Тоқсандық жиынтық бағалау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
4-КҮН
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ
4.3-дәріс
Жиынтық бағалау процесі.
Бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау

Слайд
Мәтін
1
Дәріс тақырыбы Жиынтық бағалау процесі. Бөлім бойынша жиынтық бағалау. Тоқсандық жиынтық бағалау.
2
Оқушылардың оқу үлгерімін ағымдық бақылау үшін мектепте мұғалімдер жиынтық бағалау өткізеді.
Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңіның соңында оқушылардың оқу материалдарының мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау және тіркеу үшін жүргізілетінін белгілі. Осы процесс барысында оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес оқушылардың білімі мен дағдысын көрсететін дәлелдер жинақталады.
Жиынтық бағалау тоқсан барысында бөлімортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау түрінде, оқу тоқсанының соңында тоқсандық жиынтық бағалау түрінде және білім беру деңгейі - негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейі аяқталғанда қорытынды аттестаттау түрінде жүргізілетіні белгілі.
Жиынтық бағалау бойынша балл және баға туралы шешімді мұғалім бағалау критерийлеріне сәйкес қабылдайды
Жиынтық бағалау нәтижесінде алынған деректер қалыптастырушы бағалаудағыдай жоспарлау, түзету және оқу процесіне талдау жасау үшін қолданылады.
3
Бөлім және тоқсан бойынша жиынтық бағалау процедуралары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген және 2019 жылғы 26 қарашадағы №509 бұйрығымен толықтырылған Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүреді.
Жиынтық бағалау қорытындысы бойынша ақпарат білім алушыларға және ата-аналарға немесе баланың заңды өкілдеріне қағаз түрінде немесе электронды нұсқада беріледі.
4
Білім алушылардың жетістіктерін бағалау үшін бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудың оқу тапсырмаларына сабақта қарастырылған, меңгерілген оқу мақсаттары енгізілуі тиіс. Оқу критерийлері оқу мақсаттарына сай болуы тиіс.
Нәтижелерді бағалау критерийлері оқушыларға дайындық деңгейінің мұғалім ұсынған талаптарына сәйкес екендігін белгілеуге, мұғалімге оқыту процесіне түзетулер енгізуге, жұмыс күрделілігінің деңгейін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.
Мұғалім білім алушылардың оқу жетістіктерінің бағалау критерийлерін өзі таңдап, әзірлей алады.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың міндеті - оқушылардың ағымдағы оқу жетістігін, аралық нәтижелерін белгілеу. Оның нәтижесі бойынша білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балл қойылады.
Бөлімортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын мұғалім оқу бағдарламасындағы өтілген материалдың күрделілік деңгейі мен мазмұнын есепке ала отырып құрастырады. Тапсырмалар оқу мақсаттары, бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес болуы тиіс.
5
Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу алгоритмі келесі кезеңдерден тұрады:
1) оқу бағдарламасын, бөлімортақ тақырыптар бойынша оқу мақсаттарын талдау;
2) жиынтық бағалауда тексерілетін оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлерін анықтау, оларды ойлау дағдыларының деңгейлерімен сәйкестендіру;
3) ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келетін тексерілетін критерийлердің, оқу мақсаттарының мазмұнын қамтитын бір немесе бірнеше тапсырма дайындау;
4) әр тапсырмаға дескрипторлар құрастыру және балл белгілеу;
5) білім алушыларға, олардың ата-аналарына жиынтық бағалау нәтижелерін ұсыну үшін бөлімортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау рубрикасын құрастыру.
6
Бөлімортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды сабақта 15-20 минут уақытқа есептеп жоспарлау ұсынылады.
Мұғалім бөлімортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың нәтижелеріне талдау жасайды. Бұл оқушыларға пайдалы кері байланыс беруге, сыныптың оқу жетістігі деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мұғалім қажеттігіне қарай алдағы сабақ жоспарларын, тапсырмалар мен қалыптастырушы бағалау тәсілдерін, жиынтық бағалау тапсырмаларын қайта қарастыруы мүмкін.
7
Бөлімортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауда орындалған жұмыстардың нәтижелері оқушыларға түсінікті болып, одан әрі білім алуға ынталандыруы қажет.
Кері байланыс білім алушылардың қол жеткізген оқу жетістігінің деңгейі туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Бұл оқушылар мен ата аналарға оқушының әр бағалау критерийі аясындағы оқу жетістігін сипаттайтын рубрика түрінде беріледі.
8
Енді бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмасын әзірлеу алгоритмінің дескрипторлар құрастыру, балл анықтау қадамына тоқталайық.
Тапсырманы орындаудың әрбір қадамын сипаттайтын дескрипторларды құрастыруға ерекше назар аударуды ұсынамыз.
Тапсырманы орындаудың қадамдарын сипаттайтын дескрипторлар мұғалімге оқушылардың осы тапсырманы орындау барысында нені түсінбегенін анықтауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты мұғалім өзінің оқу жоспарын жетілдіріп, оқу процесіне түзету енгізуі мүмкін.
Дескрипторлар қалыптастырушы бағалау мен бөлім бойынша жиынтық бағалау процесінде қолданылады.
9
Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларында әрбір дескриптор 1 балмен бағаланады.
Дескрипторлар тапсырмамен қатар әзірленеді. Бұл тапсырманың, бағалаудың сенімділігі мен валидтілігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ әртүрлі тапсырманы тексеруші мұғалімдердің объективті және дұрыс бағалауына көмектеседі.
10
Дескриптор құрастырғанда нені ескеру керек?
Дескриптор оқушының қиындықтарын анықтауға және оған кері байланыс ұсынуға көмектесуі қажет.
Дескрипторларды тұжырымдау кезінде біледі, түсінеді, жасайды сияқты сөздерді қолданбаған жөн. Мұндай сөздер бағалауда қиындық туғызады және тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты әрекетті сипаттамайды.
Ашық тапсырмаларға дескриптор құрастыру таңдалған орындау тәсілдерін сипаттаудан басталады. Бұдан әрі аралық әрекеттер мен алынған жауап сипатталады.
Мұғалім өз тәжірибесіне және кәсіби пайымдауына сүйене отырып, тапсырмаларды орындау кезінде қандай аралық қадамдарды бағалауы керектігін анықтайды.
Тапсырмалардың дескрипторлары бағалау кезінде мұғалімнің шешімі объективті болуы үшін анық, нақты болуы қажет. Бұл бағалау нәтижелері бойынша оқушылар мен олардың ата-аналарына сындарлы (конструктивті) кері байланыс ұсынуға мүмкіндік береді.
Осы материалды бекіту үшін Сіздерге практикалық бөлімде берілген тапсырмаларды орындауды ұсынамыз.
11
Енді тоқсан бойынша жиынтық бағалау процесін қарастырайық.
Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан аяқталғанда оқушының оқу тоқсаны көлеміндегі жетістігін өлшейді, оқу бағдарламасы мазмұнындағы білім, дағды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалыптастырушы бағалау және жиынтық (ішкі) бағалау
Суммативті бағалау құрылымы
Қазақстан білім беру мазмұнын жаңартудың алғы шарттарымен танысып, білу. Жаңартылған бағдарламаның мақсаттарын, міндеттерін, құрылымын және мазмұнын түсіну
Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері
Оқытудың негізгі әдіс - тәсілдері
Оқушының тоқсандық бағасы
Критериалды бағалаудың құрылымы
Бағалау әрекетіндегі мұғалімдердің құзіреттілігін арттыру
Критериалды бағалау туралы
Критериалды бағалау жүйесінің маңызы
Пәндер