Орыс тілі мен әдебиеті


- Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына 4-қосымша
- Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына 5-қосымша
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 31 қазандағы
№ 604 бұйрығына
4-қосымша
Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - стандарт) 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабы, 5-1) тармақшасына және 56-бабына сәйкес әзірленді және білім берудің мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, білім алушылардың дайындық деңгейіне және оқу мерзіміне қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Стандартта Заңға сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылады. Оларға қосымша мынадай терминдер мен олардың анықтамалары енгізілді:
1) бағалау - білім алушылардың оқуда нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудан күтілетін нәтижелермен әзірленген критерийлер негізінде салыстыру процесі;
2) бағалау критерийлері - білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын нақты өлшеуіштер;
3) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
4) білім берудегі құндылықтар - білім алушының тұлғасын қалыптастырудағы жетекші фактор болып табылатын жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген оқыту мақсаттарының жүйесін қалыптастырудағы бағдарлар;
5) ерекше білім беру қажеттіліктері - денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларына мұқтаж балалардың қажеттіліктері;
6) жалпы орта білім берудің базалық мазмұны - типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан, білім беру ұйымдарында оқып білуге міндетті жалпы орта білім беру мазмұнының құрамы, құрылымы мен көлемі;
7) жиынтық бағалау - анықталған оқу кезеңін (тоқсан, триместр, оқу жылы), сондай-ақ оқу бағдарламасына сәйкес бөлімдерді оқып аяқтағаннан кейін өткізілетін бағалау түрі;
8) инклюзивті білім беру - ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуына тең қолжетімділік үшін жағдайлар жасау;
9) оқу жүктемесінің инвариантты компоненті - білім беру ұйымдарында типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан, барлық білім алушылардың оқып білуі үшін міндетті оқу пәндерін айқындайтын үлгілік оқу жоспарының құрамдас компоненті;
10) оқу жүктемесінің вариативті компоненті - білім алушылардың білімге деген қажеттіліктеріне сәйкес білім беру ұйымдары айқындайтын үлгілік оқу жоспарының құрамдас компоненті;
11) оқытудан күтілетін нәтижелер - оқыту процесі аяқталғаннан кейін білім алушының білуін, түсінуін, көрсетуін сипаттайтын құзыреттіліктер жиынтығы;
12) сабақтан тыс іс-әрекет - біртұтас оқу-тәрбие процесінің құрамдас бөлігі, білім алушылардың бос уақытын ұйымдастыру нысаны;
13) үлгілік оқу жоспары - оқу пәндерінің тізбесін реттейтін және тиісті білім беру деңгейінің оқу жүктемесінің инвариантты және вариативті компоненттерінің көлемін айқындайтын құжат;
14) формативті бағалау - сыныпта күнделікті жұмыс барысында жүргізілетін бағалау түрі, білім алушылардың үлгерімінің ағымдағы көрсеткіші болып табылады, оқыту барысында білім алушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік береді;
3. Стандартты қолдану:
1) оқытудың күтілетін нәтижелері түрінде көрсетілген жалпы орта білім беру мақсаттарының жүйесіне қол жеткізу арқылы оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыруға;
2) қазақ, орыс және шетел тілдерінде білім беру процесін ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлар жасау арқылы үштілді білім беру саясатын іске асыруға;
3) қолданбалы сипаттағы міндеттерді шешу үшін білім алушылардың теориялық білім негіздерін меңгеруі мен алған білімдерін қолдана білуін дамытуды көздейтін жалпы орта білім берудің академиялық және практикалық бағыттылығының үйлесімділігіне;
4) білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, пәндік білім мен дағдыларды кезең-кезеңімен тереңдетуді қамтамасыз етуге;
5) білім беру процесінің мазмұндық негізін айқындайтын білім берудің құндылықтары мен оқытудан күтілетін нәтижелер жүйесінің өзара байланыстылығы мен өзара шарттылығына негізделген оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі қағидатын іске асыруға;
6) балалардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге, білім алушылардың ерекше білімге деген қажеттіліктерін, сондай-ақ қосымша білім беру қызметтерін алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы жағдайлар жасауға;
7) орта білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің әртүрлілігі жағдайында жалпы орта білім берудің баламалылығын қамтамасыз етуге;
8) білім беру ұйымдарында инновациялық практиканы қолдауға және дамытуға;
9) білім сапасын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарының қызметін объективті бағалауды ұйымдастыруға бағытталған.
2-тарау. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білімнің мазмұнына қойылатын талаптар
1-параграф. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып жалпы орта білімнің жаңартылған мазмұнына қойылатын талаптар
4. Жалпы орта білім беру білім берудің барлық деңгейлеріне ортақ болып табылатын және білім алушы тұлғасының мінез-құлқы мен қызметін ынталандыратын өмірлік тұрақты бағдарлары болуға арналған білім алушылардың бойында ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған.
5. Жалпы орта білім беру мазмұнында базалық құндылықтар ретінде:
1) қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік;
2) құрмет;
3) ынтымақтастық;
4) еңбек пен шығармашылық;
5) ашықтық;
6) өмір бойы білім алу айқындалған.
6. Білім берудегі құндылықтарды дарыту негізінде білім алушылардың бойында:
1) Қазақстан мүдделеріне қызмет етуге дайындығын;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясының нормалары мен заңдарын құрметтеуді және сақтауды;
3) әлеуметтік жауапкершілікті және шешім қабылдау білігін;
4) мемлекеттік тілді меңгеруге ынталануды;
5) Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлерін, әлемнің мәдениеттілік алуан түрлілігін құрметтеуді;
6) рухани келісім және толеранттылық идеяларына бейімділікті;
7) қоршаған ортаға және экологиялық тепе-теңдікті сақтауға оң қарым-қатынасының болуын;
8) шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды;
9) коммуникативтік және ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды тиімді қолдана білуді;
10) өмір бойы білім алуға және өзін-өзі жетілдіруге ынталануды дамыту қажет.
7. Жалпы орта білім берудің мақсаты:
кең ауқымды дағдыларды дамыту негізінде білім алушылардың жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруы және кәсіби өзін-өзі анықтауы үшін академиялық дайындығын қамтамасыз етуге қолайлы білім беру кеңістігін жасау болып табылады:
1) білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдану;
2) сын тұрғысынан ойлау;
3) зерттеу жұмыстарын жүргізу;
4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;
5) коммуникацияның түрлі тәсілдерін қолдану;
6) топта және жеке жұмыс жасау білігі;
7) мәселелерді шешуі және шешім қабылдау.
8. Жалпы орта білім беру деңгейінің нәтижесі ретіндегі кең ауқымды дағдылар білім алушыларға ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды өзіне үйлесімді үйлестіруге, кез келген өмірлік жағдайларда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсетуге, сондай-ақ оқу және қолданбалы тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді.
9. Жалпы орта білім берудің негізгі міндеттері:
1) міндетті оқу пәндері мен таңдау бойынша бейіндік оқу пәндерін үйлестіру негізінде жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда бейінді оқытуды жүзеге асыру;
2) оқу пәндерін оқытудың стандарттық және тереңдетілген деңгейлерін үйлестіру негізінде жоғары оқу орындарына түсуге білім алушылардың академиялық дайындығын қамтамасыз ету;
3) рухани-адамгершілік қасиеттерін, коммуникативтік, әлеуметтік, зерттеушілік дағдыларын және проблемаларды сын тұрғысынан және шығармашылықпен ойлау негізінде шешу біліктігін мақсатты дамыту;
4) бітірушілерге олардың мүдделері мен қабілеттеріне сәйкес кәсіби өзін-өзі анықтауына көмектесу;
5) бітірушілерге өмір бойы білім алуын жалғастыруға оң көзқарасының, өмірде мансаптық өсуі мен танымдық процесін реттеуге даярлығының қалыптасуына көмектесу болып табылады.
10. Жалпы орта білім берудің базалық мазмұны білім алушыларды жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсу мен дербестігін мақсатты дамыту үшін білім алушылардың академиялық дайындығын кіріктіру негізінде айқындалады.
11. Білім алушылардың академиялық дайындығы әлемді танудың ғылыми әдістерін меңгеруге бағытталған білімнің іргелілігін күшейтумен қамтамасыз етіледі.
12. Жалпы орта білім берудің базалық мазмұны оқу нәтижелеріне бағдарланады және мынадай аспектілерді ескере отырып айқындалады:
1) қазіргі қоғамның серпінді сұраныстарына және ғылымның даму деңгейлеріне сәйкес болу;
2) сын тұрғысынан, шығармашылықпен және позитивті ойлауды дамыту;
3) пәнаралық және пәнішілік байланыстар негізінде оқу пәндері мазмұнының кіріктірілуін күшейту;
4) негізгі орта білім беру және жалпы орта білім беру деңгейлері арасындағы білім мазмұнының үздіксіздігі және сабақтастығы қағидатын сақтау;
5) білім беру мазмұнының академиялық және практикалық бағыттылығы арасындағы теңгерімді сақтау;
6) оқытудың, тәрбиелеумен дамытудың біртұтастығын қамтамасыз ету.
13. Міндетті оқу пәндерін оқумен қатар білім алушылардың оқытудың стандарттық және тереңдетілген деңгейлерінде бейіндік оқу пәндерін таңдауы қарастырылған.
14. Бейінді оқыту білім алушылардың жеке мүдделері мен қажеттіліктері негізінде жүзеге асырылады. Осыған байланысты оқытудың екі деңгейінде оқу пәндерін таңдаудың икемді жүйесі ұсынылады. Білім алушы қалауынша өздеріне маңызды оқытудың тереңдетілген және стандарттық деңгейлеріндегі оқу пәндерін таңдайды. Стандарттық деңгейдегі оқу пәндеріне қарағанда, бейінді оқытудың тереңдетілген деңгейдегі оқу пәндеріне сағат саны көп бөлінеді. Стандарттық деңгейде бейіндік емес оқу пәндері оқытылады.
15. Жалпы орта білім беру деңгейінде оқыту процесін ұйымдастыру оқыту мен тәрбиелеу бірлігі қағидатына бағдарланған. Оқу процесін ұйымдастыру кезінде оқушылардың жетекші қызметі ретінде оқуға басым рөл беріледі. Оқу оқушылардың ізденуге, мәселелерді талқылауда белсенділік танытуға, көзқарасын дәлелдеуге, сындарлы шешім қабылдауға деген ынтасын таныту арқылы тәжірибені игеруін ұйымдастыруға негізделген интерактивті оқыту әдістерін пайдалануды қарастырады.
16. Оқыту процесінде әр оқу пәні арқылы тәрбиелеу мәселесі шешіледі. Тәрбие жұмысының барлық түрлері білім алушылардың жаңа білімді субъективті тануы мен меңгеруі мәселелерін шешуге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпы адамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған.
17. Сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркем-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесінің іске асуын қамтамасыз етеді.
18. Білім алушылардың жобалық және зерттеу іс-әрекеттерін дамытуда жүйелілікті қамтамасыз ету білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі қағидаларының бірі болып табылады.
19. Жалпы орта білім берудің базалық мазмұны үштілді білім беру саясаты шеңберінде іске асырылады. Үштілді білім берудің мақсаты кемінде үш тілді меңгерген, қызметтің әртүрлі саласында үш тілде диалог жүргізе алатын, өз халқының мәдениетін бағалайтын, басқа халықтардың мәдениетін түсінетін және құрметтейтін көптілді тұлға - Қазақстанның азаматын қалыптастыруға негізделеді.
20. Үштілді білім беру іс жүзінде:
1) қазақ, орыс және шетел тілдерін деңгейлік меңгеру;
2) оқыту тіліне қарамастан жекелеген пәндерді қазақ, орыс және шетел тілдерінде оқытуды ұйымдастыру;
3) білім алушылардың сабақтан тыс іс-әрекетін және әртүрлі тәрбие жұмыстарын қазақ, орыс және шетел тілдерінде ұйымдастыру арқылы іске асырылады.
21. Жалпы орта білім берудің практикалық бағыттылығы оқыту процесі мен тәрбие жұмысы кезінде оқу, коммуникативтік, әлеуметтік, зерттеушілік дағдыларын дамыту арқылы іске асырылады.
22. Жалпы орта білім берудің базалық мазмұны жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда бейінді оқытудың міндетті оқу пәндері мен бейіндік оқу пәндері бойынша анықталған оқытудан күтілетін нәтижелерге сәйкес әзірленетін оқу бағдарламаларымен нақтыланады.
23. Бейінді оқытудың барлық бағыттары үшін міндетті оқу пәндері бойынша мазмұны.
1) Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін) / Орыс тілі, Орыс әдебиеті (оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін) / Ана тілі, Әдебиет (оқыту ұйғыр/өзбек/тәжік тілінде жүргізілетін сыныптар үшін) .
Пән мазмұны түрлі салалар мен қарым-қатынас жасау барысында тілді еркін меңгеруін қамтамасыз ету үшін коммуникативтік дағдыларын дамытуға; сыни ойлауы мен ауызекі сөйлеуін дамытуға; ақпаратты іздей алу біліктілігін дамытуды жүзеге асыруға; қажетті ақпаратты алу, өңдей алуға бағытталады. Тілді оқу процесінде алған білімін өмірдің түрлі жағдайында қолдана білу және ақпаратты бағалау, жинақтау, талдау, салыстыру сияқты ойлаудың жоғары деңгейіндегі дағдылары қалыптасады.
Пәннің мазмұны образдық және талдамалық ойлауды дамытуға, шығармашылық қиялдауға, оқырман мәдениеті және автор ұстанымын түсінуге; білім алушылардың ауызша, жазбаша сөйлесімін дамытуға; әдебиет теориясының түсініктерін және негізгі тарихи-әдеби мәліметтерді, көркем шығарма мәтінінің мазмұны мен түрін бірлікте түсінуге бағытталады. Әдебиет тарихына қажетті мәліметтерді және әдебиеттану түсініктерін қатыстыра отырып пәнді оқыту процесі барысында көркем шығармаға терең талдау жасау.
Оқу пәндерін оқыту сөздік қорын байыту мен қолданылатын грамматикалық құралдардың аумағын кеңейтуді, стилистикалық ресурстарды, сөйлеу этикеті мен әдеби тілдің негізгі талаптарын, тілдің қызметі мен қолданылуын түрлі қарым-қатынас аялары мен жағдайларында білім спектрін кеңейтуді қарастырады. Білім алушылардың тілді оқу процесінде алынған дағдыларды тиімді пайдалану тілдік бірліктер талаптарына, қарым-қатынас жағдайына сәйкестігі деңгейін бағалау.
Тұлғаны рухани жағынан тәрбиелеуді дамыту, гуманистік дүниетанымын, азаматтық сана-сезімін, патриоттық сезімін, әдебиетке және отандық құндылықтарға, отандық және әлемдік мәдениетке деген сүйіспеншілігі мен сыйласымдылығын қалыптастыру пән мазмұнының маңызды бөлігі болып саналады;
2) Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін) / Орыс тілі мен әдебиеті (оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін) .
Пәннің мазмұны қазақ тілі шартты түрде мемлекеттік тіл мәртебесінде қолданылады және орыс тілі мәртебесі ресми тіл және мемлекеттік тілмен бірдей қолданылатын ұлтаралық қарым-қатынас тілі мақсатын көздейді.
Аталған оқу пәндерін оқыту тілді оқу іс-әрекетінде және күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік жасауды, білім алушылардың Қазақстан халықтарының мәдениетімен араласуы олардың ұлтаралық қарым-қатынасқа дайын болуын қамтамасыз етеді.
Оқу пәндері мазмұнының негізі тәжірибе мен қызығушылыққа сәйкес қарым-қатынастың кез келген саласы мен жағдайындағы сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін және ауызша, жазбаша сөйлеу мәдениетінің негіздерін, тілді қолдануда білік пен дағдыны меңгеруге бағытталған.
Тіл мен әдебиетті оқыту процесінде білім алушылар тіл туралы тілдің таңбалық жүйесі және қоғамның құбылысы ретінде, оның құрылысы, дамуы мен қызметі туралы білім алады.
Тіл мен әдебиетті оқыту әдеби тіл нормаларын меңгеру деңгейін жетілдіре түсуге, білім алушылардың сөздік қорын молайтуға және сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын байытуға, тілдік құбылыстар мен фактілерді және әдеби шығармаларды талдау және оларға баға беру қабілеттерін дамытуға бағытталған;
3) Шетел тілі.
"Шетел тілі" оқу пәнінің мазмұны көптілді, көп мәдениетті тұлғаны қалыптастыруға; түрлі стильде жазылған тең түпнұсқалы мәтіндердің мазмұны арқылы сөздік қорын молайтуға, коммуникативтік біліктілігін жетілдіруге, шеттілді коммуникативтік біліктілікті дамыту процесінде дүниетанымы мен әлемді қабылдауын әлеуметтік мәдени жағынан байытуды жүзеге асыруға; зерттеу жұмыстары мен түрлі оқу міндеттерін шығармашылық жағдайында шешуге мүмкіндік беруге бағытталуы тиіс.
"Шетел тілі" оқу пәнінің мазмұны талдау икемділіктерін дамытуға, тәжірибені таратуға, маңызды ақпаратты кәсіби тұрғыдан саралауға, тілді ғылыми және кәсіби іс-әрекеттегі қарым-қатынас үшін тиімді пайдалануға, сонымен қатар жеке, іскерлік хаттарды жазу, түйіндеме құрастыру, берілген тақырып бойынша эссе жазу, шетел тілін оқуға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
"Шетел тілі" оқу пәнінің кіріктірілген мазмұнын басқа пәндермен қатар білім алушыларға пәнаралық байланыс арқылы икемділіктерін қалыптастыру үшін дәлел аралық байланыстың себеп-салдарын, шет тіліндегі дереккөздерден негізгі және фрагментті алып, ақпаратпен жұмыс жасау үшін, орналастырып іске асыруға мүмкіндік беріледі.
"Шетел тілі" оқу пәнінің құралы ретінде рухани-адамгершілік құндылықтарды дамытуды, өз Отанына деген патриоттық сезімін тәрбиелеуді, өз халқына және басқа мәдениеттің өкілдеріне төзімділікпен қарау қарым-қатынасын, отбасында тұлғааралық қарым-қатынас әдебін тәрбиелеу, мектепте құрбы-құрдастарымен, мұғалімдерімен, тіл үйретушілермен қарым-қатынас барысында әлеуметтік мәдениет материалдарын қолдану икемділіктерін дамыту жүзеге асырылады;
4) Алгебра және анализ бастамалары, Геометрия.
"Алгебра және анализ бастамалары" және "Геометрия" оқу пәнінің мазмұны білім алушылардың келесі білім алу деңгейінде табысты оқуы, сондай-ақ практикалық есептерді шешуі үшін қажетті математикалық білім жүйелері мен біліктерін және математикалық мәдениетті дамытуға бағытталуы қажет. Математика курсы адамның жалпы мәдениетін қалыптастырудағы математиканың рөлін түсінумен қатар, функционалдық сауаттылығын, кеңістіктегі қиялын, абстрактілі, логикалық ойлауын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқу пәнінің мазмұны білім алушылардың қоршаған әлемнің математикалық заңдылықтары туралы түсініктерін жүйелеу және дамытуға, олардың математикалық құралдар мен әдістер тәжірибеде барлық білім салаларында құбылыстар мен процестерді сипаттау және зерттеуде қолданылатынын жете түсінулеріне бағытталған.
Оқу пәні мазмұнында жалпы зияткерлік және танымдық, оқу біліктерін одан әрі дамыту көзделген. Математикалық заңдылықтарды түсіну барысында гипотезаны тексеру және ұсыну проблемаларын тұжырымдау үшін салыстыру, саралау, тарату, талдау, жинақтау, дерексіздендіру, нақтылау сияқты біліктер қолданылады.
Оқу пәнінің мазмұны мектептегі математика курсының тақырыптарын қамтитын математиканың негізгі бөлімдерінен тұрады: "Сан", "Алгебра", "Статистика және ықтималдық теориясы", "Математикалық модельдеу және анализ", "Геометрия";
5) Информатика.
"Информатика" курсының мазмұны ақпаратты іздеу, талдау, сын тұрғысынан бағалау, таңдау, ұйымдастыру, беру және өңдеу, объектілер мен процестерді модельдеу ептіліктерін дамытуға; есептерді шешу және ақпараттық технологиялардың құралдары мен әдістерін меңгеруге бағытталған.
Курстың оқу бағдарламасымен нақты объектілер мен процестердің ақпараттық модельдерін қолдану, талдау және түрлендіру дағдыларын дамыту; алгоритмдік және есептік ойлау; компьютерлік модель құралдарымен зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту көзделеді.
Оқу пәнінің мазмұны компьютерлік технологиялар арқылы ақпараттық процестерді іске асыруды, компьютерлік жүйелер және модельдермен жұмыс атқаруды, ақпаратты сақтау әдістерін зерделеуді, интерактивті компьютерлік модельдерді пайдалана отырып модельдеу, визуализациялау және формализациялау үшін тәсілдерді қарастыруды болжайды.
Курс мынадай мазмұндық бағыттарды қамтиды: "Компьютерлік жүйелер", "Ақпарат және ақпараттық процестер", "Алгоритмдеу және бағдарламалау" және "Денсаулық және қауіпсіздік";
6) Қазақстан тарихы:
"Қазақстан тарихы" оқу курсының мазмұны Қазақстан тарихының этникалық, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени негізгі мәселелері бойынша тереңдетілген білімді қалыптастыруға бағытталған.
Берілген курс түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның мәдени-тарихи дамуының ерекшеліктері мен мәнін білім алушыларға түсіндіруді кеңейтеді және тереңдетеді.
"Қазақстан тарихы" пәні Қазақстан тарихындағы оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді талдау, жіктеу, жүйелеу, қорытындылау және бағалау үшін қажетті тарихи ойлау дағдыларын дамытуды қарастырады. Аталған оқу пәнінің аксиологиялық қызметі патриотизмді қалыптастырумен, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға құрмет көрсету қасиетін дағдыландырумен жасалады;
7) Өзін-өзі тану.
"Өзін-өзі тану" оқу пәнінің мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде адамның рухани-адамгершілік әлеуетін ашуға, өзін-өзі тануға және өзін-өзі жетілдіруге деген ынтасын дамытуға; отбасындағы, ұжымдағы, қоғамдағы өзінің рөлін түсінетін жоғары адамгершілік сапасын дамытудың қажеттілігін, қоғамға қызмет жасау дағдыларын; физикалық және рухани денсаулықтың байланысын түсінетін, еліміздің, қаланың, ауылдың, мектептің, отбасының өміріне өзінің қатыстылығын сезінетін және өз ойлары мен сөзіне, іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауға бағытталған.
"Өзін-өзі тану" оқу пәнін оқыту адамзаттың рухани мәдениеті, тән және жан денсаулығының өзара байланысы туралы білімін кеңейтуді; рефлексия дағдыларын меңгеруді, өз іс-әрекетіне сыни қарау дағдыларын дамытуды; өзін-өзі тәрбиелеуді, өзіндік білімін көтеру дағдыларымен түрлі өмірлік жағдаяттарда шешім қабылдай алуды, адамгершілік талаптарға сай өз мақсаттарын қоя білуді және оған жету жолдарын көрсете алуды, отбасында, ұжымда, қоғамда рухани-адамгершілік негізінде қарым-қатынас жасай білуді қарастырады;
8) Дене шынықтыру:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz