қалыптастыру және қа - ра - жатын пайдалану тұжырымдамасы әзірленді. Тұжырымдамада жиын - тық - талған бюджет әдісіне көшу ұсы - нылды, онда мұнай секторынан түсе - тін кірістердің Ұлттық қорға ба - ғытталуы қарастырылған. Бұл мем - лекет келешекте мұнайдан алынатын кірістерсіз әрекет етуі тиіс дегенді білдіреді. Өз кезегінде ұлттық эко - но - мика үшін өңдеуші саланың рөлі мен мәні артып отыр. Өйткені он - сыз мемлекеттік бюджетке түсетін тү - сімдердің өсуі ұлғаймақ емес. Жиынтықталған бюджет әдісі бюд - жет шығыстарының тұрақты дең - гейін қамтамасыз етеді. Мұнай кі - ріс - тері Ұлттық қорға аударылатын - дық - тан, ал Ұлттық қордан бюджетке ке - піл - дік берілген трансферт жібе - ріле - тіндіктен, бюджет шығыстары қысқа мерзімді және орта мерзімді кезең ішінде мұнайға және мұнай баға - сы - ның өсуі мен төмендеуіне тәуелді емес.
2005жылдың 1 шілдесінен бас - тап Ұлттық қордың тұжырым - да - ма - сына сәйкес Ұлттық қордың жиналымдарын қалыптастырудың жаңа әдісіне көшу жүзеге асырылды, ол шоғырландырылған бюджеттің бір бөлігі болды.
Қазіргі уақытта Ұлттық қорға бе - кітілген тізбе бойынша 55 мұнай секторы кәсіпорнынан түсетін тіке - лей салықтың, республикалық мен - шіктегі және тау-кен әрі өңдеу сала - ларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден және ауыл ша - руа - шылығы мақсатындағы жер учас - келерін сатудан түсетін түсімдер ауда - рылады. Осыған байланысты, Ұлттық қордың қаражаты кепілдік берілген трансфертті қамтамасыз етуге және Ұлттық қорды басқаруға және аудитке байланысты шығыс - тар - ды жабуға жұмсалуы тиіс. Бұл рет - те Ұлттық қордан мұнайға жат - пай - тын сектордан түсетін түсім - дер - дің азаюы салдарынан ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға жұмса - ла - тын шығыстарды қаржыландыру үшін қосымша қаражат алынбауы тиіс. Ал ағымдағы бюджеттік бағ - дар - ламалардың өсіп отырған шығыс - та - ры тиісті шектеулерге сәйкес қажетті қаражат қарыз алу есебінен ғана жа - былуы мүмкін. Сондай-ақ, Ұлттық қордың міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде жеке және заңды тұлғаларға кредит беруге пай - даланылмайтын-дығын атап өту керек.
Ұлттық қордың негізгі мiндеттерi экономикадан басы артық мұнай долларын шығару және теңге бағамына және инфляцияға қысымды тежеу, сондай-ақ табиғи ресурстарды пайдалануды оңтайлы жоспарлау арқылы макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

Республикалықмаңызы бар қала ауданының бюджеті

Облыстық
бюджет
Астана
бюджеті
Аудандық
(облыстық маңызды бар қаланың)
бюджеті
Ауылдық округтер мен кенттердің бюджеті
Астана ауданының бюджеті
Республикалықмаңызы бар қала бюджеті
Жергілікті
бюджет
Республикалық
бюджет
Ұлттық қор
Мемлекеттік
бюджет
Қазақстан Республикасының
бюджет жүйесі

Ұлттық қордың кіріс көздерінің есебінен жүзеге асырылады:
бір жолғы (республикалық меншiктегi және тау-кен өндiру мен ұқсату салаларындағы мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сату);
түсiмдер көлемi бойынша тұрақты емес (мұнай секторының түсiмдерi) кiрiстер көзi есебiнен жүзеге асырылуы тиiс, оның мөлшерi едәуiр шекте ауытқуы мүмкiн, ол осымен Қазақстанның бюджет саясатына елеулi ықпал жасайды.
Қаражаттарды пайдаланудың мынадай бағыттары айқындалуда:
республикалық бюджетке тұрақтанған трансферт;
сыртқы қарыздарды өтеу;
экологиялық бағдарламаларды қаржыландыру;
инвестициялық кірістердің бір бөлігін халық арасында бөлу.
Ұлттық қордың активтерiн сенiмдi басқаруды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi жүзеге асырады

2.бөлім Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры.
2.1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын мемлекеттік басқару.

Қазақстан Республикасының қаржылық активі түріндегі, сондай-ақ, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры ретінде көрініс табады.
Ұлттық қорды мемлекеттік басқару Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан құрылған Кеңес тарапынан жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын тиімді пайдалану және оны қаржылық активтерге, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағнда, өзге де мүліктерге орналастыру жөніндегі ұсыныстарды талдайтын әрі жасайтын Қазақстан Республикасының Президенті жанындағыконсультациялық-кеңесші орган болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңестің функцияларына:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар жасау;
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын пайдалану көлемдері мен бағыттары жөніндегі ұсыныстарды қарау және жасау;
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің тізбесі жөнінде ұсыныстар жасау жатады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын бсқару жөніндегі Кеңесті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметін экономикалық талдау
Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының экономиканы қаржыландыруға қатысуы
Кооперативті банктердің сақтандыру қоры
«Қазіргі жағдайдағы кәсіпорындардың инвестициялық саясатының ерекшеліктері»
Аманат жинақтаушы зейнетақы қорлары
Әлемдік шарушылықтың құрылымы
Қазақстан Республикасындағы инновациялық үрдістер
Несие жүйесінің түсінігі
ҚР өнеркәсібінде инновациялық процестерді дамыту
Қаржы лизингке теориялық шолу
Пәндер