Әлеуметтік экономикалық дамудағы дағдарыстар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ө.Ә. Байқоңыров атындағы Жезқазған Университеті АҚ

Бейнелеу өнері және сызу кафедрасы

РЕФЕРАТ
Қазақстандағы рухани, шарушылықтық тоқыраулары және экологиялық дағдарыстар

Орындаған: Шаяхметова Г.Ж.
Қабылдаған: Алланиязов Т.К.

Жезқазған 2021

Мазмұны:

Тоқырау кезеңіндегі Қазақстан

Халықаралық жағдайы

Өнеркәсіптегі жағдайы

Әлеуметтік-экономикалық дамудағы дағдарыстар

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Тоқырау кезеңіндегі Қазақстан

Шартты түрде тоқырау жылдары деп аталып жүрген кезең 1960 жылдардың ортасынан бастап, 1980 жылдардың ортасына дейінгі мерзімді қамтиды. Бұл кезеңде социалистік бағдардағы мемлекеттер арасында жетекші рөл аткарып келген Кеңес Одағының ықпалы бұрынғыға қарағанда солғындады. Жыл өткен сайын КОКП-ның халықаралықаренадағы беделі түсіп, дүниежүзілік арандатушы фактор кейпінде көріне бастады. Югославия, КХДР, ҚХР, сол кезде социалистік бағдарға бейім болған Египет тектес мемлекеттер КСРО-дан іргесін аулақтатып әкетті. Қоғамдық- әлеуметтік даму барысында тоқырау белгілері айқынырақ біліне бастағандықтан, КСРО-ға ең жакын деген мемлекеттерде де социализмнің кеңестік жолынан бас тартуға бейім күштер байқалды. Қоғамның саяси өмірі. 70-жылдардың бас кезі жаңашыл үрдістердің едәуір әлсіреуімен, қоғамдық құрылыс принциптері мен формаларының тоқырауға ұшырауымен ерекшеленеді. Саяси өмір принциптеріне түзетулер енгізген мұндай бетбұрыстың пайда болуы ең алдымен 1968 жылдың тамыз айында бес ел әскерлерінің Чехословакия жеріне енгізілуіне байланысты болатын. Өйткені дәл осы елде партияны жаңартуға, қатып-семген қоғамдық жүйені өзгертуге , нарықтық қатынастар орнату жолымен экономикалық реформалар жүргізуге бағытталған барынша ауқымды ұмтылыстар орын алған еді.Шынтуайттап келгенде , онда социализмнің сталиндік, кеңестік нұсқасын жою және демократиялық қоғам орнату туралы мәселе көтерілді. А.Дубчек бастаған ЧКП басшылығының бұл бағытына халықтың көпшілік бөлігі қолдау көрсетті . Алайда мемлекеттік - монополистік социализмнің қуатын шайқауды және демократиялық балама күштер жеңісін қамтамасыз етуді мұрат тұтқан бұл ұмтылыс 1968 жылы Прага көктеміне қарсы төндірілген интернационалистік акцияның салдарынан іске аспай қалды. ЧКП қатарындағы керітартпа күштерге көрсетілген қолдау бұл күштердің КОКП басшылығында да жеңіске жеткендігін айғақтап берді. Осының нәтижесінде 60-жылдар ортасындағы бетбұрыс төрешіл керітартпа күштердің темір құрсауында қалды. Бұл оқиғаның ізі суымастан ревизионизмге қарсы басталған идеологиялық науқан ЧКП дамуындағы дағдарысты жоюға, бірқатар басқа коммунистік партиялардағы оппортунистік күштерге теориялық соққы беруге, партия, оның социалистік қоғамдағы жетекші рөлі туралы маркстік-лениндік тұжырымдаманы қайта қалпына келтіруге жәрдемдесуге тиіс болды. Алайда тарих тәжірибесі коммунистік құрылыстың КОКП Бағдарламасында белгіленген міндеттері өзіне сай саяси және практикалық шешімдер таба алмағандығын көрсетті. Ал мұның өзі көптеген сұрақтардың жауабын кемелденген социализм тұжырымдамасынан іздеу қажеттілігін алдын-ала аңғартты. Социализмді бірте-бірте жетілдіру идеясы саяси бағыттың өзегіне айналды. 1967 жылы Қазан революциясының 50 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте сөйлеген сөзінде-ақ Л.И.Брежнев кеңес халқы жүріп өткен тарихи жолдың басты қорытындысы кемелденген социализмнің орнатылуы болып табылады деп мәлімдеген болатын. Бұл тұжырымдаманың өзінен бұрынғы теориялық қисындамалардан айырмашылығы социализмнің қоғам дамуының едәуір ұзаққа созылатын кезеңі екендігін мойындауынан көрініс тапты. Осы тұрғыдан алғанда коммунизмге қарай алып адыммен секіру идеясынан бас тарту жағдайға байыпты баға беру көрінісі болғандығы шүбәсыз. Бірақ бұл тұжырымдама 30 - 40-жылдары мерейі үстем болған, өтпелі кезеңнің бүкіл проблемалары шешіліп бітті, социалистік мұраттар негізінен жүзеге асты және осының бәрі дәлелденген деп санайтын әлеуметтік-экономикалық даму пайымына арқа сүйеді. Осының салдарынан социализмді жетілдіру жолдарын іздестіру ісі (егер мұндай іздестіру жүргізілсе), ескірген түсініктер аясында ғана қанат жаюға мүмкіндік алды. Социализмнің іркіліссіз және қайшылықсыз үдере өркендеуі теориясы экономикалық және әлеуметтік жетістіктерді зорайтып көрсетуге, шындықты боямалап жеткізуге итермеледі, қоғам өзегіне енген қайшылықтардың, тоқыраушылықтың, төрешілдіктің асқыну себептерін жабулы күйінде қалдырды. Қоғамның даму процесі өткен кезеңдегі жетістіктермен салыстырыла қарастырылғандықтан, сөздер мен ұғымдар бірте-бірте шындыққа мүлде жанаспайтын мазмұнға ие болып, теория да шынайы мән-мағынасынан айырыла бастады. Қиялдағыны қолдағыдай етіп көрсетуге тырысушылықтың барынша асқындаған көрінісі КРСО-ның 1977 жылғы Конституциясында орын алды. КОКП Орталық Комитетінің мамыр (1977ж.) пленумы мақұлдаған Конституция жобасы бүкілхалықтық талқылауға ұсынылды. Талқылау барысында не бары 400 мыңға жуық ұсыныс келіп түсті. 1977 жылғы қазанның 7-сі күні тоғызыншы сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс жетінші сессиясы Негізгі Заңның тексін қабылдады. Бұл күн КСРО Конституциясы күні болып жарияланды

2. Халықаралық жағдайы

Қоғамдық өмір дамуындағы демократиялық және төрешіл бетбағыттар күресі әсерінен туындаған саяси жүйенің қайшылықты, күрделі сипаты сыртқы саясатқа да қайшылықты сипат дарытты. 70-жылдардың бас кезінде әлемдегі саяси ахуалдың жұмсаруы, халықаралық шиеленістің бәсеңдеуі тән болды. 1973 жылы Вьетнамдағы соғыс аяқталды. Хельсинкиде жалпыеуропалық кеңестің шақырылуы барлық бейбітшілік сүйгіш күштердің қомақты табысына айналды. Еуропалық 33 мемлекеттің, АҚШ пен Канаданың басшылары қол қойған қорытынды актіде мемлекетаралық қатынастар жаңа айқындамалар тұрғысынан реттеліп, мемлекеттердің адам хұқын қорғау жөніндегі күш-жігері біріктірілді. Өзгерістер жағдайында Қазақстан өзінің халықаралық байланыстарын нығайтуға мүмкіндік алды. Өзге елдермен мәдени және экономикалық қатынастар күшейе түсті. Алдыңғы бесжылдықтарда Қазақстан кәсіпорындары өндіретін тауарларды сыртқа шығару ұлғая түсті. Алайда Қазақстаннан шетке шығарылатын өнімдер тізімі технологиялық жаңалықтардан емес, негізінен шикізаттық қуат көздерінен, мәселен, түсті металдардан, хром кені мен темір балқытпаларынан, жұқа болат тақталарынан, мұнайдан, т.б. тұратын еді. Қазақстан металл кесетін станоктарды, жол құрылысы жабдықтарын, электровоздарды, жиһазды, киімді, тағам өнімдерін, электр тауарларын, т.б. сырттан тасыды. Қазақстанның шетелдермен мәдениет саласындағы байланысы қарқынды дамыды. Қазақстандық жүздеген маман әлемнің көптеген елдерінде - Иракта, Египетте, Үндістанда, Монғол Халық Республикасында, Финляндияда, Ауғанстанда жұмыс істеді. Ғылыми байланыстар да сирек құбылыс болған жоқ. Қазақ КСР Ғылым академиясы шетелдердің ғылыми мекемелерімен бірлесе отырып, 31 проблема мен жеке тақырыптарды зерттеуге қатынасты. Химия ғылымдары институтының қызметкерлері өздерінің чехословакиялық және болғарлық әріптестерімен берік қатынастар орнатты. АҚШ, Франция, Италия ғалымдарымен байланыс жүзеге асырылды. Қазақстанда кеңес-сирия достығының күндері, Францияның КСРО-дағы күндері өткізілді. Қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік ұлт аспаптары оркестірінің әртістері, КСРО халық әртістері Е.Серкебаев пен Б.Төлегеновалар Францияның музыка сүйер қауымын өздерінің қайталанбастай тамаша әуез өнерімен тәнті етті. Қазақ операсы мен балетінің, көркемсурет пен графикасының, қолданбалы өнерінің шеберлері Еуропа, Азия, Африка елдерінде өнер көрсетті. Алайда сыртқы саясат саласындағы қарыспа шешімдер, біліктілік жағынан төмен және шала ойластырылған идеология мемлекетаралық қатынастарды қалыптастыру жолында көптеген тастүйін кедергілердің бой көрсетуіне себепші болды. Екі әлеуметтік-саяси жүйе арасындағы текетірестіктің өрши түсуіне шынайы дүниені айқын тануға бөгеті мол дұшпан бейнесі дейтін түсінік май тамызды. Саяси күрестің күшеюі туралы жолнұсқа (тезис) орнына идеологиялық күрестің күшеюі дейтін екінші бір жолнұсқа келді. Осының салдарынан екінші жақ та әскери күшін еселей өсіріп, қарулануға жұмсалатын қаржы көлемін үсті-үстіне ұлғайта түсті. Әскери шығындардың негізгі ауыр салмағы екі аса ірі мемлекетке - АҚШ пен КСРО-ға түсті. Бұл шығындар ең алдымен осы екі мемлекеттің азаматтарын тұралатар жүкке айналды. Ұлы мемлекеттік тәкаппарлық жанталаса қарулануды күшейтуге, ядролық мүлік қоймасын жаңарта жасақтауға сүйреді. Қазақ халқының ұлы перзенттері Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов дүниеге келіп, өсіп-өнген жерлерде, яғни Семей, Павлодар, Қарағанды облыстарының түйіскен тұсында орналасқан Семей ядролық полигоны Қазақстан жерін молынан қамтыды. Ядролық заряд мұнда алғаш рет 1949 жылғы тамыздың 29-ында сыннан өткізілді. Ғалымдардың пікірі бойынша, әрбір эксперементтік қондырғы мен оны жер астында сынақтан өткізу құны орта есеппен 30 миллион сомға тең. Әскерлер ұзақ жылдар бойы жұмған аузын ашпай, кейіннен полигонның жергіліктің халықтың денсаулығына бәлендей зияны жоқ деп мәлімдесе де полигон айналадағы табиғатқа, адамдардың денсаулық жағдайына аса қатерлі еді. Дәрігерлер мен фельдшерлерге рактан, лейкоздан және ионданушы радиацияға байланысты туындаған басқа да аурулардан қайтыс болғандарға дәл диагноз қоюға тыйым салынды. КСРО Денсаулық сақтау Министрлігі бұл аймақта медициналық зерттеулер жүргізуге де тыйым салды, ал әскери дәрігерлер жүргізген тексерістердің нәтижесі аса құпия сақталып, ядролық полигон әрекеті салдарынан келген зардап көлемі туралы мәліметтер жасырын ұсталды. Адамдарға деген осыншалық безбүйрек көзқарас салдарынан полигон маңайында тұратын халықтың әр түрлі ауруларға шалдығуы жиілей бастады. Сәуле ауруының нышандары, мәсеплен, Семей облысында Абай ауданының, Қарағанды облысындағы Егіндібұлақ ауданының тұрғындарының бойынан көптеп кездесті. Бірақ полигонның халықтың денсаулығына төндіріп отырған қатері туралы оқта-текте үн көтергендердің дабылы естілусіз де ескерусіз қалып жатты. Империалистік қатерден үрейленген мемлекет қарулануды жалғастыра берді. 1969-1970 жылдары Маңғыстау облысының аумағында да халықтан жасырын түрде кен жыныстарында үш бірдей жерасты ядролық сынағы өткізілді. Саяси және идеологиялық жағдайдың ушығуына социалистік достық одақ елдері ішіндегі күрделі қарым-қатынастар да әсер етті. Қытай Халық Республикасы өзінің қытайлық ерекше жолын іздестіре бастады. Оның үстіне ҚХР-дың Кеңес Одағымен қарым-қатынасы 1960 жылдардың ортасынан бастап салқын тартқан еді. Екі ел арасындағы экономикалық, саяси өзара байланыстар айтарлықтай шектелді. 1964 жылы әскери қарама-қарсылық күшейе түсті. Екі мемлкеттің де шекарасына сан жағынан орасан зор әскер әкелінді. Мысалы, кеңес шекарасындағы қытай әскерлерінің саны 1967 жылы 400 мың адамға жетті. Кеңес әскерлері болса Монғолияға қарай жылжып, Қиыр Шығыс пен Забайкальеге орналастырылды. 1969 жылғы масуымның 13-і Даман аралығында екі ел арасында әскери қақтығыс болып, оның барысында екі жақтан да көп адам қаза тапты. Дәл екі айдан соң тамыздың 13-, Семей облысындағы Жалаңашкөл бойында келесі ірі әскери қақтығыс болып, адамдар тағы да шығынға ұшырады. Кеңес басшылығы Қытай ядролық объектілеріне алдын-ала ескерту соққыларын беру жоспарын жасай бастады. Ядролық соғыс қауіпті шынайы сипат ала бастады. Бұл қатер КСРО мен Қытай басшыларын келіссөз жасауға мәжбүр етті. Қыркүйектің 11-і Пекин әуежайында А.Н. Косыгин мен Чжоу Эньлай арасында болған кездесу ядролық жанжалды болдырмауда шешуші рөл атқарды. Соғыс қауіпі жойылды, бірақ бұдан КСРО мен ҚХР арасындағы қатынас жақсарып кеткен жоқ. Екі ел ұзақ уақыт бойына бір-біріне қырғи қабақ қарап келді. 70-жылдардың соңы мен 80-жылдардың бас кезінде Кеңес Одағында қос қабат қайшылықты жағдай қалыптасты: оның бұрын-соңды еш уақытта дәл осындай аса қуатты қорғаныс қабілеті болып көрмеген еді, бірақ нақ осыған байланысты соғыс қатері, ядролық шабуылға ұшырау қауіпі бұрынғыдан да анғұрлым ұлғая түсті. Бұл кезде әлемдік социализмнің даму қамқорының бәсеңдеуі байқалды. Әлеуміттк-экономикалық және саяси салаларда қолайсыз бетбағыттар пайда болып, тереңдей түсті. Шығыс еуропа елдерінде орныққан тотолитарлық құрылыстар саяси басшылық пен мемлекеттік басқару функцияларын бір уысқа шоғырландыра келіп, бірті-бірте өзін халық бұқарасына қарсы қойды. Бұған, мәселен, Польшада болып өткен оқиғалар айғақ бола алады. Мұнда 1956 жылдан 1980 жылға дейінгі аралықта төрт рет дау-жанжал туындады. Ол поляк Біріккен Жұмысшы партисяның нақ өзі мен оның әлеуметтік тірегі болып саналатын жұмысшы табы арасында өрестеді. Бұл тоңтерістік әкімшіл - әміршіл жүйенің теориясы мен идеологиясының дағдарысқа ұшырағандығының белгісі еді. Алайда мұндай дабылдардың бірді - біріне лайықты жауап берген жоқ. Жаңартуға ұмтылыстар оппортунизм, ревизионизм, яки капитализмге қайта оралу деп бағаланды. Мұнда ел басқару жүйесін сақтап қалудың барлық құралдары, тіпті әскери жағдай енгізу де түгел қолданылды. Қасарыспа қасаңдық пен идеологиялық шалықтау шылауында қалған КСРО мен социолистік қосын елдері басшыларының басым көпшілігі қоғамдық құрылысты түбегейлі өзгерту міндеттерін шешу биігіне өре жеткізе алмады. Идеологиялық қысым көрсету мен әр түрлі жазаларға ден қою социализм дәуіріндегі рухани өмірдің басты нышандарына айналды.

3. Өнеркәсіптегі жағдайы

КСРО-дағы саяси ахуалдың өзгеруі экономикалық реформалар мүмкіндігін айтарлықтай тарылтты, ал кейіннен олардың мүлдем тежелуіне әкеп тіреді. Оның үстіне шаруашылық жүргізу тәжірибесі бірте-бірте социализм туралы қасарыспа қасаң түсініктер салдарынан туындаған, күні біткен шептерге сырғи берді. Осының нәтижесінде республика тарихи прогрестен біртіндеп шетқақпайлана берді. Реформалардың қусырылуы 70-жылдардың басында кейінгі кезеңдердегідей ауыр сезіле қойған жоқ. 170-тен астам өнеркәсіп кәсіпорны мен цех, оның ішінде Лисаков кен-байыту комбинаты, Шерубай-Нұра шахтасы, Талдықорған аккумулятор зауыты, бірқатар жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары бой көтерді. Павлодар облысында Екібастұз отын-энергетика кешенінің Ертісте Шүлбі СЭС-інің құрылысы басталды. Трактор және ауылшаруашылық машиналарын жаса, мал шаруашылығы мен жем өндіру машиналарын шығару салалары озыңқы қарқынмен дамыды. Мұнай өндіру көлемі ұлғайды. Бұл сала әсіресе Маңғыстауда жедел өркендеді. 1975 жылға қарай республиканың барлық кәсіпорындары дерлік энергиямен қамтамасыз етілді. Минерал тыңайтқыштар өндіру - 1,8 есе, сары фосфор - 1,5 есе өсті, оның үстіне республиканың фосфор өнеркәсібі КСРО бойынша алдыңғы қатарға шыға бастады. Мұнайдың едәуір көлемін сыртқа шығару халық шаруашылығына қажетті сырттан тасылатын тауарларды көбірек сатып алуға мүмкіндік туғызып, экономикалық дамудағы жаңсақтардың ащы зардабын тежей тұруға жәрдемдесті. Бірақ 70-жылдардың екінші жартысынан бері қарай мұндай теріс бетбағыттар барған сайын айқын аңғарыла түсті. Тежеліс тетігінің өзегіне айналған сөз бен іс арасындағы алшақтық әр қилы сипаттарда көрініс тапты. Бұған төмендегі мысалдар жақсы дәлел бола алады. КОКП - нің XXIV - XXVI съездерінде ғылыми-техникалық прогресс туралы көп айтылды. Осыған орай ғылым мен техниканы тұтастыру формасы ғылыми - өндірістік бірлестіктер құру деп танылды. 60 - 70 - жылдар ұласқан тұста дүниеге келген мұндай бірлестіктер жаңа техниканың жасалуына ғана емес, оның халық шаруашылығына таралуына да жәрдемдесті. Ғылыми - өндірістік бірлестіктердің құрамына ғылыми және өндірістік бөлшектер енгізілді, яғни ғалымдардың, конструкторлардың, инженерлер мен жұмысшылардың күнделікті еңбегін бір орталыққа тоғыстыруға ұмтылыс жасалды. Қазақстанның халық шаруашылығындағы өндірістік және ғылыми-өндірістік бірлестіктер саны 1971-1985 жылдар ішінде 28-ден 162-ге, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дағдарыстың мүмкін салдары
Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар және жағдайлар туралы
Дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні
Экономиканың даму тенденциясындағы дағдарыс
Дағдарыс жағдайында ұйымда персоналды дамыту
Экономиканың циклдық концепциялары
Экономикалық дағдарыс және сипаттамалары
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты
Экономикалық цикл: түсінігі, түрлері, фазалары, себептері, факторлары
Экономикалық жүйенің дамуына алғышарттар мен жағдайлар
Пәндер