Критериалды бағалау қағидаттары


4-КҮН
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ
4. 1-дәріс
Критериалды бағалаудың теориялық негіздері
Критериалды бағалау қағидаттары
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың шынайы және сенімді жүйесі білім беру мазмұнының ажырамас бөлігі болып табылады.
Бағалау - оқытудың ағымдағы және қорытынды кезеңдеріндегі оқушылардың үлгерімі туралы ақпаратты жинау мен талдауды білдіретін білім беру процесінің маңызды құрамдас бөлігі.
Оқушылардың жетістіктерін критериалды бағалау тәсілі көптеген шет елдерде кең таралған, өйткені бұл технология барынша шынайы, нақты және валидті болып табылады. Мұндай тәсіл, ең алдымен, процестің барлық қатысушыларына оқу материалын игеру деңгейін түсінуге мүмкіндік беретін кері байланысты жүзеге асыруға көмектеседі.
Тәжірибе критералды бағалаудың практикалық маңызы мен артықшылықтарын көрсетеді, өйткені мұнда:
- оқушының жеке тұлғасы емес, оның орындаған жұмысы бағаланады;
- оқушының жұмысы оларға алдын ала белгілі бағалау критерийлері бойынша бағаланады;
- оқушылардың нені оқығанына бағаланады, себебі бағалау критерийлері нақты оқу мақсаттарын сипаттайды;
- оқушылардың оқуға және өзін-өзі бағалауға және деген ынтасы артады.
Критерийлер арқылы бағалау оқушыларды оқу тапсырмаларын барынша сапалы орындауға ынталандырады, олардың білімін тереңдетіп, түсінігін кеңейтеді, оқушылардың ойлау қабілетінің деңгейін көтеріп, эмоциялық зиятын дамытады.
Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі оқу, оқыту және бағалаудың өзара тығыз байланысына негізделген. Ол оқу процесін ұйымдастыруға біртұтас көзқарасты қамтамасыз етеді.
Бұл теориялық негіздеуді және бағалаудың барлық элементтерінің - оқу мақсаттары, бағалау түрлері, құралдары және бағалау нәтижелері арасында өзара байланыс болуын қажет етеді
Критериалды бағалаудың мақсаты бағалау критерийлері негізінде білім алушылардың оқу нәтижелері туралы объективті ақпарат алу және оны оқу процесін одан әрі жетілдіру үшін барлық мүдделі қатысушыларға ұсыну болып табылады.
Критериалды бағалау білім алушыларда өз қызметін бақылау және бағалау қабілетін қалыптастыруға, оқыту процесінде туындайтын қиындықтардың себептерін анықтауға және жоюға мүмкіндік береді. Бұл білім беру стандарттарында белгіленген кең ауқымды дағдылар мен функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға ықпал етеді.
Білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесі оқыту мен бағалаудың тұтастығына негізделе отырып:
- білім алушылардың үлгерімін, ілгерілеуін қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілін қалыптастыруға бағытталады;
- оқу бағдарламасына сәйкес дағдыларды дамытуды, білім алу дәлелдерін жинақтауды, оқу мақсаттарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
- пәннің оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес әр сынып бойынша бағалаудың түрлі формалары мен тәсілдерін қамтиды.
Критериалды бағалау - белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру процесі.
Біздің елімізде орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында енгізілген, үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибені кіріктіре отырып анықталған критериалды бағалау жүйесі бірқатар міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді, атап айтқанда
- білім беру қызметінің сапасын арттыруға жағдай жасайтын объективті және нақты бағалау жүйесін іске асыру;
- халықаралық тәсілдер мен стандарттарға сәйкес сапалы және бірыңғай бағалау механизмін қалыптастыру;
- мұғалімдердің бағалау саласындағы құзыреттілігін арттыру;
- оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын дамытуға жағдай жасау және олардың өз оқуына деген жауапкершілігін арттыру;
- сонымен қатар
- білім алушыларға олардың оқуының сапасы туралы;
- мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы;
- ата-аналарға балаларының оқу нәтижелерінің жетістік деңгейі туралы;
- басқару органдарына білім беру қызметінің сапасы туралы объективті, үздіксіз және нақты ақпарат беру.
Құзыреттілікке негізделген тәсілдеме
Құзыреттілікке негізделген тәсілдемеде оқу нәтижелерін бағалау білім алудың белгілі бір кезеңін аяқтағанда оқушылардың қол жеткізген білім деңгейлерін талдауға негізделеді.
Күтілетін нәтижелер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары мен оқу бағдарламасын толық меңгерудің қорытындысы бойынша туындайтын білім алушылардың тәжірибесі мен қабілетінен, дағдысынан, білімі мен білігінен көрініс табады.
Кері дизайн
Кері дизайн - бұл білім беру процесіндегі арнайы педагогикалық жобалау технологиясы, мұнда оқу бағдарламасын әзірлеу оқу нәтижелерін жоспарлаудан басталады. Тәжірибе мұғалімдердің алдымен оқу мақсатын, күтілетін нәтижелерді анықтап, бағалау процесін қарастыруы, содан соң оқу мазмұнын жоспарлау арқылы оқушыларға сабақ өткізу әрекеті әлдеқайда тиімдірек екенін көрсетеді.
Кері дизайн аясында білім беру процесін жоспарлауда үш кезеңді жүзеге асыру қарастырылады:
1-кезең - Мақсаттар мен қалаулы нәтижелерді анықтау, яғни «Білім алушылар нені білуі, түсінуі және істеуі тиіс?» деген сұраққа жауап;
2-кезең - Қолайлы дәлелдерді анықтау, яғни «Білім алушылардың қалаулы нәтижелерге жетуі мен олардың стандарттарға сай болуына не дәлел болады?» деген сұраққа жауап;
3-кезең - Оқуды және білім алушылардың күтілетін нәтижеге жету процесін жоспарлау.
Әлеуметтік-конструктивистік оқу теориясы
Әлеуметтік-конструктивистік оқу теориясы білім беруде ұжымдық, топтық, жеке-тұлғалық оқыту процесінде әлеуметтік конструкцияға ерекше көңіл бөледі.
Бағалау әлеуметтік-конструктивистік оқу теориясының идеяларына негізделген, ол түрлі елдерде кеңінен қолданылып жүрген қалыптастырушы бағалауды тәжірибеде жандандыруға мүмкіндік береді.
«Жақын арадағы даму аймағы»
Жақын арадағы даму аймағы түсінігі Л. С. Выготскийдің енгізуімен белгілі. Бұл «жақын арадағы даму аймағы, баланың даму деңгейі, яғни қандай тапсырманы ол өз бетінше орындай алатынын және үлкендермен, өз құрдастарымен жұмыс жасай отырып жете алатын әлеуетті даму деңгейі арасындағы айырмашылығын білетінін анықтайды» дегенді білдіреді.
Осылайша, қалыптастырушы бағалау процесінде мұғалім немесе қабілетті құрдастарының бірі білім алушыға қолдау көрсетсе, оның дамуы жақын арадағы даму аймағында өтеді
Скаффолдинг теориясы
Скаффолдингтің заманауи теориясы - бұл білім беру процесіне қатысушылар арасындағы өзара сенімге негізделген серіктестік. Оқу процесі барысында қойылған мақсаттарға жету үшін қажетті көмек көрсету мақсатымен білім алушыларды қолдау қалыптастырушы бағалау тәжірибесінде мұғалім орындайтын маңызды функциялардың бірі болып табылады.
Критериалды бағалау жүйесінде қолданылатын теориялық негіздердің толық сипаттамасымен Жүйелі-әдістемелік комплекс білім беру порталындағы «Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық» оқу- әдістемелік құралынан таныса аласыздар. (О. И. Можаева, А. С. Шилибекова, Д. Б. Зиеденованың редакциясымен)
Критериалды бағалау төмендегідей принциптерге негізделеді:
- Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты және оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады. Демек, нені және қалай оқыту керек, білім алушының қажеттілігі қандай және оқу нәтижелеріне жетуге қалай көмектесуге болады деген сұрақтарға жауапты бағалау тәжірибесінен іздеу қажет.
- Шынайылық, анықтық және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділік бар. Шынайылық, анықтық, валидтілік жиынтығы бағалаудың сапасын анықтайды. Барынша мазмұнды сипаттаманы бағалауды қаншалықты дұрыс өткізетінімізді және нақты нені өлшейтінімізді бағалаудың валидтілігі ұсынады. Аталған қағидатты жүзеге асыру:
- нені бағалау қажеттігін нақты түсіну және анықтауды;
- бағалау критерийлерін құрастыру және негіздеуді;
- тапсырмаларды құрастыру және рәсімдерді жоспарлауды көрсетеді. Ашықтық және нақтылық. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.
Аталған қағидат мақсаттар мен бағалау рәсімдерінің түсінікті, нұсқаулықтың анық және нақты, нәтижелердің пайдалы және қолжетімді болуын болжайды. Бағалау үдерісінде оның мақсаттылығы мен дұрыстығы еш күмән тудырмауы тиіс. Өз кезегінде білім беру үдерісіне қатысушылар арасындағы өзара әрекет пен сенімге қол жеткізу олардың қызығушылығын арттыру және оқу нәтижесіне оң әсер етуге ықпал етеді.
• Үздіксіздік қағидаты. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады
- Бағалаудың дамытуға бағытталуы. Бағалау білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады. Бағалау білім алушылардың қандай білім мен дағдыларды меңгергені туралы ақпараттарға талдау жасауға және жинақтауға негізделген білім беру үдерісінің алдағы уақыттағы қадамдары туралы негізгі шешімді қабылдауына мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны келесі нормативтік, нұсқаулық-әдістемелік құжаттармен анықталады:
- Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартыбілім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын анықтайды.
- Пән бойынша оқу бағдарламасы.
- Пән бойынша оқу жоспары
Оқу жоспарында оқу бағдарламасының мазмұнын пәндер бойынша оқытудың ұсыныстары сыныптар арқылы көрсетілген. Мұғалімдер оқу жоспарында көрсетілген іс-шаралар түрлерін білім алушылардың оқу бағдарламасы мазмұнын білетініне және барлық оқу мақсаттарына жеткеніне көз жеткізу үшін қолдануына болады.
- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидалары. Бұл құжатта Қазақстан Республикасының Білім беру ұйымдары білім алушыларының оқу жетістіктерін бағалауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі айқындалады.
- Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулықжаңартылған білім беру мазмұнын енгізу аясында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша мұғалімнің іс-әрекетіне өзгерістер енгізудің теориялық және тәжірибелік негізін анықтайды. Берілген ұсыныстар бағалау рәсімдерін, олардың белгіленген стандарттарға сәйкестігін, әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
- Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағында
оқу бағдарламасындағы барлық оқу мақсаттары бойынша қалыптастырушы бағалауды өткізуге арналған тапсырмалар үлгілері дескрипторлармен бірге ұсынылған. Тапсырмалар ұсыныс ретінде берілген, сондықтан оларды білім алушылардың мүмкіндігін, қажеттіліктерін ескере отырып, бейімдеуге болады.
- Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстардабөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыру, өткізу жолдары көрсетілген. Құжат мазмұнында бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың дескрипторлары, баллдарымен бірге берілген тапсырмалар үлгілері ұсынылған.
- Тоқсандық жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін міндетті құжат болып табылады.
Жалпы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында біздің елімізде енгізілген критериалды бағалау жүйесі бағалаудың екі түрін -қалыптастырушы және жиынтық бағалауды қамтиды:
Бағалау тәсілдері пән мазмұнына және критериалды бағалау түріне байланысты ерекшеленуі мүмкін.
Қалыптастырушы бағалау оқу процесінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады.
Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы бағалау оқушының дамуында үлкен рөл атқарады.
Қалыптастырушы бағалаудың негізгі функциялары:
- қалыптастырушы - күнделікті тәжірибеде құндылықтар жүйесін орнату, қалыптастыру
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz