ОҚУШЫНЫҢ ЖҰМЫСТАРЫ
3-күн
3.2-Дәріс.
Оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. қашықтан оқу.
Слайд
Мәтін
1
Қазіргі ақпараттық қоғамда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға негізделген ақпараттық процестер өркениеттің дамуының негізгі белгілерінің бірі болып табылады. Қоғамды ақпараттандыру үдерісі білім берудің сипаты мен мазмұнын өзгерту қажеттілігін тудырып білім беру жүйесіне әсер етеді.
2
АКТ-ны пайдаланудың негізгі мақсаттары
1) оқушылардың функционалдық сауаттылығын, негізгі оқу дағдыларын қалыптастыру, бейінді және бейіналды даярлықпен қамтамасыз ету;
2) АКТ артықшылықтарын жүзеге асыру арқылы білім, білік және дағдыларды меңгеру сапасын арттыру, танымдық қызметті белсенді қылу мақсатында ынталандыру, ақпаратты өңдеудің заманауи құралдарын пайдалану негізінде пәнаралық байланыстарды тереңдету;
3) білімділіктің жоғары көрінісі деп танылатын және жеке адамның қасиеттері мен кәсіби біліктілігінен тұратын жалпы мәдениет құраушылардың бірі ретінде ақпараттық мәдениеттің қалыптасуы;
4) оқыту процесінде оқушылардың жеке ерекшелігін ескеру, белгілі бір бағыт бойынша оқушылардың қабілеттерін дамыту;
5) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушыларды өз бетінше оқу-танымдық қызметке даярлау;
6) оқушы тұлғасын дамыту, оның шығармашылық мүмкіндіктерін, зерттеу ісіндегі шеберлігін ашу;
7) аппараттық құралдар, бағдарламалық жүйелер, сондай-ақ, заманауи технологиялық шешімдер негізінде жүзеге асатын және ақпараттық сұраныстармен қамтамасыз етуге арналған мазмұндық толықтырулар, оқушылардың қызметіне байланысты және де оларға қажет оперативті қарым-қатынас үшін ақпараттық ағындарды ұйымдастыру ретінде біртұтас ақпараттық орта құру.
3
Жоғары компьютерлік технологиялар ғасыры заманауи мұғалімдерге жаңа талаптар қояды. Білім беру жүйесі, заман талаптарын ескере отырып, жастарды қазіргі қоғамға даярлаудағы өзіндік тәсілдерін оперативті түрде өзгертіп отыруы тиіс. Түпкі мақсаты технологияларды пайдалану емес, оқушыларды оқытуда ойлау мен дербестікті қолдау және ынталандыру мақсатында сынып пен мектеп мәдениетін өзгерту. Сынып мәдениеті өзгерместен тұрып қалмай заман талабына бейімделіп дамуына, мұғалімдердің үнемі ізденісте болып кәсіби біліктілігін арттырып дамуына қол жеткізу керек.
Мұғалім ақпаратпен жұмыс жасаудың ұтымды тәсілдерін меңгеруі қажет. Сабақтарда қолданылатын АКТ-ға негізделген оқу стратегиялары оқушыларға икемді болуды және инновациялық ойлауды үйретуде, тиімді бірлескен жұмыс жасауда, оңтайлы, құнды пайымдаулар жасау шеберлігіне көмек көрсетуі тиіс. Компьютерлік технологияларды меңгеру мұғалімнің кәсіби мәдениетінің элементіне айналуы тиіс. Мұғалімге өз пәнінің оқыту әдістемесін жетілдіру үшін АКТ-ны қолдануды үйрену маңызды.
Мұғалім АКТ-ны (интерактивті тақта, электронды оқулықтар мен құралдар, электрондық, жаттығулар және тестілеу бағдарламалары, симуляторы, виртуалды лабораториялар, интерактивті сабақтар, Интернет желісінің білім беру ресурстары, бейне және аудиотехника, интерактивті сабақтар, конференциялар, қашықтан оқыту сервистері) пайдалану оқушыларды белсенді жұмысқа тартуға мүмкіндік беріп, ақпаратты қабылдауын, зейінін жетілдіріп, материалды түсіну мен есте сақтауын жақсартатынын, орындалған әрекеттердің нәтижесінің көрінісін көрсетіп, қызықты зерттеу жұмыстарын, жобаларды жасауға мүмкіндік беретінін білуі тиіс.
4
АКТ пайдаланып өтетін сабаққа дайындық кезінде мұғалім сабақ жоспарын оның мақсаттарын негізге ала отырып құрауы қажет екенін ұмытпауы тиіс, оқу материалын іріктеу кезінде негізгі дидактикалық принциптерді сақтау керек: жүйелілік пен бірізділік, қолжетімділік, саралау тәсілі, ғылымилық және т. б. Компьютер мұғалімді алмастырмайды, тек қосымша қызмет атқаратыны да түсінікті.
Осындай сабаққа тән белгілер:
1. Бейімделу принципі: компьютерді баланың жеке ерекшеліктеріне қарай бейімдеу қажет.
2. Басқару: кез келген уақытта мұғалім оқыту үдерісіне түзетулер енгізуі мүмкін.
3. Интерактивтілік және оқытудың диалогтік сипаты. АКТ-ның оқушы мен мұғалімнің әрекетіне жауап беру, олармен диалогқа түсу қабілеті бар, бұлар компьютерлік оқыту әдістемелерінің басты ерекшелігін құрайды.
4. Жеке және топтық жұмыстың ұтымды үйлесімі.
5. Оқушының компьютермен қатынасы кезінде психологиялық жайлылықпен қамтамасыз ету.
6. Шектелмеген оқыту: білім мазмұны, оның интерпретациясы және оны қолдану көлемі өте үлкен.
5
Төменде мектепте АКТ пайдаланудың тұжырымдамалық сызбасы берілген.
АКТ-ны мектепте қолдану (ЮНЕСКО материалдары бойынша)
1-сурет.
Ақпарат көзі: SITES 2006 зерттеуі.
.
6
АКТ-ның негізгі функцияларының арасында бірқатар функцияларды бөліп көрсетуге болады: оқыту, ақпараттық-іздеу және анықтамалық, демонстрациялық, модельдеуші, тренажерлар, имитациялық, зертханалық, оқу-ойынындар (1-кесте).
1-кесте. АКТ құралдарын әдістемелік мазмұны бойынша жіктеу.
АКТ функциялары
Мазмұны
Оқыту
Қабылдаудың белгілі бір деңгейіне жету үшін білімдерін хабарлап, біліктіліктерін, практикалық қызмет дағдыларын қалыптастырады.
Ақпараттық-іздеу және анықтамалық
Ақпаратты жүйелендіру бойынша біліммен қамтамасыз етеді, біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастырады
Демонстрациялық
Зерттелетін объектілерді, құбылыстар мен процестерді зерттеу мақсатында елестетуге мүмкіндік туғызады.
Модельдеуші
Объектілер, құбылыстар мен процестерді зерттеу мақсатында модельдеуге мүмкіндік береді.
Жаттығу құралдары
Түрлі біліктілік пен дағдылармен жұмыстануға, оқылған материалды қайталауға және бекітуге жағдай жасайды.
Имитациялық
Құрылымдық немесе функционалдық сипаттамаларын зерттеу үшін белгілі шынайылық аспектісін ұсынады.
Зертханалық
Нақты жабдықтармен қашықтықтағы эксперименттер жүргізуге мүмкіндік жасайды
Оқу-ойын
Оқу материалын зерттеуге және түсінуге жағдай жасайтын оқу-ойын жағдаяттарын ұйымдастырады
7
Оқу процесін ұйымдастырудың өзекті түрлерінің бірі қашықтан білім беру технологиялары арқылы оқыту болып табылады.Бүгінгі таңда қашықтан оқу біздің өміріміздің бір бөлігіне, білім алудың тағы да бір түріне айналды.
Қашықтан оқу - оқу процесінің барлық құрамдас бөліктерін (мақсаты, мазмұны, әдістері, ұйымдастыру түрлері, оқу құралдары) көрсететін және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың ерекше құралдарымен немесе интербелсенді әдістерді қарастыратын басқа да құралдармен алыстан жүзеге асырылатын мұғалім мен оқушылардың өзара іс-қимылы.
8
Оқытушылар мен білім алушылар асинхронды (өз таңдауы бойынша кез келген уақытта) баспа немесе электрондық тасымалдаушылармен алмасу арқылы немесе нақты уақыт режимінде синхронды қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін технология көмегімен байланысқа түседі.
Асинхронды оқу - бұл нақты уақытқа немесе орынға тәуелсіз процесс. Бұл материалдарды өз бетінше оқып үйрену, кітаптар мен оқулықтарды, блогтарды оқу, тестілер, есептер шығару, таныстырылымдар мен бейнесабақ көру, аудио тыңдау болуы мүмкін. Осылайша, ақпарат ала отырып, кез-келген уақытта жұмыс істеуге болады.
Синхронды оқу - материалды бір мезгілде қабылдауды және беруді көздейді. Мысал ретінде тікелей эфирлерде танымал түрлі вебинарларды, лекцияларды келтіруге болады. Яғни, бұл жерде ақпаратты тыңдап, материалды алып қана қоймай, өз белсенділігін көрсетіп, бірден сұрақ қойып, кейбір мәліметтерді нақтылауға болады.
Синхронды және асинхронды оқудың басты айырмашылығы - синхронды оқу виртуалды сыныпқа ұқсас, бір уақытта оқумен айналысатын білім алушылар тобын қамтиды, ал асинхронды оқу қажетті онлайн-ресурстармен өздігінен оқуға негізделген оқушыға бағытталған оқуды қамтиды. .
9
Синхронды оқудың артықшылығы:
1. Оқушылар мен мұғалімдер арасындағы тікелей жеке қарым-қатынастың болуы олардың арасында жақындық сезімін ұлғайтады және өзін жалғыз сезінуін азайтады.
2. Процеске қатысушылар арасында туындайтын қандай да бір түсініспеушілік немесе келіспеушіліктің алдын алатын пікір алмасу.
Синхронды оқудың кемшілігі:
1. Барлық білім алушылар үшін оқуды бір мезгілде жоспарлау қиындық туғызады.
2. Кейбір оқушыларда интернет желісіне қосылуға байланысты техникалық проблемалар немесе қиындықтар болуы мүмкін.
10
Асинхронды оқытудың артықшылығы:
1. Барлық оқушыларға оқуды бір мезгілде қолжетімді ете алатын, сондай-ақ өткен материалдар қорына қолжетімділігін қамтамасыз ететін ыңғайлы уақыттың болуы.
2. Танымдық белсенділікті арттыру: білім алушыларға курс материалымен танысып және оны түсінуге уақыттың жеткілікті болуы.
Асинхронды оқытудың кемшіліктері:
1. Білім алушылар құрдастарымен және мұғаліммен байланыстың және әлеуметтік қарым-қатынастың жетіспеушілігін сезінуі мүмкін.
2. Оқу материалының толық көлемде игерілмеуі немесе мұғаліммен нақты уақытта өзара әрекеттесудің болмауына байланысты оқушыларда дұрыс түсінік қалыптаспауы мүмкін.
11
Қашықтан оқуды ұйымдастырудың негізгі кезеңдері қандай?
1-қадам. Күтілетін нәтижелерді басқару
2-қадам. Бағалау әдістері
3-қадам. Оқыту үшін технологиялар мен платформаларды таңдау
4-қадам. Инклюзивті оқу ортасын құру
(Сілтеме: Анна С. Коэнмиллер, Альба университетінің кеңесшісі)
12
1-қадам: Күтілетін нәтижелерді басқару
Қашықтан оқыту оқу пәні бойынша негізгі мақсаттарға қол жеткізу үшін мұғалімнің оқушыларға берілетін көмегі бойынша икемді түсінігін талап етеді. Ең алдымен оқушылар өздерін жайлы сезінуі тиіс және пән бойынша оқу мақсаттарына мұқият назар аударуы қажет.
Жұмысты жоспарлаңыз.
Бір апталық уақытты қарастырып, сол уақыт аралығында оқу пәні бойынша оқушылардың жұмысын ұйымдастыруды жоспарлаңыз. Жұмысты толыққанды ұйымдастыру үшін, оқушылар қол жеткізуге тиіс оқу нәтижелерін негізге алыңыз.
Өзіңізге үш сұрақ қойыңыз:
1. Мен оқушыларымды неге үйреткім келеді (олар қандай оқу нәтижелеріне жетеді)?
2. Оқушылар мұны қалай үйренеді (олар оқу нәтижелеріне қалай жетеді)?
3. Мен оларға қалай қолдау көрсете аламын (мен оларға оқу нәтижелеріне қол жеткізуге қалай көмектесемін және олардың оқу нәтижесін қалай білуге болады)?
Осы сұрақтардың жауаптарына сүйене отырып, өз жұмысыңызды жоспарлаңыз. Ол үшін Қандай оқу материалын аламын? Оқушылардың жұмысын қалай бақылаймын және оларға кері байланысты қалай және қашан беремін? деген сұрақтар төңірегінде ойланыңыз.
Оқушылардың да жұмысын жоспарлауға болады. Оқушыларға арналған жоспар күнделікті және бүкіл оқу аптасында жұмыс уақытын жоспарлауға көмектесу үшін қажет. Оқушыларға арналған жұмыс жоспары тапсырмамен жұмысты бастау күні мен уақытын, тапсырмаларды аяқтау мерзімін, мұғаліммен кездесу үшін белгіленген уақытты, оқу материалдарына сілтемелерді (егер сіз оларды бірден бере алсаңыз) немесе жұмыс жүргізілетін платформаны қамтуы мүмкін..
13
2-қадам: Бағалау әдістері
Сіздің оқу нәтижелеріңіз бұрынғыдай қалғанмен, оқытудың онлайн форматында оған қалай қол жеткізуге болатынын білу маңызды . Ең алдымен, білім алушыларға өздерінің жаңаша оқуын көрсетуге көмектесу керек.
Оқушылармен қалай байланысатыныңызды анықтаңыз.
Оқушыларға оқу материалы қолжетімділігін қамтамасыз ететін кіру нысаны болуы керек. Егер сіз оқушылармен жұмыста кейбір платформаларды (блог, сайт, мессенджерлер,жабық топ және т.б.) пайдалансаңыз, онда оқушылар қашықтан оқыту арқылы жұмыс істей алады. Егер мұндай платформа болмаса, онда оқу материалы электрондық журнал арқылы берілуі мүмкін (электронды журнал платформасы шамадан тыс жүктемеге төтеп бере алмайтындықтан, альтернативті байланыс көзі болуы керек).
Бұл тұста мұғалім өзін пікір алмасумен және бағалаумен шамадан тыс жүктемеу керек. Егер мұғалімге әр топ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz